Миграцияны мемлекет тарапынан реттеу

Халықаралық жұмыс күшінің миграциясының жоғарыда аталған экономикалық және әлеуметтік себептерін есепке ала отырып, мемлекет осы халықаралық экономикалық қатынастар сферасына араласа алмайды. Халықаралық сауда сферасы соңғы 10 жылдықта бірте-бірте ұлттық сыртқы сауда режимдердің либерализациясымен, тарифтік және тарифтік емес кедергілер деңгейінің төмендеуімен сипатталса, еңбек ресурстарының миграция сферасындағы мемлекеттік шектеулер жұмсалмай керісінше талаптары жоғары болады.

Қазіргі кезде жұмыс күші халықаралық, ұлттық деңгейде және мемлекет аралық қатынастар деңгейінде реттеліп шектелуде. Осы кезде елге келетін шетелдік жұмысшылардың ағымдары шектеледі не болмаса белгілі бір елден отанға қайта оралуы ынталандырылады. Көпшілік елдердің шетелдік азаматтарының келуін реттейтін заңдылықтары, ең алдымен елге келген тұрақты тұратын адамдар, яғни иммигранттар мен елге уақытша келген адамдар арасындағы нақты айырмашылығын жүргізеді.

Мигранттардың заңды статусы бойынша, халықаралық миграция ресми және заңсыз болып бөлінеді.

Заңсыз мигранттар – елге жұмыс іздеу барысында, заңсыз негіздерде келіп, жұмысқа орналасатын адамдар.

Қабылдаушы елде иммиграцияны реттеген кезде селективті әдіс қолданады. Оның мәні мынада: мемлекет елге қажет жұмысшылар категориясының келуіне бөгет жасамайды.

Елден елге келіп кететін қажетті эмигранттардың тізімі келесідей бір категориялардан тұрады:

1) Минималды төлем ақы үшін ауыр, зиянды, т.б жұмыстарды орындайтын құрылыс сезондық вахталық жұмысшылары.

2) Жаңа және перспективті салалар үшін қажетті мамандар

( программистер, арнайы инженерлер, банктік қызметкерлер ).

3) Сирек кездесетін мамандықтардың өкілдері ( алмаз тазалаушылар, қайта рәсімдеушілер, дәрігерлер, дәстүрлі емес әдіспен емдеушілер ).

4) Әлемдік атағы бар мамандар ( музыканттар, артисттер, ғалымдар, спортшылар, жазушылар ).

5) Ірі бизнесмендер ( капитал инвестициялайтын инвесторлар ).

5. Өз-өзін бақылау сұрақтары:

· Жұмысшы күші миграциясы дегеніміз не?

· Жұмысшы күші миграциясының шығу себептері

· Миграцияның негізгі бағыттары

· Миграцияны мемлекеттік реттеу

· Эмиграция және имиграция дегеніміз не?

· Миграциялық сальдо дегеніміз не?

· Реимеграцияны ынталандыру

6. Ұсынылатын әдебиеттер:

· *Киреев А. Международная экономика, М.: МО, 1,2 бөлім., 2000

· *Международные экономические отношения. Под ред. проф. В.Е.Рыбалкина. - М., 1999.

· *Миклашевская Н.А., Холопов А.В, Международная экономика, М.: МГУ, 1998.

· *Елемесов Р.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар, А.: ҚазҰУ, 2002.

· *Доғалова Г.Н Халықаралық экономика, А.: Экономика, 2000.

 

 

1. Лекция тақырыбының атауы: Халықаралық технологиялық айырбас

2. Лекция мақсаты:технологиялық прогрестің халықаралық саудаға тигізетін ықпалы және техникалық прогрес үлгісін оқу арқылы технологиялық жаңалықтардың ел экономикасына тигізетін әсерін анықтау

3. Лекция сұрақтары:

· Халықаралық технологиялық қозғалыс түсінігі

· Технологиялық прогресс моделі

· Технологиялық қозғалыстың формалары және оларды қорғау құқығы

· Технологияларды шығаруды шектеудің себептері.

4. Лекция мазмұны:

Технология өндіріс факторларының біріне жатады, ал өндіріс факторлары дегеніміз тауар өндірудегі қажетті шығындар ресурсы болып табылады. Технология түсінігіне келетін болсақ, ол іс жүзінде белгілі бір мақсатқа жетудегі ғылыми әдіс (кәсіпкерлік қабілеттілікті қосқанда). Әр фактордың өзінің құны бар сияқты, технологияның да өзінің құны бар, ол лицензия және патент.

Технологияны өндірістің жеке факторы ретінде қарастырылуы осы күнге дейін көптеген пікір таласты тудырып келеді. Ал халықаралық экономикада технология түсінігі қалай қарастырылса да оның қозғалуы, халықаралық сауда ретінде түсіндіріледі.

Технологияны еңбек ресурсы сияқты адам ресурсына жатқызуға болады. Технология түсінігі үш технологиялық топты қамтиды, олар: өнімдер технологиясы, процесстер технологиясы және басқару технологиясы.

Жаңа технология өндірістің шығынын қысқартады, өнімді арзандатады, өндірістің қуатын көтереді және өндірістің басқа факторларының өсуіне ықпал етеді.

Егерде біз технологияны жеке фактор ретінде қарастыратын болсақ, ол елдердің тауар шығарудағы шарттарын өзгертуге көмегін тигізеді, ал екінші жағынан өзі де халықаралық саудағы түседі. Технология халықаралық қозғалыста патент, лицензия, ноу-хау түрінде және саудада технологиялық тауар ретінде қозғалысқа ие болады. Халықаралық технологиялық айырбас түсінігі, ол коммерциялық немесе қайтарымсыз негізде ғылыми техникалық жетістіктердің мемлекетаралық қозғалысы.

Халықаралық экономикада технология жоғары технологиялық тауар түрінде; капитал жоғары технологиялық капиталды көп қажет ететін тауар түрінде, ал еңбек халықаралық жоғары білікті ғылыми техникалық кадрлар түрінде қозғалысқа ие болады.

Басқа да өндіріс факторлары сияқты халықаралық технологиялық қозғалыстың негізін халықаралық еңбек бөлінісі құрайды. Оның даму деңгейі елдерде әр түрлі болып келеді.

Ол елдердегі ғылыми техникалық прогрестің дамуына және еңбек, капитал сияқты өндіріс факторларымен қамтамасыз етілуіне, сонымен бірге елдердің білім ресурстарына, ғылыми техникалық ақпараттың дамуына, ғылыми мекемелермен әдебиеттермен қамтамсыз етілуіне де байланысты.

Технологиялық прогресс моделі

Көптеген жағдайда технология өндіріс факторларының ішіндегі ең дамыған факторлар болып табылады, және олар халықаралық қозғалысқа ие болады, технологияның дамуының негізін техникалық прогресс құрайды.

