Жарнама принциптері

1. Жоспарланушылық;

2. Ақпараттылық;

3. Жарнамалық іс-шаралардың нақтылы стратегиясы мен тактикасының болуы.

 

Жарнама жоспарын қалыптастыру кезінде келесілерді ескеру керек:

¨ ЖЦТ кезеңін, тұтынушылар қатынасын, бәсекелестердің болуын;

¨ жарнама мақсатын;

¨ жарнама объектісін;

¨ жарнама мазмұнын;

¨ жарнама құралдарын;

¨ жарнама бюджетін.

§3. Жарнаманың мақсаттары, міндеттері мен түрлері.

Жарнаманың негізгі мақсаты:

1) тұтынушыдан тауар туралы жеке білімдерін қалыптастыру;

2) тұтынушыдан фирманың белгілі бір бейнесін жасау;

3) тұтынушыда берілген тауарға деген қажеттілігін қалыптастыру;

4) фирмаға деген формирование жақсы көзқарасты қалыптастыру;

5) берілген тауарды берілген фирмадан сатып алуға үгіттеу;

6) тауарды өткізуді ынталандыру;

7) фирмаларда сенімді серіктес бейнесін қалыптастыру;

8) тауарды нарыққа шығару мерзімдерін төмендету.

 

Негізгі міндет -өз сатып алушысын табу, оған тауар бейнесін түсінікті етіп жеткізу; қызығушылықты ояту және сатып алуға үгіттеу.

Жарнама түрлері.

¨ Ақпараттық – тауар, сатып алу жағдайлары, жеткізу, өндіруші туралы танымдылықты қамтамасыз ету.

¨ Бедел-бейне – жарнама – фирма мен тауардың жағымды бейнесін жасау.

¨ Жағымды эмоциялар тудыру үшін тұтынушыларға бағытталған;

¨ Ынталандырушы жарнама. Онда тауардың басымдылығын, бәсекелестермен салыстырғанда оның артықшылықтарын ерекшелеу керек. Аса нәтижелісі:

- Газеттер мен журналдардағы жарнама,

- Тікелей поштамен тарату;

- тележарнама;

¨ Тұрақтылық жарнамасы. Уақыт өте келе өз тауарың туралы еске салып отыру керек:

- жасырын жарнама фирма туралы мақала түрінде, жарнамаларға қатысу;

- серіктестерге фирма қызметі туралы есеп жіберу;

Жарнама кампанияларының ұғымдары мен түрлері

Жарнама кампаниялары - белгілі бір уақыт кезеңін қамтитын, бір ғана мақсаттармен біріктірілген жарнамалық іс-шаралардың кешені.

Жарнама кампанияларының түрлері:

1. Тегіс жарнамалық кампания – іс-шаралар тең бөлінеді, бірдей уақыт интервалдарынан кейін ақпараттың бірдей көлемдері көрсетіліп, жарияланады. Белгілі фирмалар үшін имиджді сақтап тұруда қолданылады.

2. Арта түсетін жарнамалық кампания – алдымен орташа тиражды БАҚ тартылады, кейіннен жоғары тиражды және беделді, ТВ қосылады;

3. Бәсеңдеген жарнама кампаниясы – тауардың соңғы партияларын өткізу кезінде қолданылады.

 

6-бөлім бойынша бақылау сұрақтары

1. Нарық ұғымы: оның функциялары мен жіктелуі.

2. Тауарлар нарығы және оның құрылымы: тұтынушылық нарық (тұтыну заттары), өндірушілер нарығы (өндіріс құралдары).

3. Тауарлар нарығының инфрақұрылымы: көтерме, ұсақ-көтерме және бөлшектік сауда.

4. Маркетинг, оның негіздері.

5. Маркетинг ұғымдары мен концепциялары.

6. Маркетинг принциптері мен мақсаттары. Маркетинг категориялары.

7. Маркетинг функциялары мен оны ұйымдастыру кезеңдері.

8. Жарнама: қызметі, жіктелуі, жарнамаға қойылатын талаптар.

9. Жарнама түрлері және әртүрлі жарнамалардың нәтижелігі.

 

Бөлім 7 «Кәсіпорындар қаражаты және несие. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі»

САБАҚ №24.

Тақырып 7.1 Кәсіпорында қаржы мен несие негіздері

Жоспар.

  1. Қаржы мен қаржы қатынастарының мәні.
  2. Кәсіпорынның қаржы қорлары.
  3. Несие: принциптері мен формалары.
  4. Несие және салық жүйесі.

§1. Қаржының мәні мен функциялары.

Күнделікті өлімде «қаржы ұғымы» жиі қолданылады және бұл кезде әңгіме ақша туралы болады. Алайда «қаржы» ұғымын тек ақшамен ғана теңдестіру дұрыс емес.

Қаржы ұғымы кедесілерді қамтиды:

- екі субъекті арасындағы: бір жақтан, мемлекетпен, екінші жақтан, - қандай да бір басқару субъктісіне біріктірілген жеке адам немесе адамдар тобы атынан тұрғындармен қаржылық қатынастар.

- ақша қаржының өмір сүруі мен қызмет етуінің материалдық негізі (ақша жоқ жерде қаржы жоқ).

- ақша қатынастары үрдісінде субъектілердің әртүрлі құқықтық дәрежесі (мемлекет ерекше құзыреттіліктерге ие);

- бюджеттің ақшалай қаражатының жалпы мемлекеттік қорын қалыптастыру;

- мемлекеттік бюджетке салықтарды, жинаулар мен басқа да төлемдерді мәжбүрлеп өндіру бойынша мемлекетпен сәйкес фискальдық аппаратты жасау.

Осылайша, қаржы туралы әңгіме болған кезде, мемлекеттің қатысуымен жүзеге асатын тауарлы-ақшылай қатынастар үнемі ескеріледі.

Қаржы – бұл мемлекетпен ұйымдастырылғын ақшалай қатынастардың жиынтығы, олардың үрдісі барысында экономикалық, әлеуметтік және саяси міндеттерді шешу үшін ақша қаражатының жалпы мемлекеттік қорларын қалыптастыру мен қолдану жүзеге асады.

Қаржының пайда болуының негізгі алғышарттары:

1. Бірқатар Еуропа мемлекеттерінде демократиялық үрдістердің дамуы нәтижесінде мемлекеттердің (әдетте монархтардың) билігі айтарлықтай қысқарды (шектелді), бұл бастысы соңғылардың мемлекет қазынасынан күшпен тартып алуынан көрінді. Алғаш рет ақшалай қаражаттың жалпы мемлекеттік қоры қалыптасты – оның бюджетін мемлекет басшысы өз қалауынша жұмсай алмады.

2. Бюджетті қалыптастыру мен қолдану жүйелі сипатқа ие болды. Мемлекеттік кірістер мен шығындар жүйесі заңнамалық бекітуге ие болды.

3. Табиғи берушілерді және мемлекет бюджетінің кіріс бөлімін қалыптастырудағы негізгі көз ретінде мемлекет тұрғындарының әртүрлі еңбек олқылықтарын ақшалай формада алмастыру.

Қаржының мәні олардың функцияларынан көрінеді. Қаржы функцияларының астарында қаржымен орындалатын «жұмыстарды» түсіну қажет. Көптеген экономистер, қаржының көп түрлілігін талдай келе, негізгі үш функцияны ерекшелейді: ұлттық шаруашылықты ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету, ақша қорларын қолдану және бақылау, ақшалай қаржыны әртүрлі деңгейлерде бөлу. Негізгі орын бөлу және бақылау функциясына беріледі.

Қаржының бөлу функциясы жиынтық қоғамдық өнімді тек табиғи-заттық формаға ғана емес, сондай-ақ құны бойынша бөлуден тұрады.

Қаржының бақылау функциясы бөлу функциясының жалғасы мен дамуы бола отырып, оның негізінде пайда болады (бұнда бақылау және бөлу функцияларының байланыстары байқалады) және ең алдымен рубльді бақылауда көрініс береді.

Бақылау қаржылық қатынастардың барлық жүйесі бойынша, шынайы қаржы айналымының барлық деңгейлері бойынша жүзеге асады. Қаржының бақылау функцияларының объектілері – шаруашылық қатынсатардың субъектілер қызметінің қаржылық көрсеткіштері (кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер).

Қаржылық бақылауды жүзеге асыратын субъектілерге байланысты келесілерді ажыратады:

- жалпы мемлекеттік (ведомстволық емес) қаржылық бақылау (мемлекеттік билік және басқару органдары жүргізеді);

- шаруашылық ішіндегі қаржылық бақылау (кәсіпорындар мен мекемелердің қаржылық қызметтері жүргізеді);

- қоғамдық қаржылық бақылау (ерікті бастамаларда жеке физикалық тұлғалар орындайды);

- тәуелсіз қаржылық бақылау (аудиторлық фирмалар мен қызметтер жүргізеді).

Біздің ұлттық экономикамыздың өтпелі кезеңінде қаржылық-несиелік механизм шығынсыз өндірісті жасауға көмектесу керек. Жалпы Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесі әртүрлі қаржылық қатынастардың жиынтығын білдіреді және жалпы мемлекеттік қаржы мен шаруашылық субъектілерінің қаржысынан тұрады.

Қазақстан Республикасының бірыңғай қаржылық жүйесінің негізі кәсіпорын қаржылары болып табылады, өйткені олар материалдық өндіріс үрдісіне тікелей қатысады. Ақшалай қаржының орталықтанған мемлекеттік қорларының көзі болып негізінен материалдық өндіріс саласында жасалатын ұлттық кіріс болып табылады. Қаржылық жүйе ұғымы қатынастардың жиынтығы, соның негізінде ақшалай қаржының сәйкес қорлары, сондай-ақ, сол қатынастарды ұйымдастыратын органдар құрылып, қолданылады.

Қаржылық жүйе үш бөлімнен тұрады: қаржылық қатынастардың жиынтығы, ақшалай қаржы, басқарудың қаржылық аппараты қорларының жиынтығы.

Қаржылық жүйе интеграциялық түрдің жүйесі болып табылады, оған енетін элементтердің тығыз байланысымен сипатталады, оның ешбір жүйесі дербес өмір сүре алмайды.

Қаржылық жүйенің жеке құраушыларының орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы элемент жүйенің басқа элементтері арасында жетекші орынға ие, өйткені оның элементтер мен түйіндер жүйесіндегі рөлі анықтаушы болып табылады. Қаржылық жүйеде бұндай элементтермен бірінші кезекте мемлекеттік бюджетпен қарастырылған жалпы мемлекеттік қаржылар шығады.

Басқарушы субъектілердің (кәсіпорындардың) қаржысы қаржы негіздерін құрайды, олар қаржылық жүйенің бастапқы түйіні болып табылады, өндіріс саласында шынайы өнім жасалғандықтан – қоғамның қаржылық қорларының негізгі көзі.

Нарықтық қатынастардың негізі тауарлар мен қызметтің сатушылары мен сатып алушыларының мүдделерін байланыстыратын ақша болып табылады. Тауарлар мен қызметтер нарығында қызмет ететін барлық кәсіпорындар бір уақытта сатушы және сатып алушы рөлін атқарады.

Ақша кәсіпорын үшін көптеген функцияларды атқару үшін қажет: өндірістік қорларды үнемі сатып алу, кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу; мемлекет және басқа кәсіпорындармен есеп айырысу, әртүрлі қаржылық қорларды жасау. Нарық жағдайында кәсіорындар ең алдымен қаржылық қатынастарға түседі, бұл ақшалай қаражатты табуды және оларды әртүрлі мақсаттарға, соның ішінде өзіндік қаржылық қорларды жасауға қолдануды қарастырады.

Кәсіпорын қаржысының көптеген анықтамалары бар, бірақ олардың барлығын бір ортақ нәрсе біріктіреді: кәсіпорындардың қаржылық қатынастарға түсуі; әртүрлі қаржылық қорларды қалыптастыру және қолдану.

Басқа кәсіпорындар және ұйымдармен қаржылық қатынастар өнім берушілермен, тұтынушылармен (сатып алушылар), құрылыс-монтаждық, көлік және басқа да мамандандырылған ұйымдармен, пошта, телеграф, сыртқы сауда және басқа да ұйымдармен, кеденмен, шет елдік мемлекеттердің кәсіпорындары және фирмаларымен қарым-қатынастарды қамтиды.

