Эллинистік-Римдік философия

Егер Платон мен Аристотельдің шығармаларын антикалык дәуірдегі философиялык ой-пікірдің ең биік шыңына жатқызсак, б.з.д. IV ғ. - V ғ. екі ортасындағы 8 ғасырды көне заманның фило-софиясының бірте-бірте әлсіреп сөнуімен байланыстырамыз. Бұл 8 ғасырда неше түрлі соғыстар, қүлдардың көтерілістері, ұлт-азаттық қозғалыстар - бәрі де болды. Бұл уақыт - құлдық коғамның пісіп-жеткен сатысынан етіп, сонымен қатар басқа даму жолын таба алмаған заман. Өндіргіш күштер сол бұрынғы мал мен адамның күшіне негізделген, жаңа күш-қуат көздері әлі ашылған жоқ. Сондықтан биіктігі 135 м. Александрия Фаросы теңіздің жағалауында салынғанымен, оған сол бұрынғы құлдардың күші пайдаланған болатын.

Птоломей Филопатер өз заманының ең үлкен соғыс кемесін жасады, ал оны 4 мың кұл ескекпен қозғайтын. Ондай кемені қандай жерде пайдалануға болады?

Бірақ бұл заманның ғылым саласында Римде құқық теориясының іргетасы қаланып, соңында бүкіл Еуропа мемлекеттерінің қалыптасуына өзінің зор әсерін тигізеді. Осы уақытқа шейін заңгерлердің негізгі пәндерінің бірі - ол Рим құқы.

Бұл дәуір жөнінде орыстың ұлы философы А.Ф.Лосев айтқандай: «Философияда қажу мен түңілу байқалады... Мәресіне жете алмай өшкен, бірақ болуға тиіс болса да, дегенмен болмысқа айналмаған ілімдер...». Бұл ойды эллиністік-римдік философиялық ой-пікірдің жалпы мінездемесі ретінде келтіруге болады.