Транкингтік байланыс

Транкингтік байланыс жүйесі(ТСР) деп жер бетілік жылжымалы байланыс жүйесін бірінші кезекте-конвенциалдыққа қарағанда,абоненттерге радиожиілікті бекітпей жұмыс істейтін,радиотелефондық деп атаймыз.Олар үлкен қызмет көрсету аумағында абоненттердің жоғары мобильділігін қамтамасыз етеді және негізінен радиобайланыстың мекемелік жүйесін(полиция,өрт сөндіру,құрылысшылар ж.т.б) ұйымдастыру үшін қолданылады.

Транкингтік байланыстың атауы ағылшынның trunk (өзек,түйін)сөзінен шыққан.Мұндай жүйеде байланыстың өзегі,жүйедегі кез-келген абонентке көрсетілуі мүмкін болатын,бірнеше физикалық каналдардан тұрады.Осындай немесе осыған ұқсас каналдарды бөлу шешімі әр жолы бос каналдардың болуынан туындайды.Тек,қоңырау келген кезде,жүйедегі барлық каналдар бос емес болған жағдайда ғана қызмет көрсетуден бас тарту сигнал құрылады.Осыған орай ТСР конвенциалдық жүйелерге қарағанда қызмет көрсетудің бірдей шамаларында да салыстырмалы түрде жоғары өткізу қасиетіне ие болады.

Транкингтік жылжымалы байланыс — ультрақысқа толқындар диапазонын қолданатын екіжақты жылжымалы радиобайланыс жүйесі. Іс жүзінде жүйе ұялы жүйеге ұқсас құрылған: пайдаланушы терминалдары мен базалық станциялар (БС), байланыс ұзақтығын арттыруға арналған жабдық — станция жұмысын басқаратын ретрансляторлар менконтроллерлер ретрансляторлардың арналарын өңдейді (оларды коммутациялайды) және қалалық телефон желісіне шығуын қамтамасыз етеді. Транкинг желілері біраймақтық (бір БС-лы болуы) немесе көпаймақтық (бірнеше БС) болуы мүмкін.

Транкингтік байланыс жүйесі мынадай функцияларды қолдайды:

Ø алдын ала берілуі мүмкін абоненттер тобы ішінде тез байланысты (0,2-0,5 сек) жүзеге асыру;

Ø байланыс сеансы барысында топтар қатысушыларын қайта бөлу мүмкіндігі;

Ø шақырулар басымдықтарының жүйесі.

Ø тіпті базалық станцияның істен шығуы барысында байланыстың сақталуы;

Ø желі абоненттеріне кең таратылатын сигналды жіберу;

Ø желіні тез қайта конфигурациялау мүмкіндігі.

 

ТСР-да ТфОП-қа деген интерфейс түрлі әдістермен орындалады.Қымбат емес жүйелерде (мысалы, SmarTrunk) байланыс екіөткізгішті коммутирлейтін желілер бойымен орнатылады. Заманға сай ТСР-лар ТфОП-қа деген интерфейс құрамында, АТС-тың стандартты нөмірлеуін қолданатын транкингтік желі абоненттеріне рұқсатты қамтамасыз ететін тура нөмір теру аппаратына ие.Кейбір жүйелер қатары АТС аппаратымен ИКМ-байланысты қолданады.

Казахстанда транкингтік жүйелерді тіркеу және қолдану кезіндегі маңызды проблемалардың бірі ретінде олардың ТфОП-пен байланысы болып табылады.Транкингтік абоненттердің телефон желілеріне шығыс қоңыраулары кезінде қиындық болып транкингтік жүйелер электромеханикалық АТС-тарда абоненттік линияларға декадтық режимде нөмір тере алмайды.

Абоненттер арасында байланыс ретрансляторлар арналарын автоматты түрде орналастыруды іске асыратын жылжымалы жер радиобайланыстың радиалды- аумақтық жүйелердің принципі SmarTrunk, MPT 1327- тан бастап жаңа TETRA-ға дейін барлық транкингтік жүйелерді біріктіреді.

