КІРІСПЕ 14 страница

Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi – республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.

Үкiметке мынадай негiзгi конституциялық өкiлеттiктер берiлген: ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау; мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу; әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру; Республика Президентi белгiлеген тәртiппен республикалық бюджеттi және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету; ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру; мемлекеттік валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау; құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру; баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру; мемлекет реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу; мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз ету; еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесi мен шарттарын айқындау; мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру; аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi; ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемлекеттік саясатты айқындап, iске асыру; табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру; құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртiптi сақтау, ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру; келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдау; ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету; сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу; сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру; Республика Президентiне: Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы; министрліктерді, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қоспағанда, министр қызметiне тағайындау үшiн кандидатуралар жөнiнде; Үкiмет аппаратының басшысын, сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қоспағанда, министрдi, оның iшiнде Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi; Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау.

Үкiмет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентiнiң нормативтiк жарлықтары негiзiнде және солардың орындалуы үшiн өз құзыретi шегiнде бүкiл мемлекеттік аумағында мiндеттi күшi бар Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығарады, олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi. Бұл қаулылар мен өкiмдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келмеуге тиiс. Жаңадан құрылған Үкiмет өз қызметiнiң бағдарламасын жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкiметтiң бағдарламасын қабылдамаса, Үкiмет екi ай iшiнде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3-сiнiң дауыс беруiмен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкiметке сенiмсiздiк вотумын бiлдiредi. Үкiмет заңдық ұсыныстар енгiзуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжiлiсiне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшiн жауапты болатын министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, агенттiктер, бiрiншi басшылар қатысады. Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi шегiнде қызмет етедi және жаңадан сайланып, қызметке кiрiскен ҚР Президентiне үкiмет мүшелерi жазбаша қол қойған өтiнiш беру арқылы өз өкiлеттiгiн доғарады.

ҚР-ның Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның Үкiметi туралы констиуциялық заңда республика Үкiметiнiң, оның мүшелерiнiң тиiстi өкiлеттi мерзiмiнен бұрын орындарынан түсу себептерi мен тәртiптерi қаралған. Егер Үкiмет, оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi орындау мүмкiн емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентiне өз орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы.

Конституцияда (53-бап, 7-тармақ, 61-бап, 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы ҚР Президентiне мәлiмдейдi. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi ҚР Президентi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылды дегендi бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн Президенттiң қабылдауы немесе оны қызметiнен босатуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Сондай-ақ, президент өз бастамасымен де Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн және оны жүргiзбей отырған үкiмет мүшелерi атқарып отырған қызметiнен босатылуға тиiс. Министрлiктiң және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылатын үкiмет мүшелерi: тиiстi мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады; өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды; ҚР Премьер-Министрiнiң алдында өздерiне жүктелген бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшiн, сондай-ақ, тиiстi мемлекеттік органдардың қарауына жататын мемлекеттік басқару аясындағы iстiң жайы үшiн дербес жауап бередi; ҚР заңдарының, ҚР Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi. Министр ҚР Конституциясында көзделген ретте (37-бап, 6-тармақ) өз қызметiнiң мәселелерi жөнiнде парламент палаталарына есеп бередi. Үкiмет құрамына кiретiн орталық (республикалық) атқарушы органдарды қызметiнiң сипатына қарай салалық құзыреттi органдарға, салааралық құзыреттi органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттiң арнайы немесе ерекше атқарымдарын iске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады.

Орталық атқарушы билiк органдарын ұйымдастырудың және олардың өз қызметiн атқаруының тәртiбi “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” конституциялық Заңмен (18.12.1995), ҚР Үкiметiнiң 1997 ж. 13 наурыздағы 321-қаулысымен бекiтiлген ҚР-ның министрліктері (Мемлекеттік комитетi) туралы үлгi ережемен және әрбiр министрлік, агенттiк, комитет туралы ережелермен реттеледi. Қазақстан Республикасында ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып, қызмет атқарып жатқан орталық атқарушы органдар: ҚР-ның министрлiктерi; ҚР-ның агенттiктерi; ҚР министрлiктерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi болып табылатын комитеттер, департаменттер және басқармалар.

