Биттер отряды-Anoplure

Биттер-ұсақ,қанатсыз насекомдар.Олардың көптеген түрлері белгілі.Иесінің денесінде паразиттік тіршілік етеді.Адамдарда бас биті,киім биті және қасаға биттері кездеседі (72 сурет)

Бас биті - Pediculus humanus capitis, адамдардын шашында кездеседі. Мөлшері 2-3 мм. Басы кішкентай, екі мұртшасы, екі жай көздері, тесіп сорушы ауыз аппараты болады. Көкірек бөлімінде 3 жұп аяқтары кездеседі, аяктарының ең соңғы буылтығының мықты дамыған тырнағы болады, ол алдыңғы буылтықтын өсіндісімен бірігіп, қысқышқа ұқсас қан соратын кұрылым пайда етеді. Осы құрылым арқылы биттер шаштарға да жабысып тұрады.
Құрсағы көкірек бөліміне қараганда кендеу, 10 буылтықтан тұрады.
Шала түрленіп дамиды. Жұмырткалары шаштарға жабысып тұрады (сіркелер). Жұмыртқадан ересек дараларға ұқсас дернәсіл түзіледі, олар түлеп имагоға айналады.
Тіршілік ұзактығы - 38 күн.
Бас биті — сүзек ауруының қоздырушысын таратады және эктопаразит ретінде педикулез ауруын дамытады.
Алдын алу шаралары. Тазалықты сақтау - мезгіл-мезгіл моншаға түсу, киімдерді, бөлмелерді таза ұстау.
Киім биті - Pediculus humanus.Іш киімдердің тігістерінде кездеседі, қан copy үшін теріге өтеді. Сыртқы пішіні бас битіне ұқсас, бірақ біршама үлкендеу - 4,7 мм, болып 48 күн өмір сүреді.

Киім биті - эктопаразит және кайталама сүзегінің таратушысы болып саналады.

Алдын алу шаралары.Бас битіне ұқсас.
Қасаға биті - Phthirus pubis,қасағадағы жүндер арасында,қаста,кірпік арасында кездеседі.
Мөлшері 1-1,5 мм,26 күн өмір сүреді.Эктопаразит,ауру қоздырғыштарын таратады.

 

Бүргелер отряды - Aphniptere

Адам бүргесі - Pulex irritanus,денесі бүйір жағынан кысылған,қанаттары дамымаған. Басында қысқа мұртшалары.,жұп күрделі көздері, тесуші-сорушы ауыз аппараты орналасқан. Аяктары, әсіресе соңғы жұп аяқтары, үлкен және жаксы дамыған. Кұрсақ бөлімі 10 буылтықтан тұрады. Кутикулада тікенектер, тісшелер, қылтанақтар кездеседі(73-сурет).
Толық түрленіп дамиды. Едендердің жарықтарына,тесіктеріне,құрғақ қоқыстар арасына жұмыртқалайды.Жұмыртқадан ақ құрт тәрізді аяқсыз дернәсіл шығады. Ол шіріген органикалық заттармен қоректенеді. Шамалы уакыттан кейін дернәсіл піллә пайда етіп қуыршаққа айналады. Ересек даралары қан сорып қоректенеді.
Бүргелердің әрбір түрі түрліше иелерде кездеседі: атжалманда-атжалмен бүргесі,иттерде-ит бүргесі,адамдарда-адам бүргесі.
Бүргелер эктопаразит ретінде денені қышытады, оба ауруының коздырушыларын таратады.
Алдын алу шаралары. Тазалықты сақтау, үйді, бөлмелерді ылғал шүберекпен сүртіп тазалап отыру.Бүргенін жұмыртқалайтын жерлерін жою, инсектицидтерді қолдану.

Қос қанаттылар отряды - Dipera

Бөлме шыбыны – Musca domesticа - Жер бегінде кең таралған.Қара түсті,ірі жәндік, Ауыз аппараты жалаушы - сорушы типті
Шыбындар 100-150 жұмыртқа жұмыртқалайды, толық түрленіп дамиды, жыл бойына көбейеді (74-cyрет).
Бөлме шыбыны – ішек инфекциясының – тырысқақ,қантышқақ,іш-сүзегі т.б. қоздырушыларының механикалық таратушылары болып табылады.
Үй шыбыны – Moscina stabulans
- барлык жерлерде кездеседі. Денесінің түсі қоңыр, аяқтары, қылтанақтары сары түсті .Адамның тамақтарымен, нөжістермен қоректенеді.
Ішек ауруларының қоздырғыштарының механикалық таратушысы.

74-сурет.Бөлме шыбыны.а)жалпы түрі, б)жұмыртқалары, в)дернәсіл, г)қуыршақ

Вольфарт шыбыны – Wohlfahrtіa magnіfica – миаз ауруын қоздырушы паразит. Кавказда, Орта Азкяда кең таралған.
Ақшыл сары түсті ірі шыбын.Жара бетіне өздерінің дернәсілдерін тастайды,ал олар жұмсақ ұлпаларға еніп паразиттік тіршілік етеді.Қуыршақтану алдында иесін тастап,топыраққа өтеді.Ересек формалары гүлдердің шырынымен қоректенеді.

Әдебиеттер:

1. Медицинская биология и генетика/ Под.редакцией Куандыкова Е.У., Алматы,2004

2. Әбилаев С.А. Молекулалық биология және генетика. Шымкент. 2008, 424 б.

3. Медицинская биология и генетика/ Кулешова Г.Т.2007.

Бақылау сұрақтары:

1. Мед. Паразитология ғылымының міндеті мен мақсаты қандай?

2. Қарапайымдылар типіне жататын паразиттер өкілі адамда қайда шоғырланады және қандай аурулар туғызады?

 


php"; ?>