И. Фихте мен Ф. Шеллинг философиясы.

Йоһанн Готтлиб Фихте (1762 жылғы мамырдың 19-ы — 1814 жылғы қаңтардың 27-сі) — неміс пәлсапашысы. Ол Иммануел Канттың теориялық және этикалық еңбектерінен бастау алған неміс идеализмі атты пәлсапалық ағымның бастаушыларының бірі болған. Фихтенің пәлсапалық ойлары көбінесе Кант пен Гегельдің пәлсапаларын өзара қосып тұратын көпірмен салыстырылады. Кейінгі кездері Фихте өзіндік сана мен өзіндік сезім туралы тың ойлар айтқан пәлсапашы ретінде өзінің қосқан үлесіүшін де бағалана бастады. Өзінен бұрынғы Декарт пен Кант сияқты, Фихте де субъективтілік пен сана сияқты мәселеге көп көңіл бөлді. Фихте саяси пәлсапа (саясаттану) тақырыбына да бағыштап еңбектер жазды; кейбіреулер оны неміс ұлтшылдығының әкесі деп қарастырады. Фихте Рамменау қаласында туған. 1780 жылы ол Йена семинариясында оқуынбастады. 1784 жылы оқуын дәреже алмастан аяқтады. Фихте жеке мұғалім ретінде Цүрихте жұмыс істеп, 1790 жылы атақты ақын Клопштоктың немере қызы Йоһанна Ранмен атасты. 1790 жылы Фихте Канттың еңбектерін зерттей бастады, бұл зерттеу оның өмірі мен ізденулерінің жалпы бағытына зор әсер етті. Кенигсбергте Кантпен кездескен соң көп ұзамай Фихте өзінің ең алғашқы «Бар аянның сынына деген талпыныс» деген еңбегін жариялады. Онда ол құдайлық аян мен Канттың сыни пәлсапасының арасындағы байланыстарды табуға тырысады. Бұл кітаптың алғашқы басылымы жарыққа шыққанда, бұл туралы Канттың да, Фихтенің де де еш хабары жоқ еді. Ол кітаптың авторының да кім екені айтылмады. Сондықтан оқырмандар оны Канттың бір жаңа еңбегі екен деп шешті.[2] Барлығы, тіпті әдеби сыншылар да бұл кітаптың авторы Кант болар деп шешті. Канттың өзі мәселенің анық-қанығын айтып, кітапты және оның авторын мақтаған мақала шығарғаннан кейін Фихтенің атағы кең жайылып кетті: «... өте таңғалдырарлық жаңалық... бұл кітапты Канттың өзінен басқа ешкім жаза алмас еді... пәлсапаның аспанында үшінші жарқын тұлға пайда болды. Фихте елу екі жасында сүзектен қайтыс болды. Оның ұлы Иммануел Һерманн Фихте де пәлсапаға үлес қосты.

ШеллингФридрих Вильгельм Йозеф (1775 — 1854) — философ, неміс классикалық идеализмінің көрнекті өкілі. Табиғат философиясы мәселесі жөнінде еңбектер сериясын жазған. Онда Канттың идеясы мен Лейбництің тірі монадалар мен табиғаттың дұрыс күштері туралы ілімін саралай отырып, табиғатты түсінуге қайшылықтар арқылы даму идеясын енгізді. “Транцендеталдық идеализм жүйесінде” (1800) Фихтенің субъективті идеализмін өз жүйесінің объективті идеализмімен ұштастыруға тырысты. Еркіндік туралы Шеллинг ілімі “Адам еркінің мәні туралы және осыған байланысты заттар туралы философиялық зерттеулерде” (1809) жан-жақты дамытылды. Фихтемен бірге Шеллинг еркіндікті ұғылған қажеттілік деп түсініп, еркіндік құбылысын жекелеген адамның ерлігі емес, қоғамның жетістігі деп білді. Алайда ақырында өзінің осы көзқарасымен қайшы келіп, Шеллинг еркіндік мәселесін мистификациялап, жеке негіз еркіндіктің түп тамыры, ал ол негіздің көзі “ой жететін дүниеде” деп жариялады. 1815 жылы Шеллингтің дүниеге көзқарасында мистикалық элементтердің мейлінше күшеюімен белгілі. Шеллингтің ықпалы ең алдымен Гегельде және басқа да көптеген жаратылыстанушыларда анық байқалды. Сондай-ақ оның ілімі натурфилософтар және славяншылар арқылы орыс философиясына да ықпал жасады.

129.Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» поэмасы.

Диуани хикмет, «Ақыл кітабы» – Қожа Ахмет Ясауидің сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы. Ақын өз кітабын қыпшақ даласы мен Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрлі хадис, тәфсирлердің күрделі қағидаларын жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. «Диуани хикмет» – көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды. «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғ-дың орта кезінде араб әрпімен көшірілген. Бертін келе «Диуани хикмет» Қазан (1887–1901), Ыстамбұл (1901), Ташкент (1902–11) баспаларынан жарық көрген.

Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің жазылу тарихын, поэтикасын, сопылық-философиялық идеясын, қоғамдық-әлеуметтік мән-мағынасын, ислам дінін таратудағы рөлін М.Ф.Көпрүлузаде, Н.С.Банарлы, Е.Э.Бертельс, А.К.Боровков, Э.Р.Рустамов, В.И.Зохидов, т.б. ғалымдар жан-жақты зерттеді. Қожа Ахмет Ясауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі, «хақиқат» («фано») – Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы. Сопылық түсінік бойынша, «шариғатсыз» «тариқат», «тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Қожа Ахмет Ясауи Аллаға (яғни Хаққа) жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Ақынның айтуы бойынша, Хаққа жету жолындағы әрбір асудың он-оннан мақамы (тоқтамы) бар. Демек, осы төрт асудың қырық мақамын игерген пенде ғана «жабарут» (адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік), «мәләкут» (өмірдің мәнмағынасына қанық болу), «лахут» (бұл жалғаннан безіп, о дүниенің рухани әлемін меңгеру), «насут» (жоғарыда аталған үш өлшемнің басын қосып тұрған күш) деп аталатын рухани дүниенің сырын пайымдауға мүмкіндік алады.
«Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Ясауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі – мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады.
Бүкіл әлемдегі түркі халқы «Диуани хикмет» арқылы исламның рухани әлемімен, сол дәуір үшін ілгерішіл саналған сопылық ағымның философиялық ой-пікірлерімен танысты. «Диуани хикметте» жырланған адамгершілік, имандылық, қанағат, кішіпейілділік, жомарттық жайындағы этикалық-дидактикалық тұжырымдар бертін келе, қазақ ақын-жыраулары поэзиясынан өзінің көркемдік жалғасын тапты.

130.Ғылыми ілімнің көп түрлі тұрпаттары. Ғылымдағы теориялық және эмпирикалық фундаменталдық пен қолданбалылық.

Теориялық және қолданбалы әлеуметтану нақтылы әлеуметтік зерттеулерге сүйене отырып, бір-біріне қарсы тұрмайды, олар әр уақытта бірлікте болып, бір-бірінің одан әрі дамуының әсер етеді.

Теориялық әлеуметтану – ол алуан түрлі теория мен тұжырымдардың жиынтығы. Бұлар қоғамның әлеуметтік дамуын тұжырымдап, оларға терең, жан-жақты түсінік береді.

Эмпирикалық немесе тәжірибелілік өз кезегінде сынақ пен тексеру арқылы іске асады. Және тексеру екі түрлі болуы мүмкін: тәжірибе арқылы сынау (онымен тәжірибелік /эксперимент/ ғылым айналысады) және салыстыру арқылы сынау (бұл салыстырмалы /компаративті/ ғылым аясына кіреді). Негізінен салыстыру да, тәжірибе де бір принципте жұмыс істейді. Яғни дескрипті мәліметтерді арнайы сараптамалық құралдар арқылы жүйелі және методикалық сәйкестендіру.

Р.Декарт әдісті (метод) өтіріктен шынайыны ажыратуға көмектесетін «нақты да қарапайым ереже» деп түсіндірді. Әсіресе дедуктивті-рационалды әдіссіз қайсібір шынайылықты іздеудің өзі қажетсіз дейді философ.

Әрбір әдіс белгілі бір теория негізінде жасалатыны сөзсіз. Әдістің тиімділігі, күші теорияның мазмұны, тереңдігі, іргелілігімен байланысты. Әдіс ғылымның әрі қарай дамуына, теориялық білімнің жүйеленуіне, оның практикада іске асуына себеп болады. Демек, теория мен әдіс бір-бірінсіз болмайды, сол секілді бір нәрсе де емес. Олар бір-біріне әсер ете отырып, теория өмірді бейнелейді де ал әдіс зерттеулер арқылы теорияға қайта оралады. Демек, әдіс – практикада іс-әрекетке айналған теория.

 

131.Махмуд Қашқари «Диуани Лұгат ат - Түрк»

Диуану лұғат-ит-түрк — Қашғарлы Махмұд 1072-1074 жылдары Бағдат қаласында жазған түркіше-арабша сөздік. Ол түркі тілдері бойынша ең ауқымды және ең маңызды ежелгі тіл жәдігері. Оның қолжазба нұсқасы 638 беттен тұрады, онда 9000-нан астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей-тегжейлі түсіндірме-аудармалары қамтылған. Түркілердің тарихы, жағырапиялық таралуы, тайпалары, диалектілері және дәстүрлеріне бойынша қосымша мәліметтер берілген.

Классикалық араб лексикографиясының қағидалары бойынша дайындалған бұл сөздік Қашғарлы Махмұттың түркі тілі туралы білімінің ауқымдылығын ғана емес, араб филологиясы ғылымы бойынша дайындығының да көлемді екендігін айғақтайды.[1]

Сөздіктің қазір бізге келіп жеткен жалғыз ғана жазба нұсқасы 1266 Дамаск (Шам) қаласында жаңадан көшіріліп жазылып, оны тек 1915 жылы ғана Әли Емірі ефенді Ыстамбұл қаласында кездейсоқ тауып алады. (Одан бұрынғы ғасырларда Антеплі Айни және Кәтіп Челеби сияқты ғалымдар сондай кітаптың бар екендігі туралы айтқан болатын.) Әли Емірінің көшірмесі 1917 жылы Талат пашаның (1874-1921) қолдауымен және Кіліслі Рифат білгенің (1873-1953) бақылауымен басылып шығып, бүкіл дүние жүзінің түркологтарының назарын өзіне аударды. 1928 жылы түрколог Карл Брокельманн сөздіктің егжей-тегжейлі түсініктемелермен жабдықталған алман тіліндегі аудармасын жариялады. Бесім Аталайдың қазіргі түрік тіліне аудармасын 1940 жылы Түрік тілі қоғамы басып шығарды. Соңғы жылдары шыққан Данковтың аудармасында соңғы ғылыми деректердің негізінде жасалған жаңа өзгерістер орын алған.

