Есептер

1. Құрамы С6Н13Br – ды сілтінің спирттегі ерітіндісімен қыздырғанда түзілген затты қатаң жағдайда тотықтырғанда ацетон және пропион қышқылына айналады. С6Н13Br –ның құрылысын анықтаңыз

2. Құрамы С5Н10 алкенді сутектендіргенде 2 – метилбутан түзіледі. Егер С5Н10- ға асқын тотықтың қатысуымен бромсутекті қышқылмен әрекеттеп, сосын түзілген өнімді натриймен қыздырсақ 2, 7 – диметилоктан түзіледі. С5Н10 – ның құрылысын анықтаңыз

3. Қ. ж. көлемі 5,6 л этилен броммен әрекеттескенде 42,3 г 1,2-дибромэтан түзіледі. Өнімнің теориялық шығыммен салыстырғандағы проценттік шығымен есептеңіз

Алкандар. Алу әдістері. Химиялық қасиеттері. Радикалды орынбасу реакциясының механизмі (SR).

4. Массасы 8,4 г көмірсутек қ. ж. көлемі 3,36 л сутегіні қосып алады. Калий перманганатының сулы ерітіндісімен тотықтырғанда құрылысы симметриялы қосылыс түзетін осы көмірсутегінің құрылысын анықтаңыз.

5. Құрамы С6Н10 көмірсутек натридің спирттегі ерітіндісімен әрекеттескенде тотықсызданып С6Н12 қосылысын түзеді, озондағанда сірке және изомай альдегидтерінің қоспасын береді. С6Н10 қосылысының құрылысын анықтаңыз

6. Құрамы С5Н8 қосылыс мыс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен әрекеттескенде қызыл түсті тұнба түзеді, ал қышқылдық ортада калий перманганатымен тотықтырғанда изомай қышқылына айналады, С5Н8 –дің құрылысын анықтаңыз.

7. Құрамы С6Н10 қосылыс күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен әрекеттеспейді, ал ішінде күкірт қышқылы және сынап сульфаты бар сумен қыздырғанда екі кетонның қоспасын – этилизопропилкетон және метилизобутилкетон түзеді С6Н10 –ның құрылысын анықтаңыз

8. Ұзын тізбекті бес көміртек атомынан тұратын ацетиленді көмірсутек 80 г броммен әрекеттесіп, 104 г өнім түзеді. Күміс оксидінің аммиакты ерітіндісімен әрекеттеспейтіні белгілі, осы алкиннің құрылысын анықтаңыз

9. Құрамы С4Н8Br қосылыс гидролиздегенде біріншілік спирт түзеді, ал бромды сутекті бөліп, шыққан өнімге қайтадан бромды сутегін қосқанда, құрамы бастапқыдай, үшіншілік бром туындысын береді. С4Н8Br құрылысын анықтаңыз

10. С5Н12О СН3MgI–пен әрекеттесіп, газ бөлінеді. КМnО4-тің әрекетіне тұрақты. Концентірлі күкірт қышқылымен қыздырғанда С5Н10 қосылысына айналады. С5Н10- ды тотықтырғанда ацетон және сірке қышқылы түзіледі. С5Н12 О-ның құрылысын анықтаңыз.

11. С5Н11NO2 қосылыс сілтінің спирттегі ерітіндісінде С5Н11NO2 Na затына айналады. Соңғы қосылыс күкірт қышқылымен әрекеттесіп диэтилкетон түзіледі. Бастапқы қосылыстың құрылысын анықтаңыз

12. С9Н18О2 затты натрий гидроксидімен қатты қыздырғанда түзілген С8Н18 көмірсутек үшметилсірке қышқылының тұзын электролиздегенде түзілген қосылыспен бірдей. С9Н18О2 – нің құрылысын анықтаңыз.

13. С5Н8О3 қосылыстың құрылысын анықтаңыз, егер қыздырғанда тұрақты оксим берсе, күміс тотығының аммиактағы ерітіндісімен әрекеттеспесе, ал амальгамдалған мырыш пен тұз қышқылында тотықсыздандырғанда н-валериан қышқылына айналса.

14. Реакцияны аяқтап, соңғы өнімді атаңыз.

Br2(1моль) ..... КОН …. KMnO4 …. Ca(OH)2 …. пиролиз ..... ;

сәуле спирт, t [H2SO4] [H2O]

 

15. Реакцияларды аяқтап, соңғы өнімді атаңыз:

Mg 1) CH3CHO H2SO4

бромбензол …… ….. …… ;

эфир (абс) 2) H2O t0C

 

16.C8H6CI4 гидролиздегенде 4-хлор-3-метилбензоин қышқылы түзіледі. C8H6CI4 –тің құрылысын анықтаңыз.

17.Реакцияларды аяқтап, өнімді атаңыз.

 

18. Реакцияларды аяқтап, өнімді атаңыз:

 

19. Реакцияны аяқтап, соңғы өнімді атаңыз:

20. С9Н8О қосылысы бензальдегидтен алынған. Ол бром суын түссіздендіреді, күміс айна реакциясын береді, перманганаттың судағы ерітіндісімен тотығып бензоин қышқылын түзеді. С9Н8О-ның құрылысын анықтаңыз.

21. Реакцияларды аяқтап, өнімді атаңыз:

 

 


22. Өзгерістердің схемасын толтырыңыз.

Бутен – 2 CH5CH=CH-CHO

23. Реакцияны аяқтаңыз:

 
 


24. Соңғы өнімді анықтаңыз.

Изобутилен Cl2 … 2Na … озонолиз ... HOH … ;

5000C

25. Соңғы өнімді анықтаңыз.

Пропилен HBч … KCN … HOH … CH3OH … ;

H2O2 эфир H+ H+

26. Өзгерістердің схемасын толтырыңыз.

С2H2 CH3COOCH2CH3.

27. Өзгерістердің схемасын толтырыңыз.

Бензол − мета – бромхлорбензол

28. Өзгерістердің схемасын толтырыңыз.

Бензол → 3 - амино − 5 – бромбензой қышқылы

Көмірсулар. Моно - , ди - , полисахаридтер. Құрылысы. Химиялық қасиеттері.

29. Өзгерістердің схемасын толтырыңыз

Бензол → 1, 3, 5- үшбромбензол

30. Соңғы өнімді анықтаңыз.

Бутанол – 1 Al2O3 … Bч2 … 2KOH ... CH3MgI …

T0C спирт T0C

 

... CH3СH2Bч … Кучеров ...

ІІІ. МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАНДЫ БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ

 

1. Баға қоюдың негізгі өлшемдері

1.1. «А», «А-» (өте жақсы)

а) студент билеттің барлық сұрақтарына толық жауап берді;

б) сұрақтарға дәлелді, химиялық реакциялардың механизмдерін нақтылы көрсетіп берді;

в) студент оқу және нақтылы материалды жинақтау қабілетін танытып, ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттердің негізгісін бөліп айта алады.

 

«В+», «В», «В-» ( жақсы)

а) студент толықтай жауап берген кезде негізгі материалды баяндауда кейбір дәлелсіздіктерге жол береді;

б) баламалы тұжырымдарға баға бере алады;

в) толықтыру сипатындағы қосымша сұрақтарға дұрыс жауап береді.

 

«С+», «С», «С-», «D+», «D» (қанағаттанарлық)

а) студент нақты материалды білуде кемшіліктерге жол береді, оның жауаптары толық емес және үзінді күйінде келеді;

б) негізгі және қосымша сұрақтарды қамтыған кезде студент дәрістердің конспектісімен шектеледі;

в) химиялық терминдер мен түсініктерді жетік білмейді;

 

 

«F» (қанағаттанарлықсыз)

а) студент нақты материалды білуде айтарлықтай кемшіліктерге жол береді;

б) негізгі химиялық реакцияларды, терминдер мен ұғымдар туралы түсінігі толық емес;

в) материалды нақты және түсінікті баяндай алмайды, химиялық реакциялардың жүру жағдайын жүзеге асыра алмайды;

г) толықтыру сипатындағы қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды.

2. Бағаларды анықтау кезіндегі талаптар

2.1. Білімді бағалаған кезде осы билеттің сұрақтарына жауаптар ескеріледі

2.2. Емтихан алушы бағаны негіздейді

2.3. Мемлекеттік емтиханға комиссия мүшелері билет мазмұны бойынша қосымша сұрақтар қоя алады

2.4. Қорытынды баға мемлекеттік емтихан комиссиясының барлық мүшелерінің дауысымен қойылады.

 

Білім алушылардың бағаларының балдық-рейтингтік жүйесі

 

Бағалаудың әріптік жүйесі Баллдары Бағалаудың %-тік мазмұны Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
А 4.0   Өте жақсы
А- 3.67 90-94
В+ 3.33 85-89   Жақсы
В 3.0 80-84
В- 2.67 #1179;сы
В 3.0 80-84
В- 2.67 75-79
С+ 2.33 70-74     Қанағаттанарлық
С 2.0 65-69
С- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
F 0-49 Қанағаттанғысыз