Антиденелер препараттары
Антитимоцитарлы иммуноглобулин (Immunoglobulinum antithymocytfrum), тимоглобулин. Қоян қан сары суынан алынатын, адамның Т-лимфоцитімен иммунизирленген, поликлональды антиденелердің иммунодепрессивті препараты (лимфоциттерге, оның ішінде Т-лимфоциттерге қарсы белсенді антидене).
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Жүрек, бүйрек, ұйқы безі және бауырды ауыстырып отырғызу салдарынан туындайтын трансплантант босап шығу реакциялары кезінде. Апластикалық қаназдық. Трансплантанттың босап шығу реакциясын алдын алу үшін – көктамырға тәулігіне 1,25-2,5 мг/дене салмағына 1-3 апта аралығында. Апластикалық қаназдық кезінде тәулігіне 2,5-5 мг/дене салмағына 5 күн бойы.
Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, жүктілік, лактация кезеңі, вирустық, саңырауқұлақтық және бактериялық жедел жұқпалы ауруларда.
Жанама әсерлері.Гипертермия, тромбоцитопения, нейтропения, сарысулық ауру, анафилаксиялық реакция – көбінесе инфузиядан кейін немесе сол сәтте пайда болады.
Шығарылу түрі.25 мг флакондағы көктамрыға егуге арналған лиофизирленген ұнтақ.
Рецепт үлгісі. Rp.: Immunoglobulinі antithymocytаri 0,025
D.t.d N. 20
S. 1,25 – 2,5 мг/кг тәулік ішінде.
#
Даклизумаб(Daclizumabum), зенапакс. Даклизумаб - иммунодепрессивті ИЛ-2 рецепторларына қарсы моноклональды антидене. ИЛ-2 рецепторлары антагонист болып табылады: белсендірілген Т-жасушаларында экспрессияланады, ИЛ-2 жоғары аффинді рецепторлық комплекстің альфа-суббірлігімен (Tac) жоғары арнайы байланысады. ИЛ-2 лимфоциттердің белсенділігін және трансплантанттың иммунды реакциясын тежейді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Бүйректің аллотрансплантантының алдын алу негізінде. Көктамыр арқалы 1 мг/дене салмағына еріткіште енгізіледі.
Кері көрсеткіштері. Даклизумабқа сезімталдықтың жоғарлауы.
Жанама әсерлері.Ауыр аллергиялық рекциялар, бас ауыру, бас айналу, ұйқысыздық, дірілдеу, тырыспа, диспепсиялық құбылыстар және т.б пайда болуы мүмкін.
Шығарылу түрі.0,5% 5 мл флакондағы инфузияға арналған, қосымша еріткіші бар ұнтақ.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol.Daclizumabi 0,5% - 5 ml
D.t.d N. 10
S. Тәулігіне көктамырға 1 мг/кг 1 рет.
#
11.2. Иммунды белсендіруші дәрілер
Иммунды белсендіруші дәрілер деп – гуморальды және жасушалық иммунды жауапты жоғарлататын дәрілік заттар. Иммунды белсендіруші дәрілердің негізгі ерекшелігі оның әсері ауру қоздырғышы мен патологиялық ошағында емес, ал моноциттер популяциясына бей арнайы ынталандырушы әсер етеді (макрофагтар, Т- және В-лимфоциттер мен олардың субпопуляциялары). Оларды иммунды жетіспеушілік жағдайларда, созылмалы баяу ағымды инфекцияларда және де кейбір ауруларда қолданады. Иммунды белсендіруші дәрілерге жататындар:
1. Шығу тегі эндогенді полипептидтер және де олардың аналогтары (тималин, тактивин, миелопид, иммунофен және т.б.).
2. Синтетикалық препаратттар (левамизол, полиоксидоний).
3. Шығу тегі микробтық препараттар және олардың аналогтары (бронхомунал, рибомунал, продигиозан, ликопид).
4. Интерферондар (ИФН). Олардың белсенді компоненттері бойынша ИФН-α, ИФН-β және ИФН-γ және әртүрлі алу тәсілдері бойынша табиғи (ИФН-α , ИФН-β және ИФН-α-n1) және рекомбинантты (ИФН-α-2a , ИФН-α-2b және ИФН-α1b).
5. Интерферон индукторы (интерфероногендер), эндогенді ИФН синтезін күшейтуші препараттар (Тилорон, полиаденил қышқылы, меглумин акридонацетаты).
6. Интерлейкиндер (ИЛ-2 адамдық рекомбинантты, ИЛ-1 адамдық рекомбинантты).
7. Иммуноглобулин препараттары (IgG адамдның қалыпты иммуноглобулинді жіктері, адамның қалыпты иммуноглобулині (IgG + IgA + IgM), цитомегаловирусқа қарсы иммуноглобулин, гепатит В-ға қарсы иммуноглобулин).
11.2.1. Эндогенді жолмен алынған полипептидтер және олардың үйлестері
Тималин(Thymalinum) иммунды түрлендіруші дәрі, ірі қара малдың айырша безінің полипептидті фракциясының жиынтығы болып табылады.
Қолдану көрсеткіштері және мөлшерлеу.Іріңді үрдістің кешенді терапиясында, күйікті ауруларда, трофикалық жараларда және т.б. Ересек адамдарға 5-20 мг бұлшықетке, ал баларға тәулігіне 1-5 мг енгізіледі.
Жанама әсерлері.Негізінен аллергиялық реакциялар.
Шығарылу түрі.Бұлшық етке енгізу үшін ерітіндіні дайындауға арналған лиофилизирленген сауыттағы ұнтақ 5 және 10 мг.
Тактивин(Tactivinum), ірі қара малдың айырша безінен алынған иммунды белсендіруші дәрі.
Қолдану көрсеткіштері және мөлшерлеу.Жалпы жұқпалы және иммунды жетіспеушілік жағдайларда кешенді терапияда қолданылады, 1-2мг/дене салмағына мөлшерімен енгізіледі.
Кері көрсеткіштері. Бронх демікпесінің атопиялық түрінде және жүктілікте.
Жанама әсерлері.Негізінен іріңді инфекциялық асқынуларда.
Шығарылу түрі.0,01% 1 мл ампуладағы және флакондағы тері астына егуге арналған ерітінді.
Миелопид(Myelopidum) бұзаудың және шошқаның жұлын жасушасының культурасынан алынатын иммунды белсендіруші дәрі.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Иммуножетіспеушілік жағдайлары, 3-6 мг тері астына күнделікті және күнара.
Кері көрсеткіштері. Резус-қайшылығы бар жүктілік.
Жанама әсерлері.Бас айналу, әлсіздік, жүрек айну, қызба, гиперемия және енгізген жердегі ауырсыну сезімі.
Шығарылу түрі.3 мг егуге арналған тері астына егетін флакондағы ұнтақ.
Иммунофан(Immunofanum) олигопептидті иммуномодулятор, синтетикалық гексапептид аргинил-альфа-аспартил-лизил-валил-тирозил-аргинин белсенді әсер ететін дәрі болып табылады. Иммунофан иммунды белсендіруші, детоксикациялық, гепатопротективті әсер көрсетеді, бос радикалды және тотықты байланыстарды баяулатады. Имунофанның әсері қышқылды және антиқышқылды ағза жүйесін және иммундық жүйесінің жұмысын қалыптастырады.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Әртүрлі этиологиялы токсикалық жағдайлар мен иммунды жетіспеушіліктің алдын алу және емдеу, созылмалы қабыну аурулары, жұқпалы аурулар, цитомегаловирусты инфекция, ұшықтық инфекция, токсоплазмоз, хламидиоз, созылмалы вирусты гепатиттер және басқа да, ісіктер, күйіктер, ұзақ жазылмайтын жаралар, сепсис, септикалық эндокардит, бронхообструкциялық синдром, холецистопанкреатит, ревматоидты артрит, псориаз және т.б. Иммунофанды курс бойынша тағайындайды; тері астына немесе бұлшықетке, тік ішекке немесе интраназальды, бір реттік тәуліктік мөлшерде 50 мкг - 100 мкг.
Кері көрсеткіштері. Иммунофан компоненттерін ерекше көтере алмаушылық, 2 жасқа дейінгі балаларға, жүктілік резус-қайшылықтың асқынуымен.
Жанама әсерлері.Жеке көтере алмаушыдық реакциясы болуы мүмкін.
Шығарылу түрі.0,005% 1 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді; 0,1 мг тік ішек балауыздары; 8,5 мл флакондағы интраназалды енгізуге арналған мөлшерленген спрей.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Imunofani 0,005% - 1 ml
D.t.d N. 10 in amp.
S. Күніне 1 мл тері астына 1 рет.
#