Мен Тәңірінің дәулет ұясын түріктер бұржысында (жұлдызында) жаратқандығын және ғарышты солардың заманы үстінде айналдырғанын көрдім. Тәңірі оларды «Түрік» деп атадыжәне оларды мемлекетке еге қылды; заманымыздың хақандарын түріктерден шығарып, дәуір, халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың қолдарына ұстатты; оларды адамдарға бас қылды; хақ істерде соларды қолдады; олармен бірге күрескендерді әзіз қылды әрі түріктер ішінен оларды барша тілектеріне жеткізіп, жамандардан, зұлымдардан қорғады. Түріктердің оқтарынан сақтану үшін, олардың жолын берік тұту әрбір ақыл иесіне лайықты уа парыз іске айналды. Өз дертін айту уа түріктерге жақын болу, жағу үшін оларға түрік тілінде сөйлесуден пайдалы жол қалмады. Кім өз дұшпандарынан ажырап, түріктерге сағынып, мұңайып келсе, оларды түріктер қанатының астына алып, қауіптен құтқарады; олармен бірге басқалар да қамқорлық, пана табады

Түркі тілін неге үйрену керектігін ол былай түсіндіреді:

"Бір бұхаралық ғалым мен Нисапурлық басқа бір ғалымның тәңір әзіз көрген Пайғамбарымыздан дәлел келтіріп айтқан төмендегі сөздерін анық естіген едім: Пайғамбарымыз қиямет белгілері, ақырзаман бітінәләрі және оғыз түріктерінің жорыққа шыққандығы туралы айтқанда: «Түрік тілін үйреніңіздер, сонда олардың егелігі ұзақ дәуірлі болмақ,» — деген екен.

"Бұл хадистің (қағида сөздің) дұрыс-бұрыстығына сол айтушы кісілердің өздері жауапкер. Бұл сөз шын болса, түрік тілін үйрену уәжіп, білген абзал, шын болмаған жағдайда, түрік тілін үйренудің зияндылығын ақыл ажыратар.

 

 

132.Техногендік өркениеттің дамуындағы қазіргі тенденция мен қайшылықтары

Адамзат тарихында ХХ ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, сан-қилы дағдарыстарға толы сындарлы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын болашаққа деген сенім өркениетті дамығае елдерде біртұтас жалпы адамзаттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Ғасыр аяғында планетамызда парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениетінің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрленуіне, олардың өзара қарым-қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, ХХ ғасыр мәдениетінің мазмұнын ашып көрсетуде екі басты мәселеге баса назар аударғанды жөн көрдік. Оның біріншісі, ХХ ғасыр мәдениеті дамуының басты бағыттары (ХХ ғасыр мәдениетінің қалыптасуының сабақтастығы мен дәстүрлері, қазіргі заман мәдениетінің тоқырауға ұшырауы мен одан шығу жолдары және бұл процестің түрлі мәдени концепцияларда көрініс табуы және т.б. мәселелері), екіншісі, ХХ ғасыр мәдениетінің жалпы адамзаттық және ұлттық сипаты (жалпы адамзат мәдениеті қалыптасуының басты себептері және оның құндылықтары, жалпы адамзаттық және ұлттық диалектика және т.б.).

ХХ ғ. басында ғылымның қолдану аясының кеңейуі жаңа технологияны игеріп өнеркәсіпті елдерде өмір сүретін миллиондаған адамдардың тіршілігінің өзгеруіне және оларды жаңа экономикалық жүйеге біріктіруге алып келді. Әлемдегі елдердің ғылыми байланыстарының аясы кеңейіп, әлемдік ғылыми біртұтастық пайда болды. Осы қалыптасқан әлемдік ғылыми біртұтастық, бүкіл дүниежүзілік экономикалық бірігудің алғы бастамасы болды. Бұл үдерістің көріністерінің бірі ретінде алдыңғы қатарлы дамыған елдерде және әртүрлі континенттердегі ұлтаралық бірлестіктерде бірыңғай ұйымдастырушылық мәдениетінің түрлерімен жұмыс жүргізе бастады.

Табиғатқа техногендік қатынас – рухани қанағаттану құралы ретінде емес, қайта өндірістік қажеттіліктерге тікелей бағытталуы ХХ ғ. бірінші жартысындағы еуропалық мәдениет дамуының басты көрінісі болды.

Ғылымға озық технологиялық табыстары мен жетістігіне сүйенген дүниежүзілік өнеркәсіптің қарқынды дамуы, адамға әлемді сезінудің оптимистік түрі, табиғатты игерудегі қабылеті мен мүмкіндіктерінің мол екендігіне сенімі артып, соған тән сипаттардың туындауына қызмет етті. Адам өз болмысының ғаламат ғарыштылығын сезінді. Бірақ ХХ ғ., европалық мәдениетке біртіндеп енген техногендік өркениет өзімен бірге адамзат қоғамына жағымсыз дағдарысын да ала келді.

Бүгінгі күні әлемдік мәдениеттің тағдырына екі көзқарас – оптимистік және писсимистік пікірлер қалыптасқан. Алғашқыларының сендіруінше әлемдік мәдениет дұрыс жолмен даму үстінде, келешекті ғылым мен техниканың дамуы, ақпараттық құралдардың жетілуі рационалды ұйымдасқан экономиканың өсуімен байланыстырып, батыс мәдениетінің архиптік құндылықтары батыстық өмір сүру тәртібі ең дұрысы деп есептеледі.

 

133.XX ғ. басында Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойлар (М. Дулатов, А. Байтүрсынов, С. Торайғыров).

Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». (Оян, қазақ! 10-бет). Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді.Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады.

Байтұрсынұлы Ахмет (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды.

Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсынұлын қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды.

Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынұлы пен Дулатұлы қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру – жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады.

Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсынұлын бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-рев. к-ті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров (28.10.1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы – 21.5.1920, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) – ақын, ағартушы. Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.

134.А. И. Герцен «Табиғатты ұғыну туралы хаттар». (Бірінші және екінші хат).

Орыстың революциялық қозғалысының белгілі өкілі, көрнекті саяси қайраткер, публицист және талантты жазушы Александр Иванович Герцен, Белинский сияқты ХІХ ғ.30-40 жж.орыстың революция-демократиялық педагогикалық ой-пікірінің өкілі болды.

А.И.Герцен, философ-материалист және революцияшыл демократ, өз шығармаларында тәрбие мәселелеріне ерекше мән берді, оны Белинский сияқты сол бағытта қарастырды. Революциялық демократизм тұрғысынан Герцен адамның барлық рухани және дене күштерімен қабілеттерінің дамуын қамтамасыз ететін тәрбиені жақтады.Тәрбие мақсаты, Герценнің пікірінше, дұрыс материалистік көзқарасты меңгерген, патша үкіметінің саясатын жеккөретін, халықтың мүддесін қорғай білетін ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Табиғатты және онымен қарым-қатынасты тек сөз жүзінде тар практицизм мен утилитаризм шеңберінде зерттеуге қарсы орыс ағартушылары: В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев, Н.Г.Чернышевский қарсы болды. Олар мектепте табиғат туралы толыққанды білімдерді енгізуді талап етті. Олар аталған білімдердің жеке адамның адамгершілік моральдық қасиеттерінің қалыптасуына, баланың табиғаттағы мінез-құлқын анықтайтынын атап көрсетті.

Қазіргі кезеңдегі экологиялық білім беру табиғат пен қоғамның біртұтастығы туралы, олардың тарихи өзара байланысы, адамның табиғатқа қатынасының әлеуметтік себептілігі туралы ілім әдістемесі негізінде құрылған.

 

135.Корпускулды — толқынды дуализм — физиқадағы дағдарыстан шығудың мысалы ретінде (Де Броиль, Э. Резерфорд)

Луи Де Бройль (1892) - француз физигі, квант механикасын жасаушысы. Кванттық ұғымдарды (қараңыз Квант) алғаш рет 1900 жылы М. Планк қызған денелердің жылулық сәуле шығаруын толық түсіндіретін еңбектерінде (теориясында) жариялады. Бұл теория бойынша жарық үздіксіз түрде емес (классикалық теория бойынша) белгілі бір үлеспен үздікті (дискретті) кванттар түрінде шығарылады немесе жұтылады. Бұл кванттың энергиясын Планк: =hn (1) өрнегімен анықтады, мұндағы h=6,62×10-34 ДжсПланк тұрақтысы, n–шығарылатын (жұтылатын) жарықтың жиілігі. Планктың осы еңбегін ескере отырып 1905 жылы Альберт Эйнштейн фотоэффект теориясын ашты. Бұл теориясында Эйнштейн Планк идеясын дамыта отырып, мынадай болжам ұсынды: жарық тек үздікті түрде шығарылып (жұтылып) қана қоймай, ол кеңістікте үздікті кванттар ағыны түрінде тарайды. Үздіктілік(дискреттік) – жарықтың өзіне тән қасиет. Кейіннен кванттар фотондар деп аталды. Жарық фотоны басқа бөлшектермен тұтас бөлшек ретінде әсерлеседі, яғни жарыққа корпускулалық қасиет те тән. Жарықтың корпускулалық қасиетінің екінші бір қырын 1922 жылы америкалық физик А. Комптон (1892–1962) жарықтың бос электрондарда шашырау құбылысында (қараңыз Комптон эффектісі), фотон мен электронның серпімді соқтығысуын зерттейтін тәжірибеде байқады. Мұндай соқтығысудың кинематикасы мен динамикасы энергия мен импульстің сақталу заңдарымен анықталады. Осыдан барып фотонның =hn энергиясынан басқа p=h/l=hn/c импульсінің болуы керектігі туындайды (l – толқын ұзындығы, с – жарық жылдамдығы). Фотонның энергиясы мен импульсі =p×c өрнегімен байланысқан. Сонымен қатар интерференция, дифракция, поляризация құбылыстарын зерттеу кезінде жарықтың толқындық қасиеті де анық байқалған. Жарықтың екі жақтылық қасиетін =hn өрнегінен байқауға болады. Бұл өрнекте – бөлшекке, ал n – толқынға тән шамалар. Бұдан логикалық қайшылық туындайды: бір құбылысты түсіну үшін жарық – бөлшек, ал екіншісін түсіну үшін жарық – толқын ретінде қарастырылуы тиіс. Жарықтың осы қасиетінің микробөлшектерге де тән екендігі жөнінде 1924 жылы француз физигі Луй де Бройль (1892–1987) толқындық қасиет – тек жарық фотондарына ғана емес, материяны құрайтын барлық бөлшектерге (электрондар, протондар, мезондар, т.б.) тән қасиет деген болжам айтты. Микробөлшектердің толқындық қасиеттері туннельдік эффект кезінде айқын байқалады. Бұл эффектіні түсіндіру арқылы классикалық физикада түсінік таппаған көптеген құбылыстардың (автоэлектрондық эмиссия, атом ядросының a-ыдырауы, т.б.) сыры ашылды.Осы қайшылықтарды шешу кванттық механиканың физикалық негіздерін жасауға мүмкіндік берді. Микродүниенің басқа да құбылыстарын зерттеу кезінде, әсіресе, атом құрылысын зерттеу кезінде, атом ішіндегі электрон қозғалысының классикалық физика заңдарына бағынбайтындығы және олардың энергияларының мүмкін болатын мәндері үздіксіз өзгермей, тек энергия деңгейлерінің дискретті қатарын құрайтындығы анықталды. Оң зарядты нүктелік ядро туғызатын өрісте қозғалатын электронға классикалық механиканың теңдеулерін қолдануға болмайды, яғни механика мен электрдинамика заңдарына негізделген Э. Резерфорд пен Н. Бор жасаған атом моделі орнықсыз болуға тиіс. Бірақ тәжірибе жүзінде атомның орнықты жүйе екендігі дәлелденді. Атомдарда стационар күйлер мен энергия деңгейлерінің бар екендігі Франк-Герц тәжірибесінде (1913–14) дәлелденді. Тәжірибеде байқалған атомдық құбылыстарды үйлестіру мақсатында Бор 1913 жылы екі қағида (постулат) (қараңыз Бор қағидалары) және оларға қосымша сәйкестік принципін ұсынды. Бұл принцип бойынша шектік жағдайда (кванттық сандардың үлкен мәндерінде) теориялық жолмен алынған формулалар классикалық физиканың заңдарына айналады. Бор квант тұрақтысы h-ты пайдалана отырып, заңдары классикалық механика заңдарынан өзгеше, сутек және сутек типтес атомдағы электрондардың қозғалысын анықтады. Сонымен қатар Бор теориясының жетістіктерімен бірге кемшіліктері де байқалды. Бұл теория электрондардың күрделі атомдардағы қозғалысын, атомдардың бір-бірімен байланысып молекулалар түзетіндігін, т.б. түсіндіре алмады. Атом теориясының одан әрі дамуына классикалық теорияның ұғымдары (траектория, орбита, т.б.) кедергі болды. Сондықтан электрондардың атомдағы қозғалысын толық сипаттау үшін атомның алғашқы және кейінгі стационар күйлеріне тәуелді шамалар ғана енетін жаңа теория жасау қажет болды.

Атақты физик, Нобель сыйлығының иегері Э.Резерфорд (871-1937) кезінде атом ішіндегі құбылыс күн жүйесіне ұқсас деп, атомның ішінде өзегі бар – ол протон, оны айналып, сәуледей жылдамдықпен жүретін электрон бар, протон плюс, электрон минус зарядымен қамтылған Күнді планеталар қалай айналып жүрсе, әлгі атом ішіндегі кәдімгі бөлшектер де солай құрылысқан деген пікір айтты (1911). Бірақ, соны айтқан Э.Резерфорд атом ішіндегі бөлшек электрон да корпускулды-толқынды дуализм бар деген пікірге зорға, әрең дегенде келіскен болатын. Келіспесе, бұл орасан ғылымға жат, қате болған болар еді. Олай болса, ғылымда қате жібермеуге ұмтылу – ол дұрыс. Бірақ, ол да ізденіске сай бола бермейтін жағдай.

136.Танымдағы тарихилық және логикалықтың арақатынасы.

Тарихилық принципі-құбылыстарды олардың пайда болуы және дамуы. олардың нақты жағдайлармен байланысында қарау. Бұл принцип тарихи құблыстардың пайда болу себептерін,түрлі этаптардағы сапалық өзгерістерін анықтап, диалектикалық даму барысында бұл құбылыс неге айналғанын түсінуге мүмкіндік береді.

Тарих қалай жазылуы керек, өткеніміз туралы ой толғаушының да, айтушының да еркіндігі қаншалықты әрі оның шынайылығы қай дәрежеде – бұл сұрақтар әрқашан тарихи шығармалардың авторларын да, олардың оқырмандарын да қызықтыратыны күмәнсыз. Демек, бұл сұрақ күн тәртібінен ешқашан түспек емес. Негізінде тарихи білім немесе тарихилық (историзм) Еуропада ХҮІІ ғасырда Галилей мен Декарттан басталды да ал ғылыми тарих білімі ХҮІІІ – ХХ ғасырларда қалыптасты әрі ол қазірге дейін де өзектілігін жойған жоқ. Қазіргі ғылыми тарих білімі ХҮІІІ ғасырда, яғни Ағарту дәуірінде бекіді және тарихи факт объективті және құнды, тарихи түсінік сол ХҮІІІ ғасырдан басталады деген «көзқарас» бүгінгі күндері де өз жалғасын табуда.

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος — «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») — ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

Ғылым ретіндегі логикадан логикалық дұрыс ойдың байланысы мен динамикасын (ойлау логикасы) айыра білу қажет. Ғылыми логика саласына белгілік құрылымдарды жасау мен зерттеу (есептеу, формальдік жүйелер), жалпы касиеттері логикалық оймен көрінетін және белгілік құрылымда белгіленетін шындықтың белгілі бір үзінділерін қарастыру (модельдер) енеді.

Логикалық форма — бұл мазмұнды тұжырымдардың байланыс әдісі. Мысалы, пікірдің екі түрлі нақты мазмұнын қарастырайық:

Барлық ағаш — өсімдік.

Барлық өзендер теңізге құяды.

Екеуінің мазмұндары жағынан айырмашылығын аңғару қиын емес, сонымен бірге біріншісі пікір ақиқат та, екіншісі — жалған пікір. Осы пікірдің мазмұнын шетке шығарып тастайық та, оларды S және Р ауыспалы бөлшектерімен алмастырайық. Нәтижесінде осы пікірлер "Барлық SP-нің негізі" деген логикалык формада кұрылады. Әр түрлі мазмұнды пікірлер "Егер от болса, түтін де болады" және "Егер тарих ғылымы болса, оның өз зандары да болады" деген пікірлер де бірдей логикалық формада "Егер А болса, В да болады" деген пікірді білдіреді. Сонымен, белгілі бір ойдың логикалық формасы сол ойдың қүрылымы, оның нақты мазмұны бөліктерінің байланыс тәсілі болып табылады. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, логика ғылымына нақты анықтама беруге болады. Логика—адам ойының логикалық формалары жағынан және кіріспе білім алу үдерісі кезінде, ақиқатқа жетуін оның заңдары мен пәнін қалыптастырушы қажетті шарттарды реттейтін ғылым. Логика жалпы логикалық тәсілдерді (әдістерді) зерттейді. Логикалық әдістер адамның накты емірді тануында ете қажетті кұрал болмақ.

137. «Қазақстанның жаңа тарихының» философиялық проблемалары

1. Философиядағы өзекті мәселелер.Әлеуметтік-философиялық салада сараптама жүргізу: сұрақтарды қою ерекшеліктері. Антропологиялық салада философиялық сараптаманың өзекті мәселелері. Эпистемологиялық жэне методологиялық салалардағы философиялық сараптаманың өзекті мәселелері.

2. Жаһандану жағдайындағы философияның дамуы.Қазіргі заманның өзекті мәселелерін зерттеу барысындағы жаһандық, өркениеттік және модернизациялық процесстер. Қазіргі заман философиясындағы өзекті мәселелерді қоюдағы «өркениеттік» жэне «жаһандық» аспектілер. Философия мен техногенді өркениет пен мәдениет құндылықтарындағы өзекті мәселелер.

3. Қазіргі заман ғылымы мен мәдениетіндегі философия.Философиядағы инновациялық дамудың ерекшеліктері, негізгі жетістіктері. Философиялық мәдениет пен философиялық білімдегі инновациялық шынайылықтар. Инновациялық процесстердің типологиясы мен әртүрлілігі, «философиялық модельдеудегі» өзгерістер, модельдер мен қажеттіліктер.

4. Қазіргі заман философиясындағы өзекті мәселелер мәдениет пен философиялық сананы тасымалдау негізі ретінде.Философияның заманауи тілі мен философиямен айналысудың жаңаша формасы туралы сұрақтар мәселесі. Қазіргі заман философиясындағы «пәнаралық кеңістік» өзекті мәселе ретінде: философияның когнитология, нейрология, биология және т.б. байланысы мен қарым-қатынасы.

Өркениетті дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосыламыз деген ниетімізді қоғамның рухани жадымен астастыра қарастырудың өзі оңды қадам екені анық. Қазақ халқы ертеден даналыққа құмар халық. Осы тұрғыдан алғанда еліміздегі философия саласының жай-күйі қандай екен деген сауал туындайды. Философияның өзі ежелгі мифтердің, аңыздардың негізінде қалыптасса, қазіргі әр алуан ғылымдардың түрлері алғашқы философиялық жүйелерден бөлініп шыққан. Сондықтан ғылым мен білімге, өркениет пен мәдениетке, дін мен ділге, тұлға мен қоғамға біртұтас дүниетанымдық және әдіснамалық негіз болатын философияның қыры мен сырын біле түскеннен ұтылмаймыз, керісінше, азаматтарымыз рухани және зияткерлік сипатта байи түседі. Осы мәселелер ауқымында қазақстандық философ-ғалымдарымызды ой бөлісуге шақырған едік. Алдымен қазақстандық философияның қазіргі замандағы ахуалын, өзекті мәселелерін білу үшін Философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары Серік Есентайұлын сөзге тарттық.
Кеңестік саясат жалпы түркі халықтарын ислам философиясы мен өркениеті шеңберінен тыс қарастыруға ұмтылды. Оған тарихи сана кедергі болғандықтан ислам философиясының өңін айналдырып таныту идеологиялық ұстаным болды. Аударылған мәтіндері де ақтаңдақталып берілді. Орыс ориенталистикасы мектебінің арнайы методологиялық негіздері мен түсіндіру тұғыры арқылы шектеліп, күзелгендіктен аты ғана исламдық мазмұны ежелгі грек философиясынан көшірілген деп танытылды. Алайда тәуелсіздік алысымен мемлекеттіліктің тұғыры ретінде тарих қайта тұжырымдалып, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында тарихымыз бен ойлау жүйемізге қатысты жәдігерлер мен ойшыл даналарымыздың мұралары сараланып өз тілімізге аударыла бастады. Міне, осы белес түркі ислам мәдениеті, өркениеті мен философиясының жаңаша тұжырымдалуына алғашқы қадам болды. ҚР БҒМ Философия және саясаттану институты осы бағдарламаның басында болды.

138.Философияның негізгі қызметтері: методологиялық, көзқарастық, әлеуметтік, гуманистік, сыншылдық, болжаушылық, әдістемелік.

Методология (грек. metodos – таным жолы, logos – ілім) :

1. белгілі бір ғылымда қолданылатын танымдық әдіс-тәсілдердің жиынтығы;

2. танымның принципін, формасы мен әдіс-тәсілін құру жөніндегі ілім.

Методология адамның теориялық және тәжірибелік қызметін ұйымдастыру мен түзудің түпкілікті принциптері мен тәсілдерін жүйелі түрде сұрыптап, жан-жақты талдап, олардың қолдану аясын, мүмкіндіктерін, өзара байланысын, шындықтың өз қасиеттері мен заңдылықтарына сәйкестігін анықтап, философиялық-логикалық, танымдық-теориялық] тұрғыдан негіздеп, таным мен қоғамдық тәжірибенің әрі қарай дамуына жол ашады. Философия тарихында методологиялық мәселелер мәдениет дамуының деңгейіне сай шешіліп отырды. Ертедегі философиялық жүйелерде методологияның негізі салынды. Аристотель ашқан ойлаудың формалары мен заңдылықтары барлық ғылыми зерттеулер мен ғылыми жүйенің құрылысы үшін аса маңызды болды. Жаңа дәуір философиясында жаратылыстану ғылымының қарқынды дамуына байланысты методологиятеориялық ойлаудың негізіне айналды. Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі — өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы. Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары – «дүние» және «адам». Олар ажырамас бірлікте. Яғни, адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай-ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясын, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Сонымен, гуманизм философиялық-интелектуалдық және мәдени ағым ретінде анықтағаны, яғни адам табиғатынан мейірімді деген түсінікпен қоғамдық ойды бекітті. Бірақ, адамның «мейірімділігі» неден пайда болады дегенде, гуманистік ойлаушы авторлар тарап кетеді. Сондықтанда, біз неофреидтік-эго психологияның өкілдері (Э. Эриксон, Э. Фромн, К. Хорин), А.Маслаудың өзіндік актуалды немесе өзекті теориясын және В.Франклдің логотерапиясын жеке-жеке қарастырамыз. Жеке тұлғаның эго-психология және гуманистік пікірі ХХ ғасырдың ортасына қарай фрейдизмнің сынына орай басқа теоретиктер өзінің қағидалары мен шығармашылық үлгілеуде жаңа аргументтер табуға дел буды. Бұл орайда жетістікке жеткен эго-психология болды, яғни гуманистік психологияда маңызды бір бағыт болғандықтан. Бұл бағыттың өкілдері (Хорни, Салливан, Фромм) Фрейдті сынаған себебі. Ол көбінесе (ол) деген ұғымға көбірек келген, яғни (Мен) деген ұғымынан атап өткен. Эго – психологтар Фрейдті сынаудағы айтқан тұжырымдары бойынша Фрейд көбнесе өз ойын ауруларға, психикалық ауытқушылығы бар адамдарға бақылау жүогізгендіктен деп тапты.

 

 

139. А.Эйнштейннің жалпы және арнаулы катыстық теориясы

Эйнштейн Альберт, нем. Albert Einstein (14 наурыз 1879, Германия, Ульм қаласы – 18 сәуір 1955, АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон) –физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі.

Альберт Эйнштейн — теориялық физиканың негіз қалаушылардың бірі, 1921 жылғы Нобель сыйлығының иегері, атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі.

Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы”. Бұдан бөлек 300-ден астам ғылыми еңбектердің, тарих, ғылымдар философиясы және публицистика саласындағы 150-дей кітап, мақалалардың авторы ретінде де танымал. Ол бiрнеше түбегейлi физикалық теорияларды жасады:

Арнайы салыстырмалылық теориясы (1905).

Жылу сыйымдылығының және фотоэффект кванттық теориясы

Бозе Эйнштейн кванттық статистика.

Броун қозғалысының статистикалық теориясы, флуктуациялардың теориясына негiзін салған.

