Негізгі 8 страница

Адамның иіс түйсіктерінің қоршаған ортаны бағдарлаумен байланысы аз. Иістің бұл қызметін көру мен есту билеп төстейді. Иіс түйсігінің дамымағандығы мен тұрақсыздығына тілімізде оларды атайтын арнайы сөздердің жоқтығы да дэлел, түйсіктер өзін тудыратын заттардың абстрактыланбағандықтан «шөп иісі», «шіріген алма иісі», «гүлдің иісі» деп айтылады.

Американың зерттеушілері кейбір шөптердің иісі адамның жұмыс қабілетін арттыратынын зерттеп білді. Аромотерапия. Аромопрофилактика эдісі арқылы жүргізуге болады. Эксперимент кезінде олар шағын ғана бөлмеге бірнеше адамды компьютер экраны алдына отырғызып, экрандағы бейнеге байланысты белгілі бір тетіктерді басуға бұйырды. Жұмыс күрделі болмағанымен, бір сарынды, оның үстіне зейін қоюды керек ететін жұмыс еді. Адамдардың шарғаны байқалған кезде эрқайсысына тыныс алатын маскі арқылы ауамен қоса эр түрлі иістер жіберді. Сонда адамның жұмыс қабілетін жиырма пайыз арттыратын ең тиімдісі жалбыздың иісі болып шықты. Пижма (шетен), камфора иісі ми қызметін жақсартатыны, ал жусанның хош иісі бұлшық еттің жиырылу күшін өсіретіні анықталған. Невроз кезінде шырша не валериан сығындысы қосылған ванна қабылданады. Ол көңіл көтереді, тэбетті жақсартады. Раушан гүлінің иісі элсіреген, шаршап қажыған кезде адам күшін, элін қалпына келтіреді.

Мектеп оқушыларының иіс түйсіктерін тэрбиелеу - мұғалімдердің төл істерінің бірі. Мұғалім сабақ үстінде де, сабақтан тыс кездерде де баланың айналасындағы заттарды жан-жақты танып білуде, мэселен, ауаның тазалығын дұрыс талғай білуге, орманның, гүлденген бақтың, шабындықтың хош иістерін, қарағай, шырша ағаштары шайырының жұпар иісін, теңіз жағалауындағы ауаның тұзды-сортаң иісін сезетіндей мүмкіндік туғызуы қажет. Оқушылар бұлардың қайсысы пайдалы, қайсысы зиян екенін (мэселен, бұзылған тамақ, иіс тигізетін газ, түтін т. б.) айыра білетін болуы қажет.

Көптеген жануарлар үшін иіс - негізгі дистанттық рецептор, жануарлар иіс бойынша азығын іздеп табады немесе қауіп-қатерден сақтанады. Адам өмірінде иіс рецепторының рөлі аса күшті болмағанымен, тіршілік ортасы мен өмір тэжірибесіне сэйкес күшейіп, жетіле түседі. Иіс түйсіктері адамның тұрмыс салтына, қызмет сипатына қарай дамиды.

Дәм түйсіктері. Дэм түйсіктері түйіспелі контактылы түйсік, ол сезім мүшесі заттың өзімен жанасқанда пайда болады. Дэм білетін мүше - тіліміздегі дэм бүршіктері. Дэм бүршіктері тілдің бетінде, жақтың ішінде, таңдайда, жұтқыншақтың арт жағында орналасқан. Олардың ең көп орналасқан жері - тіл аймағы. Дэмдік тітіркендіргіштердің негізгі дэмдік сапалары: қышқыл, тэтті, ащы, тұзды болып төртке бөлінеді. Осы төрт түйсіктің араласуынан жэие оларға бұлшық еттік (тілдің қозғалысы) түйсіктің қосылуынан сан алуан дэмдік түйсіктер туады. Тілдін түрлі бөліктері дэмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Мэселен, тэтті дэмді - тілдің ұшы, ащыны - тілдің түбі, қышқылды - тілдің екі жақ шеті, тұзды тілдің ұшы мен екі шеті жақсы сезеді. Егер дэмі бар затты тілдің ортасына салса, адам көпке дейін оның дэмін ажырата алмайды. Өйткені, дэм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды.

Терідегі температуралық өзгерістерді түйсінетін негізгі екі рецептор болады. Біріншісі - жылылықты түйсінетін руффини жасушалары, екіншісі -төмендеп, салқындықты түйсінетін краузе колбалары. Қалыпты жағдайдағы адамның денесіне тэн температураны шартты түрде - "физиологиялық нөл " деп атайды. Айналадағы ортаның температурасы осы физиологиялық нөлден төмен түсе бастаса, краузе колбалары тітіркенеді, егер де нөлден көтеріле бастаса, руффини жасушалары қоза бастайды.