Кәсіпорын ішіндегі қаржылық қатынастар оның құрылымдық бөлімдері арасындағы: филиалдар, цехтер, учаскелер, бөлімдер, бригадалар, сондай-ақ жұмысшылар арасында қатынастарды қамтиды.

Кәсіпорынның жоғары дәрежелі ұйымдармен қаржылық қатынастары орталықтанған қорларды құру және қолдану бойынша қатынастарды қамтиды.

Қаржылық-несие жүйелерімен қатынастар. Қарым-қатынастардың берілген тобы көптүрлігімен ерекшеленеді, және біркөптүрлігімен ерекшеленеді, және бірінші кезекте әртүрлі деңгейдегі бюджеттермен және салықтар мен бөлінген қаржыны аударумен байланысты бюджеттен тыс қорлармен қатынастарды ерекшелеу керек.

Сақтандарыу ұйымдарымен қатынас қаржыны әлеуметтік және медициналық сақтандаруға, сондай-ақ кәсіпорын мүлкін сақтауға негізделеді.

Кәсіпорынның банктермен қаржылық қатынстары - бұл, бірінші кезекте, ақшалай емес есептесуді ұйымдастыру және ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді несиелерге қызмет көрсету.

Ақшалай емес есеп айырысуды ұйымдастыру кәсіпорындармен күнделікті ағымдағы жұмыстарды жүзеге асырумен байланысты. Несиелер айналым қаржысын толықтырудың, өндірісті кеңейтудің, кәсіпорынның уақытша қаржылық қиындықтарын қанағаттандырудың басты көздерінің бірі болып табылады.

  1-сурет. Кәсіпорын қаржысын қалыптастыру механизмі

 

§2. Кәсіпорынның ақшалай қорлары.

Кәсіпорын қаржылық қызметінің аса маңызды жақтарының бірі әртүрлі ақшалай қорларды қалыптастыру мен қолдану болып табылады (см. 1-сурет).

Жарғылық қор (жарғылық капитал) кәсіпорынның негізгі қорларының бірі болып табылады, ол кәсіпорынды заңды тұлға ретінде ұйымдастыру және тіркеу кезінде қалыптасады. Сол қордың қаржысы есебінен кәсіпорынның негізгі қорлары мен айналым қаржысы қалыптасады. Жарғылық капитал – кәсіпорынның өзіндік қаржысының негізгі көзі.

 

Резервтік капитал — кірістен түсетін аударылымдар есебінен түзілетін кәсіпорынның ақшалай қоры. Берілген ақшалай қордың басты қызметі – шығындарды жабуға, ал акционерлік қоғамда қоғамның облигацияларын жабу және оның акцияларын сатып алуға арналған.

Қарқынды қор кәсіпорынды дамыту бойынша аса маңызды міндеттерді шешеді және өз кезегінде бірнеше қорлармен танылады.

Жинақтау қоры – кәсіпорынның таза кірісінен аударылатын және өндірісті дамытуға бағытталатын қаржы.

Амортизациялық қор — негізгі қорларды толығымен қалпына келтіруге арналған амортизациялық аударылымдардан қалыптасатын қаржы.

Тұтыну қоры — кәсіпорынның таза кірісінен дивидендтерді (акционерлік қоғамдарда), біржолғы жәрдем ақыны, материалдық көмек, кәсіпорын жұмысшыларының қосымша демалыстарын төлеуге, тамақтану, көліктегі жол ақысы және басқа мақсаттарға жұмсалатын қаржы.

Жоғарыда аталған ақша қорлары тұрақты ақша қорларына жатады. Тұрақты қорлармен қатар кәсіпорында жедел ақша қорларын: еңбекақыны төлеу қоры, бюджет төлемдеріне арналған қорды қалыптастырады.

Еңбек ақыны төлеу қоры — бұл кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлеуге арналған қаржы. Берілген қор кәсіпорында айына бір немесе екі рет қалыптасады және оның негізінде жалақы қоры болады. Әрбір кәсіпорын өзі үшін жалақыны төлеудің қолайлы мерзімдерін анықтайды. Жалақыны төлеу кезіне қаржының жеткіліксіз болған жағдайда, кәсіпорын, жұмысшыларға дер кезінде жалақы төлеу үшін, банктен несие алуға тура келеді.

Бюджеттік төлемдер қоры – бұл, бюджетке дер кезінде төлемдерді жүзеге асыруға арналған қаржы. Берілген қордан уақытылы төлеу басты шарт болып табылады, өйткені кәсіпорынның бюджетке төлемдерді кешіктіруі айыппұл жазалау шараларына әкеп соғады.

Кәсіпорын қажет болған жағдайда валюталық қорды немесе басқа да ақшалай қорларды қалыптастыра алады.

§3. Несие және несие жүйелері

Несие – бұл қайтарымдылық пен ақылық шарттарында уақытша пайдалануға берілетін, қарыз капиталының қозғалыс формасы.

Несие несие берушілер мен заем алушылардың арасындағы қатынастарды білдіреді.

Несиенің көмегімен кәсіпорындардың, халықтың, мемлекеттің ерік ақша қаражаттары шоғырландырылады; олар уақытша пайдалануға берілетін қарыз капиталына айналады.

Несиелік қатынастар келесі принциптер негізінде құрылады:

1. сенім принципі;

2. несиенің қамсыздандырылу принципі, яғни ссудалар кепілдікке немесе қаржылық кепілдемелерге беріледі;

3. несиенің қайтарымдылық принципі заемшы пайдаланғаннан кейін, несие берушіден алған қаржылық ресурстарды уақытында қайтаруды көздейді;

4. жеделдің принципі келісіммен анықталған мерзімде оны қайтарудың қажеттілігін бейнелейді;

5. ақылық принципі несиелік ресурстарды алу және пайдалану құқығын төлеу қажеттілігін бейнелейді. Бұл рольді банктік пайыз атқарады;

6. несиелік ресурстарды мақсатты пайдалану принципі.

Несие формалары:

1) төлемі кейінге қалдырылған тауарларды сату түрінде бір қызмет ететін кәсіпорынның басқа кәсіпорынға беретін несиесі коммерциялық несие деп аталады.

2) банк несиесі ақшалай ссуда түрінде кәсіпкерлерге және басқа заемшыларға ақшалай капиталмен, банктермен және өзге несиелік-қаржылық мекемелермен беріледі.

3) негізгі формалардың бірі тұтыну несиесі болып табылады, ол коммерциялық (төлемі кейінге қалдырылған тауарларды сату) және банк (тұтыну мақсаттарындағы ссудалар) несиелер формасында беріледі.

4) мемлекеттік несие заемшы органдары тарапындағы мемлекет, ал несие берущі жеке және заңды тұлғалар болып табылатын, несиелік қатынастардың болып табылады.

5) ипотекалық несие, жылжымайтын мүлік кепіл болып табылады.

6) халықаралық несие.

§4. Несие және салық жүйесі.

Несие жүйесі.

Несие қатынастарының, несие формаларының, несие мекемелерінің жиынтығы кең мағынада несие жүйесінің ұғымын құрайды. Тар мағынадағы несие жүйесі – бұл несиелік-есептік қатынастарды ұйымдастыратын, ақшалай айналымды реттейтін және елдегі басқа да қаржылық қызметтер көрсететін несие мекемелерінің желісі. Басқа сөзбен айтқанда, несие жүйесі банк және басқа да несие мекемелерінің жиынтығымен, ұйымның құқықтық формаларымен, және несие операцияларын жүзеге асыру тәсілдерімен сипатталады. Несие қатынастарын ұйымдастырудың екі жүйесі ерекшеленеді: банктік және банктік емес институттар шегінде. Сәйкесінше несие жүйесінің екі негізгі түйіні құрылады: банктік және мамандандырылған несие-қаржы мекемелері. Функционалдық мамандандырылуына сәйкес, шаруашылық түйіндерге ұсынылатын ядро несиелік жүйенің несие-қаржы қызметтерінің көлемі мен санына байланысты банк жүйесі құрайды, несие институттарының қызметін құрылымдастырылатын бірыңғай орған Орталық банк болып табылады.

Салық жүйесі

Салықтар – бұл мемлекеттік заңнама негізінде мемлекетпен өткізілетін заңды және жеке тұлғалардан жинауларға түсетін міндетті түсірілімдер. Олар мемлекеттің қаржы қорларын қалыптастыруда заңды және жеке тұлғалардың қатысу міндеттілігін көрсетеді.

Салықтар, қайта бөлу құралы бола тұра, сондай-ақ бөлу жүйесінде пайда болған олқылықтарды жобға және қызметтің сол немесе басқа формасын дамытуда адамдарды ынталандыруға немесе іркілтуге бағытталған. Салықтар шынайы және жеке болып бөлінеді. Шынайы салықтар – бұл алықтар мен мүліктер. Олар салық төлеушінің өзіне емес, кіріске немесе мүлікке тікелей салық салады, яғни, мүлікті сату, сатып алу, немесе ие болу. Бұл салықтың ерекшелігі оның салық төлеушінің қаржылық жағдайын ескермейтіндігінде.

Салықтар келесі функцияларды атқарады:

1. Фискалды (мобилдік) функция; яғни мемлекет сәйкес кірістерді қаржыландыру үшін салық жинайды.

2. Бөлу. Салықтарды жинай отыра мемлекет әлеуметтік саясатты жүзеге асыра отырып, экономиканың әртүрлі салаларына әсер етеді, тұрғындар топтары, аймақтар арасында кірісті бөледі, халықтың кедей топтарына қолдау көрсетеді және т.б.

3. Реттеуші функция ағымдағы кірістердің бөлігін алу және оларды өндірісті дамытуға жұмсаудың көмегімен тұрғындардың тұтынулары арасында пропорцияны қамтамасыз етуге негізделеді.

4. Ынталандырушы функция – экономикалық өсу, техникалық жаңару, НИОКР өткізу, тұрғын халықтың өсуі бойынша әртүрлі ынталандырулар жасау.

5. Шектеуші функция – салық саясаты арқылы мемлекет сол немесе басқа өндірістердің дамуын тоқтата немесе шектей алады.

6. Бақылау-есептік функция – кәсіпорындар мен тұрғындар топтарының, өндіріс көлемдері мен құрылымдарының, қаржылық ағымдар қозғалысының кірісін есепке алу.

Салық теориясында салық ставкасы ұғымы болады, салық объектісінің (кірістердің ақшалай бірлігі, жер ауданының бірлігі және т.с.с.) бірлігіне салық аударылымдарының көлемі.

САБАҚ №25.

Тақырып 7.2 «Кәсіпорынның қаржы қорлары»

Жоспар.

  1. Қаржы ресурстарының ұғымы және оларды қолданудың нәтижелігі.
  2. Кәсіпорынның қаржы ресурстары.

§1. Қаржы ресурстарының ұғымы және оларды қолданудың нәтижелігі.

Әдетте, экономикалық ғылым мен тәжірибеде «қаржы қорлары» терминін кеңінен қолдану кезінде шығындарды жабу және әртүрлі қорлар мен резервтерді қалыптастыруда қолданылатын мемлекеттің, басқарушы ұйымдар мен мекемелердің иелігіндегі ақшалай қаржы түсіндіріледі.

Алайда ақшалай қаржы – ақшалай қаржының тек бөлігін ғана құрайтын қаржы қорларына қарағанда кең ұғым. Мемлекеттік бюджеттен басқа, жалпы мемлекеттік қаржы ресурстарының жүйесіне жалпы мемлекеттік мақсаттық қорлар мен әлеуметтік сақтандыру қорлары, басқа да арнайы қызметтегі бюджеттен тыс қорлар жатады.

Жалпы мемлекеттік қаржы қорларының элементтеріне мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру және мемлекеттің халықтық шаруашылығын дамыту үшін несие жүйелерін ашуды мемлекет ЦБРФ арқылы өткізетін қолма-қол және ақшасыз (несиелік) ақша эмиссиясын жатқызу керек.

Жалпы мемлекеттік қаржы қорларына сондай-ақ шет елдік несиелер мен қарыздар жатады.

