Эллинистік-Римдік философия.

Егер Платон мен Аристотельдің шығармаларын антикалық дәуірдегі философиялық ой-пікірдің ең биік шыңына жатқызсақ, б.з.д.қV ғ. - V ғ. екі ортасындағы 8 ғасырды көне заманның философиясының бірте-бірте әлсіреп сөнуімен байланыстырамыз. Бұл 8 ғасырда неше түрлі соғыстар, құлдардың көтерілістері, ұлт-азаттық қозғалыстар – бәрі де болды. Бұл уақыт - құлдық қоғамның пісіп-жеткен сатысынан өтіп, сонымен қатар басқа даму жолын таба алмаған заман. Өндіргіш күштер сол бұрынғы мал мен адамның күшіне негізделген, жаңа күш-қуат көздері әлі ашылған жоқ. Сондықтан, биіктігі 135 м. Александрия Фаросы теңіздің жағалауында салынғанымен оған сол бұрынғы құлдардың күші пайдаланған болатын.

Птоломей Филопатер өз Заманының ең үлкен соғыс кемесін жасады, ал оны 4 мың құл ескекпен қозғайтын. Ондай кемені қандай жерде пайдалануға болады?

Бірақ бұл Заманның ғылым саласында Римде құқ теориясының іргетасы қаланып, соңында бүкіл Еуропа мемлекеттерінің қалыптасуына өзінің зор әсерін тигізеді. Осы уақытқа шейін заңгерлердің негізгі пәндерінің бірі - ол Рим құқы.

Бұл дәуір жөнінде орыстың ұлы философы А.Ф. Лосев айтқанындай: “Философияда - қажу мен түңілу байқалады… Мересіне жете алмай өшкен, бірақ болуға тиіс болса да, дегенмен болмысқа айналмаған ілімдер.. ² - бұл ойды эллиністік-римдік философиялық ой-пікірдің жалпы мінездемесі ретінде келтіруге болады.