JS Циклдер 2 страница

AJAX — дара технология емес, ол бірнеше технология бірігуінен пайда болған. AJAX екі негізгі принципке негізделген: серверге “лезде” сұраным жасау технологиясы, веб бетті толықтай жүктеусіз орындалады, мысалы:

§ XMLHttpRequest арқылы (негізгі объект);

§ динамикалық “дочерный” фреймдар арқылы[1];

§ динамикалық <script> тегі арқылы[2];

§ DHTML беттің мазмұнын динамикалық өзгерту үшін пайдалану.

Деректер форматы әдетте JSON немесе XML пайдаланылады.

Артықшылығы

Трафик үнемдеу
АЯКС ты пайдалана отырып біз трафик үнемдейміз, себебі әдетте веб парақ толықтай жүктелетін болса, біздің жағдайда беттің тек белгілі бір бөлігі ғана жаңарады, яғни “обновить” етіледі.

AJAX - бір нақты технология емес, ол бірнеше технологиялардың бірігуінен, бір-бірін толықтыруынан пайда болған технология.

1.JavaScript - Web-қосымшалары құрамына кірістірілетін жалпы мақсатты орындауға арналған сценарийлер тілі. JavaScrip интерпретаторы Web-браузер құрамына ене отырып браузердің кірістірілген құрылғыларымен кодтың қарым-қатынас жасауын қастамасыз етеді. AJAX –та бұл тіл қосымшаның тұтынушы жағындағы кодын құру мақсатында пайдаланылады. Қазіргі таңда бұл Web программалаудың қарқынды даму үстіндегі тармағы. Бұл технологияның ең негізгі ерекшелігі оның асинхрондылығында. JavaScript тілін қашықтын қолданудың негізгі идеясын былайша түсіндіруге болады: жалпы тұрғыда форма немесе басқадай серверге сұраныс жіберетін құрылғылар арқылы қарым-қатынас ұйымдастырғанда серверден сәйкесті жауап күту уақыты ұзақ және сұранысты жіберу кнопкасы басылған соң экран тазартылып, содан соң ғана келесі ақпараттардың бейнеленуі пайдаланушыларға ыңғайлы да тиімді де емес. JavaScript-ті қашықтан қолдану осындай кемшіліктерді болдырмайды. Жалпы қашықтан қолданудың басқа да мүмкіндіктері өте көп. JavaScript мүмкіндіктерін қашықтан қолдануға қолдау жасайтын бұрыннан белігі процедураларды қашықтан шақыру технологиясы болып табылады ( RPC­ – Remote Procedure Call).