Техникалық прогресс түсінігіне көптеген анықтама беруге болады оның ішінде ең кең тараған ағылшын экономисі Джон Хикстің техникалық ппрогресс моделі болып табылады. Хикстің айтуынша техникалық прогресс бейтарап еңбекті үнемдеуші және капиталды үнемдеуші болып үшке бөлінеді.

Бейтарап технологиялық прогресс ол өндірістің екі факторының да (еңбек, капитал) өндірістік өнімділігін бірдей қамтамасыз ететін технология болып саналады. Соның нәтижесінде еңбек пен капиталға кететін шығын қысқарады.

Бірақта капиталдың еңбекпен салыстырғандағы арақатынасы (К/L) және еңбектің (L/К) капиталмен салыстырғандағы арақатынасы өзгермейді, мысалы Х тауарын өндіруге еңбек бірлігі және төрт капитал бірлігі қажет дейік.

Техникалық прогресстің бейтарап жолын қолдану нәтижесінде Х тауарды өндіруге кеткен еңбек бірлігі де және капитал бірлігі екіге тең, нәтижесінде өндіріс факторының тұрақты бағасы w/r=8/8=4/4=1, капиталдың еңбекпен салыстырғандағы салыстырмалы саны К/L=4/4=2/2=1 тауар өндіруге кеткен шығын тұрақты болып қалады.

Еңбекті үнемдеуші техникалық прогресс – еңбекпен салыстырғанда капитал өндірісін жоғары деңгейде қамтамасыз ететін техникалық прогресс. Оны қолдануды нақты тауар санын өндіруге кететін шығынның арақатынасы өседі (К/L), ал еңбектің (L/К) шығыны қысқарады.

Бұл жағдайда капиталдың r/w қатынасы салыстырмалы бағасы тұрақты болады. Капитал өндіріс факторының құрамында еңбекті ауыстырады. Еңбек пен капиталдың нақты тауар өндіруге кететін жалпы шығыны да қысқарады, яғни капиталдың рөлінің салыстырмалы өсуіне байланысты(К/L).

Еңбекті үнемдейтін техникалық прогресс тек еңбекті ғана үнемдеп қоймайды, өндірістің екі факторы еңбекті және капиталды да үнемдейді. Еңбекті үнемдейтін техникалық прогресстің нақты түріне сипаттама беретін болсақ, тауар өндірісінің бір бірлігіне кететін капитал бірлігінің еңбек бірлігіне арақатынасы салыстырмалы түрде төмен болады. Сонымен, еңбекті үнемдейтін прогресс сол саланы салыстырмалы түрде капиталға қанық етеді.

Капиталды үнемдейтін техникалық прогресс – капиталменсалыстырғанда еңбек өндірісін жоғары деңгейде қамтамасыз ететін техникалық прогресс.

Нәтижесінде еңбекке кететін тауар өндірісінің шығыны өседі (L/К), ал капитал шығыны қысқарады (К/L). Бұл жағдайда капиталдың r/w қатынасы салыстырмалы бағасы тұрақты болады.

Еңбек өндіріс факторының құрамында капиталды ауыстырады. Тауар өндірісіне кететін капитал және еңбек шығыны да кысқарады, бірақта еңбектің салыстырмалы рөлінің өсуіне байланысты (L/К). Капиталды үнемдейтін техникалық прогресс тек капиталды ғана үнемдеп қоймайды, өндірістің екі факторы еңбекті және капиталды да үнемдейді. Капиталды үнемдеуші техникалық прогресс сол саланы салыстырмалы түрде еңбекке қанық етеді.

Сауда болмаған жағдайда техникалық прогресс халықтың тұрмыс жағдайының өсуіне ықпалын тигізеді, ол - адам басына өндіріс көлемінің өсуіне байланысты. Техникалық прогресстің халықаралық саудаға ықпалы сұраныс пен ұсыныстың қаншалықты әсер етуіне байланысты.

Техникалық прогресстің нәтижесінде өндірістің өсуі халықаралық саудаға жағымды, жағымсыз және бейтарап ықпал етуі мүмкін. Техникалық прогресстің саудаға бейтарап ықпалы өндірістің қарқыны мен тауардың өсу қарқынының бірдей болуын айтамыз.

Техникалық прогресстің саудаға жағымды ықпалы, сауданың өсуі өндірістің өсуімен салыстырғанда алда екенін көрсетеді. Техникалық прогресстің саудаға жағымсыз әсері сауданың өсуі өндірістің өсуіне артта екенін көрсетеді.

Технологиялық қозғалыстың формалары және оларды қорғау құқығы

Халықаралық технологиялық айырбас негізгі формалары: патенттік келісім, лицензиялық келісім, ноу-хау, инжиниринг.

Патенттік келісім - патент иесінің патентті сатып алушыға оны қолдануға құқық беруі. Әдетте майда, тар маманданған фирмалардың жаңалықты өндіріске енгізе алмауына байланысты ірі корпорацияларға патент сатуының халықаралық сауда келісімі.

Лицензиялық келісім - жаңалық иесінің екінші тарапқа өзінің технологиясын қолдануға құқық беруінің халықаралық сауда келісімі.

Ноу-хау – өндірісті басқаруда айтарлықтай артықшылықпен қамтамасыз ететін техникалық тәжірбиелік, өндіріс құпиясы және технологиялық экономикалық әкімшілік қаржы сипаттағы жаңалықтар. Бұл жағдайда сату және сатып алу патенттелмеген тек коммерциялық құны бар жаңалықтар болып саналады.

Инжиниринг – бұл сатып алынған және арендаға алынған машиналар мен құрал жабдықтарға арналған техникалық білім. Ол өте кешенді іс шараларды қамтиды. Жобалардың техника экономикалық негізделмесі, кеңес беру және кепілдемелік және қызмет көрсету жатады.

Бұдан басқа технология, елдер арасында коммерциялық сипатта да кездеседі (ғылыми техникалық, өндірістік кооперациялық, инвестициялық, ұйымдастырушылық құқықтық формалар). Халықаралық технологияның коммерциялық сипттағы іс шараларына көрме, ғылыми конференция, симпозиум т.б жатады.

Халықаралық технологиялық айыпбастың формаларының ішінде ең көп тарағаны лицензиялық келісім. Бұл жағдайда сату мен сатып алу құралы шет елден сатып алынған жаңалықты пайдалануға құқық берілуі болып табылады.

Лицензия лицензиялық келісім негізінде сатылады да, лицензияның қолдану түрі анықталады (патенттік және патенттік емес) технологияны қолдану мен технологияны пайдалану сипаты белгіленеді (қарапайым, толық т.б).

Патенттік лицензия – патентті қолдануға құқық беретін құжат (ноу хаусыз).

