Магистральдік ЖЖ радиобайланыс

Магистральдік радиобайланыс-ара қашықтығы 10000 км немесе одан да көптің шамасында созылған екі тармақ арасындағы байланыс.Осымен қатар радиобайланыс не сигналдың ретрансляциялануынсыз,не болмаса бір немесе екі аралық тармақтардағы ретрансляциялау арқылы орнатылады.Магистральдік радиобайланыс сызықтарының негізгі ерекшелігі-олардың ұзаққа созылып жатқандығы және ақпарат таратуға деген жоғары талабы болып табылады.

ЖЖ радиобайланыстың магистральдік сызықтары сигналдарды тарату тракттарынан,радиотолқындардың таралу ортасынан және сигналдарды қабылдау тракттарынан тұрады.Әдетте,жиілік жолағын белгілі бір орта жұмыс жиіліктерімен орналасатын,магистральдік сызықтарда ақпарат көздеріне байланысты параллельді түрде бірнеше әрекет етуші каналдар түзіледі:телефон,телетайп,телефакс ж.т.б.Бұл радиостанцияда жалғасушы линиялар бойынша берілген ақпараттар Аралық аппаратурада (АП) қалпына келтіріледі және таратқыштың жоғарыжиілікті тербелістерін басқару үшін қолданылады.

Таратқыштың таратқыш антеннасымен таралу ортасына сәулеленетін электромагниттік толқындарыантенналық қабылдау радиостанциясында қабылданады.(4.6,б-сурет).Радиоқабылдағыш құрылғысында радиосигналдың өңделуінен кейін және АП түрленуінен кейін,қабылданған сигналдар радиобюраға беріледі.Мұнда олар қайтадан АП-да қалпына келтіріледі және абоненттерге бөліп беріледі.Қабылдау және тарату трактісінің нақты іске асырылуы таратылатын ақпараттың түрімен және қолданылып отырған аппаратураның түріне байланысты анықталады.Радиобюро барлық жүйені құраушы элементтердің байланысын қамтамасыз етеді.Радиобюрода қабылданған және таратылған сигналдардың сапасын тексеруші құрылғы лонатылған,радиоканалды жалдаушылар орталығымен байланыс орнататын қызметтік байланыс аппаратурасы.Жалғайтын сызықтар бірканалды және көпканалды,өткізгіштік,кабельдік және радиорелейлік болуы мүмкін.

 
 

 


 

 

4.6-сурет. Радиобюроның ұйымдастырылуы

Магиситральдық желілер байланысында таратқыштар үлкен қуатты қолданылады. Егер қабылдағыштар таратқыштардың жанында орналасса, онда РПУ кіреберістегі кедергі шамасы таратқыштарының әсерінен пайдалы сигнал шамасы өсуі мүмкін, бұл жағдайда сигнал қабылдау қиын болуы мүмкін, немесе толықтай өшіріледі. Бұл құбылыс бір уақытта бірнеше радиобайланыстарды ұйымдастырғанда байқалады. Сол себепті таратқыш радиостанция, құрастырушы радиоорталыққа берілетін, қабылдағыш радиостанциядан бірнеше шақырым қашықтықтан жойылады. Сонымен қатар қабылдағыш радиоорталыққа кедергіне азайту үшін, ереже бойынша қаланың шетіне шығару үшін, теміржол және электр желілерінен алшақта орналастырылады.

Радиобюро неғұрлым тұтынушы мен өндіріс көзіне мүмкіндігінше жақын орналасса; радибюро, қабылдайтын және тарататын радиоорталықтар бір бірінен айтарлықтай қашықтықта алшақтатылған болып қалады, радиобюро мен радиоцентр арасын қосатын желі қажеттілігін шарттайды. Бар қосылатын желі өз кезегінде маңызды созылымдыққа қажетті сигнал өндіру формасын шарттайды, бұл жағдайда ол бұрмалаушылықтарсыз беріледі. Бұл мақсатта ПА-да қолданылады, күшейткіштер, корректорлар, тональді манипуляторлар және басқа да сигнал түрленгіштер. Тональды телеграфтау каналы кең қолданылады.

ЖЖ радиобайланыс магистралді желісінде техникалық жұмыс қолданыстар кесте бойынша өндіріледі, әрбір жұмыс каналының жұмыс уақтын көрсететін, жұмыс жиілігі және резерві, сигнал түрі, құрал жабдық нөмірі және т.б. Кесте толтырылғанда бұл болжамдар радиотолқындар таратуда қолданылады. Қажетті таратқыш қуаты радиожелі созылымдығына және таратылатын сигнал түріне, және де бұл шарт таратылу және кедергі жағдайына байланысты.

Зоналық радиобайланыс жүзеге асыруда абоненттер арасында дәстүрлі тәсілмен, тікелей және «әрқайсысы әрқайсысымен» тәсілімен.2000 шақырымнан аз трассаларда радиотолқын таралуы екісәулелік шағылысу ионосфералық қабаттардан F1, F2 және E. Трассаның ұзындығы қысқару шамасында жұмыс жиілігін төмендету, Е қабатының ықпалының жоғарылауына алып келеді.

Телеграфтық сигналдар қабылдауда екісәулелік таратылу белгілі мәні tз,шет аймақтарға бұрмалаушылықпен жету уақыты tз.

Егер әрбір хабар бұрмалаушылық аймағында талап ететін шама, хабар ұзындығының 20% құраса,максималды рұқсат етілген телеграфтау

 

4,7-сурет. Қашықтққа байланысты талап етілетін сигнал/кедергітәуелділік қатынасы

жылдамдығы мынаған тең Vt мах »1/2,5 tз. Сәйкесінше, егер экстремалды мәнін есепке алмаған жағдайда жылдамдығы Vt=200 Бод мына қашықтықта қолдануға болады 500....2000 км. 400 км кем қашықтықта Vт 100 Бод тан кем болмауы керек. Максималды пайда болу мәні tз жиіліктің жоғарылауы қателіктердің пайда болуы және телеграфтау жылдамдығының 1,5 ...2 есе төмендеуінің қажеттілігін көрсетеді.

Хабардың тұрақты берілу кезінде t0 , tз шамасының өсуі хабардың зақымдалмаған бөлігінің қысқаруына tд алып келеді. Пайдалы сигнал қалай болғанда да қысқарады, және де тұрақты кедергі жағдайында қабылдау сапасы өзгертпей ұстап тұру үшін таратқыштардың қуатын қатты жоғарылату қажет.

return false">ссылка скрыта

4,7-суретте келірілген телеграфтық сигналға арналған экспериментальді график ЧТ-мен және Vт = 282 Бод мәнінде мына 50...90% аралықтағы сенімділік H және қатысты жиіліктегі қателік 1×10-4.

Бұл графиктерден тәуелсіз мәні H трасса ұзындағы d қысқарған жағдайда шығады, мысалы 2000 км және одан төмен жағдайды біртіндеп tз мәні өседі, қажетті мәні h пайдалы сигналдың орта кернеуі демодуляторға кіреберістегі орта кернеу кедергісіне қатысы децибел шамасында – өсуі қажет. Негізінен графиктер А нүктесінен басталып интервал ұзақтығының тез төмендеп кетуі осыған байланысты. Таратқыштар қуаты қамтамасыз ететін қажетті төмендеу мәні VT, Рош және Н ,шын мәнінде байқалып өседі.

Құрылғылардың күрделенуі және таратқыштардың қажетті қуатының жылдам өсуі – бұл дәстүрлі жолмен аймақтық байланыс ұйымдастырудағы басты бөгет. Аймақта радиостанцияларды қосуда «әрқайсысы әрқайсысымен» принципін қолданғанда бағытталмаған антеннаны қолдану қажет, жұмыс жиіліктерінің үлкен саны; төменжиілікті аймақта жұмыс жиілігінің тарылған диапазоны, яғни флуктуационды және импульсті кедергі шамасы.

Декаметрлік толқынның ұзақ таратылуы иносферадан толқынның шағылысуы арқылы жүзеге асады. Бір және сол жиілікте ауқымдық бұрыштада сәуленің түсуі, толқынның шағылысы үшін иносферадағы электрондық нығыздықты өсіреді. Сол себепті үлкен бұрыштарда иносферадағы электрондық нығыздықтың құлауы жеткіліксіз екені байқалады, және сондықтан шағылысу жүзеге аспайды. Егер байланыс КВ-да болса жерлік ионосферадан шағылыспаған толқында жүзеге асады, жер бетіне жақын бетте таратылатын, мұндай таратылу текара қашықтықта жер радиусы біршама аз жағдайда практикалық мағынасы болуы мүмкін, бұл жағдайда декаметрлі толқын дифракциясы әлсіз белгіленген.

Таратылу аймағында жерлік толқындар және аймақта таратылатын ионосферадан шағылған критикалық бұрыш мәні шектелген радиотолқын барлық механизмдерден таралған толқын жетпейтін аймақта орналасады. Бұл аймақты тыныштық аймағы дейді. Осының әсерінен ВЧ толқынды радиобайланыстың аймақтық жүйесінде мынандай өлшемде 500х500 км қолдануға болмайды, көптеген корреспонденттер бір бірімен байланыс орната алмайды. Корреспонденттер арасындағы ара қашықтықта байланыс ионосферадан шағылған толқынды қолдануға мүмкіндік береді, ол стационарлық емес жағдайда ионосферадан шағылғанда қте сенімді болып келеді.

Аймақтық ВЧ-радиобайланыс сенімділігін жоғарылатудағы талап және оның функционалдө мүмкіндіктерін кеңейтуде ретранслятор аймағынан щығару арқылы жүргзілетін байланыс жүргізуде қолданылады. Ол оптимальді аймаққа жақын қашықтықта орналсуы керек және орталық программалы басқарушы, бөліп беруші, регенерациялық және бақылаушы станция болып табылады.(сурет 4,8)

 

 
 

 


4.8-сурет. КВ-ретрансляторды ұйымдастыру

 

Радиобайланыстың аймақты жүйесінде ретрансляторлық пунктпен шығарылған(ВРП) радиостанциялар өзара бір бірімен тікелей байланыспаған, тек ВРП арқылы қызмет көрсету аймағынан 2.5...3.5 мың км аралығында, осының арқасында қажетті байланыс сапасын минималды сигнал/кедергі қатынасы кезінде қамтамасыз етіледі.

ВРП-сы бар радиобайланыстың зоналық жүйесінің анализі көрсеткенде,ондағы сенімділік,шумғатөзімділік және тиімділік келесі жағдайларға байланысты артады:

§ ЖЖ диапазонда таралуы бойына ең тиімді саналатын ұзақ созылған радиосызықтарға өтуіне,ЖЖ диапазонның төменгі жиілікті ауданынан ұлғайған орта және жоғары жиілікті бөлігіне өтуіне,бұл лезде жиіліктерге жасалатын амалдарды кеңейтеді және кедергілердің деңгейін төмендетеді;

§ Ретранслятор көмегімен толқындарды қабылдау шарттарын оңтайландыру нәтижесінде зонаның радиостанциясының қуатының төмендеуіне,сәулелену қуатының артуына,өткір бағытталған антенналарды қолдануға;

§ Әртүрлі абоненттермен байланыс орнату мақсатында бір көпканалды таратқышты қолдану арқылы жиіліктік қорды және оның үнемдеуін орталықтандырылған бөлуіне;

§ Ретранслятордың құрамында радиотолқынның тарлуын және зонадағы кедергілік жағдайды болжайтын жүйенің құрылуына;

§ Ретранслятор қызмет көрсететін зоналардың радиостанцияларын орталықтандырылған және бейімделген басқаруға байланысты,бұл ақпарат тарату үшін,радиобайланыс тізбегіндегі әрбір буынның сапасын бақылауға,әрдайым өзгеріп отыратын жағдайларға байланысты жүйені жетілдіру үшін ең тиімді тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді;

ВРП бар зоналық радиобайланыс желілерінің негізінде үлкен қашықтыққа сенімді және үнемді желілер құруға болады.Бір ретранслятор,мысалы,арақашықтығы бірнеше мыңдаған километрге жететін екі бөлек зонаға қызмет көрсете алады.Осымен қатар жергілікті желілердің қосымша желілерімен үйлестірілетін магистральдік желілердің автоматтандырылуы және жетілдірілуі сияқты мәселелер шешіледі,оның қолдану аймағы кеңейеді және қысымы артады.Бірнеше зоналық жүйелерді біріктіре отырып оларды бір жүйеге біріктіруге болады,ол үшін әрбір бөлек зонаның ретрансляторларының арасында байланыстың көпканалды өзегін құру керек.

ВРП бар зоналық радиобайланысты құру кезінде қолданылуы мүмкін нұсқаларды 2-ге жіктейді.Бірінші жағдайда,зонада жақын орналасқан абонентпен радиальды радиосызықтармен байланысқан қарапайым радиоорталықтарды орналастырады.«Абонент А - Абонент Б» байланысын «Абонент А - зонаның радиоцентрі - ретранслятор - зонаның радиоцентрі - Абонент Б» тармағы бойынша орнатады,зона мен ретранслятор арасындағы байланыс тек топтық каналдар арқылы ғана жүзеге асады.Тиімді болуы үшінбұл нұсқаны келешекте «Қысқатолқынды Ретрансляторлы Автоматтандырылған Ионосфералық Жүйе» (ИСКРА(ҚРАИЖ)).

Екінші жағдайда,бекітілмеген канал жүйесі бойынша әрбір абонент ретранслятормен тікелей байланыс орнатады.Бұл жүйенің жұмыс істеу принциптері көпстанциялы рұқсаты бар спутниктік байланыс жүйесінікімен ұқсас болып келеді.Келешекте зоналық байланыс құрудың бұл вариантын «Қысқатолқынды Абоненттік Телеграфтаудың Ретрансляторлы Бейімделген Жүйесі» (РАСКАТ(ҚАТРБЖ)).

Мезон жүйесінің құрылысына тоқталайық.Ретрансляторға 200 жұмыс жиілігі келіп түседі.Одан бөлек,ретрансляторлар арасындағы байланыстың көпканалды өзегін құру үшін бірнеше жиіліктер санын бөлу керек.Қазақстанда қолдануға мүмкін ВРП бар ЖЖ радиобайланыстың мысалы 4.9-суретте көрсетілген.

РАСКАТ жүйесі үшін:

v Абоненттен бірканалды сәулелену;

v Эфирде топтық спектрдің құрылуы;

v Ретрансляторда топтық қабылдау,сигналдарды өңдеу,және оларды ретрансляторда сәулелендіру;

v Қабылдағыш автоматты түрде бапталған,өзіне бөлінген каналда абоненттің сигналды жеке қабылдауы.

 
 

 

 


4.9-сурет.ВРП бар ЖЖ радиобайланысты құрудың мысалы.

Мезон жүйесі.

Бұл жүйе(4.10-сурет) РАСКАТ жүйесінің дамыған түрі.Бұл жүйені құру әдетте ретранслятор орналасқан зонада байланыс орнатуды қамтамасыз етуді ескереді.Жоғарыда айтылғандай,ретранслятор радиобайланыстың зоналық жүйесінде кеңжолақты көпканалды қабылдағыш пен таратқышқа ие.Таратқыштың үлкен қуатын ескере отырып,оның қабылдағышпен бірге жұмыс істеуі қарастырылмайды.Ретранслятор сенімді қуатпен қамтамасыз етуге тәуелді болады.Әдетте мұндай техникалық жабдықтарды,технико-экономикалық көзқарасқа байланысты,халық тығыз шоғырланған және зоналық байланыс қажет деген аудандарға орналастырған дұрыс.

Қазіргі байланыс жабдықтарына деген талап абоненттерге өз зонасында байланыс орнатумен шектелмейді,басқа зона абоненттерімен де байланыс орнату талабы қойылады.Бұл үшін керек ретрансляторды зонадан 3...4 мың км алшақтатылған кез-келген жерде орналастыруға болады,бірақта дәл сол көзқарастарға сәйкес оны халық шоғырланған аймақта орналастыру дұрысырақ болады.Осыған орай бұл жүйе зоналық қана емес,зонааралық деп те саналады.

 

 
 

 

 


4.10-сурет.МЕЗОН жүйесін құру.

 

З1 зонасының абоненттері(4.10-сурет) бір-бірінің арасында ВРП2 ретрансляторы арқылы тікелей байланыс жасау құқығына ие.Сәйкесінше З2 зонасының абоненттері ВРП1 ретрансляторы арқылы байланыс орнатады.З1 және З2 зоналарының абоненттері арасындағы байланыс екі ретрансляторды қолдану арқылы жүргізіледі: З1 зонасынан шығатын қоңырау ВРП2 ретрансляторына беріледі,одан ВРП1 ретрансляторына беріледі және ВРП2-ден З2 зонасының абонентіне беріледі.Кері бағыттағы байланыс ВРП1 - ВРП2 - З1 тармағы арқылы жүреді.Ол үшін ВРП1 және ВРП2 арасында РМС ретранслятор аралық байланысының бірсекірмелі радиосызығы жұмыс істейді.

РАСКАТ жүйесін және оның дамыған түрі МЕЗОН-ның үйлесуі елдің бүкіл аумағына және көлеміне қарамастан оның кез-келген бөлігінде абоненттік телеграфтаудың қосымша байланысын дамытуға мүмкіншілік ашады.Ол үшін екізоналы немесе осы принцип бойынша құрастырылған(4.9-сурет),ортақ ретранслятормен байланысқан көпзоналы құрылымдарды(4.10-сурет) біріктіру керек.

АСТРА жүйесі.

Бұл жүйеде(4,11-сурет) сигнал А радиостанциясынан біруақытта айнала радиусы 2,5...3,5 мың км болатын кез-келген жерде орналаса алатын 3 ретрансляторға ВРП1-ВРП3 таратылады.Ретрансляцияланған сигналдар В радиостанциясымен қабылданады.Ретранслятор мен абоненттік радиостанция арасындағы жолда радиотолқындардың таралу шарты әртүрлі болғандықтан,мұндай жүйе радиобайланыстың сенімділігі мен тиімділігін айтарлықтай арттыруы мүмкін.

 

 

 


4.11-сурет.АСТРА жүйесінің құрылуы.

Алтын Дала жүйесі.Радиобайланыстың қысқатолқынды жүйесін құрудың әртүрлі варианттарын қарастыра отырып,Қазақстанда жасалған ақпарат таратудың «Алтын Дала» жүйесін қарастырмау мүмкін емес.Бұл жүйеде қызмет көрсететін территоря радиусы 300 км шамасындағы зоналарға бөлінеді.Бұл арақашықтық ұялы қысқатолқынды станцияларды базалық станциялармен сенімді байланыстыру үшін таңдалынып алынған(4,12-сурет).Бұл зоналарда абоненттерге қызмет көрсету УКВ-мен жүзеге асырылады,бұл ақпарат тарату жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. «Алтын Дала» жүйесінде қолданылатын ақпарат тарату жылдамдығы қысқа толқындарда 300 бод болса,УКВ-1200 бодты құрайды.Қолданылатын модуляция түрі-FSK.

 

4,12-сурет.Алтын Дала жүйесін құру.

 

Радиобайланыстың нақты жүйелері арнайы шарттармен жасалады және ішінен ең тиімдісін таңдап алу керек болатын бірнеше нұсқаларды қарастырады.Тиімді болудың белгісі материалдық-энергетикалық және экономикалық көрсеткіштермен қатар,жиіліктік қорды пайдалану да болып табылуы мүмкін.

 

4.4 Радиобайланыстың радиорелейлік сызықтары.

Радиорелейлік сызықтар антеннаның тура көру аумағындағы,тұрақты байланыс арақашықтығында орналасқан қабылдап-таратқыш станциялар тізбегінен тұрады(атауы ағылшынша «relay»).Қабылдап-таратқыш станцияларды басқаша радиорелейлік деп атайды(РРС).Тура көру қашықтығы d0-сфералық жер бетінің жағдайына арналған жақындатылған формула бойынша анықтауға болатын,көршілес РРС арасындағы арақашықтық.

Екіден көп ретрансляторы бар РРЛ-дың қабылдап-таратқыш тізбегі түзу сызық бойымен емес,ал зигзаг тәрізді құрылады,себебі сәулеленетін сигналдың ретрансляторға әсерін жою керек.

РРЛ жұмысы үшін ITU-R-дың F сериясының ұсынысына сәйкес келесі жиілік диапазондары бөлінген: 1,4; 2; 4; 5; 6; 7; 8; 10; 11; 12; 13; 14; 15; 18; 23; 27; 31; 38; 55 ГГц.

Ортақ кедергілерден құтылу үшін өзектердің жұмыс жиіліктерін арнайы-жиілік бөлу жоспары бойынша құрады.Анағұрлым көп таралған 2 жоспар түрі бар:екіжиіліктік(а) және төртжиіліктік(б).Бұл схемалар 4,13-суретте көрсетілген.

 

 

4,13-сурет. Үщөзекті РРЛ екі (а) және төртжиіліктік (б) жоспарымен.Рим цифрларымен өзектердің номері беріледі,стрелкалармен-таратудың бағыты.

 

Радиорелейлік станциялар функционалдық белгілері бойынша бөлінеді:

· РРЛ-дың соңында орналасатын шеткілер;

· Таратқыш сигналдар ретрансляцияланатын аралық;

· Тораптық,мұнда таралатын ақпарат енгізу және белгілеу мүмкіндігімен қайта қабылданады.

РРЛ бар зоналық радиобайланыс желілерінің негізінде үлкен қашықтыққа сенімді және үнемді желілер құруға болады.Бір ретранслятор,мысалы,арақашықтығы бірнеше мыңдаған километрге жететін екі бөлек зонаға қызмет көрсете алады.Осымен қатар жергілікті желілердің қосымша желілерімен үйлестірілетін магистральдік желілердің автоматтандырылуы және жетілдірілуі сияқты мәселелер шешіледі,оның қолдану аймағы кеңейеді және қысымы артады.Бірнеше зоналық жүйелерді біріктіре отырып оларды бір жүйеге біріктіруге болады,ол үшін әрбір бөлек зонаның ретрансляторларының арасында байланыстың көпканалды өзегін құру керек.Сондықтан қазір аналогтық каналдарды сандық түрге ауыстыру процесі кетіп жатыр.

Орнына байланысты РРЛ байланыс жүйесі бөлінеді:

ü Жергілікті(АТС-ты қала аумағымен,аудан орталығын ауылдармен байланыстырады);

ü Зоналық(ішкіоблыстық),шартты орта сыйымдылығы 60...600 канал;

ü Магистральдық(ұзақ қашықтықты РРЛ);

ü Технологиялық.

 

4.5 Арнайы радиошақыру жүйесі

 

Арнайы радиошақыру жүйелері немесе пейджингтік жүйелер(ағыл. paging - қоңырау)-қысқа хабарламаларды кішкене көлемдегі абоненттік қабылдағыштарға таратуды қамтамасыз ететін біржақты ұялы байланыс түрі.

Арнайы радиошақыру жүйелерінде хабарламалардың 4 түрі таратылуы мүмкін:тональдық,сандық,әріп-сандық,сөздік:

ü Телефондық желі және пейджингтік байланыс операторы арқылы дауыспен;

ü Тональдық теруі бар телефондық желісі арқылы-хабарламалар телефондық аппараттың пернетақтасында теріледі және операторды айналып,пейджингтік терминалға бірден өтеді;

ü Пультте хабарлама теруі бар арнайы компьютермен телефондық желі арқылы және шығысы тағы пейджингтік терминалға.

 

 

4,14-сурет. «MOTOROLA» жүйесінің пейджерінің сыртқы көрінісі.

 

Таратылу аймағында жерлік толқындар және аймақта таратылатын ионосферадан шағылған критикалық бұрыш мәні шектелген радиотолқын барлық механизмдерден таралған толқын жетпейтін аймақта орналасады. Бұл аймақты тыныштық аймағы дейді. Осының әсерінен ЖЖ толқынды радиобайланыстың аймақтық жүйесінде мынандай өлшемде 500х500 км қолдануға болмайды, көптеген корреспонденттер бір бірімен байланыс орната алмайды. Корреспонденттер арасындағы ара қашықтықта байланыс ионосферадан шағылған толқынды қолдануға мүмкіндік береді, ол стационарлық емес жағдайда ионосферадан шағылғанда қате сенімді болып келеді.

Жоғары тиімділігі бар кабельдік,радиорелейлік және спутниктік байланыс желілерінің тез дамуына қарамастан пейджингтік баайланыс радиобайланыстың салмағы әлі де болса жоғары және оның дамуы үшін мүмкіндік сақталуда.Бұған негіз ретінде техникалық құдіретін,халық-тұрмыстық мазмұнын және экономикалық тиімділігін ескеретің ЖЖ радиобайланыстың дұрыс бағалау болып табылады.

Бұл оны арнайы жағдайларда таптырмайтын ететін ЖЖ радиобайланыстың кейбір қасиеттерімен анықталады.Мысалы,радиорелейлік сызықтардың жеке аралық станцияларының стихиялық апат жағдайларында немесе басқа себептерге баланысты зақымдануы,және де спутниктің істен шығуы жалпы мемелекеттік байланыс желілерінде өте үлкен қиындықтар туғызуы мүмкін немесе айтарлықтай территория аумақтарында оның жұмыс істеуінің толық бұзылуына алып келуі мүмкін. Бұл жүйеде қызмет көрсететін территоря радиусы 300 км шамасындағы зоналарға бөлінеді. Декаметрлік толқынның ұзақ таратылуы иносферадан толқынның шағылысуы арқылы жүзеге асады.

Бір және сол жиілікте ауқымдық бұрыштада сәуленің түсуі, толқынның шағылысы үшін иносферадағы электрондық нығыздықты өсіреді. Сол себепті үлкен бұрыштарда иносферадағы электрондық нығыздықтың құлауы жеткіліксіз екені байқалады, және сондықтан шағылысу жүзеге аспайды.Таратылу аймағында жерлік толқындар және аймақта таратылатын ионосферадан шағылған критикалық бұрыш мәні шектелген радиотолқын барлық механизмдерден таралған толқын жетпейтін аймақта орналасады. Бұл аймақты тыныштық аймағы дейді. Осының әсерінен ЖЖ толқынды радиобайланыстың аймақтық жүйесінде мынандай өлшемде қолдануға болмайды, көптеген корреспонденттер бір бірімен байланыс орната алмайды. Корреспонденттер арасындағы ара қашықтықта байланыс ионосферадан шағылған толқынды қолдануға мүмкіндік береді, ол стационарлық емес жағдайда ионосферадан шағылғанда қте сенімді болып келеді.Бұл арақашықтық ұялы қысқатолқынды станцияларды базалық станциялармен сенімді байланыстыру үшін таңдалынып алынған(4,12-сурет).Бұл зоналарда абоненттерге қызмет көрсету УКВ-мен жүзеге асырылады,бұл ақпарат тарату жылдамдығын арттыруға мүмкіндік бередіБұл жағдайда ЖЖ радиобайланыс қысқа уақыт ішінде аздаған шығындармен қалпына келтірілуі мүмкін.Күндегі рентгендік жарқырау кездеріндегі D ионосфера аумағындағы ионизациялау артқанда радиобайланыс бұзылуы мүмкін,бірақ басқа жүйелерге қарағанда тез қалпына келеді.ЖЖ радиобайланыс халық шаруашылығының көптеген салаларында кеңінен қолданылады,яғни ол кез-келген елдің бүкілхалықтық байланыс желілерінің комплекстік мүшесіболып саналады.Пейджердің типтік өлшемдері 80´50´20 мм, массасы100 г. Қолданылатын жиілік диапазондары 135...175, 278...284, 322...328, 406...423, 435...480, 495...512, 929...932 МГц;жиілік каналдардың жолағының кеңдігі 12,5...25 кГц.Әлемде пейджиенгтік байланысты кеңінен қолданатын елдер- Сингапур, Гонконг, Тайвань, АҚШ, Ресей, Япония.Қазақстанда алғаш рет пейджингтік байланыспен айналысқан «АСПАН» компаниясы.

 

 

 


4,15-Пейджингтік байланыстың блок-схемасы

Пейджингтік интервал-бұл абоненттің мекен-жайы мен жіберіліп отырылған хабарламаның мәтінін енгізу құрылғысынан алатын және арнайы форматқа жинақталған төменгі жиілікті сигналды таратқыштың модуляторына шығарып беретін құрылғы.Одан бөлек,терминал таратқыштар жүйесімен коммуникациондық каналдар арқылы басқарып отыра алады.Көптеген кеңінен таралған протоколдардың ішінен ерекшеленіп тұратыны 1978 жылы Британия министрлігінде құрастырылған POCSAG(Post Office Standardization Advisory Group) протоколы.1982 жылы МККР-да ол алғашқы халықаралық стандарт ретінде ұсынылған еді.ERMES (European Radio Messaging System) протоколы аталғандардан бөлек роуминг мүмкіндігін береді.20 ғасырдың соңғы жылдары мәліметтерді екіжақты таратуды қамтамасыз ететін FLEX(ReFLEX және InFLEXion) протоколдар жанұясы енгізіле бастады.

Пейджер өзіне жіберілген ақпараттарды еркін қабылдауы үшін оларды пейджингтік интервал деп аталатын арнайы форматта тарату керек.Бұл протокол символдардың тарату жылдамдығын,оның теруін,синхронизация және қабылдағышты адрестеу процесстерін анықтайды.POCSAG2000000 дейін пейджерлерді қамтиды және тональдық,сандық,әріп-сандық хабарламаларды таратуға мүмкіндік береді,және стандарт 512, 1200 и 2400 бит/с тарату жылдамдығына ие және ұзындығы 32 бит болатын әрбір ақпараттық блокта екі қатеге дейін түзеп отыратын қате түзегіш орнатылған жабдықтары бар.

Жеке радиобайланыстың жүйелері (пейджингтік жүйелер) қазіргі кезде негізінен екі негізгі стандартта жұмыс істейді: POCSAG және FLEX. Қазақстан және ТМД елдерінің пейджингтік компаниялардың көбісі мәліметтерді тарату жылдамдығы 512 немесе 1200 бит/сек тең POCSAG стандартын пайдаланады. Бұл компанияларының пайдаланатын жиілік диапазоны - 138-174 MГц, бірақ 435-480 MHz жиілік диапазонында жұмыс істейтіндері де бар. Алыс шетел ел мемлекеттерінде 929-932 MHz диапазоны кең таралған. Пейджингтік жүйелерің үлкен артықшылығы – спектрді экономды түрде қолдану - бір жиілікте 10 мың абоненттерге қызмет етіледі. Бірақ цифрлық ұялы жүйелерді жобалау мен құрудағы кететін шығындардың төмендеуі (арзандауы) мен дамуына байланысты қазіргі кезде пейджингтік жүйелерге деген сұранысты төмендетіп жатыр.

4.5.1 ҚР теміржол транспорттарында пейджингтік байланысты қолданудың келешегі.

Қазіргі уақытта теміржолдық тораптық станциялар,диспетчер және жүргізуші штат арасындағы негізгі байланыс құралы телеграф,телефон және радиобайланыс болып табылады.Бұл жүйелер көбінесе ауа-райы жағдайына және тораптық кабельдерге көп қысым түскендіктен істен шығып қалады.

Төменде кабельдік байланыс жүйесінің көптеген кемшіліктерінің орнын толтыратын пейджингтік радиобайланысты қолдану ұсынылады. Пейджингтік-қысқа хабарламаларды кішкене көлемдегі абоненттік қабылдағыштарға таратуды қамтамасыз ететін біржақты ұялы байланыс түрі.Пейджингтік радиобайланыс желілерінде таратқыштар үлкен қуатты қолданылады. Егер қабылдағыштар таратқыштардың жанында орналасса, онда РПУ кіреберістегі кедергі шамасы таратқыштарының әсерінен пайдалы сигнал шамасы өсуі мүмкін, бұл жағдайда сигнал қабылдау қиын болуы мүмкін, немесе толықтай өшіріледі.Сонымен қатар қабылдағыш радиоорталыққа кедергіне азайту үшін, ереже бойынша қаланың шетіне шығару үшін, теміржол және электр желілерінен алшақта орналастырылады.Республикамыздың аудандарында орналасқан үлкен теміржол тораптары базалық станция ретінде пейджингтік жүйелерді қолдануына болады.Тораптық станцияларда репитерлерді орналастыру қажет,ал жылжымалы байланыстарда-министанцияларды.4,16-суретте құрылғыны орналастыру схемасы көрсетілген.

4.16-сурет

 
 

 


4,17-сурет. Таратқыш станциялардың құрылымдық орналасуы

Базалық станцияның және 3 репитордың орналасуының келтірілген мысалына сәулелендіргіштер жұмысының программасы келесі түрде болады:

Базовая станция 1 Передача Пауза Пауза Передача Пауза
Репитер №1 Прием Передача Пауза Прием Передача
Репитер №2 Прием Передача Пауза Прием Передача
Репитер №3 Прием Передача Пауза Прием Передача

4.18-сурет.