салыстырмалы талдау

«Құрмет» Зейнетақы қоры.

«Құрмет» мемлекетік емес ашық жинақтаушы зейнетақы қоры самылшыларға зейнетақы қорын өзі таңдау арқылы болашақ зейнетақыларының құралу саясатын дербес таңдауға мүмкіндік беретін зейнетақымен қамтамтамасыз ететін жинақтау жүйесіның шегінде 1998 жылдың 2 наурызында құрылды. «Құрмет» «МЕАЖЗҚ» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына толық сәйкестік құрылды.

1998 жылдың 16 қарашасында берімен лицензия орнына зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүргізу қызметін атқаруға ҚР Ұлттық Банкінің 2003 жылдың 20 қарашасында берген лицензия № 0000013.

«Қазақстан республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңға сәйкес Компания зейнетақы қызметтері рыногына үш буынының қалғандарымен - банк – кастодианмен («Темірбанк»ААҚ) және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйыммен («БТА Asset Management» КУПА ЖАҚ) үш тарапты кастодиан шартын жасады.

Қордың бес жылғы қызметі ішінде бізге Қазақстан Республикасының барлық аймақтарының 11000 кәсіп орында жұмыс істейтін 320 000-нан астам салымшылар өз жинақтарын сеніп тапсырды. Зейнетақы жинақтары мен жеке меншік қаражаттарды есепке алу мен сақтауды уәкілетті мемлекеттік орган -ҚР қоржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігімен балқыланады .

«Құрмет» Зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының көлемі жағынан рынок өсімінің қорқынын басып озып, зейнетақы қорларының ішінде алдыңғы қатарға кіреді.

· «Құрмет» ЗҚ рыноктағы зейнетақы жинақтарының үлесін 4,2% немесе 15,6 млрд теңге құрады.

· «Құрмет» ЗҚ салымшыларының саны жағынан алдыңғы қатарлы бесудің ішіне жатады.

· 01.01.04 ж. 313025 адам өз салымын сеніп тапсырды, «Құрмет» ЗҚ рыноктағы үлесін 5,1% құрайды.

· «Құрмет» ЗҚ салымшыларының 2003 жылға өсу динамикасы рынок бойынша салымшылардың өсу динамикасын 2 еседен көп басып озды.

· «Құрмет» МЕАЖЗҚ өзінің инвестициялық қызметінде инвестициялаудың әлдеқайда сенімді және өтімді нысандарын артық бағалайды.

· 2003 жылы инвесциялық кірісті 881300000 теңге құрады.

· «Құрмет» ЗҚ қор салымшылары үшін тұрақты акциялар жүргізіп отырады. Өз клиенттері арасында жыл сайын өткізіліп отыратын сыйлықтар тұтысы осының айқын бір мысалы болып табылады. Сондай-ақ, келесідей жаңа акцияларды атап өтуге болады: «Созвездия успеха» (“Табыс шоқжұлдызы”) және “Vip unifinance”, бұларды “Құрмет” ЗҚ өз әріптестерімен бірге өткезеді. “Құрмет” ЖЗҚ келесі қызмет түрлерін көрсетеді.

· Салушылардың зейнетақы жинақтарын инфлецияның әсерінен қорғау, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялау жолымен оларды көбейту;

· Жеке зейнетақы шотының жай - күйі туралы шынайы және тез арада ақпаратты ақысыз алу;

· Зейнетақы жинақтарының есебі;

· ҚР-ның үкіметі белгіленген тәртіпте алушыларға зейнетақы төлемдерін жүргізу;

· ӘЖК беру құжаттарын рәсемдеуде көмек көрсету;

· Міндетті, ерікті, кәсіби зейнетақы жарналарын жинақтау;

· Салымшының /алушының өтініш бойынша зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы қордан екіншісіне ауыстыру.

· Дұрыс емес ашылған жеке зейнетақы шоттарын басқа қорларға біріктіруге көмек көрсету;

· Зейнетақымен қамтамасыз ету жөнінде ақысыз кеңес беру.

Инвестициялық кірісті есепке ала отырып, салымшының зейнетақы жинақтарының болжамды жоспары. Салымшы ай сайын 3000 теңге мөлшерінде зейнетақы аударып отарады. 40 жылдан кейін аударылған зейнетақы жарналарының нақты сомасын 1 440 000 теңге құрайды. Мұнда, зейнетақы жинақтарының көлемін 5974472 теңге (бірақ активтерінің жылдық орташа таза кірістілігі (Қордың комиссиялық сыйақысын шегеріп тастағанда жылдың 6% мөлшерінде болуы керек) құрайды. 4534472 теңгедей айырмашылық осы уақыт ішінде Қордың салымшыға есептеген инвестициялық кірісін құрайтын болады. Осы лайша, инвестициялық кіріс жинақтарының жалпы көлемін 75% көп құрайтын болады.

 

2.2 Зейнетақы қорларының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы атқаратын қызметтері мен құқықтық негіздері

Кәрілік алдындағы қорқыныш бұл әр адамға табиғатпен берілген деп айтылады. Кез келген адам жылдар өткен сайын ең алдымен материалдық мәселелердің болуынан қашады. Қазіргі таңдағы шындық бұл әрбір қазақстандық азамат өзінің болашақтағы кедейшілік күн кешпеуіне жағдай жасап және өзіне жеткілікті кәрілікті қамтамасыз етуі қажет. Себебі әлеуметтік бағдарламалар үшін бюджет қаражатының жетіспеушілігі және халықтың тұрақты қартаюы мемлекет тарапынан мәңгілік көмектің болуына үміттенуге сендірмейді. Осыған орай біздің қоғамдағы өте маңызды әлеуметтік мәні бар зейнетақымен қамтамазыз ету туралы заңға кез келген өзгертулер Қазақстанның әрбір азаматын толғандырмай және қызығушылығын тудырмайтыны болмайды.

2002 жылдың соңында Қазақстандық азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық және әлеуметтік негізін анықтаушы және де осы жүйенің қызмет етуінің барлық құқықтық аспектілері мен зейнетақылық қызмет көрсету нарығының барлық қатысушыларының өзара қарым -қатынасын реттеуші зейнетақы заңдылығы маңызды өзгертуге ұшырайды. Алғаш рет өзгертулер мен толықтырулар 1998 жылы 22 желтоқсанда (№328 заң), яғни жаңа зейнетақы жүйесінің қызмет етуіне 1 жыл өтпей жасалды. Екінші рет елдің зейнетақы заңдылығы 1999 жылы 5 сәуірде (№364-1 заң), өзгерту енгізіледі. Осыдан кейін жаңартылған «Қазақстан Республикасындағы зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы» заңы 4 жылдай мерзімде қызмет етті және 2002 жылдың соңында оған тағыда өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл түзетулер №369-11 реттік номеріне ие, заң формасында қабылдап, «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасы заңы деп аталады. Бұл жерде ескеретін жағдай, егер бірінші жасалған екі өзгертулер мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорымен мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорымен мемлекеттік реттеуші органдардың енгізуге байланысты туындаса, ал зейнетақы заңдылығына енгізілген соңғы түзетулер (2002 жылдың 29 желтоқсаны) өзінің бөлігінде кейбір мемлекеттік емес субъектілерге оның ішінде мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына бағытталған және дайындалған. Себебі, бұл өзгертулер тұжырымдық және барлық зейнетақылық қызмет көрсету жүйесі үшін өміршеңділік сипатқа ие болады, олардың заңдылық сүзгіден өтуі оңай болмай 1 жылға дейін созылады.

2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 369-11 заң екі ғана баптан тұрады, бірақ көптеген маңызды өзгертулерден тұрады. /3,б.22/

Зейнетақы заңдылығындағы басты жаңалық бұл жеке ерекше институт ретінде бөлініп келген мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мәртебесінің алынып тасталынуы. Зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы заңдағы жаңа түзетуге байланысты жинақтаушы зейнетақы қоры мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлінбейді. 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап заң алдында мемлекеттік жинақтаушы зейентақы қорында және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорында бірдей құқыққа ие. Бірақ бұл зейнетақы қорының мемлекттік қатысуымен болмайды дегенді білдірмейді. Егер бұын мемлекттік жинақтаушы зейнетақы қорының бірден бір құрылтайшы Қазақстан Республикасы Үкімет болса, заңға сәйкес ашық жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшылар мен акционерлері ретінде Қазақстан Республикасының резидентті – заңы және жеке тұлғалар және де Қазақстан Республикасының заңында бекітілген (№369-11 заңының 1-ші бабы 28-ші тармағында) талаптары ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі бола алады. Осыған орай мемлекет Үкімет тарапынан тек бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорының ғана емес сонымен қатар бірнеше зейнетақы қорының жарғылық капиталындағы акция пакеттерінің жеке үлесінің немесе толығымен иесі бола алады. Бұл мемлекеттік зейнетақы нарығын бақылауды күшейту мақсатында жасалуы мүмкін. №369-11 заңының 1-ші бабы 30-ші тармағына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қоры атауында «мемлекеттік» сөзі егер жарғылық капиталының 100%-ы Қазақстан Республикасы Үкіметіне тиесілі болғанда ғана қолданылуына болады. Енді мемлекет (егер қажет етсе) бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорын өзінің 100% қатысуымен құра алады және оның бәрі мемлекттік нарықтың кез келген сегментін жекшелендіре отырып, оған қайта баруына болатындығын көрсеткді. Егер жақын арада мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры олығымен жекешелендірілсе де, бұл мемлекеттің зейнетақылық қызмет көрсету нарығы мәңгілікке тастады дегенді білдірмейді. Ол жаңа мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын қалыптастыру арқылы қайта орала алады.

Жаңартылған зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңы зейнетақы активтерін басқару түсінігне бірнеше өзгертулер енгізді. Егер оның ескі баспасында мемлекттік емес жинақтаушы зейнетақы активтер сөз тіркесі толық емес түрде берілсе, қазіргі кезде ол бұдан да толығырақ зейнетақы активтері инвестициялық басқару сөз тіркесімен ауыстырылады. Жаңа өзгерістерге сәйкес зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания (ЗАБК) «зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым» деп аталатын болады. Яғни біздің құлағымызға үйреншікті зейнетақы активтерін инвестициялы басқаруды жүзеге асыратын ұйым сөзімен ауыстырылатын болды.

Зейнетақымен қамтамсыз ету туралы заңның ескібаспасы бойынша 51 бап сәйкес зейентақы активтерін басқару жөніндегі компанияның мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің басқарудағы ерекше құқығын қарастырады. Жаңа өзгерістерге зейентақы нарығы қатысушыларының көптен күткен өзгертуі зейнетақы активтерін басқарудың баламалы құқы енгізіледі. Сонымен 2003 жылдан бастап зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялы басқаруды жүзеге асыатын ұйым жинақтаушы зейнетақы қорының өкілетті органмен бекітілген осындай қызметпен айналысуға құқық беғретін сәйкесінше лицензиясы болуы кезінде дербес жүзеге асырады.

Бұл жаңа енгізілген өзгерістен мемлекеттік жинақтушы зейнетақы қоры ұтысқа шықты.

Жарқын арада кейбір жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы акивтерін дербес басқаруға көшетінін күтуімізге болады. Себебі, жинақтаушы зейнетақы қоры үшін қызығушылық үлкен зейнетақы жарнасынан және инвестициялық табыстан түсетін комиссиондық сыйақының зейнетақы активтерін инвестициялы басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен бөлісу керек емес. Оның ішінде, зейнетақы заңдылығындағы жаңа түзетуге сәйкес инвестициялық табыстан алынатын комиссионың шекті мөлшерлемесі 10%-дан 15%-ға дейін көбейтіледі. Бірақта, зейнетақы активтерін дербес басқаруға көшу процессі көптеген жинақтаушы зейнетақы қорлар үшін келесідей себептерге байланысты ұзақ әрі қиын болуы мүмкін.

Біріншіден, өкілетті орған – лицензиялар тарапынан қтаң нормативтік талаптарға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қоры үшін зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға лицензия алу іс-әрекетінің өзі қиынға түседі. Зейнетақы активтерін басқару бойынша компания лицензиялау тәжірбиесі көрсетіп отырғандай лицензия алу үшін жеткілікті ұзақ мерзімді қамтуы мүмкін (бірнеше айға созылуы). Яғни, осы жылдың ішінде қандай-да бір жинақтаушы зейнетақы қорының өзінің зейнетақы активтерін өз бетінше басқаруға көшуі бола қоймас деп тұжырымдауға болады.

Екіншіден, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен жинақтаушы зейнетақы қорының арасында зейнетақыактивтердін басқару құқығы үшін бәсекелестік күрес қалыптасты. Бұрыннан қызмет етуші зейнетақты активтерін басқару бойынша компаниясы бай тәжірибе, жоғары сауатты мамандарды және қазіргі бағдарламалық – техникалық қамтамасыз етуді иемдене отырып, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруда жинақтаушы зейнетақы қордан нақты артықшылығы болады. Кез келген зейнетақы активтерін басқару бойынша компания зейнетақты активтерін басқарудағы маңызды бөлігін және сәйкесінше нарықтағы үлесін жоғалтқысы келмейтініне мүдделі.

Тағы да бір зйнетақты заңдылығына енгізілген маңыздырақ өзгерістердің бірі міндетті зейнетақты жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру. Соңғы 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін мемлекет тек мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет кепілдік береді. Осы жағдайдағы жаңалық мемлекеттің алушыға (салымшыға емес), жинақтаушы зейнетақы қорының банкрот болуы жағдайында міндетті зейнетақы жарнасының номиналдық құнын ғана қайтармай, сонымен бірге инфляция көлеміндегі өтемақыға кепілдік береді. Заңдағы егізілген түзетуге сәйкес, зейнетақы төлемін алушы зейнетақы орталығымен бекітілген және жинақтаушы зейнетақы қорынан зйнетақы алуға құқығы бар жеке тұлғалар болып табылады, яғни заңдағы берілген мағынаға қарай, мемлекет жинақтаушы зейнетақы қорының банкроттығы жағдайында жинақтаушы зейнетақы қордан зейнетақы ала бастаған зейнеткерлерге ғана зейнетақы жарнасын қайта қалыптастыруға кепіл бола алады.

Егер 2003 жылға дейін зейнетақы жарнасының жүйесі екі бөліктен – міндетті және ерікті жарнадан тұрса, қазіргі таңда зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы заңға енгізілген жаңа өзгеріске сәйкес зейнетақы жарнасынан үшінші түрі – ерікті кәсіби зейнетақы жарнасы пайда болды. Олар ерікті жарналар секілді, айырмашылығы, оларды жинақтаушы зейнетақы қорға жұмыс беруші өзінің жұмысшысының зейнетақы шотына Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталған мамандық тізімі бойынша аударатын болатындығында.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызмет етудегі 5 жылдың ішінде ерікті зейнетақы жарналары кңінен қолдануын алған жоқ және зейнетақы активтерінің ішінде де өте төмен үлеске ие. Мысалы, Ұлттық банктің мәліметі бойынша 2002 жылдың қорытындысын міндетті зейнетақы жарналарының салымшылар саны 15,399 млн. адамды ел ерікті зейнетақы жарналарының салымшылар саны небәрі 25,1 млн. адамды, яғни жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі салымшылар жалпы санының 0,5 %-ын ғана құрайды. Осыған орай, Қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі қазіргі таңдаған көрінісі міндетті жинақтаушы жүйені көрсетеді. Ерікті жарналардың танымалсыздығы біріншіден, тұрғындардаң негізгі бөлігінің қандай да бір сызбаға немесе жаңа зейнетақы жүйесіндегі инвестициялау шегіндегі құралдарға сенімсіздігі және еш нәрсеге сенбеушіліктің үлкен үлесіне қатысты менталитетімен түсіндіріледі.

Бұл жерде тағыда бір маңыздырақ факторлардың ретінде тұрғындардың көп бөлігінін жағдайының даму деңгейінің жетіспеушілігін айтуға болады.

Зейнетақы заңдылығы негізгі өзгеріс ретінде зейнетақылық қызмет қөрсету нарығында зейнетқыны сақтандыру институтын ендіру болып табылады. Жақын уақыттарда зейнетақы нарығының негізгі қатысушылары ретінде өмірді сақтандыру келісімшартын жасау және атқару бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру компаниялары болатын сөзсіз. Оларға зейнетақымен қамтамасыз ету туралы жаңа баспасындағы ерекше роль берілген.

2003 жылдың басынан бастап зейнетақы заныңда 2002 жылдың 29 желтоқсанында шыққан №369-11 заныңда көмегімен зейнетақы нарығы үшін «Зейнетақы аннуитетің келісім шарты» (1бап, 2тарау 12 тармақша), «сатып алу сомасы»(1 бап, 2 тармақ, 7тармақша) «сақтандырушы» (1 бап,2 тарау, 34тармақша) секілді жаңа түсініктер енгізілген.

Зейнетақы заныңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес қызмет етуші зейнетақы жинақтары ерікті сақтандыру зейнетақы жинақтарын сақтандыру зейнетақы жинақтарын сақтандыру бойынша қосамша шараларға алушының таңдауына сәйкес толық көлемде немесе ішінара зейнетақы активтерін сақтандыру жүйесін жасауы болуы тиіс.Әзірше мұндай жүйенің қалай болары белгісіз. Банктің депозиттерді кепілдендірудің қоры нақты қосымша қор құрулуы мүмкін, яғни жақын арада «Зейнетақы қорының қоры» пайда болуын күтуге болады.

