Глоссарий

 

Атмосфера- ( грекше атмос- бу, сфера – шар) – жер шарын айнала қоршаған ауа қабығы. Жермен қоса айналады.

Атмосфералық жауын-шашын - жер бетіндегі атмосферадан сұйық немесе қатты күйде түсетін ылғал

Амосфералық қысым- бүкіл атмосфераның қабатының жер бетіне түсірілетін қысым

Ауа массасы- тропосфераның тепература ылғалдвғы мөлдірлігі т.б. ірі бөлігі

Ауаның ылғалдығы- ауадағы су буларының мөлшері абсолюттік және салыстырмалы ылғалды ажыратады

Бағдарлау- жергілікті жерде көкжиек тұстарын ажыратады

Бергштрих- неміс тіліне берг-тау. Штрих-сызық бір бағытты көрсету үшін горизонтармен қосымша берілетін кесе- көлденен сызық

Биогеография- өсімдіктермен жануарлар жер бетінде таралу заңдылығын зерттейтін ғылым

Биоценоз- тіршілік жағдайда өсімдіктер жануарлар жиынтығы

Биіктік белдеу- тауларда биіктік бойынша бөлінетін табиғат кешенің бірлігі

Гелогия – жер бетінде, қыртысында жүретін процестерді, жердің қасиеті мен құрамын, жер қыртысы мен мантияның даму тарихын қарастырады.

Географиялық белдеу- географиялық қабықтан ендік бойлып созылып жататын ірі бөлігі жылу жағдайда біртекткс болуымен сипатталады

Географиялық зона- климат жағдайында топырақпен өсімдіктер жамылғысы жануарлар дүниесі біртектес ендік өңір геоеграфиялық белдеудің бөлігі

Географиялық карта- жер бетінің белгілі бір масштабына сәйкес кішірейтіліп шартты белгілер жазықтықтар түстер бейнесінде

Географиялық координаторлар- нүктенің жер бетіндегі орнын белгілейтін шамалар. Географиялық ендік пен бойлықтан

Географиялық қабық- атмосфера гидросфера және литосфера тоғысып бір-біріне әсер етунің және бірімен бірінің зат алмасуының нәтижесінде түзілген жердің ерекше қабығы

Гигрометр- ылғал өлшеуіш ауның салыстырмалы ылғалдылығын анықтауға арналған аспап.

Гигрфилы- ылғалды жердегі организмдердің ылғалды жағдайы тіршілік етуге бейімделген жер беттінің өсімдігі мен жануарлары

Гидрограф- гидрограф жыл ішінде немесе оның бір маусымда өзен суы шығынын өзгеруі сипатайды

Гидрография- гидрологияның жер бетіндегі су көздерін зерттейтін айналыс бөлігі

Жер қыртысы- жердің беті қатты қабығы литосфераның негізгі қабығы

Тау- жер бетінің маңайындағы жазықтар оқшау көтеріліп жатқан беткейлер қия болып келетін биік бөлігі

Тау жотасы- ұзын созылып жатқан бір-біріне қарама-қарсы беткейлермен шектелегн тау алабы

Таулы қырат- тек жоталар мен тау шоғырлары биік үстірттермен тұтасып жатқан аса көлемді орасан зор биіктік

Миграция- адамдардың бір ауданнан басқа ауданға қоныс аудару

Физикалық география – жердің сыртқы пішінің жалпы мөлшерін зерттейді.

Минерология – минералдадың саны мен сапасын, құрлысы мен құрамын физикалық

химиялық қасиеттерін анықтайды.

Масштаб- нем. Мас-өлшеу, штаб- таяқ- жер бетінде өлшеген қашықтық қағаз бетіне түсіру үшін кішірейту дәрежесі

Меридиан- жер бетінде полюстен полюске дейін ойша жүргізілген сызық

Морфология- грек. Сөз. «морфо»-пішін, «графа»-белгі, мағынаны білдіреді

Танымдық туризм - демалыстың мақсатымен сәйкес келуі мүмкін. Танымдық саяхаттар курортқа бару немесе демалыс кезінде басқа қалалар мен елдерге экскурсия жасаумен тең.

Топонимика – ономастиканың топонимдерді зерттейтін саласы; топонимика жер-су атауларының қалыптасу себептерін, пайда болу ерекшеліктерін, даму жолдарын және қолданылу мәселелерін жан-жақты зерттейді.

Топонимикалық карта – жеке топоним, топонимдер тобын, топонимикалық құбылысын, оның динамикалық дамуын, әлеуметтік құбылыспен байланысын, топонимдер элементтерінің таралуын көрсететін тақырыптық карта.

Тектоника- геологияның жер қыртысының жеке учаскелеріндегі және тұтас алғанда бүлкіл жер қыртысының тау жыныстарының жатуын өзара қатынасын зерттеумен айналасатын бөлімі.

Туризм - жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiн, не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бiрақ түнейтiн, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты;

Өлкетану – белгілі бір аумақты, ауданды, қаланы, селоны т.б. елді мекендерді, облысты, регионды мемлекет территориясыз жеке бөліктерін жан-жақты зерттеумен және оқып-танумен айналысатын қоғамдық құбылыс.

Рельеф- эндогендік және экзогендік процестердін өзара қалыптасатын құрлық беті және мұхит түбі пішінің жиынтығы

Шың- басқа жерлерден биік тұратын олар көбінесе суайрықтар сызығына және оңашалынған орналуы

Кар- мұздармен қардың әсерінен аяздан үгілуінен туадың қар сызығынан жоғарғы аймақтағы пайда болған астау тәрізді ойыс

Ланшафт- құрамдық, құрылымдық бөліктерінің баламалары қайталанбайтын нақтылы теория табиғат кешені

Этнография- халық құрамы, шығу тегі, мәдени тарихи байланысты ғылым

Экскурсия бұл табиғи, мәдени орындарда туристердің рухани біліктіліктерін арттыру барысында сапар шегуі. Экскурсия табиғи көркем жерлерге, мәдени және тарихи ескерткіштерді көру мақсатында тарихи тұлғаларды тану мақсатында және көне қолжазбаларды зерттеп білу үшін жүргізілген саяхат.

Экологиялық туризм – әлемдік туристік индустрияның қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Экологиялық туризмнің басқа туризм түрлерінен ерекшеленетін басты белгісі—рекреациялық ресурстарды тиімді пайдалану.

return false">ссылка скрыта

 

3. Дәрістің қысқаша конспектісі

 

№1 шолу дәріс - 2 сағат.

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының өлкетанудың негізгі мәні мен бағыттары.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының өлкетанудың негізгі мәні мен бағыттарын өлкетану түсінігіне жалпы сипаттама беру.

Жоспар:

1.Өлкетану пәнінің негізгі мәні мен бағыттары.

