Жоспар.

1.Мектепке дейінгі арнайы педагогиканың мақсаты және міндеті.

2.Баланың дамуындағы бұзылыстардың негізгі-категориялары.

3.Баланың психикалық дамуының тежелуі.

4.Дамуындағы ауытқуы бар балалардың жалпы және өзіндік ерекшеліктері.

Арнайы мектепке дейінгі педагогика-бұл ғылым психологиясында ауытқушылығы бар балалардың арнайы мектепке дейінгі білім беру процесін ұйымдастыру формаларын әдістерін қағидаларын, мәнін заңдылықтарын зерттейді.

Арнайы мектепке дейінгі педагогиканың объектісі-арнайы мектепке дейінгі ерекше білім алатын балалар болып табылады.

Арнайы мектепке дейінгі педагогика пәні-ерте, кіші және мектепке дейінгі жастағы дамуында ауытқушылығы бар балаларды - тәрбиелеп, оқыту мен дамытудағы теориялық практикалық сұрақтарды қарастырады.

Субъектісі- мектепке дейінгі жастағы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды тәрбиелеп,оқытудағы педагогикалық түзету көмегін зеттеуге бағытталған.

Арнайы мектепке дейінгі педагогикалық тапсырмалары мынадай:

  1. Ерте, кіші және мектепке дейінгі жастағы дамуында ауытқушылығы бар балаларды тәрбиелеумен оқыту, теориялық және методологиялық негізін зерттеу.
  2. Арнайы мектепке дейінгі білім берудегі ұлттық даму жүйесін стратегиясын анықтау.
  3. Мектепке дейінгі дамуындағы ауытқушылығы бар балалардың дифференциялды диагностика тәсілдерін зерттеу.
  4. Дамуында ауытқуы мен бұзылысы бар мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу педагогикалық технологиясын жасау.
  5. Әрбір арнайы мектепке дейінгі мекеме үшін теңбе-тең деңгейлі бағдарлама құру стратегиясын анықтау.
  6. Арнайы білім беруді ұйымдастыру вариативті формасын іздеу және жасау.
  7. психофизикалық дамуында кемшілігі бар сәби, ерте және мектепке дейінгі жастағы балалармен түзету педагогикалық жұмысқа мұғалім –дефектологтарды дайындау қажетті оқу-әдістемелік базасын құру.

Арнайы мектепке дейінгі тәрбиенің негізгі мақсаты проблемалы бала ақиқат және болуы мүмкін мүмкіндіктерін максималды дамыту және арнайы оқыту құралдарымен оны әлеуметтендіру үшін жағдай жасау.

Арнайы мектепке дейінгі білім беру сәби, ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуына бағытталған жалпы және арнайы талаптар мен психологиялық-педагогикалық жағдайларға сүйенеді. Жалпы талаптарға келесі жас кезеңіне өту үшін өз жасына тән тұлғалық психологиялық құрылымдар мен алғы шарттар қалыптастыру жатады. Түрлі бұзылыстарға ұшыраған балалардың психикалық дамуы ерекшелігі деп есептелетін адекватты жағдай жасау арнайы талаптарға қатысты олар бұзылысқа ұшырайды. Балалар ес - әрекеті, сөйлеуі, ойлауы мен психикалық үрдістерін түзету арқылы, гармониялы әлеуметтендіру арқылы жүзеге асады.

Коррекция– (латын correktio-түзету) бұл балалардың мінез-құлықтағы, психофизикалық дамуындағы кемшіліктер мен ауытқуларды азайту немесе жоюға бағытталған психикалық педагогикалық және емдік іс-шаралар жүйесі.

Компенсация– (латын compensatio-орнын толтыру)- бұл жойылған және бұзылған функцияларды қайта қалпына келтіретін күрделі көп деңгейлі үрдіс. Зиян келтірілген функционалды бұзылудың орнын толтыру үрдістерін дамыту нәтижесінде қандайда бір сатыға өтеді.

Әлеуметтену- бұл біріншіден құрамына әлеуметтік таным, әлеуметтік үйрену, әлеуметтік бейімделу және өзін қоршаған ақиқатты әлеуметтік қабылдау кіретін әлеуметтік тәжірибені индивид белсенді меңгеру үрдісімен нәтижесі. Екіншіден, бұл әлеуметтік бірлік әртүрлі типіндегі. әлеуметтік қатынастар жүйесіне адамның араласуы, мәдениет элементін әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды меңгеруі, соның негізінде тұлғаның мінез\-құлқы, сана сезімімен сапасы қалыптасады.

Мектепке дейінгі түзету педагогикасы ғылымының әдістері әдебиеттерді талдау мен зерттеу, бақылау, әңгімелесу, эксперимент (құрастыру, оқыту, қадағалау) алынған мәліметтерді талдау мен интерпритациялау, медициналық және психологиялық құжаттарды зерттеу, анкеталау баланың іс - әрекет өнімдерін талдау.

Дамуында бұзылысы бар балалар- бұл түрлі немесе кейбір талдағыштар (көру, есту, қозғалу,сөйлеу) іс-әрекеті бұзылуы салдарынан , сан қатар орталық жүйке жүйенің (ОЖЖ) ағзаның бұзылуы артта қалсалдарынан психофизикалық дамуы артта қалған балалар. Термин психологиялық-педагогикалық әдебиетінде арнайы оқытуды қажет ететін бала категориясын кең анықтау үшін қолданылады.

Психофизикалық дамуында ауытқушылығы бар балалар- бұл жоғары ауытқуы бар балалар, бірақ олар айқындық деңгейі психофизикалық дамуында бұзылысы бар балаларға қарағанда нақты деңгейдегі мүмкіндіктерін шектемейді. Психологиялық педагогикалық әдебиеттерде бұл ұғыммен функционалды сипаттағы психофизикалық дамуында айрықша бұзылысы бар бала түсіндіріледі. Денсаулық мүмкіндіктері есептелген балалар – бұл бинефицитарлы мәртебе алуға, яғни әлеуметтік жәрдемақы мен көмекті пайдалануға мүмкіндік беретін дамуында бұзылысы бар балалар. Дәстүрлі сөздік бойынша мұндай балаларды көбіне проблемді деп анықтайды. Сондықтан «проблемді бала» термині психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде кең қолданылады.

return false">ссылка скрыта

Ерекше оқытуды қажетсінетін балалар –бұл жалпы білім беретін мектепке дейінгі мекемелерде жасалған жағдайы арнайы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жасалған жағдайды қажет ететін, арнайы оқыту әдістері мен арнайы түзету қолдауды қажет ететін балалар. Бұл термин арнайы білім беру аумағында қолданылды.

Мектепке дейінгі түзету педагогикасы- мынадай категориядағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу сұрақтарын шешеді: ақыл ойы бұзылған (ақыл ойы артта қалған) балалар; танымдық дамуында ауытқушылығы бар балалар (психикалық дамуы тежелген балалар); естуі бұзылған балалар; көруі бұзылған; тірек қозғалыс аппараты бұзылған балалар; эмоционалды жүйесі; соның ішінде ерте балалық аутизммен ауыратын балалар; мінез-құлқы мен іс-әрекеті бұзылған балалар; ауыр көп бұзылысы бар балалар.

