Сынып: 12

Сынып

 

 

Мазмұны

 

 

Ұзақ мерзімді жоспар 3

Тілдік мақсаттар туралы 6

12.1A: 14-топ элементтері 8

12.1B: Азот және күкірт 12

12.1C: Қышқылдар мен негіздер 20

12.2A: Карбонильді қосылыстар 30

12.2B: Ауыспалы металдар 35

12.2C: Ароматты қосылыстар 42

12.2D: Аминдер және амин қышқылдары 47

12.3А: Бейорганикалық химиядағы ерітінділер 54

12.3B: Синтетикалық полимерлер 59

12.3C: Химия және материалдар өндірісі 66

12.3D: Металдар өндірісі 72

12.4А: Химия және өмір 78

12.4B: Органикалық синтез 86

Бекітуші тарау: Физикалық химия 91

Бекітуші тарау: бейорганикалық химия 94

Қысқа мерзімді жоспар 97

 


Ұзақ мерзімді жоспар

Пән: Химия

Сынып: 12

1 тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан
12.1A 14-топ элементтері   · Топ бойынша элементтердің физикалық қасиеттерінің өзгеруі · Топ бойынша элементтердің химиялық қасиеттерінің өзгеруі
  • 14-топ элементтерінің тотығу дәрежесі
  • Молекула пішіндері мен олардың қосылыстары
  • 14 топ элементтерінің табиғатта таралуы және олар түзетін жай заттарды бөліп алу тәсілдері
 
  12.2A Карбонильді қосылыстар   Альдегидтер мен кетондар: · Нуклеофильді қосылу реакциялары және тотығу- тотықсыздану қасиеттері   Карбон қышқылдары және эфирлер: · Қышқылдылық (карбон қышқылдарының қасиеттері) · Этерификация реакциясы
  • Табиғи эфирлер мен сабындар
  • Ацилдеу
 
  12.3A Ерітінділердің бейорганикалық химиясы   · Льюис қышқылдары мен негіздері · Металдардың аква комплекстері
  • Қышқылдылық және гидролиз
  • Лигандтардың орынбасу реакциялары
 
  12.4A Химия және өмір   · Нәруыз молекулаларының пішініне әсер ететін факторлар · Алынған деректер бойынша полипептидтер құрылымын анықтау
  • Ферменттер және олардың қызметі
  • ДНК құрылымы
  • Әр түрлі аурулардың генетикалық негіздері
  • ATФ және энергия
· Биологиялық маңызды металдар · Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы
  • Ауыр металдардың нәруызға әсері
  12.1B Азот және күкірт   Азот: · Азот атомы құрылысының ерекшелігі · Аммиак және оның қосылыстары
  • Азот оксидтерінің және нитраттардың экологияға әсері
  Күкірт: · Аллотропиялық түр өзгерістер · Күкірттің диоксиді және қышқылдық жауындар
  • Күкірт қышқылы
 
12.2B Ауыспалы металдар   · Ауыспалы металдар анықтамасы · Ауыспалы металдардың жалпы сипаттамалары
  • Лигандтар мен кешенді қосылыстар
  • Ауыспалы металдардың комплексті қосылыстарының кеңістіктегі құрылымдары
  • Түрлі- түсті иондардың түзілуі
  • Ауыспалы тотығу дәрежелері
· Катализ (гомогенді және гетерогенді)
  • Ауыспалы металдардың биологиялық рөлі
 
  12.3B Синтетикалық полимерлер   · Полимерлеу реакциялары · Поликонденсация реакциялары (полиамидтер мен полиэстерлер)
  • Қоршаған ортаға тигізетін әсері
 
  12.4B Органикалық қосылыстардың синтезі   · Органикалық қосылыстарды бір және бірнеше кезең көмегімен синтездеу · Органикалық синтез реакциясы мысалында өнім шығымын және тазалығын есептеу
  • Негізгі функционалды топтарды анықтау
 
  12.1C Қышқылдар мен негіздер   · Брэнстед-Лоуридің қышқылдар мен негіздер теориясы
  • Сутектік көрсеткіш: анықтамасы және оны өлшеу әдістері
· Судың иондық туындысы
  • Қышқылдар мен негіздердің күші
· Ka/Kb және pKa/pKb
  • pH қисықтары және индикаторлар
  • Буферлік ерітінділер
  • Қышқылдық-негіздік титрлеу
 
  12.2C Ароматты қатар қосылыстар · Бензол молекуласы және оның туындыларының құрылысы · 6 π-электрондардың делокализациясы
  • Электрофильді орынбасу
  • Азоттау және нитробензолдар
  • Фридель-Крафтстің ацилдеуі
 
  12.3C Химия және материалдар өндірісі   · Физиологиялық белсенді қосылыстар · Дәрілік препараттарды дайындау және синтездеу · Полимерлердің құрылымдарына байланысты қасиеттері · Полимерлердің құрылымына сәйкес қолданылуы · Нанотехнология: наношкала · Нанокөміртекті бөлшектер құрылымы · Нанобөлшектердің қолданылуы · Қоршаған орта және энергияның сақталуы · Кейбір экологиялық проблемалардың шешімі · Табиғи қорлардың тиімді қолданылуы  
  12.1D Органикалық қосылыстардың номенклатурасы және изомериясы   · Ароматты және басқа күрделі қосылыстарға қолданылатын ИЮПАК (IUPAC) номенклатурасы · Көміртектің ассимметриялы атомдары, оптикалық изомерлер және олардың сызықтық поляризациясы бар жарыққа әсері · Энантиомерлер мен рацематтар · Оптикалық белсенді қосылыстардың радиоактивтілігі     12.2D Аминдер мен амин қышқылдары   Аминдер: · Жіктелуі · Негізділігі · Нуклеофильді қасиеттері · Алынуы   Амин қышқылдары: · Қышқылдық/негізгі қасиеттері, биполярлы иондар · Пептидтік байланыс · Нәруыздың түзілуі     12.3D Металдар өндірісі   · Табиғатта металл кендерінің таралуы (Қазақстанда және дүниежүзінде) · Металдарды бөліп алу әдістері · Көміртек, көміртек оксиді (II), белсенді металдармен, сутекпен тотықсыздандыру · Электролиз көмегімен металдарды бөліп алу · Металдарды бөліп алу коммерциялық процестердің негіздері: алюминий, мыс, темір, марганец, натрий, титан, вольфрам · Қоршаған орта мәселелері  

 

ЕСКЕРТПЕ: Әр сынып зертханалық қауіпсіздік ережелерін қайталаудан басталады деп есептеледі.

Осы схемада оқушылардың курс бойынша оқылатын химияны түсіну мен түсіндіру сияқты принциптерді қолдану қасиеті мен барлық қамтылатын принциптерді түсінуге ерекше назар аударылады.

Периодтық кесте топтары үшін «Халықаралық Теориялық және Қолданбалы Химия Одағының» жаңа номенклатурасы ұсынылады. (Рим сандары 1-18)

Периодтық кестенің «ұзын формасы» ұсынылады (мысалы, http://tannerm.com/longform.htm қараңыз)


Тілдік мақсаттар туралы

 

Пән мазмұнын екінші не үшінші тіл арқылы оқытуда Зияткерлік мектептер пән мазмұны мен тілді оқып үйренуге тең қолдау көрсетілетін оқу ортасын құруға ұмтылады. Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады. Ғылыми тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену және ойлау мен пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеу қабілетін жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал. Екінші не үшінші тіл арқылы оқитын оқушылардың көпшілігіне олардың ғылыми тіл мен пән мазмұнын игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет. Үштілді білім беру контексінде бірінші тілдегі ғылыми тілдің дамуы да тұрақты назарды талап етеді. Сондықтан, бірінші тіл арқылы оқуға берілетін шектеулі уақытты тиімді және нәтижелі қолдану керек.

 

Тілдік мақсаттар ғылыми тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылардың өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына тікелей байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар оқытушылар мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Пәндік мазмұнды оқытуға, әрі ғылыми тілді үйретуге тұрақты екі бағытты ұстанатын пән мұғалімдері оқушыларға үлгі көрсетіп, пән мен тілді қатар алып жүруге көмектеседі.

 

Ғылыми тілді оқып үйренуді қолдау үшін оқытушыларға оқу жоспарларына мынадай тілдік мақсаттарды қосу ұсынылады:

• оқушылардың назарын ғылыми тілге аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті терминология мен тіркестері бар лексика);

• сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдарын қолдануға қажетті жұмыс тілін қалыптастыру (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті тіркестері);

• сабақ барысында лексиканы, оның ішінде терминология мен тіркестерді орынды пайдалану үшін оларды алдын ала оқыту кезеңінде тиімді қолдану;

• оқушылардың тілдік дағдының төртеуін де түрлі әрекеттерде (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым,тыңдалым-жазылым және т.б.) әртүрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану;

• оқушыларды пікірталас, диалогтарға тарту (мысалы, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау және жауаптары тек білімді ғана көрсететін сұрақтар қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушылар диалогқа қатыса алуы үшін қажет бай сөздік қормен қамтамасыз ету);

• белгілі бір тілге тән дағдыларды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті алу үшін тыңдалым , түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары);

• тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушылардың тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді меңгерудегі жетістіктерін бағалау);

• сабақтың басында тілдік мақсатты белгілеу, сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізілген жетістіктерді талқылау.

 

Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Тілдік мақсат үлгісі сонымен бірге ғылыми тілдің құрамдас бөліктерін қамтиды, оны пайдалану мен есте сақтауға оқушылардың назарын аудару маңызды. Олар келесі тақырыпшалар арқылы көрсетілген:

(1) пәнге тән арнайы лексика және терминология,

(2) диалог/жазылым үшін қажетті тіркестер. Берілген тіл оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілдік мақсаттарға қол жеткізулеріне көмектеседі.

 

Тілдік мақсаттарды құру үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: талдау, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, сәйкестендіру, көшіру, құру, сынау, анықтау, сипаттау, құрастыру, бағалау, түсіндіру, мысалдар келтіру, болжау, анықтау, негіздеу, келіссөздер жүргізу, болжау, өндіру, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, көшіріп алу, рөлдік ойындар ойнау, қорытындылау, синтездеу және жазылым, әртүрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен анықтама жазылым, безендіру.

