ТЕКСЕРУ МЕРЗІМДІЛІГІ 1 жыл
Орындаушы
П.ғ.к., «Дизайн» кафедрасының доценті Сибагатова Г.К.
«__»____ қырқуйек___ 2012 ж.
Жауапты орындаушы - Кафедра меңгерушісі
П.ғ.к., «Дизайн» кафедрасының доценті Моменов Б.М.
«__» _қырқуйек_ 2012 ж.
II. КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
№ _2_ хаттама «__» қырқуйек 2012 ж.
III. СЫН-ПІКІР БЕРУШІ
П.ғ.к., «Дизайн» кафедрасының доценті Сағымбаев Ә.Ә.
« __» _қырқуйек_ 2012 ж.
IV. ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТТІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛIК КОМИССИЯСЫНА БЕКІТУГЕ ҰСЫНЫЛҒАН:
№ ___ хаттама «__» қырқуйек 2012 ж.
V. АЛҒАШКЫ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 2012 жыл
ТЕКСЕРУ МЕРЗІМДІЛІГІ 1 жыл
VI АУЫСТЫРУҒА ЕҢГІЗІЛДІ ________________________________
Алдынғы жұмыс бағдарламасының бекітілген күні
Сабақ № 1. Дизайн ұғымының анықтамалары.
Сабақ мақсаты:
1. Студенттің жалпы ой-өрісін кеңейту, мамандық бойынша дайындаудың теоретикалық базасын толықтыру, дизайн тарихы мен теориясы пәнінің көлемді материалынан жүйелі білім алу.
2. Өнеркәсіптік дизайн саласындағы жетістіктер негізін, түпкі ой мен концепцияның озара байлапысын, өнеркәсіптік дизайнның даму заңдылықтарын, сондай-ақ практикалық қызметпен тікелей байланысты мәселелерді шешу.
3. Дизайнерлік жұмыстардың аймақтары туралы, өткен дәуір стильдерінің алмасуы және дамуы туралы, стильдердің пайда болу уақыты мен ерекшеліктері, дизайн мен сәулет өңірінен нақты мысалдар келтіре білу.
Сабақ жоспары:
1. Дизайн терминінің пайда болуы.
2. Дизайн тарихы және оның даму перспективасы.
3. ХХ ғасыр өнерінің даму динамикасының жалпы сипаты.
Жұмысқа қажетті құрал-саймандар:
Конспектілер, слайдттар.
Жұмысты орындау әдістемесі:
1. Силлабус тапсырмалары бойынша теориялық материалдарды дайындап келу.
2. Материалдарды оқу:
Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.[1]1928 ж. АҚШ-та пайда болды. Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиһаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде.[3]
Өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністеріндің бірі оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылу. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджеланың мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу денелерсіз, өнер әлемінсіз қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шыныныда да, өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі-оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы. Осыған дейінгі қарастырылған анықтымалардан бір қорытынды жасасақ, мәдениет – адам әлемі.
Мәдениет көріністерінде адамдық, парасат, ақыл-ой, ізгілік, пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен қатар, мәдениет - адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал.
3. Сұрақтарға жауап беру.
Қайталау сұрақтары:
1. Ағылшын тілінен аударғанда «Дизайн» сөзі нені білдіреді?
2. Дизайн – бұл ...
3.Дизайн негізгі мәселесі болып құру болып табылады…
4. Дизайнның пайда болу шарттары мен дамуы…
5. Дизайн философиясының негізгі түсініктері нені тұжырымдайды?
6. Дизайнда пішін қалыптастырудың принципі неде?
7. Дизайндағы пішін қалыптасу принциптерінің қайсысы элементтердің шектеулі жиынтығында жобаланып отырған заттардың әр түрлілігнің ұлғаюына мүмкіндік береді?
8. Дизайндағы пішінқалыптасу принципінің қайсысы өзгеруге негізделген?
9. Заттық дизайнның қай түсіндірмесі формальды–эстетикалық жаңаруын анықтайды?
10. Стайлинг кезінде дизайн заттарының (объекттер) қай қасиеттері өзгереді?
11. Дизайндағы қай стиль жоғарғы технология стилі болып табылады?
12. Механизмді және жұмыс құралын жасау дизайнның қай түріне жатады?
13.Кітаптарды, плакаттарды, жол қиылыстарын және тағы сол сияқты дизайнды көркемдеу қай түріне жатады?
14. Арнайы графикалық және инженер –конструкторлық бағдарламалардың пакеттерін өңдеу дизайнның қай түріне жатады?
15. Архитектуралық және көркем бейне синтез бағытының дизайн ағымы қалай аталады?
16. Интерьерді өңдеу дизайнны қай түріне жатады?
17. Қандай көлемді бейне объектің өлшемдері мен пропорциясы, кеңістік құрылысының жайын білдіреді?
18. Дизайнерлік кәсіптің қай саласында макетті таза мөлшерінде жасайды?
19. Грек тілінен аударғанда « эргономика» сөзі нені білдіреді?
20. Адамның кәсібінің процесінде функциналды ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін және қоршаған заттармен қарым-қатынасын зерттейтін қандай пән?
21. Адам денесінің құрылысының жыныстық, этникалық, жастық ерекшелігін ескере отырып зерттейтін қай ғылым(эргономиканы құраушы)?
22. Адам мен техниканың жұмыс істеу деңгейін және жоғарғы талаптарын қандай ғылым (эргономика құраушы) зерттейді?
23. Қоршаған ортаның заттық көріну заңдылықтарының ерекшеліктерін қандай ғылым (эргономика құраушы) зерттейді?
24. Эргономика заңдарына сай (жиһазды конструкциялауда) жазба столының жұмысшы жазықтығының биіктігі қандай?
25. Эргономика заңдарына сәйкес орындық отырғышының биіктігі қандай?
26. Эргономика заңдарына сәйкес кресло отырғышының биіктігі қандай?
27. Негізгі қай белгі сәнді стильден ажыратады?
28. Көне жұмыс құралының жасы қандай( археологиялық қазбаларға сәйкес)?
29.Адамның ең алғашқы жұмыс құралы қалай аталады?
30. Ең алғашқы тұрмыс заттары қандай материалдардан жасалды?
Глоссарий:
Анимизм (лат. anima – рух, жан) – заттық дүние құбылыстарының жандылығын білдіретін. Анимизм терминін ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э. Б. Тайлор (1832-1917) енгізген.
Интерпретация – талдау, түсіндіру, түсінікті тілге айдару; Мәтіннің көркемдік мазмұнын стилін (тілін), құрылымдық қағидаларын талдауға жетелейтін әдебиеттерді оқып-үйрену әдісі.
Кескіндеме- бейнелеу өнерінің түрі. Ойды бейнелеудің негізгі әдістері – сызық, үзік сызық, көлеңкелі белгілер. Маңызды әрі қосымша қызмет атқаратын - түс.
Құрылымдылық – көркем шығармашылықты индустриялы тұрмыстың тәжірибелігі мен пішіні жағынан жақындастыратын ХХ ғасырдағы өнер бағыты.
Материалдық мәдениет – заттық үлгіге жинақталған адамның рухы; затттардың арқысында жүзеге асырылған адам жаны; материзацияланған және заттанған адам жаны. Ол материалдық байлықтардың барлық түрін қамтиды. Өткен заманның археологиялық ескерткіші, топос мәдениеті, яғни тұрмыстық орындар, сәулет ғимараттары мен құрылыстары.
Мәдениет құрылымы – жекеленген артефактілердің түрі мен құрылысы қарастырылатын мәдениет туралы ғылым тарауы.
Стиль – белгілі бір уақыттағы немесе бағыттағы, сонымен қатар жеке шығармалардағы, әдебиет пен өнердегі көркем әдістердің мақсатты және көркем шартты жинағы; бөлек бір суретшінің жеке стилі.
Талант, дарын – керемет тума қасиеттер, ерекше табиғи қабілеттер, дарындылық; дарынды адам.
Цивилизация (өркениет) - (лат. азаматты, мемлекеттік) алғашқы қауымдыққұрылыстың соңынан еретін саты; нақты бір қоғамның, халықтың елдің тарихи, географиялық, социо- мәдениеттік ерекшеліктерінің жеке өзгешеліктері; өзіндік жайлылығы бар қазіргі заманның қоғамы; адамның өзіне, өзінің дамуына деген тәжірибедегі және рухани қарым-қатынасы негізге алынған адамзат тарихындағы негізі типтік бірлік.
Шедевр – орта ғасырдағы шеберлік атағын алу үшін қолөнершінің ұсынатын үлгілік бұйымы; өнердің, шеберліктің ең жоғары жетістігі болып табылатын шығарма.
Эволюция - өзгеру, даму үлгісі; мәдениеттегі қозғалыстың, дамудың негізгі түрі.
Студенттердің өз-бетімен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар:
1-ші тақырып.
Жарнама дизайны.
2-ші тақырып.
Графикалық дизайн.
3-ші тақырып.
Киім дизайны.
4-ші тақырып.
Комьютерлік дизайн.
5-ші тақырып. Дизайн қызметінің ерекшелігі.
Реферат тақырыптары:
1. Дизайн тарихы туралы жалпы мәлімет. Дәуірге дейінгі материалдық мәдениет.
1. «Design» терминінің пайда болуы және оның ренессанс дәуірінде көтерілуі.
2. Дизайн кешенді пәнаралық жобалық-көркемдік қызметі ретінде.
3. Дәуірге дейінгі материалдық мәдениет.
2. Ежелгі әлемнің (Мысыр, Мессопотамия) материалдық мәдениеті.
1. Архитектуралық, үй, жихаз ерекшіліктері.
2. Киім, музыкалық, тұрмыстық заттардағы ою-өрнектің белгілік ерекшеліктері.
3. Зергерлік бұйымдар.
Литература:
Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік/профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Лтд.” ЖШС, 2005 ЫСБН 9965-26-095-8
Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ЫСБН 5-89800-008-9
Әдебиеттер:
1. Ковешникова Н.А. Дизайн: история и теория. М.: Омега-Л, 2005. 224с.
2. Турганбаева Л.Р. Очерки истории материальной культуры и дизайна: Алматы. Фонд «Сорос» 2002.
3. История искусств Казахстана. К.К.Муратаев, Т.А.Кылышбаев, А.Г.Глаудинова, А.С.Галимжанова. Алматы. «Ата-мура» 2006 ж.
4. Маргулан А.Х. Казахское прикладное искусства Том 1-1986, том 2 1987, том 3-1994.
5. Садохин А.П., Грушевицская Т.Г. Мировая художественная культура: Учеб. Пособие для вузов. - М.:ІОНИ ІИ-ДАНА, 2003. -559 с; илл.
6. Рассел Эш. Әлемнің ұлы кереметтері. Алматы: «Алматыкітап», 2007.-64 бет, суретті.
7. Бирюкова Н.В. История архитектуры: Учебное пособие. -М: ИНФРА-М, 2005. -365 с.
8. Байпақов К. Қазақстанның ежелгі қалалары. -Алматы: «Аруна Гісі.» 2007. -384 6.
9. Орельская О.В. Современная зарубежная архитектура М.: Издательский центр «Академия», 2006.
Ю.Готтенрот Ф. Иллюстрированная история марериальной культуры. М.: ООО «Издательство АСТ»; СПб.: «Издательство «Полигон», 2001. - 478 с: илл.
11.Пушнова Ю.Б. Терия и история искусства. Конспект лекции. - М.: Приор-издат, 2004.- 128 с.
Сабақ № 2. Дизайнның алғашқы пионерлері.
Сабақ мақсаты:
1. Студенттің жалпы ой-өрісін кеңейту, мамандық бойынша дайындаудың теоретикалық базасын толықтыру, дизайн тарихы және теориясы пәнінің көлемді материалынап жүйелі білім алу.
2. Дизайнерлік жұмыстардың аймақтары туралы, өткен дәуір стильдерінің алмасуы және дамуы туралы, стильдердің пайда болу уақыты мен ерекшеліктері, дизайн және сәулет өңірінен нақты мысалдар келтіре білу.
3. Берілген тапсырмамен сәйкес жұмыс жоспарын кұру, ұсынылған әдебиеттерді оқи отырып, мәнжазбаны сауатты толтырып жазу, ғылыми жұмысты талдау және зерттеу, негізгіні қосымшадан бөле отырып, мәтінмен жұмыс жасай білу.
Сабақ жоспары:
1. Дж. Рескин – ағылшын философы, өнер теоретигінің еңбектерін талдау.
2. Г.Земпер - әсем және технологиялық бұйымдарды өндіру жалпы принциптерін түсіндірген неміс архитекторының дизайнға қосқан үлесі.
3. Ф. Рело – белгілі инженер және машинақұру теоретигінің еңбектері.
Жұмысқа қажетті құрал-саймандар:
Коспектілер, слайдтар.
Жұмысты орындау әдістемесі:
1. Силлабус тапсырмалары бойынша теориялық материалдарды дайындап келу.
2. Материалдарды оқу:
Рёскин — өнер теоретигі. Ол замандастарына кескіндемеші, график, пейзаждық кескіндемесіші Уильям Тёрнердің шығармашылығын ашқан. Сонымен қатар, Рёскиннің принципы «Табиғатқа сыйыну» болған, идеал ретінде ол ортағасырлық өнерді, әсіресе Перуджино, Фра Анжелико, Джованни Беллини дегендердің шығармаларын мақтан ұсталған .
Рёскиннің сәулеттік теориясында механизация мен стандартизацияға орын табылған жоқ, акцентті готическалық стилге қойған. Рёскин восхвалял готическалық стилді табиғатқа жақындық үшін, қарапайым пішіні үшін биіктен көрсеткен және Уильям Морриспен бірге болашақты готиканы жандандыруда көрген.
Уильям Морриспен бірге және прерафаэлиттармен ол индустриальдық аудандардың жұмысшыларына қолөнер өндірісінің әсемділігін көрсету арқылы механикалық еңбекті жеңбекші болды. Рёскиннің өзі «Гильдия святого Георга» деген бірінші шеберхананы басқарды.
1. Сұрақтарға жауап беру
Қайталау сұрақтары:
1. Құралдың жаппай шығарылуына не себеп болды?
2. Батыс Европада алғашқы кітап басып шығару қай кезеңге жатады?
3. Мөрді ойлап тапқан кім?
4. Ең алғашқы 1252 беттен тұратын «Библия» кітабы қай жылы басылып шықты (Майнц қаласы)?
5. ІХ ғ. ең алғашқы цехтік бірлестіктер қай қалада пайда болды?
6. ІV ғ. пайда болған ірі цехтік бірлестіктер қалай аталды?
7. Алғашқы мануфактуралар қай кезеңге жатады?
8. Алғашқы шамшырақты сағатты ойлап шығарған кім?
9. Тоқыма станогын ойлап шығарған кім?
10. Булы двигательді ойлап шығарған кім?
11. Кім конвейерлі өндіріс «пионері» болып табылады?
12. Англиядағы алғашқы бүкіләлемдік өнеркәсіптік көрме қай жылы өтті?
13. Қай сәулеттік құрылыс Англиядағы алғашқы бүкіләлемдік өнеркәсіптік көрменің ашылуы болды?
14. Францияда өткен бүкіләлемдік өнеркәсіптік көрменің ашылуы қай сәулеттік құрылыс болды?
15. Эйфель мұнарасының жобасының авторы кім? Эйфель мұнарасы қай жылы салынды?
16.Дизайнның қай стилі инженерлік технологиялылығымен, рационалдылығымен сипатталады?
17. Техника және эстетика теорияларының авторы, атақты неміс сәулетшісі кім?
18. Өнеркәсіптік революция заманындағы өнер ойларын білдірген, индустриализацияға қарсылығын көрсеткен кім?
19. Дирижабльді ойлап шығарған неміс конструкторы?
20. Ағылшын ғаламы, архитекторлар мен қолөнершілердің еңбек қиял-арманының эстетикалық концепциясының авторы?
Глоссарий:
Стиль – белгілі бір уақыттағы немесе бағыттағы, сонымен қатар жеке шығармалардағы, әдебиет пен өнердегі көркем әдістердің мақсатты және көркем шартты жинағы; бөлек бір суретшінің жеке стилі.
Эволюция - өзгеру, даму үлгісі; мәдениеттегі қозғалыстың, дамудың негізгі түрі.
Мәдениет– адам қызметін ұйымдастыру мен дамытудың ерекше тәсілі, материалдық және рухани еңбектің нәтижелерінде, әлеуметтік ережелер мен мекемелер жүйесінде, материалдық және рухани құндылықтарда, адамдардың табиғатқа, өзара және өздеріне қатынастарында көрінеді.
Студенттердің өз-бетімен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар:
Дж. Рескин – ағылшын философы, өнер теоретигінің еңбектерін талдау.
Г. Земпер - әсем және технологиялық бұйымдарды өндіру жалпы принциптерін түсіндірген неміс архитекторының дизайнға қосқан үлесі.
Ф. Рело – белгілі инженер және машинақұру теоретигінің еңбектері.
Реферат тақырыптары:
1. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия (Үндістан, Қытай, Жапон) материалдық мәдениеті.
1. Үндістан елінің материалдық мәдениеті.
2. Қытай елінің материалдық мәдениеті.
3. Жапон елінің материалдық мәдениеті.
4. Көшпенділердің материалдық мәдениеті.
1. Архитектуралық, үй, жихаз ерекшіліктері.
2. Киім, музыкалық, тұрмыстық заттардағы ою-өрнектің белгілік ерекшеліктері.
3. Зергерлік бұйымдар.
Литература:
Негізгі әдебиеттер:
1. Турганбаева Л.Р. Очерки истории материальной культуры и дизайна. – Алматы: ФСК, 2002. – 448 с.
2. Fiell P., Fiel Ch. Desing f the 20th Ctntury. – Taschen, 2005. – 768 p.
3. Габричевский А.Г. И.В. Жолтовский как теоретик. Опыт характеристики.// Габричевский А.Г. Морфология искусства. – М.: Аграф, 2002. – С. 478-493.
4. Хайдеггер М. Искусство и пространство. // Время и бытие. – М.: Республика, 1993. – С. 312-316.
5. Флоренский П.А. Анализ пространственности в художественно-изобразительных произведениях. // Флоренский П.А. Статьи и исследования по истории и философии искусства и археологии. – М.: Мысль, 2000. – С. 81-285.
6. Ковешникова Н.А. Дизайн: история и теория. Учебное пособие. /2-е изд., стер. – М.: Изд-во Омега-Л, 2006. – 224 с.: ил.
Қосымша әдебиеттер:
7. Бурдье П. Физическое и социальное пространства.//Социология социального пространства. – М.: ИЭП, СПб.: Алетейя, 2005. – С. 49-63.
8. Бурдье П. Социальное пространство и символическая власть. // Социология социального пространства. – М.: ИЭП, СПб.: Алетейя, 2005. – 288 с. – С. 64-86.
9. Маца И.Л. О природе эклектизма. // Форма и образ. – Алматы, 2006. – С. 204-211.
10. Мукаржовский Я. Сущность изобразительных искусств.// Исследования по эстетике и теории искусства. – М.: Искусство, 1994. С. 427-446.
11. Малевич К.С. Ось цвета и объема. // Малевич К.С. Черный квадрат. – СПб.: Азбука, 2001. – С. 65-72.
12. Малевич К.С. Форма, цвет, ощущение. // Малевич К.С. Черный квадрат. – СПб.: Азбука, 2001. – С. 84-101.
13. Рылева А.О. О наивном. – М.: АП: РИК, 2005. – 272 с.
14. Яковлева А.М. Кич и паракич: рождение искусства из прозы жизни. // Художественная жизнь России 1970-х годов как системное целое. – СПб.: Алатея, 2001. – С. 252-263.
15. Сабитов А.Р. Китч в городской среде Алматы. // Журнал «Элитный дом». - № 3. – 2003. – С. 252-263.
16. Сабитов А.Р. Искусство китч в современной городской культуре Алматы. // «Книголюб». - № 20 (38), 10 октября 2002. – С. 20.
17. Лаврентьев А.Н. История дизайна: учеб. пособие. – М.: Гардарики, 2007. – 303 с.: ил.
18. Г.Минервин. Дизайн архитектурной среды. Основные задачи и прниципы художественного пректирования. М.Архитектура С. 2004 г.
Сабақ № 3. И.В. Жолтовский мен А.Г. Габричевскийдің «стиль» түсінігі.
Б.М. Лотман және А.Н. Николаенко стиль алмасуының динамика механизмі.
Сабақ мақсаты:
1. Студенттің жалпы ой-өрісін кеңейту, мамандық бойынша дайындаудың теоретикалық базасын толықтыру, дизайн тарихы мен теориясы пәнінің көлемді материалынан жүйелі білім алу.
2. Өнеркәсіптік дизайн саласындағы жетістіктер негізін, түпкі ой мен концепцияның өзара байланысын, өнеркәсіптік дизайнның даму заңдылықтарын, сондай-ақ практикалық қызметпен тікелей байланысты мәселелерді шешу.
3. Дизайнерлік жүмыстардың аймақтары туралы, өткен дәуір стильдерінің алмасуы және дамуы туралы, стильдердің пайда болу уақыты мен ерекшеліктері, дизайн және сәулет өңірінен нақты мысалдар келтіре білу.
4. Берілген тапсырмамен сәйкес жүмыс жоспарын құру, ұсынылған әдебиеттерді оқи отырып, мәнжазбаны сауатты толтырып жазу, ғылыми жұмысты талдау және зерттеу, негізгіні қосымшадан бөле отырып, мәтінмен жұмыс жасай білу.
Сабақ жоспары:
1. И.В. Жолтовский мен А.Г.Габричевскийдің «стиль» түсінігі.
2. Б.М. Лотманның стиль алмасуының динамика механизмі.
3. А.Н. Николаенконың стиль алмасуының динамика механизмі.
Жұмысқа қажетті құрал-саймандар:
Конспектілер, слайдтар.
Жұмысты орындау әдістемесі:
1.Силлабус тапсырмалары бойынша теориялық материалдарды дайындап келу.
2. Материалдарды оқу:
1910 жылдардағы неоклассиктер орыс сәулет өнері классиктері архитектураның негізгі принциптеріне ден қойғанмен (И.А. Фомин, И.В. Жолтовский, В.А. Щуко, т.б.) осы кезеңде классикалық мотивтерді стильдендіруді мақұлдаған орыс “модернінің” өкілдері (Ф.О. Шехтель, Ф.И. Лидваль, т.б.) шықты. Неоклассицизм 20 ғасырдың 10 – 20-жылдарында АҚШ пен Ұлыбританияда негізінен ресми архитектурадан (Вашингтондағы Л.Линкольн ескерткіші) көрініс тапты. 50-жылдардың ақырында АҚШ архитектурасынан (Нью-Йорктегі Линкольн-сентер) елеулі орын алды.
Неоклассицизм принциптері ішінара 30-жылдардың 2-жартысы мен 50-жылдардың бас кезіндегі ТМД елдері сәулет өнерінен де бой көрсетті. Бейнелеу өнерінде “ Неоклассицизм ” термині әр түрлі ағымдарға байланысты қолданылды. Онда классикалық образдардың ішкі үндестігіне өмір мен өнердегі идеялық және стильдік шарпылыстар қарсы қойылды. 20 ғасырдың басында импрессионизмге қарсы бағытталған ағымдардың бірі ретінде кең қанат жайды. Ол көне дүние өнері мен ішінара Қайта өркендеу дәуірі өнерін және классицизмді, кейіннен “модерн” стилін де қамтыды. АҚШ-та регионализм, Италияда “метафизикалық кескіндеме”, Францияда П.Пикассоның “неоэнгризмі” сынды Неоклассицизмге қатысты ағымдар туындады.
Габричевскийге қарсы П.А. Флоренскийдің (оккульттік-мистикалық метафизика) маңыздылық орталығы болып табылатын эстетикалық ой-өрісі шыққан. Олар, әдетте, декларативті-клерикальды және антиөрлеу пафоспен ерекшеленеді.
Қайталау сұрақтары:
1. И.В. Жолтовский немен айналысқан?
2. А.Г.Габричевский немен айналысқан?
3. И.В. Жолтовский «стиль» түсінігі.
4. А.Г.Габричевскийдің «стиль» түсінігі.
5. Б.М. Лотманның стиль алмасуының динамика механизмі.
6. А.Н. Николаенконың стиль алмасуының динамика механизмі.
Студенттердің өз-бетімен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар:
В. Гропиустың өмірбаяны және шығармашылық қызметі.
Литература:
Негізгі әдебиеттер:
1. Турганбаева Л.Р. Очерки истории материальной культуры и дизайна. – Алматы: ФСК, 2002. – 448 с.
2. Fiell P., Fiel Ch. Desing f the 20th Ctntury. – Taschen, 2005. – 768 p.
3. Габричевский А.Г. И.В. Жолтовский как теоретик. Опыт характеристики.// Габричевский А.Г. Морфология искусства. – М.: Аграф, 2002. – С. 478-493.
4. Хайдеггер М. Искусство и пространство. // Время и бытие. – М.: Республика, 1993. – С. 312-316.
5. Флоренский П.А. Анализ пространственности в художественно-изобразительных произведениях. // Флоренский П.А. Статьи и исследования по истории и философии искусства и археологии. – М.: Мысль, 2000. – С. 81-285.
6. Ковешникова Н.А. Дизайн: история и теория. Учебное пособие. /2-е изд., стер. – М.: Изд-во Омега-Л, 2006. – 224 с.: ил.
7. Қосымша әдебиеттер:
8. Бурдье П. Физическое и социальное пространства.//Социология социального пространства. – М.: ИЭП, СПб.: Алетейя, 2005. – С. 49-63.
9. Бурдье П. Социальное пространство и символическая власть. // Социология социального пространства. – М.: ИЭП, СПб.: Алетейя, 2005. – 288 с. – С. 64-86.
10. Маца И.Л. О природе эклектизма. // Форма и образ. – Алматы, 2006. – С. 204-211.
Сабақ № 4.
Практикалық жұмысының тақырыбы:
М. Хайдеггер, П.Н. Флоренский мен П.Н. Габричевскийлердің жасанды ортаны ұйымдастыру тұжырымдамасы.
Сабақ мақсаты:
1. Дизайнерлік жұмыстардың аймақтары туралы, өткен дәуір стильдерінің алмасуы және дамуы туралы, стильдердің пайда болу уақыты мен ерекшеліктері, дизайн және сәулет өңірінен нақты мысалдар келтіре білу.
2. Берілген тапсырмамен сәйкес жұмыс жоспарын құру, ұсынылған әдебиеттерді оқи отырып, мәнжазбаны сауатты толтырып жазу, ғылыми жұмысты талдау және зерттеу, негізгіні қосымшадан бөле отырып, мәтінмен жүмыс жасай білу.
3. Пікірталас кезінде оз ойларын толық жеткізе білу және қорғай білу, белгілі шеберлердің шығармаларын мысалға ала отырып, сол және басқа да шығармашылық концепцияларының пайда болуы, гүлденуі, қайта қүрылуы себептерін өздері сараптай білу.
Сабақ жоспары:
1. Өнердегі стиль алмасуының динамика механизмі.
2. Б.М.Лотманның стиль алмасу динамикасының механизмі.
3. А.Н. Николаенко стиль алмасу динамикасының механизмі.
М. Хайдеггердің жасанды ортаны ұйымдастыру тұжырымдамасы.
Жұмысқа қажетті құрал-саймандар:
Конспектілер, Слайдтар.
Жұмысты орындау әдістемесі:
1.Силлабус тапсырмалары бойынша теориялық материалдарды дайындап келу.
2.Материалдарды оқу:
ХХ ғасыр философиясы үшін дәстүрлі онтологиямен салыстырғанда алдымен әлем, табиғат емес, адамды зерттеу мәселенің бастапқы нүктесіне айналды. Неліктен бірқатар философиялық бағыттар үшін болмыс туралы ілім ерекше назарға аударуға мәжбүр етті? Оның адам мәселесіне қарай ауысқандығын қалай түсіндіруге болады? ХХ ғасыр философтары өткеннің философия ішіндегі басымдылықтарын қайта қарады. Олар әлем болмысының өзбетінділігінен бастау алып, одан адамды түсінуге ұмтылатын және адамды әлемге тәуелді етіп қойған классикалық онтологияның өкілдеріне қарсы шықты. Бұл жағдайда философия «заттар философиясына» айналып, ал адам да көп жағдайда дәл солай зат ретінде қарастырылды. Алдыңғы қатарға логика, гносеология, идеялар теорияларын ұсынған классикалық философияның кейбір бағыттарына наразылық одан кем болмай, «жаңа онтология» өкілдері оларды «идеялар философиясы» үстемдік етуде адамды белгілі бір «таным машинасына» айналдырды деді.
Классикалық онтологизм және гносеологизммен таразы теңестірген ХХ ғасыр философиясының феноменология, экзистенциализм мен персонализм бағыттары шындығында адамды философияның орталық мәселесі деп есептеді. Бұл бағыттарда адам болмысының зерттелуі едәуір жан-жақтылығымен, тұтастығымен ерекшеленіп, метафизикалық толықтығы қамтылады. Адам болмысын түсіндіруде қаншама көзқарастар орын алғандығына қарамастан, адам болмысы өз деңгейінде терең зерттеліп, өзінің соңғы шешімін тапқан жоқ. Бұл ретте адамның болмысы жайлы анықтамалардан да адам болмысының адам үшін қажеттілігі негізгі орталық мәселеге айналып отыр.
Мәселенің экономикалық тұрғыда басымдылықпен шоғырлануын К. Маркс жаттанудың капиталистік қоғам жүйесі үшін маңыздылығын былайша баса көрсеткен: «Еңбекпен өндірілген зат, оның өнімі еңбекке қарсы қандай да бір бөтен нәрсе, бұл өндірушіге тәуелді болмайтын күш...» [2, 455 б.]. Бұл жерде өмірден жүзеге асырушыны, өмірден жұмыскерді алып тастаған болып шығады, заттандыруда адамның жоғалуы және затпен оны жаулау, затты игеру – мұның барлығы жаттану, өзін-өзі жаттандыру болып табылады.
Ж.-П. Сартр «жаттануды индивидтің жаттанбайтын еркіндігі мен оны қоршаған әлемнің арасындағы онтологиялық қақтығыстың салдарынан» деп есептейді; сондықтан «жаттану адам болмысының бөліп алуға болмайтын бөлігіне айналады» [3, 44 б.]. Г. Маркузе «жаттану қазіргі заманғы еуропалық мәдениеттегі болмыстың барлық элементтерін құралға айналдырып, оны индивидпен жаттандыратын инструментальді рационалдылықтың үстемдік етуінің салдарынан туындаған» деп табады [4, 91 б.]. Адам болмысы мәселесін бірден-бір бірегей орталық мәселе ретінде қарастыратын ХХ ғасыр философиясындағы бағыт экзистенциализм философиясы. Оны жасаған ең үздік өкілдері: Карл Ясперс (1883-1969), Жан-Поль Сартр (1905-1980), Альбер Камю (1913-1960), Мартин Хайдеггер (1889-1976) болып саналады.
Экзистенциализмде болмыс бірыңғай жүйе ретінде таңдалады. Мәннің жалпы құрылымындағы экзистенциясын анықтау, яғни, ғаламның басқа да бастауларымен қатар, адам табиғатының онтологиялық барлығын анықтау негізгі мәселе болып табылады. Экзистенцияның негізгі онтологиялық анықтамасы – «аралық болмыс», бұл ұғымды Кьеркегор енгізген. Діни экзистенциалистер (Н..Бердяев, К..Ясперс, Г..Марсель, П..Тиллих) басқаның табиғатын сенім әрекетінде ашылатын «трансценденция» ретінде анықтайды. Неміс экзистенциализмінің өкілі М..Хайдеггер болмыс нағызғы, субстанция, субъектке қарама-қарсы және қандай да бір сырттан берілгендік ретіндегі дәстүрлі қарастырылатын тұжырымдаманы сынайды. М. Хайдеггер үшін болмыс мәселесі - адам мәселесі ретіндегі мағынада, адамның өмір сүру негізі болып танылады. «Әлем тұтастық (болмыс) ретінде оны тек қоршаған табиғи ортаға қарағанда, ең алдыңғы мәнде – әлем туғызушы тіршілік иесі адамға тән» [5, 121 б.] деп өте орынды айтқан. Сондықтан да, болмыс әлемінде өзінің шынайы орнын табу адам үшін маңызды міндет.
М..Хайдеггер Э..Гуссерльдің феноменологиялық тәсілін қайта қарастырып, оның зерттеуіне «интенционалдылық болмыс», «әлемдегі болмыс» деп пайымдап, экзистенцияны қосты. Феноменологиялық тәсіл экзистенциализмді, шындықты суреттейтін жүйелі онтологияға айналдыруға мүмкіндік берді. Діни экзистенциализм адамды әлемнен құдайға шақырады және өз-өзіне тереңдеуде болмыстың жаңа «трансцендентті» өлшеміне қол жеткізуге мүмкіндік береді. «Өз-өзіне тереңдеу, сонымен бірге «Мен» даралылығының шекараларын кеңейту» [6, 47 б.].
Антропологиялық білімдердің адам болмысының сан қырлы қабаттарын қарастыруға ұмтылысы адамның биологиялық мәнінен бастап, конституциялық, эволюциялық, популяциялық, этникалық, физикалық, медициналық, мәдени, психологиялық, діни тұрғыдан түсіндірулерін қамтиды. Адам болмысының денесі мен рухының өзара байланысы тәрізді адамның өмір сүруінің биологиялық негіздеріне екпін жасалып немесе адам табиғаты әлеуметтік-биологиялықтың бірлігі, адам өмірін ұзарту, өлім мен мәңгі өмір сүру, денелілік, ауыру, сырқаттану және ессіздік мәселелері туралы болса, мәдени антропология рухани феномендерді зерттеп, адам бейнесіндегі әртүрлі тарихи және мәдени кезеңдерде, адамның тарихтағы мәдени эволюциясын көрсетеді. Қазіргі заман өнері өзінің көркемдік шығармашылықтарында антропологиялық білімдермен қауышатындығын, кейде оларға сүйенетіндігімен тұжырымдалады.
Мәдени антропология рухани феномендерді зерттей отырып, көп жағдайда сипаттау тәсілін қолданады. Оның пәні адам бейнесіндегі әртүрлі тарихи және мәдени кезеңдерде, адамның тарихтағы мәдени эволюциясын көрсетеді. Мәдени антропология өзінде тарихи, діни, психологиялық және жас ерекшелігі антропологиясын қамтиды.
Феноменология ХХ ғасырдағы батыс философиясындағы зор ықпалды ағымдардың бірі ретінде зерттеу тақырыбына қатысты таңдалды. Ф. Брентано алғашқы болып «интенционалдылық ұғымын психикалық үдерістерді сипаттауға, таза субъективті мағынада қолданды» [7, 27 б.]. Интенционалдылықты Брентаноның түсінуін психологизм мен натурализмге жатқыза сынай отырып, интенционалдылыққа Э. Гуссерль «натуралистік емес», трансценденталды-феноменологиялық түсінік беруге ұмтылады. Ол Э..Гуссерльдің («Логикалық зерттеулер») феноменологиялық философияны ауқымды түрде зерттеп дамыта білгендігі нәтижесінде кеңінен таралды [8, 54 б.].
ХХ ғасырдың бірінші жартысы мен ортасында неміс және француз философиясы феноменологиялық зерттеу тәсілі ретінде маңызды роль атқарды. Бұл М..Хайдеггердің «Болмыс пен уақыт» [6], М. Мерло-Понтидің «Феноменологиялық қабылдау» [9], Дж. Серльдің «Сананы қайта ашу» [10] атты феноменологиялық зерттеулері болып табылады.
Постструктурализм «қандай болмасын мәдени феноменнен рет пен мән іздеуге ұмтылатын логоцентристік дәстүрге сынмен қарап, қарсы шықты. Антитарихилық пен статикалықққа әкеліп тірейтін құрылым идеясы да күмән туғызды. Бұл ағымның белді өкілі Жак Деррида структуралистік әдіснаманы герменевтика мен психоанализге қосуға қадам жасап көрді [11, 25 б.]. «Мәдениет сөздігі жеке дәуір мен тарихи айналымға ғана арналып жасалуы мүмкін, бірақ әр кезеңдердегі барлық өнер құбылыстарын түсінуге әмбебап емес» [12, 45 с.] деген пікірлер, модернизм, постмодернизмді жасаған жұмыстарды тануға француз философы және мәдениеттанушысы Ж.Ф. Лиотар және т.б. көзқарастары жұмыста қазіргі заманғы мәдениеттанудағы бағдарларды анықтауға қолданылды. Неміс философы Т. Адорно «суретшілерге адам образын жасау мүмкін болмау себебі адам өміріндегі хаос - қисынсыз қайталанған деструктивті, дисгармониялық формада көрініс тапқандығынан» деді [13, 121 б.]. Сол себептерден өнердегі гротескті образдар нақты адамзаттың басынан өткізген апатты көрсетуі болып қабылданды.
Адам болмысын зерттеудің әдіснамалық негіздерінде М.С..Каганның «мәдениет» ұғымында адамның барлық биологиялық детерминделмеген сапаларының толықтығы» [14, 126 б.], оның әрекет тәсілдері мен олардың заттық іске асуы тәрізді анықтамалары алынды. Сондай-ақ, К.Г. Юнг [15], З..Фрейд [16], Ш..Шукуров [17], Ю.М..Лотман [18] еңбектері көркем шығармашылықты қазіргі заман өнерінде тарихи-мәдени аспектіде талдауға қолданылды.
Қайталау сұрақтары:
3. Алғашқы мануфактуралар қай кезеңге жатады?
4. Алғашқы шамшырақты сағатты ойлап шығарған кім?
5. Тоқыма станогын ойлап шығарған кім?
6. Булы двигательді ойлап шығарған кім?
7. Кім конвейерлі өндіріс «пионері» болып табылады?
8. Англиядағы алғашқы бүкіләлемдік өнеркәсіптік көрме қай жылы өтті?
9. Қай сәулеттік құрылыс Англиядағы алғашқы бүкіләлемдік өнеркәсіптік көрменің ашылуы болды?
10. Францияда өткен бүкіләлемдік өнеркәсіптік көрменің ашылуы қай сәулеттік құрылыс болды?
11. Эйфель мұнарасының жобасының авторы кім?
12. Эйфель мұнарасы қай жылы салынды?
13. Дизайнның қай стилі инженерлік технологиялылығымен, рационалдылығымен сипатталады?
14. Техника және эстетика теорияларының авторы, атақты неміс сәулетшісі кім?
15. Өнеркәсіптік революция заманындағы өнер ойларын білдірген, индустриализацияға қарсылығын көрсеткен кім?
16. Дирижабльді ойлап шығарған неміс конструкторы?
17. Ағылшын ғаламы, архитекторлар мен қолөнершілердің еңбек қиял-арманының эстетикалық концепциясының авторы?
18. Алғашқы бүкіл Ресейлік өнеркәсіптік көрме қай қалада өтті?
19. Бүкіл Ресейлік өнеркәсіптік көрме қай жылы өтті?
20. Атақты орыс өнертапқышы(оптикалық приборлардың, сағаттың және т.б. авторы)?
21. Атақты орыс ғалымы, әлемдегі алғаш радиоқабылдағыштың авторы?
22. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы танымал орыс инженер-конструкторы, архитектурадағы арочный конструкцияның жаңашылы?
23. Біздің заманымызға дейін жеткен алғашқы фотосуреттің авторы кім?
24. Ұлы Американ ғалымы, көп каналды телеграфтың авторы?
25. Дизайнда қай стилдік бағыт зат пішінінің функционалды талаптарға толығымен бағыныштылығымен сипатталады?
Глоссарий:
Анимизм (лат. anima – рух, жан) – заттық дүние құбылыстарының жандылығын білдіретін. Анимизм терминін ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э. Б. Тайлор (1832-1917) енгізген.
Архетип(грек. Arche – бастау, tupos – бейне) – алғашқы үлгі, түпнұсқа. Архетип өнерде ерекше рөл атқарады. Мәденпи архетиптер – бұл ілкі мәдени түпнұсқалар, адам және оның табиғат пен қоғамдағы орны жөніндегі түсінік-рәміздер, тарихтың терең қойлауларынан үзілмей «өсіп» шығып, қазіргі мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне жалпы жоба беретін баптық-құндылық бағдар.
Студенттердің өз-бетімен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар:
1. Б.М.Лотман және А.Н. Николаенко стиль алмасуының динамика механизмі.
2. М. Хайдеггердің жасанды ортаны ұйымдастыру тұжырымдамасы.
Реферат тақырыптары:
1. Антикалық мәдениет (Греция, Рим, Византия).
1. Греция елінің материалдық мәдениеті.
2. Рим елінің материалдық мәдениеті.
3. Византия елінің материалдық мәдениеті.
2. Араб мәдениеті.
1. Архитектуралық, үй, жихаз ерекшіліктері.
2. Киім, музыкалық, тұрмыстық заттардағы ою-өрнектің белгілік ерекшеліктері.
3. Зергерлік бұйымдар.
Литература:
Негізгі әдебиеттер:
1. Турганбаева Л.Р. Очерки истории материальной культуры и дизайна. – Алматы: ФСК, 2002. – 448 с.
2. Fiell P., Fiel Ch. Desing f the 20th Ctntury. – Taschen, 2005. – 768 p.
3. Габричевский А.Г. И.В. Жолтовский как теоретик. Опыт характеристики.// Габричевский А.Г. Морфология искусства. – М.: Аграф, 2002. – С. 478-493.
4. Хайдеггер М. Искусство и пространство. // Время и бытие. – М.: Республика, 1993. – С. 312-316.
5. Флоренский П.А. Анализ пространственности в художественно-изобразительных произведениях. // Флоренский П.А. Статьи и исследования по истории и философии искусства и археологии. – М.: Мысль, 2000. – С. 81-285.
6. Ковешникова Н.А. Дизайн: история и теория. Учебное пособие. /2-е изд., стер. – М.: Изд-во Омега-Л, 2006. – 224 с.: ил.
Сабақ № 5.
Практикалық жұмысының тақырыбы: У. Мористің жасанды ортаны ұйымдастыру тұжырымдамасы.
Сабақ мақсаты:
1. Студенттің жалпы ой-өрісін кеңейту, мамандық бойынша дайындаудың теоретикалық базасын толықтыру, дизайн тарихы мен теориясы пәнінің көлемді материалынан жүйелі білім алу.
2. Өнеркәсіптік дизайн саласындағы жетістіктер негізін, түпкі ой мен концепцияның озара байлапысып, өнеркәсіптік дизайнның даму заңдылықтарын, сондай-ақ практикалық қызметпен тікелей байланысты мәселелерді шешу.
3. Дизайнерлік жұмыстардың аймақтары туралы, өткен дәуір стильдерінің алмасуы және дамуы туралы, стильдердің пайда болу уақыты мен ерекшеліктері, дизайн және сәулет өңірінен нақты мысалдар келтіре білу.
4. Берілген тапсырмамен сәйкес жұмыс жоспарын кұру, ұсынылған әдебиеттерді оқи отырып, мәнжазбаны сауатты толтырып жазу, ғылыми жұмысты талдау және зерттеу, негізгіні қосымшадан бөле отырып, мәтінмен жұмыс жасай білу.
Сабақ жоспары:
1. У. Морристің ертедегі шығармашылығы.
2. У. Морристің идеяларының Европа өнері мен архитектурасына әсері.
3. У. Моррис - Модерн стилінің алғашқы туындаушысы.
Жұмысқа қажетті құрал-саймандар:
Конспектілер, слайдтар.
Жұмысты орындау әдістемесі:
1.Силлабус тапсырмалары бойынша теориялық материалдарды дайындап келу.
2.Материалдарды оқу:
У. Моррис Мальборск және Экзетерск колледждерінде оқып (последний в составе Оксфордского университета). Сол жерде Бёрн-Джонспен танысып араласып кетті. Олардың арасындағы байланыс ортағасырға деген сүйіспеншілігімен трактарианецтердің қозғалысына қызығушылығымен анықталады. 1855 жылы Моррис Бёрн-Джонс пен Францияда саяхаттанып, 1856 жылы неоготикалық сәулетші Дж. Э. Стриттің бюросында жұмысын бастады. 1856 жылының жазында ол прерафаэлиттік қозғалысының басты фигурасы деп есептелетін Россеттимен танысты. Россетти Морристің ұйымдастырған Oxford and Cambridge Magazine атты журналында жұмыс жасауға келісім берді.
1861 жылы Моррис «Моррис, Маршалл, Фолкнер и Ко» атты декоративты-қолданбалы өнер туындылырын шығаратын фирманы ұйымдастырады Онда қызмет еткендер: Бёрн-Джонс, Ф. М. Браун, Филипп Вебб, Россетти.Және А. Хьюз и С. Соломон дегендер де атсалысқан.Әр-түрлі жағдайларға қарамастан бұл фирма Европаның мануфактурадан жетекші орын алып отырды. Рёскин сияқты Моррис те машиналық өндіріске қарсы болған.
Пьер Бурдьенің әлеуметтік кеңістігі.
Практикалық сабағының жоспары:
1. Пьер Бурдьеніңнегізгі идеялары.
2. Пьер Бурдьеніңеңбектері мен шығармалары.
3. Пьер Бурдьеніңдизайн өнеріне қосқан үлесі.
В определении и изучении сути социальных отношений Бурдьё предложил использовать одновременно два принципиальных подхода:
1) структурализм — в социальной системе существуют объективные структуры, не зависящие от сознания и воли людей, но способные стимулировать те или иные их действия и стремления;
2) конструктивизм — действия людей, обусловленные жизненным опытом, процессом социализации, «формируют социального агента как истинно практического оператора конструирования объектов».
Теория Бурдьё считается интегральной социологической теорией и представляет собой попытку преодоления противоречий между макро- и микро- анализом, агентом и структурой, которое порождает так называемые «парные понятия» (англ. paired concepts). В основании теории Бурдьё лежат, в первую очередь, фундаментальные идеи классиков, выражающие два противоположных подхода к определению объекта социологии: это исследовательская программа Маркса, исходным пунктом которой полагается широко понимаемая структура (общественно-экономическая формация), и программа Вебера, который исходит из концепта социального действия. Постольку, поскольку агент и структура связаны диалектически, Бурдьё пытается снять противоречие между ними и вводит ряд своих концептов.
Центральными в социологической теории Бурдьё являются понятия «габитус» и «социальное пространство», посредством которых преодолевается разрыв между макро- и микроанализом социальных реалий.
По Бурдьё, объективная социальная среда производит габитус — «систему прочных приобретённых предрасположенностей»; в дальнейшем они используются индивидами как исходные установки, которые порождают конкретные социальные практики индивидов.
Социальное пространство — это логически мыслимый конструкт, своего рода среда, в которой осуществляются социальные отношения. Социальное пространство — это не физическое пространство, но оно стремится реализоваться в нем более или менее полно и точно. Социальное пространство можно описать как совокупность полей, специфических однородных «под-пространств» (например, поле литературы, экономическое поле и т. п.), власть над которыми дает обладание дефицитными благами — капиталом. Именно распределение различных видов капитала (экономический, культурный, социальный, символический) в социальном пространстве и структурирует его.
Ортаны ұйымдастыру тұжырымдамасы - XIX ғ. екінші жартысындағы стилизация, эклектика және модерн – үшеуінің бір уақытта өмір сүруі.
Практикалық сабағының жоспары:
1. Еуропа және модерн стилі.
2. Дизайндағы «эклектика» түсінігі. Стиль өрлеуі. Интерьер композициясы және басқалар.
3. Стилизация, эклектика және модерн стилдердің бір уақытта өмір сүруі.
Модерн[1] , модерн стилі (фр. moderne – ең жаңа, қазіргі) – ХЫХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Еуропа және Америка елдері өнерінде орын алған стильдік ағым.
Модерн Бельгия, Ұлыбритания мен АҚШ-та – “жаңа өнер”, Германияда – “югенд-стиль”, Австрияда – “сецессион стилі”, Италияда “либерти стилі”, Испанияда – “модернизм” деген атпен белгілі.
Ол символизм мен эстетизм идеяларын, Ф.Ницшенің “өмір философиясын” дамытты.
Модерн өкілдерінің (У. Морристің социалдық утопиясына сүйенген бельгиялық археологиялық әрі дизайнер Х.К. ван де Велде) пікірлеріне қарағанда ол қоғам құруға ықпал жасарлық жаңа өмір стилі, адам баласына эстетикалық ләззат алар орта мен тұрмыс жағдайын туғызу, байырғы дәстүрден бөлек, қазіргі конструкцияларды пайдалану арқылы өнерге жаңа жол салу болып табылады.
Модерннің негізгі принциптері – қоғамға сай ғимараттар тұрғызу, өнер арқылы дүниені өзгертуге талпыныс жасау. Модерн ХХ ғасырда архитектураның дамуына елеулі ықпал жасады. Ол сәулет өнеріне конструкциялықты, көркемдік бірлікке, функциялыққа негізделген еркін жобалауды, жаңа құрылыс материалдарын (темір, бетон, шыны, табиғи тас, жылтыр кірпіш, жұқа тақтай, кенеп) жан-жақты пайдалануды әкелді.
Қала салу ісіндегі бір жүйелілік пен Сурет:Симметриялыққа модерн сәулетшілері алдыңғы жағы әр түрлі ғимараттарды кеңістікке еркін орналастыруды қарсы қойды. Жаңа техника әкелген түр тудырудың мол мүмкіндігі ғимарат бейнесін көркейте түсудің басты құралына айналды.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі кейбір сәулетшілер функционализмді ерекше құптап, ғимарат қаңқасын әсерлей (Германияда П.Беренс, Австрияда О.Вагнер, Францияда Г.Перре, Россияда Ф.О. Шехтель салған ғимараттар) түсуге ден қойды.
Модерн стилінде өрнек салу затты әсемдеумен қатар оның композициялық құрылымын қалыптастыру құралы болып табылады. Бельгия сәулетшілері салған ғимараттар интерьеріндегі толқынды сызық пен өрнек тынысты кеңейтіп, еңсені көтере түседі.
Қондырғылы, сән және қолданбалы өнердің бір-бірімен астаса дамуы – модерн стиліне тән қасиеттің бірі. Ол графикадан да орын алды. Бұл саладағы белгілі суретшілер:
О.Бердсли - Ұлыбритания,
Т. Хайне мен Г.Фогелер - Германия,
Ф.Валлотон - Швецария,
Э.Мунк - Норвегия ,
А.Н. Бенуа, К.А. Сомов - Ресей.
Модерн қол өнері бұйымдары мен үй жиһаздарын жасауда елеулі жетістіктерге жетті. Қазіргі кезеңде Қазақстан сәулетшілері модерн мен дәстүрлі архитектуралық жетістіктерді ұштастыра отырып, модернді дамытуда үлкен жетістіктерге жетті (қонақ үй, жоғарғы оқу орны ғимараттары, т.б.).[2]
Стилистика ғылымында оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихи даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, «стиль» ұғымының күрделілігінен туындайды [1;22]. Стиль – латынша стyлос (қазақша – жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған [2;4]. Стилистика – ең алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады [2;5].
Дәстүрлі практикалық стилистикада «стиль» термині тілдің нормативті-стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, «жақсы стиль», «жаман стиль»). Стиль терминінің кең мағынасы – сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында «стиль» термині әдебиеттік стилистикада да қолданылады.
Барлық жағдайда да «стиль» термині тәлдәк қолданымға байланысты айтылады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік.
Ғылымда «тіл стилі», «сөйлеу стилі» ұғымдары да бар. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Тіл – қатынас құралы, сөйлеу – сол құралдың іске асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стильдері әр уақытта жанрлармен байланысты болып келеді.
Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары арасындағы тәуелділікті мынадан байқауға болады. Тіл стильдері сөйлеу стильдерімен сәйкесті болса, соңғыларының нақты көрінісі сөйлеудің әртүрлі композициялық формаларында немесе жанрларында жүзеге асады.
XX ғ. жетекші дизайнерлік тұжырымдама – модернизм және функционализм.
Практикалық сабағының жоспары:
1. Модернизм – жаңа формаларды іздеу.
2. Модернизм және функционализм
3. «Веркбунд» неміс жұмысшылар одағы.
«Көркемдік шығармашылықта мағына мен маңыз көрінісінің жаңа формаларын іздеу»
Сабақ мақсаты:
1. Студенттің жалпы ой-өрісін кеңейту, мамандық бойынша дайындаудың теоретикалық базасын толықтыру жэне дизайн тарихы жэне теориясы пэнінің көлемді материалынан жүйелі білім алу.
2. Өнеркэсіптік дизайн саласыпдағы жетістіктер негізін, түпкі ой мен концепцияның озара байланысын, өнеркэсіптік дизайнның даму заңдылықтарын, сондай-ақ практикалық қызметпен тікелей байланысты мэселелерді шешу.
3. Дизайнерлік ж