Френель дифракциясы

1) Кішкене дөңгелек саңылаудағы Френель дифракциясы

Кішкене дөңгелек саңылауға тоғысатын сәулелер түссін және саңлаудың келесі бетіндегі Р нүктесіндегі жарық тербелесінің амплитудасын анықтайық (сурет). Бұл жағдайда саңлаудан Френельдің алғашқы m-зонасынан келген жарық толқыны өтеді.

формуласынан саңлауға сиятын зоналар санын анықтаймыз, яғни . Р нүктесіндегі жарық тербелесінің амплитудасы , мұндағы: алдындағы таңба тақ зоналар үшін оң, жұп зоналар үшін теріс болып алынады.

Егер саңлауға сиятын Френель зоналарының саны тақ болса, онда қарастырылатын Р нүктесінде жарық күшейеді:

.

Егер саңлауға сиятын Френель зоналарының саны жұп болса, онда қарастырылатын Р нүктесінде жарық әлсірейді:

2) Дөңгелек мөлдір емес дискідегі Френель дифракциясы

Дөңгелек мөлдір емес дискіге тоғысатын сәулелер түссін және дискінің келесі бетінде, дискі центрінен өтетін түзудің бойында жататын Р нүктесіндегі жарық тербелісінің амплитудасын анықтайық.

Бұл жағдайда дискі Френельдің алғашқыm зонасын жабады. Р нүктесіндегі жарық тербелісінің амплитудасы . Бұл жағдайда дискінің центріне қарсы жатқан Р нүктесінде жарық тербелісі ашық тұрған бірінші зонаның

тудыратын жарық тербелісінің амплитудасының жартысына тең болады, яғни бұл нүктеде жарықтың ақ дағы көрінеді.