ҚР-ның Министрлiгi мемлекеттік басқарудың тиiстi саласына басшылық жасайтын, сондай-ақ, заңдарда көрсетiлген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталықтандырылған атқарушы орган болып табылады. Министрлiктi Премьер-Министрдiң ұсынысымен Президент құрады, қайта құрады және таратады. Министрлiктiң басшысы болып табылатын министрдi де Премьер-Министрдiң ұсынуымен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министр министрлiктiң жұмысына басшылық жасайды және министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз қызметiн жүзеге асыруы үшiн жауап бередi. Ол лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiредi. Министрлiктiң құрылымы мен штат санын Үкiмет бекiтедi. Министрлiкте министрдiң орынбасарлары (вице-министрлерi), сондай-ақ, министрлiктiң басқа да басшы қызметкерлерi құрамында министр басшылық ететiн алқа – кеңесшi орган құрылады. Алқаның сандық құрамын Үкiмет, ал жеке адамдар құрамын министр бекiтедi. Министр өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен ҚР-ның барлық аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар түрiнде актiлер шығарады. Министрлiктiң қызметi тек мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Заң бойынша барлық министрлiктер өзара тең болып табылады және бiр-бiрiне әкiмшілік бағынышты емес, бiрақ олар өздерiнiң жұмыстарын үйлестiре алады, бiрлесiп қызмет атқару немесе әртүрлi құрылымдық бөлiмшелердiң бiрлескен iс-қимылдарын қажет ететiн (мыс., республикалық мақсатты бағдарламаларды iске асыру, қылмыспен күресу, т.б. жөнiндегi мәселелердi шешу туралы) шарттар мен келiсiмдер жасаса алады.

ҚР-ның агенттiгi де орталықтандырылған атқарушы орган болып табылады. Агенттiктi Премьер-Министрдiң ұсынысымен Президент құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Ол тиiстi мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгiленген шекте салааралық үйлестiру мен өзге де арнайы және рұқсат беру мiндеттерiн жүзеге асырады. Агенттiктердiң және Үкiмет құрамына кiрмейтiн басқа да орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке Үкiмет тағайындайды және қызметтен босатады. Агенттiктiң құрылымын оның басшысы – төраға бекiтедi. Әдетте, оның құрылымы департаменттер мен басқармалардан тұрады. Агенттiк төрағасының жанынан кеңесшi орган – алқа құрылады. Оның құрамын агенттiктiң төрағасы бекiтедi. Агенттiк төрағасының бұйрықтары агенттiктiң құқықтық актiлерi болып табылады. Министрлiктер, агенттiктер мен өзге де орталықтандырылған атқарушы органдар туралы ережелердi, сондай-ақ, оларға құрылымдық жағынан бағынышты мемлекеттік мекемелердiң штат санының лимиттерiн Үкiмет бекiтедi.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Мемлекеттік қызмет жөнiндегi агенттiк, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттік комиссия, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiк, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi үкiмет құрамына кiрмейдi, оларға ҚР Президентiне тiкелей бағынатын және оған есеп беретiн мемлекеттік орган мәртебесi берiлген. Орталықтандырылған атқарушы органның құрылымдық комитеті тиiстi орталық атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. Оны тиiстi орталықтандырылған атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкiмет құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Құрылымдық бөлiмше орталық атқарушы құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау-қадағалау мiндеттерiн жүзеге асырады, сондай-ақ, салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады немесе мемлекеттік басқарудың iшкi саласына басшылық жасайды. Орталықтандырылған атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкiмет бөлiмшенiң басшысын қызметке тағайындайды және оны қызметтен босатады. Оның құрылымын, құзыретiн және басқа мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылының тәртiбiн үкiмет белгiлейдi.

Үкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды. Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi. Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды. Республика Үкiметi Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi бiткенше iс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президентi алдында өзiнiң өкiлеттiгiн доғарады. Республика Үкiметiнiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн Республика Үкiметi өз мiндеттерiн атқара бередi. Республиканың жаңадан сайланған Президентiнiң алдында өкiлеттiгiн доғару Үкiметтiң жаңадан сайланған Мемлекет басшысының атына жолданған және Үкiмет мүшелерi қол қойған жазбаша өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады. Өкiлеттiктi доғару туралы мүшелерiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселені Парламент Мәжілісіне жолданатын жазбаша өтініш арқылы қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді. Егер өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санайтын болса, Үкiмет және оның кез келген мүшесi Республика Президентiне өзiнiң орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi де орнынан түседi.

Республика Конституциясында көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы Республика Президентiне мәлiмдейдi. Республика Президентi орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң немесе оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуi қабылданбаған ретте, Президент оған өз мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыра берудi тапсырады. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi атқарып келген қызметiнен босатылуға тиiс. Премьер-Министрдiң қызметiнен босатылуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Республика Президентi өз бастамасымен Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметiнен босатуға хақылы.

Республика Парламентiмен қарым-қатынасы:

- Республика Үкiметiнiң заң шығару бастамашылығы құқығы болады, ол тек қана Парламент Мәжiлiсiнде жүзеге асырылады.

- Заң актiсiнiң жобасын енгiзу туралы шешiм Үкiметтiң тиiстi қаулысын шығару жолымен қабылданады.

