Коагглютинация реакциясы.

Бұл реакция - агглютинация реакциясының бір түрі: стафилококктың А—белогы иммуноглобулиндердің IgG тобы молекуланың Ғс-фрагментімен спецификалық емес байланысуға қабілетті. Коагглютинация реакциясын қою үшін стафилококктың Cowan—1 штаммын қолданылады (осыдан әдістің атауы - Co—(Ко-)-агглютинация.

Коагглютинация реакциясьгн екі вариантта қолданылады:

1. Әр түрлі биологиялық сұйықтықтарда патогенді микроорганизмдердің антигендерін табу үшін (несепте т.б.) Бүл үшін антиденелік Ко—диагностикум дайындайды: - стафилококк жасушаларының үстінде белгілі спецификалық IgG-ді адсорбциялайды (жабыстырады). Зерттейтін құралда антиген (Аг) бар болса еңгізген Ко— диагностикумымен тез арада агглютинация болады.

б) антигені бар зерттеу құралға қосу.

Осындай вариант көкжөтел, менингококтық инфекциялардың және т. б. тез арада анықтауын қою үшін қолданылады.

2. Созылмалы бактериялық инфекцияларды анықтау үшін.

Созылмалы инфекциялардың қоздырғыштары өз беткейінде спецификалық антиденелерді тасымалдайды, сондықтан олар стафилококк Cowan-1 штаммымен агглютинация реакциясын беруі мүмкіндігі бар. Мысалы, пиелонефрит ауруында әр түрлі шартты-патогенді бактериялар бөлінеді (E.coli, P.aeruginosa, эпидермальды стафилоккк және т.б.).

Шығарып алынған дақыл Cowan-1 штаммымен агглютинация берсе, бұл созылмалы инфекция деп есептелінеді.