2.Өлкетанудың зерттелуі.

3.Өлкетану зерттеу нысандары.

Негізгі ұғымдар: Өлкетану, отантану, география, физикалық география, әлеуметтік-экономикалық география, туризм, туристік өлкетану, тарихи өлкетану, мектептік өлкетану, мемлекеттік өлкетану, қоғамдық өлкетану, экскурсия, туристік-экскурсия.

 

Бірде – бір ұлт өз елінің тарихын, мәдениетін силамайынша, өз өлкесінің тарихи және рухани мұрасын қайта қалыптастырып өркендетпейінше, азаматтық және рухани тәрбие жүргізбейінше дамып, өмір сүруі мүмкін емес.

Өлкетану ұғымы М.В.Ломоносовтың кезінде пайда болып еліміздің тарихымен бірге ұзақ даму жолын жүріп өтті, соның негізінде оның өміршеңдігі қоғамымыз бен халыққа қажеттілігі дәлелденді.

Өлкетанудың негізіне, тәлім – тәрбиелік мәніне, білімдік мазмұнына Қорқыт – ата, М.Қашқари, Әл – Фараби, Ж.Баласағұни, А.Иассауи, А.Науаи және т.б ғұламалардың еңбектерінде ерекше мән берілсе, қазақ даласының төл перзенттері, ақын – жазушылар А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов шығармаларында өлкетану мәселесі кеңінен қарастырылады.

Өз өлкесін тану идеясы мен педагогикалық процесте өлкетану материалдарын қолдану, ұлы ағартушылар Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д. Ушинский, А.Я.Герд және басқалардың еңбектерінде негізі қалыптасқан болатын.

Өлкетану ғылымының негізін салушы К.Д.Ушинский оның туған тілге және адамгершілікке тәрбиелеудегі маңызын көрсетіп, жергілікті өлкені танудың педагогикалық мәнін айқындады. Ғылымның бұл саласын К.Д.Ушинский «Отантану» деп анықтама берді. К.Д.Ушинскийдің идеялары мен көзқарастары XIX ғасырдың ІІ - і жартысында педагог - әдіскерлердің А.Я. Гердтің (ең алғаш практикаға экскурсияны оқыту әдісі ретінде кіргізді), В.П.Вехтеревтің (балаларды табиғатта белсенді оқытуға шақырып, олардың өзіндік ғылыми іс - әрекеттерін қалыптастыруды), Л.С.Севруктің (табиғат туралы ұғымның біртұтастығын негіздеп енгізген) еңбектерінде жалғасын тапты.

Өлкетану ғылымының дамуына көптеген педагог - ғалымдар П.П.Блонский, Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.П.Пинкевич, С.Т.Щацкий өз үлестерін қосты, олардың еңбектері барлық даму кезеңдерінде тәрбиелік және білім беруде үлкен маңызы болды.

Қазіргі кезде педагогикалық өлкетанудың әртүрлі жақтарына арналған ғылыми жұмыстар бар. Өлкетануды оқу - тәрбие процесінде қолдану мәселесін, әртүрлі жылдарда бірқатар И.И.Бескоровайный, П.В.Иванов, Д.В.Коцюба және т.б. ғалымдардың назарын аударды.

Д.В.Коцюба мен В.Дихтерев өлкетануды оқушылар ұжымын тәрбиелеудің құралы ретінде қарастырса, П.Р.Атутов, М.Н.Скаткин, К.А.Иванович және т.б. өлкетануды оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мақсатында қарастырған.

Өлкетану дегеніміз-белгілі бір аумақты, ауданды, қаланы, селоны, облысты, регионды мемлекет территориясының жеке бөліктерін жан жақты зерттеумен және оқып танумен айналысатын қоғамдық құбылыс. Өлкетану пәні қазіргі таңда қажетті піндердің бірі. Ол бірнеше ғылымдармен тығыз байланысты соның ішінде туризм саласымен тығыз байланыста . Мәселен, туризм және өлкетанудың жақын келетін жақтары біріншіден, екеуінде де тәрбие , білім беру құралы ретінде қарастыруға болады. Екіншіден, кейбір жұмыс істеу құралдары ортақ (экскурсия, жорықтар) .

Өлкетану дегеніміз - көлемі жағынан шағын, белгілі бір аумақтарды(аудандар, облыстар,өлкелер т.б.) жан жақты оқып білумен, зерттеумен айналысатын жұмыстардың жиынтығы екені белгілі. Өлкетанудың зерттеу нысандарын, жалпы өлкетануды кешенді бір-бірімен байланысты дүние ретінде қараған жөн. Өлкетану бойынша жүргізілетін зерттеулер мен бақылаулар шаруашылықтық, ғылыми. әлеуметтік тағы да басқа арнайы тапсырыстар түрінде болуы мүмкін және сол жер үшін тікелей практикалық маңыздылыққа ие болады.

Өлкетану зерттеу нысандарын салыстырмалы түрде 4 топқа бөліп қарауға болады:

1. Өлкені табиғатын, табиғи ерекшеліктерін,жеке табиғат компаненттерін (геология,жер бедері, рельеф, гидрографиясы, климат немесе ауа-райы, топырақ және өсімдік жамылғылары, жануарлар дүниесі ) , олардың қоғамы әсерінен өзгеру деңгейі мен сипатын және табиғатта жүретін басқа да үрдістерді зерттеу.

2. Өлкенің шаруашылығын, онда тұрып жатқан халықтардың кәсіптік ерекшеліктерін анықтау.

3. Өлкенің және онда тұрып жатқан халықтардың тарихы жайлы, тарихи оқиғалар жайлы деректер, экспонаттар жинау, өлке территориясындағы археологиялық орындарды, тарихи ескерткіштерді,олардың ерекшеліктерін оқып тану және оларды халық тарихымен , тарихи кезеңдерімен байланыстыру

4. Халықтың этнографиялық немесе ұлттық ерекшеліктеріне олардың тілі, діні, салт дәстүрі, фольклоры, халықтың өнері т.б жатады.

Өлкетанудың жеке түрлері бойынша зерттеу немесе бақылау мақсаты әр түрлі болады. Мемлекеттік және қоғамдық өлкетану бойынша зерттеу көбінесе практикалық, нақты мақсаттар үшін жүргізіледі және бұл өлкетану үшін қолданылатын жұмыс формалары. Негізінен экспедициялар және мұражай жұмыстары болып табылады. Кейбір мұрағаттарға сүйенсек революцияға дейінде Қазақстанда мектеп өлкетану элементтерінің болғанын байқауға болады. Қазақстанда өлкетанулық зерттеулерді жүргізу ХІХ ғасырдың аяғында оған орыс география қоғамы, академиясы, орыс археологтың шығыс бөлігі және антропология және этнография қоғамдары үлес қосты. Өлкетану пәнінің жалпы мақсаты: белгілі бір өлкенің табиғаты, тарихы, орналасқан жері, аумағы, шаруашылығы, тарихи жерлері, тарихи ескерткіштері т.б. жерлерін көру және зерттеу мақсаттарында ұйымдастырылады. Туристік өлкетану пәнінің негізгі міндеттері: негізгі рекреациялық ресурстар болу үшін ішкі және халықаралық туризмді нығайту болып табылады. Өлкетану пәнінің негізгі әдісі: табиғи ресурстар, материалдық, мәдени ескерткіштері туралы ақпаратты анықтау және жүйелеу.

Өлкетану пәнінің қазіргі таңдағы ең маңызды пән екенін түсідіргім келді. Бұл пән туризм мамандығымен тығыз байланыста екенін, осы пән арқылы көптеген өлкенің тарихымен, табиғи ескеткіштерімен, әсем табиғатымен өз көзімізбен танысуға болатынын айтқым келді. Әрі мен өлкетану пәнінің түлері мен формаларына тоқталдым. Оның төрт түрі болады.

Қорытынды: Жалпы Өлкетану дегеніміз-Көлемі жағынан шағын, белгілі бір аумақтарды (аудандар, облыстар,өлкелер т.б.) жан жақты оқып білумен, зерттеумен айналысатын жұмыстардың жиынтығы екені белгілі. Өлкетанудың зерттеу нысандарын, жалпы өлкетануды кешенді бір-бірімен байланысты дүние ретінде қараған жөн. Өлкетану бойынша жүргізілетін зерттеулер мен бақылаулар шаруашылықтық, ғылыми. әлеуметтік тағы да басқа арнайы тапсырыстар түрінде болуы мүмкін. Өлкетану пәнінің жалпы мақсаты: белгілі бір өлкенің табиғаты, тарихы, орналасқан жері, аумағы, шаруашылығы, тарихи жерлері, тарихи ескерткіштері т.б. жерлерін көру және зерттеу мақсаттарында ұйымдастырылады. Туристік өлкетану пәнінің негізгі міндеттері: негізгі рекреациялық ресурстар болу үшін ішкі және халықаралық туризмді нығайту болып табылады. Өлкетану пәнінің негізгі әдісі: табиғи ресурстар, материалдық, мәдени ескерткіштері туралы ақпаратты анықтау және жүйелеу.

Менің ойымша, Қазақстанның әрбір өлкесі сұлу әрі көркем. Әрбір өлкені одан әрі дамыту үшін, біз, аянбай еңбек етіп, болашақ ұрпаққа тапсыруымыз қажет. Өлкені дамыту арқылы туризм саласын Қазақстан елінде қарыштап дамуына үлесімізді қосуымыз қажет.

Дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау

Дәріс материалдарын толық меңгеру үшін:

– көрсетілген әдебиеттерді қолдануы;

– тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалануы;

– әртүрлі бағыттар мен теорияларды нақты айта білуі;

– әртүрлі көзқарастарды салыстыра білу;

– өзінің жеке көзқарасы мен пікірін жүйелей білуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Вуколов В.Н. Основы туристско-краеведческой работы. Учебное пособие. - изд.

2-ое, исп. и доп. Караганда, 2005

2. Биржаков М.Б Введение в туризм. СПб., Герда 1999

3.Туристский терминологический словарь

4. Калесник С.В. Общее географические закономерности. Москва.1998

5. Алешин В. М. Серебрянников А. В. Туристкая топография. М., 1985.

6. Мазбаев О. Туристік өлкетану. Алматы 2002.

 

 

№2 презентациялық дәріс - 2 сағат.

Тақырыбы: Туристік-экскурсиялық жұмыстары бойынша мамандарды даярлау жүйесіндегі өлкетанудың орны.

Мақсаты: Туристік-экскурсиялық жұмыстары бойынша мамандарды даярлау жүйесіндегі өлкетанудың маңызын, қызметі мен әдістерін сипаттау.

Жоспар

1. Өлкетану ғылымының зерттелуі, дамуы.

2. Өлкетанудың алғаш қолданылуы мен таралуы.

3. Туристік-экскурсиялық жұмыстары бойынша мамандарды даярлау жүйесіндегі өлкетанудың орны.

Негізгі ұғымдар: Өлкетану, экскурсия, туристік-экскурсия.

 

Туримтік-экскурсиялық жұмыстар бойынша мамандардың, қазақ тілінен жүргізетін экскурсанттардың жетіспеуі Қазақстан бойынша үлкен мәселе тудыруда.

Өлкетану ғылымының дамуына көптеген педагог - ғалымдар П.П.Блонский, Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.П.Пинкевич, С.Т.Щацкий өз үлестерін қосты, олардың еңбектері барлық даму кезеңдерінде тәрбиелік және білім беруде үлкен маңызы болды.

Қазіргі кезде педагогикалық өлкетанудың әртүрлі жақтарына арналған ғылыми жұмыстар бар. Өлкетануды оқу - тәрбие процесінде қолдану мәселесін, әртүрлі жылдарда бірқатар И.И.Бескоровайный, П.В.Иванов, Д.В.Коцюба және т.б. ғалымдардың назарын аударды.

Д.В.Коцюба мен В.Дихтерев өлкетануды оқушылар ұжымын тәрбиелеудің құралы ретінде қарастырса, П.Р.Атутов, М.Н.Скаткин, К.А.Иванович және т.б. өлкетануды оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мақсатында қарастырған.

Соңғы жылдары елімізде мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып оқушыларының өлкетанымын қалыптастыру мәселелері А.М.Текесбаева, А.Е.Манкеш еңбектерінде қаралса, қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушылардың дүниетанымы мен өлкетанымын қалыптастырудың кейбір тұстарын С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Кожахметова, Б.Қ.Өтешова, С.Қ.Қасенов, Р.Н.Кенжебаева еңбектерінде қарасытырылған.

Орта білім беретін мектептерде өлкетану материалдарын пайдалану мәселесі С.Қ.Қоңырова, Қ.Т.Айтжанова, А.Ж.Бекмағамбетов, М.С.Маженакова, С.Орынбеков және т.б еңбектерінде ғылыми тұрғыда талданған.

Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, М.М.Мұқанов, Қ.Б. Жарықбаев, Ж.И. Намазбаева және т.б. психологтардың еңбектерінде оқушыларға білім мен тәрбие беру жұмыстарында қоршаған ортамен қарым – қатынастарын қалыптастыру оның психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болатындығын дәлелдеген.

Педагогикалық өлкетанымдық іс–әрекет процесінде оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуге болашақ мұғалімдерді даярлауды кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастырған К.С. Успановтың ғылыми ұстанымын негізге алдық.

Қазақстандық педагогика ғылымында біздің ғылыми жұмысымыздың мәселесіне қатысты Д.М.Джусубалиева, К.К.Жампейсова, А.А.Калыбекова, Н.Н. Хан, А.А.Молдажанова, Г.Б.Ахметова М.Н.Сарыбековтің және т.б. еңбектері бар.

XX ғасырдың ІІ - і жартысында туризм мен өлкетанудың педагогикалық құндылығы жайында көптеген ғылыми жұмыстар жарық көрді. А.Ф.Родин, А.П.Ставровский, О.Б.Мазбаев және т.б. жас туристер және өлкетанушылармен жұмыс істеудің мақсат, міндеттерін, мазмұндары мен әдістемелерін ашып көрсетеді.

А.А.Саипов - студенттерді жан – жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастырудағы факторлардың бірі ретінде, туристік - өлкетану жұмысын қарастырған.

Географиялық өлкетану мәселелері М.Н.Мұсабаеваның, Е.А.Звягинцевтің, В.П.Максаковскийдің, С.П.Аржакованың, Л.С.Бергтің және т.б. ғалымдардың жұмыстары мен әдістемелік нұсқауларында ашып көрсетілген. Бұл ғалымдардың еңбектерінде өлкетану жұмысын ұйымдастыру мәселелерімен қатар туған өлкенің табиғаты мен әлеуметтік - экономикалық жағдайын, тарихи ерекшеліктерін оқытудың әдіс-тәсілдері қарастырылады.

Тарихи өлкетану мәселелері Д.В.Коцюба, А.Ю.Князев, Т.Т.Тұрлығұл, К.Н.Раймханова еңбектерінде жарық көріп, оқу процесінде қолдану мәселерін көтерсе, Г.Н.Матюшкин тарихи өлкетанудың арнаулы әдіс–тәсілдері мен формаларын, зерттеу, ізденіс сипаттарын ашуға ұмтылған.

А.Н.Захлебный, А.П.Сидельковский, Н.С.Сарыбеков еңбектерінде экологиялық білім беру мәселелерінің ерекшеліктерін аша отырып табиғатты қорғау мен экологиялық өлкетану мәселелеріне тоқталса, В.М.Минаева сыныптан тыс уақыттағы табиғатты қорғау жұмысын - бастауыш сынып оқушыларының қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеудің құралы ретінде қарастырады.

Болашақ мұғалімдерді оқушыларға экологиялық тәрбие беруге даярлығын қалыптастыру мәселерін А.В. Афонин, М.Н.Сарыбеков, Р.В. Степанец, С.Н. Глазычев, Е.С. Сластенина, Г.Қ Тұрабаева т.б. зерттеген.

Ал жоғары оқу орындарында өлкетану материалдарын пайдаланудың кейбір тұстарын Г.В.Аверкиева, Т.В.Данилова, И.В. Кишкин А.А.Хуснитдинов өз еңбетерінде қарастырған.

ХІХ ғасырдың соңына қарай педагогика саласында «табиғаттану» атты маңызды бағыт қалыптасты. В.Е.Глуздовский, И.М.Греве, С.Н.Боголюбский, Г.И.Иванов бастауыш және орта мектеп бағдарламасына жергілікті жердің географиясы, тарихы, табиғаты сынды пәндер енуі керек екендігін көрсеткен.

Алғашқы рет «өлкетану» аталатын ұғым ХХ ғасырдың басында пайда болды. Бұны бірінші 1914 жылы тарихшы - әдіскер В.Я.Уланов және сібірлік географ – мұғалім И.Н.Маньков пайдаланды. 20 – шы жылдардағы өлкетану «зерттеушілік әдістемені» жүзеге асыруға ықпал етті, мектептің оқу процесі мен сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту үшін үлкен мәні болды.

Қазақстанда өлкетанудың дамуы аса көрнекті мемлекет қайраткерлері С.Аспандияров, М.Д.Жолдыбаев, Ә.Жангелдиннің есімдерімен байланысты. О.Жандосовтың «Познай свой край» мақаласы өлкетану саласына елеулі үлес қосты. В.Д.Гордецкийдің «Материалы для школьных экскурсий в Джетысу» атты оқу құралы Жетісу аймағындағы оқу орындарына таратылды. Бұл мектеп оқушылары мен мұғалімдерге арналған алғашқы өлкетану саласындағы оқу құралы еді.

Көрнекті тарихшы – ғалым С.Аспандияров - өлкетану ісі патриоттық тәрбие беруде маңызды роль атқаратындығын дәлелдеген. А.С.Барков студенттерді оқытуда өлкетанудың маңыздылығын атап көрсетті.

Ұлы Отан соғысының соңына қарай өлкетану оқушыларды социалистік патриотизмге және ғылыми дүние танымдық көзқарасын қалыптастырудың құралы бола бастады.

50 – жылдардың соңында өлкетануды адамгершілік тәрбиесімен ұштастырған С.Д.Бабишиннің, Л.Н.Касумованың, Н.К.Котовичтің, Н.Г.Лохичеваның, Н.В.Рубанованың еңбектері жарық көрді.

Қорытынды: Өлкетаным мәселесін ғылыми тұрғыда талдаудың философиялық, психологиялық және педагогикалық қорытынды нәтижелері төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Адам өлкетанымы оның тұрмыс – тіршілігіндегі басқа да қажеттіліктерін қозғаушы күші, қоршаған ортадағы іс – әрекетінің бағыт – бағдарын реттеуші болып саналады. Ол адамның жеке және жас ерекшелігіне, қоршаған ортаға көзқарасына, өмірлік тәжірибесіне және қоғамдағы әлеуметтік – психологиялық ұстанымына байланысты. Өлкетанымды адам идеясының қоршаған орта жөніндегі ғылыми, философиялық, қоғамдық – әлеуметтік, психологиялық – педагогикалық көзқарастардың және іс – әрекетінің бағыт – бағдарын айқындайтын тұтас жүйесі ретінде қарастыруға болады.

Дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау

Дәріс материалдарын толық меңгеру үшін:

– көрсетілген әдебиеттерді қолдануы;

– тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалануы;

– әртүрлі бағыттар мен теорияларды нақты айта білуі;

– әртүрлі көзқарастарды салыстыра білу;

– өзінің жеке көзқарасы мен пікірін жүйелей білуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Вуколов В.Н. Основы туристско-краеведческой работы. Учебное пособие. - изд. 2-ое, исп. и доп. Караганда, 2005

2. Биржаков М.Б Введение в туризм. СПб., Герда 1999

3.Туристский терминологический словарь

4. Калесник С.В. Общее географические закономерности. Москва.1998

5. Алешин В. М. Серебрянников А. В. Туристкая топография. М., 1985.

6. Мазбаев О. Туристік өлкетану. Алматы 2002.

 

№3 презентациялық дәріс – 2 сағат

Тақырыбы: Өлкетанудың түрлері мен формалары. Өлкетану жұмыстарының мағынасы, және танымдық рекреациялар жұмыс өткізу.

Мақсаты: Студенттерге өлкетанудың түрлері мен формалары және олардың туристер жорығында қолданылуы туралы жалпылама мәлімет беру.

Жоспар.

1. Өлкетану түрлері.

2. Өлкетану формалары.

Негізгі ұғымдар: Өлкетану, тарихи өлкетану, мектептік өлкетану, мемлекеттік өлкетану, қоғамдық өлкетану, экскурсия, туристік-экскурсия, саяхаттар.

 

Өлкетану дегеніміз-белгілі бір аумақты,ауданды, қаланы, селоны, облысты, регионды мемлекет территориясының жеке бөліктерін жан жақты зерттеумен және оқып танумен айналысатын қоғамдық құбылыс: Өлкетанудың түрлері : Мемлекеттік, Қоғамдық, мектеп және тарихи өлкетану.

Мемлекеттік өлкетану арнайы органдардың қатынасындағы ұлттық және өлкетану мұражайлар жұмысын ұйымдастыру,әкімшіліктердегі , кітапханалардағы, ғылыми зерттеу институттарындағы мәдениет пен ғылымға байланысты бөлімдердің жұмыстары, жеке территориялардағы шаруашылыққа және табиғатқа қоршаған ортаны қорғауға байланысты зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру түрінде көрінеді.

Қоғамдық өлкетану қоғамдық өлкетанушылардың, туристердің, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың күшімен ұйымдастырылып жүргізілетін жоғарғы және жергілікті дәрежедегі тақырыптық және т,б мұражайларды құру, олардың жұмыстарын ұйымдастырып жүргізу, өлке тарихы мен онда өмір сүрген белгілі адамдардың өміріне байланысты деректер жинау т.б жұмыстар.

Мектеп өлкетануы мектептердегі оқу бағдарламалары және олардан тыс атқарылатын туған өлкеге қатысты жұмыстар бойынша материалдар негізінде білімді жетілдіруге сондай ақ әр түрлі туристік өлкетану шаралары барысында түрлі тәрбие түрлерін беруге байланысты жұмыстар.

Өлкетанудың ерекше түрі тарихи өлкетану. Ол белгілі бір ауданның, облыстың, өлкенің тарихын, ондағы болған оқиғаларды тарихи белгілі қоғам қайраткерлерінің өмірін, тарихи мемуариалдық және тарихи архитектуралық ескерткіштері мен олардың ерекшелктерін, археологиялық орындарды зерттеумен, оқып танумен айналысатын өлкетану түрі. Кейбір мамандар этнографиялық, топонимикалық , кешенді географиялық және физикалық географиялық өлкетану түрлерін бөледі .

Өлкетанудың бірнеше жұмыс формалары бар. Солардың бірі туристік жорықтар. Өлкетану бойынша өткізілетін жорықтардың бірінші ерекшелігі олардың танымдық мақсаты, яғни олар белгілі бір тақырыпқа байланысты немесе жалпылама өлке территориясымен оның ерекшеліктерімен, табиғатымен т.б танысуға бағытталады. Өлкетану жорықтарын дайындау кезінде керекті жерлер мен орындар танымдық мақсат бойынша таңдалып алынады да жорық маршруты солар бойынша жүргізіледі. Олардың екінші ерекшелігі топ мүшелерінің әрқайсысының өз міндеттерінің болуы. Ол міндеттер жорықтың мақсатына байланысты топ мүшелерінің жеке қабілеттерін ескере отырып бөлініп беріледі. Өлкетану жорықтары көбінесе мектеп өлкетануында көп қолданылатындықтан мектеп оқушыларына белгілі бір атқаратын жұмыстар тапсырылады.Бұл жағдайда жеке пәндер бойынша мектеп бағдарламасымен байланыстырылады. Мысалы география пәніне байланысты жеке компонентері топ мүшелері арасында бөлінеді. Бір оқушы жетекшінің көмегімен маршрут бойынша рельеф жағдайына сипаттама беріп, керекті кескіндерді схема карталарды дайындаса, екінші геологиялық жағдайға емес ауа райы жағдайларына бақылау жасайды.

Қорытынды: Өлкетанудың келесі жұмыс формасы саяхаттар. Саяхаттар мен жорықтар тек қана туризмде ғана емес, сондай ақ өлкетануда қолданыла береді. Бірақ өлкетану бойынша саяхаттардың мақсаты өлке ерекшеліктерімен, оның көрнекі орындарымен танысуы сондай ақ басқа өлкелер ерекшеліктерін, региондар мен мемлекеттердің ішкі айырмашылықтарын танып білу, өлкетану бойынша саяхаттар арнайы жолдамалар, яғни туристік кәсіпорындардың коммерциялық негізде ұйымдастыруымен жоспарлы түрде немесе ұйымдар мен мекемелердің басқа тиісті орындармен келісу, шарт жасау негізінде өз бетінше ұйымдастыру арқылы өткізілуі мүмкін. Саяхаттар мен жорықтарды ұйымдастыру кезінде,өлкетану бойынша да, арнайы қажетті құжаттар дайындалады.

Дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау

Дәріс материалдарын толық меңгеру үшін:

– көрсетілген әдебиеттерді қолдануы;

– тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалануы;

– әртүрлі бағыттар мен теорияларды нақты айта білуі;

– әртүрлі көзқарастарды салыстыра білу;

– өзінің жеке көзқарасы мен пікірін жүйелей білуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Вуколов В.Н. Основы туристско-краеведческой работы. Учебное пособие. - изд.

2-ое, исп. и доп. Караганда, 2005

2. Биржаков М.Б Введение в туризм. СПб., Герда 1999

3.Туристский терминологический словарь

4. Калесник С.В. Общее географические закономерности. Москва.1998

5. Алешин В. М. Серебрянников А. В. Туристкая топография. М., 1985.

6. Мазбаев О. Туристік өлкетану. Алматы 2002.

 

№4 презентациялық дәріс - 2 сағат.

Тақырыбы: Өлкетанудағы физико-географиялық зерттеулері. Негізгі әдістерімен кешендік физико-географиялық өлкетанудың негіздері.

Мақсаты: Өлкетанудағы физико-географиялық зертеулер ме негізгі әдістеріне сипаттама беру.

Жоспар:

1. Физика-географиялық зерттеулерді жүргізудегі кезеңдері.

2. Геологиялық зерттеулер, тау жыныстарының түрлері.

 

Негізгі ұғымдар: Астрономия, физикалық география, геофизика, геохимия, минерология, петрография, геотектоника, сейсмология, вулканология, тарихи геология, стротография, палеонтология, палеогеография.

 

Физика-географиялық зерттеулерді жүргізудегі кезеңдері.

1. Дайындық кезеңі – бұл кезең болашақ жұмыс аумағының зерттелуі үшін дайындық кезеңі болып табылады. Оны зерттеу үшін: а) әдебиет көздері, б) картографиялық материалдармен танысу.

2. Далалық зерттеу кезеңі – бұл кезең маршруттық түсірілімдермен кескіндерді сызу, өлшеу, бақылау, үлгілерді жинау жұмыстарын жүргізеді.

3. Жиналған матнриалдарды жүйелеу үлгілерді тау жыныстарын, топырақ, өсімдіктерді қарастырып, талдап, жүйелі кешенді карта және кескіндер құрастырылады.

4. Аудандардың физико-географиялық сипаттамасы – жедің еографиялық жағдайы, тектоникалық және геологиялық құрылымы және т.б. жатады.

Гелогия – жер бетінде, қыртысында жүретін процестерді, жердің қасиеті мен құрамын, жер қыртысы мен мантияның даму тарихын қарастырады. Геология Жер планетасының және оның беткі қатты қабықтары болып табылатын литосфера және жер қыртысы қабаттарының құрамы, құрылысы, жаралу тегі және дамуы жайлы терең де жүйелі мәліметтерді қамти отырып, жер бетінде кең тараған минералдар мен тау жыныстарын дұрыс анықтай білуді үйрету, геологиядан алған білімдерін планета келбетін дәйім өзгертіп жататын табиғи процестер болмысын дұрыс түсінуге машықтандыру мақсатын көздейді. Мақсаты: Студенттерге Жер және жер қыртысының құрамы, құрылысы, шығу тегі және дамуы жайлы тереңде, жүйелі білім бере отырып, жер қойнауында және жер бетінде болып жататын табиғи процестерді дұрыс түсінуге, жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалануға, жер қойнауын қорғауға бағыт береді.

Міндеттері:

- Жер планетасының құылысын, қабықтарының құрамын, олардың ерекшеліктерін. Физикалық қасиеттері мен өлшемдерін;

- Жер және жер қыртысы қабаттарының ерекшеліктерін, тау жыныстарының геологиялық жасын анықтаудың басты әдістерін;

- Тау жыныстарының басты түрлерін, оларды жүйелеу және анықтау принциптерін;

- Бүгінгі күннің ең басты геотектоникалық парадигмасы – геосинклинальдар мен литосфералық плиталар тектоникасы концепциясының мәні мен мағынасын, мазмұнын білуі тиіс.

Жер қыртысын зерттейтін ғылымдар: Астрономия – жерді, планетаның жаратылыс, құрылымын, қозғалыс заңдылықтарын зерттейді.

Физикалық география – жердің сыртқы пішінің жалпы мөлшерін зерттейді.

Геофизика – тау жыныстарының физикалық қасиеттері мен процестерін қарастырады.

Геохимия – жер қойнауында кездесетін әртүрлі химлық әдістерді зерттейді.

Геология ілімінің негізгі салалары:

Минерология – минералдадың саны мен сапасын, құрлысы мен құрамын физикалық химиялық қасиеттерін анықтайды.

Петрография – тау жыныстары мен құрамы мен құрылысын олардың пайда болу жүйесін анықтайды.

Геотектоника – жер қыртысыының құрылымдық элементтерін және оның деормациялық қозғалу заңдылықтарын қарастырады.

Сейсмология – жер сілкінудің қандай себептерден болғаның зерттейді.

Вулканология – вулкандық атқылау кезінде пайда болған тау жыныстарын зерттеулер арқылы магмалық әректетердің даму заңдылықтарын зерттейді.

Тарихи геология – жер қыртысының жалпы заңдылығын зерттейді.

Стротография – жер қыртсын құрайтын тау жыныстарының қабат-қабат болып орналасу тәртібін және олардың құралу тарихын анықтайтын бөлім.

Палеонтология – ескі органикалық қалдықтардң сақталған жерлерін сақтай отырып олардың өмір сүрген дәуірлерін анықтайды.

Палеогеография - өткен геологиялық дәуірде болатың жер бетінің физикалқ-геограиялқ өзгеру жағдайларын зерттейді.

Қорытынды: Өлкетану пәнінің қазіргі таңдағы ең маңызды пән екенін түсідіргім келді. Бұл пән туризм мамандығымен тығыз байланыста екенін, осы пән арқылы көптеген өлкенің тарихымен, табиғи ескеткіштерімен, әсем табиғатымен өз көзімізбен танысуға болатынын айтқым келді. Әрі мен өлкетану пәнінің түлері мен формаларына тоқталдым. Оның төрт түрі болады.

Дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау

Дәріс материалдарын толық меңгеру үшін:

– көрсетілген әдебиеттерді қолдануы;

– тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалануы;

– әртүрлі бағыттар мен теорияларды нақты айта білуі;

– әртүрлі көзқарастарды салыстыра білу;

– өзінің жеке көзқарасы мен пікірін жүйелей білуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Вуколов В.Н. Основы туристско-краеведческой работы. Учебное пособие. - изд.

2-ое, исп. и доп. Караганда, 2005

2. Биржаков М.Б Введение в туризм. СПб., Герда 1999

3.Туристский терминологический словарь

4. Калесник С.В. Общее географические закономерности. Москва.1998

5. Алешин В. М. Серебрянников А. В. Туристкая топография. М., 1985.

6. Мазбаев О. Туристік өлкетану. Алматы 2002.

 

№5 презентациялық дәріс – 2 сағат

Тақырыбы: Климатты зерттеу, климаттық көрсеткіштер материялын зерттеу. Метереологиялық байқау және алдын ала ауа райын белгілеу.

Мақсаты: Студенттерге метерология ғылымы туралы жалпылама мәлімет беру.

Жоспар.

1. Метеорология ғылымы мақсаты мен міндеттері

2. Метеорологияның басқа ғылымдаремн байланысы

3. Метеорологияның қысқаша даму тарихы.

 

Негізгі ұғымдар: Ауа-райы, климат, атмосфера, метеорология, синоптика, синоптикалық карта, жауын-шашын.

 

Климаттық зерттеулер туристік-өлкетанулық зерттеулерде маңызды рол атқарады.

«Ауа райы» мен «климат» ұғымдарын бөле-жара қарауға болмайды, өйткені бүлардың екеуі де атмосфераның күйіне жатады.

Ауа райы дегеніміз осы сәттегі немесе қысқа уақыт аралығындағы, мысалы, тәулік ішіндегі (тәулік ауа райы) белгілі бір жердегі атмосфераның күйі. «Тәуліктер ауа райы» үғымы өте маңызды, өйткені тәуліктер дегеніміз атмосфера күйінің заңды өзгерістерінің ең қысқа табиғи кезеңі. Бұл өзгерістерді – ауа райы элементтерінің: ауаның температурасы мен ылғалды-лығының, бұлттылықтың, жауын-шашынның, атмосфера қысымының, желдің тәуліктік барысын бақылай отырып, қадағалауға болады.

Климат дегеніміз де атмосфераның күйі, бірақ белгілі бір кеңістікке немесе түгелдей алғанда Жерге тән күйі. Атмосфераның осындай күйі туралы түсінікті оның алмасуларының заңдылықтарын, яғни ауа райы режимін анықтауға мүмкіндік беретін ауа райы туралы көп жылдық мәліметтердің негізінде ғана алуға болады.

Сонымен ауа райы мен климат өзара байланысты. Климат ауа райы арқылы қабылданады, ол ауа райынан қалыптасқандай болады. Ауа райы болса, белгілі бір климаттың фонында алып қаралады.

Атмосфераның күйі жеке алынған элементтер, мысалы, температура немесе жауын-шашын арқылы емес, олардың комплексімен сипатталады. Бұл комплексте ауа райының барлық элементтері өзара байланысты, әрі бұлардың біреуінің өзгерістері бүкіл комплекске әсер етеді. Біз ауа райы жеке элементтері бойынша емес, тұтас қабылдаймыз, мұнда элементтердің қайсысы болсын ең маңызды болып көріне алады. Организмдер, мысалы, бірдей ыстық ауа райын, бірақ бір жағдайда ылғалды, екіншісінде, құрғақ, желдің немесе желсіз т. б. ауа райын түрліше қабыл алады.

Ауа райын жүйелі түрде бақылап отыру, оны зерттеу бір тәуліктік ауа райының комплекстік типтерін бөлуге мүмкіндік береді. Әр тәуліктің ауа райын қайсыбір типке жатқызуға болады. Ауа райының типтерін үш улкен топқа; аязды 0° арқылы ауыспалы және аязсыз ауа райларына біріктіреді. Әрбір топта ауа райы бірнеше кластарға бөлінеді.

Аязсыз ауа райының тек орташа тәуліктік қана емес, сондай-ақ минимальды, 0°-тан жоғары ауа температурасы болады. Бұлар оң радиациялық баланс шарттарына (сирегірек нейтральды) сай келеді.

Аязсыз ауа райының кластары:

I. Құрғақты қуаңшылық (t 0сс >22°, гсс <40%) 2.; II. Қоңыржай құрғақшылық (t0cc >22°, гсс40-тер 60%-ке дейін).

III. Шамалы бұлтты.

Алғашқы үш кластың ауа райы тұрақты антициклонмен байланысты.

IV. Күндіз бұлтты. Күндіз фронт өткенде немесе жылы беттен ауа қызғанда пайда болады.; V. Түнде бұлтты. Фронт түнде өткенде немесе теңіздің беті қүрылықпен салыстырғанда жылы болғанда пайда болады.; VI. Жауын-шашынсыз бұлыңғыр.; VII. Жауын-шашынды бұлыңғыр (жаңбырлы).; VI және VII кластардың ауа райыңың шыққан тегі фронтальдық.; VIII. Ылғалды тропиктік (t °сс >22°, гсс >80%). Жылу мен ылғалдың молшылық жағдайларына тән.

0° арқылы өтпелі ауа райлары. Егер орташа тәуліктік температура оң болса, онда минимумды температурада теріс; егер орташа тәуліктік температура теріс болса, минимумды температура оң болады. Мұндай ауа райы әдетте өтпелі маусымдарда болады.

0° арқылы өтпелі ауа райының кластары.

IX. Күндіз бұлтты. Бұл ауа райы желді және жауын-шашынды фронттар өткенде жиі болады.; X. Күндіз ашық. Бұл жоғарғы қысым кезінде пайда болады. Біздің еліміздің оңтүстік аудандарында бұл жылдың суық кезінде болуы мүмкін.

А я з д ы а у а р а й ы. Бұлар үшін тіпті 0°-тан төмен максимумды температура тән болып келеді. Аязды ауа райы теріс рациональды баланс жағдайларына, кебінесе жоғарылаған атмосфералық қысым кезіне сай келеді.

Аязды ауа райының кластары.

X және XI. Әлсіз және шыңылтыр аяздар (t°cc 0°-тан– 12°, 4-қа дейін).

Күн радиациясының шағын теріс балансының жағдайларына сай келеді..

XII. Едәуір аязды (t °сс – 12°, 5-тан – 22°, 4-қа дейін).; XIII. Күшті аязды (t cc – 22,5-тан – 32°,4-қа дейін).; XIV. Үскірік аязды (t°cc –32°, 5-тан – 42°, 4-қа дейін).; XV. Өте-мөте аязды (t°cc –42°, 5-тан төмен) .

Ауа райының қарастырылған классификациясы адамдардың өмірі мен қызметіне бұлардың ықпалын ескере отырып жүргізілген және практикада пайдаланылып жүр.

Классификациядан ауа райын радңациялық балансқа қарай ғана емес, сондай-ақ қандай атмосфералық процестер – фронттың немесе ішкі массалық, яғни бір ауа массасымен байланысты процестердің басымдылығына қарай ажыратқан жөн болады (бұлар циклондарда да антициклондарда да болуы мүмкін, бір-ақ фронт бойынша емес).

Ауа райын болжау. Ауа райын зерттеудің практикалық маңызы орасан зор. Оны болжау халық шаруашылығының барлық салаларына керек. Ауа райын болжаумен синоптикалық метеорология деп аталатын метеорология бөлімі шүғылданады.

Ауа райының алдын ала айтылуы метеорологиялық және аэрологиялық станциялардың кең жүйесі бір мезетте жүргізетін жүйелі бақылаулардың негізінде ғана мүмкін болады. Ауа райы туралы мәліметтерді алу мен болжауларды жасау және бұларды мүдделі ұйымдар мен халыққа хабардар етіп жеткізумен шүғылданатын мекемелер ауа райы Қызметі ұйымына бірі-геді. Ауа райы Қызметі барлық елдерде дерлік бар. Республикалық, өлкелік және облыстық орталықтарда Гидрометеоқызметтің жергілікті басқармасына бағындырылған ауа райы Бюролары ұйымдас-тырылған. Ауа райы Қызметіне бірден-бір программа бойынша тәулігіне 00, 03, 0,6 т. б. сағаттарда Гринвич уақыты бойынша бір мезетте сегіз рет бақылау жүргізетін бірнеше метеорологиялық станциялар (синоптикалық метеорологиялық станциялар) енгізілген.