 

Баланың дамуындағы бұзылыстардың негізгі категориялары.

Бұзылу мен ауытқушылық даму категориясына жататындар: Ақыл-ой бұзылысы (ақыл ойы артта қалған балалар) “Ақыл ойдың артта қалуы” ұғымы кеңестік арнайы психологияда бас мидың ағзалық жаралануы салдарынан болғандықтан танымдық іс-әрекеттің бұзылысы ретінде түсініледі.

Өім себептерін және жарақат ауруларды халықтық статистикалық жіктеудің 9-шы қарауында мынадай топтар анықталды.

а) дебилдік деңгейдегі ақыл ойдың артта қалуы (жеңіл терең, емес ақыл ойы артта қалған балалар);

б) имбецильдік деңгейдегі ақыл-ойының артта қалуы (терең ақыл ойы артта қалған балалар);

в) жарыммес деңгейдегі ақыл ойының артта қалған балалар.

Қазіргі халықтық жіктеу бойынша психометрикалық зерттеу негізінде ақыл ойдың артта қалуы 4 формаға бөлінеді: Жеңіл (І Ю-40-69 шегінде), біркелкі (І Ю 20-34 шегінде) терең (І Ю20)дан төмен артта қалған ақыл ой.

 

Баланың психикалық дамуының тежелуі (ПДТ)

Психологиялық дамудың тежелуі көбіне дизонтогенездің механикалық формасына қатысты және түрлі психикалық функциялардың жетілуінің ақырын темпі мен айқындалады. Тұтас алғанда бұл жағдайға түрлі мерзімдік ауытқулардың пайда болуының гетерохрондығы олардың айқындық деңгейіндегідей салдарын болжағанмәнді айырмашылықтар тән болсадағы бұл ауытқу биологиялық әлеуметтік факторлар. Сонымен қатар түрлі әсерлердің сандарынан болуы мүмкін.

 

Дамуындағы ауытқуы бар балалардың жалпы және өзіндік ерекшеліктері.

Дамуында ауытқуы бар балаларда жалпы кемшіліктер сияқты өзгеше қиындықтары да болады. Ол бірінші және екінші ауытқудың ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Бірінші ауытқу тікелеу биологиялық аурудың сипаттамасынан бастау алады, ал екінші ауытқу бірінші аурудың жалғасы ретінде пайда болады, және біріншіден олар ертеректе түзету мақсатында көрсетілген көмекке жүгінеді. Л.С. Выготский тұжырымы бойынша екінші ауытқу психологиялық және педагогикалық түзету мен зертеудің негізгі объектісі болып табылады. Баланың дамуындағы кемістігінің түрлері бірінші және екінші ауытқудың ұқсастығына байланысты екенін ескерген жөн. Бұл дәлелдер Выготскийдің пікірін растайды, яғни бірінші бұзылу ауытқудың құрылымын ғана анықтамайды. Сонымен қатар жетіспеушілікті күшейтетін немесе одан арылтатын тәрбие шартын да анықтайды. Мысалы, мүмкіндігі шектеулілерде ақыл-ой бұзылуы бірінші болып табылады. Кейбір балаларда мінез-құлық дұрыс қалыптасқан және үлкендермен балалардың қарым-қатынастың қолайлығы көрінуі мүмкін, ал кейбіреулерінде мүлдем қарым-қатынасқа алмаушылық байқалады. Мысалы: эмоционалды бұзылуы бар балаларда жалпы мәселеге баланың әлеуметтік бейімделе алмауы, төмен деңгейдегі психикалық процесі қажеттілік түрткісінің қалыптаспауы моторлы дамуының жетіспеуі әрекетінің мінез-құлқының озбырлығы. Жоғарыда айтылып кеткен кешіліктер әр түрлі ауытқуы бар мектепке дейінгі балаларда әр түрлі деңгейде әр-түрлі ауытқу деңгейінде байқалуы мүмкін. Өзгеше қиындықтар бұл баланың дамуындағы әлеуметтік-педагогикалық ауытқуы. Мектепке дейінгі түзету педагогикасы әр деңгейдегі баланың білімімен тәрбиесі мен айналысады. Сонымен бірге бала үшін отбасы ең маңызды институт болып табылады. Ата-ананың әлеуметтік педагогикалық бейімділігі бала тәрбиесіндегі ата-ана қарым-қатынасы проблемасы бар баламен қарым-қатынас жасауды үйретуде мектепке дейінгі тәрбие педагогика кіреді.

 

 

Дәріс №3 (2 сағат)

Мектепке дейінгі ақыл ойы артта қалған балаға психологиялық, педагогикалық сипаттама

Нәрестелік шақ (2 айдан 1 жасқа дейін).

Өмірінің алғашқы күнінен бастап ақыл ойы артта қалған баланаң дамуы қалыптағы баланың дамуынан айырмашылығы бар. Олигофрен – балалардың көбінің тік жүріп дамуы кешеуілденеді. Олар бастарын қозғалтуы, отыруы, жүруі, тұруы кеш басталады.

Ақыл ойы кем баланың қоршаған ортаға қызығушылығының төмендігі байқалады. Жалпы потологиялық селқостық (қатты дауыстаушылық, мазасыздық, тітіркендіргіштік т.б.) байқалады. Оларда «жандану комплексі» үлкендермен эмоционалды қарым-қатынас қажеттілігінің болмауы байқалады. Қалыптағы дамыған бала дауысқа жауап беру ретінде үлкендердің күлімдеуіне қол-аяғын қимылдатып, күледі, ақырындап уілдейді, бұл баланың үлкендермен қарым-қатынас қажеттілігінің пайда болуын айтады.

Ары қарай ақыл ойы кем балаларда ойыншықтарға еш қызығушылықтары туындамайды, төсектің басындағы ілінген ойыншыққа, не үлкен адамның қолындағы ойыншыққа қызықпайды. Өздігінен үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ойыншықтар арқылы бірлесіп әрекет жасау мақсаты туындамайды. Қарым-қатынастың жаңа формасы ым-ишара да қалыптаспайды. Өмірінің бірінші жылдарында балалар өз үлкен адамдарын бөтен адамдардан ажырата алмайды, дегенменде қалыпты дамыған балаларда бұл өмірінің бірінші жылында байқалады.

Ақыл ойы кем баланың белсенді жармасуы дамымаған, көріп-қозғалту координациясы мен заттардың қасиетін көріп қабылдауы (мәселен, үлкен-кішілігіне қарай қалыпты дамыған балалар әртүрлі пішіндегі заттарды ұстайды) сонымен қатар басқа қатардағы заттарды бөліп көрсету қалыптаспаған. Өз уақытында сөйлеу тілінің дамуы яғни, фонематикалық есту қабілеті мен артикуляциялық аппараттың дамуы, сөйлеуіне дейінгі қарым-қатынас құралы, затты көріп қабылдауы мен заттық іс-әрекеті, сонымен қатар үлкендермен қарым-қатынасқа түсуі дамымайды. Ақыл ойы кем баланың артикуляциялық аппаратының дамымауы мен фонематикалық есту қабілетінің байланысы қалыпты балалардан айырмашылығы жармасуы мен уілдеуі болмайды.

Ерте жаста ақыл ойы кем баланың сөйлеу тілінің дамымауы мен психикалық екінші кемістік толық түрде көрінеді. Ақыл ойы кем баланың өмірінің алғашқы жылындағы даму қатары мынадай:

1. Сензитифтік кезеңдегі көптеген психикалық процестердің

қалыптасуы жоғалтылған.

2. Үлкендермен әрекет етулері ережеге сәйкес орындалмайды және

дамуының жақын аймағы кеңеймейді.

3. Екінші кемістік анық көрінеді.

Ерте жастық шақ (1жастан 3жасқа дейін)

Ерте жастық шақтағы маңызды жетістіктері қалыпты дамудағы жүру

икемділігі, заттық іс-әрекеттің дамуы мен сөйлеу тілінің дамуы болып табылады.

 

Жүріс-тұрысты меңгеру мен заттық іс-әркеттің дамуы

Кейбір ақыл ойы кем баланың тік жүруін дамыту дәл осы уақытта жүріп өтеді. Бірақ көбіне жүруі ерте жасқа дейін ұзаққа созылады. Оларда тұрақсыздық, епсіздік жүріс-тұрыстары жылдам және импульсивті қозғалыстар ретінде байқалады. Баланың жалпы психикалық дамуына жүріс-тұрысы үлкен әсер етеді. Жүріс-тұрысының меңгерілуімен дамуында жаңа этап басталады – ол қоршаған ортадағы заттық әлем этабын меңгеру болып табылады. Ересектерге тәуелсіз бола отырып, бала алдағы кеңістікті меңгереді, ертеректе қолы жетпеген заттардың көлемін өз бетінше меңгере отырып, қарым-қатынасқа түседі. Ол практикада бағыттау мен кеңістіктен алшақтауын, көп заттың қасиетін таниды. Нәтижесінде заттық іс-әрекеттің даму науқаны басталады. Заттық іс-әрекет деп – оған сәйкес келетін функцианалды бағыттағы қолданылатын затты ғана айтады. Мысалы: бала егерде қолына касықты алып столға ұрса, бұл заттық іс-әрекет болып табылмайды. Ол тек заттың манипуляциясын ғана көрсетеді. Заттық іс-әрекет болып тек қасықпен тамақ ішу ғана саналады. Бұнда баланың заттық әлеммен танысу болмайды. Баланың басым бөлігі жүріс-тұрыс әрекетін меңгеруде қыңыр-қисық мінездері байқалады. Яғни затты қоршаған орта қызығушылығымен қабылдамауы мүмкін. Бұл балалар көздеріне түскен заттың бәрін ұстап, бірақ сол уақытта-ақ заттарды лақтырады, олардың құрылысына ешқандай қызығушылық танытпастан лақтырады, соның ішінде үлкендердің ұстатқан ойыншықтарын да лақтырып жібереді.

Заттық іс-әрекеттің дамуы.

Қалыптағы дамыған балалардың заттық іс-әрекетін меңгеруі өмірінің екінші жылында-ақ туындайды, ал үшінші жылында заттық іс-әрекет басқарушы болып табылады. Барлық басқарушы қабілеттер сияқты, бұл да баланың психикалық дамуымен толық сәйкестенеді. Мәселен, моторикасы, көріп-қабылдауы, ойлауы, сонымен қатар сөйлеуінің дамуы. Баланың дамуына барлық заттық іс-әрекеттер бірдей әсер ете бермейді. Дамуда көріп-қабылдау мен ойлауы көбірек әсер етіп, одан кейін баланың сөйлеу тіліне басқару іс-әрекеті мен қатынасты іс-әрекеті көрініс береді.

Қатынасты іс-әрекет – мұндай іс-әрекет, баланың, бір заттың бөлігін басқа заттың бөлігімен сәйкестігін көрсетеді. Мұнда әрқашанда заттың қасиеті мен белгісіне сүйенеді. Мысалы, қорапты жабу үшін, оған көлемі мен пішінін сәйкестендіре отырып, қақпақ таңдау керек. Бұндай әрекеттерді орындағанда баланың көріп-қабылдауы мен ойлауы дамиды.

Басқару іс-әрекеті – бұл заттарды басқару әрекетімен яғни, басқа заттарды орындауда қолданылатын әрекет болып табылады. Басқару әрекеті ол сондай бір әрекеттерді орындауға көмектеседі, бұл заттарсыз еш әрекеттер орындалмайды (қасық, шанышқы, қарындаш, балға, пышақ, балта, қайшы, ине және т.б.). Егер бала заттың құрылымындарын бір-бірімен сәйкестендіретін болса, ол баланың жеке қабілеттеріне байланысты болады, балалар ересектердің басқару әрекетіне сүйену керек. Басқару іс-әрекетін меңгеру ол заттардың құрылымына байланысты емес, тек заттарға деген қарым-қатынасқа байланысты, бұл баланың әлеуметтік ортада жедел дамуына көмектеседі. Ақыл ойы кем баланың затқа деген іс-әрекеті балалық шақта қалыптаспайды. Кейбіреулерінде затқа деген қызығушылықтары мүлдем болмайды, тіпті ойыншықтарға да қызықпайды. Олар тіпті ойыншықты қолдарына алмайды, ойнаудың ретін де білмейді. Кейбір кезде, баланың үшінші жылында затқа деген қызығушылығы пайда болады. Кейде арнайы заттарды қолданады, бірақ бала заттың қасиеті мен белгілерін ескермейді. Одан басқа орынсыз іс-әрекетті жасауда шатасады. Орынсыз іс-әрекет деп - ойлау кезінде заттарды қолданудағы қайшылықтар, заттық әлемде заттың ролімен шиеленіске түсуін айтады. Ақыл ойы кем баланың мінездемесі – ол орынсыз іс-әрекеттер болып табылады. Ақыл ойы кем балалардың іс-әрекеті заттарды қолдануда қалыпты балалардың іс-әрекетіне сәйкес келеді, бірақта орынсыз іс-әрекеттер қалыптағы балалардың сипаттамасына жатпайды. Мысалы, Витяға 2 жас, 10 ай, ол кубиктерді бір-біріне қаратып құрастырады, бұл оның гараж салып жатқанын айтады. Ол гаражды кубиктер құлағанша жасайды. Кубиктердің құлағандарына қуанышпен қарап, Витя құлағандардың біреуін алып, аузына сала бастайды. Бірақ кубик үлкен болғандықтан аузына симайды. Бұны біз орынсыз іс-әрекет деп айта аламыз.