- Республика заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi, оларды министрлiктердiң, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылайды;

- Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi табыс етедi;

- мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты ұлғайтуды көздейтiн Республика заңдарының жобалары жөнiнде қорытындылар бередi;

- Парламент депутаттарының сұрауларына жауап бередi.

- Республика Президентiн Президент тапсырмаларының орындалуы және өз қызметiнiң басқа да бағыттары туралы ұдайы хабардар етiп отырады;

- Республика Президентi актiлерiнiң орындалуын ұйымдастырады және оларды министрлiктердiң, өзге де орталық, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;

- заң жобасын Парламент Мәжiлiсiне енгiзу туралы Президенттiң тапсырмаларын орындайды;

- мемлекеттiк бағдарламаларды Президенттiң бекiтуiне ұсынады.

- Үкiмет Республика Президентiмен Үкiметтiң заң жобалары жөнiндегi жұмыстарының жоспарларын келiседi.

Республика Үкiметi Республика Конституциясының, заңдарының, Президент актiлерiнiң, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде және оларды орындау үшiн нормативтiк және жеке қаулылар шығарады. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Үкімет қаулыларына Республика Премьер-Министрі қол қояды. Республика Премьер-Министрi өкiмдер шығарады. Премьер-Министрдiң өкiмдерi әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке-дара сипаттағы мәселелер бойынша шығарылады. Өздерiнiң құзыретi шегiнде қабылданған Үкiмет қаулылары мен Республика Премьер-Министрi өкiмдерiнiң Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады. Үкiмет қаулылар мен Республика Премьер-Министрiнiң өкiмдерi Республика Үкiметiнiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен әзiрленедi және қабылданады. Үкiмет қаулыларының күшiн Республика Президентi мен Үкiметi жоя алады.

Премьер-Министр өкiмдерiнiң күшiн Республика Президентi, Үкiметi және Премьер-Министрi жоя алады.

Жергілікті атқарушы органдар – жоспарларды, аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жасауды жүзеге асырады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікті баскарады. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерінен босатады, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты өзге де мәселелерді шешеді. Жергiлiктi атқарушы органды Республика Президентi мен Үкiметiнiң өкiлi болып табылатын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкiмi басқарады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері қызметке Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға хақылы.2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

Егер заңшығарушы және атқарушы конституция көпшілік елдердің бір немесе екі жоғарғы үкіметінің құрылымдарына тапсырылса, онда сот үкіметінің жағдайы күрделірек болады. Ол сот органдарының барлық жоғарғы және төменгі құрылымдарына сүйене отырып тапсырылады. Өзінің жүйедегі орнынан тәуелсіз, әрбір сот құрылымы өз алдына нақты істерді тек қана заңмен және құқықтық сананы негізге ала отырып рұқсат береді. Жоғарғы Сот қана емес, әрбір сот жүйесі сот билігін ұстаушы болып табылады.

Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. ҚР Конституциялық Кеңесінің 15.02.02 ж. № 1 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қарСот билiгi сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот iсiн жүргiзу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады. 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады.

Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзiне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды. Сонымен қатар Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады.

ҚР Конституциясының, 77-бабына сәйкес, судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi соттың қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi, және ол заң бойынша жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.

Заңды қолданған кезде судья төмендегi принциптердi басшылыққа алуға тиiс: адамның кiнәлi екендiгi заңды күшiне енген сот үкiмiмен танылғанша ол жасалған қылмысқа кiнәлi емес деп есептеледi; бiр құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де қайтадан қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартуға болмайды; өзiне заңмен көзделген соттылығын оның келiсiмiнсiз ешкiмнiң өзгертуiне болмайды; сотта әркiм өз сөзiн тыңдатуға құқылы; жауапкершiлiктi белгiлейтiн немесе күшейтетiн, азаматтарға жаңа мiндеттемелер жүктейтiн немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың керi күшi болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейiн ол үшiн жауапкершiлiк заңмен алынып тасталса немесе жеңiлдетiлсе, жаңа заң қолданылады; айыпталушы өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес; ешкiм өзiне-өзi, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгiленген шектегi жақын туыстарына қарсы айғақ беруге мiндеттi емес. Дiни қызметшiлер өздерiне сенiп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға мiндеттi емес; адамның кiнәлi екендiгi жөнiндегi кез келген күдiк айыпталушының пайдасына қарастырылады; заңсыз тәсiлмен алынған айғақтардың заңды күшi болмайды. Ешкiм өзiнiң жеке мойындауы негiзiнде ғана сотталуға тиiс емес; Қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берiлмейдi. Конституциямен белгiленген сот төрелiгiнiң принциптерi Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бiрыңғай болып табылады. ҚР Конституциялық Кеңесінің 10.03.99 ж. № 2/2; 20.12.00 ж. № 21/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз