ГЛОССАРИЙ
Жұмыс қапасы – илемдеу орнағының металды деформациялауға арналған негізгі бөлігі.
Жаншылу – металдың көлденең қимасы ауданының бастапқы мәнінің илемдеуден кейінгі мәніне қатынасы.
Айналдырық – пішінбіліктерге тістегеріштік қапастардан немесе тікелей қозғалтқыштан айналыс беретін құрылғы.
Пішінбіліктер – илемдеудегі негізгі операция – металдың пластикалық деформациялануын орындайтын жұмыс құралы.
Тістегеріштік қапас – айналдырушы моментті пішінбіліктерге бөліп беретін құрылғы.
Тұғыр – пішінбіліктер жастықтарымен бірге салынатын және олардан берілетін күшті қабылдап алатын жұмыс қапасының бөлігі.
Рольлганг - илемделетін металды илемдеу орнағына тасымалдауға, пішінбіліктерге беруге, олардан қабылдап алуға және көмекші жабдықтарға тасымалдауға арналған құрылғы.
Вакуумды орнақ – балқытылуы қиын металдар мен қорытпаларды вакуумды ортада (немесе инертті газ ортасында) ыстықтай илемдеуге арналған.
Блюминг – сортты илемдеу орнақтарына дайындама илемдейтін (Блюм өндіретін) орнақ.
Слябинг – табақты металл илемдеу орнақтарына дайындама илемдейтін (сляб) орнақ.
Сымдағыш – сымдау процесінде сымның көлденең қимасының ауданын өзгерте отырып деформациялайтын сымдайтын орнақтың жұмыс құралы.
Баспақтар – соғылмаға квазистатикалық әсерететін ұсталық–қалыптау машиналары, бұларда пайдалы кедергіні жою жұмыстық буын – сырғақтың орын ауыстыруы кезінде болады, ал деформациялау күш тұйық күштік жүйемен қабылданады
Тоқпақтар – соғылмаға соққымен және квази соққымен әсерететін ұсталық–қалыптау машиналары, бұнда деформацияға кедергі қозғалмалы бөлікпен жиналған кинетикалық энергияны жұмсау арқылы жойылады;
Теңгерушілер – тежеуіште ақау болған кезде сырғақтың төмен түспеуін қамтамасыз етуге және де жетектін жұмсақ жұмыс істеуіне, сырғақтын бос жүрісінде энергия шығынын азайтуға қолданылатын түйін.
Жалғастырғыштар – баспақтың орындаушы механизімдерін жұмыстық жүріске қосуын қамтамасыз ететін, жетектін біліктерін қоу және ажыратуға арналған басқарылатын ілініс құрылғылары.
Тежеуіш – жалғастырғышты ажыратқаннан кейін жетектегі бөліктін энергиясын жоятын және орындаушы механизімді жетек бөлігімен сырғақтың жоғарғы күйіне сәикескелетін күйде ұстап тұратын түйін.
Жастықтар – баспақ сырғағына немесе үстеліна орналасатын қосымша күштік цилиндр.
Шығу туралы мәліметтер
СП ОӘК ММжЖ кафедрасы
мәжілісінде талқыланған
2011 ж. «___» ______ № хаттамасы
СП ОӘК МжП институтының
Ғылыми-әдістемелік кеңесінде талқыланып,
мақұлданды
2011 ж. «__ » _______№ хаттамасы
050709 – «Металлургия» мамандығына арналған
«Металдарды өңдеудің процестері»
пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Құрастырушы
Мәшеков Серік Әкімұлы:
________________________________________________________________
Басуға___ «__» 2011 ж. қол қойылды. Пішімі 60×84 1/16. Кітап-журнал қағазы.
Көлемі __ ес. б.т. Таралымы __ дана. Тапсырыс №__
________________________________________________________________
Қ.И.Сәтбаев атындағы баспа типографиясында басылған
Алматы қаласы, Ладыгин көшесі, 32