Сақтандыру компанияларының басқа зейнетақы заңдағы өзгеріске сәйкес нарықта жаңа қатысушы – «міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агенті» пайда болуы керек.

Агент ретінде Қазақстанда өздерінің тұрақты мекемесі, филиалы мен өкілеттіліктері арқылы Қазақстан Республикасының заңы мен анықталған міндетті зейнетақы жарнасын есептеуші, ұстап қалаушы және аударушықызметін жүзеге асыратын кез келген жеке тұлға немесе заңды тұлға, бұған қоса шетелдік заңды тұлғалар болып табылады. Заңды түсінік бойынша агент –бұл оның кім екеніңе – ұйым немесе жеке кәсіпкер болып табылатынына байланыссыз сол жұмыс беруші.

Ұлттық банктің басқа зейнетақылық қызмет көрсету нарығында мемлекет тарапынан тағыда бір қатысушы салық органы болады. Зейнетақы

заңдылығына енгізілген жаңа түзетуге сәйкес,салық органдары зейнетақы жарнасы бойынша жетіспеушілікті жинау және олардың аударылуына бақылау жасау үшін нақты механизм алды.Осы мақсатқа сәйкес зейнатақымен қамтамасыз ету заңына “міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы ұстамауы және аударылмауына жауапкершілік” деген 24-4-ші бап қосылды.Енді міндетті зейнетақы жарналарын аударуға жалтарған жұмыс берушіге қатаң санкция қолданылатын болады.

Егер бұрын жинақтаушы зейнетақы қоры мен зейнетақы активтерін басқару бойынша компанияның құрылтайшылары мен акционерлері ретінде Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғалар ғана болса,жаңа өзгерістерге сәйкес құрылтайшы немесе акционер ретінде резидент емес заңды тұлғада,яғни қандай да бір рейтингтік компанияның белгілі бір рейтингін иемденетінде жіберіледі. Рейтингтік агентстволар мен ең төменгі рейтинг өкілетті органмен белгіленуі тиіс.

Дегенмен бұл жерде бірнеше шектеулер қойылған.Мысалы,оффшорлық аумақта тіркелген заңды тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қор құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.

Жалпы алғанда зейнетақы заныңа жаңа түзетулер жинақтаушы зейнатақы жүйесінің келешекте сапслы дамуына септігін тигізері сөзсіз.

Қазақстанның зейнетақы мен қызмет көрсету нарығында, бүгінгі күні,басқа қаржы нарығының сегментерінен айырмашылығы,тұрақты түрде дамып келе жатқанын айта кетуге болады. 1998 жылдың қаңтарынан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесінің елде қызмет еткеніне 5 жылдан асып отыр.

Ұлттық банктің мәліметтері бойынша 2003 жылдың басында зейнетақы активтерінің таза соммасы 269,8 МЛРД тг. немесе1730,8 млн. доларды құрады. Жалпы алғанда 2002 жылы жинақтаушы зейнет ақы қорларының таза өсімі актифтері теңгемен шаққанда 47,9-ға, және долырға 43,2-ға өсті.

2002 жылы зейнетақы активтерінай сайынғы өсімі 3%-дан3,5 шегінде тең мөлшерде жүргізілді. Бұл шектен ауытқу тек, тамыз айында 2,8%-ға өзгергеніне (бұл еңбек демалысымен зеинетақы жарналарын салымшылар

және жұмыс берушілердің аз мөлшерде аударуымен байланысты) және

желтоқсанда 4,6%-ға өсуінде (бұл еңбек ақы бойынша қарызды өтеу мен

жылдың айяғнда көтермелік төлемдермен байланысты) байқалады.

Егерде алдағы уақыттарда зейнетақы актифтерінің өсуі осындай қарқынмен (мысалы валютаға шыққанда 3,5% көлемінде)жалғасатын болса, онда 2003 жылдың сәуір, мамыр айларында жинақтаушы зейнетақы жүесіндегі таза зейнет ақыактивтерін көлемі 2,0 млрд. долларға жету мүмкін.

Өткен жылы Қазақстаның жинақтаушы зейнетақы жүесіндегі негізгі айтулы жағдай ретінде елдің Президенті мен қабылданған және қол қойылған «Қазақстан республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ,,Қазақстан Республика заңына өзгертуер мен толықтырулар енгізу туралы” 2003 жылдың 1-ші қаңтарында күшіне заңын айтуға болады .

2002 жылы нарық қатысушылардың сандық құрамы мен жинақтаушы зейнетақы қорлардың инвестициялық портфелінің құрамында маңызды өзгерістер болды.

2003 жылдың басында Қазақстанда 16 жинақтаушы зейнетақы қоры, оның ішіне 1 мемлекеттік (мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры,) 2 корпоротивтік (,,Қазақмыс” және ,,Филип Моррис Қазақстан” ) және 13 ашық мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметін жүзеге асырды.

 

 

1-кесте

2003 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сәйкес Қазақстанның

жинақтаушы зейнетақы қорының құрылымы

 

  Зейнетақы қорының атауы Зейнетақы активтері млн.тг. Зейнетақы активтеріннің таза сомасы Нарықтық үлесі %
млн.тг. млн.долл.
МЖЗҚ 75 773,8 75 649,5 485,390,14 28,5
«Қазақстан халық банкі» ЖЗҚ 60 831,9 60 797,4 297,4 22,52
Ұлар Үміт 46 504,5 46 349,9 121,3 17,21
ABN AMRO-КАЗПИЙ МУНАЙ ГАЗ 18 922,7 18906,7 81,8 7,00
Сенім 12 757,1 12 740,9 71,6 4,72
Құрмет 11 169,3 11 165,3 56,7 4,13
Қазақмыс 8 857,5 8 841,2 40,0 3,28
Валют-Транзит Фонд 7 888,5 7 879,9 50,6 2,92
Қазақстан 7342,4 7332,3 40,0 2,72
Нефте-Газ-Дем 6 433,4 6 423,8 41,2 2,38
Халық зейнетақы қоры 5 072,3 5 063,4 32,5 1,88
Қорғау 3 916,1 3 914,2 25,1 1,45
Отан 2 595,7 2,595,3 16,7 0,96
Қонаев атындағы МеЖЗҚ 820,9 820,7 5,3 0,30
Филип Моррис Қазақстан 649,1 648,2 4,2 0,24
Капитал 642,1 623,8 4,0 0,23
Барлығы 270 159,2 623,8 1730,8 100,00

