Тест тапсырмасы

Қазақстан тарихы пәнінен

1 курс, Барлық мамандықтың студенттері үшін

 

 


1. Қазақстан территориясындағы ежелгі адам іздері қай дәуірге жатады?

А) Ерте тас дәуірі

В) Орта тас дәуірі

С) Кейінгі тас дәуірі

Д) Мезолит дәуірі

Е) Неолит дәуірі

 

2. Орталық Қазақстаннан табылған ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткішін анықта.

А) Құдайкөл

В) Тегіскен

С) Қозыбай

Д) Өніжек

Е) Сексеуіл

 

3. Кейінгі палеолит дәуірінің хронологиясын ата.

А) Б.з.б. 40 мың – 12 мың жыл.

В) Б.з.б. 5 мың – 2 мың жыл.

С) Б.з.б. 10 мың – 5 мың жыл.

Д) Б.з.б. 140 мың – 40 мың жыл.

Е) Б.з.б. 800 мың – 140 мың жыл.

 

4. Жебелі садақ пен бумеранг қай дәуірде пайда болды?

А) Мезолитте

В) Неолитте

С) Палеолитте

Д) Қола дәуірінде

Е) Темір дәуірінде

 

5. Кейінгі палеолит дәуірінде ежелгі адамның қайсысы қалыптасты?

А) Неандертальдық

В) Австралопитек

С) Питекантроп

Д) Синантроп

Е) Кроманьондық

 

6. Еңбек құралдарын дөңгелек өзектастан (нуклеус) жасау әдісі қай дәуірде кең тарады?

А) Мусьтер дәуірі

В) Қола дәуірі

С) Неолит дәуірі

Д) Мезолит дәуірі

Е) Темір дәуірі

 

7. Неолит дәуірінде Қазақстанның қай аймағында яшма мен кварциттен еңбек құралдары жасалды?

А) Солтүстік-Шығыс Балқашта

В) Сырдарияның төменгі ағысында

С) Қаратау жотасында

Д) Арал өңірінде

Е) Жетісуда

 

8. Кейінгі палеолит қай кезеңді қамтиды?

А) Б.з.б. 40 мың – 12 мың жыл.

В) Б.з.б. 15 мың – 5 мың жыл

С) Б.з.б. 10 мың – 5 мың жыл

Д) 50-40 мың жыл бұрынғы

Е) 10-2 мың жыл бұрын

 

9. Мезолит дәуірінің ескерткіші – Дүзбай тұрағы Қазақстанның қай жерінен табылды?

А) Солтүстік Қазақстан

В) Оңтүстік Қазақстан

С) Батыс Қазақстан

Д) Шығыс Қазақстан

Е) Орталық Қазақстан

 

10. Ерте палеолит дәуірінде тас құралдар жасау тәсілі қалай аталды?

А) Жарып түсіру техникасы

В) Нуклеустік тәсіл

С) Ретушь (түзету) тәсілі

Д) Жылтырата тегістеу

Е) Қаптау тәсілі

 

11. Орта палеолит дәуірінің ең көне тұрағын ата.

А) Обалысай тұрағы

В) Сарытас тұрағы

С) Ш.Уәлиханов тұрақ

Д) Қарабас тұрағы

Е) Свинчатка тұрағы

 

12. Қай кезеңде шаруашылық еңбек қалыптасып өнім өндіру шықты?

А) Неолит

В) Палеолит

С) Мезолит

Д) Қола

Е) Темір

 

13. Рулық қауым кезінде меншіктің қай түрі қалыптасқан?

А) Ортақ меншік

В) Жеке меншік

С) Мемлекеттік меншік

Д) Ақсүйектер меншігі

Е) Меншік болмаған

 

14. «Қытай адамы» қалай аталады?

А) Синантроп

В) Неандертальдық

С) Питекантроп

Д) Австралопитек

Е) Кроманьондық

 

15. Кейінгі палеолит дәуірінің ескерткіші – Шақпақ ата тұрағы Қазақстанның қай аймағынан табылды?

А) Батыс Қазақстан

В) Оңтүстік Қазақстан

С) Орталық Қазақстан

Д) Шығыс Қазақстан

Е) Солтүстік Қазақстан

 

16. Жеңіл найза, ілмекті сүңгілер қай дәуірде шыққан?

А) Кейінгі палеолит

В) Ерте палеолит

С) Орта палеолит

Д) Мезолит

Е) Неолит

 

17. Сатшықыз тұрағы қай кезеңге жатады?

А) Б.з.б. 5 мың – 3 мың жыл.

В) Б.з.б. 800 мың – 140 мың жыл.

С) Б.з.б. 40 мың – 12 мың жыл.

Д) Б.з.б. 2 мың – 1 мың жыл.

Е) Б.з.б. 12 мың – 5 мың жыл.

 

18. Неолит дәуірінде тас өңдеу техникасының қандай тәсілі пайда болды?

А) Жылтырлата тегістеу тәсілі

В) Жарып түсіру тәсілі

С) Түзету арқылы өңдеу тәсілі

Д) Нуклеустік тәсіл

Е) Қалақтар жасау тәсілі

 

19. Ерте палеолит дәуірі мәдениетінің хронологиялық кезеңін тап.

А) Б.з.б. IV мың ж. аяғы – II мың жыл.

В) Б.з.б. VI мың ж. – III мың жыл.

С) Б.з.б. VII мың ж. – VI мың жыл.

Д) Б.з.б. VIII мың ж. – VII мың жыл.

Е) Б.з.б. I мың ж. – б.з. I мың жыл.

 

20. Мустьер деп қай дәуірді атайды?

А) Орта палеолит

В) Ерте палеолит

С) Кейінгі палеолит

Д) Мезолит

Е) Неолит

 

21. Палеолит дәуірінің кезеңін анықта?

А) Б.з.б. 2 млн – 12 мың жыл.

В) Б.з.б. 2 млн – 140 мың жыл.

С) Б.з.б. 2 млн – 150 мың жыл.

Д) Б.з.б. 2 млн – 100мың жыл.

Е) Б.з.б. 2 млн – 85 мың жыл.

 

22. Шаруашылық еңбектің қалыптасып, өнім өндіру кезеңі қай дәуірде шықты?

А) Неолит

В) Мезолит

С) Темір

Д) Қола

Е) Палеолит

 

23. Кейінгі палеолит дәуірінің ескерткіші қайсысы?

А) Ащысай, Үсіктас

В) Шірік-рабат, Баланды

С) Зотобольское, Чаглинка

Д) Ініжек, Аққыр

Е) Сексеуіл

 

24. Қазақстан территориясынан қанша неолиттік және энеолиттік ескерткіштер табылды?

А) 500

В) 1500

С) 1000

Д) 950

Е) 700

 

25. Неолит дәуірінде Ботай тұрағынан не табылды?

А) Жертөледен жылқы сүйектері

В) Әйел – ана бейнесі

С) Қыш ыдыстар мен тастан жасалған

Д) Пышақ тіліктер

Е) Гемма

 

26. Кейінгі палеолит дәуірінде күрделі діни сенімнің болғандығын не көрсетеді?

