Масштаб

1-деңгей

1. Егер карта масштабы 1 : 20 000 000, ал сызғыштағы өлшемі 2 см 2 мм болса, Минсктен Киевке дейінгі қашықтықты табыңыз (км).

2. Егер карта масштабы 1 : 20 000 000, ал сызғыштағы өлшемі 3 см 8 мм болса, Мәскеуден Киевке дейінгі қашықтықты табыңыз (км).

3. 1:12 250 000 масштабты картаны қолдана отырып, Астана мен Тараздың жер бетіндегі арақашықтығын (түзу) табыңыз.

 

4. 2-есеп. Егер Астанадан Атырауға дейінгі (түзу) қашықтық 1500 км-ді құраса, картаның масштабын табыңыз.

5. Екі қаланың арасындағы жолдың ұзындығы 2400 км. Келесі масштабты картада осы магистральді кескіндейтін түзудің ұзындығы қандай болады: а) 1:100 000 000 б) 1:200 000 000? Жауабын миллиметр түрінде жазыңыз.

6. А және В қалаларының арасы картада 2,8 см. Карта масштабы 1:7500000. А және В қалаларының жер бетіндегі арақашықтығын табыңыз.

7. Бекеттердің арасы картада тура 4,5 см, ал жер бетінде 27 км. Карта масштабын табыңыз.

8. Кесіндінің картадағы ұзындығы 3 см. Егер карта масштабы 1 : 1 000 000 болса, кесіндіге сәйкес жер бетіндегі ұзындығын табыңыз.

9. Карта масштабы 1:1000000. 230 км қашықтық картада ұзындығы қандай кесіндіні береді?

10. Егер картадағы 1 см қашықтық жер бетіндегі 100 км қашықтыққа сәйкес келсе, карта масштабы қандай? 1:10000000

11. Картада кесіндінің ұзындығы 5 см. Егер карта масштабы 1:10000 болса, осы кесіндіге сәйкес жер бетіндегі қашықтығын табыңыз. Кесіндінің жер бетіндегі ұзындығы 2 км. 1:100000 масштабты картада жасалған осы кесіндінің ұзындығы қандай болады?

12. Кесіндінің жер бетіндегі ұзындығы 350 м, ал оның картадағы ұзындығы сәйкесінше 3,5 см. Карта масштабын табыңыз.

13. Екі қаланың арасы 400 км. 1 : 5 000 000 масштабты картада кескінделген осы екі қаланың арақашықтығын табыңыз.

14. Екі бекеттің жер бетіндегі арақашықтығы 190 км, ал оның картадағы ұзындығы 19 см. Карта масштабын табыңыз.

15. Карта масштабы 1:200. Егер тік төртбұрышты алаңның ені мен ұзындығы картада 3 және 5 см болса, олардың ұзындықтары қандай?

16. Екі бекеттің арасы 40 км. Картада бұл қашықтық 2 см. Карта масштабы қандай?

17. Екі бекеттің арасы 20 км. Картада бұл қашықтық 5 см. Карта масштабы қандай?

18. Карта масштабы 1:200. Егер тік төртбұрышты алаңның ені мен ұзындығы картада 2 және 3 см болса, олардың ұзындықтары қандай?

19. Екі бекеттің арасы 200 км. Картада бұл қашықтық 4 см. Карта масштабы қандай?

20. Мына масштабтардың қайсысы үлкен екенін анықтыңыз:

1-нұсқа 1 : 5 000 2-нұсқа 1 : 10 000

1 : 25 000 1 : 70 000

1 : 10 000 1 : 100 000

1 : 50 000 1 : 3 000

21. Мына масштабтардың қайсысы кіші екенін анықтыңыз:

 

1-нұсқа 1 : 1 000 000 2-нұсқа 1 : 25 000

1 : 200 000 1 : 125 000 000

1 : 50 000 1 : 300 000

1 : 500 000 1 : 50 000

 



r.php"; ?>