 

№3 РЦБ Қазахстана

 

5 жылдың қортындысы бойынша зейнетақы мен қызмет көрсету нарығындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің пайда болуынан бері зейнетақы активтерінің мөлшеріне байланысты жинақтаушы зейнетақы қорының 3 тобы. /1,б.24/

Зейнетақы активтерінің мөлшері 100 млн. доллардан 4 қор - мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, “Қазақстанның халық банкісінің жинақтаушы зейнетақы қоры, “Ұлар Үміт”, және “ABN AMRO – “Каспий Мұнай Газ”, зейнетақының қызмет көрсету нарығындағы жинақтаушы зейнетақы қоры жүйесінің құрлымы ретінде 1-ші ірі топта құрап және барлық нарықтың 75 % -ын алады. (1 кесте). Нарықтың ө-індей мөлшерін (23,5%-ын) 8 орташа жинақтаушы зейнетақы қоры тобы алады. Оларға «Сенім», «Құрмет», «Қазақмыс», «Мемлекттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры», және «Қорғау» жатады.

Олардың зейнетақы активтерінің мөлшері 20 –дан 100 млн. долларды құрайды. Қалған 4 ұсақ жинақтаушы зейнетақы қоры («Қонаев атындағы МЗЖЗҚ», «Филип Морис Қазақстан», «Отан» және «Капитал») нарықта 2 % -дан төмен мөлшерді қамтиды.

2002 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің көлемі жағынан нарықта мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры алдыңғы ордыңғы орыңғы орынды алып келеді. Дегенмен, оның нарықтық үлесі әрдайым төмендеп отырды.

2002 жылдың ішінде ол 4,3%-ға дейін төмендеді. Ал қалған мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры нарықтық үлесінің ауытқуы 1% негізінде болды. Мысалы: жинақтаушы зейнетақы қорының

Нарығындағы өзінің үлесін есепті жылда «Қазақстанның халықтық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» «Отан», «Валют Транзит Фонд» өсіруге мүмкіншілігін алады. Ал кейбір жинақтаушы зейнетақы қоры («ҰларҮміт», Қонаев атындағы мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры», «Филип Моррис Қазақстан») өзінің нарықтық бағытын өзгеріссіз сақтайды.

Өзінің нарықтағы үлесін төмендетіп алғандарда кездеседі: «Сенім» (-0,2%), және «Қазақмыс» (-0,3).

 

 

2-кесте

 

2002 жылғы Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қорының

өсу қозғалысы

 

 

  Зейнетақы қорының атауы Зейнетақы активтеріннің таза сомасы Нарықтық үлесі
Басына 2002ж. аяғына 2002ж. млн.долл. %
МЖЗҚ 58 998,6 75 773,8 16 775,2 28,4
«Қазақстан халық банкі» ЖЗҚ 39 058,1 60 831,90 21 773,8 55,7
Ұлар Үміт 31 452,2 46 504,5 15 052,3 47,9
ABN AMRO-КАЗПИЙ МУНАЙ ГАЗ 12 127,0 18 922,7 6 795,7 56,0
Сенім 9 035,3 12 757,1 3 721,9 41,2
Құрмет 6 507,8 11 169,3 4 661,5 71,6
Қазақмыс 6 482,5 8 857,5 2 375,0 36,6
Валют-Транзит Фонд 4 016,9 7 888,5 3 871,6 96,4
Қазақстан 4 700,1 7 342,4 2 642,3 61,5
Нефте-Газ-Дем 3 982,7 6 433,4 2 450,7 61,5
Халық зейнетақы қоры 2 971,3 5 072,3 2 098,0 70,5
Қорғау 2285,1 3916,1 1631,0 71,4
Отан 114,0 225,95 2481,7 2177,5
Қонаев атындағы МеЖЗҚ 514,7 820,9 306,2 59,5
Филип Моррис Қазақстан 420,6 649,0 228,4 53,4
Капитал 0,0 642,1 624,1 -
Барлығы 182669,7 270159,2 87489,5 47,9

№1 2003 РЦБ Қазахстана

 

Жоғары да айтып өткендей 2002 жылы жиынтық зейнетақы активтері 87,5 млрд теңгеге немесе 47,9% -ға өсті.

2002 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінің өсімі 57,2%-ды құралды. 2002 жылы «Отан» ең үлкен өсімді көретті: оның бір жылдың ішінде 23 есеге өсті. Бұл осы аталған жинақтаушы зейнетақы қоры үшін өте үлкен жетістік. «Валют-Транзит Фонд» өзінің активтерін 2 есеге жуық (+96,4%) өсіреді.

Абсолюттік шамасы бойынша 2002 жыл активтерінің өсуінен «Қазақстанның халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» маңызды жетістікке жетті, оның активтері бір жылдың ішінде 21,8 млрд тенгеге өсті, ал бұл 140,0 млн доллардан жоғары. Осындай өсу қарқыны бойынша 1,5-2 жылдың ішінде бұл қор зейнетақы активтерінің мөлшері бойынша зейнетақының қызмет көрсету нарығында алға шығуға мүмкіндігі бар (қосымша 3).

2002 жылдың соңына қарай зейнетақы активтерін басқаруға лицензияны нарық қатысушыларының тоғызы иемделеді, оның ішінде 8-і зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның ішінде тек 7-уі ғана (қайта қалыптасқан «Нұр-Траст» зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияны қоспағанда) нарықта белсенді қызмет атқарады, яғни зейнетақы активтерін басқарады. Зейнетақы активтерін басқару бойынша компанияның толық құрылымы 4-кестеде көрсетілген.