Сөйлеуі мен қарым-қатынастың дамуы.

Қалыпты дамыған балаларда осы кезеңде сөйлеу тілі ерекше дамиды. 1 жастағы балада сөздік қоры мүлдем болмайды. Кейіннен сөздігінде 1-16 дейін жармасу сөздері, ал 3 жасында сөздік қоры 400 сөзге жуық болады. Бір уақытта екі процесс жүреді: ересектерден түсінген енжар сөйлеу тілі дамиды және жеке белсенді сөйлеу тілі қалыптасады. Балалар үлкендермен заттық қарым-қатынас жағдайындағы сөздермен белгіленген заттардың арасындағы байланыс, белгілі бір іс-әрекетте пайда болады. Үлкендардің белсенді түрдегі сөйлеуі баланың заттық әрекетін меңгертеді: баланың затқа деген назарын аудартады, орындалатын тапсырма тәсілін басқарады. Ерте жаста ақыл ойы кем баланың сөйлеу тілі дамуының қалыптаспауы көрінеді: зат пен іс-әрекет жасауы, үлкендермен эмоцианалды қарым-қатынасы, фонематикалық есту мен артикуляциялық аппараттың дамуы байқалады. Балалар көптеген затқа мүлдем назар аудармайды, олардың атауларын есіне сақтамайды. Олар іс-әрекет атауын әрең меңгереді. Бірақ қарама-қарсы процесс жүреді. Әлеуметтік орта қажеттілігі қарым-қатынас кезінде пайда болады. Үлкендер баладан жасына сай сәйкестікті, яғни күн тәртібінде, өз-өзіне қызмет көрсетуіне, көбіне сөйлеуін қажет етеді.

Ақыл ойы кем баланың көпшілігінің алғашқы белсенді сөйлеу тілі 2 жастан кейін пайда болады. Ал ереже бойынша фраза 3 жасқа дейін пайда болмайды. Қалыптағы балалардың даму уақытында ақыл ойы кем оқушыларда кешеуілдену байқалады.

Қорытындылай келе, ерте жастағы ақыл ойы кем бала қарым-қатынасқа түсе алмайды. Сонымен қатар ойлау қабілеті қалыптаспайды. Сырттан келген ақпаратты да қабылдай алмайды. Сонымен қатар ақыл ойы кем балалардың тік жүріп дамуы бірдей болмайды, жарты балаларда ол қалыпты уақытқа таман дамиды.Ал қалған балаларда шынайы дамымай қалып қою байқалады. Ақыл ойы кем оқушыларда заттық іс әрекет ерте жастық шақта енді ғана дамиды. Сөйлеу тілі мен қарым қатынасы кешеуілденеді. Көптеген балаларда белсенді түрдегі сөйлеу әрекеті туындамайды. Енжар сөйлеу тілі бұдан жақсы дамиды. Бұл баланың танымдық үрдістері мен қызығушылықтарының дамымағанын көрсетеді. Барлық даму мүмкіндіктері қалыптағы дамыған баланың мүмкіндігіне мүлдем сәйкес келмейді.

 

Дәріс № 4 – (2 сағат)

Мектепке дейінгі есту қабілеті бұзылған балаларға педагогикалық - психологиялық сипаттама.

1. Есту қабілеті бұзылысының себептері.

2.Мектепке дейінгі есту қабілеті бұзылған балаларға педагогикаылқ сипаттама.

3.Мектепке дейінгі есту қабілеті бұзылған балаларға психологиялық сипаттама.

 

Есту қабілетінің бұзылысының түрлі деңгейлері ересек адамдармен қатар балаларда да көптеп кездеседі. Бұл бұзылыстармен қатар ортаңғы құлақтың ісігі, яғни отит; суық тию, сыртқы құлақтың құрылысымен қатар ортаңғы құлақтың қабынуы, оның ішінде құлақ қалқанының жетілмеуі; есту түтікшесінің жұқпалы ауруларға шалдығуы; дабыл жарғағымен есту сүйекшелерінің зақымдануы сияқты сипаттамалармен сипатталады.Бұл есту қабілетінің тумысынан бұзылысын кондуктивті деп атайды.

Қазіргі заман медицинасы түрлі операциялық жасау,емдеу әдістерінің көмегімен есту қабілетін тұрақтандыру жолдарын қарастыруда.Мұның кейбір қорытындысы ұзақ ем қабылдау арқылы есту қабілетін белгілі деңгейде жақсртып отыр.

Есту қабілетінің басқада бұзылысы ішкі құлақ байланысының аурулары сенсоневролды мүкістік пен кіреді. Бұл мүкістік пен кереңдікке түрлі себептермен факторлар әсерін тигізеді.

- Анасының жүктілік кезіндегі инфекциялық жұқпалы аурулармен ауруы (қызылша, тұмау, цитомигаловирус, герпес, токсоплазмоз);

- Екіқабат кезіндегі токсикоз;

- Туылған кездегі асфексия;

- Туылу кезіндегі травма;

- Гипербилирубинимия (20 ммоль л жоғары );

- Резустық конфликт;

- Туу кезіндегі баланың салмағының 1500г төмен болуы;

- Шала туылу;

- Түрлі препараттарды жүктілік таксикоз кезінде қолдану;

- Анасының (отбасында) бір адамның есту анализаторының бұзылысының болуы;

- Балаларда кездесетін инфекция(паратит, бөрітпе);

- Эпидемиялық менингит;

- Тұмау;

- Қауіпті сақталған отит;

- Мидың травма алуы т. б;

Тіпті анықталмаған естудің төмендігі, ерте бала кезде көрінуі түсініксіз сөздерден көрінеді. Қиын мүкістік пен есту қабілеті нашар балаларда сөйлеу тілі дамымайды. Себебі, мұнда бала өзінің дауысын естімейді, айналадағы дыбыстыда естімейді, демек оған еліктей алмайды. Сөйлеу тілінің дамымауы қоршаған ортамен қарым қатнас қиындап, таным үрдісінің дамуына кері әсерін тигізеді.

Балалардың есту қабілеті бұзылыстарының категориялары тұрақты(есту қабілеті қалыпқа келмейді) екі жақтылы есту қызметінің бұзылысы(құлақ ауруы); Қоршаған ортамен қатынасқа түсудің қиындығы (мүкістік) немесе мүлдем болмауы (кереңдік) арқылы сипатталады. Бұл категориядағы балалар естудің түрлілігіне байланысты өзіндік топтарға ұсынылады. Нашар еститін және естімейтін деп ажыратылады.

Мүкістік – тұрақты есту қабілетінің төмендігі, сөйлеуді түйсінудің қиындығы. Мүкістік бұзылу деңгейіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.Сыбырлаған дыбысты қаттырақ айтып жеткізумен сипатталады.Мүкістігі бар балаларды нашар еститіндер деп атайды.