 

Кейбір тілдік мақсаттардың пән мазмұнынының оқу мақсаты деп те қарастыруға болатынына қарамастан, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де бірдей назар аударуларына ықпал етеді. Бұл, сонымен қатар, жауаптар/шешімдерге және үдерістерге теңдей назар аударуға көмектеседі. Атап айтқанда, осы үдерістерге назар аудару тілдің дұрыс қолданылуы мен ойлау әрекетінің жақсаруына жағдай жасайды.

 

Тілдік емес пәндердің оқыту мақсаттарының көпшілігі мазмұнға негізделеді, бірақ кем дегенде бір мақсатты тілді дамытуға арнау қажет.

 


Химия Жоғарғы мектеп 12 - сынып
12.1A: 14-топ элементтері
Осыған дейін меңгерілген білім
11.1A Атом құрылысы 11.1C Химиялық байланыс 11.1D Периодтылық 11.2B Энергетика 11.2D Тепе-теңдік 11.4D Термодинамика
Контекст
Бұл бөлімде 14-топ элементтерінің қасиеттері қарастырылады. Бұл топ элементтерін оқып-білуге ерекше назар аударған жөн, себебі бұл топта элемент қасиеттері бейметалдан металға дейін өзгереді.
Бұл бөлімдегі «Химия» пәнінің тілдік мақсаттары Академиялық тілге қатысты тілдік мақсат мысалы төменде келтірілген.
Пәндік мақсат Тілдік мақсат Пәнге қатысты лексика және терминология Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Оқушылар:   - топтағы элементтердің химиялық және физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсінеді     Оқушылар:   жұптаса отырып элементтер қасиеттерінің өзгеруін талқылап, кесте түрінде қорытынды жасайды (айтылым , тыңдалым және жазылым дағдылары)   металл, бейметалл, металлоидтер   электрондық жұптың инерттігі, ионды, ковалентті, гидролиз, тетраэдрлі, ауыр металдар, (бей-) металдық, (электр және жылу) өткізгіштігі, құрамдас, тенденция, қасиеттері (Бей-) металдардың типтік қасиеттері …   Металлоид…   Металдыэлементтердіңсипаты…   Молекуланыңxxx түрі - xxx себебі xxx   Электрондық жұптың инерттігі … туындаған  
Басқа тілдік мақсаттарды құру үшін және академиялық тілді оқыту мен үйретуге жататын тілді үйрету мақсаттары бойынша қосымша басшылық ретінде жоғарыда «Тілдік мақсаттар туралы» мағлұматтықараңыз
Қысқаша шолу
Бұлбөлімде 14-топ элементтерінің қасиеттерінің өзгеруіне ерекше назар аударылады және олардың қасиеттерінің өзгеруінде байқалатын заңдылықтарды көрсететін реакциялар қарастырылады. Оқушылар қарастырылып отырған заңдылықтарды электрондық құрылым мен энергетика тұрғысынан түсіндіре алуы керек.

 

 
Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Оқу әдістемесіне қатысты ескертулер Оқыту ресурстары
  - элементтердің табиғаттағы таралуын білу, осы элементтер түзетін жай заттардың алыну әдістерін біліп, сәйкестендіру және салыстыру (G)Оқушылар топтарға бөлінеді. Әрбір топқа бір элемент беріледі (C-Pb). Топ «өз» элементінің презентациясын жасау керек.   (I) Оқушылар презентацияларды тыңдап, топтағы барлық элементтер үшін жекелей қорытынды кесте құрады.   Негізгі презентация үлгерімі төмендеу оқушыларды қолдау үшін ұсынылуы мүмкін.   Негізгі кесте үлгерімі төмендеу оқушыларды қолдау үшін ұсынылуы мүмкін.     Оқушылар (және мұғалімдер) үшін пайдалы дереккөз: http://www.chemguide.co.uk/inorganic/group4menu.html  
  - топтағы элементтердің химиялық және физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіну   - қосылыстар молекулаларының пішіндерін түсіндіре білу   (I) немесе(G) жеке немесе жұппен, оқушылар топ ішіндегі элементтердің химиялық және физикалық қасиеттердің өзгеру заңдылықтарын санап шығады.   (T) (f) 14-топ элементтерінің қасиеттері мен электрондық құрылымдары жайлы кішкентай ақ тақтайшаларды пайдалана отырып, оқушылармен «сұрақ-жауап» жүргізу.   (I) (f) Оқушылар 14-топ элементтерінің электрондық құрылымдарын қайта қарастырады, молекулалар пішіндерін түсіндіре отырып, хлорид құрылымдарының үлгілерін салады және құрайды. Оқушылар қосылыстардың табиғаты басым түрде иондық болатындығын атап өтулері керек.   114 (Flerovium) нөмірлі элементтке назарларын аударып, оқушылардан бұл элементтің көп мөлшерде алынуы мүмкін екендігін ескере отырып, оның қасиеттерін алдын ала болжауларын сұраңыз. (Содан кейін Flerovium бейнематериалды көрсетіңіз).   Топтағы элемент қасиеттерінің өзгеру заңдылығын бейметалдан металға көрсету өте маңызды.   Өз бетімен үлгілерді жинау оқушылар үшін үздік тәжірибе болады, бұл құрылымдарды көзбен көруге мүмкіндік береді. Бұл әдісті мүмкіндігінше барлық жерде қолданыңыз.   http://www.chemguide.co.uk/inorganic/group4/properties.html#top   Flerovium video: http://www.periodicvideos.com/videos/114.htm   Периодтық жүйе бейнематериалы: http://www.periodicvideos.com  
  - топ ішінде жоғарыдан төмен бағытта элементтердің төмен тотығу дәрежелерінің өзгеру заңдылығын (атомның ядро зарядтары артқан сайын) білу және түсіну   - тотығу дәрежелері (II) және (IV) болатын оксидтердің қасиеттерін білу және түсіндіре білу   - сулы ерітінділердегі (II) және (IV) тотығу дәрежелерін көрсететін қосылыстардың салыстырмалы тұрақтылығын білу және түсіндіре алу     (E) Оқушылар жиі қолданылатын әр түрлі реактивтердің қалайы, қалайы (II) хлоридінің ерітіндісі, қорғасын және қорғасын (II) нитратының ерітіндісімен реакцияларын зерттейді.   (I) Оқушылар электрондық құрылымдар тұрғысынан тотығу дәрежесі (IV) және (II) болатын қосылыстардың салыстырмалы тұрақтылығын түсіндіру керек.     Топтағы элементтердің тотығу дәрежесінің өзгеруіне заңдылығына назар аудару.   Оқушылар мына реакцияларды жүргізуі қажет: Қалайы және қорғасынның:
  • сұйытылған тұз қышқылымен
  • күкірт қышқылы ерітіндісімен
  • азот қышқылымен
  • сонымен қатар, концентрлі қышқылдармен демонстрация
  • натрий гидроксидінің концентрлі ерітіндісімен (демонстрация).
  Қалайы хлориді ерітіндісінің (II) реакциясы :
  • натрий гидроксиді және мүсәтір спиртімен
  • металдық мырышпен
  • калий дихроматының (VI) қышқылдандырылған ерітіндісімен
  • калий перманганатының (VII) қышқылдандырылған ерітіндісімен
  Қорғасын (II) нитраты ерітіндісінің:
  • хлорид, бромид және калий йодидінің ерітінділерімен;
  • сұйытылған күкірт қышқылымен;
  • натрий гидроксидінің ерітіндісімен реакциясы
  s Қалайы (II) хлоридінің ерітіндісі бастапқыда концентрлі тұз қышқылымен реакцияға түседі және бұл процесс құзырлы тұлғамен орындалуы керек.     s Қалайы (II) хлориді зиянды зат болып табылады. Көзді қорғау қажет. Қорғасын тұзы улы және қоршаған орта үшін қауіпті. Көзді қорғау қажет. Қолданғаннан кейін қолды мұқият жуу керек. Қорғасынның қосылыстарын қолдануға тиым салынған!!!!
Sn,Pb,.сұйылт HCl, H2SO4, HNO3 , SnCl2, NaOH, NH4OH,Zn,K2Cr2O7,KMnO4 (қышқылд),Pb(NO3)2 , KCl,KBr,KI SnO, SnO2 конц. HNO3, NaOH   http://www.chemguide.co.uk/inorganic/group4/oxstates.html#top   Қорғасын (II) нитраты және калий иодидінің реакциясын көрсететін бейнематериал: http://www.youtube.com/watch?v=tQ_sJTQAnRM   Қорғасын (және күміс) галидімен кейбір эксперименттер: http://www.nuffieldfoundation.org/practical-chemistry/silver-and-lead-halides   Мырыш қосылыстары (II) бойынша оқушылар ақпараты: http://www.chemguide.co.uk/inorganic/group4/lead.html#top   Пайдалы тұжырымдардың көп мөлшерін қарастыратын, қалайы хлоридінің (II) эксперименттері бойынша пайдалы ақпаратты (мысалы: гидролиз және теңгерім) мынадан табуға болады: Химиялық білім беру журналы, 65 том 10н, 898 бет, қазан, 1988ж.  

 

Ескертпе: Зертханадағы жұмыс оқытушылар мен оқушылар үшін қауіпті болып саналады. Назарбаев Зияткерлік мектептері қауіпсіздіктің тиісті шараларын анықтап, оларды сақтауға жауапты болады. Бұл құжатта қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат тек жалпы түрде беріліп, толық болмауы мүмкін. Не ХЕК, не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.

 

G = топпен жұмыс

I = жеке жұмыс

E = оқушылар эксперименті

T = мұғалімнің түсіндіруі

D = мұғалім көрсетілімі

f = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін тапсырма

s = қауіпсіздік техникасы бойынша кеңес  


 

Химия Жоғарғы мектеп 12 - сынып
12.1B: Азот және күкірт
Осыған дейін меңгерілген білім
11.1C Байланыс 11.1D Периодтылық 11.2B Энергетика 11.2D Тепе-теңдік 11.4D Термодинамика
Контекст
Бұл бөлімде екі бейметалл элементінің мысалында Периодтық кесте элементтерінің химиясын жүйелі түрде оқып-тану жалғасады. Оқушылардың 11-сыныпта оқытылған материалдар мен жалпы заңдылықтарды түсінулеріне ерекше назар аударылады. Бұл бөлімде екі өте маңызды өндірістік процесс келтірілген. Мүмкіндігінше тиісті химиялық зауыттарға бару ұсынылады. Азот және күкірт қосылыстары қоршаған ортаның ластануының мүмкін көздері болып табылады, сәйкесінше, биология және экологиямен пәнаралық байланыстың қарастырылуына назар аудару қажет.
Бұл бөлімдегі «Химия» пәнінің тілдік мақсаттары Оқушылар үшін тиісті академиялық тілді пайдаланып тілдік мақсаттарының мысалы төменде берілген
Пәндік мақсат Тілдік мақсат Пәнге қатысты лексика және терминология Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Оқушылар:   - - азот пен күкірт қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту тәсілдерін бағалайды   Оқушылар:   азотты тыңайтқыштарды пайдаланудың оң және теріс әсерлерін ауызша талқылау немесе кестесін ұсыну (айтылым , тыңдалым және жазылым дағдылары)   тыңайтқыш, құрамында азот бар, азоттау, саздану, судың түске боялуы, нитрозаминдер, канцерогенді     Плюстер......   Жанама әсерлер .......   Тым көп(тыңайтқыш) қолданылады, нәтижелері ...   Дүниежүзілік тағам өндірісі - ... және арттырылуы мүмкін..., алайда қосымша қауіп-қатерлер ...   Бір артықшылық/кемшілік - бұл …   Сіз ұсына алатын басты қорытынды, …   Бұлайғақ … көрсетеді   Бұл айғақайқын ұғыныс/пайдалы/нақты, себебі …   Тағам өндірісі кезіндегіәсер… - бұл …   Оң/терісәсер ету факторлары …   … … әсерін азайту үшін не істеу керек   … әсерін азайту үшін, біз … керек.  
Басқа тілдік мақсаттарды құру үшін және академиялық тілді оқыту мен үйретуге жататын тілді үйрету мақсаттары бойынша қосымша басшылық ретінде жоғарыда «Тілдік мақсаттар туралы» мағлұматтықараңыз
Қысқаша шолу
Бұл бөлімде өндірістік маңызды қосылыстардың негізі болып табылатын азот және күкірт элементтері қарастырылады. Оқушылардың өндіріс кезінде жүретін тепе-теңдік процестері мен элементтердің маңыздылығын түсініктеріне назар аударылады. Бұл элементтер өздерінің топтарының толық зерттелетін өкілдері ретінде қарастырылады. Топтар сипаттамаларына жалпы қысқаша шолу 11.1D бөлімінде келтірілген.

 

 

Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Оқыту әдістемесі бойынша ұсыныстар Оқыту ресурстары
  - азот молекуласындағы байланыстың түзілу механизмін түсіну және соған сәйкес молекуланың төмен белсенділігін түсіндіре білу   - аммиак молекуласының пішінін бейнелеп және түсіндіре білу   - газ тәрізді аммиак пен оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін білу және түсіну   (I)Оқушылар ауа құрамын көрсететін диаграмма суретін салады.   (D) немесе(E) Жану кезінде шамамен ауаның 20 % жұмсалатынын дәлелдеу үшін оқушыларға «майшам мен су» эксперименті көрсетіледі. Сонымен қатар оқушыларға ауада жанатын магний көрсетіледі.   (I) немесе(G) Оқушылар азот молекуласын «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын пайдаланып бейнелейді және молекуланың мұндай құрылымы оның төмен белсенділігіне қалай әсер ететіндігі талқыланады.   (G) Оқушылар аммиак молекуласының «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын салады және бөлінбеген электрон жұбының болуына назар аударады. Олар молекула пішінін болжау үшін валенттілік орбитальдан электрондық жұптың тебілу теориясын ВОЭЖТ теориясын пайдаланады.   (D) «Фонтан» экспериментін орындап, эксперимент негізінде оқушылар аммиактың судағы ерігіштігін талқылайды. Оларға газ тәрізді аммиак және хлор сутегінің реакциясын ылғалды индикатор қағазымен көрсетіңіз.   (E) Аммиак негіз ретінде: оқушылар әр түрлі тәсілмен аммиактың қосылыстарын ала алады: нейтралдау, титрлеу. Оқушылар әр түрлі индикаторларды пайдалана отырып, мүсәтір спиртін сынай алады.   (E) Оқушылар ауыспалы металдың көп мөлшерлі тұздарын қоса алғанда, реакцияны әр түрлі тұз қышқылы бар шыны пробиркаларда жүргізе алады.   (I) (f) Оқушылар презентация мен плакаттар арқылы, аммиак және оның қасиеттері бойынша алған деректерді қорытындылайды.   Секторлық диаграммадағы мәліметті пайдаланып азоттың белсенділігінің төмен екендігі оның молекуласындағы байланыстың түрі мен энергияға тәуелді екендігін талқылау     Оқушылар өзінің ‘майшам мен су’ экспериментін орындай алады.     Оқушылардан аммиак молекуласындағы бөлінбеген электрон жұбының болуы қандай қасиеттерге ие болатындығын болжауларын сұрауға болады.   Оқушылар кесте құрады немесе реакциялар жүргізіп, аммиактың қасиеттері туралы қорытынды жасайды.   Аммиак әлсіз негіз ретінде.   Бұл 12.2B бөлімге (ауыспалы металдар) байланысты болады. Аммиак баяу қосылуы керек, бірақ артық мөлшерде емес.   Реакцияларға пайдалануға мүмкін тұздардың сұйытылған ерітінділері:
  • алюминий сульфаты
  • қалайы (II) хлориді
  • қорғасын (II) нитраты
  • кобальт (II) хлориді
  • мыс (II) сульфаты
  • темір (II) сульфаты
  • марганец (II) хлориді
  • никель (II) сульфаты
  • мырыш (II) сульфаты
  • және т.б.
  s Бұл ерітінділердің біразы қауіпті, тиісінше, оқушылар сұйытылған ерітінділермен жұмыс жасағанда абай болулары керек. Көзді қорғау керек. Оқушылар жұмысты аяқтағаннан кейін қолдарын мұқият жуулары қажет. Жеке таңдалған заттар қауіптілік дәрежесі бойынша мұқият бөлінулері керек.
Оқушылар тиісті молекулалар үшін байланыс энергиясы туралы деректерді табу үшін қолдана алады: http://www.alhimik.ru/teleclass/konspect/konsp3-04.shtml#3-08 http://schoolchemistry.ru/katalog/ammiak.htm http://festival.1september.ru/articles/578605/   «Фонтан» экспериментін жүргізу үшін пайдалы бейнематериал: http://www.youtube.com/watch?v=sXmnAslKgUU   Эксперимент анимациясы: http://www.youtube.com/watch?v=jvyO14qKnFo   Сандық фото немесе бейнематериалды оқушылар жұмысын жазылым немесе көрсету үшін пайдалану қажет.   NH3, NH4Cl,NaOH, H2O, фенолфталеин, CuSO4 , ZnSO4,NiSO4,CоCl2 ерітінділері  
  - аммиак өндірісінің өнеркәсіптік процесін оқып-білу   - аммиактың шығымын арттыратыруға әсер ететін оптимальды шарттарды түсіну.   (I) немесе(G) реакциялар шарттарын, шығым және т.б. талқылай бастау үшін Габер процесіне компьютерлік модельдеуді пайдаланыңыз.   (T) және(G) аммиак шығымына температура, қысым, катализаторлар мен реагент қатынастарының әсерін талқылаңыз.   Үлгілеу реакция шарттарының өзгеруі туралы оқушылар түсінбестіктерін толтыруы керек.     Зауыт құрылысы, катализатор және т.б. байланысты шығындарды ескере отырып, экономикалық тұрғыдан кез келген өндірістің қажет немесе қажет емес екендігін ажырата білу керек.   http://nsportal.ru/shkola/khimiya/library/prakticheskaya-rabota-poluchenie-ammiaka-i-izuchenie-ego-svoystv   Қарапайым имитация процестің тарауы: http://www.freezeray.com/flashFiles/theHaberProcess.htm Процесті интерактивті анимациялау: http://www.absorblearning.com/media/item.action?quick=128   Тиісті түрдегі қолайлы нұсқаулық: http://www.chemguide.co.uk/physical/equilibria/haber.html http://nsportal.ru/shkola/khimiya/library/prakticheskaya-rabota-poluchenie-ammiaka-i-izuchenie-ego-svoystv  
  - азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топырақ пен су қорларына тигізетін экологиялық әсерлерін білу және түсіну   - осындай кері әсерлерді азайту тәсілдерін бағалау   (I)Бұл процесті азоттың айналымы арқылы қарастыруға болады.   (I) немесе(G) Оқушылар ауадағы NOx ластаушылардың әсерін зерттеу керек   (D) Ерітінділерде нитраттарға сынақ жүргізу (стандартты химиялық тест немесе су сынамасын алу және талдау үшін пайдаланылатын құралдардың коммерциялық қол жетімді жиынтықтарын пайдалану).   (G) Оқушылар азотты тыңайтқыштардың өсімдіктің өсуіне және судың ластануына тигізет оң және теріс әсерлерін «ұжымдық талқылаулары» керек. Олар құрамында азоты бар қосылыстардың экологиялық әсерін азайту әдістерін және олардың баламасын пайдалану мүмкіндіктерін қарастырулары керек.   (G) (f) Оқушылар азотты тыңайтқыштарды пайдаланудың оң және теріс жақтарын талқылаулары немесе диаграммасын жасаулары керек.   Бұл тапсырма биологиямен байланысты. Сабақта биологияда қарастырылатын азот айналымының қолданылып отырғандығына көз жеткізу қажет.   Нитраттар үшін мүмкін сынақтарды сипаттау: http://en.wikipedia.org/wiki/Nitrate_test   http://en.wikipedia.org/wiki/Nitrate_testhttp://www.ecosystema.ru/07referats/krug/krug.htm http://human_ecology.academic.ru/1668 http://www.newecologist.ru/ecolog-1678.html     Көбірек пайдалы ақпарат: http://www.chemguide.co.uk/CIE/section96/learningefghi.html#top  
  - табиғаттағы күкірттің таралуын білу   - күкірт құрылымы мен аллотропиясын түсіну   - атмосферадағы күкірт диоксидінің көздерін білу   -күкірт қос тотығының қышқылды жауынның түзілуі мен әсеріне ықпалын түсіну   - тағам өнімдерін консервілеуді түсіну және бұл мақсатта күкірт диоксидінің пайдаланылуымен танысу   (I) Оқушылар күкірттің таралуын зерттеп, олардың табиғатта таза түрде кездесу мүмкіндігін атап өту керек.   (D) немесе(E) Оқушылар ромбты, моноклинді және пластикалық күкіртті қарастыра алады және температура әсерінен бір модификацияның басқасына өту мүмкіндігін түсінулері керек.   (D) Күкіртті оттегінде немесе ауада жағу.Алынған реакция өнімінің суда ерігіштігін көрсетіп алынған газ ерітіндісінің қышқылдық қасиетін дәлелдеу.   (T) Күкірттің қос оксидінің атмосфераға бөлінуі және қоршаған ортаны ластауы туралы бейне клип көрсету.   (G) (f) Оқушылар қышқылды жауынның орман мен ғимараттарға әсері мен себептері туралы презентация жасайды.   (G) Оқушыларға тағамдағы консерванттар және тағамды сақтау үшін күкірттің қос оксидін пайдалану туралы БАҚ хабарламаларын ұсыну қажет. Олар консерванттарды қолданудың оң және теріс әсерін талқылап, әлемнің консервантсыз өмір сүру салдарын қарастыруы керек.   Егер мүмкін болса, оқушылар Қазақстандағы органикалық отынды өндіру және пайдалану бойынша деректерді қолдана алады.   s Күкірттің диоксиді бұл эксперименттің жүргізілуі/көрсетілуі кезінде бөлінуі мүмкін. Күкірт қос оксидінің ерітіндісі улы және тыныс жолдары ауруының асқынуына әкелуі мүмкін. Ұсынылған эксперименттер барлық қабылданған шаралар сақталған жағдайда 12-сынып оқушылары үшін қауіпсіз. Барлық техника қауіпсіздік ережелері сақталады.   s Күкірттің қос оксидіне қатысты ескертпені жоғарыда қараңыз.   Ерітілген көмірқышқыл газының еруі нәтижесінде пайда болатын табиғи қышқылдылықты күкірттің қос оксидінен түзілген зиянды қышқылдылықтан айыруда мұқият болу керек.   Оқушылар үйдегі азық-түліктің таңбалануын қарап құрамында консервант түрінде күкірттің қос оксиді кезедесетінін атауы қажет.     http://ru.wikipedia.org/wiki http://chem100.ru/elem.php?n=16 http://eligiblelatinos.com/sera/geo0.htm   http://www.geoglobus.ru/info/review07/     http://www.bibliotekar.ru/ecologia-5/24.htm   Бейне клип: http://www.youtube.com/watch?v=yCMchx6Q9Is   Вашингтондағы қышқылды жауын-шашыннан болған зақымдар жайлы бейнематериал: http://www.youtube.com/watch?v=MqHw1hMEkAQ   Қараңыз, мысалы, http://pubs.acs.org/cen/science/8045/8045sci2.html  
  - күкірт қышқылын қышқыл және тотықтырғыш реагент ретінде түсіну   - тепе-теңдік процесі жағдайында күкірт қышқылын алудың кем дегенде бір тәсілін білу   - күкірт қышқылының өнеркәсіпте алынатын өнім ретінде негізгі қолданылу саласын білу   - күкірт қышқылын алу процесінің экологияға тигізетін әсерін түсіну   (D) Концентрленген күкірт қышқылын сұйылтудың дұрыс тәсілін талқылап және көрсетіп, бұл процестің экзотермиялық табиғатына назар аудару. Қант, күкірт және мыс сияқты металдармен концентрленген күкірт қышқылының реакциясын көрсетіңіз. Хлорид, бромид және йодидпен жүретін реакцияларды көрсетіңіз. Тотықсыздану өнімдеріне назар аударыңыз.   (E) Оқушыларға күкірт қышқылының қышқыл ретіндегі реакцияларын жүргізуге мүмкіндік беріңіз. Олар металдармен реакцияларды жүргізуі керек.   (f) Оқушылар күкірт қышқылы қышқыл ретінде және тотықтырғыш ретінде болатын реакциялардың салыстырмалы диаграммасын жасаулары керек (және оның өнімдерін қоса алғанда).   (T) және (I)Контакт әдісі туралы бір немесе бірнеше бейне клиптер көрсете отырып, тақырыппен таныстырыңыз. Бақылаулар нәтижесінде, оқушылар құрылымға ие жұмыс парағын толтырулары керек.   (I) немесе(G) Күкірт қышқылының жалпы өндірісі мен оны әр түрлі салада қолдану ара қатынасын анықтау керек. Бұл ұлттық және дүниежүзілік деңгейде болуы мүмкін. Бұл деректерді ірі форматты кесте немесе әр түрлі диаграммаларға енгізу керек.   (I) немесе(G) (f) Оқушылар күкірт қышқылын өндіру процесінің жанама өнімдері мен ластаушыларын және олардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін көрсететін, «пікірлер картасын» (немесе «диаграмма»), жасау керек.     s Сұйытылған күкірт қышқылы, әсіресе ыстық түрінде өте қауіпті. Мұғалімдер барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жеке реакцияларды орындауы керек. Күкірт қышқылы коррозиялы болып табылады. Бұл реакциялардың көптеген өнімдері өздерінше қауіпті екендігіне назар аударып, барлық сақтық шараларын сақтау қажет   Тиісті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жоғарыда келтірілген мыстың галогендермен реакцияларын жүргізу.   Нашар оқушыларға деректер ұсыну керек. Сонымен қатар күкірт қышқылының Қазақстанда өндірілуі мен қолданылуы туралы деректер ұсынуға болады.   Аса қабілетті оқушылар күкірт қышқылының өндірісі мен оның дүниежүзілік экономикадағы (немесе ел шеңберінде) орны арасындағы қатынасты зерттеуі керек.   Бұл жұмыс қоршаған ортаны ластаушылар тізіміне аммиак пен азот қышқылы өндірісінің нәтижесі болып табылатын нитраттарды қосып және/немесе ұқсас проблемаларды қарастырумен одан әрі кеңейтілуі мүмкін.   http://him.1september.ru/article.php?ID=200800905 http://referat.ru/referats/view/26637   Бұл реакциялар бойынша кейбір мысалдар "Периодтық есте бейнематериалы" бейнематериалында:   http://www.youtube.com/watch?v=100Bk580mPY&feature=related   http://bse.sci-lib.com/article101606.html     Өте түсінікті: http://www.chemguide.co.uk/physical/equilibria/contact.html   Үрдіс бойынша пайдалы бейнематериал көп: http://www.youtube.com/watch?v=Bu3ns9Ii80M сұйытылған H2SO4, NaOH , CuO, Cu, Zn, Na2CO3 , BaCl2, индикаторлар, конц. H2SO4, Cu,Zn, KI, NaCl,қант http://www.youtube.com/watch?v=BkdjR5DZBl0&feature=related   http://www.youtube.com/watch?v=r7XdRMNXVgM&feature=related   http://www.npi.gov.au/substances/sulfuric-acid/environmental.html   http://novgen.freeservers.com/lake/acid/acidrain2.htm  