Патентсіз лицензия – ноу хауды қолдануға құқық беретін құжат (патентсіз).

Көптеген елдер жаңа технологияны қорғауда бір немесе бірнеше құқықтық құралдарды пайдаланады. Олар патент, лицензия, копирайт және тауар белгілері.

Технологияларды шығаруды шектеудің себептері.

Халықаралық сауда мен өндірістік факторларды шығарудағы кездесетін кедергілер сияқты технолгияны халықаралық айырбастау барасында да көптеген күрделі кедергілерге тап болады. Әр ел жаңа технолгияны өзінің ұлттық шекарасында ұстап қалуға тырысады. Себебі, жаңа технологияны шектеу немесе енгізбеу сол елге әлемдік нарықта бәсекелесу үстемдігін қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге, ұлттық қауіпсіздік пен саяси және идиологиялық орны да бар. Көптеген елдер жұмысшы орнын сақтау мен шет елдік бәсеклесуді шектеу үшін де қолданады. Халықаралық технолгиялық айырбасты қадағалау және мемлекеттік реттеу бірқатар себептерге байланысты. Оның ішінде ең бастысы әлемдік нарықтағы бәсекелесу болып табылады.

Технологияны мемлекет тарапынан реттеу саясаты сол елдің технолгиялық көшбасшылық концепциясын ұстануына да байланысты. Бұл жағдай елдің басқа елдердің алдындағы көшбасшы артықшылығын қамтамасыз етеді.

Бірақта технолгиялық көшбасшылық экономикалық көшбасшылық синонимі емес пе деген сұрақ келетін болсақ. Бұл сұраққа жоқ деп жауап берген болатын едік. Технологиялық көшбасшы болу үшін және ол табыс алып келу үшін көп шығын қажет болады. Жоғары білікті жұмысшы күшіне, патент пен лицензияға кететін шығынды қолдауға тура келеді.

5. Өз-өзін бақылау сұрақтары:

· Халықаралық технологиялық қозғалыс дегеніміз не?

· Технологиялық прогрес үлгісін түсіндіріңіз

· Бейтарап технологиялық прогрес дегеніміз не?

· Еңбекті үнемдеу техникалық прогрес дегеніміз не?

· Капиталды үнемдеу техникалық прогрес дегеніміз не?

· Технологияны айырбастаудың формалары қандай?

6. Ұсынылатын әдебиеттер

· *Киреев А. Международная экономика, М.: МО, 1,2 бөлім., 2000

· *Международные экономические отношения. Под ред. проф. В.Е.Рыбалкина. - М., 1999.

· *Миклашевская Н.А., Холопов А.В, Международная экономика, М.: МГУ, 1998.

· *Елемесов Р.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар, А.: ҚазҰУ, 2002.

· *Доғалова Г.Н Халықаралық экономика, А.: Экономика, 2000.

· МЭ и МЭО – журнал

· Транзитная экономика – журнал

 

 

1. Лекция тақырыбының атауы: Халықаралық экономикалық интеграция

2. Лекция мақсаты:қазіргі кездегі аймақтану үрдістерінің ерекшеліктерін оқып білу арқылы дүниежүзіндегі ірі интеграциялық бірлестіктердің тәжірбиесін зерттеу

3. Лекция сұрақтары:

· Әлемдік интеграциялық үрдістердің қалыптасуы, мәні, алғышарттары

· Интеграцияның даму кезеңдері

· Халықаралық экономикалық интеграцияның теориялық негіздері

· Батыс Еуропалық интеграцияның құрылуы және даму кезеңдері

4. Лекция мазмұны:

Әлемдік шаруашылық құбылыстарының ішіндегі ерекше орын алатыны – аймақтық экономикалық интеграция болып табылады. Соңғы 20-30 жылдар ішінде оның көптеген елдердің шаруашылық және саяси өміріне, елдердің экономикалық дамуы мен болашағына талдау жасауда және басқа да халықаралық проблемаларды шешуде интеграциялық процесстерді елемеу мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемнің көптеген аймақтарында интеграциялық процесстердің әр тұрлі формалары қалыптасып келеді. ХХ-ғасырдың екінші жартысы экономикалық дамудың «аймақтық» сипатын барынша көрсетеді. Интеграциялық қозғалыстар әлемнің барлық континенттерінде көрініс тауып, бұл процесске мейлінше көптеген елдерді тартуда. Оларға: европалық континенталдық интеграция, солтүстік америка, оңтүстік америка интеграциялық топтары, тынық мұхит аймағы интеграциясы, т.б аймақтық топтар жатады.

Интеграцияның мәні, алғышарттары, мақсаттары.

Экономикалық интеграцияның бірқатар алғышарттары бар:

1. Экономикалық даму деңгейі мен интеграцияланушы елдердің нарықтық жетілуі дәрежесінің өзара жақындығы. Интеграциялық процестер экономикалық даму деңгейі шамамен бірдей деңгейде тұрған елдер арасында өте белсенді түрде жүреді.

2. интеграцияланушы елдердің географиялық жақындығы, көп жағдайларды ортақ шекаралары мен тарихи түрде қалыптасқан экономикалық байланыстарының болуы. Әлемдегі көптеген интеграциялық блоктар – транспорттық коммуникациялары бар, бір-бірінен тікелей географиялық жақындықта орналасқан бірнеше көршілес ердерден басталады.

3. даму, қаржыландыру, экономиканы реттеу, саяси ынтымақтастық салалары бойынша елдер алдында тұрған экономикалық және басқа да проблемалардың ортақтығы.

4. демонстрациялық әсер. Интеграциялақ блокты құрған елдерде жағымды эконгомикалық өзгерістер болып жатыр, бұл жағдай болып жатқан өзгерістерді бақылап отырған басқа елдерге белгілі бір психологиялық тұрғыда әсер етеді.

5. «домино» әсері. Белгілі бір аймақтық көптеген интеграциялық бірлестіктің мүшелері болғаннан кейін, оның шекарасынан тыс қалған басқа елдер бір-бірінің тобына кіруші елдердің экономикалық байланыстарын қайта бағдарлаумен байланысқан қиындықтарды бастан кешіріп отыр. Бұл кейде интеграциядан тыс қалған жақтар саудасының қысқаруына әкеліп соғады.

Қазіргі кездегі халықаралық экономикадағы қалыптасушы және дамушы әр түрлі интеграциялық бірлестіктер алдында 4-белгілі бір мақсаттар тұрады. Оларға жататындар:

1. масштаб экономикасы артықшылықтарын қолдану. Масштаб экономикасы теориялары негізінде нарық көлемін кеңейтуді, трансакциялық шығындарды қысқартуды және басқа да артықшылықтарды алуды қамтамасыз ету. Бұл өз ретінде едәуір көлемдегі нарықтарға келетін тікелей шет ел инвестицияларын тартуға мүмкіндік береді. Ол нарықтарда дербес өндірістер салуға мүмкіндіктер бар.