А) Мәйітке қызыл бояу жағу

В) Мәйітті өртеу

С) Мәйіттің аяғын бүгіп, бір қырымен жатқызу

Д) Еңбек құралдарын бірге көму

Е) Діни сенім болған жоқ

 

27. Тік жүретін адам қай дәуірде өмір сүрген?

А) Ежелгі палеолит

В) Мезолит

С) Мусьтер

Д) Неолит

Е) Кейінгі палеолит

 

28. Андронов мәдениетінің басты ерекшелігін бөліп көрсет:

А) Көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты

В) Тұрмысқа қажет ыдыстарды саздан жасады

С) Бұйымдарды былғары мен сүйектен жасады

Д) Тоқымашылық дамыды

Е) Сауда дамыды

 

29. Қола дәуірінің хронологиясын анықта

А) Б.з.б. XVIII – VIII ғасырлар

В) Б.з.б. II – б.з. I ғасырлар

С) Б.з.б. XVI – V ғасырлар

Д) Б.з.б. VIII – III ғасырларда

Е) Б.з.б. ІV – III ғасырлар

 

30. Андроновтықтар үшін ең қасиеттті орын не болып есептелді?

А) Ошақ

В) Төр

С) Босаға

Д) Діңгек

Е) Шаңырақ

 

31. Андроновтық алғашқы ескерткіштер қайсы археологтың қазба жұмысы арқылы табылды?

А) Б.Андрианов

В) А.Ақышев

С) Ә.Марғұлан

Д) С.Черников

Е) М.Грязнов

 

32. Қола дәуірінде Қаратау жартастарына ненің 49 суреті салынған?

А) Соғыс арбаларының

В) Бұқаның

С) Қос өркешті түйенің

Д) Соқаның

Е) Жауынгерлердің

 

33. Беғазы қонысы Қазақстанның қай аймағынан табылды?

А) Орталық Қазақстан

В) Оңтүстік Қазақстан

С) Сырдария бойы

Д) Жетісу

Е) Шығыс Қазақстан

 

34. Андроновтықтар қоғамында негізгі топ кімдер болып есептелді?

А) Жауынгерлер

В) Ақсүйектер

С) Малшылар

Д) Қолөнершілер

Е) Егіншілер

 

35. Жетісу аймағындағы Мыңшұңқыр қабірінен табылған сырғалар қай кезеңге жатады?

А) Б.з.б. І мыңжылдықтың басы

В) Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасы

С) Б.з.б. І мыңжылдықтың соңы

Д) Б.з.б. ІІ мыңжылдық

Е) Б.з.б. ІІІ мыңжылдық

 

36. Андроновтықтар қай нәсілге жатады?

А) Еуропалық нәсіл

В) Моңғолдық нәсіл

С) Негрлік нәсіл

Д) Түркілік нәсіл

Е) Еуропалық-моңғолдық нәсіл

 

37. Мәйіттің қол-аяғын бүгіп жерлеу дәстүрі қай дәуірге тән болған?

А) Қола

В) Палеолит

С) Мезолит

Д) Темір

Е) Неолит

 

38. Қола дәуірінің Орталық Қазақстанда табылған археологиялық ескерткішін ата.

А) Ақсу-аюлы

В) Тегіскен

С) Шірік-рабат

Д) Үсіктас

Е) Қосқұдық

 

39. Кейінгі қола дәуірінің хронологиясын анықта.

А) Б.з.б. XII – VIII ғасырлар

В) Б.з.б. ХVII – XV ғасырлар

С) Б.з.б. XV – XII ғасырлар

Д) Б.з.б. XVIII – ХVI ғасырлар

Е) Б.з.б. VIII – V ғасырлар

 

40. Батыс Қазақстандағы андронов мәдениетінің ескерткіштерін тапқан археолог кім?

А) М.Грязнов – 1927 ж.

В) А.Максимова – 1960 ж.

С) Х.Алпысбаев – 1958 ж.

Д) Б.Андрианов – 1914 ж.

Е) З.Самашев – 1998 ж.

 

41. Андронов мәдениетінің тайпалары қай жерді мекендеді?

А) Батыс Сібір мен Қазақстанды

В) Батыс Еуропа мен Қазақстанды

С) Шығыс Еуропа мен Қазақстанды

Д) Оңтүстік Азия мен Қазақстанды

Е) Қытай мен Қазақстанды

 

42. Андроновтық тайпалар қай тілде сөйлеген?

А) Үнді-ирандық тіл

В) Қытай тілі

С) Түркі тілі

Д) Моңғол тілі

Е) Үнді-еуропалық тіл

 

43. Андроновтықтар кейінгі қола дәуірінде неге табынған?

А) Ай және жұлдызға

В) Жерге

С) Аспанға

Д) Ата-баба аруағына

Е) Найзағайға

 

44. Орта қола дәуірінің хронологиясын анықта.

А) Б.з.б. XV – XII ғасырлар

В) Б.з.б. ХV – XІV ғасырлар

С) Б.з.б. XV – XIIІ ғасырлар

Д) Б.з.б. XV – ХI ғасырлар

Е) Б.з.б. ХV – Х ғасырлар

 

45. Қола дәуірі мәдіниетінің гүлденуіне қай елдер мәдениеті әсер етті?

А) Жерорта теңізі мен Кіші Азия елдері

В) Батыс Еуропа елдері

С) Қара теңізі мен Алдыңғы Азия елдері

Д) Орта Азия елдері

Е) Жерорта теңізі мен Алдыңғы Азия елдері

 

46. Теңсіздіктің шығуы қай кезеңде болды?

А) Қола

В) Палеолит

С) Мезолит

Д) Неолит

Е) Энеолит

 

47. Қола дәуірінің Батыс Қазақстандағы қоныстарын тап:

А) Бесбай, Тастыбұтақ, Ахмет-ауыл

В) Целинный-І, Сынтас, Бәйте

С) Бөріқазған, Тәңірқазған, Арыстанды

Д) Сексеуіл, Үшбұлақ

Е) Ақмая, Обалы, Беріккөл, Атасу

 

48. Отпен уату арқылы кен өндіру әдісі қай дәуірде қолданылған?

А) Қола дәуірі

В) Тас дәуірі

С) Темір дәуірі

Д) Мыстытас дәуірі

Е) Ондай әдіс болған жоқ

 

49. Қола дәуірінің Шығыс Қазақстаннан табылған ескерткіштерді анықта.

А) Малокрасноярска

В) Садчиковское, Арқайым, Новоникольское

С) Таутары, Тегіскен

Д) Бесоба, Ақсу-аюлы, Дәндібай

Е) Кіргелді, Тастыбұтақ

 

50. Андроновтықтарда адамды көкпен жалғастырушы белгі болып не есептеледі?

А) Киіз үйдің тіреуіш діңгегі

В) Шаңырақ

С) Ошақ

Д) Биік тау шатқалы

Е) Қорған

 

51. Қола дәуірінде мыс кендері қай жерде өндірілді?

А) Жезқазған, Зырьян

В) Степняк, Ақжал

С) Атасу, Қалба

Д) Тарбағатай, Бөкентау

Е) Қаратау, Таңбалы

 

52. Қыш ыдыстарды қалыпқа салып пішіндеу әдісі қай кезде болған?

А) Б.з.б. XVІІ – XVI ғасырлар

В) Б.з.б. ХVIII – XVII ғасырлар

С) Б.з.б. XVI – XVIІІ ғасырлар

Д) Б.з.б. XV – ХIV ғасырлар

Е) Б.з.б. ХIV – ХIII ғасырлар

 

53. Қола дәуірінің ерекшелігі:

А) Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрылды.

В) Климат жылы жән құрғақ болды

С) Алғашқы мемлекеттер пайда болды

Д) Кен өндіру

Е) Жыртпалы егіншілік қалыптасып отырықышлыққа көше бастады

 

54. Андроновтықтар б.з.б. ХІІІ-VIII ғасырларда қыш ыдыстарға қандай өрнектерді көбірек салған?

А) Үшбұрыш, иірімді, ирек сызықтар

В) Таспа, бүршік тәріздес бұдырлар

С) Шырша, шаршы, үшбұрыш

Д) Геометриялық

Е) Гүлді

 

55. Қола дәуірінің археологиялық ескерткіштері кездесетін аймақ:

А) Минусинск-Орал-Батыс Сібір жазығы-Памир

В) Оңтүстік Қазақстан, Қаратау өңірі

С) Қаратау-Есіл-Сарысу-Ертіс өзені

Д) Шу, Талас-Қаратау-Тянь-Шань-Балқаш-Ыстықкөл

Е) Қаратау-Сырдарияның ортаңғы ағысы

 

56. Андроновтықтарда табиғат жануары дәстүріндегі мейрамның ең маңызды бөлігі не болып есептелген?

А) Алғаш жерге соқа салу

В) Құрбандық шалу

С) Үйдің тіреуіш діңгегін гүлмен көмкеру

Д) Отқа май құю

Е) Сүт тағамдарын тарату

 

57. Андроновтықтар аралас шаруашылықпен қашан айналысқан?

А) Б.з.б. І мыңжылдықтың басында

В) Б.з.б. ІІ мыңжылдықта

С) Б.з.б. ІІ мыңжылдықта

Д) Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасында

Е) Б.з.б. І мыңжылдықтың соңында

 

58. Энеолит терминіне түсініктеме бер.

А) Мысты тас дәуірі

В) Ерте темір дәуірі

С) Орта темір дәуірі

Д) Тас дәуірі

Е) Қола дәуірі

 

59. Соңғы сармат кезеңіндегі Аралтөбе қорымы қай аймақтан табылды?

А) Атырау облысынан

В) Алматы қаласының шығысынан

С) Ақтөбе облысынан

Д) Қызылорда қаласының оңтүстігінен

Е) Шу өзені бойынан

 

60. Сарматтар қай тілде сөйлеген?

А) Ирандық тіл

В) Еуропалық тіл

С) Түркілік тіл

Д) Моңғолдық тіл

Е) Қытайлық тіл

 

61. Темір дәуірінде жерлеу және ғибадат ету кешені қайсы қорымнан табылды?

А) Дықылтас

В) Шілікті

С) Арқайым

Д) Есік

Е) Қазанғап

 

62. Сармат тайпалары қай елдерге жаулаушылық жорықтар жасаған?

А) Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказ

В) Кіші Азия, Босфор мемлекеті

С) Оңтүстік Орал, Еділ бойы

Д) Иран, Үндістан, Қытай

Е) Орталық Азия, Персия

 

63. Сақ тайпаларында отырықшы мал шаруашылығы Қазақстанның қай аймағында кең тарады?

А) Талас, Шу, Сырдария, Келес өзендері бойында

В) Тянь-Шань, Алтай тауларының етегінде

С) Батыс Қазақстанда

Д) Жетісуда

Е) Отырықшы мал шаруашылығы болған жоқ

 

64. Қазақстан далаларында полихромдық стиль қашан гүлденіп, өркен жайған?

А) Б.з.б. VII ғ.

В) Б.з.б. VI ғ.

С) ІІІ-V ғ.

Д) ІІ ғ.

Е) І ғ.

 

65. Шеткі Александрия қаласы қай жерде салынған?

А) Сырдария жағалауында

В) Оңтүстік Қазақстанда

С) Ертіс өзені бойында

Д) Каспий теңізі жағалауында

Е) Жетісуда

 

66. Әсемдік заттарының бірі–салпыншақ шекелікті қай тайпаның әйелдері таққан?

А) Сармат

В) Андронов

С) Үйсін

Д) Ғұн

Е) Сақ

 

67. Түгіскен, Ұйғарақ қорымдары қай ғасырда салынған?

А) Б.з.б. VІІІ – V ғасырлар

В) Б.з.б. Х – VIII ғасырлар

С) Б.з.б. X – IX ғасырлар

Д) Б.з.б. XV – ХIV ғасырлар

Е) Б.з.б. I – б.з. I ғасырлар

 

68. Сармат қоғамының дамуына қай мәдениет әсер етті?

А) Грек

В) Византия

С) Рим

Д) Иран

Е) Қытай

 

69. Савромат қорымдарының ерекшелігі неде?

А) Екі мәйітті бірінің үстіне бірін қойып екі деңгейде жерлеу

В) «Патша қорғандар» салу

С) Мәйітті тас сандықта жерлеу

Д) Мәйіттің қол-аяғын бүгіп жерлеу

Е) «Мұртты обаларда» жерлеу

 

70. «Сармат» атауы қай ғасырдан белгілі?

А) Б.з.б. VII ғ.

В) Б.з.б. VI ғ.

С) Б.з.б. V ғ.

Д) Б.з.б. ІV ғ.

Е) Б.з.б. ІII ғ.

 

71. Жер-су реформасы қай жылдары жүргізілді?

А) 1921-1922

В) 1921-1923

С) 1921-1924

Д) 1921-1925

Е) 1921-1926

 

 

72. Темір дәуірінің Дықылтас, Бәйте, Терең қорымдары Қазақстанның қай аймағынан табылды?

А) Маңғыстау және Үстірт

В) Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы

С) Сырдарияның төменгі ағысы

Д) Оңтүстік Қазақстан

Е) Жетісу

 

73. Полихромдық стильдің жасалу техникасын ажырат.

А) Инкрустация

В) Жарып түсіру

С) Өрнектермен безендіру

Д) Гүлдік әшкейлер түсіру

Е) Қиял-ғажайып бейнелерін суреттеу

 

74. Қайсы тайпада әйелдердің қабіріне қару-жарақ қойылған?

А) Сарматтар

В) Сақтар

С) Андроновтықтар

Д) Ғұндар

Е) Үйсіндер

 

75. «Патша қорғандар» қай қорымнан көп табылды?

А) Бесшатыр қорымынан

В) Есік қорымынан

С) Түгіскен қорымынан

Д) Тасмола қорымынан

Е) Берел қорымынан

 

76. Сақ қоғамы қандай 3 топқа бөлінді?