Органикалық түйсіктер. Бұлардың рецепторлары ішкі мүшелердің қабаттарына (өңеш, қарын, ішек, тамыр, өкпе, жүрек т. б.) орналасқан. Ашығу, шөлдеу, ауырсыну, дененің қызуы, жүрек айну, тұншығу, сусын қанғанды, іш ауырғанды жэне т. б. осындай жағдайларда болатын сезінулер органикалық түйсіктерге жатады. Адам тоқ, дені сау кезінде немесе іс-эрекет үстінде түйсіктердің бұл түрін байқай бермейді. И.М.Сеченов сондықтан да түйсіктердің бұл тобын «көмескі түйсіктер» деп атаған.

Кинестезиялық түйсіктер. Кинестезиялық түйсіктер дененің жеке бөлімдерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын түйсінуін айтады. Кинестезиялық түйсіктердің рецепторлары - бұлшық ет, тарамыс, сіңірлерде орналасқан. Мэселен, қозғалыс түйсігінің анализаторына зақым келсе, адам өз денесіндегі бір мүшесінің қандай қалыпта тұрғанын сезбейді. Осы түйсіктер адамның сөйлеу эрекетінде де, жазу, сызу жұмыстарьн атқаруда да зор маңыз атқарады. Кинестезиялық түйсіктер нэтижесінде дене мүшелері қимылдарының күші, жылдамдығы, траекториясы жөніндегі білім қалыптасады. Қимыл-қозғалыс рецепторларының басым көпшілігі саусақ, тіл, еріндерде орналасқан. Бір сөзбен айтқанда, адамның қозғалысқа түсетін мүшелерінің барлығы да осы түйсікке сүйенеді.

Статикалық түйсіктер. Мұндай түйсіктерді тең басу түйсіктері деп те атайды жэне денеміздің кеңістікте орналасу қалпын бейнелейді. Статикалық түйсіктердің рецепторлары ішкі құлақтағы вестибұлярлық аппаратында орналасқан. Дене қалпының жер жазықтығына қатысты күрт жэне жиі өзгере беруі (эткеншек тебу, теңіз шайқалысы) теңіз ауруына, бастың айналуына экеліп соғады. Статикалық түйсік - бастың қозғалысын, дененің кеңістіктегі алып тұрған орнын, яғни адамның тең басуын бейнелейді. Ғарыш элемін меңгеру дэуірінде адамдардың статикалық түйсігінің сезгіштігін арттырудың маңызы ерекше артып отыр.

Вибрациялық түйсіктер. Вибрациялық түйсіктер деп қозғалған заттардың ауаны толқытуын денеміздің сезінуін айтамыз. Негізгі анализаторлары - түйсіну мүшелеріз. Дамуы қалыпты жағдайдағы адамдар бұл түйсікті байқамайды. Ал егер адам есту қабілетінен айырлса, онда вибрациялық түйсіктер оның тіршілігінде ерекше орын алады. Кейбір саңырау, керең адамдар музыканы, энді күшті ынта қойып «тыңдайды».

3. Түйсіктің заңдылықтары.

Түйсіктің негізгі заңдылықтарына: сезгіштік табалдырықтары, адаптация, өзара әсер(сенсибилизация), царама-царсылыц (контраст) және синестезия, бір ізді бейнелер.

Сезгіштік және түйсік табалдырықтары. Тітіркендіргіштің барлығы бірдей түйсік туғызуға қабілетті бола бермейді. Мамықтың денеге сэл тигені сезілмейді. Өте күшті тітіркендіргіш эсер еткенде түйсіктің тууы тоқтап калатын сэт те болады. Жиілігі 20 мың герцтен жоғары дыбысты біз ести алмаймыз. Тым күшті тітіркендіргіш түйсік орнына ауру шақырады. Демек, түйсіктер белгілі бір қарқынды тітіркендіргіштер эсер еткенде пайда болады екен. Түйсік қарқыны мен тітіркендіргіштер күші арасындағы психологиялық тэуелділік сипаты түйсік табалдырығы немесе сезгіштік табалдырығы деген ұғым білдіреді. Түйсіктердің күші немесе сапасында сол ғана айырмашылық туғызатын эсер етуші тітіркендіргіш күшіне қосылған аз ғана қосымша - айыру сезгіштігінің табалдырығы деп аталады.

Психофизиологияда абсолюттік сезгіштік табалдырыгы жэне айыру сезгіштігінің табалдырыгы деп табалдырықтың екі түрін бөліп көрсетеді. Айыру табалдырығы, бұл - түйсіктердің болар-болмас айырмашылығын тудыратын тітіркендіргіштердің минималдық айырмасы. Айыру сезгіштігі деп рецепторлардың тітіркендіргіштер арасындағы азғантай ғана болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Мысалы, жанып тұрған 100 люкстік шамға бір люкс қоссақ, жарықтың күшейгені байқалады. Демек, бір люкс адамның көз рецепторы үшін айыру табалдырығы болып табылады. Дыбысты айыратын табалдырықтың күші орта есеппен 1/10-ге тең. Мэселен, 100 кісі қатынасқан хорға 10 адам қосылса хор аздап артады. Алғашқы рет сэл білінерлік түйсік туғызатын тітіркендіргіштің ең аз күшін сезгіштіктің төменгі абсолюттік табалдырыгы деп атайды. Тітіркендіргіштің осы түрдегі түйсігін тағы да туғызатын ең жоғарғы күйін сезгіштіктің жогаргы абсолюттік табалдырыгы дейді.

