Предназначена в качестве учебника для студентов металлургических и политехнических вузов. Может быть полезна для использования в металлургических лицеях и колледжах.
13.3 Өз мамандықтарыңызға байланысты орыс тіліндегі бір оқулықтың аңдатпасын қазақ тіліне аударыңыздар.
13.4 Оқулықтағы бір тараушаның кілт сөздерін жазыңыздар.
Ғылыми мақалаға аңдатпа жазу үшін
қолданылатын фразалар
(Фразы, рекомендуемые для написания аннотации к научной статье)
- Бұл мақалада ... мәселелер қарастырылған – В данной статье рассматривается проблема...
- ... идеялар негізделеді – Обосновывается идея о том, что...
- Мақалада ... тақырыбы сөз болады – В статье затрагивается тема...
- ... салыстырылады – Даётся сравнение...
- Мақала ... мәселелерді кешенді түрде зерттеуге арналған – Статья посвящена комплексному исследованию...
- Мақалада ... талдау мақсаты қойылған – Целью статьи является анализ изучения...
- Мақала ... феноменіне арналған – Статья посвящена феномену...
- Мақалада ... мәселелер (мәні ашылған) шешімін тапқан – В статье раскрываются проблемы...
- ... ерекше көңіл бөлінген – Особое внимание уделено...
- Мақалада ... талданады – В статье анализируется...
- Автор ... деген шешімге келеді – Автор приходит к выводу, что...
- Аталмыш жұмыста автордың негізгі назары ... –ға4 бағытталады – Основное внимание в работе автор акцентирует на...
- ... тән ерекшеліктер көрсетіліп, сипатталады – Выделяются и описываются характерные особенности...
- Мақалада ... ерекшеліктері сараланған – В статье выяснены особенности...
- Зерттеу негізінде ... белгілі болған – На основе изучения… установлено...
- Мақала ... жан-жақты талдауға арналған – Статья посвящена пристальному анализу...
- ... талдау нәтижесінде, сондай-ақ, сараптама көрсеткендей, ... анықталған – На основании анализа..., а также привлечения... устанавливается, что...
- Мақала қазіргі кездегі ... өзекті мәселеге арналған – Статья посвящена актуальной на сегодняшний день проблеме...
- Осы мәселе бойынша зерттеулер кемшін болғандықтан, болашақ зерттеулерді қажет етеді – Данная проблема мало изучена и требует дальнейших исследований.
- Мақалада зерттеме тақырыбы бойынша жаңа материалдар көрініс тауып, ғылыми айналымға енгізілген – В статье обобщен новый материал по исследуемой теме, вводятся в научный оборот...
- Автор ... ұсыныс жасайды – Автором предложены...
- Зерттеудің негізгі мазмұны ... талдаулардан тұрады – Основное содержание исследования составляет анализ...
- ... мұндай көзқарас ... саласындағы мамандардың қызығушылығын танытады – Такой взгляд будет интересен специалистам в области...
- Мақалада ... сөз болады – В статье речь идет о...
- Мақала ...................................егежей-тегжейлі талдауға арналған. – Статья посвящена детальному анализу…...
- ... мәселеге көп көңіл бөлінген – значительное внимание уделяется...
- Қорытындысында ... ашылған – В заключение раскрывается...
- ... практикалық тәжірибелер қамтылған – Обобщается практический опыт...
- Мақалада ... тән белгілер зерттелген – В статье исследуются характерные признаки...
- Мақалада ... түйінді мәселелер қарастырылған – В статье рассматриваются ключевые этапы...
- Авторлар зерттеу міндеттерін шешу мақсатында ... бағалауға талпыныс жасаған – В качестве исследовательской задачи авторами была определена попытка оценить...
- Мақалада ... үдерістері ашылған – В статье раскрываются процессы...
- Автор ... жалпылама сипаттама береді – Автор дает обобщенную характеристику...
- Сонымен қатар бұл бағыттағы зерттеулер ... қарастырылуымен де толықтырылады – Данное направление дополняется также рассмотрением...
- ... туралы ой негізделеді – Обосновывается мысль о том, что...
- Мақалада ... тұжырымдамалар талданады –В статье проанализированы концепции...
- Түйінді дәлел ретінде ... қолданылады – В качестве ключевого доказательства... используется...
- Мақалада ... зерттеушілердің көзқарастарына талдау жасалынады – В статье приведен анализ взглядов исследователей...
- ... туралы мәселелер талас түрінде қалып отыр – Дискуссионным продолжает оставаться вопрос о...
- Аталмыш мақалада ............................................................................ негізгі себептерін ашуға талпыныс жасалған.
– В данной статье предпринята попытка раскрыть основные причины...
- Мақалада ...................................................... көзқарасын білдіреді. – В статье излагаются взгляды на……………………………….....
- Мақала авторы ................. үдерісінен қалыс қалмауға тырысады. – Автор стремится проследить процесс…………………………...
- Мақалада ........................ ғылыми сараптамалар талдауға іліккен. – В статье дан анализ научных изысканий………………………
Аннотация должна включать характеристику основной темы, проблемы научной статьи, цели работы и ее результаты. В аннотации указывают, что нового несет в себе данная статья в сравнении с другими, родственными по тематике и целевому назначению. Рекомендуемый средний объем аннотации 500 печатных знаков.
Аннотация – краткая характеристика назначения, содержания, вида, формы и других особенностей статьи. Аннотация должна отражать основные и ценные, по мнению автора, этапы, объекты, их признаки и выводы проведенного исследования. Рекомендуемый объем аннотации – 120-150 слов.
Ключевые слова – набор слов, отражающих содержание текста в терминах объекта, научной отрасли и методов исследования. Рекомендуемое количество ключевых слов – 3-5, количество слов внутри ключевой фразы – не более 3.
Түсініктеме–түпнұсқаға (кітап, оқулық, монография, мақала) жазылған қысқаша сипаттама. Мұнда түсініктеме жазылып отырған еңбектегі негізгі тақырыптық мәселелер қамтылады. Түсініктемеде сол еңбектің мақсаты, қысқаша мазмұны, кімдерге арналғаны, ғылымның қай саласын қамтитыны көрсетіледі. Түсініктеменің оқырман үшін маңызы зор. Түсініктеме көпшілікке түсінікті, қарапайым тілде жазылуы тиіс.
«Реферат» латын тілінің «referre», қазақшаға аударғанда «баяндау, хабарлау» (докладывать, сообщать) деген мағынаны білдіреді. Реферат сөзі ең әуелі белгілі бір тақырып бойынша тиісті әдебиеттер тізімі мен басқа да ақпарат көздерін қамтитын баяндама ретінді түсініледі. Рефераттың екі түрі бар: продуктивті және репродуктивті. Репродуктивті воспроизводит содержание первичного текста. Репродуктивные рефераты можно разделить еще на два вида: реферат-конспект и реферат-резюме. Реферат-конспект содержит фактическую информацию в обобщённом виде, иллюстрированный материал, различные сведения о методах исследования, результатах исследования и возможностях их применения. Реферат-резюме содержит только основные положения данной темы.
Продуктивный содержит творческое или критическое осмысление реферируемого источника. В продуктивных рефератах выделяют реферат-доклад и реферат-обзор. Реферат-обзор составляется на основе нескольких источников и сопоставляет различные точки зрения по данному вопросу. В реферате-докладе, наряду с анализом информации первоисточника, есть объективная оценка проблемы; этот реферат имеет развёрнутый характер.
Академиялық мәтіндер.
Монография –ғылыми ойдың көп аспектілі мазмұнын құрайды, күрделі композициялық құрылымды, теориялық мазмұнының жаңашылдығын көрсетеді. Құрылымы: кіріспеден, зерттеудің негізгі тұжырымдарынан, тақырыпқа қатысы бар барлық мәселелер бірізділікпен қарастырылатын бірнеше тараулардан немесе бөлімдерден, зерттеудің қол жеткізген нәтижелерін баяндайтын қорытындыдан тұрады.
Тезисте жоспардың негізінде жасалады. Сондықтан тезисті жазбас бұрын еңбекті оқып, оның қажетті жерін бөліп, белгілеп алу керек, яғни мәселені қысқа, нақты тұжырымдау үшін жоспар жасау керек. Сонан соң ғана жоспарда көрсетілген мәселенің қысқаша тұжырымы беріледі. Тезисдегеніміз ғылыми еңбекті барынша қысқартып көшіріп алу емес, ғылыми еңбектегі айтылмақ, дәлелденбек негізгі мәселені бөліп алып, қысқаша, нақты тұжырымдау.
Ғылыми-бағалауыштық мәтіндер Бұл мәтіндердің барлығы да белгілі бір жазылып біткен ғылыми еңбекке арналып жазылады, бірақ олардың жазылу мақсаты әр түрлі, өзіндік ерекшеліктері бар.
Пікір-әдетте аяқталған еңбекке (монография, диссертация, ғылыми мақала) жолдама, баға ретінде жазылады. Пікір ғылыми еңбектің мазмұнын қысқаша жүйелейді, зерттеудің негізгі мәселесіне баса көңіл аударады. Пікірде еңбектің жазылу мақсаты, ғылым саласында алатын орны, практикалық қолданыс қажеттілігі түсіндіре пайымдау арқылы баяндалады. Зерттеу еңбегінің нәтижесі бойынша автордың жетістігі нақты негізделіп түсіндіріледі.
«Рецензия» сөзі латын тілінен шыққан, ол қазақша «хабарлама», «баға», «пікір» деген мағынаны білдіреді. Рецензияның негізгі түрлеріне мыналар жатады: 1. Әдеби рецензия. 2.Ғылыми рецензия.3.Театр рецензиясы. 4, Кино рецензиясы және т.б.
Сыни пікірдің мазмұны тұтастай авторға байланысты. Рецензияны жазу автордың міндетіне оқырман қауымды жаңа туындымен таныстырып, оған баға беру жатады. Рецензия авторы екі мақсатты көздейді: ақпараттық-танымдық және шығарманың талдауына негізделетін зерттеушілік. Рецензияның негізгі қасиеті - рецензентгің көзқарасындағы жаңашылдық. Рецензияның негізін дерек құрайды, яғни, рецензияда дерек екінші рет өңдеуге ұшырайды.
Рецензияда берілген тақырыпқа қатысты автордың қаншалықты хабардар екені өте маңызды. Сыншының білімі терең болған сайын рецензия да соғұрлым мазмұнды, дәлелдеме де сенімді берілген бағаның беделі де жоғарылай түседі.
Жоспар -ғылыми мәтінді жүйелі, қысқа, тұжырымдауда үлкен рөл атқарады. Автор ғылыми еңбекті жазу я баяндау барысында міндетті түрде жоспарға жүгінеді. Жоспар құру ғылыми мәтінде қаралатын басты мәселелердің белгілі бір тәртіппен жүйелі түрде берілуін қамтамасыз етеді. Жоспар автор ойының нақты, жүйелі берілуіне негіз болады. Жоспар негізгі тақырыптан ауытқымауы қажет, жоспар тақырыпты нақты және терең бейнелей алуы қажет, жоспар мәтінде берілген негізгі ойды жүйелі, түсінікті өрбіте алуы қажет.
Конспект–ақпараттың қысқартылып берілуі. Конспекті де жоспарға негізделіп жасалады. Жүйелі, сауатты жазылған конспект автордың «жеке еңбегі» іспеттес. Яғни автор конспект жасау барысында еңбекті өз түйсігі, түсінігі бойынша қабылдап, қорытады да, сол ақпаратты есінде жақсы сақтайды. Конспект мәтіндегі негізгі мәселелерді қамтуы қажет.
В.Батыс елдерінде.Бірлік. Мені кешіріңіз. Құдай куә. Болмайды!
С. Британия, Австралия, Жаңа Зеландия, Мальта. Кетші әрі!
АҚШ. Екі.
Германия. Жеңіс.
Ежелгі Рим. Юлий Цезарь бес пивоға тапсырыс берген.
D. Еуропа. Екі.
Католик елдер. Бата беру.
E.Еуропа. Екі.
Британия, Австралия, Жаңа Зеландия. Бір.
АҚШ. Даяшы!
Жапония. Мазақ ету.
F. Батыс елдері. Төрт.
Жапония. Мазақ ету.
G. Батыс елдері. Бес.
Кейбір елдер. Тоқта!
Грекия және Түркия. Сайтан алғыр.
H. Жерорта теңізі. Әйелің көзіңе шөп салып жүр.
Бали аралы. Жаман.
Жапония. Әйел.
Оңтүстік Америка. Нәзік.
Франция. Сендер мені ақымақ қыла алмайсыңдар!
I. Жерорта теңізі. Әйелің көзіңе шөп салып жүр.
Мальта және Италия. Тіл-көзден сақтасын.
Оңтүстік Америка. Сәтсіздіктен қорғау.
J. Грекия. Сайтан алғыр!
Батыс елдері. Екі.
K. Ежелгі Рим. Жоғал!
АҚШ. Сайтан алғыр!
L. Еуропа. Бір.
Австралия. Сайтан алғыр!
Кейбір елдер. Жақсы. О'кей. Машина тоқтату.
Жапония. Еркек.
M. Гавайи. Кетші әрі!
Голландия. Ішкіңіз келмей ме?
L. АҚШ. Мен сені сүйемін.
O. Батыс елдері. Он. Мен жеңілдім.
Грекия. Кет, жоғал! Қараңды батыр!
Кейбір елдер. Мен шындықты айтып тұрмын.
Мамандығым – мақтанышым
(шығарма)
Жоспар:
1. Сіз қазір қайда, қандай мамандық бойынша оқып жүрсіз?
2. Мамандық таңдау – маңызды іс, ал сіз осы мамандықты неліктен таңдадыңыз.
3. Қазіргі кездегі ең таңдаулы мамандықтар жайында әңгімелеңіз.
4. Өзіңіздің мамандығыңыздың тарихы жайында айтыңыз.
5. Сіз таңдаған мамандық саласының даму тенденциялары, инновациялық жаңалықтары туралы не айта аласыз.
6. Болашақта жұмыс істейтін салаңызды дамыту бойынша Үкімет тарапынан қандай игі бастамалар, саясаттар жүргізіліп жатқандығына тоқталыңыз.
7. Және де аталмыш салада қандай кемшіліктер, қолға алынбай, шешілмей жатқан мәселелер бар, оны қалай шешуге болады, осы жөнінде пікір білдіріңіз.
8. Сіздіңше, «өз ісінің нағыз шебері» деген кім?
9. Кәсіптік шеберлігіңізге үлгі болатындай қандай ғалымдарды, атақты шеберлерді білесіз, олардың өмірі және кімді үлгі тұтатындығыңыз жайында әңгімелеңіз.
10. Болашақ жұмыс ортаңызды қалай елестетесіз және елдің дамуына қандай үлес қосатындығыңыз жайында пікіріңізбен бөлісіңіз.
Шығармаға қойылатын талаптар:
· шығарма 30-50 сөйлем көлемінде жазылуы керек;
· студент жоғарыда ұсынылған жоспарға қосымша ақпараттар ұсынуға болады, мұндай жағдайда студенттің алатын ұпай санына қосымша ұпай қосылады;
· шығарма әр студенттің өзіндік ой-пікірін қамтиды, сондықтан бір-бірінен көшіруге қатаң тыйым салынады; ондай шығармалар қабылданбайды;
· шығарма көркем тілде, логикалық ретпен, орфографиялық қатесіз жазылады;
· шығарманы тапсырма берілген күннен кейінгі келесі аптаның дәл сол күні тапсыру қажет;
· шығарма компьютерде жазылып, басылған нұсқасын оқытушыға тапсыру керек;
· оқытушы тексергеннен кейін (түзетілген нұсқасын) ауызша әңгімелеуге дайындау қажет.
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, талпыныс, жазушылық, сынама; лат.т. exagium – құрау, ойлау) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.
Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.
Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.
Эссенің түрлері[өңдеу]
1. Салыстырмалы эссе
2. Пайымдық эссе
3. Көркем-әдеби эссе
Эссені бағалау
Критерийлері | Қойылатын талап | Жоғар ғы ұпай саны |
Тақырыпты түсінуі | — мысалдар келтіре отырып, түсініктерді анық және толық қарастыра алуы ; —қолданылған түсініктері тақырыпқа сай болуы; —жұмысты өз бетінше орындауы. | 2 ұпай |
Мәселені бағалай білуі | — сауатты талдай білуі; — салыстыру және жалпылау әдістерін түсініктер мен құбылыстарға өзара байланыста бере алуы; — қаралатын мәселеге өзіндік көзқарасының болуы; — қолданатын ақпараттар диапазонының кеңдігі; — мәтінді графиктер мен диаграммаларға сала алуы; — мәлелені өзі бағалай білуі; | 4 ұпай |
Ой- толғау жасай білуі | — мазмұнының анық және ашық болуы; — дәлелдеу логикасын құрастыра білуі; — ұсынылған тезистерге сауатты аргумент келтіре білуі; — әр түрлі көзқарасты келтіре отырып, оны бағалай білуі. — мазмұндаудың жалпы формасының мәселеге сейкес келуі. | 3 ұпай |
Жұмысты орындауы | — жұмыс цитаталарды қолданудың талаптарына сай; — лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық, стилистикалық нормаларға сәйкес болуы; — орфографиялық және пунктуациялық талаптарға сәйкес болуы; — талап формасына сәйкес болуы | 1 ұпай |
Тест тапсырмалары:
1.Ғылыми әдебиет стилінің алғашқы үлгілері қай ғасырда пайда болды?
А) XVIIIғ.
Ә) XXғ. 2-жартысы
Б) XIXғ. 2-жартысы
В) XXIғ.
2.Ғылыми-бағалау мәтіндері:
А) реферат, курстық жұмыс
Ә) түйін, тұжырым
Б) пікір, сыни-пікір,түсініктеме
В) жоспар,тезис
3.Нақтылық, дәлдік, анықтық сипатқа ие стиль:
А) сөйлеу тілі
Ә) көркем әдебиет стилі
Б) публицистикалық стиль
В) ғылыми стиль
4.Салалық терминдер мол қолданылатын стиль түрі:
А) ғылым стиль
Ә) көркем әдебиет стилі
Б) ресми құжаттар стилі
В) сөйлеу стилі
5.Логикалық жүйелі, күрделі ойдың анықтама, дәлелдеме, формулаларға негізделуі:
А) ресми-іскерлік стильде ғылыми стильде
Ә) көркем әдебиет стилінде
Б) сөйлеу стилінде
В) ғылыми стильде
6.Сөздің денотаттық мағынасында қолданылуы:
А) сөйлеу стилінде
Ә) көркем әдебиет стилінде
Б) публицистикалық стильде
В) ғылыми стильде
7.Ғылыми болмысты бейнелеуден қалыптасқан ұғым:
А) жанр
Ә) тілдік бейне
Б) концептуалды бейне
В) ғылыми бейне
8.Ғылыми мәтіннің сыртқы элементтері:
А) эскурс,аталуы, түйін
Ә) бап, қорытынды, тақырыптық шегініс
Б) бап, қорытынды, авторлық бағалау
В) кіріспе, тарау, түйін, қорытынды
9.Ғылыми мәтіннің ішкі элементтері:
А) аталуы,түйін
Ә) бап, қорытынды
Б) экскурс, тақырыптық шегініс, авторлық бағалау
В) кіріспе, тарау, бап
10.Ғылым саласында қолданылған тілдік бірліктердің тұтас жүйесі:
А) көрке м мәтін
Ә) ғылым тілі
Б) әдеби тіл
В) тілдік құрылым
11.Басқа стильдің элементтері еркін қолданылатын стиль:
А) кітаби-жазба стиль
Ә) ғылыми стиль
Б) көркем әдебиет стилі
В) публицистикалық стиль
12.Ғылыми еңбекті қысқаша тұжырымдау:
А) пікір,сыни-пікір
Ә) тезис,конспект
Б) жоспар, мақала
В) реферат, мақала
13.Ғылыми монолог:
А) дәріс
Ә) пікірталас
Б) алқалы жиын
В) реферат
14.Ғылыми диалог:
А) дәріс
Ә) баяндама
Б) пікірталас
В) пайымдау
15.Публицистикалық стильді ғылыми стильге жақындастыратын тәсіл:
А) фактіні толық және жүйелі баяндау
Ә) образды сөзді мол қолдану
Б) сандық көрсеткішті мол пайдалану
В) баяндау еркіндігі
Қазақ әдеби тілінің функционалды стильдерінің бірі –ғылыми стильдің пайда болуы XIX ғасырдың 2-жартысынан басталады. Бұл стильдің қалыптастып жетілуіне алғашқы ғылыми-көпшілік, оқу-ағарту әдебиеттерінің, тұңғыш баспасөз органдарының пайда болуы, кітап бастыру ісінің дүниеге келуі ықпал етті. Бұл кезеңдегі ғылыми мәтіндер ғылыми-көпшілік стилінде жазылды. Өйткені бұл кезеңде баршаға түсінікті, жалпы ғылым негіздерінен хабар беру мақсатын көздеген әдебиеттер қажет болды.
Ғылыми мәтіннің құрылымдық элементтері болады. Олар: аталуы, яғни ғылыми еңбектің тақырыбы алынады. Негізгі мазмұнын құрайтын тақырыптар терминдік атау арқылы беріледі. Ғылыми стильдің кіріспе бөлімінде ғылыми зерттеудің тарихын, жазылу себептерін, жаңалығын қысқаша баяндап береді. Негізгі тарауында зерттеу нысанымен тікелей қарым-қатынасқа түседі. Зерттеуге алынған зат, құбылыстың тарихи мәні ғылыми тұрғыдан сараланып, толық мәлімет жинақталып, белгілі бір түйінмен тараудың негізгі ойы аяқталып беріледі. Қорытынды бөлімде зерттеудің негізгі мақсат-міндетінің нақты айғағын, дәлелін қысқаша мазмұндайды
Ғылыми мәтіннің(кез-келген жанрда)композициясы стандартты, онда үш тармақтық-тақырыптық (кейде тақырыпшаның да), кіріспенің, тақырыптың дамуының және қорытындының болуы міндетті.
Пайдаланылған әдебиеттер
11. Жанетов Б., Жанетова Ф. Ағылшынша-қазақша экологиялық сөздік. Алматы: Өлке, 2011. – 384 б.
12. Кенесбаев Ш. Фразиологиялық сөздік. Алматы: Арыс, 2007. – 800 б.