2. Қолайлы сыртқы саяси ортаны құру. Көптеген интеграциялық блоктардың негізгі мақсаттарының бірі – саяси, әскери, әлеуметтік, мәдени және басқа салалар бойынша қатысушы елдердің өзара түсіністігі мен ынтымақтастығын күшейту.

3. сауда саясаты проблемаларын шешу. Негізінде аймақтық интеграция – сыртқы сауда оперцияларындағы көпжақты сауда келіссөздері шеңберінде қатысушы жақтардың келіссөздік позицияларын нығайту әдісі ретінде қарастырылады. Аймақтық блоктар өзара сауда үшін өте тұрақты және қолайлы ортаны құрады.

4. экономикалық құрылымды қайта құру әсері.

Нарықтық экономиканы құрушы немесе тереңдетілген экономикалық реформаларды жүзеге асырушы елдерді нарықтық дамудың өте жоғары деңгейі бар елдердің аймақтық сауда келісімдеріне қосу – нарықтық тәжірбиені таратудың маңызды каналы ретінде қарастырылады. өз көршілерін интеграциялық процестерге қоса отырып, өте дамыған елдер олардың нарықтық реформаларын жеделдетуге және ол жерлерде толық сыйымды нарықтарды құруға мүдделі болып отыр. Мұндай мақсаттарды батысеуропалық көптеген елдер көздеген еді.

5. ұлттық өнеркәсіптің жас салаларын қолдау. Интеграциялық бірлестіктер үшінші елдерге қарсы дискриминациялық шараларды қолданбаса да, ол жергілікті өндірушілерді қолдау әдісі ретінде қарастырылады. Жергілікті өндірушілер үшін өте кең аймақтық нарық туындайды.

Интеграцияның даму кезеңдері

Экономикалық интеграцияның ең қарапайым формасы – еркін сауда аймағы, оның шеңберінде қатысушы елдер арасындағы саудалық шектеулер, ең алдымен баж салықтары алынып тасталады.

Басқа бір формасы – кедендік одақ – мұнда еркін сауда аймағының қызмет етуімен қатар, бірыңғай сыртқы саудалық тариф белгіленеді және үшінші елдерге қатысты сыртқы сауда саясаты жүргізіледі.

Екі жағдайда да мемлекетаралық қатынастар тек айырбас сферасына ғана қатысты, оның мақсаты - өзара сауда мен қаржылық есеп айырысуларды дамытуда қатысушы елдерге бірдей мүмкіндіктер беру.

Ортақ нарық – аса күрделі формаларадың бірі, ол еркін өзара сауда және бірыңғай сыртқы тариф пен қатар оған қатысушыларға капитал мен жұмысшы күшінің, технологияның, еркін қозғалысын, сонымен бірге экономикалық саясатты белгілеуін қамтамасыз етеді.

Мемлекетаралық интеграцияның өте күрделі формасына экономикалық және валюталық одақжатады, ол барлық жоғарыда көрсетілген формалармен қатар, ортақ экономикалық саясат пен валюталық-қаржылық саясатты жүргізеді.

Халықаралық экономикалық интеграцияның теориялық негіздері

Жалпы аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың негізінде батыс экономистерінің зерттелуімен халықаралық экономикалық интеграцияның жалпы теориясының ережелеріне негізделген бір қатар заңдылықтар бар. «Экономикалық интеграция» терминінің өзі салыстырмалы бертінде ғана біздің ғасырдың 30-шы жылдарында неміс пен швед экономистерінің еңбектерінде зерттелінді. Қазіргі кезде Батыста бұл мәселе бойынша кең көлемде әдебиеттер бар «интеграция» терминіне келетін болсақ латын тілінен аударғанда «бөлшектердің бір бүтінге айналуы». Аймақтық экономикалық интеграцияның мәнін ұғынудың алғашқы қадамдары 50-ші жылдардағы неолибералистік бағыттағы экономистер А.Мюллер-Армак, В.Репке, Дж.Вайнер т.б зерттелді. Нарық экономикасының ең тиімді реттеуші ретіндегі постулатқа сүйеніп, олар интеграцияның астарында нарық күштерінің еркін әрекеттерін қамтамасыз ететін бірнеше мемлекет шеңберінде ортақ нарықтық кеңістік құруды түсінген. Осындай жағдайларға қол жеткізу үшін сыртқы сауда және валюталық сфераға мемлекеттің елеулі дәрежеде араласуын болдырмау қажет. Осылайша интеграция мәселелсі еркін сауда принципі негізінде интеграцияланушы мемлекеттер нарықтарының бірігуіне алып келеді, сондықтан да теорияда қарастырылған бағыт нарықтық мектеп атағын алған. Халықаралық сауданың неоклассикалық теориясына сәйкес нарықтық бағыттағы экономистердің әлемдік масштабымен салыстырғанда өндіріс факторларының еркін қозғалуы принципін жүзеге асырудың нақты мүмкіндігінің аймақтық дамуда жылдамдырақ және тиімді жүзеге асады деп түсіндіреді. Сондықтан нарықтың бағыттағы экономистер өз концепцияларында ұлттық протекционизмді жақтаушылар мен сауданың әлемдік еркіндігін қорғаушыларының көзқарастары арасындағы өз алдына компромис болып табылатын кеден одағын концепциясына сүйенген. Кеден одағын ұйымдастыру қатысушы мемлекеттер арасында сауда шектеулерін жою мен үшінші мемлекеттерге қатысты бірдей сыртқы тарифті орнатуды жорамалдайды. Бұл концепция 40-жылдардың аяғында америка экономисті Дж.Вайнермен зерттелген. Кеден одағы концепциясы бойынша негізгі көңіл оның сандық тиімділігінде. Осыған байланысты тұтынушылардың әлеуметтік жағдайы өседі делінген. Жалпы кеден одағы аймақтық дамудың шектеулі жолын көрсетеді деген ой болғанымен бірден-бір жол ретінде қарастырылады. Дж.Вайнер тереңірек зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып кеден одағының келісімдері бойынша өзара сауда жолындағы тарифтерді алып тастағанда мүше елдердің экономикасында екі түрлі тиімділк болатынын дәлелдеген.