Аймақтық қаржы қорларына жергілікті бюджеттік және аймақтық мәні бар басқа да орталықтанған қорларды жатқызуға болады.

Ақша қорларының орталықтанбаған қорлары мемлекеттің халық шаруашылығы ұйымдарының, бірлестіктері мен салаларының қаржы қорларын білдіреді.

Ұйымдардың қаржы қорлары – бұл мақсаттық қызметтегі ақшалай қорлар, олар ұлттық байлықты, жалпы ішкі өнімді, ұлттық кірісті бөлу және қайта бөлу кезінде қалыптасады және ұйымның жарғылық мақсаттарын жүзеге асыруда қолданылады.

Басқарушы субъектінің қаржы қорларының негізгі элементтері: жарғылық капитал, амортизациялық қор, мақсаттық қызметтегі арнайы қорлар, қолданылған кіріс, несие қарыздарының барлық түрлері, орталықтанған және орталықтанбаған қорлардан алынған ресурстар және басқалары болып табылады.

Қазіргі жағдайларда қаржы ресурстарын тиімді қолдану мәселесі аса өзекті болып табылады, өйткені орталықтанған және орталықтанбаған қаржы ресурстарының тұрақты тапшылығы ұйымдардың, салалардың және жалпы халық шаруашылығының қалыпты қызмет етуінің бүлінуіне әкеп соғады. Қаржы қорларын тиімді қолдану ұғымы, ресурстардың кез-келген басқа түрлері тәрізді (материалдық, еңбек, табиғи) шығындалған ресурстардың саны мен сапасын қол жеткізілген нәтижелердің сандық және сапалық көрінісімен салыстыруды қамтиды.

Алайда, қаржы ресурстарын қолдану нәтижелігі материалдық, еңбек және басқа да ресурстар түрлерін тиімді қолданумен тікелей байланысты екендігін атап өткен жөн. Осылайша, өнімнің материал сыйымдылығының төмендеуі, яғни, өнімдердің үлкен көлемін оған жұмсалтын материалдар мен шикізаттар көлемінің ұлғаюынсыз шығару қаржы ресурстарын үнемдеуге әкеледі.

Еңбек бірлігіне жанды еңбек шығындарының азаюы еңбек ресурстарының қолдану нәтижелігін білдіреді, бұл сондай-ақ ақшалай жинақтауды өсіру арқылы қаржы ресурстарын үнемдеуге және ұйымның қосымша ақшалай қаржыға қажеттіліктің төмендеуіне әкеледі.

Алайда қаржы ресурстарын тиімді қолдану ұғымы дербес мағынаға ие. Бұл ұғым тек материалдық-шикізат, еңбек ресурстарын қолдануды ғана емес, сондай-ақ қаржы категориясына тән белгілі бір экономикалық қатынастарды ашады. Осылайша, қаржының бөлу функциясын қолдана отырып, ұйымдар қаржы ресурстарын бөлу принциптері арқылы нарықтық экономикада тиімді қызмет ету режиміне қол жеткізеді.

Қаржы ресурстарын қолдану нәтижелігін қызметтің (мысалы, кірістің) қол жеткізілген нәтижелерін белгілі бір кезең бойынша ұйымның иелігінде болған қаржы ресурстарының сомасымен салыстыру көмегімен бағалауға болады.

Алайда, шаруашылық қызметтің нәтижесі қаржы қорларын тиімді қолдануға тәуелді бола бермейді. Мәселен, қаржы ресурстарын тиімді бөліп және пайдаланып, ұйым еңбек тәртібінің төмендеуі, өндіріс технологиясының бұзылуы, материалдар, шикізаттардың шамадан тыс шығындалуы және басқа да себептер нәтижесінде зардап шегуі мүмкін. Сондықтан, қаржы ресурстарын тиімді қолдану мәселесін егжей-тегжейлі қарастыру үшін ұйымның бүтіндей қаржы ресурстарын қалыптастыратын барлық құрамды бөліктерді қолдану нәтижелігін бағалау қажет.

Жалпы мемлекеттік деңгейде қаржы ресурстарын қалыптастырудың көздері ұлттық кіріс болып табылады, ал басқару субъектісінің деңгейінде – салымдарда қолданылатын ұлттық байлықтың бөлігі ретінде кіріс және амортизация болып табылады. Қаржы ресурстарын қалыптастыру мен қолдану екі деңгейде жүзеге асады: мемлекет және әр ұйымның масштабында.

Мемлекет көлемінде қаржы ресурстарын қалыптастыру көздерінің көлемі мен құрылымы мемлекеттің халық шаруашылығын кеңінен іске асыру, қоғам мүшелерінің өмір сүру деңгейін жоғарылату, мемлекеттік бюджет кірісін арттыру мүмкіндіктерін анықтайды.

Ұйым деңгейінде қалыптасатын қаржы ресурстарының көлемі қажетті капитал салымдарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін, айналық қаржысының өсуін, барлық қаржылық міндеттерді орындауды, әлеуметтік сипаттағы қажеттіліктерді қамтамасыз етуді және т.б. анықтайды.

§2. Кәсіпорынның қаржы ресурстары

Кәсіпорынның қаржы қорлары - бұл кәсіпорындардағы ақшалай кірістер мен жинақтарды қалыптастырумен және бөлумен байланысты ақшалай қатынастар, сонымен қатар қаржылық-банк жүйесінің алдында міндеттерді орындау үшін оларды пайдалану, сонымен қатар кеңейтілген өндіріс, қызметкерлерге әлеуметтік қызмет көрсету мен материалдық ынталандыру бойынша шығындарды қаржыландыру. Қаржы ресурстарын қалыптастыру қаржы нарығында ресурстарды жұмылдарудың жеке және оларға теңестірілген қаржы есебінен және бөлу тәртібінде қаржы-банктік жүйесінен ақшалай қаржының түсуі есебінен жүзеге асады. Қаржы ресурстарын бастапқы қалыптастыру кәсіпорынды құру, жарғылық қор қалыптасатын кезде жүзеге асады. Оның көздері басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нормаларына байланысты: акционерлік капитал, кооператив мүшелерінің үлестік жарнасы, салалық қаржы ресурстары (салалық құрылымдарды сақтау кезінде), ұзақ мерзімді несие, бюджеттік қаржы болады. Бұл жарғылық қордың көлемі өндіріс үрдісіне салынған негізгі және айналымдағы ақшалай қаржының көлемін көрсетеді. Әрекеттегі кәсіпорындарда қаржы ресурстарының негізгі көздері өткізілген өнімнің (көрсетілген қызметтердің) құны болып табылады, оның әртүрлі бөліктері түскен ақшаның бөлу кезінде ақшалай кірістер мен қордың формасын қабылдайды. Қаржы ресурстары кіріс (қызметтің негігі немесе басқа түрлерінен) және амортизациялық аударылымдар есебінен қалыптасады. Олармен қатар, қаржы ресурстарының көздері ретінде:

— қолданыстан шығып қалған мүлікті өткізуден түсетін ақшалай түсім; - тұрақты пассивтер; - әртүрлі мақсаттық түсімдер (балаларды мектепке дейінгі мекемелерде қамтамасыз етуге арналған төлемдер және т.б.); - құрылыста ішкі ресурстарды жұмылдыру және т.б. Жоғарыда аталғандармен қатар аса маңызды рөлді қаржы ресурстарының тағы бір көзі – еңбек ұжымы мүшелерінің үлестік және басқа да жарналары атқарады. Аса маңызды қаржы ресурстары, әсіресе қайтадан жасалған және өңделген кәсіпорындар бойынша, қаржы нарығында жұмылдырылуы мүмкін. Оларды жұмылдыру формалары: берілген кәсіпорынмен шығарылатын акция, облигациялар мен құнды қағаздардың басқа түрлерін сату, несие салымдары болып табылады. Басқарудың нарықтық жағдайларына өтуге дейін кәсіпорынның қаржы ресурстарын ақшалай қаржыны сала ішінде бөлу және бюджеттік қаржыландыру негізінде алды. Алайда нарықтық басқару принциптері, кәсіпорын қызметіне коммерциялық бастамаларды енгізу, әрине, қаржы ресурстарын қалыптастыруға мүлдем басқаша тәсілдерді талап етті. Бастамашылдық мен іскерлікке бағдарлау, толық материалдық жауапкершілік кәсіпорынның басқа құрылымдармен қаржылық ынтымақтастығының екі аса маңызды өзгерістің негізін қалады: біріншіден, сақтандыру операцияларын дамыту, екіншіден, тегін алынатын тиесілі қаржының айтарлықтай қысқаруы. Осыған байланысты қайта бөлу тәртібінде қалыптасатын қаржы ресурстарының құрамында иелік етудің нарықтық негіздеріне өту кезінде, үлкен рөлді сақтандыру компанияларынан түсетін сақтандыру төлемдері, ал жанама рөлді – бюджеттік және салалық қаржы көздері атқаратын болады. Кәсіпорындар қаржы ресурстарын: олар кіретін ассоциациялар мен концерндерден (тек, егер бұл сәйкес ақша қорларын қолдану механизмімен қарастырылған болса); жоғары дәрежелі ұйымдардан – салалық құрылымдарды сақтаған жағдайда; мемлекеттік басқару ұйымдарынан – қатаң шектелген шығындар тізіміне бюджеттік субсидиялар түрінде алуы мүмкін. Құнды қағаз нарығының қызмет ету жағдайларында басқа элементтердің құнды қағаздары бойынша дивиденттер мен пайыздар тәрізді қаржы ресурстарының түрлері, сондай-ақ қаржы операцияларын өткізуден түсетін кіріс пайда болады. Қаржы ресурстарының құрылымы олардың түсу көздерімен анықталады. Жалпы мемлекеттік деңгейде қаржы ресурстарының құрылымын анықтайтын түсудің негізгі қорлары салықтар, жинаулар және басқа да міндетті төлемдер, мемлекеттік ұйымдар мен бірлестіктерден түсетін кірістер, сондай-ақ мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінен түсетін кірістер болып табылады. Қаржы ресурстары шаруашылық айналымға тартылатын жартылай ұлттық байлық есебінен қалыптасуы мүмкін. Сондай-ақ қаржы ресурстарын ішкі көздерден, сондай-ақ сыртқы көздерден (басқа мемлекеттер) жалға алу және тартылған қаржы арлықы қалыптастыруға болады. Ұйымдастыру деңгейінде қаржы ресурстарының құрылымы негізінен өзіндік көздермен, кіріспен және амортизациямен анықталады, дегенмен жалға алынған қаржы тартылуы мүмкін. Қаржы ресурстарын қалыптастыру құрылымы үлкен мәнге ие, және бірінші кезекте жекелердің үлес салмағы. Тартыған қаржының үлкен үлес салмағы ұйымның қаржылық қызметін ұйымдастыруды сауда банктерінің несиелер бойынша пайыздарын, акциялар мен облигациялар бойынша дивиденттерді төлеуге жұмсалатын қосымша шығындар күрделендіреді және ұйым балансының өтімділігі қиындатады. Қаржы ресурстарын қалыптастыру және қолдану екі: қор және қор емес формада жүзеге асуы мүмкін. Жалпы мемлекеттік деңгейде орталықтанған қаржы ресурстары мақсаттық қызметтегі бюджеттік және бюджеттік емес ақша қорларының күшімен қалыптасады және пайдаланылады. Оларға бюджеттер, әлеуметтік сақтандыру қорлары, зейнетақы қоры, міндетті медициналық сақтандыру қорлары және басқалар жатады. Ұйымдастыру деңгейінде қаржы ресурстары қор және қорлы емес формада қолданылады. Қаржы ресурстарының бір бөлігін ұйым мақсатты қызметтегі ақша қорларын: еңбек ақы төлеу қорларын, өндірісті дамыту қорларын, материалдық ынталандыру және т.б. қорларды қалыптастыруға қолданады. Бюджет пен банк алдында төлем міндеттерін орындауға қаржы ресурстарын қолдану қордан тыс формада жүзеге асады. Сондықтан ақша қорлары – бұл тек аса тұрақты және мақсаттық қолдану қорлары түрінде қолданылатын қаржы ресурстарының бөлігі ғана. Экономиканы дамыту ырғағын жеделдету, өндірістің экономикалық нәтижелігін жоғарылату, ұйымның мемлекеттік бюджеті мен қаржысын қалпына келтіру көп жағдайда қаржыны басқаруды дұрыс ұйымдарстыру саласында аса маңызды міндеттерді құрайтын ұйым деңгейінде де, мемлекет деңгейінде де қаржы ресурстарын қалыптастыру көздерін тиімді қолдануға тәуелді болады. Қаржы ресурстарының көлемі мен құрылымы өндіріс көлеміне және оның нәтижелігіне тәуелді болады. Өндірісті тұрақты өсіру және оның нәтижелігін жоғарылату жалпы мемлекеттік деңгейде де, ұйым деңгейінде де негіз болып табылады.

