Сынып: 11

1-тоқсан 2-тоқсан 3-тоқсан   4-тоқсан
  11.1A Атом құрылысы   · Қарапайым бөлшектер (p,n,e) · Массалық сан, атом (протондық) саны · изотоптар · Салыстырмалы атомдық (молекулалық, молярлық) масса · Масс-спектрометр · Электрондардың орналасуы · Атомдық орбитальдар мен Клечковскийдің ережесі (Аufbau принципі) · Иондану энергиясы мен оған әсер ететін факторлар   11.2A Органикалық химияға кіріспе - алкандар   · Эмпирикалық, молекулалық, толық және қысқартылған құрылымдық формулалар. · Функционалдық топтар · Гомологтық қатар · Алифатты қосылыстар үшін IUPAC номенклатурасының ережесі · Органикалық қосылыстар үшін изомерия түрлері: көміртек қаңқасының изомериясы, функционалды, стереоизомерия   Гибридтік орбитальдар, сигма және пи-байланыстар · Алкандар базалық құрылымдар ретіндегі · Мұнай: фракциялау және крекинг · Жану өнімдері және олардың қоршаған ортаға әсері · Галогендеу     11.3A Алкендер   · Құрылымы, байланыс түрлері және реакциялық қабілеттіліктері · Стереоизомерия (цис-транс немесе E-Z) · Қосылу реакциялары · Полимерлену   11.4A Тотығу-тотықсыздану реакциялары   · Тотығу дәрежесі · Тотығу-тотықсыздану реакциялары · Электродтық потенциал · Потенциалдардың электрохимиялық қатары   · Гальваникалық элементтер
  11.1B Зат мөлшері   · Заттардың салыстырмалы атомдық, молекулалық және молярлық массасы · Авогадро тұрақтысы және зат мөлшері (моль) · Реакция теңдеулері (молекулалық толық және қысқартылған иондық) · Реагенттер мөлшері мен көлемін (газдар үшін) есептеу, титрлеу мен сулы ерітінділерді қоса қарастырғанда · Эмпирикалық және молекулалық формулалар   11.2B Энергетика   · Энтальпия және химиялық реакцияның жылу эффектісі · Байланыс энтальпиясы · Калориметрия · Гесс заңы, сонымен қатар оның қарапайым түрде қолданылуы   11.3B Спирттер   · Жіктелуі · Реакциялар: орын басу және элиминдеу · Этил спиртін өнеркәсіпте өндіру   11.4B 17-тоб элементтері (галогендер)   · Физикалық қасиеттері өзгерісіндегі заңдылықтар · Тотықтырғыш қасиеттері өзгерісіндегі заңдылықтар · Тотықсыздану қасиеттері өзгерісіндегі заңдылықтар · Сулы ерітіндідегі галоген иондарын анықтау · Хлор мен оның қосылыстарын қолдану
  11.1C Байланыс   · Байланыс түрлері: металдық, иондық, ковалентті және координациялық · Кристалл торлар · Электртерістілік пен байланыстың полярлығы · Молекулааралық күштер (диполь-дипольді, ван-дер-Ваальстік күштер, сутектік байланыс)   11.2C Кинетика   · Заттың күйлері · Идеал газ теңдеуі · Соқтығысу теориясы мен активтендіру энергиясы · Максвелл-Больцман таралуы · Температураның әсері · Концентрацияның әсері · Реакция жылдамдығының теңдеуі · Реакция жылдамдығы теңдеуін қорытып шығару · Катализаторлар     11.3C Галогеналкандар   · Реакциялары · Фотохлорлау (бос радикал) · Нуклеофильді орын басу · Элиминирлеу   11.4C 2-топ элементтері: Сілтілік-жер металдары   · Физикалық қасиеттер өзгерісіндегі заңдылықтар · Химиялық қасиеттер өзгерісіндегі заңдылықтар
  11.1D Периодтылық   · Аufbau принципі және · элементтердің периодтық жүйесі   · s,p,d элементтерін жүйелеу   · Период пен топтағы элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары · 3 период элементтері (Na - Ar) · 3 период элементтері қосылыстарының қышқылды - негіздік қасиеттері     11.2D Тепе-теңдік   · Динамикалық тепе-теңдік · Қысым, температура, концентрация өзгерісінің әсері (сапалық) · Өнеркәсіптік тепе-теңдік · Тепе-теңдік константасы Kc · Концентрация мен температураның Kc –ға әсері (сапалық)   11.3D Аналитикалық әдістер   · Газ - сұйықтық хроматография · Масс-спектрометрия · Инфрақызыл спектрометрия · ЯМР-спектрометрия   11.4D Термодинамика   · Химиялық реакцияның жылу эффектісі (ΔH) · Энтропия өзгерісі (ΔS) · Бос энергияның өзгерісі (ΔG) · Реакцияның жүзеге асырылу мүмкіндігін анықтау үшін ΔG = ΔH – TΔS қолдану  

 

ЕСКЕРТПЕ: Оқудың әр кезеңі зертханадағы жұмыстарды қауіпсіз жүргізу практикасын тексеруден басталады деп есептеледі.

Бұл жүйеде ерекше назар оқушылардың курс бойына оқитын химияның негізгі принциптері мен осы принциптерді химияны оқып, түсініп, талқылауларына аударылады. Периодтық кесте топтары үшін «Халықаралық Теориялық және Қолданбалы Химия Одағының» жаңа номенклатурасы ұсынылады. (Рим сандары 1-18)

Элементтердің периодтық кестесінің «толық нысаны» ұсынылады (мысалы, http://tannerm.com/longform.htm қараңыз)


Тілдік мақсаттар туралы

 

Пән мазмұнын екінші не үшінші тіл арқылы оқытуда Зияткерлік мектептер пән мазмұны мен тілді оқып үйренуге тең қолдау көрсетілетін оқу ортасын құруға ұмтылады. Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады. Ғылыми тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену және ойлау мен пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеу қабілетін жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал. Екінші не үшінші тіл арқылы оқитын оқушылардың көпшілігіне олардың ғылыми тіл мен пән мазмұнын игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет. Үштілді білім беру контексінде бірінші тілдегі ғылыми тілдің дамуы да тұрақты назарды талап етеді. Сондықтан, бірінші тіл арқылы оқуға берілетін шектеулі уақытты тиімді және нәтижелі қолдану керек.

 

Тілдік мақсаттар ғылыми тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылардың өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына тікелей байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар оқытушылар мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Пәндік мазмұнды оқытуға, әрі ғылыми тілді үйретуге тұрақты екі бағытты ұстанатын пән мұғалімдері оқушыларға үлгі көрсетіп, пән мен тілді қатар алып жүруге көмектеседі.

 

Ғылыми тілді оқып үйренуді қолдау үшін оқытушыларға оқу жоспарларына мынадай тілдік мақсаттарды қосу ұсынылады:

• оқушылардың назарын ғылыми тілге аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті терминология мен тіркестері бар лексика);

• сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдарын қолдануға қажетті жұмыс тілін қалыптастыру (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті тіркестері);

• сабақ барысында лексиканы, оның ішінде терминология мен тіркестерді орынды пайдалану үшін оларды алдын ала оқыту кезеңінде тиімді қолдану;

• оқушылардың тілдік дағдының төртеуін де түрлі әрекеттерде (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым,тыңдалым-жазылым және т.б.) әртүрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану;

• оқушыларды пікірталас, диалогтарғатарту (мысалы, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау және жауаптары тек білімді ғана көрсететін сұрақтар қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушылар диалогқа қатыса алуы үшін қажет бай сөздік қормен қамтамасыз ету);

• белгілі бір тілге тән дағдыларды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті алу үшін тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары);

• тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушылардың тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді меңгерудегі жетістіктерін бағалау);

• сабақтың басында тілдік мақсатты белгілеу, сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізілген жетістіктерді талқылау.

 

Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Тілдік мақсат үлгісі сонымен бірге ғылыми тілдің құрамдас бөліктерін қамтиды, оны пайдалану мен есте сақтауға оқушылардың назарын аудару маңызды. Олар келесі тақырыпшалар арқылы көрсетілген:

(1) пәнге тән арнайы лексика және терминология,

(2) диалог/жазылым үшін қажетті тіркестер. Берілген тіл оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілдік мақсаттарға қол жеткізулеріне көмектеседі.

 

Тілдік мақсаттарды құру үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: талдау, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, сәйкестендіру, көшіру, құру, сынау, анықтау, сипаттау, құрастыру, бағалау, түсіндіру, мысалдар келтіру, болжау, анықтау, негіздеу, келіссөздер жүргізу, болжау, өндіру, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, көшіріп алу, рөлдік ойындар ойнау, қорытындылау, синтездеу және жазу, әртүрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру.

 

Кейбір тілдік мақсаттардың пән мазмұнынының оқу мақсаты деп те қарастыруға болатынына қарамастан, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де бірдей назар аударуларына ықпал етеді. Бұл, сонымен қатар, жауаптар/шешімдерге және үдерістерге теңдей назар аударуға көмектеседі. Атап айтқанда, осы үдерістерге назар аудару тілдің дұрыс қолданылуы мен ойлау әрекетінің жақсаруына жағдай жасайды.

 

Тілдік емес пәндердің оқыту мақсаттарының көпшілігі мазмұнға негізделеді, бірақ кем дегенде бір мақсатты тілді дамытуға арнау қажет.


 

Химия Жоғарғы мектеп 11сынып
11.1A: Атом құрылысы
Осыған дейін меңгерілген білім
  6-10 сынып аралықтарындағы химия курсында қарастырылған дағдылар, білімдер мен түсініктер қолданылады  
Контекст
Бұл бөлім оқушылардың алдыңғы сыныптарда алған білімдерін қолдана отырып, олардың химияны әрі қарай барынша тереңдетіп оқу үшін негіз жасайды. Жаңа материалдар электрондардың атомдарда, атомдық орбитальдарда таралуы, иондану энергиясы жайлы берілген тапсырмалар арқылы жаңа дағдыларды қамтиды.
Бұл бөлімдегі «Химия» пәнінің тілдік мақсаттары
Оқушылар үшін сәйкес академиялық тілмен берілген тіл мақсаттарының мысалы төменде келтірілген
Пәндік мақсат Тілдік мақсат Пәнге қатысты лексика және терминология Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Оқушылар орындай алады:   Атом моделінің эволюциясын түсіну Оқушылар орындай алады:   тақырыпты зерттей отырып және алынған мәліметтерден өздерінің қалаулары бойынша сапалы ауызша презентация жасау деңгей, деңгейше, орбиталь, айналу, квант саны, изотоптар, (радиоактивті) ыдырау, (масс-) спектрометр, (масс-) спектр, (электрондық) конфигурация, иондану, экрандау X -ті yyyy-та ашқаннан кейін, Z… тұжырымдамасы   Z атом ядросы … тұрады деп болжады   Бұл теория… ашуға көмектесті (анықталған факт)
Басқа тілдік мақсаттарды құру үшін, сондай-ақ академиялық тілді оқыту мен үйретуге жататын тілді үйрету мақсаттары бойынша қосымша басшылық ретінде жоғарыда «Тілдік мақсаттар туралы» мағлұматты қараңыз
Қысқаша мазмұны
Бұл бөлімде оқушылар қарапайым бөлшектер жайлы ертеден белгілі жұмыстармен жан-жақты танысудан, атомдағы электрондардың орналасуын барынша тереңірек түсінуге ауысады. Бұл осы химия курсы үшін, әрі қарай оқытылатын түсініктерді меңгеруге негіз болып табылады. Оқушылар осы түсініктермен танысып, оларды келешекте еркін пайдалана білулері маңызды. Атомдық орбиталь мен олардың гибридтелуі (әрі қарай таныстырылады) осы курс шеңберінде әрі қарай қарастырылатын жүйелі органикалық және бейорганикалық химияны түсіну үшін қажетті негізгі түсініктердің бірі болып табылады.

 

Пән бағдарламасына сілтеме Оқыту мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Оқу әдістемесіне қатысты ескертулер Оқыту ресурстары
       
  - қарапайым бөлшектерді оқып тану бойынша жоғары сыныптарда өткен жұмыстарды қайталау   - массалық сан, атомдық (протондық) сан мәнін түсіну     - атомдық символдың толық сипаттамасын жазу және олармен жұмыс істей білу (G) Оқушылар қарапайым бөлшектердің түрлері, зарядтары мен атомда орналасуы және бірінші 20 элементтегі электрондардың орналасу заңдылықтары туралы негізгі білімдерімен бір - бірімен бөлісу мақсатында жұпқа бөлінеді.   (I) (f) Массалық сан, атомдық сан туралы сұрақтарды қою және атомның толық үлгісін жазу үшін мини-планшеттер пайдаланыңыз («атомдар бойынша» кестені толтырыңыз, атом нейтрондарының санын есептеңіз және т.б.)   Тек p, n, e Пайдалы негізгі ақпарат және диаграммалар мына сайтта: http://www.chemguide.co.uk/atoms/properties/gcse.html http://elementy.ru/lib/431032 http://www.youtube.com/watch?v=eZA79WCZ3NE
  - изотоптардың пайда болуы мен радиоактивтілік табиғатын түсіну   - элементтер үшін протон/нейтрон (p/n) қисығының мәнін түсіну   - радиоактивті ыдыраудың ядродағы протондар, нейтрондар немесе нуклондар санына әсерін болжай білу   - қарапайым ядролық реакцияларды жаза білу (T) бірдей элемент атомындағы нейтрондар саны әр уақытта бірдей бола бермейтіндігін түсіндіріп кетіңіз. Оқушыларға таныс бірнеше мысал келтіру қажет, мысалы 14C.     (I) (D) Жұмыс кестелері және көрнекі материал көмегімен 9.4C блогында берілген радиоактивтілікті қайталаңыз     (I) (f) Оқушылар таңдап алған элементтердің кестедегі орналасу тәртібі бойынша пішіні мен тұрақтылық аумағын қамтитын қисықтар сызулары тиіс. (T) қисық шегінен шыққан аумақтарда атом ядросында болатын өзгерістерді талқылаңыз және оларды ыдырау түрлерімен байланыстырыңыз     (T) бөлшектердің нақты түрлерін жоғалтатын атом ядросында протондар мен нейтрондар саны қалай өзгеретіндігін талқылаңыз. Мұны p/n қисығында тұрақты аймақтың өзгеруімен (немесе одан) байланыстырыңыз.   (I) (f) мини-планшеттер көмегімен оқушылар түрлі атом ядроларының ыдырауы барысында олардың p және n сандары қалай өзгеретіндігіне болжам жасайды.       Қисық мына сілтеме бойынша берілген: http://www.physicsinfo.co.uk/?page=view&id=1309  
  - атом моделі эволюциясын түсіну: Дальтон, Томсон, Резерфорд еңбектері, Бор моделі, «кванттық модель» (I, G) Оқушылар атомның танымал модельдерімен танысады және сыныпқа өздерінің «өзіндік модельдерін» ұсынады   Атом теориясының даму тарихы келесі сілтеме бойынша берілген: http://atomictimeline.net/index.php   http://www.youtube.com/watch?v=DhsAoHhtuYw http://www.youtube.com/watch?feature=endscreen&v=i0wE935ZRXA&NR=1
  - салыстырмалы атомдық, молекулалық және молярлық массаны есептей білу (T) Элементтердің периодтық жүйесіндегі элементтер үшін атомдық салмақтар неліктен әр уақытта бүтін сан бола бермейтіндігін түсіндіріңіз.   (I) Оқушылар салыстырмалы атомдық және молекулалық және молярлық массаны есептейді және элементтердің атомдық массасы мен изотоптар арасындағы байланысты анықтайды Тек қарапайым жағдайлар (мысалы, Cl). http://alhimikov.net/elektronbuch/Page-14.html
  - масс-спектрометрдің бөлім сызбасын білу   - масс-спектрометрдің негізгі бөліктерінің қызметін түсіну   - қарапайым масс спектрді қолданып салыстырмалы атомдық масса мен салыстырмалы молекулалық массаны анықтау (T) Видеомультипликация көмегімен масс-спектрометрдің жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.   (D) Магнит пен бірнеше шарикті подшипниктер көмегімен масс спектрометрдің жұмыс істеу принципін көрсетіңіз     (T) Бірнеше мысалдарды талқылағаннан кейін, (G) (f) оқушыларға жұптасып отырып спектрді талдауға арналған есепті шешуді тапсырыңыз Бұл төменде берілген 11.3D блогында жасалып, кеңейтілген   Түсіндіру жұмыстың негізгі принциптері жайлы болуы керек   масс-спектрометрдің бейне мультипликациялары: http://www.youtube.com/watch?v=GSYueQzo2n8 http://www.yteach.co.uk/page.php/resources/view_all?id=atom_molecule_structure_elementary_particle_atomic_mass_number_molecular_spectrometry_t_page_17&from=search   пайдалы диаграммалар мен түсіндірулер: http://www.chemguide.co.uk/analysis/masspec/howitworks.html    
  - атом қабықшасы моделін түсіну және онымен жұмыс істей білу: деңгей, деңгейше, орбиталь   - s, p, d, және f орбитальдарының пішіндерін қайталау (толтыру)   - деңгей мен деңгейшелерді толтыру ережелерін түсіну   - электрондарды орбитальдарға орналастыру кезінде қолданылатын Клечковскийдің (Aufbau) ережесін қайталау   - бірінші 36 элементтің электрондық конфигурациясын жаза білу (T) Атомның «деңгейі – деңгейше – орбиталь» құрылымын түсіндіріңіз және оны квант сандарымен байланысын анықтаңыз. (I немесе G) Оқушылар орбитальдардың реттілігін құру мақсатында олардың барлық мүмкін жиынтықтарын жасайды     (T) әрбір электрондық орбитальдың сыйымдылығы мен электрондардың жұптасуы (спиндер) туралы айтыңыз     (I) (f) оқушылардан түрлі сипатта кездейсоқ іріктелген элементтердің электрондық конфигурациясын жазуды сұраңыз.       Орбиталь пішіндерінің диаграммалары бойынша пайдалы ресурс: http://winter.group.shef.ac.uk/orbitron/AOs/3d/index.html   пайдалы диаграммалар мен түсіндірулер: http://chemistry.tutorvista.com/inorganic-chemistry/electron-configurations-and-aufbau-principle.html   http://www.youtube.com/watch?v=SoNIQjW5Zxs http://www.youtube.com/watch?v=SoNIQjW5Zxs
  - иондану энергиясын түсіну     - иондану энергиясына әсер ететін факторлар: ядро заряды, ядро арасындағы ара қашықтық, экрандауды түсіну   - ядро заряды идеясын қолданып иондану энергиясының өзгеру заңдылықтарын түсіндіру (G) Оқушылардан атомның иондану кезінде энергияның мүмкін өзгерісі бойынша пікірталас өткізуді сұраңыз (мысалы бір электронды алып тастаған жағдайда).   (T) экрандау, толық толтырылған қабықша саны мен атом ядросынан қашықтық әсерін талқылауды ұсыныңыз     (G) (f)Мүмкіндігіншекөптеген элементтер үшін біріншілік иондану энергиясы бойынша деректер беріңіз. Оқушылар тәуелділікке қажетті сызба құрап, заңдылықтарды қабылдап және бұл құбылыстарды көрсетілген идеялар көмегімен түсіндіреді. Бірінші иондану энергиясы бойынша қарапайым шектеулі мәлімет беріңіз, ионданудың әрі қарайғы энергиялары мен ионданудың келесі сатыларының энергиялары туралы қысқаша мәлімет беріп кетіңіз     Мүмкіндігінше жиынтық кестені пайдалану ұсынылады.   Тиісті деректерді мына сілтеме бойынша табуға болады: http://en.wikipedia.org/wiki/Molar_ionization_energies_of_the_elements   ал аяқталған диаграммаларды мына жерден табуға болады: http://ibchem.com/IB/ibnotes/brief/ato-hl.htm   http://www.youtube.com/watch?v=Mmti4kKDcqA

 

Ескертпе: Зертханалық жұмыс зертханада жұмыс жасайтын мұғалімдер мен оқушыларға бірдей дәрежеде қауіпті. Назарбаев Зияткерлік мектептері осы қауіпті анықтап, қауіпсіздік талаптарын орындауға жауапты. Бұл құжат көрсетілген сақтық шаралары жалпы болып табылады. Не ХЕК, не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.

 

 

G = топпен жұмыс I = жеке жұмыс E = оқушы орындайтын тәжірибе

 

D = мұғалім демонстрациясы f = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін тапсырма

 

T = мұғалім түсіндіруі s = қауіпсіздік бойынша кеңес


 

Химия Жоғарғы мектеп 11 - сынып
11.1B: Зат мөлшері
Осыған дейін меңгерілген білім
  Атом құрылысы (11.1A), жоғары сыныптар курсының тиісті бөлімтары  
Контекст
Бұл бөлімде химияда зат мөлшері қалай өлшенетіндігі және онымен қалай жұмыс жасау туралы маңызды идеялар қайта қарастырылып, кеңейтіледі. Алдыңғы сыныптарда өткен материалдарды еске түсіріліп, олар оқушылардың осы химия курсында жасайтын есептеулер үшін негіз болады. Бұл кезеңде оқушыларға негізгі мектепте қарастырылған тапсырмалармен салыстырғанда анағұрлым күрделі тапсырмалар ұсынылуы тиіс.
Бұл бөлімдегі «Химия» пәнінің тілдік мақсаттары
Оқушылар үшін сәйкес академиялық тілмен берілген тіл мақсаттарының мысалы төменде келтірілген
Пәндік мақсат Тілдік мақсат Пәнге қатысты лексика және терминология Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Оқушылар орындай алады:   «дәлдік пен сенімділік мәселелері, мүмкін қателіктер және т.б.» талқылау   Оқушылар орындай алады:   ғылыми түсініктерді еркін талқылау, сәйкес келетін техникалық терминологияны дұрыс пайдалану   Авогадро саны, моль, молярлық, титрлеу, эмпирикалық, атом құрылысы, концентрация, сұйылту   дәл/дәл емес, дәлдік, сенімді / сенімсіз, сенімділік, шынайы/ шынайы емес, шынайылық, қателік (қателіктер) Менің өлшеу дәлдігім … негізделеді   Мен алған нәтижелерімді … салыстырдым және олар … расталды / расталмады   Менің өлшеулерім … туындаған қателіктердентұрады деп есептеймін
Басқа тілдік мақсаттарды құру үшін, сондай-ақ академиялық тілді оқыту мен үйретуге жататын тілді үйрету мақсаттары бойынша қосымша басшылық ретінде жоғарыда «Тілдік мақсаттар туралы» мағлұматты қараңыз
Қысқаша мазмұны
Бұл бөлімде заттардың «тең мөлшері», сондай-ақ оларға қол жеткізу тәсілдері жайлы ақпарат қарастырылады. Химияда ол бөлшектердің тең саны ретінде түсіндіріліп, Авогадро саны көмегімен бөлшектердің саны анықталады, өлшем бірлігі - моль. Ол химияның тереңдетілген курсында маңыздылығы барынша жоғарылай түсетін, әрекеттесуші массаларды есептеу үшін негіз болып табылады. Курсты оқыту барысында, ерекше назарды материалды меңгеру кезіндегі оқушылардың білімдері мен дағдыларын бағалауға аударған жөн: жаңа материал көлемі өте аз болғанымен, олардың өзін ересек оқушылар еркін игерулері керек. Тақырып көбіне тәжірибелік жұмыстарды орындау арқылы ашылады және осы деңгейде өлшеулердің дәлдігі, шынайылығы мен сенімділігі бойынша жан-жақты пікірталастар өткізу керек, сондықтан барлық оқушыларға жоғары талаптар қойылуы тиіс.

 

Пән бағдарламасына сілтеме Оқыту мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Оқу әдістемесіне қатысты ескертулер Оқыту ресурстары
  - салыстырмалы атомдық, молекулалық және молярлық массаның қайнар көздері мен оларды есептеу тәсілдерін түсіну - Авогадро саны мен моль (бөлшектер саны) ұғымын түсіну   - моль мен берілген зат мөлшерін пайдаланып, есептеулер жүргізе білу   (T және I) (f) Сабақты 11.1A блогы материалы негізінде құру және оқушыларға молекулалық және молярлық массаны есептеуді ұсыну     (E) Оқушылар «Заттардың әрекеттесуші массалар заңына» байланысты тәжірибелер жүргізе алады және тиісті есептеулер жасай алады. Бұл кезеңде тәжірибелік жобаға, іс - әрекет дәлдігіне және нәтижелер сапасын бағалауға назар аудару керек.   Жұмыс журналын пайдалануға болады немесе онлайн-тестілеу өткізуге болады     Мысалдар: магний мен оттек, мыс (II) оксидін тотықсыздандыру.   s Қатты қыздыру орын алады: оқушылар қорғаныс көзілдірігін киюлері керек.   Гексанның Mr анықтау үшін бірнеше күрделі тәжірибелер жүргізу керек. (sҚауіпсіздік ережесі бойынша гексан бірқатар көрсеткіштерге ие, осы тәжірибелер үшін оқушылар қорғаныс көзілдіріктерін киюлері және ашық жалынға тікелей жақындықта болмаулары керек). Толық ақпарат есептеулер бойынша мысалдардың үлкен санымен pdf-форматында: http://www.ltscotland.org.uk/Images/chemmolecalcsunitlabel_tcm4-148466.pdf   http://alhimik.ru/abitur/abit41.html   http://www.youtube.com/watch?v=TqLlfHBFY08
  - ерітінді концентрациясын моль/дм-3 өлшемімен көрсете білу   - «мольдік көлем» ұғымын еске түсіріп қолдану   - идеал газ теңдеуін білу және оны қолдана білу (E) Оқушылар зертханада стандартты іс-әрекет көмегімен берілген концентрлі ерітінділерді дайындап және осы ерітінділердің дәл концентрациясын есептей алулары керек. Нәтижелер дәлдігі мен шынайылығына баса назар аудару керектігін атап кету керек.     (E) оқушылар белгілі концентрациялы натрий гидроксидінің ерітіндісін дайындау және нақты берілген өлшемге дейін араласқан тұз қышқылының ерітіндісін қосып титрлеулері керек. Содан кейін олар «концентрленген тұз қышқылының» концентрациясын есептеулері керек. Есептеулер дәлдігі, сенімділігі, мүмкін қателіктер және т.б. бойынша пікірталас өткізу керек.   (E) Оқушылар тұз қышқылының берілген мөлшері мен кальций карбонаты (әктен) әрекеттесуі нәтижесінде алынған газ көлемін алдымен есептеп алып, сонан соң өлшеулері керек. Стандартты жағдай үшін газ көлемін қайта есептеулері қажет. Натрий хлориді және калийлі алюминийдің сульфаты сияқты қауіпсіз заттарды пайдалану керек.   s тұз қышқылы тітіркендіргіш зат, ал натрий гидрооксидінің ерітіндісі (0.5 моль/дм-3 астам) коррозиялық қасиет көрсететін зат болып табылады. Бұл заттарды ауызға құйып алып өлшеуге болмайды. Қорғаныс көзілдіріктерін кию керек. Егер оқушылар өз беттерінше натрий гидрооксидінің ерітіндісін дайындауға рұқсат алса, олар жұмысқа қажетті нұсқау алып, маманның бақылауымен жұмыс жүргізулері керек. Ұсынылатын концентрациялар 1.0 моль дм-3 аспауы керек.   s Тұз қышқылын сұйылту кезінде сақталатын қауіпсіздік шаралары жоғарыда берілген. Реагенттер мен жабдықтар: натрий хлориді, калийлі алюминийдің сульфаты, натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, бюретка     (негізгі ) жұмысшы кесте мына сілтеме бойынша берілген: http://misterguch.brinkster.net/WKS001_003_880407.pdf   «дәлдік» пен «шынайылық» түсініктерін нақты пайдалану туралы ақпарат: http://www.dartmouth.edu/~chemlab/info/resources/uncertain.html   Титрлеу бойынша интерактивті ресурс: http://www.avogadro.co.uk/miscellany/titration/titreset.htm   http://www.youtube.com/watch?v=TqLlfHBFY08
  - реакцияларды теңестіре білу   - иондық теңдеулерді теңестіре білу   (E) Оқушылар жоғарыда сипатталған, өздері орындаған реакциялардың теңдеулерін жазып қажет болған жағдайда теңестіріп, сондай-ақ иондық теңдеулерін жаза білулері керек.   (I) (f) Оқушыларға тыңғылықты іріктеліп алынған бірнеше мысалдары бар практикалық жұмыс ұсынылуы керек . Бұл деңгейде теңдеулерде келтірілген заттардың агрегаттық күйлерін реакция теңдеулерінде көрсету ерекше мәнге ие болады. Осы деңгей үшін барынша тиісті теңдеулерді теңестіру үшін интерактивті ресурс: http://www.chemistry-drills.com/balance.html   http://ru.webqc.org/balance.php  
  - титрлеудің мақсатын түсініп, орындап, онымен байланысты есептеулерді орындай алу (E) (f) Оқушыларға әр түрлі сірке түрлерінен сірке қышқылының пайыздық мөлшерін анықтау және өздерінің жеке тәжірибесін әзірлеп, оларды жүргізуді ұсыну керек. Анықтау техникасына назар аудару керек (дәлдік, шынайылық, сенімділік). s Пайдаланылатын сілтілер коррозиялаушы болып табылады. Шекті концентрация 1.0 моль/ дм-3 деңгейінде немесе одан төмен болуы қажет, оқушылардың ерітіндіні ауыздарына салып өлшеулеріне болмайды, жұмысты орындаған кезде қорғаныс көзілдіріктерін киіп алу қажет.  
    - эмпирикалық және молекулалық формулалар қандай жағдайларда қолданылатындығын түсіну   - аналитикалық деректерді негізге ала отырып эмпирикалық және молекулалық формулаларды есептей білу   (T) Оқушылармен эмпирикалық және молекулалық формулаларды талқылау.   (I) (f) (E?) Оқушыларға сараптамалық деректерді және формулаларды өздері есептеулеріне мүмкіндік беріледі. Егер уақыт болса, оқушылар деректерді өздерінің тәжірибелері негізінде ала алады.   Пайыздық мөлшері шектеулі (молярлық масса).   s Осы жұмыстарды қорғасын оксиді арқылы жүргізу қажет. Оқушылар осы заттарды пайдаланған жағдайда олардың қауіпті қасиеттері туралы ескерту керек – олар улы және қоршаған орта үшін зиянды. Оқушылар қорғаныс көзілдіріктерін киіп, жұмысты жақсы желдетілетін бөлмелерде орындап және тәжірибе кезінде және тәжірибеден кейін қолдарын әбден жуулары керек.   Оқушылар үшін қосымша және жұмысшы мысалдар: http://alevelchem.com/aqa_a_level_chemistry/unit3.1/sub312/04.htm    
    - реакцияның теориялық және практикалық шығымын пайызбен есептей білу   - атомдық тиімділікті түсіну және есептей білу   (E) Оқушыларға өз таңдаулары бойынша кез - келген әдіспен тұз алуды ұсынуға болады. Тәжірибе бойынша теориялық және практикалық шығымды есептеп, айырмашылығын түсіндірулері керек.     (I немесе G) Егер жоғарыда таңдалған реакция жақсы өтсе, оқушылар атомдық тиімділікті ол бойынша есептей алады. Егер олай болмаса, дайын мәліметтерді ұсыну керек. Ол үшін 11.2D блогында берілген туындайтын проблемалары ұқсас, Габер процесін қолдануға болады.   s Оқушылар дайындау әдістері мен синтезделетін заттарды өз еріктерімен таңдаулары керек. Олардың кейбірі қауіпті болуы мүмкін, сондықтан осы қауіптерді белгілеу және бақылау маңызды болады.     Осы кезеңде органикалық реакцияларды қолдану ұсынылмайды.   % атом тиімділігі = (мақсатты өнім массасы x 100) / реагенттердің жалпы массасы).   Реакция қорытындысын түсіндіру және олар туралы проблемалар мына сілтемеде http://danielleamorim.tripod.com/   сондай-ақ: http://www.uwosh.edu/faculty_staff/kedrowsk/yield_calc.html   атомның пайдалы пайдалануын нақты беру: http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/add_aqa_pre_2011/chemcalc/chemcalc_higherrev5.shtml  

 

Ескертпе: Зертханалық жұмыс зертханада жұмыс жасайтын мұғалімдер мен оқушылар үшін бірдей дәрежеде қауіпті болып саналады. Назарбаев Зияткерлік мектептері осы қауіпті анықтап, қауіпсіздік талаптарын орындауға жауапты. Бұл құжат көрсетілген сақтық шаралары жалпы болып табылады. Не ХЕК, не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.

 

 

G = топпен жұмыс I = жеке жұмыс E = оқушы орындайтын тәжірибе

 

D = мұғалім демонстрациясы f = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін әрекет

 

T = мұғалім түсіндіруі s = қауіпсіздік бойынша кеңес


 

Химия Жоғарғы мектеп 11 - сынып
11.1C: Байланыс
Осыған дейін меңгерілген білім
Жоғары сыныптағы материалдар және 11.1A блогын түсіну
Контекст
Химия ғылымында барлығы дерлік бір-бірімен химиялық байланыспен байланысқан атомдардағы электрондардың күйіне байланысты болады. Бұл бөлімде оқушылар жоғары сыныптарда алған білімдерін әрі қарай дамытып, толықтырып кеңейтеді. Бұл бөлім жоғары мектептің химия бағдарламасы үшін негіз болып табылады, сондықтан ол органикалық химияның негізгі принциптері кіріспе тақырыбынан бұрын оқытылуы тиіс. Сонымен қатар, бұл жерде биологияға қысқаша алғы шарттар берілген (ақуыздар мен ДНК құрылымы).
Бұл бөлімдегі «Химия» пәнінің тілдік мақсаттары
Оқушылар үшін сәйкес академиялық тілмен берілген тіл мақсаттарының мысалы төменде келтірілген.
Пәндік мақсат Тілдік мақсат Пәнге қатысты лексика және терминология Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Оқушылар орындай алады:   Молекулалар пішіндерін болжау үшін валентті қабықшаның электрондық жұптарының тебісу теориясын (ВҚЭЖТТ) қолдану     Оқушылар орындай алады:   Молекула пішіндерін сипаттау және түсіндіру (жазбаша және ауызша). Ионды, ковалентті, металдық, делокальданған, кристалл тор, макромолекулалы, гомоядролы, семиполярлы, үйлестіру, молекулааралық, диполь, электртерістілік, электр оң, қозған, валенттілік, түзу, жазықтықты, тетраэдралық, пирамидалы, үш бұрышты бипризма (бипирамида), октаэдрлік, пентагональді бипризма (бипирамида) Кері итеру, қайта пульсталу, байланыс бұрышы Xмолекуласының пішіні Y себебі…   (үш бұрышты бипризма) электрондар жұбына (бес) ие болуы керек…   Электрон жұптары бір бірінен тебіседі, себебі …   X молекуласында бөлінбеген жұп Y идеал градусынан Z градусы жағына байланыс бұрышын өзгертті
Басқа тілдік мақсаттарды құру үшін, сондай-ақ академиялық тілді оқыту мен үйретуге жататын тілді үйрету мақсаттары бойынша қосымша басшылық ретінде жоғарыда «Тілдік мақсаттар туралы» мағлұматты қараңыз
Қысқаша мазмұны
Бұл бөлімта байланыстың негізгі түрлері мен олардың құрайтын құрылымдар қарастырылады. Алғаш рет молекулааралық күштер туралы маңызды тақырып қарастырылып, сондай-ақ органикалық химияны түсіну үшін қорытындылар толығымен беріледі.  

 

Пән бағдарламасына сілтеме Оқыту мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Оқу әдістемесіне қатысты ескертулер Оқыту ресурстары
       
  - иондардың пайда болуы мен нәтижесінде түзілетін зарядтардың түсіну     - қарама –қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылысы салдарынан түзілетін иондық байланыстың түзілу механизмін түсіну   - нөлдік сома әдісімен иондық қосылыс формуласын шығара білу   - байланыс типі мен иондық кристалдық құрылымдар өзара қалай байланысты болатындығын түсіну     - иондық кристалл тор құрылымдарының иондық қосылыстарға тән қасиеттермен қалай байланысты болатындығын түсіну (G) (f) 11.1A блогынан иондану және иондану энергиясы бойынша материалды тексеру және бекіту үшін циклді ойын қолдану   (G) қарапайым иондық кристалл торлардың үлгісін құраңыз   (T, E) (салыстырмалы) иондық байланыстың үлкен күші қайнау мен балқудың жоғары температураларына және т.б. әкеледі. Оқушыларға оларды көрнекі суреттеу үшін иондық және ковалентті кристалдар қатары таныстырылуы керек. Оқушылар осы қосылыстардың жоғары балқу нүктелерін көруі үшін иондық қосылыстарды қыздыра алады.     Негізінде оқушылар дайын құрылған үлгілерді бақылағаннан гөрі, үлгілерді өздері құрулары керек.   Микроскопты қолданған дұрыс (әсіресе егер ол проекторға қосылған болса)     s Затты қыздыру кезінде қорғаныс көзілдірігін кию керек. Таңдалған заттар қауіптілік деңгейі бойынша ерекшеленетіндіктен олармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік бойынша нұсқауды есепке алу керек.   Пайдалы ақпарат пен өзге сілтемелер: http://www.chemguide.co.uk/atoms/bonding/ionic.html     http://www.hemi.nsu.ru/ucheb138.htm  
  - атомдардың өзара электрон алмасуы нәтижесінде байланыстардың түзілу механизмін түсіну   - гомоядролы қос атомды молекулалардағы байланысты түсіну   - қос және үш байланыстың түзілу процесін түсіну   - атомдық кристалл торлардың түзілу процесін түсіну (макромолекула-лық кристалл)     - иондық, атомдық және молекулалық тор қасиеттерін түсіну   - ковалентті байланыспен байланысқан қосылыстардың түзілуін көрсету үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммаларын құра білу     (G) Оқушылар N2 және O2 молекулалар үлгілерін құрайды (мысалы)   (G) Оқушылар алмас үлгісін құрайды.     (I) (f) Оқушылар осы процестерді жалпылау үшін қолда бар деректер негізінде үлгілерді зерттеуге тырысады     (I, G) (f) Модельдеу үшін әр оқушыға қосылыс беріңіз, бірін-бірі бағалауын ұсыныңыз.       Егер үлгілеуге арналған жинақтар болмаса, коктейль таяқшалары мен желе конфеттерін пайдалануға болады   Экранда көрсетуге болатын үш өлшемді компьютерлік үлгілер пайда болады     Бұл кезеңде жоғары сыныптағы материалдарды жылдам қайталау жүреді   Пайдалы ақпарат пен диаграммалар басқа ақпаратқа сілтемемен: http://www.chemguide.co.uk/atoms/bonding/covalent.html   http://www.youtube.com/watch?v=lQ3oDKYYL7k     Алмастың 3D үлгісі: http://chemistry.umeche.maine.edu/~amar/spring2012/diamondlatt.mov   Графиттің 3D үлгісі: http://www.dynamicscience.com.au/tester/solutions/chemistry/bonding/bonding10b.htm  
  - металдық кристалл тор табиғатын түсіну   -электрондардың делокализациясы нәтижесінде түзілетін металдық байланыстың табиғатын түсіну     - металдық кристалл тор мен металдық байланыстың қарапайым үлгісін құра білу     - металдық байланыс пен металдарға тән қасиеттердің өзара қалай байланысты болатындығын түсіну   - байланыстың әр түріне тән қасиеттермен құрылымдарды салыстыру және сәйкестендіре білу (E) Оқушылар көпіршікті тілімшелерді металл торының үлгісі ретінде қолданады.     (T) Металдардағы электрондардың делокализациясы туралы қарапайым түсінік бере отырып, металдардың әдеттегі қасиеттеріне қалай әсер ететінін көрсетіңіз.   (G немесе I) (f) Оқушылар төрт түрлі кристалдар мен олардың қасиеттерінің салыстырмалы кестесі мен плакаттарын салады Металды легірлеуді имитациялау үшін (бұл осы кезеңді қиындатса да) көпіршікті плиткаларды мүмкіндігінше көп мөлшерде қолданыңыз. Бейнероликтерді алмастырып пайдалануға болады (толық болмаса да)   11.2A блогына дейін гибридтелу ұғымы толығымен ашылмағандықтан бұл тәсіл тыңғылықты қарастырылуы керек.     Пікірталас үшін пішінді есте сақтайтын құймалар қызықты тақырып бола алады.     Оқушыларға диаграмма бланкілерін беру арқылы процесті жақсартуға болады, оларды оқушылар кесіп, өз кестелеріне жапсыра алады. Бакминстерфуллерен құрылымын талқылауға болады. Кем дегенде оқушылар натрий хлориді, магний, графит, алмас, йод және мұз құрылымы туралы білулері керек. Металл құрылымның қарапайым кескіні: http://www.launc.tased.edu.au/online/sciences/PhysSci/pschem/metals/Metals.htm     Көпіршікті тілімшелер туралы бейне: http://www.youtube.com/watch?v=HDOqnQCelcg&feature=related     http://www.youtube.com/watch?v=c4udBSZfLHY     Бакминстерфуллерен құрылымы: http://www.gcsescience.com/a38-buckminsterfullerene.htm
  - электртерістілік / электроңдық түсінігімен танысу     -электртерістілікке әсер ететін факторларды түсіну   - байланыстың полярлығы, оның пайда болу себептері мен әсерін түсіну   (T) Ядролық сәулеленуден қорғану түсінігін енгізу, электртерістілік тақырыбын түсіндіру   (I немесе G) Оқушылар өздері шығарған немесе тәжірибелік жолмен алған деректер көмегімен элементтердің периодтық жүйесіндегі электртерістіліктің өзгеру заңдықтарын шығарады   (T) Оқушылар байланыс полярлығы туралы мәліметтер алулары керек, ал иондық және ковалентті байланыс үздіксіз шкаланың шекті жағдайлары ретінде берілуі қажет.     Электроңдылық түсінігін электртерістілік түсінігіне қарама- қарсы түсінік ретінде енгізуге болады, бұл металдар тақырыбын оқып үйренуде пайдасы тиеді.   Электртерістілікті есептеудің көп тәсілдері бар. Оқушылар бұл тәсілдермен танысуы керек, бірақ тиісті шкала мен олармен жұмыс істеу түрін мұғалімнің өзі таңдауы тиіс .   Әдетте иондық деп қарастырылатын кейбір байланыстардың іс жүзінде тек 80% иондық болатындығын оқушылар білуі керек.   Пайдалы ақпарат пен диаграммалар: http://www.chemguide.co.uk/atoms/bonding/electroneg.html     http://alhimikov.net/himsvyas/Page-1.html     http://www.youtube.com/watch?v=Bq0cr0cbsR4
    - үш түрлі күш түрлері: диполь-дипольдік күштерінің пайда болу себептері мен әсерін түсіну     - ван-дер-Ваальс (индукцияланған диполь-диполь) күштерінің пайда болу себебі мен салдарын түсіну     - сутектік байланыстың түзілу себебі мен әсерін түсіну     - күштердің қарастырылған үш түрі мен олардың салдарын өзара салыстыра білу   (G) Оқушылар диполь-дипольдік өзара әрекеттесулердің әсерін анықтау мақсатында деректерді қарастырады.     (D) оқушыларға дипольдердің пайда болу процесін көрсетіңіз   (E) Оқушылар бюреткадан ағып жатқан су ағынын магнит пен электр зарядтарының әсерін сынайды.   (I) (f) Оқушылар жиынтық салыстырмалы кестені құрайды.   Мысалдарда диполь күштері тұрақты болуын бақылаңыз   Бейнероликті көрсетуге болады.     Нәруыз бен ДНК құрылымындағы сутектік байланыстың мәні         Судың жиынтық байланысының түрлері: http://www.youtube.com/watch?v=BIDPviyrsvs   http://itchem.ru/kovalentnaya_svyaz1   Магнит алаңы, электр заряды, бюретка, металдан штатив.     http://www.krugosvet.ru/enc/nauka_i_tehnika/himiya/VODORODNAYA_SVYAZ.html   әмбебап қысқыш, кронштейн, негіз, ұстағыш, ұстағыш сақина, сымнан жасалған тор, пробиркалар, фарфор кювета, резеңке тығын, пипетка, сорғыш, термометр, қасық, көзілдірік, Бунзен қыздырғышы, жуғыш н-пропил спирті, н-бутанол, н-амил спирті, цетил спирті, ағаш жаңқа, дистильденген су, балауыздан жасалған қарындаш  
  - электрондық жұптарды байланыс түзетін және түзбейтін деп ажырату     - семиполярлы ковалентті (үйлестірілген) байланыстардың түзілу процестерін тану және түсіну     - молекула пішінін болжау үшін, валентті қабықшадағы электрондық жұптардың (VSEPR) тебісу теориясын қолдана білу     - молекула пішінінің моделін құра білу     (I) (f) Оқушылар семиполярлы ковалентті байланыспен байланысқан молекулалардың «нүктелер және айқыштар» диаграммаларын құрайды.     (E немесе D) Қарапайым молекулалар пішіндерін модельдеу үшін «шұжық» пішіндес ауа шарларын пайдаланыңыз     Оқушылар 6 электрон жұбына дейінгі формалар мен әр конфигурация үшін байланыс бұрыштарын білулері керек.   Тебісу иерархиясы: байланысқан жұп-байланысқан жұп, байланысқан жұп – бөлінбеген жұп, бөлінбеген жұп-бөлінбеген жұп және оның байланыстың «идеал» бұрыштарына әсері   Су мен аммиак молекулаларының пішіндерін қарастыру маңызды Молекула пішіндерін көрсететін пайдалы диаграммалар: http://wiki.chemeddl.org/mediawiki/index.php/Collections:Texts:Chemistry:7.2_The_Shapes_of_Molecules http://him.1september.ru/article.php?ID=200301404

 

Ескертпе: Зертханалық жұмыс зертханада жұмыс жасайтын мұғалімдер мен оқушыларға бірдей дәрежеде қауіпті. Назарбаев Зияткерлік мектептері осы қауіпті анықтап, қауіпсіздік талаптарын орындауға жауапты. Бұл құжат көрсетілген сақтық шаралары жалпы болып табылады. Не ХЕК, не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.

 

 

G = топпен жұмыс I = жеке жұмыс E = оқушы орындайтын тәжірибе

&nbмайды.

 

 

G = топпен жұмыс I = жеке жұмыс E = оқушы орындайтын тәжірибе

 

D = мұғалім демонстрациясы f = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін тапсырма

 

T = мұғалім түсіндіруі s = қауіпсіздік бойынша кеңес