Батыс Еуропалық интеграцияның құрылуы және даму кезеңдері

Еуропалық Одақтың даму эволюциясына келетін болсақ, ол Францияның шет елдер министрі Р.Шуманның 1950 жылғы 9 мамырдағы Париж өтінішінен кейінбасталды. Соның нәтижесінде 1951 жылы Париж келісіміне қол қойылды. Онда Европаның көмір және болат бірлестігі ұйымы құрылып, оған 6 мемлекет мүше болып енді. Олар: Бельгия, Нидерланды, Люксембург, ФРГ, Франция, Италия. Келісім 1950 жылдан бастап іске енді. 1957 жылы Рим келісімі бойынша Еуропалық экономикалық қауымдастық құрылды. Ол негізінен Еуроатом, ЕОУС және ЕЭС бірлестіктерінің негізінде құрылды. 1969 жылы Гаага қаласында интеграцияның кеңейту және тереңдету шешімі қаралды. Осыған байланысты 1973 жылы «жетілікке» Дания, Ирландия және Ұлыбритания, 1981 жылы Греция, 1986 жылы Испания және португалия, 1995 жылы Австрия, Финляндия және Швеция мүше болып кірді. Ал Еуропалық Одақтың соңғы кеңеюі 2004 жылы 1 мамырда іске асты. ЕО-тың саны 15 тен 25 артты, ал халқының жалпы саны 380-нен 455 млн-ға көбейді. Көптеген келісімдердің және дайындық рәсімдерден кейін ЕО-қа 10 мемлекет мүше болып кірді, олар: Чехия Республикасы, Эстония, Латвия, Литва, Венгрия, Польша, Словения, Словакия, Кипр, Мальта.

ЕО өзінің даму үрдісінде бірнеше негізгі кезеңдерден өтті.

1. еркін сауда аймағы (1958-1969 жж.)

2. кеден одағы (1968-1976 жж.)

3. ортақ нарық құру (1987-1992 жж.)

4. экономикалық одақ (1993-2000 жж.)

5. валюталық одақ (2000 жылдан – қазіргі кезге дейін)

Еуропалық Одақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшелігі.

ЕО қазіргі кезде әлемдегі интеграциялық даму кезеңдердің барлық сатысынан өткен бірден-бір бірлестік болып табылады. ЕО-тың қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық дамуына келетін болсақ, 2004 жылдың басынан бастап экономикалық жағдайдың едәуір жөнделген белгісін көруге болады. 2003 жылы байқалған өсу 2004 жылға созылды. Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша ЕО 2000-2003 жылдар аралығындағы тоқыраудан кейін біршама көтерілгенін байқауға болады. 2003 жылғы әлемдік экономикадағы қолайлы жағдай ЕО-қа да өзінің әсерін тигізді. Экспорттың көлемі өсті, қор нарығының белсенділіг көтерілді, инвестиция көлемі өсті, және ішкі сұраныс кеңейді. ЖІӨ-ң көрсеткіші 2004 жылы қаңтар-қазан айларында 2,4% құрады, ал Еуро зонада 2,0% құрады. ЕО-қа 10 елдің кіруіне байланысты экономиканың құрылымында айтарлықтай өзгерістер енгізді. 2004 жылы әлемдік мұнай бағасының өсуіне байланысты Еуропалық одақ елдері мұнайды жоғары бағаға сатып алуға мәжбүр болды, және ол тұтыну бағасының өсуіне ықпал етті. ЕО-тың дамуын АҚШ және Жапониямен салыстыратын болсақ, АҚШ ЕО және Жапонияның әлемдік ЖІӨ-ң 65% береді, және Әлемдік сауда мен инвестицияның айтарлықтай бөлігіне ие. АҚШ-ң

әлемдік ЖІӨ-гі үлесі 28% Еуропалық Одақтікі, жапония 9%, ал басқа елдердің үлесі 35%. Өнеркәсіптік өндірістің көлемі 2004 жылы салыстырғанда 2003 жылмен 2,6% -ға, өсті. Ал еурозонада 2,9%-ға өсті. Ал аграрлық секторға келетін болсақ, ЕО әлемдегі ауылшаруашылық өнімдер өндіретін ірі елдердің қатарына жатады. бұл елдердегі фермерлік шаруашылықтар және ірі мемлекеттік дотацияның арқасында өмір сүрді. Батыс еуропалық ауылшаруашылығы 10 млн. кішігірім шаруашылықтан тұрады. ЕО ауылшаруашылық саясаты фермерлік шаруашылықтары қолдауға бағытталған.

Еуропалық Одақтың дамуындағы кеңею үрдістері

ЕО өзінің даму тарихында негізінен 5 кеңею кезеңінен өтті. 1973 жылы бірінші кеңеюінде Ұлыбритания, Дания Ирландия елдері кірді. 1981 жылы екінші кеңеюінде Греция мемлекеті кірді. 1986 жылы үшінші кеңеюінде Испания, Португалия мемлекеттері кірді. Ал 1995 жылы төртінші кеңеюінде Австрия, Финляндия, Швеция мемлекеттері кірді, ал бесінші кеңеюінде 2004 жылы Орталық және Шығыс Еуропа елдері Мальта және Кипр елдері кірді. ЕО-ың шығысқа қарай кеңеюінің жағымды және жағымсыз салдары Ресей мемлекетіне ықпалын тигізуі мүмкін. Жағымды салдарына келетін болсақ, ЕО пен сауда экономикалық байланыстарының кеңеюі күтіледі. Ал жағымсыз салдарын қарастыратын болсақ, Батыс еуропалық елдерінің капитал салуы ЕО-ң жаңа мүшелеріне бағытталатын болғандықтан Ресей үшін өте тиімсіз. ЕО-ң кеңеюінен кейін одақтың экономикалық көрсеткіштері бірқатар өзгерістерге ұшырады. ЕО-ң халқының санының 20%-ға өсуіне қарамастан ЖІӨ тек 5%-ға өсті. Бұл ЕО-қа кірген жаңа елдердің үлес салмағының салыстырмалы түрде болуына байланысты. 1986 жылы ЕО-қа испания мен Португалия мүше болып кіргенде ЖІӨ 8%-ға, ал Австрия мен Филяндия Швеция кіргенде 7%-ға өскен болатын, ал 2004 жылы кеңеюден кейінгі ЕО-ң экономикасында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. ЕО-қа кірген жаңа мүшелердің халқының саны айтарлықтай болуы ЖІӨ-ң адам басына шаққандағы көрсеткішін төмендетті. Ортақ нарықтың кеңеюі, тауар көлемінің өсуі қызмет көрсету, жұмысшы күші, капитал қозғалысының өсуі экономикалық субъектілердің бәсекелесуін күшейтеді. Бұл бағаны төмендетеді, өндірістің өсуіне және экономиканың тұрақты өсуіне алып келеді. Атап айтқанда ЕО-ң мүше елдері өзінің ортақ нарық құрудағы потенциалын тиімді пайдалана алуы тиіс және өндіріс факторларының қозғалысындағы шектеулерді алып тастауды қарастыру.