 

4-кесте

 

2003 жылдың 1 қантарындағы жағдайға сәйкес зейнетақы активтерін

басқару нарығының құрылымы.

 

ЗАБК атаулары Зейнетақы активтерінің барлығы,млн.тг. Зейнетақы активтерінің таза сомасы Нарықтың үлесі
Млн тг млн долл
МЖЗҚ 75 773,8 75 649,5 485,4 28,05
Қазақстан Халық банкінің ЗАБК 63 427,6 63 392,7 406,8 23,43
Жетысу 61 795,4 61 614,9 395,3 22,87
ABN AMRO Asset Management 25 268,1 25 247,1 162,0 9,35
ВТА Assent Managemеnet 18 511,7 18 497,6 118,7 6,85
BESTINVEST 12 757,1 12 740,9 81,8 4,72
Актив-Инвест 7 888,5 7 879,9 50,6 2,92
Ақ ниет 4 737,0 4 734,9 30,4 1,75
Нұр-Траст       0,00
Барлығы 270 159,2 269 752, 1 730,8 100,00

№2 2003 РЦБ Қазахстана

 

4 кестеден көріп отырғанымыздай 2002 жылы зейнетақы активтерін басқару нарығының құрылымында маңызды өзгерістер болды.Ұлттық банктің Басқармасының 2002 жылдың 13 қарашасында шыққан №453 қауласына сәйкес ”Нұр-Траст” зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниясына зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыру үшін лицензия берілді.

Өкілетті органның бекітілеген ережесіне сәйкес номиналды (К2) және нақты (К3) табыстық коэффициентті толық бір жыл үшін есептеледі. Мысалы көрсетілген коэффиценттер ағымдағы жылдың қандай да бір айлық қорытындысы бойынша бірінші күннен бастап өткен жылғы осы айдың бірінші жұлдызынна есептеледі. Нақты табыстың коэффиценті (К3) Қазақстан Республикасындағы тұтыну бағасының индексін есепке ала отырып бағаланған. Ұлттық банктің мәліметі бойынша 2002 жылы бұл көрсеткіш 106,6 % -ды құрады. Номиналды табыс коэффиценті (К2) жинақтаушы зейнетақы активтерінің табыстылығының есептелген жиынтық қорытысында көрінеді. Осыған орай жылдың басында өсімділік қорытындысымен есептелген зейнетақы активтерінің табыстылық коэффиценті тек өткен жылғы желтоқсанмен, есепті жылдағы желтоқсан бойынша жыл соңындағы номиналды табыстық коэффицентімен сай келеді. Жинақтаушы зейнетақы қорының 2002 жылға арналған табыстылық коэффиценті 5-кестеде көрсетілген.

 

5-кесте

Жинақтаушы зейнетақы қорының 2002 жылға номиналды (К2) және нақты (К3) табыстылық коэффиценті.

 

ЖЗҚ атауы 01.2001 ж.-01.2002 ж. 12.2001 ж,-12.2002 ж. 2002 ж.ауытқуы
  К2 К3 К2 К3 К2 К3
МЖЗҚ 15,29 8,76 14,80 7,69 -0,49 -0,07
Қазақыстан 16,22 9,65 13,27 6,26 -2,95 -3,39
Құрмет 16,57 9,97 13,27 6,26 -3,30 -3,71
Нефте-газ-дем 16,15 9,58 13,2 6,12 -3,03 -3,46
Қазақмыс 14,89 8,39 13,01 6,02 -1,88 -2,37
Ұлар Үміт 14,34 7,87 12,97 5,98 -1,37 -1,89
Сенім 15,16 8,64 12,91 5,92 -2,25 -2,72
«Қазақста халық банкі» ЖЗҚ 14,01 7,56 12,71 5,73 -1,30 -1,83
ABN AMRO-Каспий мұнаи ГАЗ 14,69 8,20 12,64 5,67 -2,05 -2,53
Халық зеинетақы қоры 15,93 9,37 12,46 5,50 -3,47 -3,87
Валют-транзит Фонд 14,67 8,18 12,38 5,42 -2,29 -2,76
Қонаев атындағы МеЖЗҚ 14,42 7,94 11,87 4,94 -2,55 -3,00
Филип Моррис Қазақстан     11,42 4,52    
Қорғау 15,29 8,76 11,36 4,47 -3,93 4,29
Отан     9,87 3,07    
Орташа алғанда   8,45   5,83   -2,62

*№2 РЦБ Қазқстан 2003ж.

 

Кестеден көріп отырғанымыздан 2002 жылдың қорытындысы бойынша барлық жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің табыстылығы төмендегі. Бұл қаржы нарығындағы оның ішінде бағалы қағаздардың барлық категориалық бойынша табыстылықтың жалпы төмендегенімен байланысты. Ең жоғарғы табыстылықты мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры иемденеді, себебі, ол жыл ішіндегі номиналды табысының 0,5%-ы ғана ал қалған жинақтаушы зейнетақы қоры 2-3 жыл одан да көп пайызды жоғалтты.

/6,б.23/

Биржа талдаушыларының ойынша бұл жинақтаушы зейнетақы қордың өткен жылдары табыстылыққа ұмтылмай, өзінің еврооблигациаға салынған инвестициялық табыс ресурстарын сақтай алды және табысты бірте-бірте капиталдандыра отырып зейнетақы нарығындағы жаппай табыстылықтың төмендеуі кезінде өзінің активтерінің табыстылығын көтеруге мүмкіншілік алды.

2002 жылы зейнетақы активтерінің жиынтық инвестициялық портфелінің құрылымы маңызды өзгеріске ұшырады. Бұл негізінен 2002 жылы қазанда Қазақстанның егемендік қарызы еврооблигацианы жабудың екінші траншы жүргізілуіне байланысты . Еврооблигацианы ұстаушыларға, сыйақыны қоса есептегендегі жалпы төлем көлемі 364,8 млн долларды құрады (немесе 56,4 млрд тенгеге балама).