69. PHP программалау тілі. PHP тілі туралы жалпы мағлұмат. PHP тілі негіздері. Тіл синтаксис

РНР-бұл Web –серверге жіберілетін скриптердің көмегімен Web-беттерінің динамикалық генерациясына қажетті бағдарламалау тілі. Сіз бетті РНР және HTML-дің көмегімен ашасыз. Сайтты пайдаланушы бетті ашқанда, сервер html-код қосылған РНР операторларын орындайды және нәтижені пайдаланушының браузеріне жібереді. Бұл әрекет дәл осылай ASP және Cold Fusion-ның көмегімен жасалады. Дегенмен ASP және Cold Fusionға қарағанда, РНР ашық бастапқы кодты өнім болып табылады және платформалы тәуелсіз. РНР Windows NT және Unix-тің көптеген версияларында жұмыс жасайды. Ол Аpache –дегі модуль ретінде жіберіле береді. Егер жіберілу Apache модулі түрінде болса РНР оңай және жылдам жұмыс жасайды. Бұл кезде процессті жасауға байланысты туындайтын қосымша шығындар болмайды. Сондықтан нәтижесі тез шығады және сервердегі сақтаудағы шығынды азайтатын mod _perl-ді орнатудың қажеттілігі болмайды.Сіздің құжат бетіңіздегі әртүрлі операциялардан басқа сіз РНР көмегімен НТТР-тақырыптарды қалыптастырып HTTP орната аласыз. Сонымен қатар аутенфификацияны басқарып пайдаланушыны басқа бетке бағыттай аласыз. РНР берілгендер қорына енуге үлкен мүмкіндіктер ашады. Бұл сізге PDF құжаттарды инерациялаудан, ХМL-дегі грамматикалық талдауды жасауға мүмкіндік береді.РНР операторлары сіздің бетіңізге Web-беттерді қойып береді, сондықтан арнайы ортада жүзеге асырудың қажеттілігі туындамайды. Сіз РНР-кодының блогын <?php тегінен бастап, оны ?> тегімен аяқтайсыз. Бұл тегтердің арасындағылардың барлығы РНР код ретінде интерпритацияланады. РНР тілінің синтаксисі Си және Рerl синтаксисіне ұқсас келеді сіз ауспалыларды оларды пайдаланудан бұрын жарияламауыңыз керек. Массивтермен Хэмтер оңай жүзеге асырылады. Дегенмен РНР Apache құрылған жағдайда бәрінен жылдам жұмыс жасайды. РНР Web – сайтында оны Microsoft ІІS және Netscape Enterprise Server орналастырудың реті бар. Егер сізде РНР ді орнатуға бағдарламалық қамтамасыз етудің көшірмесі жоқ болса, оны сізге ресми Web –сайттан ала аласыз. Ол жерден сіз РНР дің барлық ерекшелігі мен қызмет бейнеленген түсіндірілген жетекшілікті таба аласыз.Соңғы он бес жылдары интернеттiң қиял-ғажайып дамуы және адамдардың арасындағы қарым-қатынастың жаңа әдiстерiн белгiледi. Бұл құбылыстың алдыңғы өлкелерiне (WWW ) World Wide Webде болады.Рнр тарихы 1995 жылдан тәуелсiз бағдарламашы (Rasmus Lerdorf ) Расмус Лердорф сайтта оның онлайндық резюмесін оқып шыққан келушiлердің саның есептеуге арналған Perl/CGI нiң сценариын жазудан басталады. Оның сценариы екi есептi шештi : келушiнiң деректерінің тiркелуі және келушiлердiң санын - web бетке шығару. WWW дамыту әлi тек қана басталды, бұл есептердi шешуге арналған ешқандай да арнайы құралдар болмады, сондықтан авторға көп сұрақтар лап берді. Лердорф (Рнр ) Personal Home Page немесе (гипермәтiн процессоры ) Hypertext Processor аталған өз құрал-сайманын тарата бастады.Лердорфаның Рнр құрал-сайманының шулы жетiстiгi Рнрдың кеңейтулерiн өңдеуге әкеп соқты. Кеңейтулердің бірі HTML формада енгiзiлген мәлiметтердi символдық айнымалыларға түрлендiрдi, осыдан оларды басқа жүйелерге шығаруға мүмкiндiк берген. Қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн Лердорф өңдеулерді жасауды ендiгәрi Perl ден С-ге өтуге шештi. Сол кездегі Рнрдың құрал-сайманының кеңейтуi 2.0-шi Рнр пайда болуына, немесе (Personal Home Page Form Interpretator ) PHP-FIнi келтiрдi. Дүние жүзiнен бағдарламашылар 2.0 версияны жетiлдiруге қатысты. Жаңа РНР версиясы ерекше мәлiмдiлiкпен пайдаланды, және өңдеушiлердiң негiзгi командасы жақында іріктелді. Олар HTML-ға программалық кодтың енгiзуiнің бастапқы тұжырымдамасын тiкелей сақтады және Рнр-дiң 3.0-шi версиясының пайда болуына келтiрген лексикалық талдаудың механизмін қайтадан жазды.РНР 4 бұл қозғалыста жұмыс жасаушы ретінде 2000 жылы жарыққа шықты. Өндірісті жоғарылатуда қосымша ретінде РНР 4 тің мүмкіндіктері зор еді. РНР 4-тің шығуымен ол интернет доменінің 20 пайыздан көбінде қолданыла бастады.

2000-2004 жылдар арасында 4 версияны жұмсарту үшін белсенді жұмыстар жалғасты. Шамамен сол кезден бастап ақ РНР Group жаңа версияның мүмкіндігін ойластыруға кірісті. Бірінші кезекте тілдің объектілік мүмкіндіктерін күшейту шешілді. Бұл оның жүзеге асыру үшін ірі жобаларды пайдалануға мүмкіндік берді. 5-ші версияны жарыққа шығару үшін қосымша уақыт бөлінді. Оған көптеген мамандар қатысты олардың ішінен Стерлинг Хьюза және Маркус Бергерді атап өткен жөн болар.

Ақыры 2004 жылдың шілдесінде РНР 5 ресми түрде жарыққа шығады. Бірінші кезекте жоспарланғандай өңдеуде объектілермен жұмысты барлық механизм жұмылдырылды. Егер алдыңғы версияларда РНР –дегі объектілік-жобалаушылық бағдарламалау минимальды деңгейде мүмкін болатын болса, ал РНР 5 объектілік бағдарламалауды жүзеге асыруда көптеген потенциалдарға ие. Онымен қоса РНР ХМL мен жұмыс жасауда бағалы кеңейтулермен, берілгендердің әртүрлі қайнар көзіне байыды.

РНР 4-дегі ХМL мен жұмыс жасауға арналған барлық негізгі кітапқаналар күрделі өңдеуге ұшырады. Мынадай танымал кеңйтілер SAX, DOM, және XSLT қазір libxml2-нің құрал-сайманын пайдаланады. Сонымен қатар тағы да жаңа екі кеңейтулер қосылды-SimpleXML және SOAP. Somple XML XML- берілгендермен жұмысты айтарлықтай оңайлатады. Бұдан алдын РНР-да ХМL мен жұмыс бұншалықты қарапайым болмаған еді.

SOAP -тың кеңеюі РНР да ХМL –хабарламаның көмегімен басқа қосымшалармен ақпарат ауысатын сценарий құруға мүмкіндік береді. Мысалы НТТР. РНР қосымшалы қазіргі таңдағы танымал веб-сервистермен интеграциялауға мүмкіндік туындайды.

РНР 5 My SQL (My SQL Improved) жаңа кеңeйтулер Му SQL – сервер версиясымен 4.1.2 және жоғарылармен жұмыс жасауға арналған. Му SQL - ға тек қана процедуралық емес сонымен қатар объекті жобалаушылық интерфейс жүзеге асады. Бұл модульдің қосымша мүмкіндіктері SSL-ді, транзакцияны бақылауды қосады.

SQLite–тің кеңейтілуі мәліметтерді кәдімгі файлдарда сақтайтын қоcымшаны құрастыруға мүмкіндік береді. Ол SQL интерфейсін пайдалануға мүмкінік тудырады. SQLite – нің маңызды ыңғайлылығы – пайдаланылу қарапайымдылығы. SQLite процедуралықпен қатар мәлiметтермен жұмыс жаcау үшін мықты объектілік - жобалаушылық мүмкіндіктері бар. SQLite-нің басқа ерекшеліктері –жоғары жылдамдық, басқарудағы күрделі механизмдердің жоқ болуы және оңай тізгіштік. Көптеген эксперттер РНР -нің бұл кеңейюінің үлкен танымалдылыққа ие болатындығын жоспарлап отыр. РНР 5-тің басқа кеңейтілуі өзіне төмендегілерді қосады:

· Tidy –HTML-құжаттарды сараптау және түзету үшін.

· Perl - Perl сценарийлерді пайдалану.

· SPL – кластармен интерфейстердің стандарты жиынтығын анықтайтын ZE2 –нің кеңеюі.

· -РDО -PHP-нің мәліметтеріне әмбебап интерфейс ұсынады.

· -PІMP-GD модульінің орнына келген, графикамен жұмыс жасауға арналған жаңа кітапхана.

· Бұдан басқа РНР 5-те есте сақтаудың әлдеқайда жылдам диспетчері пайдаланылады.

· РНР 5 REAR құрылымын нақты жүзеге асыруға керекті қасиеттермен толықтырылған.

 

70. Мәліметтер типі. Операторлар. Таңдау операторлары.

