Т–хелперлер

Т-хелперлер реттеуші жұмысты атқаратын Т-лимфоциттердің субпопуляциясы болады. Олардың Т-лимфоцитер арасындағы үлесі 75 пайыз. Т-лимфоциттердің сыртқы мембранасының бетінде СД4, және басқа рецепторлардың молекулалары табылады. Солар арқылы Т-хелперлер АПЖ-дан (антиген презентейтін жасушалар) алынған ақпаратты талдайды.

Т-хелперлердің антигеннің бөгде, не бөгде емес екенін талдауы дәлдікті тілейтін күрделі процесс. Оған көптеген факторлар әсер етеді (9-сызбанұсқа):

2. ТCR (Т-жасушалардың рецепторы) мен бірлескен СД3 молекуласы;

3. MHC (гистосәйкестіктің басты комплексі) сыныбының молекулалық кешеніне ұқсастығы бар СД4 Ко-рецепторлы молекулалары;

4. Жасушааралық түйісуді тұрақтататын адгезиялардың молекулалары;

5. АПЖ (Антиген презенттейтін жасушалар) –ның Ко-демеуші факторалымен өзара әрекеттесетін рецепторлар (СД28, 40 Л).

Өнімді рецепция Т-хелперлердің көп түрлі цитокиндерді өндіруіне дем береді. Солардың көмегімен Т-хелперлер иммундық жауапқа қатынасатын жасушалардың биологиялық белсенділігін бақылайды. Т-хелперлердің тобы біркелкі емес екені дәлелденген. Белсендірілген СД4+ Т-лимфоцит келесі буында екі түрге талданылады: Т1 және Т2 хелперлер.

Т1-хелперлер жасушалық иммунитеттің дамуына, гиперсезімталдықтың баяу түріне, иммундық қабынуға керекті ИЛ -2, 3, гамма-ИФН, ісіктің некрозын тудыратын фактор (ФНО- фактор некроза опухолей - ІНФ –ісіктің некроз факторы) түзеді.

Т2-хелперлер гуморалдық иммунитетті, гиперсезіталдықтың жедел түрін қолдайтын ИЛ-4,5,6,9,10,13 және т.б. өндіреді..

ОрганизмдеТ1-, Т2-хелперлердің теңестігі сақталып отырады. Ол сәйкесті иммундық жауап беруге қажет. Бірақ, жасушалар үнеме өзаралық сайысқа түсіп отырады. Нәрестелердің ағзасында Т2 -хелперлердің үстемділігі анықталған. Организмнің калыпты микробтарының сан-сапасы өзгерген кезде Т1-хелперлердің дамуы бәсеңдеп, аллергияға соқтырады.