Жоспар:

1. Сөз тіркесінін меңгертудің ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері. Сөз тіркесінін байланысу тәсілдері мен түрлерінің тіл дамытудағы рөлі. Сөз тіркесін сөз таптарының тіркесімділік қабілеті арқылы жасалатын синтаксистік бірлік ретінде таныту, сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалармен салыстыра беру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын меңгерту. Сөз тіркесіне байланысты жаттығулар және оның түрлері. Сөз тіркесін оқытудағы көрнекіліктер мен қосымша оқу-әдістемелік құралдар.

2. Жай сөйлемдерді әдістемесі. Мектепте жай сөйлем синтаксисінен берілетін білім мазмұны. Оның ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері.

3. Жай сөйлемнің құрылымдық-мағыналық жүйесі және оны меңгерту әдістемесі.

4. Жалаң және жайылма сөйлемді проблемалық әдіспен меңгерту әдістемесі.

5. Жақты және жақсыз сөйлемдерді оқыту және олардың стильдік қызметіне назар аудару.

6. Толымды және толымсыз жай сөйлемдерді оқыту және оларды қатысым синтаксисі тұрғысынан меңгерту әдістемесі.

7. Атаулы сөйлемды оқыту және оны логикамен байланыстыру жолдары.

8. Жай сөйлемді сатылай кешенді талдау әдістемесі.

9. А. Байтұрсынұлы ұсынған терминдерді мағыналық жағынан талдау.

10. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері. Сөйлемнің мүшелерінің орын тәртібінің мағыналық қызметін талдау әдістемесі.

11. Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Құрмалас сөйлем синтаксисінен берілетін білім мазмұны. Құрмалас сөйлемді теориялық деңгейде оқытудың әдістемесі. Құрмалас сөйлемнің құрылымдық- мағыналық жүйесі туралы түсінік беру жолдары. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемді сатылай кешенді талдау әдістемесі.

Салалас құрмалас сөйлем және оның жасалу жолдары. Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін оқыту әдістемесі. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу жолдарын талдау әдістері.

Сабақтас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдарын оқыту әдістемесі. Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлері мен олардың жасалу жолдарын меңгерту.

Аралас құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Аралас құрмаластың өзіне тән жасалу жолдарын меңгерту әдістемесі.

Көп компонентті құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Көп компонентті ішкі жүйесін құраушылар: көп компонентті салалас құрмалас сөйлем, көп бағыныңқылы салалас құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем. Сөйлем талдаудың өзіндік логикалық жүйесі және оқушыларға меңгерту әдістемесі.

Сөз тіркесін сөз таптарының тіркесімділік қабілеті арқылы жасалатын синтаксистік бірлік ретінле таныту, сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалармен салыстыра беру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын меңгерту. Сөз тіркесін талдау логикасы. Сөз тіркесіне байланысты жаттығулар және оның түрлері. Сөз тіркесін оқытудағы көрнекіліктер мен қосымша оқу-әдістемелік құралдар жүйесі.

Сөз тіркесін оқыту барысында сөздік қорды молайту. Мектеп оқушылырының сөздік қорын молайту жұмыстарында лексикалық тұлғаларды сөз тіркестерін оқыту үдерісімен ұштастыру балалардың бойында сөздерді дұрыс тіркестіре алу қабілеттерін қалыптастырады. Сөз тіркестерінің теориялық құрылымын меңгеру арқылы оқушылар өздерінің сөздік қорларындағы сөздерді дұрыс тіркестіруге үйренеді. Өйткені адам өз ойын жеткізуде жалаң сөзді ғана қолданбай, олардан сөз тіркесін жасап, сөйлемдер құрастырады.

Баланың жеке сөз бен сөз тіркестерінің қолданылуы туралы білім беру арқылы оқушылардың ойын дамытуға болады.

Қазіргі заманғы педагогикалық ой-тұжырымдарда гуманизм идеялары, еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық ерік -жігерінің дамуы басты ролді атқарып отыр.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар: оқушының шығармашылық қабілетін дамытуды жүйелі түрде жүргізу; жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы; ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі. Оқушылардың сөздік қорын, сөз тіркесін оқыту арқылы молайту жұмыстарында олардың бойында мынадай дағдылар мен біліктер қалыптасады.

-Теориялық мәселені анық түсініп, оны өзінің тәжірибесінде кеңінен қолдану;

- Сөздерді бір-бірімен дұрыс тіркестіре алу;

-Ауызша және жазбаша жүйелі сөйлеу. Бұл біліктер мен дағдылырды қалыптастыру үшін оқыту жаттығулары және тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі. Мысалы:

1. Төмендегі сөздерді мағыналарына қарай тіркестіріндер.

1-тапсырма. «Берікбай атам бүркіттің томағасын сыпырды» және «Ерлан томаға тұйық адам» деген сөйлемдерді «томаға» сөзінің мағыналық ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратыңдар.

2-тапсырма. Төмендегі сөздерді мағыналарына қарай тіркестіріңдер.

Бәсеке, жасанды, зая, қылық, түсті, кетті.

3-тапсырма. “Кеше не көрдім” – тақырыбына мәтін құрастыр.

1. Зат есім мен етістік сөздерді тіркестіріңдер.

1-тапсырма. «Тарам» сөзін «тар» «тарау», «тарақ», «тарлық», «таршылық» сөздерімен салыстырыңдар. Түбірлес сөздерге жататындығын не жатпайтындығын анықтаңдар.

2-тапсырма. «Өрен», «Секем» сөздерін қандай етістіктермен тіркестіре аламыз.

3-тапсырма. Қандай сөз қай сөзбен тіркеседі.

Қой мияулады

Сиыр мәңіреді

Жылқы ақырды

Арыстан үрді

Ит кісінеді

Мысық мөңіреді.

б) Синонимдер сөздігі бойынша

1- жаттығу. Нүктенің орнына синонимдер қойып жазыңыздар. 1. Күздің жылауық ... шағы жеткен /Ғ.Мұсрепов/. 2. ...әке үй ішінің де дегбірін алып, қуырып барады. З. Өткен күзде алған екі соқа ... болып шықты /Қаз. әдеб./. Одан әрі жаттығулар мәтін бойынша ұйымдастырылады.

Әртүрлі грамматикалық тұлғалардың қолданымдылығын талдау сөздік-минимумның әрбір сөзіне нақты грамматикалық сипаттама беруге мүмкіндік береді, сондай-ақ тіліді алғашқы оқыту кезінде грамматикалық тұлғаларды үйрету сөздің грамматикалық мағынасын игеруіне көмектеседі, бұл оқушылардың сөздің грамматикалық мағынасын игеру арқылы сөздік қоры сапалық жағынан толығуы мен сөйлеу қатысымдық әрекетіндеқолдана білуикемділігі мен дағдысын қалыптастырады.

Сабақтас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдарын оқыту әдістемесі. Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлері мен олардың жасалу жолдарын меңгерту. Сабақгас құрмалас сөйлем деп- құрамындағы сыңарларының бірі екіншісіне бағына байланысқан сөйлемді айтамыз.

Аралас құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Аралас құрмаластың өзіне тән жасалу жолдарын меңгерту әдістемесі. Ал аралас құрмалас сөйлем деп- құрмаластың құрамындағы үш (не төрт) сөйлемнің бірі екіншісімен салаласа, ал екіншісі үшіншісімен сабақтаса байланысқан құрмалас сөйлемді айтамыз.

Көп компонентті құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Көп компонентті ішкі жүйесін құраушылар: көп компонентті салалас құрмалас сөйлем, көп бағыныңқылы салалас құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем. Осыларды талдаудың өзіндік логикалық желісі болатындығы және оны оқушыларға меңгерту әдістері

Салалас құрмалас сөйлем

1. Салалас құрмалас сөйлемге жалпы сипаттама

2. Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары

3. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.

Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемді таптастыру А. Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алады. Ол “Сөйлем жүйесі мен түрлері” атты еңбегінде құрмаластарды алдымен сыйыса құрмаласу (қазіргі бірыңғай мүшелі сөйлемдер) және қиыса құрмаласу (қазіргі салаластар мен сабақтастар) деп жіктесе, Қ. Жұбанов салалас және сабақтас деп,

С. Аманжолов төртке бөледі: салалас, сабақтас, аралас және тиянақты басыңқысыз құрмаластар.

Құрмалас сөйлем синтаксисін арнайы зерттеген Н. Сауранбаев соңғы топтастыруында құрмаластарды төртке бөледі: салалас, сабақтас, аралас, және үйірлі мүшелі сабақтастар. С. Жиенбаев құрмаластың тек салалас, сабақтас деген екі түрінің бар екенін, ал аралас құрмаластың өз алдына бір бөлек заңдары жоқ екенін көрсетеді.

Лингвистикалық ғылымда құрмалас сөйлемдерді топтастыру принциптерінің бірнеше түрі қолданылып келеді. Олардың негізгілері: дәстүрлі және құрылымдық-семантикалық. Дәстүрлі немесе логика-грамматикалық топтастыру бойынша құрмалас сөйлемдер: салалас, сабақтас, аралас болып үшке бөлінеді. Құрылымдық-семантикалық топтастырудың негізінде құрмалас сөйлемдер жалғаулықты және жалғаулықсыз болып жіктеледі.

Құрмалас сөйлемдер құрамындағы предикатив сыңарларына қарай екі құрамды және көп құрамды болып жіктеледі. Екі құрамды құрмаластар салалас және сабақтас болып жіктелсе, көп құрамды құрмаластарды көп компонентті салалас, аралас және көп бағыныңқылы сабақтас деп бөлу дәстүрі бар.

Салалас пен сабақтастың арасындағы айырмашылық - олардың компоненттерінің құрмаласу тәсілінде, мағыналық байланыстарында, интонациялық құбылыстарында, компоненттерінің негізгі екі мүшесінің бір-бірімен синтаксистік қатынастарында, әсіресе компоненттердің баяндауыш формасында. Құрмалас сөйлемнің салалас түрі мен сабақтас түрлерінің арасында мынадай өзгешеліктер бар:

1. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауыштары тиянақты формада айтылады да, сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерінің алдыңғылары тиянақсыз формада айтылып, тек соңғысы ғана тиянақты формада болады.

2. Салалас құрмаластың баяндауыштары тең дәрежеде, теңдік қатынаста тұрып, салаласа байланысса, сабақтас құрмаласта бағыныңқы компонент баяндауышы басыңқы компонент баяндауышына бағына байланысады.

3. Салалас құрмаластың жай сөйлемнен кейін болатын интонациялық кідірісі едәуір тиянақты болады да, сабақтас құрмалас сөйлем компоненттері арасындағы интонация тиянақсыз, елеусіз болып келеді.

4. Салалас құрмалас компоненттерінің баяндауыштары өз бастауыштарымен қиыса байланысса, сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауыштары өз бастауыштарымен қиыспайды.

5. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен құрмаластыру үшін жалғаулық шылаулар қолданылады, ал сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерін құрмаластыруда септеулік шылаулар қолданылады.

6. Салалас құрмалас сөйлемнің 1-компоненті 2-компонентке тәуелсіз, оның ішіндегі мүшелерге байланыссыз болып келсе, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағынышты компоненттерінің көпшілігі өзі жетектеліп тұрған компоненттің белгілі бір мүшесіне тәуелді болып, соны түрлі жағынан айқындап, тұрлаусыз мүше тәрізденіп кетеді.

Компоненттерінің мағыналық қатынасы жағынан алғанда, қазақ тілінде салалас құрмалас сөйлемнің 8 түрі бар. Олар:

Салалас құрмаластың түрлері

Салаластың түрлері Жалғаулықтары Жалғаулықты Жалғаулық сыз
1. Мезгілдес салалас     Да, де, та, те, әрі, және Құнанбай тез бұрылып сәлемдерін алды да, қысқа ғана амандық сұрады. Қадырбай мен Қуандық мына сөздің тұсында бір-біріне қарасты, іштен ұғысқандай болды.
2. Себептес салалас     Сондықтан, сол себепті, өйткені, себебі Қолымда әмір құдіретім жоқ, сондықтан істей алар шарам да жоқ. Бұрын өз тұсында мұндайлық істі істемеген Құнанбай басқа қырға мінді, Жігітектің мына жастары бастаған істің түбінен ол аса қатты сескенген.
3. Қарсылықты салалас     Бірақ, дегенмен, әйтсе де, алайда, солай болғанмен Көштер қиыс өтіп кетіп еді, бірақ бұл топ әлі асыққан жоқ. Бірнеше күн бұрын жұрттың қозғалысында бір асығыстық бар еді, қазір ол жоқ.
4. Талғаулы салалас     Не, мейлі, немесе, я, яки, я болмаса, әлде, мейлі Бұл жерде не шөп жоқ, не қамыс жоқ.  
5. Кезектес салалас     Бірде, біресе, кейде   Ойы дана, мінезі майда, жолы даңғыл қарт ақын Абайдың бұрын көрген ақындарына кейде ұқсайды, кейде ұқсамай кететін сияқты.  
6. Салыстырмалы салалас     - - Білген адам тауып айтады, білмеген адам қауып айтады.
7. Түсіндірмелі салалас     - - Менің сендерге берген парам сол: дәл сол Құнанбай баласы да өзіміздей адам баласы екенін таныттым.
8. Шартты салалас     - - Осы жолмен жүре бер, алдыңнан бұлақ кездесер.

Көп компонентті салалас сөйлемдер

Тілімізде ойлаудың табиғаты күрделене түсуіне байланысты соңғы кездері 2 компонентті құрмалас сөйлеммен қатар көп компонентті құрмалас сөйлемдер қатары көбейе түсті. Қазақ тіл білілімінде көп компонентті құрмалас сөйлемдер туралы алғашқы пікір айтқан

 

Сабақтас құрмалас сөйлем

1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жалпы сипаты

2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары

 

Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер

Құрамында екі не одан да көп бағыныңқысы, бір басыңқысы бар сабақтастың түрі көп бағыныңқылы сабақтас деп аталады. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерге тән басты ерекшелік бір-бірімен ұласа байланысқан жай сөйлемдік үлгілердің соңғысынан басқасы тиянақсыз тұлғада тұрады. Тиянақсыз тұлғалы сыңардың кемі екеу болып келуі де басты нысан.

Екіншіден, құрам сыңарларының бағыныңқы немесе басыңқы сипатта болуы жеке предикативтілік бөліктердің тиянақсыз немесе тиянақты түрде тұлғалануына тәуелді емес, яғни тиянақсыз тұлғалы сыңар да басыңқылық қызмет атқарады. Кеш батып, үй іші қараңғы болса да, Ділдә от жақпапты ( Әуезов).

Үшіншіден, мұндай сөйлем құрылымдарында грамматикалық мағынаның сақталуы тиіс, яғни жеке предикативтілік бөліктердің қарым-қатынасында синтаксистік те, мағыналық та байланыс түзілім құрғаны жөн. Мысалы: Күндізгі жауап сонымен бітіп, Амантайды қайта апарып қамағанда, үйде отырғандардан ол не айтып, не қойғанын жасырған жоқ ( Мұқанов).

Төртіншіден, тиянақсыз тұлғалы сыңарлар соңғы тиянақты тұлғалы сыңармен осы баяндалған өлшеммен ғана байланыспайды. Кейде әр тиянақсыз тұлғалы сыңардың соңғы бөлікке байланысы ерекше болып келуі ықтимал. Қамаған үйдің терезелері темірмен құрсауланып, есігіне жуан темірден баспа істелініп, ол баспаға үлкен құлыптар салынып, маңайына мықты күзет қойылды ( Мұқанов).

Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы тиянақсыз тұлғалы бөліктерінің басыңқы бөлікпен байланысы жарыспалы және сатылы ыңғайда болады. Оның жарыспалы бағыныңқылы түрінде басыңқымен болатын байланыс еркін болады, кез келген тиянақсыз тұлға басыңқымен грамматикалық мағына құрайды. Асқар Көкшеге көзін салса, ызғар жалаған бергі жақ қабағы қорғасын тәрізді сұрланып, күн сәулесі шағылысқан төбесіндегі қар аппақ күмістей жарқырап тұр екен

( Мұқанов).

Жарыспалы бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы компоненттерінің баяндауыштары бірыңғай тұлғалы сөздерден болуы да, түрлі тұлғалы сөздерден болуы да мүмкін. Демек, көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жарыспалы түрі жеке сыңарларының тұлғалық өзгешелігі мен мағыналық қатынастың ерекшелігіне орай бірыңғай және әр алуан жарыспалы деп екі топқа бөлінеді. Күні бойы жаңбыр жауып, оның үстіне қатты жел тұрып, бараққа зорға жеттік

( Мұқанов). Осындай аз топ екі ұдай болған енжар көңілмен ақырындап келе жатқанда, күн анық батып, ымырт әбден жабылды ( Әуезов). Алдыңғы сөйлем бірыңғай себеп мәнде, ал соңғы сөйлем мезгіл - амал мәнде келген.

Сатылы бағыныңқыда әр бағыныңқы компонент басыңқы компонентпен өз бетінше, тікелей байланыспайды, өзінен кейінгі бағыныңқыға байланысады да, сол арқылы сатылап барып басыңқымен құрмаласады. Сыртта біреулері сүйсініп, біреулері сұқтанып, тағы біреулері қызғанышпен күңкілдесіп, сыбыр-жыбырдан тыным алмай жүр (Әуезов). Мұндай түзілімді сөйлемдерді көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің сатылы бағыныңқылы түрі деп атайды.

Аралас құрмалас сөйлем

Құрмалас құрамына енген жай сөйлемдер әрдайым не бірыңғай салаласа, не сабақтаса байланысып отырмайды. Көп жағдайда құрмаласудың осы екі тәсілінің бір сөйлем ішінде қатарымен келетіні болады. Құрамына енген жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысатын құрмалас сөйлем аралас құрмалас сөйлем деп аталады. Жертөле тұсаулы аттай бір секіріп қалды да, оның төр жақ іргесі құлап, үстімізге су топырақ сау ете түсті (Нұршайықов). Басқа көп сыңарлы құрмалас сөйлемдер түріндегі негізгі предикативтілік бөліктер саны көбіне төрт-бестен аспайтын болса, аралас құрмалас сөйлемнің құрамында бұлардың көрінісі жиі және сыңарлардың одан әрі жайылмалануында шек болмайды. Оларды төмендегідей құрамда топтап көрсетуге болады:

1. Төрт сыңарлы аралас құрмалас сөйлемдер. Басын жастықтан көтерейін деп еді, оған бірақ кеудесі қысылып барып жатқан соң, өзінің әлсіздігіне ыза боп, ақ кірпігін серпіп қалды (Нұршайықов).

2. Бес сыңарлы аралас құрмалас сөйлемдер. Бауыршық жанталаса қылыш ойнатты, қарсыластың қатты тойтарғаны соншама- алақаны жаңғырып, сай-сүйегі сырқырады, қаруды түсіріп ала жаздады

( Досжанов).

3. Алты сыңарлы аралас құрмалас сөйлемдер. Жәкейдің тыққаны бар екен, баяғыда ақтар Жабағы бидің жылқысын топырлата айдағанда, әр жерде тай, құнан қалыпты, әр жерде бес-ондап құлынды бие қалыпты, жұрт абыр-сабырболып жатқанда, бәрін Жәкей жинап алыпты, аулақты ұстапты (Мағауин).

4. Жеті, сегіз сыңарлы аралас құрмалас сөйлемдер. Ымырт қоюланып барады, әуелі су бетіне батар күннің қан қызыл бояуы төгілді, бара-бара ол да семіп, өзен суы қарауытып, түпсіз тұңғиық тартты, құдды жұтып қоятындай көрінеді, сол тұңғиықтан алғашқы жұлдыздар жылтырады (Нұрманов).

Аралас құрмалас сөйлем жай сөйлемдер құрмаласуының салалас пен сабақтастан бөлекше тұратын, үшінші тәсілі емес, сол негізгі екі тәсілдің – салаласу сен сабақтасу тәсілінің бір құрмаластың ішіне топтасқан түрі болып табылады.

 

№13 Дәріс Тақырып: Мәтінді оқыту әдістемесі

Жоспар:

1. Мәтіннің негізгі белгілерін анықтаудағы логикалық операциялар және оларды оқушыларға меңгерту.

2. Мәтіннің тұтастығы оның құрылымдық және мағыналық бірлігі арқылы танылатындығы.

3. Мәтінді талдау әдістемесі. Мәтінді фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, сөз тіркесі, сөйлеммен байланыстыра оқыту әдістері. 4. Мәтінді құраушы тіл бірліктерінің мәтін құрылымындағы байланыс жолдарын меңгерту әдістемесі.

Мәтін жөнінде екі түрлі көзқарас бар: зерттеушілердің бір тобы мәтіннің өзіндік белгілері, категориялары, тұлға бірліктері бар нысан ретінде емес, ол тек оны құрайтын сөйлемдердің қасиетінен тануға болады деп қараса, екіншілері, мәтін өзіндік ерекшеліктеріне тән бірліктердің қосындысынан тұрады деп есептейді. Алайда, ғалымдардың көпшілігі мәтіннің өзіндік ерекшелігі бар, жеке қарастырылатын категория деп біледі. Яғни сөйлем мен қайырым мәтіннің құрамдас бөлігі. Ал олар жай қосындысынан емес, белгілі жүйемен мәтін құрайды. Демек, мәтін өзіндік белгілері, жүйесі, сипаты, формасы, мазмұны, өлшемдері мен құрылысы бар өте күрделі категория.

Мектеп оқушыларының ойлау мен сөйлеу әрекетін дамыту күн тәртібіне өткір қойылуда. Ал сөйлеу және жазбаша болатыны белгілі. Сондықтан оқушының жазбаша сөйлеу икемділіктерін дамытуда қазақ тілі әдебиеті пәнін оқытудың маңызы ерекше. Зерттеуші ғалымдар қатарында А. Айғабылов «Текст дегеніміз бір тақырыпқа енетін мағыналық тұтастығы бар бірнеше сөйлемнің жиынтығы. Ол тақырып мазмұнына қарай ұзақ та қысқада болуы мүмкін», - деп мектеп оқушыларына лайықты анықтама береді .

Сол себептен де қазақ тіл білімінде, ғылыми мәтіннің табиғатын, ерекшеліктерін ашу үшін, бұл мәселенің зерттелуін қарастыру қажет. Мәтін ұғымы лингвистикада ертерек те болған бірақ лингвистер қабылдауы басқаша болған. Атап айтсақ, оны сөйлеудің қорытынды материялы және түркі тілдік бірліктердің қолданылуы деп қараған. Соңғы кезде көпшілік ғалымдар мойындаған мәселе – мәтін құрайтын элементтердің бір-бірімен байланыстылығы мен тұтастығы.

Зерттеуші ғалымдардың бірі – Б. Шалабаев мәтіннің маңызды белгілеріне оның тақырыбының болуы және аяқталуын жатқызады .

Мәтін құрастырудағы жаттығу ерекшелігі үш тәсіл арқылы жүргізіледі.

1. Лексикалық ерекшелік.

2. Морфологиялық ерекшелік.

3. Синтаксистік ерекшелік арқылы іске асады.

Баланы шығарма жазуға үйретуден бұрын мәтін құрастыра білу икемділігі мен дағдысы қалыптастырылады. Ол үшін:

-ғылыми әдебиеттердің негізінде мәтіннің ерекшелігін ашу;

-мәтіннің құрылымын анықтау;

-мәтіннің жасалуы үшін оны құрайтын элементтерді, сөйлем қайырым ерекшелігін көрсету;

-мәтіннің түрлері туралы мәлімет беру;

-мәтін құрастыру туралы икемділіктері мен дағдыларын жаза білу шеберлерінде ұластыру.

Сондықтан бұл құралдың мақсаты баланың, өз ойын жүйелей біәлу құрастыру дағдылары мен икемділіктерін жетілдіру болды.

Мәтін туралы білім беру мына жүйеде болу қажет деп санаймыз. Атап айтқанда, тіл білімінде: сөз, сөздің тіркесіне түсуі, тіркес, тіркесінен сөйлем жасалғандығы, қайырым, қайырымнан мәтін құралатындығы. Мәтін туралы білім ең алдымен қайырымның түзілуі ерекшелігіне байланысты. Сондықтан мәтіннің құрылымдық ерекшелігі оны құрайтын сөйлемдердің мақсатқа сай ойды жеткізуге байланысты құрастырылуына, одан қайырым жасалатындығына назар аударылады. Әсіресе, адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасағанда жеке-жеке сөйлемдерден ғана емес, тұтас бір пікірді пайдаланатындығын, сондай-ақ бірнеше ой пікірді білдіретін сөйлемдерді өзара байланыстыра келіп, жүйені жүргізеді .

Көптеген ғалымдар мәтін композициясын үш бөлікке бөледі. Олар: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды.

Мәтін мынадай әмбебап мағыналық категорияларды бейнелдейді: кейіпкер, уақыт, кеңістік, қабар, көзі, автор және оқырман бейнелері. Ал жай мәтінге бұлардың тек соңғылары ғана тән.

