А - витаминдер тобы.
А – витаминдер тобы – каротин туындысы болып табылады. Каротин сияқты олар да суда ерімейді, бірақ та әр түрлі май қоспаларында және майларда ериді.
Тамақта А витамин тобының жетіспеу салдарынан: өсу шегі бұзылады, көру қабілеті төмендеп тауықтық соқырлық ауруына әкеп соғады. А – витамин тобы тек қана жануарлардың терісінде және өнімдерінде болады, ал өсімдіктерде болмайды. Алайда бұл витаминдер каротиноидтардан құралған, олар өсімдіктерде кең таралған. Мысалы, бұл өсімдіктерге : сары жүгері жатады, ал ақ жүгерінің құрамында каротиноид тым аз болады.
А – витаминдер тобының ең бай көзі болып: балық майы, әсіресе майлары болып табылады. Олар теніздегі кейбір жануардың және кейбір балықтардың бауырында болады. Оларға: акула, треска, пальтус, кит, морж, тюлень балықтары жатады.
А-витаминдері. А1, А2 витаминдерінің формулалары төменде көрсетілгендей:
b - каротиннің молекуласының жартысын көрсететін спирттер тобынан құралады.
Осы формуладан b - каротиннің молекуласынан А1 – витаминнің екі молекуласының түзілгендігін көреміз. Ал a - және g - каротиндерінен А1- витаминнің бір-ақ молекуласы түзеді, біз бұл жерде b - каротинінің екі есе белсенділігін көре аламыз.
А – витаминінің ( каротин) кейбір азықтардағы құрамы.
Азықтың түрлері | 1г –да гамма А – витамині |
Өсімдік майы Картоп Бидай, бидай ұны, нан Ет Балық еті Жаздық сүт Абрикостар Томаттар Салат және шпинат Қызыл сәбіз Люцер жапырағы Бауырдан алынған май « » акула « » теңіз окунясы « » кашалот | 0-0,2 0,04 0,9 25 –50 60 000 |