Жеке фармакология

Жеке фармакология бөлімінде дәрі-дәрмектердің белгілі топтық қатынасына байланысты бір жүйеге немесе мүшеге әсер етуімен бірге, олардың тиянақты өзіне тән емдік ықпалына, жанама және қатерлі әсерлеріне, мөлшерлеріне, дәрілік түрі мен рецепт үлгілеріне түсініктеме береді.

Жұмыс бағдарламасына сәйкес келесі тарауларды қарастырады:

І бөлім. Шеткі жүйке жүйесінің бөліміне әсер ететін дәрілер.

ІІ бөлім. Орталық жүйке жүйесін реттейтін дәрілер.

ІІІ бөлім. Қабынуды басушы және иммундық процесске әсер ететін дәрілер.

IV бөлім. Антибактериальды және химиотерапевтік дәрілер.

V бөлім. Тоғышарларға қарсы қолданылатын дәрілер.

VI бөлім. Қатерлі ісік кезінде қолданылатын дәрілер.

І бөлім. Шеткі жүйке жүйесінің бөліміне әсер ететін дәрілер.

 

Шеткі жүйке жүйесінің өзі келесі топтарға бөлінеді: афференттік және эфференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер, ал орталық жүйке жүйесі өз алдына бөлек бірнеше психотроптық топтардан тұрады, сондықтан бұлардың барлығын тақырып бойынша бірнеше тарауға бөледі. Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілерге 1) жергілікті жансыздандырушылар, 2) қаптағыш, қармаушы және сорғыш дәрілер, 3) тітіркендіргіш дәрілер. Эфференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер холинергиялық және адренергиялық болып екіге бөлінеді.

 

3 Тарау. Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер