Тарау VI

НАУҚАСТАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ

Тамақтану – адам ағзасына қажетті физиологиялыық қажеттіліктердің бірі. Тамақтану рациональды болғаны маңызды. Тамақтың негізгі ингредиенттері; ақуыз, май, көмірсулар, минеральды заттар, дәрумендер және су. Ақуыз, май және көмірсулар тіндер мен жасушалардың жұмыс істеуіне қажетті «құрылыс материалдары» болып табылады.Теңдестірілген тамақтану формуласы – бұл ақуыз, май және көмірсулардың науқас рационындағы қатынасы 1:1:4.

1. Негізгі тағам ингредиенттері

Ақуыз – тірі жасуша және жасуша аралық заттардың негізі, жасушалардың, тіндер мен мүшелердің, ферменттердің, гормондар мен гемоглобиннің, иммунды денелердің түзілуіне қажетті материал. Ақуыз зат алмасудың дамуын, өсуін қамтамасыз етеді, генетикалық ақпарат беруге қатысады, жасушаның тыныс алуын, бұлшық еттердің жиырылуын, тіндерге оттегіні тасымалдауды, иммундық жауапты қамтамасыз етеді. Ағзада ақуыз қоры болмайды, сондықтан ақуыз тамақпен қажетті мөлшерде түсіп тұруы қажет. Ересек адамдарда ақуызды қолдану мөлшері 1 кг дене салмағына тәулігіне 0,7-1,5 г құрайды, сондықтан оның 1/3 бөлігі толық жануар текті ақуыз болу керек, ал 2/3 бөлігі – өсімдік текті.

Ақуызға жануар текті тағамдар (ет, балық, сүт, ірімшік, йогурт), және өсімдің текті тағамдар бай (нан, жармалар, жұмыртқа, жаңғақ).

Ақуыздың ағзадағы жеткіліксіздігі жалпы жағдайдың нашарлауына әкеледі: иммунитеттің төмендеуіне, бауыр, ұйқы безі, бүйрек, жүрек, қан жүйесі және жүйке жүйесінің қызметін төмендетеді. Ақуыз мөлшерінің жоғарлауынан бауырда артық майдың жиналуы, ішекте тағамның шіруі байқалып, дәрумен алмасу бұзылады.

Майларорганизмдегі негізгі энергия көзі болып табылады. Майлар ағзада пластикалық үрдістерге қатысады (жасуша мембранасының құрамына кіреді), майда еритін дәрумендердің көзі болып табылады (A, D, E, K) және май алмасуды және қандағы холестерин мөлшерін реттейтін және орын толтырмайтын полиқанықпаған май қышқылдары (арахидон, линоль, линолен) болып табылады.

Майлар шығу тегіне байланысты жануар және өсімдік текті болып бөлінеді, олардың тамақ рационындағы оптимальды қатынасы 2:1 құрайды. Май көзі болып табылатын майлар (өсімдік, сары және тұшытылған майлар), маргариндер, кулинарлы майлар, шпик, шошқа майы, грек жаңғағы, ыспен ысталған шұжық. Қаймақ, ірімшік массасы, голланд ірімшігі, шошқа етінде, үйрек, қаз еттерінде шұжықтарда, шпротта (консерві), шоколадта, халвада майдың құрамы өте көп. Рационда тәулігіне жануар текті май 70% , ал өсімдік текті майлар 30% болу қажет.

Тамақтануда майдың шамадан тыс мөлшері - бауыр, ұйқы безінің зақымдалу қаупін, семіздік, атеросклероз, өт тас ауруын, онкологиялық аурулардың дамуын туғызады.

Тамақ құрамында майдың жеткіліксіз болуы ағзаның дамуын және өсуін тежейді, репродуктивті қызметті тежейді, холестерин алмасуды тежейді, жүйке жұмысының жұмысына және миға негативті әсер тигізеді. Сондықтан майды қажетті мөлшерде қолданған маңызды.

Көмірсуларағзадағы негізгі энергия көзі болып табылады. Көмірсулар ішектің және ішек флорасының қызметін қалыпқа келтіруге және холестерин мен өттің бөлінуіне қажетті. Олар бұлшықеттің, жүйке жұмысының, жүректің жұмысына маңызды. Ересек адамдарла тәуліктік қажеттілігі – 400-500 г.

Көмірсулар өсімдік текті тағамдардың құрамында болады.: көкөністер, жемістер, тәтті өнімдерде, балда, нанда, жармада, саңырауқұлақта, жаңғақта, тәтті шырындарда.

Көмірсулардың жеткіліксіздігі май және ақуыз алмасудың бұзылуына әкеледі: ағза энергия көзі ретінде тағамдағы ақуыздар мен майларды және бұлшықет тініндегі майларды қолданады. Қанда май қышқылдарының қалдық өнімдері және кейбір амин қышқылдары кетондар жиналады. Кетондардың шамадан тыс жиналуы ағзаның ішкі ортасын қышқыл жаққа бағыттап ми тіндерін уландырып, есін жоғалтып, ацидозды кома тудыруы мүмкін.

Көмірсулардың шамадан тыс мөлшерде болуы семіздікке, қантты диабеттің дамуына әкеп соқтырады.

Судене салмағының 60% құрайды. Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Суға тәуліктік қажеттілік 2,5 литрге жуық. Егер тамақсыз 50 күн өмір сүруге болса, сусыз бір апта да өмір сүру мүмкін емес, адам 5 күннен кейін өледі.1-2% су жоғалтқанда адам шөлдейді, 10% - галлюцинация басталады, 12% адам арнайы медициналық көмексіз қалыпқа келмейді, ал 20% өлім туады.

Су тағамды энергияға айналдыруда маңызды роль атқарады, тағамның ағзаға сіңірілуін жүзеге асырады, оттегіні тыныс алуға ылғалдандырады, дене температурасын реттейді, зат алмасуда басты рөл атқарады, буындарды құрғатпайды, ағзадан қалдық заттарды шығарады. Ересек адамдарда суға тәуліктік қажеттілік 1 кг салмаққа 30-40 грамм.

Су жетіспегенде ағза сусызданады, белгілері терінің құрғауы, назар аударудың төмендеуі, бастың ауырсынуы, қан қысымының көтерілуі, бүйрек жұмысының төмендеуі, құрғақ жөтел, арқада және буындарда ауырсыну байқалады.

Суды шамадан тыс қолданғанда айналымдағы қанның көлемі көбейеді, ол жүрекке күш түсіреді, ісіктер пайда болады.

Минералды заттарбарлық мүшелер мен жүйелердің қалыпты өмір сүруіне қажетті адам тамағының негізгі компоненті болып табылады. Менделеевтің периодты жүйесінің 106 элементінен адам ағзасында үнемі болатын 62 түрі анықталды, оның ішінен 25-і қалыпты өмір сүруге қажетті, 18- абсолютті түрде қажетті, ал 7-і пайдалы.

Минералды заттар макроэлементтер және микроэлементтер болып екіге бөлінеді. Макроэлементтер тіннің құрылуына қатысады, ағзаның қышқыл-негіз жағдайын және су-тұз алмасуды реттейді. Микроэлементтер ферменттер, гормондар, дәрумендердің әсерін белсендендіреді және алмасу үрдістеріне қатысады. Макроэлементтерге кальций, фосфор, калий, магний, натрий, хлор, күкірт кіреді. Микроэлементтерге темір, мыс, марганец, цинк, кобальт, йод, фтор, хром, молибден, ванадий, никель, олово, кремний, селен жатады.

Көптеген минералды заттардың ішінен тәуліктік рационда 6 элемент қарастырылған: Ca, P, Mg, Fe, Zn, I.

Кальций сүйек, бұлшықет тінінің құрамына кіреді, қанның ұюына, жүйке импульстарының өткізгіштігін, бұшықеттердің жиырылуын қамтамасыз етеді, тамыр қабырғасының өткізгіштігін төмендетеді. Ересек адамдарда кальцийге қажеттілік тәулігіне 800 мг құрайды. Жүктілік кезінде – 1200 мг, ал әйелдерде 50 жастан кейін, ер адамдарда 60 жастан кейін тәулігіне 1000 мг құрайды.

Кальцийдің негізгі көзі – сүт және сүт өнімдері, кальцийдің көп мөлшері жемістер мен көкөністерде: қырыққабат, сәбіз, көк шөпте, қауында, алмада, алмұртта, цитрустарда бар.

Кальцийдің жеткіліксіздігі ас қорыту жүйесінің ауруларында байқалады (энтерит, панкреатит, өт жолдарының аурулары), гармондарды ұзақ уақыт қолданғанда байқалады. Кальций жетіспесе парестезия, бұлшықеттің тартылулары, остеоартроз дамиды. Кальций шамадан тыс көп болса кальций ішкі мүшелерде (әсіресе бүйректе), бұлшықеттерде, тамырларда жиналады.

Фосфор сүйек тінін түзуге, бұлшықет тінінің, бауыр және бүйрек зат алмасуына қатысады, жүйке импульсінің өткізгіштігіне, гормондардың түзілуіне, қышқыл-сілті тепе-теңдігінде рөл атқарады.

Ересек адамдарда фосфорды қолдану деңгейі тәулігіне 1200 мг, ал жүкті әйелдер мен жасөспірімдерде - 1800 мг құрады, сондықтан бұл элементтің жеткіліксіздігі сау адамдарда кездеспейді.

Фосфор ірімшікте, сүзбеде, жұмыртқада, етте, балықта, уылдырықта көп кездеседі.

Фосфор жеткіліксіздігінде бұлшықетте, сүйектерде ауырсыну, жиі суық тию, бауыр жұмысының бұзылуы, зат алмасуда күрделі өзгерістер, қан құйылулар, жүректе ақаулы өзгерістер, остеопороз, иммунитеттің төмендеуі байқалады.

Фосфордың көп мөлшерде болуы сүйектен кальцийдің шығарылуын үдетеді, ал бүйректе, сіңірлерде, жүрек бұлшықетінде және қолқада кальцийдің жиналуын тудырады.

Магний фосфор-кальций алмасуға қатысады, сүйектің және жұмсақ тіндердің құрамына кіреді, көмірсу алмасуын реттейді, ішектің қозғалыс қызметін күшейетеді, тартылуға қарсы әсер береді. Тәуліктік қажеттілік - 400 мг.

Магний қажетті мөлшерде өсімдік текті тағамдарда, нанда, бұршақта, бидайда, кептірілген жемістерде болады.

Магний жеткіліксіздігінде бұлшықеттің тартылулары тахикардия, есту галлюцинациясы байқалуы мүмкін.

Магний көп мөлшерде орталық жүйке жүйесінің тежелу үрдістерінің күшеюі, остеопороз, қан қысымының төмендеуі, парестезия байқалады.

Темір қан түзуді және ағзадағы тіннің тыныс алуын қамтамасыз етеді, бұлшықеттегі миоглобиннің құрамына кіреді. Ағзадағы темірдің 60% -і гемоглобиннің құрамында болады. Сонымен қатар темір ферменттердің құрамында болады. Темірге тәуліктік қажеттілік әйелдерде - 18 мг, ал еректерде - 10 мг. Жүктілік және бала емізу кезінде бұл қажеттілік жоғарлайды.

Темір көзі ет тағамдарында, жармада, нанда, жұмыртқада, аз түрде көкөністерде болады.

Темір жеткіліксіздігінде анемия (қаназдық) дамиды. Темірдің құрамы рационда 25 мг-нан жоғарлағанда ішекте басқа элементтердің сіңірілуі нашарлайды, әсіресе фосфор және цинктің.

Цинк ағзадағы бірқатар биологиялық қызметті атқарады: 200-ден ас ферменттің түзілуіне қатысады, генетикалық аппараттың қызметіне әсер етеді, қалыпты өсу, жыныстық жетілу және жыныс мүшелерінің қызметіне, қан түзуге, иіс сезу және дәм сезудің қалыптасуына әсер етеді. Zn-тің тәуліктік қажеттілігі ересек адамдарда және егде жастағы адамдарда 15 мг құрайды.

Цинк көзі сиыр, қой, құс етінен жасалған тағамдарда, жұмыртқада, саңырауқұлақта, жармада кездеседі.

Цинк жеткіліксіздігінде көптеген бұзылыстар және аурулар пайда болады: өсудің тоқтауы, терінің зақымдалуы, жүйке және психикалық бұзылыстар, анемия, иммунитеттің төмендеуі байқалады. Цинк көп мөлшерде болса бауыр, ұйқы безі және аталық без қызметінің бұзылыстары дамиды.

Калий және натрий ағзаның өмір сүруінде маңызды рөл атқарады. Бұл элементтердің негізгі рөлі – қышқыл-сілті тепе-теңдігін ұстап тұру. Калий ағзадан сұйықтықтың шығуын ал натрий судың ұсталуына әсерін тигізеді.

Калий жүрек бұлшықетінің жиырылуын реттейді. Сонымен қатар ақуыз синтезіне, жүйке импульстарының өткізілуіне қатысады, бауыр, бүйрек және ішектің қалыпты қызмет істеуін қамтамасыз етеді. Калийге тәуліктік қажеттілік 2-3 г.

Теңестірілген тамақтануда оның мөлшері жеткілікті. Адам калийді негізінен өсімдік текті тағамдардан алады: бұршақ, фасоль, картоп, мейіз, шабдалы, теңіз қырыққабаты, банан, қызнақ, ананаста және т.б.

Калий жеткіліксіздігінде бұлшықеттерде әлсіздік пайда болып, бүйрек үсті безінің қызметі төмендейді, кіші дәреттің жиілеуі, қан қысымының жоғарлауы, жүрек ырғағының бұзылуы, жүрек жеткіліксіздігі, психикалық күйзелу және т.б. байқалады. Калий көп мөлшерде болса (адам үшін токсикалық дозасы 6 г, өлім туғызатын дозасы – 14 г) жүйке-бұлшықеттерде бұзылыстар, тіпті қаңқа бұлшықеттерінде салдану дамиды, жүрек ырғағы, ішек жұмысы бұзылады, диабеттің дамуына қауіп туады.

Натрий. Ағзада су балансын реттеуден басқа натрий жүйке импульстарының өткізгіштігін жақсартады, қанның құрамына кіре отырып қан көлемін реттейді, қан қысымын қалыптандырады, асқорытуды жақсартады. Натрий тағамдарда аз мөлшерде кездеседі. Негізінен ағзаға ас тұзымен түседі. Натрийге қажеттілік – 6 г, ал ас тұзына тәуліктік қажеттілік 5–6 г.

Натрий жеткіліксіздігінде сусыздану белгілері байқалады (салмақтың төмендеуі, құсу, шөлдеу, терінің серпімділігінің төмендеуі), жүйке жұмысының қызметі бұзылады (апатия, кома, психиканың бұзылуы, есінің шатасуы), жүректе (тахикардия, артериалды гипотензия), бүйректе (олигурия, анурия, азотемияның күшеюі).Натрийдің шамадан тыс көп мөлшерде болуы ісіктерді туғызады, қан қысымын жоғарлатады, жүрек және бүйрекке күш түсіреді.

Дәрумендер (от лат. vita – өмір) – олар ағзада синтезделмейтін (немесе аз синтезделетін) тамақпен түсетін төменгі молекулалы органикалық қосылыстар. Дәрумендер алмасу үрдісіндегі реттеуші болып табылады және адам ағзасының барлық өмір сүру үрдісіне қатысады. Дәруменнің бір түрінің ағзаға аз мөлшерде түсуі гиповитаминоз тудырады, ал бірнеше түрінің аз түсуі полигиповитаминоз, ағзада дәрумен ресурсының толық жойылуы –авитаминоз, ал керісінше дәрумендердің көп мөлшерде болуы – гипервитаминоз тудырады.

Дәрумендер 3 топқа бөлінеді:

Ø Суда еритін (С, В1, В2, В6, РР (никотин қышқылы), Р, В12, В3, фолий қышқылы, биотин).

Ø Майда еритін (A, D, E, K).

Ø Дәрумен тәрізді қосылыстар (холин, инозит, U дәрумен, липой қышқылы, оротат қышқылы, В15 дәрумені).

С дәрумені (аскорбин қышқылы) қан түзуді, орталық жүйке жүйесінің жұмысын және иммунитетті реттейді. Тәуліктік қажеттілік 70 мг. С дәруменінің жеткіліксіздігі тез шаршағыштық, ал иммунитеттің төмендеуінен жиі сырқаттану байқалады. С дәруменінің нағыз көзі – бақша жасылы, жаңа піскен шикі көкөністер, жемістер және жидектер. Әсіресе итмұрын және қарақатта.

B1 дәрумені (тиамин) жүйке жұмысының (орталық және шеткері) дұрыс қызмет атқаруына маңызды көмірсу және амин қышқылы алмасуын реттейді, В дәруменің жеткіліксіз болуы тітіркендіргіштікті жоғарлатады, жүрек-қан тамыр бұзылыстарын тудырады, асқорытуды бұзады және ұйқысыздық пайда болады. В дәруменінің тәуліктік қажеттілігі 1,8 мг. В дәруменінің ең бағалы көзі — құрғақ сыра ашытқысы, шошқа етінде, бидайда, нанда.

В2 дәрумені (рибофлавин) ақуыз, май алмасу және тіндердегі қышқылдану үрдісін реттейді, көрудің жарыққа өткірлігін жақсартады, жүйке жүйесінің қызметіне жақсы әсер етеді, тері, бауыр қызметін жақсартады, қан түзуге қатысады. В2 дәруменінің тапшылығы шырышты қабаттарда қабыну өзгерістерін тудырып, шаштың түсуін күшейтеді. Тәуліктік қажеттілік - 2 мг. Рибофлавин етте (бауырда), балықта, жұмыртқада, құста, нанда, қарақұмық жармасында және сүт өнімдерінде болады.

В6 дәрумені (пиридоксин) ағзадағы көптеген алмасу үрдістеріне қатысады, жүйке жүйесінің, бауыр, қан түзу қызметіне әсер етеді. Тәуліктік қажеттілік - 2 мг. Дәруменнің жеткіліксіздігі жүйке бұзылыстарына, терінің тітіркенуіне әкеледі. В6 дәруменінің көзі – ет, балық, жұмыртқа, картоп.

В12 дәрумені (цианкоболамин) қан түзуге қажетті, жүйке жүйесінің жағдайына әсер етеді, бауырдағы май алмауға қатысады. Тәуліктік қажеттілік – 2-3 мкг. В12 дәруменінің жеткіліксіздігі кезінде жалпы әлсіздік, бас айналу, тәбетінің төмендеуі, тыныс алудың қиындауы, көрудің нашарлауы байқалады. Бұл дәрумен жануар текті тағамдарда әсіресе бауырда кездеседі. Өсімдік текті тағамдарда бұл дәрумен тіпті болмайды.

РР дәрумені (никотин қышқылы) жасушаның тыныс алуына қатысады, жоғарғы жүйке, асқорыту, қан түзу мүшелерінің қызметін реттейді, жүрек-қан тамыр жүйесіне, холестерин алмасуға әсер етеді. Тәуліктік қажеттілік – 20 мкг. Жеткіліксіздік кезінде – депрессия, бастың ауырсынуы, аяқ-қолдың ауырсынуы, теріде жарылуылар байқалады. Етте және балықта болады.

А дәрумені ағзаның өсуіне және көруге жауап береді, тіндік тыныс алуға эндокринді бездердің қызметіне әсер етеді. Тәуліктік қажеттілік - 1 мг. Дәрумен жеткіліксіздік кезінде көру нашарлайды («соқыр тауық»). Көп мөлшерде мына тағамдарда болады: сәбіз, сиыр бауыры, балық майы, қызанақ, жасыл жуа, қызыл бұрыш, сары май.

D дәрумені кальций және фосфор алмасуды реттейді, олардың ішектен сіңіріліп сүйекке өтуі жүзеге асырады. Тәуліктік қажеттілік ерексектерде – 2,5 мг. Ана сүтін еметін балаларда дәрумен жеткіліксіз болса рахит ауруын тудырады. D дәруменінің көзі балық майы, балық уылдырығы, жұмыртқа сарысы, сары май, ірімшік, сүт, шамалы мөлшерде саңырауқұлақта.

Е дәрумені жыныс жүйесінің қалыпты қызметін реттейді, бұлшықеттің жұмысын нығайтады, ақуыз және көмірсу алмасуға қатысады, А және D дәрумендерінің, майдың сіңірілуін жақсартады. Тәуліктік қажеттілік 10 мг. Е дәрумені жеткіліксіз болса бұлшықетте әлсіздік, жүйке жүйесінің күйзелуі, теріде өзгерістер болады. Е дәрумені жеткілікті мөлшерде салат жапырағында, бидайда, мақта майында, барлық жасыл көкөністерде, жұмыртқа және жануар майында, ең көп мөлшерде өсімдік майында кездеседі.