Еуропалық интеграцияның Маастрих келісімінен кейінгі даму болашағы

1993 жылы 1 қарашада Маастрих келісімі енген соң Еуропалық Қауымдастық Еуропалық Одақ деп аталды. Маастрих келісімі бойынша 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап біркелкі еуропалық валютаны енгізу, еуропалық банк құру, сондай-ақ заңдарды үйлестіру техникалық стандарттармен салық мәселелерін енгізу қарастырылды. Осы сатыда ЕО-ң мүшелеріне қойылатын негізгі талаптар төмендегідей болды.

- тауар, қызмет, капитал, жұмысшы күшінің қозғалысының толық еркіндігі;

- бүкіл біртұтас экономикалық кеңістікте бәсекелесуді қолдау саясатын жүргізу;

- ресурстарды тиімді бөлу үшін құрылымдық теңестру;

- аймақтық дамуға байланысты үйлестіру саясатын жүзеге асыру;

- макроэкономикалық саясатты координациялау;

- ұлттық бюджет тапшылығымен қаржыландыруға қатысты ережелерді қабылдау;

- әртүрлі елдердің ұлттық экономикасының параметрлерінің сәйкессіздігін жою;

1991 жылы Маастрих келісімі біртұтас валютаға көшу туралы шешім қабылдады. 1995 жылы желтоқсанда Мадридте біртұтас еуропалық валютаны «еуро» деп атау туралы шешім қабылдады және оны жүргізудің негізгі сатылары анықталды.

5. Өз-өзін бақылау сұрақтары:

· Интеграцияның мәні, алғышарттары және мақсаттары қандай?

· Интеграцияның теориялық негіздері

· Интеграцияның даму кезеңдерінің ерекшеліктерін атаңыз

· Әлемдегі ірі интеграциялық бірлестіктерді атаңыз

· Еуропалық одақтың құрылуы мен қалыптасуы

· Еуропалық одақтың басқару механизмдерінің ерекшеліктері неде?

6. Ұсынылатын әдебиеттер:

· *Киреев А. Международная экономика, М.: МО, 1,2 бөлім., 2000

· Под.ред. Н.Н.Ливенцева. Международная экономическая интеграция, М. Экономисть 2006

· МЭ и МЭО – журнал

· Транзитная экономика – журнал

· *Щербанин Ю.А, Рыбалкин В.Е, Фишер Е, Международные экономические отношения, Интеграция. М., 1997

· Щербанин Ю.А, Международные экономические отношения, М., 1997

· Исингарин Н. Проблемы интеграции СНГ, А., 1998

· Примбетов С. Международная экономическая интеграция в современном мире, А., 2003

 

 

1. Лекция тақырыбының атауы: Халықаралық валюта-қаржы жүйесі

2. Лекция мақсаты:Халықаралық валюта-қаржы жүйесінің қалыптасу кезеңдерін оқып білу, ұлттық және халықаралық валютаның ерекшеліктерін анықтау

3. Лекция сұрақтары:

· Халықаралық валюта жүйесінің мәні және құрылымы.

· Халықаралық валюталық жүйенің даму эволюциясы және халықаралық резервтегі валюта бірліктері.

· Еуропалық валюта жүйесі.

· Халықаралық валюта-қаржы орталықтары

4. Лекция мазмұны:

Дүниежүзілік шаруашылық жүйенің қалыптасуы, елдер арасындағы экономикалық байланыстардың интернационалдануы – ұлттық шаруашылықтар қызметінің жеделдеуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты аталған процесте қызмет көрсетуші құрал ретіндегі халықаралық валюталық-қаржылық қатынастар қалыптасады.

Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде валюталық қатынастар вексельдік және айырбастық қызмет түрінде жүргізілген. Сондай-ақ, валюталық қатынастар Орта ғасырда, дәлірек айтқанда, Лионда, Антверпенде және Батыс Еуропаның басқа да сауда орталықтарында «вексельдік жәрмеңкелер» түрінде жүзеге асырылғандығын атап өту керек.

Валюталық қатынастар дегеніміз – дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Халықаралық валюталық қатынастардың даумына әсер еткен жағдайлар:

· өндіргіш күштердің дамуы;

· дүниежүзілік нарықтың құрылуы;

· халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі;

· шаруашылықтың дүниежүзілік интернационалдануы.

Валюталық жүйе дегеніміз – валюталық қатынастарды ұйымдастырушы және реттеуші форма. Олар ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімдермен бекітілген. Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асады. Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз – мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны.

Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:

· Ұлттық валюта бірлігі;

· Ресми алтын-валюта қорының құрылымы;

· Ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын механизмі;

· Валютаның айырбасталу мүмкіндігі (обратимость, конвертируемость валюты);

· Валюталық шектеулердің деңгейі;

· Мемлекеттің сыртық экономикалық есептеулерді жүзеге асыру тәртібі және т.б.

Ұлттық валюта жүйесінің дамуы мен оның ерекшеліктері мыналарға тәуелді болады:

· Белгілі бір елдің даму дәрежесіне;

· Осы елдің экономикалық жағдайына;

· Осы елдің сыртық экономикалық байланыстарына.

Ұлттық валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютаның курсы мен париреті жатады.

Валютаның курсы дегеніміз – жекелеген елдердің валюталарының ара қатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел валютасының «бағасы».

Паритет – валюталардың алтын мөлшеріне сәйкес ара қатысы. Паритет валюта курсының негізі, бірақ валюта курсы оның паритетіне дәлме-дәл келмейді.

Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың нысаны.

Халықаралық валюта жүйесінің негізгі элементеріне мыналар жатады:

· Ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры;

· Халықаралық өтімді активтердің құрамы мен құрылымы;

· Валюталық паритеттер мен курстардың (валюта құнының) механизмі;

· Валюталардың өзара айырбасталу жағдайы;

· Халықаралық есептеулердің нысандары;

· Халықаралық валюта рыноктары мен дүниежүзілік алтын рыногындағы орныққан тәртіп;

· Халықаралық валюта-қаржы қозғалысын реттеуші ұйымдар.

Халықаралық валюта жүйесінің негізгі міндеттеріне тұрақты экономикалық өсуді, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас пен төлем айналымын тепе-теңдікте сақтауды қамтамасыз ету шеңберіндегі халықаралық есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.

Халықаралық валюта жүйесі халықаралық экономикалық қатынастарды кеңейтуге немесе керісінше шектеуге әсер ететін маңызды механизмдердің бірі.

Халықаралық валюталық жүйенің даму эволюциясы мен халықаралық резервтегі валюта бірліктері.

Өзінің дамуы процесінде ХВЖ төрт кезеңнен өтеді, олардың әрқайсысының өзіне тән ерекешеліктері бар.

І. алтын стандарт жүйесі. Бұл жүйе ХІХ ғасырда стихиялы түрде қалыптасты және заңды түрде 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді. Осы конференцияның шешімі бойынша, алтын әлемдік ақшаның жалғыз формасы болып есептеледі.