TETRA – бұл цифрлық радиобайланыстың еуропалық стандарты болып табылады. Бұл стандарт қоғамдық қауіпсіздік, көлік және коммуналдық қызмет саласындағы қолданушыларға негізделген. Уақыт арқылы бөлетін көпшілік қосылу мүмкіншілігі бар технологиясын қолданатын TETRA стандарты көбінесе адамдар саны үлкен болатын қалалық жерлер байланысында қолданылуы керек(мысалы, Еуропаның солтүстік-батыс елдерінде). Ол тек шектеулі деңгейлі қуаттарды және жиіліктердің тар диапазонын қолданып, транкингтік байланыс режимінде ғана жұмыс істеуді қалайды.Әдеттегі ұялы байланыспен қатар кәсіби ұтқыр радиобайланыс жүйелері бар, былай айтқанда, транкингтік жылжымалы байланыс жүйелері. Транкингтік байланыс қызмет түрі бойынша кәсіби сенімді радиобайланыс қажет болған мемлекеттік және коммерциялық сектордың кәсіпорындары мен ұйымдары үшін ауыстырғысыз болып табылады.

4.6.1 Транкингтік жүйелердің мүмкіндіктері

Транкингтік радиобайланыс құндылығы — бұл жиілік ресурсын үнемдеу, іс жүзінде қосылыстардың тез орнатылуы, абоненттер топтарының автономды жұмыс істеу және қажет болғанда олардың бір топқа бірігу мүмкіндігі, түрлі шақырулар түрлерін қолдау, деректер жіберу, АТС-на шығу.Транкинг – бұл көптеген абоненттердің шектелген арналар санына еркін қосылу мүмкіншілігінің тәсілі.Қандай-да бір уақытта барлық абоненттер белсенді болмағандықтан,керекті арналар саны жалпы абоненттер санынан анағұрлым аз.Мысалы,арналар саны 5 болғанда(4 сөйлеу арнасы және 1 басқару арнасы),транкингтік жүйе 300 абоненттке қызмет ете алады.
Ұялы жүйелермен салыстырғанда транкингтік радиожүйелерінің артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады:шақырулардың икемді жүйесі–индивидуалды,топтық,аварийді және басқалар;нөмірлеудің икемді жүйесі–екімәнділерден бастап толық дыбыс нөмірлеріне дейін;байланысты орнатудың аз уақыты-ұялы жүйелердегі бірнеше секундына қарсы секундтың бір бөлігі; экономдау – құрылғылар және оларды пайдалану шығыны бойынша ұялы жүйелерге қарағанда транкингтік радиожүйелер бірнеше есе экономды.
Транкингтік жүйелердің тағы бір ерекше айырмашылығы бұл- бір-бірімен ортақ басқару шина көмегімен байланысқан, бірнеше ретрансляторлардан тұратын ретрансляторлық пункттің ортақ жиіліктік ресурсына қосылу мүмкіншілігін ұйымдастыруы арқылы жиілік жолағын эффективті/тиімді түрде пайдалану мүмкіншілігі болып табылады. Транкингтік жүйесінің икемді архитектурасы/сәулеті жеке, әрі бірнеше абоненттердің немесе барлық абоненттердің шақыруларын өткізуге мүмкіншілік береді.Бірақ бірінші дәуірлі кәсіпқой транкингтік жүйесінің желілері жоғары конфиденциалдылыққа жауап бере алмады және абоненттік құрылғылардың идентификациясын,абоненттердің аутентификациясын қамтамасыз ете алмады.Бұл тапсырмалар бір-біріне сәйкес келмейтін аналогты стандарттардың үлкен санының орнын баса алатын,екінші дәуірлі (АРСО, TETRA) кәсіпқой байланыстың цифрлық жүйелерінде шешілген.TETRA-ға байланыс протоколдары (хаттамалары) ерекше болатын және түрлі жиілік диапазондар ауқымдарында жүйені минималды шығынмен іске асыра алатын универсалды техникалық шешімдер кіргізілген.Сонымен бірге,TETRA техникалық мүмкіншіліктерді көбейту саласының мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді.

return false">ссылка скрыта