А) Жауынгерлер, абыздар, қауым

В) Көсемдер, бектер, қауым мүшелері

С) Патшалар, жауынгерлер, қолөнершілер

Д) Көсемдер, ақсақалдар, шаруалар

Е) Патшалар, әмірлер, құлдар

 

77. Темір дәуірінде Орталық Қазақстанды қандай тайпалар мекендеген?

А) Аргепейлер, исседондар, аримаспалар

В) Дахтар, массагеттер, каспийлер

С) Аландар, сарматтар, хазарлар

Д) Ғұндар, сақтар, үйсіндер

Е) Аримаспалар, савроматтар, дахтар

 

78. Сақ тайпаларында күн күркіреу құдайы ненің бейнесінде берілген?

А) Қабанның

В) Бұқаның

С) Түйенің

Д) Арыстанның

Е) Жылқының

 

79. Шырық-рабат қаласының оңтүстік-шығысында орналасқан кесенеден табылған гемма (мөр) қай ғасырға жатады?

А) Б.з.б. ІV- II ғасыр

В) Б.з.б. VIII ғасыр

С) Б.з.б. VII ғасыр

Д) Б.з.б. ІІ - III ғасыр

Е) Б.з. I ғасыр

 

80. «Мұртты обалар» қай мәдениетке тән ?

А) Тасмола

В) Беғазы-Дәндібай

С) Жетіасар

Д) Пазырық

Е) Қауыншы

 

81. Сақ тайпалары қай нәсілге жатады?

А) Еуропалық

В) Түркілік

С) Негрлік

Д) Моңғолдық

Е) Ол кезде нәсілге бөлінген жоқ

 

82. Ерте темір дәуіріндегі майемер кезеңінің хронологиясын анықта.

А) Б.з.б. VІІ – VІ ғасырлар

В) Б.з.б. V – ІV ғасырлар

С) Б.з.б. XVІІІ – VІІІ ғасырлар

Д) Б.з.б. ІІІ – І ғасырлар

Е) Б.з. І ғасыр

 

83. «Дала жолы» атанған сауда жолы қай кезде жұмыс істеген?

А) Б.з.б. І м.ортасында

В) Б.з.б І м. соңында

С) Б.з.б. ІІ м.басында

Д) Б.з.б. ІІ мыңжылдықта

Е) Б.з. басында

 

84. Құлажорға мәдениетінің ерекшелігі неде болды?

А) Мәйітті тас сандықта жерлеу

В) Кремация

С) Мәйіттің қол-аяғын бүгіп жерлеу

Д) Мәйіттің басын батысқа қарай жерлеу

Е) «Мұртты обалар» салу

 

85. «Аңдық стиль» өнері сақтарға қай аймақтан тарады?

А) Алдыңғы Азия мен Ираннан

В) Грециядан

С) Римнен

Д) Қар теңіз жағалауы елдерінен

Е) Персиядан

 

86. Темір дәуірінің хронологиясын анықта.

А) Б.з.б. VІІІ – б.з. VІ ғасырлар

В) Б.з.б. VІІІ – ІІІ ғасырлар

С) Б.з.б. ІІІ – б.з. VІ ғасырлар

Д) Б.з.б. І – б.з. ІІ ғасырлар

Е) Б.з.б. ІІ – б.з. І ғасырлар

 

87. Темір дәуірінің Дықылтас, Бәйте, Қарамөңке, Терең қорымдары Қазақстанның қай аймағынан табылды?

А) Маңғыстау және Үстріт аймағы

В) Жетісу

С) Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы

Д) Сырдарияның төменгі ағысы

Е) Оңтүстік Қазақстан

 

88. Сақ дәуірінің Орталық Қазақстаннан табылған қоныстарын ата.

А) Тасмола, Қарамұрын, Жыланды

В) Берел, Майемер, Құлажорға

С) Бөдене, Қызылсу

Д) Темір, Шатпақкөл, Құлсары

Е) Тегіскен, Таутары

 

89. Оңтүстік Қазақстанда таралған темір дәуірінің мәдениетін көрсет.

А) Отырар-Қаратау мәдениеті

В) Тасмола мәдениеті

С) Беғазы-Дәндібай мәдениеті

Д) Алакөл, Атасу мәдениеті

Е) Құлажорға мәдіниеті

 

90. Арап әрпі латын әрпімен қашан ауыстырылды?

А) 1929

В) 1928

С) 1927

Д) 1926

Е) 1952

 

91. Құрбандыққа шалынған 13 жирен жылқы қаңқасы қай қорымнан табылды?

А) Берел

В) Есік

С) Бесшатыр

Д) Аққыр

Е) Талды

 

92. Сақ әйелдерінің қандай құқығы болған?

А) Ерлермен бірге соғысу құқығы

В) Халық жиналысына қатысу

С) Алыс жайылымдарға бірге кету

Д) Бала тәрбиелеуге

Е) Отбасын билеуге

 

93. Ұлыбай-Тасмола мәдениетінің бірінші кезеңінің хронологиясын анықта.

А) Б.з.б. VІІІ – VІІ ғасырлар

В) Б.з.б. VІІІ – VІ ғасырлар

С) Б.з.б. VІІІ – V ғасырлар

Д) Б.з.б. VІІІ – ІVғасырлар

Е) Б.з.б. VІІІ – ІІІ ғасырлар

 

94. Сақ тайпаларының Оңтүстік Қазақстан және Жетісуда табылған қоныстарын ата:

А) Қарғалы, Қадірбай-ІІ, Қарашоқы

В) Карлуга, Кеңөткел, Бірлік-ІІ

С) Қанай, Турникова, Малокрасноерка

Д) Беласар, Бұғылы, Бөрілі

Е) Жетіасар, Қауыншы, Кангюй-Қаратау

 

95. Б.з.б. VIII-V ғасырларда салынған Түгіскен, Ұйғарақ қоныстарын қандай тайпалар мекендеген?

А) Массагеттер

В) Аландар

С) Аримаспалар

Д) Сарматтар

Е) Тиграхаудалар

 

96. Еділ әскері Шығыс Рим империясына қашан жорық жасады?

А) Б.з.б. V ғасырдың ортасы

В) Б.з.б. V ғасырдың басы

С) Б.з.б VІ ғасырдың ортасы

Д) Б.з.б. V ғасырдың соңы

Е) Б.з.б. ІV ғасырда

 

97. Үйсіндердің негізгі орналасқан жерін ата.

А) Іле даласы

В) Сырдария жағалауы

С) Балқаш маңы

Д) Арал теңізінің оңтүстігі

Е) Ертіс өзенінің сол жағалауы

 

98. Қаңлылардың тайпалық бірлестігі қашан құрылды?

А) Б.з.б. ІІІ ғасырда

В) Б.з.б. ІV ғасырда

С) Б.з.б. V ғасырда

Д) Б.з.б. ІІ ғасырда

Е) Б.з.б. І ғасырда

 

99. Ғұндардың егіншілікпен айналысқаны туралы кімнің деректерінен білеміз?