К дәрумені қан түзуді реттейді. Тәуліктік қажеттілік - 60-140 мкг. Дәрумен жеткіліксіз болса қан кетулер, қызыл иектен қан кету, анемия байқалады. Мына тағамдарда болады: шпинат, қырыққабат, асқабақ, қызамық, бауыр.

Сондықтан науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде ас өнімдеріндегі ингредиенттердің құрамын және олардың адам ағзасына қатынасын, әсерін ескеру қажет.

2. Тамақтану режимі

Тамақтану режимі бір күндегі тамақтану санын көрсетеді; әрбір тамақтану арасындағы тәуліктік рационның бөлінуі; тамақтану уақыты және тамақтану аралығындағы интервал; тамақтану кезіндегі адамның өзін ұстауы. Тамақтану ретті, ырғақты және аз мөлшерде болуы қажет. Күнделікті белгілі бір уақытта тамақтану асқазан сөлінің бөлінуіне шартты рефлекстің пайда болуына әсерін тигізеді. Тамақтандыру ережесін ұйымдастыру асқорыту мүшелерінің қызметін реттейтін және қолдайтын фактор болып табылады, тамақтың ағзаға сіңірілуге ең ыңғайлы кезде түсуін қамтамасыз етеді. Ретсіз және мерзімсіз тамақтану асқорыту аппаратының физиологиялық ырғағын және асқорыту бездерінің қызметін бұзады, тағамның сіңірілуін төмендетеді, әртүрлі ауруларды тудырады.

Ересек адам үшін ең ыңғайлы рационалды тамақтану тамақты 4 мезгіл қабылдау, бірақ 3-ке дейін шектеуге болады. Тамақты қабылдау санын қысқарту кезінде ағзадағы ақуыздар қолданылады, адам өзін нашар сезінеді. Егде жастағы және семіздікке бейім адамдарға тәулігіне тамақты 5-6 рет ішу ұсынылады. Тамақты қабылдау арасындағы уақыт жалпы күн тәртібіне байланысты. Тәуліктік рационды келесіде бөлген ыңғайлы:

- тамақты бірінші қабылдау (таңғы ас) жұмысқа шығар алдында дұрыс толық тамақтану қажет және тәуліктік калорияның 30% -ын құрайды;

- екінші таңғы ас (жұмыста) – 15-20%;

- түскі ас – шамамен 35-40%;

- кешкі ас – 10-15%.

Тәуліктік рацион осылай таралғанда таңертең ағза ас қорыту мүшелеріне күш түсірмей энергияның және пластикалық материалдың жақсы қорын алады. Екінші таңғы ас өте аз мөлшерде болуы тамақтың жақсы қорытылуына және бірінші таңғы ас пен түскі астың арасындағы интервалды ұлғайтады. Түскі ас жұмыс жасау кезіндегі ағзадағы энергияның орнын толтыру қажет. Кешкі асты ұйықтар алдында 1,5-2 сағат бұрын қабылдау дұрыс. Бұл уақыт аралығында асқазандағы ас ішекке түсіп үлгереді, сондықтан адам тыныш ұйықтайды, себебі ішектегі ас асқазандағы асқа қарағанда орталық жүйке жүйесін аз тітіркендіреді.

Сондықтан тамақтану режимін дұрыс сақтау салауатты өмір сүрудің және рационалды тамақтанудың маңызды себебі болып табылады.

 

3. Емдік тамақтандыру

Емдік тамақтандыру әртүрлі аурулардың комплексті емінің құрамына міндетті түрде кіреді. Емдік тамақтандыру (диетотерапия) – емдік әсер беретін және ингредиенттердің сандық және сапалық қажеттіліктерін қанағаттандыратын тамақтану.

Науқасты тамақтандырудың келесі түрлері бар:

· Пероральды (кәдімгі) тамақтану.

· Энтеральды (зондпен) – зонд арқылы, асқазанға енгізу.

· Парентеральды – қоректік заттарды тамырға енгізу.

Диета – сырқаттану кезінде және аурудың алдын-алу мақсатында пациентке арналған тамақ рационы (тағамның тәуліктік мөлшері). Диетаны құру үшін тамақ құрамын, оның калориясын, тәуліктік рационды (тағамның жалпы мөлшерін) және ингредиенттің санын: ақуыз, май, көмірсулар, минералды заттар, дәрумендер және судың мөлшерін білу қажет. Диетаны тағайындау кезінде аурудың даму механизмі, зат алмасу жағдайы, тамақтың сіңірілуі ескеріледі. Диетаның қажеттілігі және оны қолдану мерзімін дәрігер анықтайды, палаталық мейірбике парционник құрайды, онда әртүрлі диеталық үстелдің нөмірі және жеңілдетілген диетаның түрі көрсетіледі. Мәзірді құру, тамақтың сапасын бақылауды дәрігер-диетолог немесе диеталық мейірбике жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының емдеу тәжірибесінде М.И.Певзнер бойынша емдік диетаның нөмірлік жүйесі қолданылады, бұл жүйе әртүрлі сырқаты бар науқастардың диетотерапиясын арнайы және жеке тұрғыда қамтамасыз етеді.

М.И. Певзнер бойынша емдік үстелдің (диетаның) сипаттамасы

Көрсеткіш: Қатты тағамды қолдау мүмкін болмаса және қиындаған жағдайда қолданады. Бұндай жағдай асқазан-ішек жолдарына операция жасалғаннан кейін, есі бұзылғанда, мысалы инфекциялық ауруларда және қызба кезінде.

Жалпы сипаттамасы: диета сұйық, желе тәрізді тамақтан тұрады, қайнатпалар, жеңіл ет сорпасы, кисель және т.б.

Тамақтану режимі: тамақты аз мөлшерден жиі береді. Диета бірнеше күнге созылады.

Диета №1а .

Көрсеткіш: Бұл үстел асқазанға механикалық, химиялық және температуралық агрессияның максимальды түрде шектеу үшін ұсынылады. Бұл диетаны асқазан жарасы, қан кету белгілерімен, жедел гастрит кезінде тағайындайды.

Жалпы сипаттамасы: диета ақуыз, май, көмірсудың физиологиялық мөлшерінен, ас тұзының шектелуінен және асқазан және он екі елі ішекті механикалық және химиялық тітіркендіруден сақтайды. Барлық тағамдар суға немесе буға пісірілген, сұйық және ботқа тәрізді консистенциялы.

Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 5-6 рет береді.

Диета №1б .

Көрсеткіш: бұл үстел №1а үстелге ұқсас, асқазанға механикалық, химиялық және температуралық агрессияның шектеу үшін ұсынылады. Бұл үстел асқазан және он екі елі ішек жарасы ауруының шамалы өршуінде, созылмалы гастрит кезінде қолданылады.

Жалпы сипаттамасы: диета ақуыз, май, көмірсудың физиологиялық мөлшерінен, ас тұзының шектелуінен және асқазан және он екі елі ішекті тітіркендіруден сақтайды. Жараның, эрозияның жазылуына әсер етеді, қабыну үрдісін басады.

Тамақты пюре түрінде, сүт және сүт өнімдерін көп мөшерде беріледі. Барлық тамақтар суға немесе буға пісірілген түрде дайындалады.

Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 6-7 рет береді.

Диета №1

Көрсеткіш: Асқазан және он екі елі ішек ойық жарасының өршу кезеңінің басылу сатысында, ремиссия немесе жазылу кезеңінде (диеталық емнің ұзақтығы 3-5 ай), жедел гастриттің жазылу кезеңі немесе реконвалесценция фазасы, секреторлы жеткіліксіздігі бар созылмалы гастритің өршу сатысы, қалыпты және жоғарғы секрециялы созылмалы гастрит.

Жалпы сипаттамасы: диета ақуыз, май, көмірсудың физиологиялық мөлшерінен, ас тұзының (10-12г) шектелуінен және асқазан және он екі елі ішектің шырышты қабатын шамалы механикалық және химиялық тітіркендіруден сақтайды. Тамақты үгітілген, суға немесе буға пісірілген түрде дайындайды. Балық және жұмсақ етті кішкене кесекпен беруге болады. Суық және ыстық тағамдар берілмейді.

Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 5-6 рет береді.

Ұйықтар алдында с.т, кілегей беріледі.

Диета № 1Р (кеңейтілген).

Көрсеткіш: Зат алмасуы бұзылған ауыр ағымды жара ауруы. № 1Р диетасын жазылғанша қолдану керек.

Жалпы сипаттамасы: Диета ақуыз, май, тағам талшықтарына, А, С және В тобының дәрумендеріне өте бай. Тағамдар суға және буға пісірілген, суға пісірілген көкөністер.

Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 6-7 рет аз мөлшерден береді.

Диета №2

Көрсеткіш: секреторлы жеткіліксіздікті созылмалы гастрит, жедел гастриттен жазылу кезеңі, созылмалы энтериттер және өршуден кейінгі колиттер.

Жалпы сипаттамасы: диета физиологиялық толық, асқазанның секреторлы қызметін қоздыру үшін химиялық тітіркену сақталған, асқазанды химиялық тітіркендірмейді. Асқазанда ұзақ уақыт ұсталынатын, қиын қорытылатын, шырышты қабатты және асқазан-ішек жолдарның рецепторлы аппаратын тітіркендіретін тағамдар берілмейді; сұйықтық көлемі -1,5л, ас тұзы - 15г-ға дейін.

Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 5-6 рет береді.

Диета №3

Көрсеткіш: іш қатумен жүретін ішектің созылмалы аурулары. Диета ішек перистальтикасын күшейтуге бағытталған, рационға механикалық, химиялық және температуралық тітіркендіргіштерді енгізу арқылы ішекті босату мақсатына арналған. Дұрыс тамақтанбау салдарынан болатын, ішектің тітіркену белгілерінсіз байқалатын іш қату кезінде қолданылады.

Жалпы сипаттамасы: физиологиялық толық, ішектің моторлық қызметіне механикалық және химиялық стимуляторларды енгізу, ішекті босату және оның қозғалыс қызметін күшейтетін диета түрі (көкөністер, жаңа піскен және кептірілген жемістер, нан өнімдері, сүт қышқылы шырындары). Ішекте ашу және шіру үрдісін күшейтетін, өттің, асқазан және ұйқы безі секрециясын бөлінуін күшейтетін, бауыр және өт шығару жолдарының қызметіне кері әсер беретін тағамдар шектелінеді (эфир майларына, холестеринге бай тағамдар, қуырылған тағамдар). Тағамды суға немесе буға пісіреді. Көкөніс және жемістер шикі немесе суға пісірілген түрде.

Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 4-5 рет береді. Таңертең бал қосылған су немесе шырындар, жатарда –айран, компот, жемістер.

Диета №4

Көрсеткіш: Қатты іштің өтуі байқалатын ішектің созылмалы ауруының өршу сатысы, ішекке операция жасалғаннан кейінгі жағдай.

Жалпы сипаттама: физиологиялық қалыпты мөлшердің төменгі шекарасындағы және қалыпты мөлшердегі ақуыз құрамы, асқазан-ішек жолдарының рецепторлы аппаратын және шырышты қабатын механикалық, термиялық және температуралы тітіркендірмейтін диета түрі. Ішекте ашу және шіру үрдісін күшейтетін, өттің, асқазан және ұйқы безі секрециясын бөлінуін күшейтетін, бауыр және өт шығару жолдарының қызметіне кері әсер беретін тағамдар шектелінеді тағамдар сұйық, қоймалжың, үгітілген, суға немесе буға пісірілген.

Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 5-6 рет аз мөлшерден береді.

Диета №4г

Аглютенді диета. Глютенді энтеропатиясы бар науқастарға тағайындалады, яғни ағза ішектің шырышты қабатының эпителийінде арнайы пептидазаның болмауынан глютенді (ақуыз түйіршіктері) қорыта алмайды, осының нәтижесінен глютеннің құрамындағы глиадиннің ыдырауы жүреді.

Диета № 5а

Бауыр және өт жолдары ауруларының өршу кезеңінде, және олардың колит және гастритпен қосарлауында, созылмалы колитте (жедел гепатит, жедел холецистит, холангит, созылмалы гепатит және холециститтің өршуінде), бауырға операция жасалғаннан кейін тағайындалады. Бұл кезде зақымдалған мүшелер максимальді түрде қорғалады, бауыр және басқа да асқорыту мүшелерінің функциональды жағдайы жақсарады.

Жалпы сипаттамасы: диета физиологиялық толық, май және ас тұзы шамалы шектелген, асқазан-ішек жолдарының рецепторлы аппаратын және шырышты қабатын механикалық, термиялық тітіркендірмейтін диета түрі. Ішекте ашу және шіру үрдісін күшейтетін, өттің, асқазан және ұйқы безі секрециясын бөлінуін күшейтетін, бауыр және өт шығару жолдарының қызметіне кері әсер беретін, бауырды тітіркендіретін тағамдар шектелінеді (экстрактивті заттар; органикалық қышқыл өнімдер, эфир майларына бай қуырылған тағамдар, альдегидтер және акролеиндер, холестеринге, пуринге бай тағамдар).

Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 5-6 рет беріледі.

Диета №5

Көрсеткіш: бауырдың функциональды жеткіліксіздігінің шамалы белгілері бар өршімелі, бірақ қатерсіз ағымдағы созылмалы гепатит, созылмалы холецистит, өт тас ауруы, жазылу кезеңіндегі жедел гепатит, іш қатумен жүретін созылмалы колит, созылмалы гастрит. Бұл диетаны тағайындаудағы мақсат – май және холестерин алмасуды жеңілдету, бауырдың функциясын қорғау, ішектің қалыпты жұмысын қорғау.

Жалпы сипаттамасы: диета физиологиялық толық. Ақуыз және көмірсудың мөлшері ағзаның физиологиялық қажеттілігіне байланысты анықталады, май мөлшері шамалы. бауырды тітіркендіретін тағамдар шектелінеді (экстрактивті заттар; органикалық қышқыл өнімдер, эфир майларына бай қуырылған тағамдар, альдегидтер және акролеиндер, холестеринге, пуринге бай тағамдар). Көкөністер мен жемістерге бай диета басқа тағамдардың өт айдау әсерін күшейтеді, холестериннің нәжіспен шығарылуын күшейтеді. Суық тағам берілмейді. Ащы, майлы, қуырылған, ысталған, сорпалар, консервілер, саңырауқұлақтар, жаңғақтар, шоколад, газды шырындар берілмейді.

Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 5 рет беріледі.

Диета № 6

Көрсеткіш: подагра, зәр қышқылынан тастың түзілуі байқалатын бүрек тас аурулары (уратурия), зәрқышқылды диатез, оксалурия. Тағайындау мақсаты: зат алмасуды (пурин) қалыптастыру, ағзада зәр қышқылы мен оның тұздарының түзілуін төмендетеді, зәр реакциясын сілті ортаға ығыстырады, ішектің барлық қызметін жақсартады.

Жалпы сипаттамасы: пурин қосылыстарына бай тағамдар шектелінеді; ас тұзы шамалы шектеледі; сұйықтық, сүт, жемістер мөлшері басым болады. Ауыр салмақты науқастарға көмірсу шектелінеді.

Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 4 рет беріледі; сұйықтықты 2-2,5 л ге дейін көбейтеді, шәй, шырындар, сілтілі су түрінде.

Диета № 7а

Көрсеткіш: бүйрек жеткіліксіздігі белгілері бар созылмалы нефрит. Тағайындау мақсаты – бүйректі максимальды қорғау, зәрдің бөлінуін күшейту, ақуыз алмасуын жеңілдету, қабынуға қарсы әсер беру.

Жалпы сипаттамасы: ақуыз мөлшері бірден шектелген аз ақуызды диета, май және көмірсу деңгейі қалыпты, тұзы аз, гипонатрийлі диета (тағамды тұзсыз дайындайды, арнайы тұзсыз нан пісіріледі); тағамдығы натрийдің мөлшері 400 мг құрайды, ол 1 г ас тұзымен сәйкес; бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарды азотемия кезінде дәрігердің тағайындауы бойынша 1-3 г ас тұзы қосылады, оларға алдыңғы тәулікте қанша зәр бөліп шығарса сонша сұйықтық мөлшерін қолдануға болады.

Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 4 рет беріледі;

Диета № 7б

Көрсеткіш: азотемиясы бар бүйрек ауры. Бұл үстелді тағайындау мақсаты — бүйрек паренхимасын максимальді түрде қорғау, сонымен қатар шығарылатын зәр мөлшерін көбейту және қабынуға қарсы әсер беру.

Жалпы сипаттамасы:май және көмірсу деңгейі қалыпты, ақуыз мөлшері 45-50 г дейін жоғарлатылған (пісірліген ет немесе балық мөлшері және сүт немесе айран қосылған); тағамды ас тұзының мөлшері 1,5 г дейін жоғарлатылған.

Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 5-6 рет беріледі.

Диета № 7

Көрсеткіш: жедел нефрит, жазылу кезеңі, созлмалы нефриттің өршуден тыс кезеңі және бүйрек жеткіліксіздігі. Тағайындау мақсаты: бүйрек қызметін қорғау, қан қысымын төмендету, су-электролит алмасуын қалыпқа келтіру.

Жалпы сипаттамасы: Тұзсыз диета (2 г). Ақуыз мөлшері шектелген, бірақ №7а және №7б –диетаға қарағанда 80 г дейін жоғарлатылған (пісірліген ет және балықты сүзбені қосу арқылы) май және көмірсу деңгейі қалыпты, сұйықтық мөлшері 1 л дейін шектелген. Ет, балық, саңырауқұлақтың және эфир майының экстрактивті заттары шектелген.

Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 5-6 рет беріледі.

Диета № 7в . Көрсеткіш: нефротикалық синдроммен жүретін созылмалы бүйрек аурулары (гломерулонефрит, амилоидоз, бүйрек туберкулезі, жүкті әйелдер нефропатиясы). Тағайындау мақсаты: ақуыз орнын толтыру, гиперхолестеринемияны, пртоеинурияны төмендету, ісіктерді азайту және кетіру.

Диета № 7г . Көрсеткіш: созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі терминалды жағдай, яғни аппаратпен емделу кезінде (жасанды бүйрек).

Диета № 7р . Көрсеткіш: гиперурикемия, науқас үнемі гемодиализ қабылдау кезіндегі терминальды жағдай.

Диета № 8

Көрсеткіш: арнайы тамақтыну режимін қажет ететін, асқорыту, жүрек-қан тамыр және басқа да жүйелер жағынан асқыныстар жоқ, ой және физикалық еңбек, күш жұмсау кезіндегі семіздіктің әртүрлі сатысы. Тағайындау мақсаты: бұзылған зат алмаусға әсер беру, бірінші кезекте май алмасуына, май жиналуының өршуін басу.

Жалпы сипаттамасы: көмірсуды шектеу арқылы тамақ калориясын (жеңіл сіңірілетін) және майды шектеу (жануар текті); ақуыз мөлшері қалыптыдан жоғары; сұйықтықты шамалы шектеу (1-1,2 л), тұз (5-6 г), тәбетті қоздыратын экстрактивті тағамдар шектелінеді, көкөніс және жемістер жеткілікті мөлшерде. Тағамдар суға, буға пісірілген. Тәтті тағамдардың және шырындардың орнына олардың орнын басушылар қолданылады.

Тамақтану режимі: аштық сезімді басатын аз калориялы, аз мөлшерде тамақты жиі қабылдау.

Диета № 9

Көрсеткіш: қосымша ішкі мүшелердің ауруынсыз, ацидозсыз қантты диабет. Тағайындау мақсаты: көмірсу алмасуын қалыпқа келтіретін жағдай туғызу, науқастың көмірсуға төзімділігін анықтау.

Жалпы сипаттамасы: ақуыз мөлшері физиологиялық қалыптан жоғары диета, жануар текті май және көмірсу мөлшері шамалы шектелген (жеңіл сіңірілетін көмірсуларсыз). Қант және тәттілер берілмейді. Тұз мөлшері (12 г), холестеринге бай, экстрактивті тағамдар шектелген (сүзбе, майсыз балық, теңіз тағамдары, көкөністер, жемістер, нан). Тәтті тағамдардың орнына олардың орнын басушылар қолданады. Тағам суға пісірілген, тұшытылған.

Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 5-6 рет беріледі, көмірсулар бір күн бойына бөлініп беріледі, инсулин еккеннен кейін 2-2,5 сағаттан соң науқас құрамында көмірсу бар тағам қабылдау керек.

Диета № 10а

Көрсеткіш: миокард инфактісінің жедел кезеңі, қан айналым жеткіліксіздігінің ІІ-ІІІ дәрежесімен жүретін жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары. Тағайындау мақсаты — декомпенсация жағдайындағы жүрек-қан тамыр жүйесіне максимальды күш түсірмеу.

Жалпы сипаттамасы: ақуыз құрамы физиологиялық қалыпты мөлшердің төменгі шекарасында, май және көмірсулар шамалы шектелген, ағзаға сұйықтық енгізу шектелінеді; барлық тамақ тұзсыз дайындалады, барлық тағам суға немесе буға пісіріледі; ас тұзының мөлшері 1,5-1,8 г аспайды.

Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 6 –дан кем емес, аз мөлшерден беріледі.

Диета № 10

Көрсеткіш: Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары (ревматизм, жүрек ақаулары, атеросклероз, кардиосклероз, жүректің ишемиялық аурулары, гипертониялық ауру), жүйке жүйесінің аурулары, созылмалы нефрит. Тағайындау мақсаты: ағза қоректі заттар және энергиямен толық қамтамасыз ете отырып қан айналымға қолайлы жағдай туғызу.

Жалпы сипаттамасы: ас тұзы (5г),экстрактивті заттар шектелген, жануар текті май және жеңіл сіңірілетін көмірсу мөлшері шектелген диета. Ақуыз мөлшері қалыпты. С және В тобының дәрумендерінің құрамы жоғарлатылған. Көкөністер, жемістер, жидектер, өсімдік майы, теңіз тағамдары, ірімшік, қара нан беріледі. Тағам тұзсыз беріледі және дайын болған кезде ғана тұз қосылады. Ет және балық суға пісіріледі, Ірі көкөніс ұрықтары ұсақталып, езілген күйде беріледі. Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары кезінде сұйықтық мөлшері 1000-1200 мл-ге дейін шектелінеді.

Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 5 рет аз мөлшерден беріледі, кешкі тамақ ұйқыдан 3 сағат бұрын.

Диета № 11

Көрсеткіш: өкпе туберкулезі, қаназдық, арықтап жүдеу немесе ұзақ мерзімді ауыр аурулардан жазылу кезінде тағайындалады. Тағайындау мақсаты: ағзаны ақуыз, май, көмірсу және тамақтану факторларымен қамтамасыз ету, ағзаның иммунды биологиялық қорғанысын белсендіру, зақымдалған мүшедегі репаративті үрдістерді жоғарлату, жазылу кезіндегі ағзаның жедел және созылмалы инфекцияға қарсы қорғаныс күштерін нығайту.

Жалпы сипаттамасы: ақуыз және дәрумендердің мөлшері жоғары, май және көмірсулардың мөлшері шамалы жоғары калориялық диета; тамақ рационына жеткілікті мөлшерде кальцийге бай сүт тағамдары кіреді, ас тұзы және сұйықтық мөлшері қалыпты.

Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 4-5 рет беріледі.

Диета № 12

Көрсеткіш: қозу жоғары жүйке жүйесінің аурулары. Тағайындау мақсаты: орталық жүйке жүйесін тыныштандыру.

Қазіргі кезде бұл диета қолданылмайды, себебі жүйке жүйесі ауруының сипатына және ағзадағы басқа жүйенің зақымдалуына байланысты № 5, 10, 15 диетаның әртүрлі варианттары тағайындалады.

Диета № 13

Көрсеткіш: жедел инфекциялық аурулар, баспа, үлкен көлемдегі операциядан кейін (асқазан-ішек жолдарынан басқа). Тағайындау мақсаты: тіндердегі репаративті үрдістерді және қалыпқа келтіру механизмдерін белсендендіру. Диета асқорыту мүшелерін қорғауға, сонымен қатар ағзадан микроб токсиндерін тез шығаруға бағытталған.

Жалпы сиапттамасы: ақуыз мөлшері физиологиялық қалыпты мөлшердің төменгі шекарасында, май, көмірсулар шамалы шектелген, сұйықтықтар дәруменделген шырындар түрінде беріледі. Майлы, тұзды, қиын қорытылатын клечаткаға бай тағамдар берілмейді. Тамақты үгітілген, езілген түрде, буға немесе суға пісірілген түрде береді.

Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 4-5 рет, аз мөлшерден беріледі.

Диета № 14

Көрсеткіш: зәр тұнбасына фосфор-кльций тұздарының бөлінуімен жүретін бүйрек-тас аурулары (фосфатурия). Тағайындау мақсаты: зәр тұнбасына фосфор-кльций тұздарының бөлінуіне кедергі беретін және олардың ағзадан шығарылуына қолайлы жағдай туғызу.

Жалпы сипаттамасы: ақуыз, май, көмірсулар құрамы бойынша, калориясы барлық физиологиялық қалыпты мөлшерге сәйкес диета. Кальцийге бай сілтілендіру әсерін беретін тағамдарды шектеу(сүт өнімдері, ірімшік, көкөністер және жидектер), олар зәр реакциясын қышқыл ортаға өзгертеді (нан, ұннан пісірілген тағамдар, жарма, ет, балық). Сұйықтық көп мөлшерде (қарсы көрсеткіш болмаса), сұйықтықтың жалпы мөлшері 1,5-2 л.

Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 4 рет, арасында және аш қарынға су ішу.

Диета № 15 – Жалпы үстел

Көрсеткіш: арнайы диетаны қажет етпейтін және асқорыту мүшелерінің бұзылыстары жоқ аурулар. Тағайындау мақсаты: емдеу мекемесінде толық тамақтандыруды қамтамасыз ету. Диета сау адамдарды тамақтандыру үшін және әртүрлі соматикалық аурулардан емделіп жазылу кезінде тағайындалады.

Жалпы сипаттамасы: ақуыз, май, көмірсулар құрамы сау адамдарды тамақтандырудың нормаларына сай. Дәрумендердің мөлшері екі еселенген. Тағам әртүрлі өнімдерден тұрады. Қиын қорытылатын тағамдар: майлы ет, тәтті қамыр, кептірілген өнімдер, шұжықтар шектелінеді. Қоспалар аз мөлшерде беріледі.

Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 4-5 рет беріледі. Соңғы тамақ жеңіл болуы қажет (тәуліктік калорияның 6-10% -ы) және ұйықтардан 1,5-2 сағаттан бұрын айран, сүт немесе шырын, көкөністер.

 

Стандартты диета жүйесі

Соңғы он жылдықта заманауй диетологияда диетаның нөмірлік жүйесіне көзқарас өзгерді. Певзнер бойынша диета жүйесі ескірген болып саналады, себебі ол ұжыммен тамақтандыруға арналған және ол науқастың өзіне емес оның ауруының моделіне негізделген.

Стандартты диетаның жаңа жүйесі бұрынғы қолданыстағы диета жүйесінен мынадай айырмашылығы: негізгі тағам құрамы, тағамның энергиялық құндылығы, дайындау технологиясы, орташа тәуліктік мөлшері бойынша ерекшеленеді. Бұрынғы қолданыстағы диетаның нөмірлік жүйесі (№№1-15диеталар) бірігіп асқыныстарға, аурудың ауырлық дәрежесіне, аурудың кезеңдеріне байланысты әртүрлі аурулар кезінде тағайындалатын стандартты диета жүйесіне кіреді. Стандартты диета жүйесін стационар жұмысына енгізу белгілі бір ауруы бар нақты науқасты диетамен емдеуге жеке қолдануға мүмкіндік береді (кесте 11).

 

Кесте 11.

Стандартты диета жүйесі

 

Стандартты диета варианттары Стандартты диетаның белгіленуі Нөмірлік жүйедегі бұрынғы қолданыстағы диета
1. Негізгі ДНВ (диетаның негізгі варианты) 1, 2, 3, 5, 6, 7, 9, 10, 12, 13, 14, 15
2. Механикалық және химиялық қорғау ҚД (қорғаушы диета) 1б, 4б, 4в, 5п (вариант 1)
3. Ақуыз мөлшері жоғары (жоғары ақуызды диета) ЖАД жоғары ақуызды диета) 4 э, 4аг, 5п, (вариант 2), 77в, 7е, 9б, 10б
4. Ақуыз мөлшері төмен (төмен ақуызды диета) ТАД (төмен ақуызды диета) 7б, 7а
5. Калориясы төмен КТД калориясы төмен диета) 8, 8ас, 9а, 10с

 

Стандартты диетаның негізгі варианты

Қолдануға көрсеткіш: Созылмалы гастрит, асқазан және он екі елі ішек жарасының ремиссия кезеңі. Іш қатумен жүретін ішектің созылмалы аурулары. Жедел холецистит және гепатит, жазылу сатысы. Бауырдың функциональды жеткіліксіздік белгілері бар созылмалы гепатит. Созылмалы холецистит, өт-тас ауруы. Подагра, зәрқышқылды диатез, нефролитиаз, гиперурикемия, фосфатурия. Қантты диабет 2-ші тип, семіздіксіз немесе артық салмақсыз. Қан айналым жүйесінің бұзылыстары бар жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары. Гипертониялық ауру. Жүректің ишемиялық ауруы, жүректің тәж артериясының, ми, шеткері тамырларды атеросклерозы. Жедел инфекциялық аурулар. Қызба кезеңі.

Аталған диетаның бұл варианты М.И.Певзнер бойынша диетның келесі түрлерінің орнын басады: № 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 13, 14, 15.

Механикалық және химиялық қорғайтын диетаның стандартты варианты

Қолдануға көрсеткіш: Жедел гастрит, қышқыл ортасы сақталған немесе жоғарылаған созылмалы гастрит, шамалы өршу сатасы. Асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы, өршу және тұрақсыз ремиссия кезеңі. Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы. Шайнау аппараты қызметінің бұзылуы. Жедел панкреатит, өршу сатысының басылуы. Созылмалы панкреатит, өршу сатысы. Жедел инфекциялық аурулар және операциядан кейінгі (ішкі мүшелерге емес) жазылу кезеңі.

Аталған диетаның бұл варианты М.И.Певзнер бойынша диетаның келесі түрлерінің орнын басады: 1б, 4б, 4в, 5п (1-ші вариант).

Ақуыз мөлшері жоғары (жоғары ақуызды диета) стандартты диетаның варианты

Қолдануға көрсеткіш: ойық жара ауруы бойынша асқазан резекциясынан кейінгі 2-4 айда демпинг синдромы, холецистит, гепатит. Асқорыту мүшелерінің функциональды жағдайының бұзылуымен жүретін созылмалы энтерит. Глютенді энтеропатия. Созылмалы панкреатит, ремиссия кезеңі. Созылмалы гломерулонефрит, бүйректің азотты шығару қызметінің сақталуымен. 1 және 2 типті қантты диабет, семіздіксіз және бүйректің азотты шығару қызметінің бұзылуынсыз. Ревматизм белсенділік үрдісі шамалы, қанайналым белгілерінің бұзылуынсыз. Ревматизм, өршу сатысы. Өкпе туберкулезі. Іріңді үрдістер. Әртүрлі этиологиялы анемия. Күйік аурулары.

Аталған диетаның бұл варианты М.И.Певзнер бойынша диетаның келесі түрлерінің орнын басады: № 4э, 4аг, 5п (2 вариант), 7в, 7г, 9б, 10б, 11, 1Р.

Ақуыз мөлшері төмен (төмен ақуызды диета)

стандартты диетаның варианты

Қолдануға көрсеткіш: Созылмалы гломерулонефрит бүйректің азотты шығару қызметінің шамалы бұзылуымен, шамалы азотемия.

Аталған диетаның бұл варианты М.И.Певзнер бойынша диетаның келесі түрлерінің орнын басады: № 7б, 7а.

Калориясы төмен (төменгі калориялы)стандартты диетаның варианты

Қолдануға көрсеткіш:Арнайы тамақтану режимін қажет ететін асқорыту, жүрек-тамыр және басқа да жүйелердің аурулары бойынша асқыныстар жоқ алиментарлы семіздіктің әртүрлі дәрежесі. Семіздікпен жүретін 2 типті қантты диабет. Артық дене салмағы бар адамдардағы жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары.

Аталған диетаның бұл варианты М.И.Певзнер бойынша диетаның келесі түрлерінің орнын басады: № 8, 8а, 80, 9а, 10с.

Арнайы диета

Медицина тәжірибесінде М.И.Певзнер бойынша емдік диетаның номенклатруасына кірмейтін және «Емдеу-алдын-алу мекемелерінде емдік тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша инструкциялар» қолданылады.

Емдік тамақтандыру әртүрі аурулардың емдеу комплексіне медикаментті терапиямен қатар бір сатыға кіреді, ал кей жағдайда адамның толық жазылуына маңызды әсер етеді, сондықтан науқас адам үшін дұрыс және теңестірілген тамақтану режимін ұйымдастыру өте маңызды.

4. Бөлімшедегі науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру

Ауруханада пациенттер үшін шикі тағамды өңдеу үрдісі және тағамды дайындау орталықтандырылған асханада жүргізіледі және әр бөлімшеге арнайы маркирленген ыстықты сыртқа өткізбейтін ыдыстарда жеткізіледі. Тамақ ішу кезінде қолданатын ыдыстар ас тарататын бөлмеде арнайы сөрелерде сақталынады, арнайы ыдыс жуатын жуылып, ыстық сумен шайылып, залалсыздандырылады, одан кейін қайта сумен шайылып ыдыс кептіргіштерде кептіріледі. Ыдыс жууға қолданылатын сүлгілер дезинфекциялық ерітінділерге салынады. Тамақ қалдықтарын аузы жабық ыдыстарға тастайды.

4.1 Ауыз арқылы (пероральды) тамақтандыру.

Жалпы режимдегі пациенттер асты асханада ішеді. Қозғалысы шектелген режимдегі науқастар тамақты палатасында ішеді. Төсек тартып жатқан науқастарды тамақтандыу үшін кереуеттің үстіне науқастың алдына қойылатын үстелше қолданылады. Пациенттің кеудесін және мойнын сүлгімен жабады. Жағдайы ауыр науқастарды оған ыңғайлы жағдайда жатқызып, басын шамалы көтереді. Әлсіз науқастарды қасықпен тамақтандырады. Ал сұйықтық және сұйық тамақтарды ішкізу үшін арнайы су ішкізетін ыдыстармен береді. Күтуші адам бір қолымен пациенттің басын көтеріп, ал екіншісімен қасықта немесе су ішетін ыдысты науқастың аузына жақындатады (сурет 84)