Ескертпе: Зертханадағы жұмыс оқытушылар мен оқушылар үшін қауіпті болып саналады. Назарбаев Зияткерлік мектептері қауіпсіздіктің тиісті шараларын анықтап, оларды сақтауға жауапты болады. Бұл құжатта қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат тек жалпы түрде беріліп, толық болмауы мүмкін. Не ХЕК, не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.

 

G = топпен жұмыс

I = жеке жұмыс

E = оқушылар эксперименті

T = мұғалімнің түсіндіруі

D = мұғалім көрсетілімі

f = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін тапсырма

s = қауіпсіздік техникасы бойынша кеңес  

 

Химия Жоғарғы мектеп 12 - сынып
12.1C: Қышқылдар мен негіздер
Осыған дейін меңгерілген білім
11.1C Байланыс 11.2B Энергетика 11.2D Тепе-теңдік
Контекст
Бүкіл курс барысында қышқылдық ұғымы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес дамытылады. Бұл бөлімде 12-сыныпта химия курсының одан әрі оқытылуына негіз болатын, қышқылдар мен негіздер туралы кейбір теориялық материал қарастырылады. Мұнда оқушыларға математика курсынан таныс логарифмдер мен логарифмдік шкаланың қолдану жағдайлары келтірілген.
Бұл бөлімдегі «Химия» пәнінің тілдік мақсаттары Оқушылар үшін тиісті академиялық тілді пайдаланып тілдік мақсаттарының мысалы төменде берілген
Пәндік мақсат Тілдік мақсат Пәнге қатысты лексика және терминология Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Оқушылар:   - тепе-теңдік жағдайындағы буферлік ерітінділердің қышқылды және негіздік әсерінің сапалық сипаттамасын түсінуеді Оқушылар:   - буферлік ерітіндіге қышқылды қосқан кезде болатын өзгерістерді ауызша сипаттайды   протон, қышқыл, негіз, сілті, қос протонды қышқыл(екі негізді), буфер, титрлеу, бейтараптандыру, логарифмдік, серіктес, бөліп алу, тұрақты қышқылдық диссоциация, индикатор, тепе-теңдік, рН факторды тұрақтандырғыш, натрий тұзы, Ле-Шателье принципі Қышқыл диссоциациясының тұрақты шамасы.... формуласын пайдаланған кезде есептеледі.   Буферлікерітіндідегітепе-теңдік...   Сутек иондарын қоса отырып...   Тепе-теңдіктегі өзгерістер нәтижесі...   Сізқышқылды буферлік ерітіндігеқосқандасутек иондарының артуы…   pH факторын тұрақтандыру үшін, Сіз … керек.   Буферлік ерітінді … алынған.  
Басқа тілдік мақсаттарды құру үшін және академиялық тілді оқыту мен үйретуге жататын тілді үйрету мақсаттары бойынша қосымша басшылық ретінде жоғарыда «Тілдік мақсаттар туралы» мағлұматтықараңыз
Қысқаша шолу
Бұл бөлім өткен сыныптарда оқытылған қарапайым ұғымдарды кеңейте отырып, қышқылдар мен негіздер теориясын кеңірек оқып-білуге мүмкіндік береді. Сулы ортадағы қышқылды - сілтілік сипатқа ие және әсіресе бұдан әрі қарастырылатын 12.3B бөлімдегі рН көрсеткішін түсінуге ерекше назар аудару қажет.