А) М.Қашғари

В) М.Дулати

С) Ж.Баласағұни

Д) А.Яссауи

Е) Қ.Жалаири

 

100. Б.з.б. І ғасыр соңында Қазақстанда қандай тайпалық одақтар пайда болды?

А) Үйсіндер, қаңлылар, сарматтар

В) Сақтар, андроновтықтар

С) Савроматтар, қыпшақтар, оғыздар

Д) Түріктер, қарлұқтар, қимақтар

Е) Массагеттер, аримаспалар, исседондар

 

101. Үйсін тайпаларының ерте кезеңінің хронологиясын анықта.

А) Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар

В) Б.з.б. ІІІ-І ғасырлар

С) Б.з.б. І- б.з. І ғасырлар

Д) Б.з. ІІ- ІІІ ғасырлар

Е) Б.з. І ғасырлар

 

102. Қаңлылар туралы кімдердің дерктерінде алғаш рет жазылған?

А) Қытай деректері

В) Грек деректері

С) Рим деректері

Д) Парсы деректері

Е) Түркі деректері

 

103. Қауыншы мәдениетінің ең жақсы зерттелген қонысын ата.

А) Ақтөбе

В) Пұшық-Мардан

С) Қаратал

Д) Талғар

Е) Қанай

 

104. Құлата қонысы ненің орталығы болған?

А) Металлургия

В) Егіншілік

С) Зергерлік

Д) Сауда

Е) Дін

 

105. Ұлы Жібек жолының Сырдария, Жайық, Еділ бойы, Кавказ, Қара теңізге өтетін тармақтарын қайсы тайпа өз бақылауында ұстаған?

А) Түріктер

В) Үйсіндер

С) Ғұндар

Д) Сақтар

Е) Қаңлылар

 

106. Б.з.б. 206 жылы Мөде шаньюй кімдерді бағындырды?

А) Қытайды

В) Қаңлыларды

С) Түріктерді

Д) Византиялықтарды

Е) Римдіктерді

 

107. Үйсіндердің археологиялық ескерткіштерін ата.

А) Ақтас, Үңгірқора, Кеңсай

В) Қосқұдық, Батпақ, Қаратоғай

С) Бөдене, Қызылсу

Д) Шаштөбе, Марданкүйік, Қостөбе

Е) Баланды, Бабышмолда, Шірік-рабат

 

108. Үйсіндер қай мемлекетпен дипломатиялық-туыстық қатынаста болды?

А) Қытай

В) Рим

С) Мидия

Д) Византия

Е) Парфия

 

109. Қарғалы диадемасы қай ғасырда жасалынған?

А) Б.з.б. ІІ – б.з. І ғасырлар

В) Б.з.б. І – б.з. ІІ ғасырлар

С) Б.з.б. ІІІ – ІІ ғасырлар

Д) Б.з.б. І ғасыр

Е) Б.з. І – ІІ ғасырлар

 

110. Б.з. IV ғасырда ғұндар қай жерді қоныстанды?

А) Венгрия

В) Орталық Қазақстан

С) Орал даласы

Д) Рим

Е) Сырдария

 

111. Алаш партиясының бағдарламасы қай газетте жарияланды?

А) Қазақ

В) Үш жүз

С) Сары арқа

Д) Алаш

Е) Бірлік

 

112. Қаңлыларда сауданың дамығандығын қандай деректер дәлелдейді?

А) Мардан және Шоңқаңқа қорымдарынан табылған Қытай, Кушан, Сасани теңгелері

В) Түгіскен, Ұйғарақ қорымдарынан табылған Византиялық бұйымдар

С) Жыланды, Шілікті қорымдарынан табылған плихромдық өнер туындылары

Д) Бесоба қорымынан табылған әйелдің сәндік бұйымдары

Е) Қаңлыларда сауда болған жоқ

 

113. «Ғұн - түркілердің арғы атасы» деп тұжырым жасаған қазақ зиялысы кім?

А) М.Жұмабаев

В) Ш.Уалиханов

С) М.Қозыбаев

Д) Ә.Марғұлан

Е) С.Асфендияров

 

114. Үйсіндер Жетісуға қашан қоныс аударды?

А) Б.з.б. ІІ ғасыр

В) Б.з.б. І ғасыр

С) Б.з.б. ІІІ ғасыр

Д) Б.з.б. V ғасыр

Е) Б.з. ІІ ғасыр

 

115. Б.з.б. 1 мың жыл ортасы – б.з. 1 мың жыл ортасы аралығында Арал теңізінің шығысында қандай мәдениет болған?

А) Жетіасар мәдениеті

В) Пазырық мәдениеті

С) Тасмола мәдениеті

Д) Қауыншы мәдениеті

Е) Арыс мәдениеті

 

116. Б.з.б. ІІІ ғасырдағы қаңлы бірлестігінің территориясын көрсет.

А) Қаратау жотасынан Сырдарияның орта ағысына дейін

В) Ертіс бойы

С) Ыстықкөл жағалайынан Жоңғар Алатауына дейін

Д) Жетісу

Е) Еділ бойынан Сырдарияға дейін

 

117. Қазақстан тарихында "Монғолдар үстемдiгi дәуiрi" деп аталатын кезең қай оқиғадан кейiн басталады?

 

A) Қазақстан мен Орта Азияны монғолдардың жаулап алуымен

B) Монғол мемлекетінің құрылуымен

C) Шыңғыс ханның дүниеге келуімен

D) Батыйдың Шығыс Европаға жеті жылдық жорығымен байланысты

E) Алтын Орданың құрылуымен

 

118. Үйсіндердің алғашқы қоныстары қай жерден табылған?

А) Шу алқабындағы Құлан қонысы

В) Сырдария жағалауындағы Ақтөбе қонысы

С) Ертіс бойындағы Шілікті қонысы

Д) Іле жағалауындағы Бесшатыр қонысы

Е) Арал жағалауындағы Түгіскен қонысы

 

119.Шыңғыс ханды билеуші ретінде таныған Құрылтай Монғолияның қай жерінде өтті?

A) Онон өзенінің жағасында

B) Саян тауының етегіндегі жайлауда

C) Хинган етегінде

D) Алтай маңында

E) Анықталған жоқ

 

120. « Репрессия» дегеніміз не?

А) Қатаң жазалау шаралары, мемлекеттің оқшау ойлаушыларға қарсы әрекеті.

В) Нәсілдік , ұлттың және діни белгілеріне қарай халықтың жекелеген топтарын жою.

С) Қоныс аудару

Д) Халықтың шет елден қоныс аударушылар тобы

Е) Жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару

 

121. Б.з.б. ІІ ғасырда Қытай деректеріндегі «көшпелі мемлекет» атауы қай тайпа туралы?

А) Үйсіндер

В) Сақтар

С) Ғұндар

Д) Қаңлылар

Е) Сарматтар

 

122. Қаңлыларда ел басқару ісін кім атқарған?

А) Уәзір

В) Хан

С) Гуньмо

Д) Бек

Е) Қаған

 

123. Үйсіндердің Қаратал кезеңінің хронологиясын анықта.

