В.С.Соловьев.

... Адамның өмірлік міндеттері ізгілікті ішкі қасиеттерімен анықталады; оның адамгершіліктік мәні кіршіксіз, жан-жакты және мықты Ізгілікке қызмет етуде.

Өз пәніне және адамның өзіне сай болу үшін мұндай қызмет ету ерікті түрде болуы тиіс, ал ол үшін ол адамның санасы арқылы өтуі керек. Оған осы процесте көмектесу ... адамгершіліктік философияның ісі.

(В.С.Соловьев. Соч., т.1., с.97. М., 1988. Қазақ тіліне аударган Г.Нұрышева)

... Ақиқат адамзаттың ақырғы шарты - еркіндік. Бірақ адамдардың

ерікті түрде бірігуге келетіндігінің, біз көріп отырғандай бір-бірімен жауласып, бірін-бірі жойып, әр жаққа тарап кетпейтіндігінің кепілі қайсы. Кепіл біреу: адамның тоқтап қалуына, жарты, ұсақ және толық емес бірдеңені қанағат етуіне кедергі келтіретін, оны адамның кемелденген өмірін, жалпыға ортақ және бүкіл әлемдік істі іздеуге және оған қол жеткізуге мәжбүр ететін адам жанының шексіздігі.

.. .Әрине, ұлы жалпы адамзаттық істің бар екендігін мойындайтын кез-келген адамның жеке істері және жұмыстары бар. Оларда адамгершіліктік заңға қайшы келер ештеңе жоқ болса, оларды тастап керегі жоқ. Жалпы-адамзаттық іс оған бәрі сиятын болғандықтан және зұлымдық пен күнәдан басқаны жоққа шығармайтындықтан жалпы адамзаттық іс болып табылады. Бізден талап етілетіні: өзіміздің кішкене бөлігімізді ұлы тұтастықтың орнына қоймауымыз, өзіміздің жеке ісіміз арқылы бөлектенбеуіміз, керісінше,

оны жалпы адамзаттық іспен байланыстыра білуіміз, бұл ұлы істі ешқашан жоғалтпауымыз, оны ең бірінші және жоғары қоюымыз, басқасы одан кейін бола жатады, Жалпы адамзаттық бірігудің ұлы ісі қашан және қалай жүзеге асатыны біздің билігімізде емес. Бірақ оны жоғары міндет етіп қою және өз істеріміз арқылы оран қызмет ету - біздің қолымыздан келеді.

(В.ССоловъев. Соч., т2., с.306-307. МЦ 1988. Қазақ тіліне аударған Г.Нұрышева)