Anamnesis vitae

 

Науқас отбасында 6 баладан 2-нші бала болып дүниеге келген. Бала кезінде физикалық және ақыл-ой қабілетінің дамуы қалыпты, білімі орта. Дубовка ауылында тұрады.

Туберкулез, жедел вирусты гепатит, тері-венерологиялық ауруларын жоққа шығарады.

Жалпы аурулары бойынша мүгедектің ІІ тобында.

Тұрмыс жағдайы: әлеуметтік тұрмыс жағдайы қанағаттанарлық. Тұрмыс құрған.

Зиянды әдеттері: жоқ

Тұқым қуалаушылық анамнезі:анасында қантты диабет.

Қосымша аурулары: кардиомипатия;

Гемотрансфузия: 2007ж.,2011ж.,2012ж.,2013ж.,2014ж. Қан реципиенті – трансфузиядан кейін бірнеше асқынулар; Кумбс сынамасы бойынша тек шайылған эритроцитарлы массаны қабылдайды;

Гинекологиялық анамнез: етеккірі алғаш рет 12 жасында келген.3 күн,регулярлы, қалыпты келіп отырған. Жүктіліктер саны 31 - 28-і аборт, асқынусыз; 3-еуі босану, қалыпты өткен. Мензис: пременопаузальды МЦБ бар, соңғы мензис 23.06.2013ж., көп мөлшерде;

Аллергологиялық анамнезі: дәрілік препараттарға және тағам өнімдеріне аллергиясы жоқ.

Басынан өткізген аурулары: тұмау;