Мәліметтер типі (Тип данных; data type) — программалауда — мәліметтердің мүмкін мәндерінің ауқымын, оларға рұқсат етілген операциялар жиынын және бұл мәліметтерді аяқтаудың тәсілін анықтау арқылы оларды бір типке біріктіру жолы. Мынадай типтер: сандық, символдық, логикалық, мерзімдік (дата) және т.б. болады.Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп,олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз – шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.Паскаль тілінде пайдаланатын барлық типтер скалярлық (қарапайым) және құрылымдық (структуралық) болып үлкен екі топқа бөлінеді. Скалярлық типке шамалардың стандартты типі және жасанды тип (тағайындалған) жатады. Стандартты типтерге:
-бүтін –INTEGER нақты – REALлогикалық – BOOLEAN
-тіркестік – STRINGмәтіндік - TEXTтиптер жатады.
Құрылымдық типтегі жиымдар –ARRAY, жазбалар – RECORD, жиындар – SET және файлдар – FILE түрлеріне бөлінеді. таңдау операторы, бұл оператор бізде программаның тармақталуын қамтамасыз етеді, яғни программаның орындалуының бірнеше варианттарының бірін таңдауға мүмкіндік тудырады
Жазылу әдісі:


switch(айнымалы)
{
case константа1: әрекет; break;
case константа2: әрекет; break;
case константаЗ: әрекет; break;
...
default: әрекет; break;
}

Бұл жерде айнымалыны тексереді, константалардың біреуіне тең болып қалса соған сәйкес әрекетті орындайды. Егер ешқандай жағдай(case) орындалмаса default-қа сәйкес әрекет орындалады. Және де әр варианттан кейін міндетті түрде break жазуымыз керек.
Мысалы:


int a = Convert.ToInt32(Console.ReadLine());
string Title;
switch(a)
{
case 1: Title = "Дүйсенбі"; break;
case 2: Title = "Сейсенбі"; break;
case 3: Title = "Сәрсенбі"; break;
case 4: Title = "Бейсенбі"; break;
case 5: Title = "Жұма"; break;
case 6: Title = "Сенбі"; break;
case 7: Title = "Жексенбі"; break;
default: Title = "Ондай күн жоқ"; break;
}
Console.WriteLine(Title);
Console.ReadKey();

Негізі осындай кезде біз бірнеше if операторлары арқылы да жүзеге асырсақ болады, бірақ көбінесе switch операторын қолданғанымыз әлдеқайда тиімдірек болып табылады.

Операторлар. Таңдау операторлары.PHP тілінде де кез келген программалау тілдеріндегідей арифметикалық операторлар, салыстыру операторлары, логикалық операторлар, меншіктеу операторлары, таңдау операторлары, циклдік операторлар қолданылады . PHP тілінде таңдау операторларына if...else шартты операторы және switch таңдау операторы жатады. Шартты оператор синтаксисі:

If (өрнек) 1 орындау блогы else 2 орындау блогы

Егер өрнек–шарт ақиқат болса, онда 1 орындау блогы орындалады. Кері жағдайда 2 орындау блогы орындалады.

1,2 орындалу блоктары шартты болуы мүмкін, тілдің синтаксисі енгізілген шартты операторда әрбір else жақын if операторына сәйкес келеді. Бірнеше рет шартты операторды қолдану есептерінде қателіктер кетуі мүмкін, сондықтан мұндай есептердің қарапайым шешімі фигуралық жақшаны қолдану болып табылады, яғни құрама операторларды қолдану қажет. РНР С++, Java тілдеріндегідей, if…else блоктарын шартты операцияға өзгерте алады. Жазылу форматы:

өрнек_1 ? өрнек_2 : өрнек_3

Алдымен өрнек_1есептеледі. Егер ол ақиқат болса (яғни 0-ге тең емес), онда өрнек_2мәні есептеледі, өрнектің нәтижесі де осы болып табылады. Егер есептеу кезінде өрнек _1 мәні 0 (жалған) болса, нәтиже өрнек_3болады. Бұл шартты оператордың қарапайым мысалы: x < 0 ? –x : x;

Бұл өрнек х айнымалысына абсолютті нәтиже мәнін қайтарады.