Алтын стандарт жүйеіс төмендегі принциптерге сүйенеді:

1. бұл жүйенің негізі – алтын монеталық стандарт. Әрбір валютаның алтындық құрамы бар, осыған сәйкес олардың алтындық паритеттері белгіленеді.

2. Әрбір валютаның алтынға айырбасталуы. Алтын танымал әлемдік ақша ретінде қолданылады. Әрбір валюта ел ішінде де, оның шекерасынан тыс жерлерде де еркін түрде алтынға айырбасталады.

3. алтын құймалар монеталарға еркін түрде айырбасталады, сонымен бірге, алтын еркін импортталады, экспортталады және алтын халықаралық нарығында сатылады.

4. алтынның ұлттық қоры және ақшаның ішкі ұсынысы арасында қатаң арақатынас орнатылады.

Алтын монеталық стандарт бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін салыстырмалы түрде тиімді болды. Уақыт өте келе алтын монеталық стандарт ескіре бастады, яғни ол өсіп бара жатқан шаруашылық байланыстардың масштабына сәйкес болмай қалды.

Соғыс басталғаннан кейін жауласушы елдердің орталық банктері банкноттарды алтынға айырбастауды тоқтатты және соғыс шығындарын жабу үшін олардың эмиссиясын ұлғайтты.

Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қалыптасқан валюталық хаос кезеңінен кейін алтын девиздік стандарт белгіленді. Ол алтынға еркін айырбасталатын жетекші валюталарға негізделді.

ІІ. Валюталық жүйе заңды түрде 1992 жылы Генуядағы халықаралық экономикалық конференцияда белгіленді.

Алтын – девиздік стандарттың принципі бойынша, банкноттар алтынға емес, вексель және чек, яғни девиздерге айырбасталды. Девиздік валюта ретінде доллар мен фунт стерлинг қабылданды.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарының өзінде жаңа дүниежүзілік валюталық жүйені құру жұмыстары басталған еді, өйткені Генуядағы валюталық жүйенің дағдарысы тереңдей түсті.

ІІІ. халықаралық жүйе заңды түрде 1944 жылы Бреттон-Вудстағы (АҚШ) халықаралық конференцияда бекітілді.

Бреттон-Вудс валюталық жүйесі төмендегі принциптерден тұрады:

1. алтын бұрынғыдай елдер арасындағы соңғы ақшалай есеп айырысулардың функциясын орындайды.

2. американдық доллар біртұтас резервтік валюта болды, ол алтынмен қатар әр түрлі елдердің валюталарының құндылығын анықтайтын өлшем ретінде әрекет етті, сонымен бірге, халықаралық төлем құралы болып саналады.

3. басқа елдердің Орталық банктері мен үкімет мекемелері долларды АҚШ-тың казначействосында (қазына мекемесі) айырбастаған. Ол кездегі курс бойынша, 35 АҚШ доллары 1 тройск унцияға (31,1035 гр.) тең болды. Сонымен бірге, үкімет органдары және жеке адамдар алтынды жеке меншік нарықтардан сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

4. валюталардың өзара айырбасы және олардың бір-біріне теңестірілуі алтынмен және доллармен өрнектелген ресми валюталық паритеттер (тепе-теңдік) негізінде жүргізілді.

5. елдер кез келген басқа валюталарға қатысты өз валюталарының өзгеріссіз курсын сақтауға тиіс болды. Нарықтық валюталық курс паритеттен тар көлемде ауытқушы еді (ХВҚ-тың жарғысы бойынша +1% және Еуропалық валюталық келісім бойынша +0,75%). Халықаралық валюталық операцияларда алтынның қолданылу масштабы күрт төмендеп кетті, ең басты орында доллар болды.

6. мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастар Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) арқылы реттелуші еді. Бұл қор Бреттон-Вудс конференциясында құрылды.

ХВҚ-тың негізгі функциясы –осы қорға мүше елдердің валюталық паритеттерді, курстар мен валюталардың еркін айырбасталуын дұрыс жүргізуін бақылау.

Бреттон-Вудс конференциясына қатысты айтар болсақ, халықаралық валюталық жүйе ең алғаш рет үкіметаралық келісімдерге негізделе бастады.

Бреттон-Вудс жүйесі ширек ғасыр ішінде әлемдік сауда мен өндірістің өсуіне ықпал етті.

Бірақ та бұл жүйе оған қатысушы елдердің барлығына тең құқықты бере алмады және АҚШ-тың Батыс Еуропа, Жапония және ХВҚ-қа мүше басқа елдердің валюталық саясатына ықпал етуіне мүмкіндік береді.

Басқа елдерге зиян келтіре отырып, АҚШ-тың позициясы күшейе бастады және соған сәйкес Бреттон-Вудс жүйесінің қарама-қайшылықтары күн санап шиеленісе түсті.

Американдық центризм принципі АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония сияқты үш әлемдік орталықтардың пайда болуына қарай жаңа күштердің орналастырылуына сәйкес болмай қалды.

Валюталық қатынастарда доллар өзінің монополиялық жағдайын жоғалта бастады. ГФР маркасы, швейцар франкі, Батыс Еуропаның басқа валюталары және жапон иенасы американ долларына бәсекелстік жасады. АҚШ-тың төлем балансының тапшы болуы шектеулі мөлшерден асып кетті. Долларды алтынға айырбастау АҚШ үшін өте қиынға соқты, өйткені өз резервтері есебінен алтынға төмен баға белгілеуге мәжбүр болды.

70-жылдардан бастап АҚШ ресми баға бойынша долларды алтынға айырбастаудан бас тартты. Бреттон-Вудс жүйесі іс жүзінде күйреді.

IV. Халықаралық валюталық жүйе 1976 жылы ХВҚ-тың Кингстонда (Ямайка) өткен кезекті мәжілісінде қабылданды. IV ХВЖ-нің принциптері төмендегідей:

1. валюталық курстардың құны мен есептелу нүктесін айқындайтын құрал ретіндегі алтынның функциясы жойылды, яғни алтынның ресми бағасы, алтын паритеттер жойылып, доллардың алтынға айырбасталуы тоқталды.

2. елдер арасындағы валюталық өзара қатынастар әлемдегі елдердің ұлттық ақша бірліктерінің өзгермелі курсына негізделді. Кез келген елге валюталық курстардың кез келген режимін таңдауға мүмкіндік беріледі. Жаңа жағдайларға курстардың өзгеруі екі факторға тәуелді болады:

а) валюталардың сатып алушылық қабілеті;

ә) халықаралық нарыққа валюталардың сұранысы мен ұсынысының арақатынасы.

3. арнаулы ақша резерві (СДР), яғни (қарыз берудің арнайы құқығы) стандарты құрылды.

СДР негізгі резервтік валюта ретінде болып, басқа резервтік валюталардың рөлін азайтты. СДР алтын мен доллардың альтернативасы болып табылады.

90-шы жылдардың басында бесінші, халықаралық валюталық жүйе – валюталардың өзгермелі курсы қалыптасты.

Бұл жүйе екі элементтен тұрады:

1. негізгі тіреуші бірліктер таңдалады, ол бірліктер негізінде жекелеген ұлттық валюталар өздерінің валюталық курстарын сақтай алады;

2. валюталық курстардың ауытқу диапазоны үлкен амплитудаларда жүзеге асырылады.

Валюталық курс кейбір валюталарға қатысты сақталады, басқа валюталарға қатысты валюталық курс еркін түрде өзгереді: Ямайка келісімінде қабылданған СДР алтын мен доллардың орнын басушы болып қабылдануы тиіс еді.

Алғашында СДР бірлігі доллардың осыған сәйкес құрамына теңестірілді.1944 жылдың шілде айынан бастап, СДР-дің алтындық құрамы алынып тасталды.

СДР курсы валюталық кәрзеңке негізінде анықталды.

Валюталық кәрзеңке – бір валютаның орташа курсын басқа валюталардың белгілі жиынтығына қатысты өлшеу әдісі. 16 ел валюталарының орташа өлшенген курстары, бұл елдердің сыртқы саудасы дүниежүзілік сауданың 1 %-нен кем болмауы тиіс. Валюталық кәрзеңкенің мөлшері оның қрамындағы валюталарға және олардың долларға қатысты рыноктық курсына тәуелді.

1978 жылдың 1 шілдесінен бастап, валюталық кәрзеңкенің құрамы мұнай экспортаушы елдердің ұйымы (ОПЕК) валюталарының күшеюіне байланысты түзетілді.

1981 жылдың 1 қаңтарынан бастап валюталық кәрзеңке 5 валютаға дейін қысқарды. Бұл қысқартудағы мақсат – СДР-дың шартты құнын есептеудегі жеңілдету.

Бұл валюталарға жататындар: АҚШ доллары, ГФР маркасы, жапон иені, француз франкі, ағылшын фунт стерлингі.

Тағы бір ұжымдық резервтегі валюта бірлігі болып, валюта кәрзеңкесінің құны негізінде анықталатын – ЭКЮ саналады. ЭКЮ – Еуропалық Одаққа мүше елдердің 12 валютасының негізнде жасалған. Әрбір валютаның кәрзеңкедегі салмағы мүше-мемлекеттің Еуропалық Одақтың ұлттық өніміндегі жеке үлесіне және Одақтың ішкі экспортында алтын орнына байланысты анықталады.

1 ЭКЮ шамамен 1,3 американдық долларға тең.

ЭКЮ-дің эмиссия көлемі СДР-дың шығару көлемінен артық. СДР сияқты ЭКЮ-да қолма-қол ақшасыз нысанда – ұлттық немесе коммерциялық банктердің есебіне аударып жазу әдісімен жүзеге асады.

Еуропалық Одақ жүйесіндегі әрбір Еуропалық Одақ елінің валютасының ЭКЮ арқылы көрсетілген негізгі курсы белгіленген. Осы негізгі курсқа сәйкес валюталардың өзара курстары есептеледі және бұдан ақиқат курстың ауытқуы 2,25%-тен аспауы керек.

Еуропалық валюта жүйесіне кіретін елдер валютасының ондағы үлесі мындай: неміс маркасы – 30,4 %, француз франкі 19,3%, ағылшын фунты – 12,6%, итальян лирасы – 9,9%, голланд гульдені – 9,5%, бельгиялық франк – 7,8%, даниялық крон – 2,5%, испандық песет – 5,2%, португалдық эскудо – 0,8%, гректердің драхмасы – 0,7%, люксембургтің франкі – 0,3%.

3.Еуропалық Одақ валюта жүйесі.

Еуропалық Одақ шеңберіндегі өткен күрделі келіссөздер нәтижесінде 1979 жылы Еуропалық валюта жүйесі құрылды. Еуропалық валюта жүйесі – ұлттық валюталардың экономикалық интеграция шеңберінде қызмет етуімен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығын көрсететін халықаралық валюта жүйесі.

Еуропалық валюта жүйесі үш элементтен тұрады:

1. ЭКЮ – Еуропалық валюта жүйесінің негізі;

2. валюта курстары мен интервенциялардың механизмі;

3. валюта курсын тұрақтандыру үшін қолданылатын кредиттеу механизмі.

Еуропалық валюта жүйесінің алдына мынадай міндеттер қойылады:

· Еуропалық Одақ елдері ішінде сенімді валюталық тұрақтылығы орнату;

· Тұрақты түрде даму стратегиясының негізгі элементі болу;

· Экономикалық даму процестерінің байланысын нығайтып, еуропалық ынтымақтастыққа жаңа екпін беру;

· Халықаралық экономикалық және валюталық қатынастарға тұрақтандырушы фактор ретінде әсер ету.

Еуропалық Одақтың қайраткері Ж. Делор Еуропа валюталарын біріктіру жөнінде үш сатылы жоспар ұсынды:

1. Еуропалық Одақтың жекелеген елдері арасында үйлестірілген экономикалық және валюталық саясатты жүзеге асыру;

2. Еуропалық Одақтың орталық банкісін құру;

3. Ұлттық валюталарды Еуропалық Одақтың ортақ валютасына ауыстыру.

1990 жылы Еуропалық валюта жүйесіне қатысушы елдер қатарына: Англия, Испания, Португалия қосылды. 1991 жылы біртұтас Еуропалық экономикалық кеңістік құру жөніндегі Маастрихт келісіміне қол қойылды. Осы келісімге сәйкес Еуропалық Одаққа мүше елдердің үкімет басшылары валюталық Одақ құруды құптады.

Маастрихт келісімдеріне сәйкес Еуропалық Одақ мемлекеттерінің ұлттық валюталары курсының бір-біріне қатысты түпкілікті орнығуы 90 жылдардың соңы болады деп ұйғарылды. Бұл процестің өзі үш кезеңге бөлінеді:

1. 1998 жылы басталды. Бұл уақытта валюталық Одаққа қабылдау критерилеріне сай келетін елдер анықталады. Маастрихт келісімі белгіленген критерилер қатарына инфляция деңгейі, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы (3 пайыздан артпауы тиіс), есептеу ставкасы, ұлттық валютаның тұрақтылығы жатады. Осы критерилерге сай келген мемлекеттер 1-нші топтың құрамына кіріп, валюталық одақтың алғашқы мүшелері болады. Әзірше бұл критерилерге Албания, Люксембург, Ирландия мен Австрия сай келіп тұр. 1998 жылдың соңына дейін Орталық еуропалық банк құрылады да, одан әрі еуропалық орталық банктер жүйесі жасала бастайды.