Метеорология жер атмосферасындағы жүретін физикалық прцестермен құбылыстарды және олардың жербеті, космопен байланыстылығың зерттейтін ғылым. Метерология грекше –жұлдыздар, бұлттар қозғалыста деген ұғым береді. Метерология ғылымы атмосфералық процесстердің басқаратын заңдылықтарды түсініп білу атмосфералық процестерді зерттеуде метерология негізге:

А) атмофералық құбылысты терең оып, зерттеу үшін міндетті түрде оның жер бетіне космостық ортамен байланытарың ескеру керек.

Б) атмофералық құбылыстарды түсіну үшін оның пайда болуы даму, ығысу, кету себептерін білу қажет.

В) атмофералық сандық өзгерістер сапалық өзгерістерге ауысыу мүмкін. Мұндай өзгерістер секірмелі болады.

Г) атмофералық прцестердің дамуына қарама-қарсылық акторлардың әсері себеп болады.

Атмосфералық процестерді зерттеу үшін түрлі бақылаулармен өлшемдер жүргізіледі. Олардың нәтижелері талданып,қорытындыланып атмосфералық процестерге тән заңдылқтар белгіленеді. Зерттелген заңдардың практикалық маңызы зор. Себебі олар ауа-райын болжауға мүмкіндік береді.

Зерттеу әдістері уақыт өте келе өзгеріп отырады. Алғашқы кезде тек көзбен бақылау мен жер бетіндегі кейбір өлшемдер шамасын эпизодтық түрде жүргізді.

18 ғасырдан бастап метерологиялық бақылаулар сериялы түрде жүргізіле бастады. Дегенмен қолданылған приборлар бір текті болды.

19 ғасырдың 2-жартысында тәжірибелі синоптикалық карталар енгізіліп ірі масштабты прцестерді зерттеуге мүмкіндік береді.

Синоптикалық картаға – радио немесе телеграф арқылы кодыланған метео-телеграммамен берілген өзінің бақылау пунктеріндегі ауа-райы туралы деректер шартты таңбалар мен цифрлармен түсіріліп отырды. Ауа-райының жереге таяу және биіктік карталар жасалады. Синоптикалық карталарда изобарлар, циклондар, антициклондар атмофералық фронттар түрлі ауа массалары жауын-шашынды облыстар көрсетіледі.

Қорытынды: ХХ ғасырда атмосфераны зерттеу радио-зонттар самолеттар, жасанды жер спутниктері, түрлі радиотехникалық құралдар ақылы жүргізіледі.

Жасанды спутниктер бүкіл жер бетіндегі ауа-райы туралы жол ашуға мүмкіндік берді. Спутниктік метерологиялық жүйе қалыптасты. ЭВМ рқлы метео информацияларды өңдеуге мүмкіндік береді.

Метерология ғылымы ауа-райын басқару проблемас-жасанды су қоймаларын, орман алқаптарын, мелеоративтік шаралар жүргізу арқылы температура, жел, бұлт және жауын-шашын режимін өзгертуге болады. Жасанды түрде бұлтпен тұманды ыдыратып жауын-шашын шақыру жөнінде көптеген эксперименттер жүргізеді.

Дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау

Дәріс материалдарын толық меңгеру үшін:

– көрсетілген әдебиеттерді қолдануы;

– тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалануы;

– әртүрлі бағыттар мен теорияларды нақты айта білуі;

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Вуколов В.Н. Основы туристско-краеведческой работы. Учебное пособие. - изд.

2-ое, исп. и доп. Караганда, 2005

2. Биржаков М.Б Введение в туризм. СПб., Герда 1999

3.Туристский терминологический словарь

4. Калесник С.В. Общее географические закономерности. Москва.1998

 

№ 6 презентациялық дәріс – 2 сағат

Тақырыбы: Өз өлкесін өсімдік және жануарлар әлемін қорғау мақсаттары. Ботаникалық және зоологиялық зерттеулер.

Мақсаты: Өз өлкесін өсімдік және жануарлар әлемін қорғау мақсаттары мен әдістерін. Ботаникалық және зоологиялық зерттеулер туралы жалпылама мәлімет беру.

Жоспар.

1.Өз өлкесін өсімдік және жануарлар әлемін қорғау мақсаттары.

2.Турист ботаникке қажетті жабдықтар

3.Турист зоологқа қажет аспаптар.

 

Негізгі ұғымдар: Фенеология, зоология, фауна, флора, , отантану, география, физикалық география, әлеуметтік-экономикалық география, туризм, туристік өлкетану, тарихи өлкетану, мектептік өлкетану, мемлекеттік өлкетану, қоғамдық өлкетану, экскурсия, туристік-экскурсия.

 

Турист ботаникке қажетті жабдықтар: қорапша, жалпақ пышақ, күрек, жазба дәптер, түсті карандаш, өсімдіктер анықтамасы.

Фенеология-табиғат заңдылықтарын маусымдық зерттеулері. Фенеологиялық

әдісіне көпжылдық бақылаулардың қайталануы жатады.

Турист зоологқа қажет аспаптар:

- суды және жер бетін мекендейтін жәндіктерді аулайтын аспаптар

- спирт, эфир, фармален және т.б.

- мақта, пинцепт, ине-жіп

- газет-қағаздар, жазба кітапша, жазу құралдары.

Өсімдіктерді бақылау үшін көктем мен жаз мезгілдеріндегі негізгі бақылау жүргізіледі.

· климатқа тән болуы

· топырақпен байланыстылығы

· тұқымның себілуі

· алғашқы жапырақтың шығуы

· гүлденуі

· түсінің өзгеруі

· қурауы

Жануарлар типіне байланысты ірі жануарлар, жәндіктер, құстар болып бөлінеді.

· тұқым беруі

· ортаға бейімделуі

Осындай мол ресурстарды болашақ біздер бүкіл әлемге әйгілі етіп, дамытып, шетел валютасын тарту арқылы еліміздің экономикасын одан әрі даму деңгейіне жеткізуіміз керек.

Қазіргі таңда рекрациялық туризімнің дамуының ортақ тенденцияларын анықтай білу қажет. Оған келесі тенденцияларды жатқызуға болады:

-Рекрациялық сұраныс көп ауданға дем алу орындарын жақындыту.

-Азаматтардың аз уақыт ішінде дем алуына жағдай жасау.

-Ұлттық және табиғи парктерді ұйымдастыру, және де орман, гидропарктерді ұйымдастыру, себебі, бүкіл жыл мезгілдерінде туристер табиғатта активті дем алуы үшін.

-Жаңа демалу фрпмалары мен түрлерін ойлап табу.

-Туристік рекрациямен айналысатын фирмалардың қызметін жылдың барлық уақытында тұтынуға мүмкін ету керек.