А) Б.з.б. ІІI-I ғғ

В) Б.з.б. VI-I ғғ

С) Б.з.б. V-I ғғ

Д) Б.з.б. ІV-I ғғ

Е) Б.з.б. ІI-I ғғ

 

124. Аттила (Еділ) туралы алғаш рет ғылымға енгізген қазақ ғалымы кім?

А) Ш.Уәлиханов

В) М.Қозыбаев

С) Е.Бекмаханов

Д) С.Асфендияров

Е) К.Ақышев

 

125. Қаңлылардағы Жетіасар мәдениетінің шоғырланған жері

А) Қуаңдария

В) Отырар алқабы

С) Сырдарияның орта ағысы

Д) Жаңадария

Е) Ертіс бойы

 

126. Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Еуропа халықтарының тарихына өзгеріс әкелген ұлы қоныс аудару оқиғасының хронологиясы.

А) ІІ-V ғ.ғ.

В) IV-V ғ.ғ.

С) ІІ-ІІІ ғ.ғ.

Д) ІІІ-IV ғ.ғ.

Е) І-ІІІ ғ.ғ.

 

127. V ғ. өмір сүрген теле тайпасының оңтүстігіндегі көшіп қону жайылымдары қай жерге дейін жетті?

А) Амударияның жоғарғы ағысы

В) Сырдарияның орта ағысы

С) Шу өзені бойы

Д) Ыстық көл бойы

Е) Іле өзенінің төменгі ағысы

 

128. Түріктердің Орта Азияны алудағы басты мақсаты Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі созылып жатқан күшті мемлекетті жаулау болды. Бұл кімдердің территориясы?

А) Эфталиттер

В) Соғдылар

С) Хазарлар

Д) Қидандар

Е) Ирандықтар

 

129. Қай жылы Иран мен Византия өзара келісімге келіп, Византия өзінің Кавказдағы вассалдарын түріктерге қарсы қойды?

А) 575 ж

В) 589 ж

С) 561 ж

Д) 567 ж

Е) 563 ж

 

130. Батыс Түрік қағанатын түріктің қандай тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі?

А) Ашина тайпасынан

В) Теле тайпасынан

С) Яғма тайпасынан

Д) Халаж тайпасынан

Е) Шығыл тайпасынан

 

131. Жеғүй мен Тоң-жабғу қағандар Батыс Түрік қағанатының территориясын кеңейту үшін қай жерлерге жорық жасады?

А) Тоқарстан мен Ауғанстан

В) Хорезм мен Бұқар

С) Шаш пен Исфиджаб

Д) Мәуереннахр мен Үндістан

Е) Жаңакент пен Баласағұн

 

132. 723 ж. түркештер қандай тайпамен бірігіп, арабтарға қарсы соққы берді?

А) Қарлұқтармен

В) Оғыздармен

С) Қыпшақтармен

Д) Қарахандықтармен

Е) Қимақтармен

 

133. V ғасырда жазылған деректерде қарлұқтарды қалай атанған және билеушілерінің титулы?

А) Елтебер\ Яньмо

В) Жабғу\болат

С) Хан\ чигиль

Д) Қаған/хан

Е) Күл-еркіндер/жабғу

 

134. Қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғандығын дәлелдеген географ кім?

А) Әл-Маруази

В) Әл-Якуби

С) Ибн-Хаукаль

Д) Гардизи

Е) Сыма-Цянь

 

135. Оғыз мемлекеті қай ғасырда өмір сүрді?

А) ІХ-ХІғ.ғ.

В) Х-ХІІ ғ.ғ.

С) Х-ХІІІ ғ.ғ.

Д) ХІ-ХІІ ғ.ғ.

Е) Х-ХІ ғ.ғ.

 

136. Жент, Сауран, Сүткент, Фараб қалаларының халқы қандай шаруашылықпен айналысты?

А) Егіншілік пен қолөнер

В) Сауда мен кен өндіру

С) Егіншілік пен мал шаруашылығы

Д) Мал шаруашылығ мен сауда

Е) Қолөнер мен сауда

 

137. Оғыз одағында 24 тайпа болғандығы, олардың бұзұқтар мен ұшұқтарға бөлінгендігі туралы кімнің деректерінде кездеседі?

А) М.Қашғари

В) Ж.Баласағұни

С) М.Х.Дулати

Д) Қ.Жалаири

Е) Әбілғазы Баһадүр

 

138. Х ғасырдың екінші жартысында оғыздарда халық көтерілістері жиілеп, оны селжұқтар пайдаланады. Бұл жағдай қай жабғу тұсында болған?

А) Әли-Жабғу

В) Шахмәлік

С) Тон-жабғу

Д) Қадыр хан

Е) Жеғұй қаған

 

139. «Ұлы Жібек жолы» қай ғасырларда алғаш сауда байланысы жасалған?

А) б.з.б. ІІІ – ІІ ғ.ғ.

В) б.з.б. ІІІ – V ғ.ғ.

С) б.з.б. ІІІ – І ғ.ғ.

Д) б.з.б. ІІІ – ІV ғ.ғ.

Е) б.з.б. ІІІ ғ.ғ.

 

140. Нефрит жолы:

А) Жаркентдария – Шығыс түркістан

В) Мысыр – сирия - Месопотомия

С) Бадахшатн тауы – Иран – Қытай

Д) Орал – Қаратеңіз – Дон бойы

Е) Үндістан – Жетісу – Қытай

 

141. Қазақстан жерінде Ұлы Жібек жолы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, қанша тармаққа бөлінеді?

А) төрт

В) екі

С) бес

Д) жеті

Е) он

 

142. 1253 ж. Вильгельм Рубрук қай қалада ирандық көпестердің орындары болғанын айтады?

А) Екіоғыз

В) Құлан

С) Шауғар

Д) Мереке

Е) Атлах

 

143. VIII ғ. деректер бойынша сауда байланысында «Хан жолы» деп аталатын соқпақболған. Ол Қазақстанның қай аймағында?

А) орталық - шығыс

В) солтүстік - батыс

С) оңтүстік - шығыс

Д) орталық - батыс

Е) батыс – шығыс

 

144. Ортағасырлық Азияда әлемнің төрт патшалығы туралы тұжырым болған. Сәйгүліктер патшалығын атаңыз:

А) Түрік қағанаты

В) Иран мен Византия

С) Үндістан

Д) Қытай

Е) Аравия

 

145. Буддизм таратуда қандай тайпалар басты роль атқарды?

А) соғды - қаңлылыр

В) үйсін - ғұндар

С) оғыз - қимақтар

Д) найман – керейлер

Е) қидан – ұйғырлар

 

146. Исфиджабқа жақын жерден табылған жер асты храмы қай ғасырларға жатады?

А) VIІ – VIII ғ.ғ.

В)VI – IX ғ.ғ.

С) VIII – IX ғ.ғ.

Д) IX – XI ғ.ғ.

Е) IV – V ғ.ғ.

 

147. Жібек жолымен соғдылықтар қандай дінді таратты?

А) манихейлік

В) христиан

С) ислам

Д) будда

Е) несторияндық

 

148. Манихейлерлдің көк тәңірісі болып есептелетін әйел бейнесі мен ай суреті салынған қола медальон қай қаладан табылған?

А) Тараз

В) Шілікбалық

С) Алмалық

Д) Мерке

Е) Шаш

 

149. Зороастризм Қазақстанға қай ғасырда келді?

А) б.з.б. VII – VІ ғ.ғ.

В) б.з.б. V – IV ғ.ғ.

С) б.з.б. VIII – VI ғ.ғ.

Д) б.з.б. VII – V ғ.ғ.

Е) б.з.б. VI – III ғ.ғ.

 

150. Қарлұқтарға ислам діні қай жылдары тарады?

А) 760 ж.

В) 756 ж.

С) 840 ж.

Д) 795 ж.

Е) 960 ж.

 

151. Қазақсанда исламның таралуына орай мешіттер, кесенелер тұрғызу қай ғасырда басталды?

А) X - XIII ғ.ғ.

В) XII ғ.басы

С) IX - X ғ.ғ.

Д) XI - XIІ ғ.ғ.

Е) VIII - IX ғ.ғ.

 

152. Х ғасырға жататын Бабаджа хатун кесенесі қай қалада салынған?

А) Тараз

В) Баласағұн

С) Исфиджаб

Д) Ақмешіт

Е) Шаш

 

153. Айша бибі мазары қай ғасырға жатады?

А) ХІ ғ.

В) Х ғ.

С) ХІV ғ.

Д) ХІІІ ғ.

Е) VІІІ ғ.

 

154. Қарахандықтар қай жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады?

А) 960 ж.

В) 993 ж.

С) 1024 ж.

Д) 1209 ж.

Е) 1113 ж.

 

155. Бағдатта наурыз мерекесінде халифтың алдында қандай ойын – сауықтар өткізілген?

А) маскалы өнер

В) айтыс

С) күрес

Д) ән

Е) би

 

156. VII – VIII ғасырларда қай қалада будда храмдары табылды?

А) Ақбешім

В) Менкент

С) Жаркент

Д) Шауғар

Е) Қоялық

 

157. Цзюйлень деп қай қаланы атаған?

А) Құлан

В) Шауғар

С) Екіоғыз

Д) Кедер

Е) Мерке

 

158. «Шындық сыйы» дастанының авторы кім?

А) Жүгенеки

В) Әл - Фараби

С) Бақырғани

Д) Ясауи

Е) Баласағұни

 

159. Қимақ қағанатының құрамына қанша тайпа кіреді?

А) 7

В) 9

С) 14

Д) 11

Е) 4

 

160. Қимақтар қай ғасырда Алтайдың солтүстігінен Ертіс бойына қоныс аударды?

А) VII ғасыр ортасында

В) VII ғасыр басында

С) VIIIғ. ІІ жартысында

Д) ІХ ғ. басында

Е) Х ғ. аяғында

 

161. Қимақтардың туыстас тайпасы кімдер болған?

А) Құмандар

В) Қарлұқтар

С) Ұйғырлар

Д) Қырғыздар

Е) Оғыздар

 

162. Әл-Идриси еңбегі бойынша қимақтардың Ертіс өзені бойында қанша қаласы болған?

А) 12 қала

В) 16 қала

С) 13 қала

Д) 9 қала

Е) 14 қала

 

163. Қарахан мемлекеті қашан 2-і қанатқа бөлінді?

А) ХІ ғ. 30ж.

В) Х ғ. 20ж.

С) ХІІ ғ. 50 ж.

Д) ХІІ ғ. басы

Е) ХІ ғ. аяғы

 

164. 1089 ж. Қарахандар кімдердің вассалдық тәуелділігіне түсті?

А) Селжұқтар

В) Қарақытайлар

С) Оғыздар

Д) Ұйғырлар

Е) Қыпшақтар

 

165. VI-XIII ғасырларда негізгі шаруашылық көшпелі және жартылай көшпелі болды. Жайылымдылық жерлер кімдердің қолында болды?

А) Ақсүйектердің

В) Шонжарлардың

С) Хандардың

Д) Қағандардың

Е) Байлардың

 

166. Х-ХІІ ғғ. Түрік тайпалары егіншілікпен айналысты. Сол уақыттағы суармалы егіншіліктің ең ірі орталығы?

А) Отырар

В) Алтынтөбе

С) Жетіасар

Д) Суяб

Е) Испиджаб

 

167. Қарлұқтар мен қимақтар тамаққа қандай дәнді дақылдарды пайдаланды?

А) Бұршақ, күріш, арпа

В) Бидай, тары, жүгері

С) Арпа, тары, күріш

Д) Бидай, күріш, арпа

Е) Тары, ноқат, күрікш

 

168. Ағылшын тюркологы Клоусонның болжамы бойынша алғашқы түркеш теңгелері VIIІ ғасырда қай қалада соғылған?

А) Ақбешім

В) Тараз

С) Будукет

Д) Исфиджаб

Е) Отырар

 

169. ІХ-Х ғғ. Халықаралық валюта ретінде қандай ақша қолданылды?

А) алтын динарлар

В) қарахан теңгелері

С) соғды теңгелері

Д) мыс теңгелер

Е) күміс дирхемдер

 

170. Орхон-Керулен аралығын монғол тайпалары қай ғасырда мекендеді?

А) ІХ ғасыр

В) Х ғасыр

С) ХІІ ғасыр

Д) ХІІІ ғасыр

Е) ХІІІ ғасырдың аяғы

 

171. Монғол әскерлері санына орай ондыққа бөлінді. Түменде қанша әскер болды?

А) 10 мың әскер

В) 1 мың әскер

С) 500 әскер

Д) 100 әскер

Е) 10 әскер

 

172.Қай деректе Жошы хан қайтыс болғаннан кейін, оның ұлдарының Шыңғыс ханға барғаны және Жошы ұлысын үш бөлікке бөліп алғандығы туралы айтылады?

A) "Шыңғыс намада"

B) "Тарихи Рашидиде"

C) "Бабырнамада"

Д) "Фатх намада"

E) "Жылнамалар жинағында"

 

 

173. 1218 жылы қай қала монғолдарға соғыссыз берілді?

А) Баласағұн

В) Алмалық

С) Жент

Д) Ашынас

Е) Баршынкент

 

174. Шыңғыс хан Отрырар әкімі Қайыр ханға қанша адамнана тұратын сауда керуенін жіберді?

А) 450 адам

В) 146 адам

С) 800 адам

Д) 317 адам

Е) 697 адам

 

175. Әл-Жувейнидің айтуы бойынша монғолдар 9 күн бойы қаланы тонаған. Бұл қандай қала?

А) Жент

В) Сығанақ

С) Сауран

Д) Ашынас

Е) Отырар

 

176. Сырдария бойындағы қалалардың алынуы Шыңғыс ханға қай мемлекетті алуға жол ашты?

А) Мәуереннахр

В) Араб елдері

С) Үндістан

Д) Иран

Е) Мысыр

 

177. Бұхар мен Самарқандты, Хорезмді Шыңғыс хан әскерімен қосылып кімдер жаулап алды?