Кереңдік –бұл деңгейдегі балалар айтылған дыбысты мүлдем естімейді.Керең балалар - бұл балаларда екіжақты есту қабілетінің бұзылысы кездеседі;Мұндай бұзылысқа ерте балалық шақта немесе тумысынан ұшырайды. Бұл топ ішіндегі балаларда есту қабілетінің төмендігі әртүрлі болады,әсіресе нашар еститін балаларда кездеседі. Мысалы нашар еститін бала 4-5метрден қатты дауыстағанда ғана естиді, ал сыбырлағанды естуде қиналады.ол құлақ қалқанан сол жаққа тосу арқылы естуі мүмкін.Ал, кейбір нашар еститін балалар таныс сөздерді жақсы қабылдап,әңгімелескенде даусын қатты шығаруы мүмкін.

Есту қабілетінің төмендігі түрлі топтастырылады. Аудиолог

педагогикалық топтастыруды Л.В.Нейман оқыту мекемелерімен медициналық мекемелерде халықаралық топтастыруды ұсынды.

Л.В.Нейманның топтастыруы бойынша нашар еститін балалардың орташа есту қабілетін жоғалтуы 500-4000 герц аймағына тәуелді болады. Сонымен қатар мүкістік келесі деңгейлерге бөлінеді.

Кереңдіктің деңгейі Орташа есту қабілеті дБ(500-4000герц) Сөйлеу тілін түйсіну жағдайы
I деңгей 50 дБ жоғары емес Сөйлеу тілінің дауыс деңгейі 1 метрден кем емес,құлақ қалқанының түбіне тайту арқылы естиді.
II деңгей 50-70 дБ дейін Сөйлеу тілінің дыбыс деңгейі 0,5 – 1 метрден айтылады,сыбырлап айтылмайды.
III деңгей 70 дБ жоғары Сөйлеу тіліндегі дауыс құлақ қалқанынан 0,5 метрге дейін.Сыбырлап айтылмайды.

Халықаралық топтастыру бойынша мүкістік пен кереңдікті 4 деңгейге бөліп, орташа есту қабілетінің жоғалу диапозоны сөйлеу тілінің тазалық деңгейіне тәуелді болады. (500, 1000, 2000 герц).

Мүкістіктің деңгейі Естуді жоғалту (500-2000Гц) дБ өлшенеді
I II III IV Кереңдік 26-40 дБ 41-55 дБ 56-70 дБ 71-90 дБ 90 дБ жоғары

Есту қабілетінің төмендеууақыты бойынша балаларды екі топқа бөледі.

Ерте естімей қалған балалар;тумысынан естімей қалған немесе 1-2 жаста есту қабілетінен айырылған балалар жатады.

Кейіннен естімей қалған балалар;бұл бұзылыста балалар 3-4 жаста есту қабілетін жоғалтқан кереңдікке дейін белгілі бір деңгейде сөздік қоры сақталған, аты айтып тұрғандай кейіннен естімей қалған балалар жалпы қабылдау сияқты түйсіктері болғанымен бұлардың мінез құлқында жағымсыз өзгерістер пайда болады.

Есту қабілетінде бұзылысы бар балаларда қосымша екіншілік кемістің категориялары байқалады.Сондвқтан да балаларды психолгиялық зерттеуде келесі көрсеткіштерден тұратын анамнестикалық мәліметтерді жинақтау керек.

-Бала отбасының сипаттамасы;Отбасы құрамы,жанұядағы балалар саны,отбасында немесе туыстарының арасында есту кемістігі бар адамдар барма т.с.с

- анасының жүктілік кезіндегі мәліметтері;Белгілі балаға жүктілігі есеп бойынша нешіншісі, және жү.ктілік бойынша анасыныңнешінші тууы.Анасында созылмалы аурулармен ауруы,жүктілік кезіндегі осы аурулардың көрінуі,емделу түрлері,анамен баланың қан топтарының сәйкес келуі.Су қашан кетті,анасы қай жерде болды, туу кезінде қандай қосымша құралдар қолданылды(Кесоровасечение,щипцы,медико ментозды құрал.), туу кезінде бала дұрыс шықтыма, гипосия болдыма, жыладыма, салмағы, перзентханандан қашан шықты,қандай диогназбен.

- Туу кезінен бастап психологиялық зерттеу жүргізіп жатқан уақытқа дейін баланың барлық аурулары туралы мәліметтер; балада есту кемістігі туралы диогназды қашан қойды;бірінші аудиограммасының көрсеткіші одан кейінгі уақытта есту қабілетінің төмендеуі байқалдыма.

- Баламен жұмыс істейтін психо невролог, анасының ,тәрбиешілердің және педагогтардың бақылауы бойынша баланың психофизиологиялық дамуы туралы мәліметтер.Бала қашан аунадв, басын қашан ұстады,тұруы, отыруы еңбектеуі, төсектен ұстап жағалап жүруі, жүруге үйрену кезіндегі қандай қиыншылықтар болды.Алғашқы уілдеуі,былдырлауы, қандай.Баланың дыбысқа жауап бермейтіні немесе қатты дыбысқа қарайтыны қашан байқалды. Балаға қатысты айтылған сөйлеу тіліне жағымды жауап болдыма.Ересектердің сөзін түсінуі байқалдыма,қандай жағдайларда.Балада тұрақты мағыналы өз сөздері қашан пайда болды және айналасындағылармен қарым қатынасқа түсуде қалай қолданды.

Бала өзіне өзі қызметті қашан көрсете алды, горшокқа сұрануды, жуынуды,тамақтануды, киінуді.Бала ерте балалық шақтан бастап одан кейінгі жаста және қазіргі кездегі қандай ең сүйікті ойыншықтары болды.

Осы мәліметтердің барлығын сурдопсихолог тиянақты қарастырып, есту қабілеті бойынша қандай топқа,есту кемістігінің құбылысын зерттеп, қай топқа жататындығын белгілейді.

 

 

Дәріс № 5- ( 2 сағат)

Мектеп жасына дейінгі көру қаблеті бұзылған балалардың психологиялық - педогогикалық мінездемесі.

Арнайы мектепке дейінгі мекемеде дәл өзіндей аурумен ауратын балалардың ортасында, бала әртүрлі жаттығуларды орындаудан ерекше ештеңені байқамайды, дегенмен баланы емдеуге деген қызығушылығын ояту,қажеттілігіне сендіру, сол емдердің әсері болатынын мұғалімдер айтса, олар баланың толықтай көріп кетуіне біден бір себепші болады.

Түзетушілік жұмыс және кешенді емдеу процесі медициналық және педагогикалық түзетудің ең жоғарғы бірігуінен пайда болады. Бағытталған білім беру және тәрбиелеу пропедевтикалық курстың негізінде құрылады. Ғылымды қалыптастыру және көздің онша көрмеуі, ойлау, сөйлеу анализатордың орнын толтырумен іске асады.