1-мысал :

<?

$x = 1;

$y = 1;

if($x==1)

{

if($y==1)echo("x=1 and y=1");

}

else echo("x!=1");

?>

Switch операторы тармақталуды ұйымдастырудың ең ыңғайлы құралы болып табылады. Оператор синтаксисі:

switch(өрнек не айнымалы)

{

casevalue1: операторлар блогы; break;

casevalue2: : операторлар блогы;break;

...

default: келісім бойынша орындалатын операторлар блогы;

}

switch басқару құрылымы басқаруды белгіленген case операторға береді, өрнектің тұрақты мәні өрнек не айнымалы мәніне сәйкес келеді. if операторынан айырмашылығы мұнда өрнектің мәні логикалық типке келтірілмейді, ол тек case кілттік сөзінен кейінгі мәндермен салыстырылады. Мысал келтірейік :

<form action = "http://localhost/PHP/chapt2/switch.php" method="get">

number: <input type="text" name="number"/><br>

<input type="submit"/>

</form>

<?

switch($number)

{

case 1:

echo ("one ");

case 2: case 3:

echo ("free");

case 4: case 5:

echo ("five");

case 6: case 7:

echo ("seven");

case 8: case 9:

echo ("nine");

break;

default:

echo ("This isn't number or number is > 9 or < 1");

}

 

71. Цикл операторлары. Массивтер. Массивтерді өңдеу.

Циклдік процес ұйымдастыру үшін келесі операторлар қолданылады:

Параметрлі циклдік оператор-FOR

Алдын ала циклдің орындалу шартын тексеретін оператор-WHILE

Соңында циклдің тоқтату шартын тексеретін оператор-REPEAT

Циклдік операторлар структуралық операторлар тобына жатады, өйткені құрамына бірнеше операторлар кіреді. Программада алдымен цикклдің тақырыбы жазылады, онан кейін қайталанатын операторлар бөлімі цикл денесі жазылады. Цикл денесі бір немесе бірнеше операторлардан тұруы мүмкін. Барлық циклдік операторлардың келеі ерекшеліктері бар: қайталанатын операторлар(цикл денесі) бір ақ рет жазылады; циклге тек қана басынан (тақырыбы) кіруге болады; циклдің айнымалылары алдын ала анықталуы тиіс; цикл денесінде көшу () операторларын қолданып басқа программаның бөліктеріне шығуға болады; цикл ұйымдастырғанда міндетті түрде циклден шығу шарты орындалатынын қарастыру керек, әйтпесе прогамма орындалуы циклге келгенде тоқтап тұрып қалады. Цикл денесінің әр қайталануында цикл айнымалыларының мәндері де өзгеріп, жаңа мән қабылдап отырады. Қайталану саны циклдің тақырыбында және цикл денесінде берілетін айнымалылардың мәндеріне байл.болады.

While операторы алдымен шарт тексерілетін циклдік оператор болып табылады. Циклға кірерде шартты өрнек қарастырылады, егер оның мәні 0 болмаса, цикл денесі орындалады. Сосын шарт өрнегін және цикл денесінің операторларын есептеу шарт 0-ге тең болғанша жалғаса береді. While циклының қарапайым мысалы:

<?

$var = 5;

$i = 0;

while(++$i<= $var)

{

echo($i); echo('<br>');

}

?>

Программаның орындалу нәтижесінде 0-ден 5-ке дейінгі сандар браузерге шығарылады.

Циклдан шығу үшін breakоператоры қолданылады. Бұл операторларға кездескен сәтте ағымдағы цикл итерациясы тоқтатылады, одан кейінгі итерациялар орындалмайды. Келесі мысалда, $var = 7 болғанға қарамастан, браузер терезесінде 1-ден 3-ке дейінгі сандар пайда болады.

<?

$var = 7;

$i = 0;

while(++$i<= $var)

{

echo($i);

echo('<br>');

if($i==3)break;

}

?>

Кейде алғашқы итерацияны тоқтатып, келесі итерацияға өту керек болады. Бұл үшін continueоператоры қолданылады:

<?

$var = 7;

$i = 0;

while(++$i<= $var)

{

if($i==5)

{

continue;

}

echo($i);

echo('<br>');

}

?>

Бұл мысалда 5-тен басқа 1-ден 7-ге дейінгі сандар шығарылады. Аяқталмайтын цикл while операторы арқылы келесі түрде жүзеге асырылады:

while(1)

{

...

}

Do…while циклдік операторы.Бұлцикл операторында алдымен кез келген жағдайда цикл денесі орындалады, содан кейін шарт есептеледі, тексеріледі, егер ол 0-ге тең болмаса, қайтадан цикл денесі орындалады. Төмендегі мысалда 0 әрқашан тізімге кіреді, шартқа тәуелсіз орындалады.

<?

$var = 5;

$i = 0;

do

{

echo($i); echo('<br>');

}

while(++$i<= $var)

?>

Нәтижесі:

Соңғы шартты циклде аяқталмайтын цикл былай орындалады.

do ;while(1);

For циклдықоператоры.PHP тіліндегікүрделіциклдікоператордыңбірі.1-өрнекциклайнымалысыныңалғашқымәні, 2-өрнек –циклшарты, 3-өрнек – циклқадамы.Мысалы;

<?

$var = 5;

$i = 0;

for ($i = 0; $i<= $var; $i++)

{

echo($i);

echo('<br>');

}

?>

Нәтижесінде 0-ден 5-ке дейінгі сандар шығарылады.

Серверлік сценарийлер. Сайтты Интернетте орналастыру мәселелері. WEB технологиялардың қазіргі таңдағы даму барысы, перспективасыАссоциативті массивтер. PHP-де массив индексі ретінде тек сандарды ғана емес, жолдарды да алуға болады. Жолға шек қойылмайды, ол бос орындардан(пробел), арнайы символдардан тұруы мүмкін және ұзындығы кез келген болуы мүмкін. Индексі жол (қатар ) болатын массивтер ассоциативті деп аталады.

Ғoreach циклі.Массвитерді тексеру үшін foreach циклі қолданылады:

foreach(array as [$key =>] $value)

{

Орындалу блогы;

}

Көпөлшемдімассивтер.Көпөлшемдімассивтердібейнелеуүшін array() ішкіконструкциясықолданылады. Мысалдакөпөлшемдімассивтіңбейнеленуіменқұрылуытексерілген.

Массивтерді сұрыптау функциялары

Массивтерді өсу реті бойынша сұрыптайтын sort() функциясы.

Синтаксисі:

voidsort(array array [, int sort_flags])

Функция array массивін өсу реті бойынша сұрыптайды. sort_flagsміндетті емес аргументі сұрыпталатын элементтерді көрсетеді. Бұл аргументтің мүмкін мәндері:

· SORT_REGULAR – элементтерді қалыпты салыстырады

· SORT_NUMERIC – элементтерді сандар сияқты салыстырады

· SORT_STRING – элементтерді жолдар сияқты салыстырады.

Бұл функция негізінен тізімді сұрыптау үшін арналған. sort() функциясы кез келген массивті тізім ретінде қабылдайды.

 

72. Серверлік сценарийлер. Сайтты Интернетте орналастыру мәселелері. WEB технологиялардың қазіргі таңдағы даму барысы, перспективасы.

Web-қосымшаларға тән сайтқа кірушілер санын анықтау, қонақ кітабын, интернет-дүкенді құру және қолдау жасап отыру сияқты мәселелер сервердің есептеу ресурстарын пайдаланатын технологиялар негізінде шешіледі. Бұл есептерге ортақ мәселе – клиент браузері мен сервер арасында мәлімет алмасу, мәліметтерді сервердің қатты дискісіне сақтау және сервердегі қайсыбір программаны жүктеу. Белгілі бір көлемдегі мәліметтер жиынын сақтау cookie механизмі көмегімен жүзеге асырылады. Скриптілер клиент жағында да(мысалы, JavaScript сценарийлері), сервер жағында да (PHP, ASP, CGI скриптілері) орындалуы мүмкін, ол олардың құрылу мақсатына орай жүргізіледі. Көптеген серверлік технологиялар бар, олардың өзіндік ерекшеліктері мен жетістіктері де бар. Мысалы:

· ASP JavaScript —Microsoft ASP серверлік технологиясы, программалау тілі JavaScript;

· ASP VBScript —Microsoft ASP серверлік технологиясы, программалау тілі VBScript;

· ASP.NET C# —Microsoft AS P.NET серверлік технологиясы, программалау тілі С#;

· ASP.NET VB —Microsoft ASP.NET серверлік технологиясы, программалау тілі VBScript;

· ColdFusion — Macromedia ColdFusion серверлік технологиясы;

· JSP Netscape JSP серверлік технологиясы;

· PHP MySQL —PHP тілі MySQL серверлік деректер базасымен бірге пайдаланылады.

Біз курсты игеру барысында PHP, CGI платформааралық технологияларына, осы тілдер негізінде сценарийлер құру механизмдерімен танысқан болатынбыз. Енді серверлік ASP технологиясының мүмкіндіктерін қарастырамыз.

ASP (Active Server Pages – серверлік белсенді парақтар) технологиясы сервер ресурстарын қолданатын қазіргі кезде де қолданыстан кетпеген серверлік технологиялардың бірі. Бұл технологияда серверде кеңейтілуі asp болатын мәтіндік файл орналасады, онда HTML-кодтар мен сценарийлер болады (олар аралас та жеке түрінде де болуы мүмкін). ASP технологиясы белгілі бір тілге негізделмеген, оның сценарийлері VBScript, JavaScript тілдерінде жазыла береді, сонымен қатар Perl, REXX, Python тілдері де қосымша орналастырыла алады, яғни ASP парақтарында орнатылған СОМ-ға (сценарийлерді өңдеуді сәйкестендіруші) сәйкес келетін кез келген сценарийлік тілді пайдалана беруге болады.

Басқа да серверлік технологиялар сияқты жергілікті компьютерде серверлік сценарийі бар құжаттармен тиімді жұмыс ұйымдастыру үшін ASP парақтарының да Web-серверлік программалық қамсыздандырылуы болуы керек.

Сайтты Интернетте жариялауда қазіргі кезде қолданыстағы визуалды сайт әзірлеу құралдарының (Macromedia DreamWeaver, Microsoft FrontPage жүйелері) мүмкіндіктерін пайдалануға болады. Сонымен қатар кең қолданыста жүрген Total Commander файл-менеджерінің FTP-сервермен байланыс бұйрығы арқылы да жүзеге асыруға болады. ҒТР- хаттамасы бойынша сервермен байланыста ҒТР-сервер аты (мысалы, ftp.admiral.ru) мен пайдаланушының есептік жазбасын (мысалы, wwwivanov) және пароль енгізілуі керек. Бұл мәліметтерді сізге сайтты орналастыруға орын мен адрес берген интернет-қызметін көрсетіп отырған провайдерден алуға болады. Парақты Интернетке жариялауды тегін ұйымдастыратын провайдерлер қызметтерін де пайдалануға болады. Әдетте тегін орналастыру жағдайында провайдерлер сайттың коммерциялық бағытта болмауын және сервердің есептеу ресурстарын пайдаланбауын(сервер тек сайтты, мәліметтерін сақтайды, сұранысқа орай мәліметтер жібереді, яғни ешқандай мәліметті өңдеу жүргізілмейді, скриптілік тілдерді сценарийлерді орындау жүзеге асырылмайды) талап етеді. Мұндай талап сайт беттеріндегі формалар мәліметтерін сақтау, серверге жіберу, қонақ кітабын құру, сайтқа кірушілер санын анықтау, электрондық дүкен сияқты мүмкіндіктерді пайдалануға рұқсат бермейді. Сонымен қатар, көп жағдайда провайдерлер сіздің сайтыңызға өз жарнамаларын (суреттер, хабарламалар т.с.с) орналастыру құқығы бар деп есептейді.