Адаптация.Сезім мүшелерінің сезгіштігі эсер ететін тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуін адаптация (бейімделу) деп атайды. Сезім мүшелерінің бейімделінуі түйсіктің кез келген түрінде кездеседі. Өмірде адаптация кұбылысы эр адамға жақсы таныс. Мысалы, адам суға түскен алғашқы минуттарда оған су суық болып көрінеді. Суықты түйсінуден арылған соң, су жылынғандай болып, судың бірқалыпты салқындығына дене аз уақыт ішінде тез төселіп, адамның терісі суыққа тітіркенбейтін болады.

Сол сияқты көру талдағышы қараңғылыққа жэне жарыққа адаптациялануды ажыратады. Жарық жерден қараңғы үйге кіргенде көз қарашығы 17 есе ұлғаяды. Бұл қарашықтан өтетін жарық мөлшері де 17 есе көбейеді деген сөз. Қараңғыда көздің көргіштігіне торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалар күшті эсер етеді.

Адаптация иіс түйсіктерінде түрлі деңгейде көрінеді. Мэселен, камфараның исі 1 -2 минуттан кейін сезілмейтін болса, ал қыша мен нашатр спиртінің иісіне бейімделу тезірек болады. Ауырсыну түйсіктеріндегі адаптация өте элсіз, ауырсыну ағзаның қалыпты жұмысының ауытқуын, оның биологиялық рөлін көрсетеді. Адаптация - үнемі өзгеріп отыратын сыртқы дүние тітіркендіргіштеріне талдағыштардың қалай да бейімделе алатындығын байқатады.

Түйсіктердің өзара әсері (Сенсибилизация). Егер адаптация құбылысы талдағыштар сезгіштігінің түрлі жағдайларға орай бэсеңдеуінің көрсеткіші болса, ал сенсибилизация - сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс. Сезім мүшелерінің біреуінің эсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге эсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Сыныпта температуралық режим, таза ауа, тэртіп болуын қадағалай отырып, мұғалім осы шаралардың гигиеналық жэне педагогикалық жағын ғана емес, сол шаралардың оқушылардың сезіштік денгейіне қандай эсері болатынын да есінде сақтауы қажет.

Қабылдау дегеніміз - заттар мен құбылыстардыц миымызда тұтастай бейнеленуі болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дэмі, исі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Мысалы: алманы қабылдауды алайық. Алма қызыл түсі, хош иісі, тэтті дэмі бірмезгілде эсер етеді де, тұтас зат бейнесі пайда болады. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тэжірибесі ерекше орын алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп тұрады. Бұлардың бэрін дұрыс қабылдай алмайды. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды.

1. Синтетикалық типтегі адамдар құбылысты жалпылап бейнелеуге тырысады. Олар ұсақ - түйектерге мэн беріп талдамайды. Халық бұларды «Көрмес түйені де көрмес» дейді.

2. Анализдік типтегі адамдар құбылыстарды жалпылама сипаттамайды. Олар бөліп қарау, детальдарды, жеке жайларды талдайды, ұсақ -түйектен шыға алмағандықтан, олар тұтастай қабылдауға шорқақ келеді. Халық бұларды «түймедейді түйедей ететіндер» дейді.

3. Қабылдаудың өмірге өте икемді типі анализдік - синтездік түрі. Олардың қабылдауы мен байқауы жалпылай жэне жеке түрде болады.

4. Эмоциялық типтегілер құбылыстың бөлшектерін көрсетуден гөрі, сол құбылыстан алған эсерлерін білдіруге ұмтылады жэне қабылдауда долбарлау, қиялдап жаңа образдар қосу жағы басым болады. Оларға қабылданатын заттан гөрі адамның сезім күйлері (үміт, үрей, елжіреу, алдану т.б.) ерекше эсер ететін болады.

 

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

1. Түйсік дегеніміз не?

2. Түйсіктің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ілімі қалай түсіндіреді?

3. Сезгіштік пен табалдырық заңдылығының мэнісі неде?

4. Апперцепция деген не, оның қандай түрлері бар?

5. Адам кеңістік пен уақытты қалай қабылдайды?

6. Байқау жэне байқағыштық дегеніміз не?

7. Қабылдауды тэрбиелеудің қандай эдістері бар?