Мәтін көлбеулік және көлемдік өлшемдер тұрғысынан құралады. Мәтін көлбеулік құрылымы оның логикалық, грамматикалық заңдылықтар тұрғысынан, әңгімелеу типі немесе хабарлау формасы тұрғысынан құрылуы.

Мәтіндер мкағыналық тұтастығы тұрғысынан мынадай белгілер бойынша сараланады: 1)мәтін белгілі бір тақырыптағы айтылған ой-пікір; 2)мәтінде айтушының негізгі ойы - пікірі ақпараттың шешімін табады; 3) көлемді мәтіндер әрқайсысы салыстырмалы дербес аяқталған ой пікірді білдіреді; 4)мәтіннің пікіріне сәйкес мазмұн тақырыбын таңдап алуға болады; 5)дұрыс құрылған мәтіннің әдетте кіріспе, негізгі бөлім мен соңы болады.

Мәтін адамның сөйлеуіндегі бір үзінді болғандықтан оның мкағыналық тұтастығы болмыстың өзіндей байланыстар мен тәуелділіктер көрінісі бойынша анықталады.

Сөйлеу құралының бірлігі айту тақырыбы болып табылады. Тақырып мәтін мазмұнның сараланып, қорытылған мағынаның өзегін, түйінін аңғарту.

Сөйлеу, айту мазмұны ұғымы сөйлеудің хабар категориясымен байланысты. Деректі – мазмұндық және концептуалды –мазмұндық деп хабардың екі түрін ажыратады. Деректі - мазмұндық хабарда бізді қоршаған өмірде, ақиқат пен байланысты болған, болып жатқан дерек оқиға, үздік жайында хабарланады. Концептуалды – мағыналық – хабарда оқушыға деректі хабарда айтылған құбылыстар арасындағы қатынастарды олардың себебі мен салдарын,халық өміріндегі экономикалық саяси, мәдени, әлеуметтік мәтін автор өзіндік түсінік тұрғысынан хабарлайды.Мұндай хабар шығарманың өн бойында болады.Консептуалды хабар – бұл автордың түркі ойы мен оның түсіндіру, талдауының мағыналық жиынтығы. Не жайлы айтылуда, не айтылуда деген мазмұндағы хабардың бұл екі түрі мектепте тақырып деп аталады және мәтіннің негізгі ойы пікір болып табылады.

Мәтіннің мағыналық тұтастығына жету үшін негізгі мағына ұғымы да тақырып ұғымы да сияқты аса маңызды. Сөйлем құралы жайында бір нәрсені хабарлай отырып, біз негізгі айтылатын ойды жеткізу үшін материалды іріктеп, сұрыптап алғанда ғана, мәтін мағыналық тұтастыққа ие болады. Басқаша айтқанда, тек тақырып қана емес,соымен бірге негізгі ой да мәтін сөйлемдерін біріктіріп, оған мағыналық тұтастық береді.

Мәтіннің мағыналық тұтастығын, тақырып бірлігін сөз өткенде айтылатын ойдың ескерген жөн. Кең көлемде мәтінде тілдік құрал бірлігі тақырыптардың бір-біріне сатылай,сабақтаса байланысуынан аңғарылады. Мұнда тақырып оны құрайтын тақырыпшаларға,ал тақырыпша одан әрі микротақырыптарға дейін бөлшектейді.Микротақырып сөйлеу мағынасының нң кіші белгісі деп саналады.Әдетте, мәтінде оған әрі қарай мағыналық жағынан бөлшектеуге келмейтін қайырым сәйкес келеді.

1.Мәтінді құраушы тіл бірліктерінің мәтін құрылымындағы байланыс жолдары.

Мәтін мағынасын толық түсіну дегеніміз не? Жалпы алғанда, студенттер мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оның ішіндегі жеке сөздерді түсіну керек. Бұл жеке сөздер түсінікті болса, тұтас мәтінде түсінікті болады деген жалпы пайымдау. Мәтіндер әр түрлі болады. Сөздердің жеке тұрғандағы мағынасы кейде мәтін контексіндегі мағынасымен бір бола бермейтінін жоғарыда айтып кеткенбіз. Сондықтан мәтіндегі ойды дұрыс түсіну үшін онда берілген сөздердің тура мағынасымен қатар ауыспалы мағынасын да білу қажет .

Жекелеген сөздерінің мағыналары белгілі бола тұрса да кейде тұтас сөйлемнің мағынасын ұғу қиын болуы мүмкін. Дегенмен, кей жағдайда мәтін ішіндегі сөздердің бірлі-жарымы түсініксіз болса да, оның жалпы мазмұнын студенттер түсініп жатады. Мысалы, 1643 жылдың қысында қалмақтар қалың қолмен келіп қазақтарға қарсы соғыс ашады.... Бұл сөйлемдегі қалың қолтіркесінің мағынасын студенттер түсінбесе де, сөйлемнің жалпы мазмұнын ұғады. Әрине, бұл жерде мұндай сөздерді түсіндірмесе де болады деген пікір тумаса керек. Керісінше, оларды студентер біліп, түсініп отырса, сөйлемнің, сондай - ақ , сол сөйлем тұрған мәтіннің жалпы көркемделген мазмұны айқындала түседі. Бұл жерде біздің айтпақ ойымыз: мәтін мағынасын түсінуге кейбір жеке сөздердің түсініксіз болуы ешбір кедергі келтірмейді. Сөздердің ауыспалы мағынасын түсіндіру қажет. Сонда ғана сөйлем мағынасы, одан мәтін мазмұны түсінікті болады.

Келесі мәтін соңынан жүргізілетін жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтін мазмұнының негізгі элементтерін, танымдық құндылығын айқындауға, мәтінге түсініктеме беруді үйретуге бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Мәтінде берілген мамандығына байланысты мәліметті студенттер болашаққа қызмет барысында қолдануы тиіс. Тілді оқып үйрету талабы да - осы. Сондықтан бұл жаттығулар мәтінмен жұмыс барысында меңгерген кәсіби тілдік құрылымдарды тілдік қатынасата студенттердің еркін қолдану дағдысын қалыптастыруға бағытталады.

Бірақ мәтінмен жұмыс осы үш кезеңмен шектеліп қалмайды. Ол тілді оқытып үйретудің басқа тәсілдерімен бірлікте, тығыз байланыста ұштастыра жүргізілуі тиіс.

Оқушылар оқыған материалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін, оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдардың сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі. М. Мұқанов шығармашылықты интеллектуалдық іс-әрекет жоғары көңіл-күй талап етеді және қалайда сезімдік мотивациясы болады деген. Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыстар жүрізіледі:

1. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.

2. Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.

3. Шығарманы оқу.

4. Оқыған шығарманың мазмұнын айту.

5. Шығарманың жоспарын жасау.

6. Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар

Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.

Көркем шығарма жазушының сөзі арқылы қабылданады. Шығарманы оқыған кезде оқушыда елес туады. Ақыл-ой жұмысын зерттеу барысында эмоциялық қозғаушы күштің мәнін И.П.Павлов: «Ақыл-ойдың маңызды қасиеттері – оның ұзақ уақытқа шоғырлануы»-деп жазады .Бұл оқушының сезімін де қозғайды. Балалар қояннан қорыққан қасқыр туралы оқығанда күледі. Бомба түсіп: « - Ей, тілсіз жануарлар. Мені, де сені де балапанынан айырған қара жүрек жауыздар...» деген сөздерді оқығанда, көздеріне жас келеді.А.Г.Ковалевтың берген анықтамасы бойынша «қызығушылық бұл маңызды өмірлік мәні мен эмоционалдық тартымдылығында көрінетін тұлғаның нысанаға деген таңдап алған қарым-қатынасы» . Осы ішкі көрініс айқындала түсу үшін, оқушының санасында осы бейне анық жасалу үшін шығарманы оқымас бұрын оқушылармен алдын-ала дайындық жұмысы жүргізіледі. Бұл көбінесе әңгіме түрінде ұйымдастырылады. Дайындық әңгіме оқығалы тұрған шығармадағы оқиғаға ұқсас, балалардың өз өмірінде болған оқиғаларды еске түсіру сияқты тәсілдермен өткізіледі .

Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі:

1) мәтін оқуға дайындық кезінде;

2) шығарманы оқу барысында;

3) оқып болғаннан кейін.

Мәтінді оқуға дайындық кезінде шығарманың мазмұнын ұғынуға қиындық келтіретін сөздер түсіндіріледі. Кейбір сөздердің мағынасы контекске қарай өзінен - өзі түсінікті болатынын ескеру қажет және оқымас бұрын көп сөздер мен ұғымдарды түсіндіре бергенімен, ұмытылып қалады да, оған қайта оралу керек болады.

Баланы сөйлеуге үйрету үшін оқушыларға әр сыныпта тілдің белгілі бір мөлшерде сөздік қорын меңгерту және сол сөздерді дұрыс айтып, сауатты жазуға және сөйлеуде дұрыс қолдануға дағдыландыру тіл дамыту материалдарын сұрыптау арқылы ұйымдастырылады. Қазіргі кезде әдістемеде қолданылып жүрген лексикалық құралдарды іріктеу ұстанымдарын үш топпен қарастырдық; статистикалық, әдістемелік, лингвистикалық ұстанымдар.

Бірінші, сөздің қолданылу жиілігі және оның көп тарағандығы. Сөздің қолданылу жиілігі деп оның бір мәтінде немесе зерттелген мәтіндердің бәрінде кездесу санын айтамыз. Оның көп тарағандығы дегеніміз – зерттеген мәтіндерде сол сөздің жиі қолданылуы. Бала тілін дамыту үшін қажетті лексикалық минимум беруде бұл екі ұстаным жеке-жеке емес, кешенді түрде пайдаланылады.

Сөздік жұмысын жүргізгенде мұғалімнің есінде болатын жағдай –сөздік жұмысын балалардың өз өмірімен, нақты елестерімен байланыстыру.

Мәтінді оқушыларға бөліп оқытқанда оны кез келген жерден үзбей, әр бөлімді, белгілі бір аяқталған ойды білдіретін бөлімдерін, кезекпен бірнеше бала оқығаны жөн.

Мәтінге жақын мазмұндау механикалық түрде өтпеу үшін мұғалім дайындық жұмысын жүргізеді. Ондай бейнелі сукреттемелерді, сұлу сипаттамаларды көрсетіп, идиомаларды түсіндіреді, оларды қалай қолдану керек екенін айтады. Балалардың зейінін мәтінге кейбір сөйлем құрылыстарына аударады. Оны жеңіл, қарапайым түрде айту керектігін көрсетеді .

Қорыта келгенде, мәтін болу үшін оны құрайтын элементтері, олардың бір-бірі мен байланыстылығын, яғни тұтас мазмұны, жасалу құрылымын ажыратуымыз керек.

№14 Дәріс Тақырып: Орфографияны оқыту әдістемесі

Жоспар:

1. Орфографияны оқытудың ғылыми-практикалық маңызы, міндеттері ұстанымдары. Орфографиялық жұмыстың мазмұны. Орфографиялық іскерлік пен дағдыларды қалыптастырудың психологиялық негіздері. Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдісі. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі. Орфографиялық талдау.Орфографияны оқытуда көрнекіліктер мен қосымша оқу құралдарын колдану әдістері.

2. Пунктуацияны меңгерту әдістемесі

Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндеттері. Пунктуацияны оқытудың мазмұны, кезеңдері. Пунктуацияны оқыту ұстанымдары: мазмұндық, құрылымдық, интонациялық. Пунктуация және синтаксис. Пунктуация және мәнерлеп оқу. Пунктуация және интонация. Пунктуациялық дағдылардың қалыптастырудың негіздері. Пунктуациялық ережелермен жұмыс істеу әдістемесі. Пунктуациялық жаттығулар мен талдау түрлері. Пунктуацияны оқытуда көрнекілік пен қосымша оқу құралдарын қолдану әдістері.

Орфографиялық талдау.Орфографияны оқытуда көрнекіліктер мен қосымша оқу құралдарын колдану әдістері.Сөздерді дұрыс жазудығы тыныс белгілерінің маңызы өте зор.

Нүкте кейде сөйлемдерді бір-бірінен бөлумен бірге күрделі ойды білдіретін бірнеше сөйлемді біріктіреді. Сөйлемдердің жігін айырып көрсетумен бірге дауыс үзілісін (пауза) де ажыратады.

Проф. С. И. Абакумов нүкте жөнінде: «Точка ставится там, где пишущий находит нужным ее поставить, чтобы наиболее точно и ясно выразить свою мысль, чтобы читатель понял именно то, что хотел сказать писавший» деп, пікір айтқан.

Бұл айтылғаннан жазушы ойын жазып келе жатып, қай жерге тыныс белгісін қоямын десе, сол жерге қоя салуына болады деген ұғым тумайды. Бұл жөнінде А. М. Финкель, Н. М. Баженов өз еңбектерінде жақсы айтқан.

Нүкте кейде сұрау, леп белгілерінің орнына да қолданылады. Леп пен сұрау белгісі ойдың аяқталуымен бірге сұраулық, лептік мағынаны білдіреді. Ал нүкте аяқталған ойдың хабарын ғана білдіреді.

Ойымызды жазба түрде бергенде, нүктені дұрыс қоя білмесек, кейде сөйлем түсініксіз боп шығады не нүктенің қойылмауына байланысты басқа мағына туады. Мысалы, «Он бес жылға таяу әскери өмірінің денін ірі қалаларда, үлкен командирлердің маңында штаб қызметінде өткізген Кунцианов стройдағы командирлерді онша жоғары бағаламайтын» (Т .А. ) дегенде, «штаб қызметінде өткізген» деген жерде сөйлемді аяқтап, нүкте қоюға болады. Егер нүкте қойылмаса, ол сөздер «Кунцианов» сөзінің анықтауышы боп кетеді.

Кең түрде баяндау алдында келетін жеке сөйлемнен не сөйлемге татырлық сөздерден кейін нүкте қойылады.

Мысалы:

Б е к е ж а н.

Қанды қолмын, жасырман.

Құс ұшырман басымнан.

Қаны тамған қанжармын.

Қыз алдында бас ұрман

Қ а с е н.

Қарағым, сирақ емес Бақай едің.

Бақайға жақын бір мен топай едім.

Бақайды Топай қақса, қайтер еді

Жолыңа басты құрбан етер едім.....(А.Т.)

Әріптер немесе цифрлар арқылы санамаланып айтылған сөйлемдерден кейін нүкте қойылады. Лев Толстой деревняда өткізетін екі жылдың ішіндегі өзінің мынадай жоспарын келтіреді: 1) Университеттегі емтихандарды тапсыру үшін, заң ғылымдарының толық курсын меңгеріа алу. 2) Практикалық медицинаны және теориялық медицинадан біраз үйрену. 3) Француз, орыс, неміс, итальян және латын тілдерін үйрену.

Драмалық шығармаларда әр сөйлеуші кейіпкердің атынан кейін ремарка (автордың түсіндірме сөздері) келсе, ол кіші әріппен жақша ішіне алынады да, нүкте жабылған жақшадан кейін қойылады: Жұмат (есіктен басын сұғып). Уәй, жігітім, бері жақындашы! (Есен жақын барады). Танисың ба мені? (Ш. Х.).

Адамның қысқарған аты-жөнінен кейін нүкте қойылады: А. Тоқмағамбетов, Қ. Аманжолов т.б.

Нүкте сөйлемнің иесі көрсетілген жақшадан кейін қойылады:

Білім- бақтың жібермейтін қазығы,

Білімсіз бақ әлдекімнің азығы (М. Ә.).

Нүкте атаулы сөйлемдерден кейін қойылады: Абажадай кең қора. Қараңғы. Жұлдыздай жалтырап әр жерден қораның есігі көрінеді (Б. М.).

Сұрау белгісі сұраулы сөйлемдерден кейін қойылады. Мысалы, сен таңертең нешеде тұрасың? Сабақтарың нешеде басталады? т.б.

Сұраулық мәнін ерекше көтеру үшін кейде бірыңғай мүшенің әрқайсысынан кейін сұрау белгісі қойылуы мүмкін. Жазуда кейбір сөздің дұрыстығын түсінбегенде, күманданғанда жақша ішіне сұрау белгісін қоятын кедер болады.

Құрамында одағай сөздер бар сұраулы, лепті сөйлемдердің сұраулық, лептілік мағынасы одағай сөздерге ғана қатысты болмай, бүкіл сөйлемге қатысты болса, одағай сөздер үтір арқылы ажыратылады да, сөйлем соңынан мағыналық ерекшелігіне қарай не леп белгісі не сұрау белгісі қойылады.

Салалас құрмалас сөйлемдегі әр жай сөйлемде сұраулық мағына болса, сұраулық мағынасы бар әр жай сөйлемнен кейін үтір қойылып, сұрау белгісі сұраулық мағынасы бар соңғы сөйлемнен кейін қойылады. Мысалы, аяқ-қолың аман ба, тамағың тоқ па, киім-кешегің бүтін бе, қолғап тоқып берейін бе? – деп сұрады («Қ.Ә»).

Леп белгісі көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң қойылады. Ерекше мән бере көтеріңкі айтылған атаулы сөйлем сияқты сөздерден кейін де леп белгісі қойылуы мүмкін:

«Иегі ителгінің тамағындай» деп қызықтырған, асықтырған қалыңдық! Ділда! Мұның жары! (М. Әуезов).

Автор мәселенің талас немесе күдікті екендігін көрсетіп, оқушының назарын аударғысы келгенде, немесе бір пікірге келісе алмайтындығын білдіргенде, цитаттың ішінде белгілі бір сөзден не сөйлемнен кейін жақша ішіне алып не леп белгісін, не сұрау белгісін, не екеуін қатар қояды, кейде бір белгінің өзін екі-үш қайталап қояды. Бұл, көбінесе, сын-библиографиялық шығармаларда кездеседі:

1. Осы сөйлемді аудармашы былай аударады: «Гүлді орамал жауып, төрт таған столға қойылған суретке (?) телмеңдей қараған бадана көзінде еміне тіленген жалыныш, үміт болғандықтан, Левин соған қарауға да шошиып деді». Мұнда аудармашы сөзге сөз тауып, сан жағын ғана сақтаған. Ломберный стол-төрт таған стол(?), салфетка-орамал, образ-сурет (?), выражение-болғандықтан, устремленных-телмеңдей, в больших-бадана, страстная-еміне (Ә. Нұрпейісов, «Анна Каренинаның» аудармасы).

2. Поэмадағы кейбір олақ құрылған сөз тізбектері мен әсерсіз шумақтарда да қойылатынынайтпай кетуге болмайды. Мысалы,

Еңбек – кеме, матрос – мен кемеде,

Оны сүймек сыбаға пешенеме (?!)

(Қ. Шаңғытбаев. «Ақын және өмір шындығы.)

Үтір – тыныс белгілердің ішіндегі ең жиі қолданылатын тыныс белгі. Үтір негізінен сөйлемнің құрылысына, мағынасына байланысты қойылады. Жалғаулықсыз байланысқан бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады. Бірыңғай мүшелер арасындағы мен, бен, әрі, да, де, та, те, не, я, немесе, әлде, бірде, біресе, кейде жалғаулықтары екі немесе одан да көп қайталанса бірыңғай мүшелер үтірмен ажыратылады. Да шылауы әрбір бірыңғай мүшелерден кейін қайталанып келгенде, одан соң үтір қойылады т.б. Бірыңғай мүшелердің арасына қойылатын реттері: мен, бен, пен, я, яки, әрі, немесе, әлде, болмаса деген жалғаулықтарбірыңғай мүшелер арасында қайталанбай бір рет келетін болса, үтір қойылады.

Қаратпа сөздерге үтір негізінен интонацияға байланысты қойылады. Сөйлем құрамындағы қаратпа сөз көтеріңкі дауыспен айтылатын болса, леп белгісі қойылады да, ал жай баяу дауыспен айтылатын болса, үтір қойылады. Қаратпа сөздің сөйлемде орналасуына қарай үтірдің орны да өзгеріп отырады. Бірыңғай қаратпа сөздер де зара үтір арқылы ажыратылып отырады.

Адамның түрліше сезімін білдіретін амал қанша, несін айтасыз, бәсе, әрине, рас, мүмкін, сірә, тегінде, асылы, бәлкім, шамасы, айтпақшы, бақытымызға қарай, соры қайнағанда, тәрізді қыстырма сөздер мен сөз тіркестері сөйлемнің өзге мүшелерінен үтір арқылы ажыратылады.

Айтылған ойдың кімнің тарапынан шыққанын білідретін, жұрт айтқанда, оның айтуынша, менің айтуымша, біздіңше, сеніңше, сіздіңше, оларша, оның ойынша, әлі есімде, шынымды айтсам, ұмытпасам сияқты қыстырма сөздерден кейін үтір қойылады.

Қаратпа, қыстырма сөздер тәрізді одағайлар да сөйлем құрамындағы өзге мүшелермен синтаксистік байланысқа түспейтіндіктен, тыныс белгілерімен ажыратылады.

Жай қалыпты дауыспен айтылған одағайлар хабарлы сөйлем құрамында қолданылғанда үтір қойылады. Құрамында одағай сөздер бар сұраулы, лепті сөйлемдердің сұраулық, лептілік мағынасы одағай сөздерге ғана қатысты болмай, бүкіл сөйлемге қатысты болса, одағай сөздер үтір арқылы ажыратылады да, сөйлем соңынан мағыналық ерекшелігіне қарай не леп белгісі не сұрау белгісі қойылады. Екі одағай қатар келсе арасына үтір қойылады.

Үтір кейде салалас құрмалас сөйлемде нүктенің орнына қолданылады. Мысалы, Күннің қызыл шұнақ аяз екенін де сезбесе керек, құлақшынының бауы байлаусыз, дөңгелек келген етті сарғыш беті нарттай (Ғ.М.).

Салалас құрмалас сөйлемдегі әр жай сөйлемде сұраулық мағына болса, сұраулық мағынасы бар әр жай сөйлемнен кейін үтір қойылып, сұрау белгісі сұраулық мағынасы бар соңғы сөйлемнен кейін қойылады. Мысалы, аяқ-қолың аман ба, тамағың тоқ па, киім-кешегің бүтін бе, қолғап тоқып берейін бе? -деп сұрады («Қ.Ә»).

Үтір кейде оңашаланған мүшені бөлуде сызықшаның орнына қолданылады: а) 1917 жылғы майда, конференциядан кейін, Орталық Комитеттің саяси бюросы құрылады («С.Қ»); ә) Жақын жерде, жолдың сол жағында – көгалды бұлақ басында, жеті-сегіз үйлі қоңырқай ауыл отыр екен («С.Қ»).

Сызықша – жиі қолданылатын тыныс белгілерінің бірі. Ол сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне де, бүкіл сөйлемнің және ол сөйлемдегі кейбір жеке сөздердің мағынасына, интонациясына байланысты да қойылады. Кейде сөйлемнің белгілі бір мүшесін басқа мүшелерден бөлу үшін де қойылады. Оның сөйлемді ықшамдап жинақтап айтумен байланысты да қойылады.

Сызықша–сөйлемнің мағыналық әрі грамматикалық жағынан айқындаушы. Мысалы: «Ревизор» - Гогольдің драматургиясының ең шыңы деген сөйлемдегі «Ревизор» деген сөзден соң айтуда дауыс үзілісін жасамай, жазуда ол сөзден кейін сызықша қоймай жазсақ, онда оқырман «ревизор» деген сөзді «Гоголь» деген сөздің анықтауышы ретінде қабылдап, сөйлемді басқа (Ревизор Гоголь деп) мағынада түсінуі мүмкін.

Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен болғанда, бастауыштан соң сызықша қойылады. Бастауыш та зат есемнен, баяндауыш емес емес көмекші етістігінің қатысуы арқылы жасалған бастауыштан соң сызықша қойылады.

Бастауыш бірі, біреуі, біріншісі, екіншісі деген заттанған сан есемідерден және көбі деген сөзден болып, баяндауышы қосымшасыз атау тұлғалы зат есемнен не заттанған өзге сөз таптарынан болып, қосымшасыз тұлғада тұратын болса, баяндауыштан кейін сызықша қоямыз. Ол, бұл деген сілтеу есімдіктерінен болған бастауыш анықтауышпен шатастырылмас үшін баяндауыштың қай сөз табынан болғандығына қарамастан бастауыштан соң сызықша қойылады.

Жалпылауыш сөз сөйлемнің бірыңғай мүшелерінен кейін келген жағдайда, сызықша жалпылауы сөздің алдынан қойылады. Кейде бірыңғай мүшеден кейін келуге тиісті жалпылауыш сөз айтылмай қалуы мүмкін екені, ондай жағдайда жалпылауыш сөздердің орнына сызықша қойылады.

Бірыңғай мүшелерден кейін жинақтау сан есімі келсе, жинақтау сан есімінің алдынан сызықша қойылады.

Оңашаланған мүше сөйлемнің біры&