14 жасынан Швейцарияда тұрған. Цюрихтегі политехникумды бітіргеннен кейін (1900) орта мектепте сабақ берді, кейін патент бюросында эксперт (1902 – 1909) болып қызмет атқарды. 1909 – 1911 жылы Цюрих университетінде, 1911 – 1912 жылы Прагадағы Неміс университетінде, 1912 – 1913 жылы Цюрихтегі политехникумда профессор болды. Пруссия ҒА-на сайланғаннан кейін (1913) Берлинге көшіп келді (1914). Мұнда ол 1933 жылға дейін тұрды. 1933 жылдан өмірінің ақырына дейін Принстондағы (АҚШ) Іргелі зерттеулер институтының профессоры болып жұмыс істеді.

Эйнштейннің ғылымдағы басты еңбегі – салыстырмалық теориясы. Бұл теорияның жасалуы нәтижесінде кеңістіктің, уақыттың және тартылыстың жаңа қасиеттері ашылды, олардың бір-бірімен байланыста болатындығы дәлелденді. Салыстырмалық теориясы жарық жылдамдығына жуық жылдамдықпен қозғалатын нысандар (негізінен элементар бөлшектер, ғарыштық сәулелер, т.б. ) мен күшті тартылыс өрісінде өтетін процестерді зерттеу үшін қолданылатын теор. негіз болды. Эйнштейн жарықтың кванттық теориясы, кездейсоқ процестер теориясы, магнетизм, т.б. салалар бойынша да маңызды жаңалықтар ашып, зерттеулер жүргізді. Эйнштейннің салыстырмалық теориясының тұжырымдарын сол кезде кейбір ғалымдар мойындамағанымен, қазіргі кезде ол – жалпы жұртшылық мойындаған ілімге айналды. Эйнштейн – көптеген ғылым академиялары мен ғыл. қоғамдардың мүшесі. Нобель сыйлығының иегері (1921). 1927 жылы КСРО ҒА-ның құрметті мүшесі болып сайланды.

140.Философия мен жеке ғылымдардың (табиғаттың, қоғамдық, техникалық) өзара байланысы.

Философия біздің өмірлік тәжірибеміздің бір бөлігі болып табылады. Философия б.з.д. VІ-V ғасырларда қалыптасты, осы кезден бастап адазат әлемі туралы, ондағы өзнің орны мен тағдыры туралы рационалды көзқарас қалыптастыра бастады.

Ғылым философиясы—ғылымды адам іс-іәрекетінің ерекше аясы және ұдайы дамудағы білімнің жүйесі деп қарайтын философияның тарауы. Ғылымда білімді философияның гносеологиялық және методологиялық тұрғыдан зертеудің аздаған тарихы болғанымен, Ғылым философиясы –соңғы кезде 20 ғасырда кеңінен тарай бастады. Ең алғашқы бұл термин логикалық позитивтер деп аталатын философтардың еңбектерінде қолданылып, ғылым тілін философиялық тұрғыдан зерттеулер тек ғана формальдық (математикалық) логика шеңберінде болуы керек. Ал ғылыми ғымдарды эмпирикалық, тәжірибе, байқау арқылы түсіндіруге болады деп түсіндірілді. Ғылым, бұл концепция бойынша— адамның ең жоғарғы ісі, ал ғылым философияның бір ғана функциясы осы жеке ғылымдарда, логикалық, методологиялық тұрғыдан қамтамассыз етілуі. Бері келе ғылым философиясы біржақты екендігі байқалғаннан кейін оның проблематикасына өзгерістер енгізілді. Қазіргі кезде ғылым философиясы ғылымның құрылымы мен қатар, оның тарихын зерттеуге бет бұрып отыр.

 

141.Қазақ ағартушылығының қалыптасуы-қоғам өмірінің демократиялық бағыты (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин).

Ресейге күштеп қосылу нәтижесінде Қазақстанда өндіргіш күштер мен халық ағарту ісін ұйымдастыру және басқаруда ілгерілеу байқалды. Орыс революционер демократтарының идеалдары Қазақстан ағартушы демократтарының жанына жақын келді. Олардың кейбірі (Уәлиханов, Абай, Алтынсарин) Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың, А.И.Герценнің, В.Г.Белинскийдің еңбектерімен, ал кейбірі (Уәлиханов, Абай) авторларымен таныс болатын.

Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) – демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады.

Қазақ ағарту ісінің көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл және жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889).
Ыбырай дүниетанымы қалыптасуына халық ауыз әдебиеті, прогрессивті орыс мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдерінде табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Екіншіден, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. («Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!», «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» деген өлең шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың тұтқасында», т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды). Алтынсариннің этикалық және эстетикалық көзқарастары құндылығы және маңызы жағынан ерекше орын алады. Жастарды инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалары ерекше орын алады. Еңбекті сүю, үлкенді құрметтеу, мейірімділік, кішіпейілділік сияқты қасиеттерді қырда өскен балаларға әңгіме, мысалдар арқылы жеткізе білді.

 

 

142.Қоғам дамуындағы күш көрсету мен зорламау мәселесі. Геополитика идеялары. Терроризмнің (ланкестіктің) мәні мен әлеуметтік себептері. (А. Камю «Дүмпитін адам»).