Негізгі қарыздың барлық көлемінің (350.0 млн. доллар ) 60%-ы отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі үшін алынған тәуелсіз еврообликациялардың екінші эмиссиясын жабу өте маңызды орынға ие болды.Бұл процесс нарық қатысуларының кері жүйесіне қарамай-ақ , олар үшін ешқандай қиындықсыз өтті.

Коммерциялық банктерге тиесілі еврооблигацияны жабудан түскен ақшаның негізгі бөлігі, валюталық нарыққа ауысты, ал босатылған зейнетақы активтері ішкі мемлекеттік бағалы қағаздарды (МЕОКАМ-ға, Ұлттық банктің ноталарына) және корпаративтік бағалы қағаздары (мысалы,Қазақстанның Даму банксінің облигациясына) алуға бағытталады.

2002 жылдың қорытындысы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының портфелінің агрегатталуының құрылымы 6-кестеде көрсетілген.

 

6-кесте

2002 жылдың қорытындысы бойынша агретталған инвестициялық портфельдің құрылымы*

 

Қаржы құрылымның атауы Жыл басына % Жыл соңына % Ауықты %
Мемлекеттік бағалы қағаздары, барлығы Оның ішінде: 1)айналу мерзімі 1жылдан төмен, тг-мен белгіленген қысқа мерзімдік ішкі МҚБ (Ұб ноталары, МЕККАМ) 60,81   5,16 48,17     12,43 12,64     7,27
2) Қаржы министірлігінің айналу мерзімі 1ж. Асатын, тг-де белгіленген орта және ұсақ мерзімдік ішкі МҚБ (МЕОКАН, МЕЙКАМ, МЕАКАМ)     10,95     12,54     1,59
3) Қазақстанның егемендік қарызының врооблигация       44,05   22,76   21,29
4) Қазақстанның жергілікті атқару органдарының АҚШдголларында белгілеген муниципалдық облигациялар 0,65 0,44 0,21
Қазақстандық эмитенттердің мемлекттік емес қаржылық инстументтері, барлығы оның ішінде: 1) теңгемен номиналданған қазақстандық эмитенттердің акциясы 32,47   3,64 37,04   3,85 4,59   0,21
2) теңгемен және АҚШ доларымен номиналданған қазақстандық эмитенттерінің корпоративтік облигациялары 20,17 24,33 4,16
3) теңгемен номиналданған дипозиттер және дипозтиттік сертификаттар 0,87 4,99 4,12
4) АҚШ долларымен номиналданған дипозиттер және депозиттік сертификаттар 7,79 0,87 -6,92
Шетел валютасымен номиналданған Шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары Оның ішінде: 1) шетел эмитенттерінің мемлекеттік бағалы қағаздары 6,71   - 14,80   4,92 8,09   -
2) шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары 3,06 3,13 0,07
3) халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздары 3,65 6,75 3,10
Портфелдегі бағалы 100,00 100,00

*№2 РЦБ Қазқстан 2003ж.

 

6-шы кестеде көріп отырғанымызды Қазақстанның егемендік қарызының еврооблигациясы 2002 жылдың қазан айында бұл мемлекеттік бағалы қағаздар категориясына екінші эмиссиясын жапқаннан кейін екі есеге дейін азайады.

Бұл жалпы алғанда мемлекеттік бағалы қағаздардың жиынтық портфелінің 12,64%-ға қысқаруына әкелді. Осымен қатар, отандық эмитенттердің корпоративтік облигациялардың (+4,16%), теңгелік депозиттердің (+7,12) шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарын (+8,09%) оның ішінде, шет мемлекеттердің мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары (+4,92%) және ХҚҰ-ның бағалы қағаздарының (+3,10%-ға), үлесінің маңызды өсуін айтуға болады. Көлемінің маңызды қысқаруы валюталдық депозитте (-6,92%) байқалады.

2002 жылы жалпы алғанда зейнетақы активтерін инвестициялаудың құралдары басқадай сапалы жаңа қаржы құралдарымен, егер шетел эмитентерініәң бағалы қағаздарын ескермесек, толықтырылған жоқ.

Зейнетақылық қызмет көрсету нарығында, зейнетақы активтерін инвестициялау үшін құрал жабдықтарының тапшылығынан басқа шешілмеген мәселелер қатары баршылық.

2003 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап күшіне енген зейнетақы заңдылықтарына енгізілген жаңа өзгерістер жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелерін шешеді деп танылады.

 

 

2.3 ЖЗҚ қызметіне экономикалық талдау

Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қазіргі қаржылық менеджментті сипатайттын негізгі ерекшеліктерді атап өтуге болады:

· Әкімшіліктік-шаруашылықтық шағындардың өсуімен жүргізілетін (меншік капиталының көлеміндегі жарғылық капиталдарының көлемі 100%-тен асатын жинақтаушы зейнетақы қорларының бірінші тобы) менеджмент;

· Жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметінен келіп түсетін таза табыстың өсуімен жүргізілетін (меншік капиталының көлеміндегі жарғылық капиталдың қөлемі 30%-дан аспайтын жинақтаушы зейнетақы қорларының екінші тобы) менеджмент;

· Салымшыларға қатысты пасивтік қызмет ететін және төмен шағындарды қажет ететін (меншік капиталының көлеміндегі жарғылық капиталының үлесі 30% және одан жоғары, алайда 100%-дан ары емес жинақтаушы зейнетақы қорларының үшінші тобы) менеджмент;

Меншік капиталдың өсу динамикасы маңызды. Жинақтық қорлардың капиталға айналуына байланысты оларға қойылатын талаптардың арта түсуінің жағдайында қорлардың қаржылық қызметін бақылау органдарының ЖЗҚ меншік және жарғылық капиталдың өсу динамикасы қатынастығының көрсеткішін өз жұмысында қолдана бастауы қажет. Немесе осы көрсеткішті тіпті пруденциалдық норматив ретінде де енгізуге болады, өйткені ол меншік капиталдың өсімін сөзсіз тездетеді. Меншік капиталдың көлемі жарғылық капиталдың көлемінен төмен болмауы тиіс, өйткені меншік капитал өзінің құрамында қосымша комиссиялық сыйақылар түріндегі табыстады, меншік капиталды инвестициялаудан алынған табыстарды қамтиды. Бұл көрсеткіштің төмендеуі қаражаттардың әкімшілік-шаруашылық қажеттерге асыра жұмсалғанын немесе қордың табыстарының жеткіліксіз екендігін білдіреді.

