Гюйгенс – Френель принципі
Жарықтың жолында кездескен бөгеттерді айналып өтуін Гюйгенс принципімен түсіндіруге болады. Гюйгенс принципі бойынша кеңістіктің толқын жеткен кез-келген нүктесін екінші реттік толқын көзі деп қарастыруға болады.
Француз ғалымы Френель Гюйгенс принципін екінші реттік толқынның амплитудасын және интенсивтілігін ескеріп, толықтырды.
Френель-Гюйгенс принципі:
Кеңістіктің толқын жеткен нүктелері тек қана екінші реттік толқын көздері болып табылмай және олардың интерференциясының нәтижесі болып табылады.