Барлық ортақ тәрбиелеу сабақтарына (форманың бөлінуі, түсі, үлкендігі, пішіні, заттардың орналасуы ) көз көрудің дамуы және көрудің қабылдау жаттығулары кіреді. Осындай жаттығулар процесінде бала заттарды тани біледі және сезе біледі. “Дәл осындай затты тап!” дидактикалық ойнын жүргізу және “заттардың, суреттердің ерекшелігін тап!”(форма, түс пішін арқылы) “ұсақ заттарды тап! ”(түсі, пішіні бойынша) “өзіңе не жақын, не алыс, бөлшектерден бүтінді құра!” жаттығулары жатады. Кіші жастағы балаларды плеоптикалық емдеу барысында матрешкамен, пирамидалармен,алынбалы салынбалы ойыншықтармен, мысылыға, “сарайды құра!”, “ пирамиданровкасы тура және нақты болады. ы құра!”, “себетті құра!”, “матрешканы құра!” атты ойындар баланың өміріне үлкен әсерін тигізе отырып, емделуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар, көз жаттығады, көру қабілеті жақсарады.

Дидактикалық ойындар және көздің көру қабілетінің дамуы баланың көру жағдайына үлкен әсерін тигізетінін ескеру қажет. Амблиопияның жоғарғы деңгейінде балаға үлкен және анық суреттер беріледі, ал төменгі көру қабілеті деңгейіне кіші көлемдегі суреттер беріледі. Ең кішкентай заттардың көлемі 2см ден кем болмауы керек. Балалардың көру қабілеті нашарлаған сайын, кішкентай заттармен оларға ойнау қиынға түседі.

Әр баланың ауру деңгейі педогогқа белгілі болу қажт. Олар офтальмолог дәрігердің нұсқауымен балаларға жеке жаттығулар жүргізеді.

Балалардың көру қабілетін біле тұра мұғалімдер көру қабілетінің толықтай дамуына әсер ете алады., тәрбиелеу процесінде қолайлы жағдай жасау, балалардың білім алуын емдеу жұмысын барынша іске асырады.

Көру қабілетінің даму жұмысының құрамына дидактикалық материалдар түрлі қабылдау ойындары кіреді. Оны көбіне мұғалімдер жаттығу кезінде қолданады. Бұл жаттығулар балаларға түсінікті, көзге бірден түсетіндей, түсі анық болуы қажет.

Көздің паталогиясы бар балалардың жаңаны білу қызметі, қазіргі кезде барлық жағынан толық зерттелуде. Бірақ бұл мәселені шешуге зерттеулер толық ақпараттар бермесе де, жаңаны білу процесінің дамуы мен құрылуының барысы туралы ақпарат жеткілікті. Көзі көрмейтін балалардың түсіну процесінің дамуы мен құрылуы педагогикалық әсерінің негізіне байланысты және оқу мазмұны мен ұйымдастыруды ұғымды түсінуге бағытталуы тиіс.Балаларды арнайы тәрбиелеу және оқыту жағдайында алдын - ала жаңаны білу қызметінің қателерін түзету, балаға болашақта оқуда білім алуға көмегі тиеді. Қоршаған ортаны танудағы қиыншылықты азайтады. Оқу мен даму жаңаны білу процесі барысында, көзі көретін мен салыстырғанда баяу жүреді. Мектеп жасында сенсорлы перцептивті қызметтің барлық түрлерінің дамуы байқалады. Бірақ ол бірден жүрмейді. Баланың үш төрт жасында дыбыстардың диференцировкасы тура және нақты болады. Көру анализаторының негізгі қызметі 1-2ші сигнал жүйесінің өзара байланысы соның арқасында адамның тануы нақты болады

Затты көру - адамға көру анализаторының сенсорлық функциясының және мидағы күрделі аналетика - синтетикалық қамтамасыз етеді.

Затты түсіну - екі қарым - қатынастық нервтік процес арқылы жүзеге асады. Одан соң, қатар өзара тығыз байланысты болады.

Сезу - бұл процесті тану әрекеттерді қосатын күрделі полисенсорлы процесс. Ол затты табу, бөлу және информативті қасиеттерді шығару, перцептивті бейнелеудің құрылуы олардың категориялары объекттің информативті қасиетін табу мен шығару кезеңінен тұрады. А.Бейненің ойынша, сюжеттік суретті түсіну баланың жасына байланысты үш кезеңі бар:

1 Атап айту кезеңі

2 Бейнелеу кезеңі

3 Сезіну, суретті түсіну кезеңі

 

Бірақ кейбір психологтардың ойынша әңгімелесу бала жасына байланысты ең негізінде суреттің мазмұны, оны тура, нақты жасағандығында. Көру арқылы сезіну мектеп жасындағы көзі көретін балаларды А.А.Любменская келесіні көрсетеді.

- Баланың сезінуі арқылы оқыту болмаса дұрыс емес, бұл оның білімдерінің ьолық еместігінен болып отырады.

- Оқытылмаған баланың сезінуі нақты бағдарланған мінезі болмайды. Ол көп қызықтарын ашық түстерге ұқсатуға көп көңіл аударады.

Қалай дегенмен, балалардың сезіну ерекшелігі баланың болашақ дамуына көп әсер бермейді. Оқыту барысында балалардың өз істерін сезінуде көп жетістіктерге жетеді. Нашар көретін балалардың көріп сезінуінің барлық қасиеті бар: заттылығы, таңдаулығы, түсінуі, опперцепциялы мен константылығы .

Мектепке дейінгі нашар көретін балалар заттардың ішінде кішкентай бөлікті есепке алмайды немесе көрмейді. Суреттерді толық және нақты көрмегендіктен затты бейнелеуде қиындықтар туады. Жазуында географиялық картаны қарауда қиындық туады. Жаңа сезіну қасиеттері – ес,сөйлеу, ойлау процестерімен араласа құралады.

Нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған арнайы мекемелер, олардың негізгі қызметі.

Көруінде бұзылысы бар балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер нашар көретін балалар, сондай -ақ кей 3 жастан 7 жасқа дейінгі қыли көз балаларды қоғамдық тәрбиелеудегі мемлекеттік мекеме болып табылады. Бұл мекемелердің қызметі балаларға көру қызметінің бұзылуын түзетуге, тәрбиелеуге, емдеуге, қайта қалпына келтіруге, оларды мектепке оқуға дайындауға бағытталған. Педогогикалық жұмыс баланың үйлесімді дамуына, сонымен бірге баланың психикалық және физикалық дамуынада бағытталған. Педагогикалық жұмыс, көпшілік бала - бақшада оқыту мен тәрбиелеуге арналған бағдарламадан бастау алады. Мектепке дейінгі мекемелермен көруінде бұзылысы бар балаларға арналған топтпр туралы типтік ережелерге сәйкес келсідей мектепке дейінгі мекемелер ұйымдастырылады: нашар көретіндерге және амбопия және қыли көздерге арналған балалар үйі; нашар көретін балаларға арналған балалар бақшасы; нашар көретіндерге сондай ақ балалар бақшасы кезіндегі амблиопияны қыли балаларға арналған мектепке дейінгі топтар зағиптармен нашар көретіндерге арналған мектеп интернатындағы мектепке дейінгі топтар. Яғни мүлдем көрмейтін немесе соқыр немесе көру қабілетінің жағдайы тым азайған, яғни тікелей көз жанары арқылы атқарылатын жұмыстарды істей алмайтын балалар тәрбиеленеді. Балалар бақшасында нашар көретін балалар үшін көру өткірлігі 0,005- 0,006 болатын балалар қабылданады. Балалар көз гигиенасының басты дағдыларын үйренеді. Сондай -ақ, егер қажет болса көзілдірік қолданудыда үйренеді. Балаларда көріп қабылдаудың барлық элементтері дамиды, алыстан және қашықтан көру қабілеттілігі, қозғалатын заттарды бақылау, заттардың түстерін, формаларын ажырату, суреттерді қарау, кеңістікте бағдарлану т.б. көру қызыметін дамыту сонымен бірге сипап сезу қызыметін дамытумен де толығады.

Амблиопия және қылилығы бар балалардың мектепке дейінгі мекемелерде болу ұзақтығы баланың жеке дара ерекшелігіне де байланысты және дәрігер автальмологпен анықталады және бір жылдан да көбірек болуы мүмкін.

 

Дәріс № 6 – (2 сағат)

6 - дәріс. Тақырыбы: мектепке дейінгі тірек-қимыл қозғалысы бұзылған балаларға психологиялық-педагогикалық мінездеме

Дәрістің мақсаты: студенттерге мектепке дейінгі жастағы балалардың тірек-қимыл қозғалысының бұзылуы жайлы психолгиялық-педагогикалық мағлұмат беру.

Дәрістің жоспары:

1. Тірек-қимыл қозғалыс аппаратының бұзылыс түрлері.

2. Баланың тірек-қимыл бұзылысының жалпы сипаттамасы.

3. Баланың тірек-қимыл бұзылысы кезіндегі психиканың, сөздік бұзылыстардың көрінісі мен түзету жұмыстары.

Тірек-қимыл аппаратының туа пайда болған және жүре пайда болған аурулары балалардың 5-7%-да байқалады. Тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылыстары туа және жүре пайда болу сипаттарына ие. Тірек-қимыл аппараты патологиясының келесідей түрлерін көрсетуге болады.

1. Жүйке жүйесінің аурулары: бала церебралды параличі, полиомелит.

2. Тірек-қимыл аппаратының туа пайда болған патологиясы: санның туа біткен

шығуы; қисық мойындық; маймақтық пен өкшенің басқа да бұзылыстары; омыртқа дамуының аномалиясы (сколиоз); аяқ-қолдардың дамымауы және бұзылыстары; саусақ буындарының дамуы аномалиясы; артрогрипоз (іштен кем туғандық).

3. Тірек-қимыл аппаратының жүре пайда болған және зақымданған аурулары: жұлынның және бас миы мен аяқ қолдардың трамвалық зақымдануы; полиартрит; қаңқа аурулары (туберкулез, сүйек ісіктері, остеомиелит); қаңқаның жүйелік аурулары (хондродистрофия, рахит).

Тірек-қимыл аппаратында бұзылысы бар балаларда жетекші болып қозғалыс ақаулығы табылады (қозғалыс қызметтерінің жетімсіздігі, бұзылысы немесе жоқтығы). Солардың арасында негізгі көпшілікті церебралды параличі бар балалар құрайды (89%). Бұл балаларда қозғалыс ақаулары психикалық және сөздік бұзылыстармен үйлесіп жатады, сондықтан, олардың көпшілігі тек емдік және әлеуметтік көмекке ғана зәру емес, сондай-ақ, психологиялық-педагогикалық және логопедиялық түзету жұмыстарына да мұқтаж. Тірек –қимыл аппаратында бұзылысы бар басқа категориядағы балалар танымдық іс-әрекетінде бұзылысы жоқ және арнайы оқыту мен тәрбиелеуді қажет етпейді. Олардың әлеуметтік бейімделуінде екі бағыт анықталады. Бірінші баланы қоршаған ортаға бейімдеу мақсатында. Бұл үшін қозғалыстың арнайы техникалық тәсілдері (бесік-арба, балдақ, жіңішке таяқ, шайтан арбалар), тамақтану заттары (қасықтар, тарелкалар, электор заттарын ерекше өшіргіштер), пандустар, жолжиекке жүру. Қозғалысында ақауы бар балаларды бейімдеудің екінші тәсілі оның өзін әлеуметік ортаның кәдімгі жағдайларына үйрету.

Бала церебралды параличі балалардағы кейінгі жылдардағы жүйке жүйесіндегі неғұрлым кең тараған аурулардың қатарына жатады. Оның көріну жиілігі орташа шамамен 1000 жаңа туылған нәрестеге 6 баладан келеді.

Бала церебралды параличі ерте онтогонездегі мидың жетімсіздігі немесе зақымдануы нәтижесінде пайда болады. Сондықтан неғұрлым зардап шегетін аймақ мидың жас бөліктері – ерікті қозғалыстарды реттейтін үлкен жарты шарлар, сөз бен басқа да қыртыстық қызметтер. Бала церебралды параличі әртүрлі қозғалыстық, психикалық және сөздік бұзылыстар түрінде көрінеді. Сондықтан, бала церебралды параличі кезінде адам үшін ең маңызды қызметтер зардап шегеді: қозғалыс, психика және сөз. Бала церебралды параличінің клиникалық жағынан қозғалыс бұзылыстары жетекші болып психикалық және сөздік бұзылыстармен, басқа да анализаторлық жүйелерінің қызметерінің бұзылыстарымен жиі үйлеседі (көру, есту, терең сезімталдық).

Қозғалыс бұзылыстарының ауыртпалық дәрежесі кең мағынада үлкен қозғалыс бұзылыстары, ал басқаша – ең аз шамада түрлендіреді. Қозғалыстық сияқты психикалық және сөздік бұзылыстар кең диапазонда түрлендіреді және әртүрлі үйлесімдердің біртұтас гаммасына байқалады. Мысалы, терең қозғалыс бұзылыстар кезінде психикалық және сөздік бұзылыстар болмауы мүмкін және керісінше, жеңіл қозғалыс бұзылыстарында психикалық және сөздік бұзылыстар қатты байқалуы мүмкін.

Бала церебралды параличінің себебі құрсақта алғашқы кезеңде әсер етуші (пренатальды), туу сәтінде (интранатальды) немесе өмірінің алғашқы жылында (ерте постнатальды кезеңде) әртүрлі қолайсыз факторлар болуы мүмкін.

Бала церебралды параличінің пайда болуындағы неғұрлым маңыздылық құрсақта алғашқы кезеңдегі және босану сәтіндегі мидың зақымдануы. Сонымен, әрбір жүз церебралды параличтің отызы іштен, ал алпысы босану кезінде, 10-ы туғаннан кейін пайда болады. (Л.О. Бадалян, Л.Т. Журба, Н.М. Всеволожская). Ұрыққа іштен қолайсыз әсер ететін зиянды факторларға мыналар жатады:

- Жүктілік кезіндегі болашақ анадан берілетін жұқпалы аурулар (вирустық жұқпалы аурулар, қызылша, таксикоплазмоз);

- Анадағы жүрек-қантамыр және эндокринді бұзылыстар;

- Жүктілік таксикоздары;

- Ұрықтың дене жарақаттары, зақымдануы;

- Резус фактор бойынша ана мен баланың қанының сәйкессіздігі;

- Физикалық факторлар (қатты ыстық мен қатты суық, діріл әсерлері, сәулеге түсіру, сонымен бірге үлкен мөлшерде ультракүлгін сәулеге ұшырау);

- Кейбір емдік препараттар;

- Экологиялық қолайсыздық (өндірістен шыққан лас ауа мен су, улы химикаттар, радионуклидтер, әртүрлі синтетикалық қоспалар).

Бала церебралды параличі нейроинфекциялардың (менингит, энцефалит), басқа зақымдардың берілуі нәтижесінде босанғаннан кейін ле пайда болуы мүмкін.

Церебралды параличі бар балаларда барлық қозғалыс қызметтерінің қалыптасуы бұзылады: басын ұстау қызметі, отыру, тұру, жүру дағдылары кешігіп және қиын түрде қалыптасады. Қозғалыс дағдылары жетекші ақау болып табылатындықтан, психологиялық қызмет пен сөздің қалыптасуына қолайсыз әсер етеді.

Церебралды параличі бар балалардағы қозғалыс бұзылыстарының әртүрлілігі аурудың өзінің ерекшелігімен тікелей байланысты факторлар әрекетімен қамтамасыз етілген.

1.Бұлшықет тонусының бұзылысы (ригидтілік, гипотониялық, дистониялық тип бойынша). Бұлшықет тонусы шартты түрде проприорецепцияға рефлекс, өзін сезінуге бұлшықет жаубы деп аталады. Кез келген қозғалыс үшін қалыпты бұлшықет тонусы қажет. Бұлшықет тонусын реттеу жүйке жүйесінің әртүрлі звеноларымен келісілген жұмыс арқылы қамтамасызетіледі.

Бала церебралды параличі кезінде жиі жағдайда бұлшықет тонусының жоғарылауы (спастичность) байқалады. Бұлшықеттер бұл жағдайда ширыққан. Бұған тән сипат бұлшықет тонусының қандайда бір қозғалыс кезінде жоғарылауы (әсіресе дененің вертикалды күйі кезінде).

Ригидтілік кезінде бұлшықет ширыққан тетонус жағдайында болады (бұлшықет тонусының максималды жоғарылауы). Бұлшықет өзара әрекетінің жөнге салынғандығы мен бір қалыптылығы бұзылады.

Гипотония жағдайында (төменгі бұлшықет тонусы) көкірек, аяқ – қол бұлшықеттері әлсіз, енжар.

Гипотония кезінде енжар қозғалыс көлемі қалыптылықтан неғұрлым жоғары.

Дистония – бл бұлшықет тонусының өзгермелі сипаты. Бұл кезде бұлшықет тонусы тұрақсыздығымен, өзгермелілігімен ерекшеленеді. Тыныштықта бұлшықет босаңсиды, ал қозғалысқа түсер кезде тонус бірден өсе түседі және соның нәтижесінде ол мүмкін болмайтындай жағдайға жетуі мүмкін.

2. Ерікті қозғалыстың шектеулілігі мен мүмкінсіздігі (парездер мен сал болулар).

Ми зақымдануының дәрежесіне байланысты қандай да бір қозғалыстың толық немесе жекелей болмауы байқалады. Ерікті қозғалыстың көлемінің шектеулілігі әдетте бұлшықет күшінің төмендеуімен үйлеседі. Бала қолдарын жоғары, алдыға, жанға қиындықпен немесе мүлдем соза алмайды.

3. Күштеулік қозғалыстардың болуы. Бала церебралды параличінің көптеген формаларына гиперкинездер мен тремор түрінде байқалатын күштеулік қозғалыстар тән.

Гиперкинездер – бұлшықеттің ауыспалы тонусымен қамтамасыз етілген еріксіз күштеулік қозғалыстар. Олар тыныштықта байқалуы мүмкін және қозғалыс жасау мен толқу кезінде күшеюі мүмкін.

Тремор – қол саусақтары мен қолдың дірілдеуі. Ол неғұрлым мақсатқа бағытталған қозғалыстар кезінде байқалады (мысалы, жазу кезінде).

4. Тепе-теңдік пен қозғалыс координациясының бұзылуы (атаксия). Отыру, тұру және жүру кезінде тұрақсыздық түрінде көкірек атаксиясы байқалады. Қиын жағдайда бала қолдау көрсетусіз отырып тұра алмайды. Жүрістерінің тұрақсыздығы көрінеді: балалар шайқалақтап, жанға қарай ауытқып, аяқтарын кең алып жүреді. Бала затты дәл алып оны керек жеріне нақты қоя алмайды.

5. Қозғалысты сезінудің бұзылуы (кинестезия). Қозғалыс қызметінің дамуы қозғалысты сезінумен тығыз байланысты. Қозғалысты сезіну бұлшықетте, сіңірлерде, буындарда орналасқан арнайы сезгіш жасушалар (проприоцепторлар) арқылы жүзеге асады. Бұл түйсікті бұлшықеттік – буындық сезім деп атайды. Церебралды параличтің барлық формасында қозғалыстың проприоцепциялық реттелуі бұзылады.

6. Тізбекті құрылған түзетуші рефлекстердің жеткіліксіз дамуы (статокинетикалық рефлекстер). Статокинетикалық рефлекстер бала денесінің тік қалыптасуына және ерікті моторикасының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осы рефлекстердің дамымауы кезінде балаға қажет бағытты басы мен көкірегін ұстауға қиындық келтіреді.

7. Синкинезия. Синкинезия – бұл белсенді қозғалыстарды орындауды алып жүретін ырықсыз бірлестікті қозғалыстар (мысалы, бала бүгілген қол саусақтарын жаза алмайды, бір қолымен затты алу кезінде бүгіліп кете беруі).

8. Патологиялық тондық рефлекстердің болуы. Бұл көрініс бала церебралды параличінің негізгі механизмінің бұзылуын көрсетеді. Тондық рефлекстердің қалыпты дамуы кезінде өмірінің алғашқы айларында көрініс береді. Қалыпты даму жағдайында баланың үш айлығында позотониялық рефлекстер байқалмайды. Церебралды параличі бар балаларда бұл рефлекстердің көрінуі өмірінің алғашқы жылында ай сайын күшейе беріп соңында тұрақты болып қалуы мүмкін. Бала церебралды параличі кезіндегі моториканың дамуы тондық рефлекстердің шешуші әсері болған кезеңде қалып қояды. Бала 2 немесе 5-10 жаста болса да оның қозғалыстық дамуы 5-8 айлық нәрестенің денсаулығы деңгейінде болады.