Жинақтық қорлардың жалпы табыстары 4 млрд. теңгеден астам, ал жалпы шығындары 3 млрд. теңгеден астам деңгейде құралды.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МНЗҚ) ең тиімді жұмыс істейтін жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады. Бұның себебі мынада: табыстардың жеткілікті көлеміне жеткендігі - сапалы қаржалық менеджментінің, қаржыларды кәсіптік деңгейде басқара алатындығын, қаржалық рыноктағы өзгерістерді есепке алып, алдын ала біліп, ауыспалы жағдайларға дер кезінде бейімделе алатынын білдіреді; қордың қатарында кәсіптік деңгейде жұмыс істей алатын қаржылық менеджерлер бар; қордың шағындары негіздемен; қор өзінің құрылтайшылары, бұл жағдайда - мемлекет үшін уақытылы, тұрақты, жоғары көлемдегі дивидендтердің төленуін қамтамасыз етеді.

Қаржылық менеджмент нәтижелерің маңызды көрсеткіштерінің бірі-таза табыстың көлемі болып табылады (жалпы шағындарды алып тастағандағы жалпы табыстар).

Таза табыс салық салуға дейінгі және салық салудан кейінгі таза табысқа бөлінеді. Осы екі параметрлердің қаралуының себебі теріс көрсеткіші бар жинақтаушы зейнетақы қорларында табыс салығының төлемдері жүзеге асырылмайтынына байланысты. Оң нәтижелер кезінде таза табысты акционерлерге олардың дивидендтерін алу үшін жіберілетін ақша төлемдерін бағалау мақсатымен салықтарды төлегеннен кейін ғана барып қараған қажет сияқты.

Таза табыстың теріс мәнінің бар болуын келесі екі жағдайдың орын алуымен түсіндіруге болады: өзінің нақтылануы мен қайта қаралуын қажет ететін қаржылық менеджементтің жете дұрыс емес стратегиясы жүргізіледі; ЖЗҚ өзінің шағынсыздық шегі жөнінде хабарсыз.

Экономикалық әдебиеттерде шағынсыздық шегі деп өндірілген өнімді немесе қызмет көрсетуге сатудан түскен түсім мөлшері осы өнімнің немесе қызмет көрсетудің өндірілуінің және айналымының шағындарына тең ететіндей қызмет деңгейінде жетуді атайды. Салық салудан кейін таза табысқа жету үшін әр ЖЗҚ шағынсыздық шегіне асып өтуі тиіс, яғни табыстары мен шағындары бойынша оған шағынсыздық шегіне сәйкес келетін таза табыс мөлшерінен өтуге және асып түсуге мүмкіндік беретін қызмет деңгейіне жетуі тиіс.

Осылайша, табыстардың шағындарға қатынастыға жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің болашағын көрнекті түрде бейнелейді.Осыған байланысты, біз осы коэффицентті жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржылық менеджменті сапасының көрсеткіштерінің бірі ретінде енгізуге ұсынамыз.

Осы коэффицентті ай сайын есептеп отыру барысында зейнетақылық қорлар деп кезінде қаржылық шешім қабылдауға және алынып жатқат табыстардан шағындардың асырылуына жол бермеуге қол жеткізе алады.Объективтік себептерге байланысты шағындарды көбейту қажеттігі туындағанда менеджерлер табысты көбейтудің амалын іздеуге тиіс болады да, соның нәтижесінде зейнетақылық қорлардың табыстарының негізгі көзі болып табылатын инвестициялық қызмет бойынша жұмыстың оңтайландыруын жүргізу бастайды және шағындарды азайтады. Бұның алдында шағындар құрылысының талдуы жүргізіледі.Ең алдымен еңбекақы қорына қөңіл бөлген дұрыс және қажет болса оны азайтып тастаған жөн. Бұл-қордың табысы төмен-қызметкерлердің табысы, төмен, деп аталатын экономикалық заңдарға сәйкес болады да жұмысқа сапалы көз қарас танытуға қуатты ант тудырады. Тағы бір маңызды көз қарас-ол, автоматтандыру, өйткені оның арқасында жұмыс орындарын қысқартуға және оларға кететін шағындарды төмендетуге мүмкіндік туады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын түзету үшін жинақтаушызейнетақы қорларының қаржылық менеджментінің жүйесін келесі бағытта жүргізу қажет: зейнетақы қорының зейнетақылық және мешік активтері бойынша қаржылық қызметінің талдауын жүзеге асыру; табыстар мен шағындардың бюджеттеуін жүзеге асыру; табыстар мен шағындардың бюджеттеуін жүзеге асыру; маркетингтік жоспарларын әзірлей отырып даму жоспарының стратегиялық жоспарларын әзірлеу, қаржылық сауықтыру мақсаттары үшін мүлік кешенің қайта құрылымдауын жүргізу, нарықтағы үлесін бағалау, қызметінің көрсеткіштерінің құраламы мен диномикосын, жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің позитивтік нәтижелерінің болжалдық үлгірерін жүзеге асыру.

 


ІІІ-бөлім. 3.1 Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жинақтаушы зейнетақы қорларын дамыту және жетілдіру жолдары.