А) Шағатай мен Үгедей

В) Жошы мен Төле

С) Сүбедей мен Жебе

Д) Жошы мен Шағатай

Е) Үгедей мен Сүбедей

 

178. Қай жылы Калка өзені бойындағы шайқаста орыс-қыпшақ әскері жеңіліп, орыс жерінің оңтүстігі бағындырылды?

А) 1223 жылы

В) 1220 жылы

С) 1225 жылы

Д) 1221 жылы

Е) 1224 жылы

 

179. Шыңғыс хан өзінің жаулап алған территориясын ұлыстарға бөлді. Жошы ұлысының жері:

А) Ертістің батысынан Жетісудың солтүстігі, Дешті-Қыпшақ жері, Хорезм, Сырдария.

В) Оңтүстік және Оңтүстік шығыс Қазақстан, Шығыс Түркістан, Мәуереннахр, Хорезм

С) Батыс Монғолия, Тарбағатай, Жоғарғы Ертіс бойы

Д) Монғолия, Енисей бойы, Қытайдың солтүстігі

Е) Тобыл, Есіл өзендері, Мұғалжар-Қаратау бойы

 

180. Қай ғасырда Алтын Орда Монғол империясынан дербес хандық болып бөлінді?

А) ХІІІ ғ. 60ж.

В) ХІІІ ғ. 20 ж.

С) ХІІІ ғ. 30 ж.

Д) ХІІІ ғ. 50 ж.

Е) ХІІІ ғ. 90 ж.

 

181. Алтын Орданың қоғамдық құрылымы бойынша беклербек қандай қызмет атқарды?

А) әскери және дипломатиялық

В) салық жинаушы

С) ең жоғарғы органды

Д) шаруашылық және мәдени

Е) сот билігі

 

182. Ұшыр салықтың қандай түрі?

А) мал салығы

В) егіншілерден жиналатын салық

С) егін және мал салығы

Д) қолөнершілер мен саудагерлерге салынатын салық

Е) әскерге берілетін салық

 

183. Алтын Орда мемлекетінде 1357-1380 жж. Хандық билік үшін күресте қанша хан ауысты?

А) 25 хан

В) 17 хан

С) 14 хан

Д) 29 хан

Е) 9 хан

 

184. Бұхарда Махмұд Тараби бастаған билеушілерге қарсы халық көтерілісі қашан болды?

А) 1238 жылы

В) 1270 жылы

С) 1262 жылы

Д) 1259 жылы

Е) 1240 жылы

 

185. Шыңғыс хан әулетінен шыққан билеушілерге берілетін үлестік жер қалай аталды?

А) Інжу

В) Ихта

С) Сойырғал

Д) Түтік

Е) Ұлыс

 

186. ХІІІ – XIV ғасырларда жазба деректер бойынша Алтын Орда халқын «татарлар» деп атаған, ал тілі қандай болған?

А) қыпшақ тілі

В) татар тілі

С) монғол тілі

Д) славян тілі

Е) араб тілі

 

187. Монғол шапқыншылығының зардаптары қандай?

А) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс

В) Халық жаппай қырылып, өндіргіш күштер әлсіреді

С) Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қала мәдениеті жойылды

Д) Шаруашылық құлдырады

Е) Қазақ халқының қалыптасу процесін тежеді

 

188. Шығыс Дешті-Қыпшақ жерінде ХІІІ-XV ғасырдың басында өмір сүрген мемлекетті атаңыз?

А) Ақ Орда

В) Алтын Орда

С) Моғолстан

Д) Әбілхайыр хандығы

Е) Ноғай ордасы

 

189. Ақ Орда Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат жүргізуді ойлады. Ақ Орда қай хан тұсында тәуелсіз хандық болып жарияланды?

А) Орыс хан

В) Орда Ежен

С) Ерзен хан

Д) Мүбәрәкқожа хан

Е) Сасы-бұха хан

 

190. Ақ Орда мемлекетінің ханы Тоқтамыс кезінде 1389, 1391, 1395 жылдары кімдермен соғыс басталды?

А) Әмір Темірмен

В) Астрахан хандығымен

С) Мәскеу княздықтарымен

Д) Ноғай Ордасы әмірлерімен

Е) Моғолстан хандарымен

 

191. «Шекарасының ұзындығы мен ені 7-8 айлық жол. Баркөл, Ертіс-Көкшетеңіз-Түркістан-Ташкент, Ферғана, Қашғар, Ақсу – бұл Моғолстан жері» - деп кімнің еңбегінде жазылды?

А) М.Дулати

В) О.Кухистани

С) А.Яссауи

Д) С.Бақырғани

Е) М.Қашғари

 

192. Моғолстан мемлекетіндегі халықтар арасындағы ең қуатты тайпа:

А) Дулат

В) Арғын

С)Керей

Д) Үйсін

Е) Қаңлы

 

193. 1361 жылы Тоғылық-Темір Мәуереннахрды түгел басып алып, қай баласын билеуші етіп қойды?

А) Илияс қожа

В) Есен Бұға

С) Уаис

Д) Сұлтан Саид

Е) Мұхаммед

 

194. 1388 жылы Темірдің Иранға жасалған жорығынан кейін, Хорезм халқын қырғынға ұшыратып, астанасы Үргенішті тонауына не себеп болды?

А) Халық бүлік шығарды

В) Алтын Орда күшейді

С) Тоқтамыс хан Әмір-Темірге қарсы шықты

Д) Ақ Орда мен Моғолстан одақтасты

Е) Алтын Орда мен Моғолстан одақтасты

 

195. Әбілхайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайының тұрақты болмауының себептері?

А) Берілген жауаптарының барлығы дұрыс

В) Мемлекет бір орталықтан басқарылмады

С) Ұлыстарға бөлініп, Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарды

Д) Билік үшін Жошы ұрпақтар арасында өзара қырқыстар болды

Е) Толассыз соғыстар тоқтамады

 

196. Әбілхайыр хан қашан Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Аркөкті жаулап алды?

А) 1446 жылы

В) 1429 жылы

С) 1457 жылы

Д) 1462 жылы

Е) 1468 жылы

 

197. Ноғай Ордасының ең үлкен тайпасын атаңыз:

А) Маңғыт

В) Арғын

С) Қарлұқ

Д) Алшын

Е) Тама

 

198. Ноғай Ордасына кірген тайпалар қай ғасырда қалыптасқан Ноғай халқының негізін құрады?

А) XV ғасыр аяғы

В) XIV ғасыр аяғы

C) XIV-XV ғасыр

Д) XIV ғасыр ортасы

Е) XV ғ. ІІ жартысы

 

199. 1321 жылы Кебек ханның ақша реформасына байланысты ақшаның қай түрін «кебеки» деп атады?

А) күміс динар

В) алтын динар

С) мыс тенге

Д) қара дирхем

Е) гитрифий дирхемы

 

200. «Көшпелілер философы» атанған жырау:

А) Асан қайғы

В) Қодан-тайшы

С) Жиембет

Д) Шалкиіз