САБАҚ №26.

Тақырып 7.3 «Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі»

Жоспар.

  1. Сыртқы экономикалық қызметтің түрлері мен бағыттары

2. Экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру тәсілдері

3. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әдістері

§1. Сыртқы экономикалық қызметтің түрлері мен бағыттары

Сыртқы экономикалық қызметтің түрлері

Сыртқы экономикалық қызметте экспорттық, импорттық, реэкспорттық және қарсы келісімдерді ажыратады.

Экспорт – бұл мемлекеттің кеден территориясынан тауарларды шет елге оларды кері кіргізу міндеттемелерінсіз шығару және парасат меншігінің нәтижелріне шет елдік тұлғалармен қызмет көрету және құқық беру мүмкіндігі.

Импорт – шет елдік сатушыдан тауарды сатып алу, оны сатып алушы мемлекеттің кедендік территориясына кіргізу.

Реэкспорт – тауарды шет елдік сатушыдан сатып алу, оны сатып алушы мемлекеттің территориясына кіргізу, тауарды оның бастапқы түрінде шет елдік сатып алушыға шет елге шығару.

Қарсы сауда (қарсы келісімдер) ол ұйымдастырушылық байланысқан экспорттық –импорттық операцияларды білдіреді, онда экспортер төлемге өз тауарының құнын сатып алушының қарсы импорттық тауары құнының барлық немесе бөлігін төлеуге міндеттеледі. Қарсы келісім үлгісі ретінде тауар алмасу негізінде бартерлік ынтымақтастық қызмет ете алады.

Сыртқы экономикалық қызметтің бағыттары

Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің екі бағытын ерекшелеуге болады: бірлескен кәсіпкерлік және шет елдік контрагенттермен сыртқы сауда байланыстарын орнату.

Бірлескен кәсіпкерліктің құқықтық мәселелері бірлескен кәсіпкерлік жүзеге асатын мемлекеттің сауда және азаматтық қағидаларымен анықталады.

Сыртқы нарықта келісімшартты орнату және жүзеге асыру келесі позициялар бойынша құқықтық реттеуге бағынады: ВЭД бойынша халықаралық келісімдер және азаматтық заңнама нормалары. Сыртқы экономикалық келісімді жүзеге асыру бойынша құқықтар мен міндеттер оларды жүзеге асырған жер бойынша әрекет ететін заңнамалық актілермен анықталады.

Сыртқы сауда келісім-шарты – бұл екі немесе одан да көп жақтармен (контрагенттермен) жүзеге асатын сатып алу-сату, жеткізу, қандай да бір жұмыстарды жүргізу, қызметтер туралы келісім. Контракт міндеттемелерді орындау бойынша жақтардың материалдық жауапкершілік шегін анықтайтын негізгі базалық құжат болып табылады, сондықтан оны дұрыс құраудан келісімнің соңғы нәтижесі тәуелді болады.

Келісім-шарт келесі бөлімдерді қамту керек:

• жалпы ереже;

• келісім-шарт заты;

• келісім-шарттың бағасы мен құны;

• тауарды жеткізу мерзімдері;

• төлем шарттары;

• жүкті орау және таңбалау;

• наразылық білдіру тәртібі;

• санкциялар мен айып пұл;

• форс-мажор және дау-дамайларды шешу.

Бірыңғайлық мақсатында халықаралық тәжірибеде Халықаралық сауда палатасымен шығарылған «Инкотермс» халықаралық сауда терминдерінің түсініктеме жинағы енгізілді және әрекет етеді. Контрагенттермен түсінбестікті болдырмау мақсатында «Инкотермс» шарттарын қолдануға немесе керісінше арнайы терминдерді қолдану туралы түсініктемеге акцент жасалады. Ресей Федерациясы 1980ж. тауарларды халықаралық сатып алу-сату келісімдері туралы БҰҰ Конвенциясының қатысушысы болып табылады.

Конвенцияны білу және қолдану сыртқы экономикалық қызметте сатып алу-сату келісімдерін бақылауға арналған бірыңғайланған құқықтық режимді қолдануға мүмкіндік береді. Бұл маңызды, өйткені әртүрлі шет елдік серіктестер бір ғана сұрақтарды шешуде ұлттық ерекшеліктерге ие болады, бірқатар жағдайларда мемлекеттің анықтамасы мәселелі болып табылады, оның құқығымен нақтылы келісім бойынша қатынастар реттеледі. Сондықтан келісімшарттағы қандай да бір ұстанымдардың реттелмегендігі жағдайында, сілтеме бар-жоғына қарамастан конвенция қолданылады. Халықаралық келісімшарттарды орындау кезінде Конвенцияларды қолдану критерийлері ретінде әртүрлі мемлекеттерде келісім жақтарының сауда кәсіпорын табу, ол кезде сол мемлекеттер Конвенцияға қатысушылар болу керек.

 

§2. Экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру тәсілдері

Қазіргі кезде кәсіпорын экспорттық-импорттық операцияларды шет елдік серіктестермен тікелей келісімдерді жүзеге асыру арқылы өз бетімен немесе ВЭД бойынша өз қызметтерін ұсынатын басқа кәсіпорындар – делдалдар арқылы жүзеге асыра алады. ВЭД құқықтық формасын таңдау кәсіпорынның экономикалық мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне тәуелді болады.

Басқа кәсіпорындар арқылы сыртқы экономикалық қызметте өз мақсаттарын жүзеге асыра отырып, экспортер (импортер) – кәсіпорын тапсырма келісімдерін, комиссия келісімдерін, жеткізу келісімдерін қолданады. Комиссия келісімін жасау, орындаушы контрагенттермен келісім-шарт жасасу кезінде экспортталатын (импортталатын ) тауар өндіруші кәсіпорын (комитет) атынан комиссионер-кәсіпорын қызмет етеді. Келісімге кол қоюдан бөлек комиссионер белгілі бір жағдайларда осы келісімшартты жүзеге асыру міндеттемелерін мойнына алады, әдетте комитент есебінен. Нәтижесінде комиссионер-кәсіпорын жақтардың өзара келісімі бойынша келісім-шарттың жалпы құнынан келісілген пайыз көлемінде комиссиялық сый ақы алады.

Егер әңгіме тапсырылған келісімдер туралы болса, онда экспортер (импортер) - кәсіпорын өзінің атынан белгілі бір сыйақы көлемінде басқа кәсіпорынмен келісімшарт жасасуға тапсырма береді.

Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметінің түрлері мен формаларының әртүрлілігі жалпы мемлекеттің сыртқы байланыстарының нәтижелілігін жоғарылатуға көмектесу керек. Бұл валюталық ресурстар мен сауда көлемдерін арттыру, экспорт және импорт құрылымдарын жақсарту, қарыздарды жабу, ынтымақтастық салаларын кеңейту, елге капитал мен технологияларды тарту тәрізді міндеттерді кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

Экспорттық құжаттар

Кәсіпорынның экспорттық қатынастарын реттейтін негізгі құжаттар ретінде экспорттық келісімшарт немесе сатып алу-сату келісімі болып табылады. Келісім-шарт екі негізгі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім экспорттың міндеттемелеріне тікелей қатысы бар. Онда келесі мәліметтер қамтылады:

• тауардың сапасы;

• тауардың саны;

• тауардың құны;

• жеткізу шарттары;

• жеткізу уақыты мен орны.

Келісім-шарттың екінші бөлімінде импортердың міндеттемелері айтылады:

• тауарды қабылдау жағдайлары;

• төлем жағдайлары.

Келісімшартты құруда олқылық жібермеу аса маңызды; келісімшарт жасасу кезінде қауіп-қатер ықтималдылығын төмендету үшін келесі жағдайларды анықтау қажет: тауарды тасымалдауды кім ұйымдастырады және төлейді, тауардың түгелділігіне, опат болуына және бұзылуына кім жауапты.

Бұл функцияларды бөлу «Инкотермс» халықаралық сауда жағдайлары негізінде жүзеге асады. Олар үнемі Халықаралық сауда палатасымен жарияланады. «Инкотермс» шарттары тек жақтардың өзара келісімі болған жағдайда ғана келісім шарттың негізгі бөліміне айналады. «Инкотермс» шарттарының әрбіреуі сатушы мен сатып алушы арасында қауіп-қатерді, шығындар мен жауапкершілікті ерекше бөлуді білдіреді.

Экспорттық келісімдер жеткізу, тасымалдау, сақтау, кедендік рәсчімдеу кезеңдерінде шет елдік серіктеспен келісімді орындауды растайтын әртүрлі құжаттар пакетімен қамтамасыз етілу керек.

Экспорттық операциялардың құжаттық базасы оларсыз толық болмайтын бірнеше позициялар бар:

• экспорттық тауарлар өндірісін қамтамасыз ету;

• тауарларды тиеуге дайындау;

• шаруашылық және сауда құжаттары;

• төлемдік-есептік операциялар;

• тауарлық-көліктік құжаттар;

сақтандыру, келісімдер мен тауарларды кедендік рәсімдеу.

Қызметі мен мазмұнына байланысты құжаттар әртүрлі сипатқа ие. Мысалы, егер тауарларды экспорттау бойынша құжаттар пакеті жүкті белгіленген пунктке дейін алып жүрсе, онда мұндай құжаттарды тауарға тіркелген құжаттар деп атайды. Егер құжаттар тауарды түсіруді сипаттаса, онда олар жүкті түсіру құжаттары деп аталады.

Экспортталатын тауардың санын, сапасын және құнын бағалау үшін сауда құжаттары мен есеп шоттары арналған. Осылайша негізгі есеп құжаты сауда шоты болып табылады, онда тауардың толық және нақты сипаттамасы беріледі. «Сауда шотының» құжаттық тобы келесі функционалдық топшаларға бөлінуі мүмкін:

• сол немесе басқа сомаларды төлеу талаптары болмайтын сырт көз-есептері;

• тауарды қабылдау фактісі бойынша рәсімделетін шот-фактуралары;

• жеткізілетін тауарлардың кең номенклатурасы бойынша есептен шығарылатын сипаттама-шоттар;

• тауарларды жартылай жеткізу кезінде қолданылатын алдын-ала есептер.

Экспорт бойынша есептік операцияларды құжаттық рәсімдеуден бөлек, техникалық құжаттамада, сипаттайтын құжатта, орам қағазда көрсетілетін жеткізілетін партия санын сипаттау қажет.

Тауардың сапасы сапа сертификаттарында көрсетіледі, бұл бұйымдардың берілген тобы немесе сыртқы экономикалық келісімшарт бойынша сәйкес стандарттар бойынша тауардың сәйкестігін қамтамасыз етеді. Сапа сондай-ақ келесі құжаттармен расталады:

• кепілдік міндеттеме;

• сынақтау хаттамасы;

• түсіруге рұқсат.

Тауарларды экспорттауды ұйымдастыру үшін көлік құжаттарының жобасын құрушыларды білген маңызды, негізінен олар келесілерді қамтиды:

• көліктердің түрлеріне байланысты (теміржол, әуе және т.б.) тауарлы-көліктік қосымшалар;

• теңіздік тасымалдаулар жағдайында коносаменттер;

• өткізу-қабылдау актілері;

• қойма анықтамалары мен басқалар;

• кедендік рәсімдерді орындау үшін ұсынылатын жүктік кеден декларациясы.

Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі тәжірибесіне халықаралық саудада бірыңғайланған құжат болып табылатын жүктік кеден декларациясын енгізуге назар аударған жөн.