Ерітінділер.

Дисперстік жүйелердің қысқаша сипаты және олардың жіктелуі. Жүзгіндер (суспензиялар, эмульсиялар), коллоидтық жүйелер, шынайы ерітінділер. Еру үрдісінің механизмі. Еру кезіндегі сольватация (гидратация). Ерітінділер теориялары жөнінде Д.И.Менделеевтің жұмыстары.

Еру үрдісінің термодинамикасы. Заттың еру жылуының кристалдық тордың энергиясымен және зат молекуласының немесе оның диссоциациялану өнімдерінің гидраттану жылуымен байланысы.

Қатты заттардың суда ерігіштігі. Ерігіштік коэффициенті және оның температураға тәуелділігі. Ерігіштік сызықтары. Қанық ерітінді динамикалық тепе-теңдіктегі жүйе. Кристаллогидраттар.

Ерітінділер концентрациясы. Ерітінділер концентрацияларын көрсетудің әдістері. Процент бойынша еріген заттың массалық үлесі. Ерітінді концентрациясын тығыздық бойынша сипаттау. Молярь, нормаль концентрациялар. Титр. Әртүрлі концентрациялы ерітінділер даярлау үшін есептеулер. Ерітінділер даярлау әдістемесі. Концентрлі қышқыл және сілті ерітінділерімен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары.