жж. жер-су реформасы

Алайда, жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында көптеген қиыншылықтар да кездесті. Атап айтқанда, 1921 жылы жазда Еділ өзені бойының, Солтүстік және Батыс Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, қырыла бастады. Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соқты. Сол кездегі мәліметтерге карағанда республикада 2,3 млн. адам ашыққан. Осы киын-қыстау күндерде Қазақстан еңбекшілеріне Ресей халқы елеулі көмек көрсетті. 1921 жылы күзде және 1922 жылы көктемде РКФСР үкіметі толық емес есеп бойынша Қазақстанға 4475 мың пұт астық 183 мың пұт картоп жіберді. Түркістан мен Украин республикалары да Қазақстанға елеулі көмек жасады. Жұт пен қуаңшылықтан зардап шеккен кедей шаруашылықтарға ондаған мың ірі қара мал, 5 млн. пұттан астам тұқымдық берілді. Бұл дән 1921-1922 жж. бір милллион гектардан астам күздік және жаздық егістікке себілді. Алайда Қазақ Республикасы халық шаруашылығының жағдайы өте ауыр болып қала берді.

20-шы жылдардың басындағы жер реформаларының ерекше маңызды рөлі болды. Мұның өзі жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарын жою бағытында іске асырылған шаралар еді. Патша өкіметі алған жерлер қазақ еңбекшілеріне қайтарылып берілді.

1921 жылы ақпан айында жер-су реформасы Түркістанның көптеген аудандарында, оның ішінде Алматы, Қапал, Шымкент, Әулиеата уездерінде жүргізілді. Жайық өзенінің сол жағалауының бөлігі межелеп бөлінді. Қазақ шаруалары жайылымдарын алды.

Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын асыру үшін бұқаралық ұйым Қосшы одақтары құрылды. Оның жарғысы кедейлердің таптық сана-сезімін арттыру, олардың мүдделерін қорғау және Кеңес өкіметіне көмектесу сияқты мақсаттарды іске асыруды көздеді. Одақтарды құруда және оның практикалық қызметінде, сондай-ақ Оңтүстікте жер-су реформаларын жүргізуде Ж.Бөрібаев, О.Жандосов, А. Розыбакиев, т. б. қоғам қайраткерлер көрнекті қызмет атқарды. 1921 жылғы наурызда Жетісуда 17 мыңнан астам мүшесі бар Қосшы одағының 99 ұясы жұмыс істеді.

Қазақстанның ауыл шарушылығында елеулі өзгерістер жүрді. Бірыңғай ауыл шаруашылық салығы енгізіліп, оның жалпы көлемі 100 млн. сомға төмендетілді. 1925жылы 46 мың кедей және әл-ауқаты кем шаруашылықтар мал және құрал-сайман алуға, жер жырту мен егіс егуге мемлекеттен қарыз алды.

$$1925 жылы мал басы 1922 жылмен салыстырғанда екі есе көбейіп, 26 миллионнан асты. Осы шаралардьщ нәтижесінде республиканың ауыл шаруашылығында орташаландыру процесі көрсете бастады.

Тұтас алғанда Республика бойынша 1925 жылы қазанда ауыл шаруашылық кооперациясының жүйесінде 322 690 мүшесі бар 2811 бірлестіктері жұмыс істеді, олардьщ ішіндс 62546 мүшесі бар бір мың қазақ бірлестіктері де бар еді. Сонымен қатар қазақ және қоныс аударып келген шаруашылықтардың төрттен бірінен көбі (27,1 пайыз) бірлестіктерге қамтылды. Бірлестіктер катарына 96 коммуна, 557 артель, 58 жай серіктер кірді. Тұтыну кооперациясы кешпелі ауылда кеңінен дамыды. Олардан басқа 35 совхоз және 4 мыңнан астам шаруалар комитеттерінің өзара көмек қоғамдары жұмыс істеді.

Кооперациялық құрылысты жүргізуде орыстар арасында шаруалардың өзара жәрдемдесу комитеттері, ал қазақтар арасында Қосшы одағы маңызды рөл атқарды. 1925-1926 жылдары шаруалардың қоғамдық өзара жәрдемдесу комитеттері 335 мың, ал Қосшы одағы 140 мыңнан астам ауыл шаруашылығының жұмысшыларын, кедейлер мен орташаларды біріктірді.

1921-1922 жылдарды қамтитын үшінші кезеңде жер - су реформасы іске асырылса, 1924-1927 жылдарды қамтитын төртінші кезеңде - жерге орналастыру, шабындық, егістік жерлерді қайта бөлу жұмыстары жүргізілді. Мұндай шараларды іске асыруда тәжірбиенің жоқтығы, жергілікті кадрлардың түсінігінің кемдігі, сауатының аздығы, т.б. себептер негізінде бұл төңкерістік шараларды іске асыру барысында асыра сілтеушіліктің, солақайлықтың, теріс әрекеттердің орын алғанын, Кеңес өкіметіне сенімді азайтатын жайлардың болғанын да айту керек.

4. Өлкедегі қоғамдық-саяси және идеялық қүрес.

Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты жүргізуші Кеңестер болды. Оларға шаруалар қауымының сенімі арта бастады. Бұл тұста кеңестерді нығайтуға байланысты 6іраз жұмыстар жүргізілді. 1921 жылы уездер мен губернияларда Кеңестер съезі болып өтті. Алайда Қазақстандағы Кеңес құрылысында бірқатар қиыншылықтар мен кемшілік кездесті. Көптеген қызметкерлер жаңа экономикалық саясаттың мәнін түсінбеді, бұрынғысынша "әскери ком-мунизм" әдістерімен жұмыс жасады. Кеңестер құрамына жаңа құрылысқа қарсы, іштен бүлдіру әрекетіне бейім адамдардың кіріп алу фактілері орын алды. Дегенмсн Кеңестерді қүрып, нығайту жүмысы мақсатты түрде жүргізілді. Оған белсене қатысқан Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің түңғыш төрағасы С. Мендешев, орынбасары Ә. Жанкелдин, Ішкі істер халық комиссары Ә. Әйтиев және басқалары Кеңестердің жұмысын жандандыруға елеулі еңбек сіңірді.

1921 жылы 4-10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің екінші съезі болып өтті. Онда республика өмір сүрген алғашқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық кұрылыстың қорытындылары шығарылды. Сонымен бірге жергілікті жерлерде кеңестерді нығайтудың жолдары белгіленді.

1922 жылы Кеңестер сайлауы етті. Олардың құрамын жерлікгендіру іске асырылды. Бөкей, Орал, Ақтөбе, Семей губернияларында болыстық атқару комитеттері сайлауынан депутаттардың жартысынан астамы қазақтар болды. арасында саяси жұмыс жүргізу мақсатында Қызыл керуен және жылжымалы Қызыл отау сияқты жұмыстың түрлері пайдаланылды.

КАКСР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш қызыл керуені 1922 жылы Ә. Жанкелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты. 9 мамырдан 12 маусымға дейін керуен Орынбор мен Семей аралығындағы 26 болыстың 37 ауылында сондай-ақ Екібастүз бен Спасск зауытында болды. 126 жиын, 420 әңгіме өткізді. Керуен Кеңестердің іс қағаздарын казақ тілінде жүргізуді жолға қойды. Мұның өзі мемлекеттік жүйені нығайтуға ықпал етті.

1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық бірінші съезі Кеңестердің Социалистік Республикалар Одағы құрылғанын жариялады. Басқа да автономиялық Кеңес республикалары сияқты Қазақ АКСР-да Кеңестер Ресей Федерациясы құрамында Одаққа кірді.

Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық-мемлекеттік жағынан 1924 ж. жүргізілген межелеу республика өміріндегі оқиға болды. Ұлттық жерлердің межеленуі дс Түркістан АКСР-інің құрамындағы бұрынғы Сырдария облыстарының жерлері Қазақ қарайтын болды. Соның нәтижесінде Қазақстан жері 700 мың шаршы шақырымға, ал халқы - 1 млн 468 724 адамға өсті. Тұрғындары негізінен орыстар болып табылатын Орынбор губерниясы Қазақстаннан бөлінді. Республиканың астанасы Қызылордаға (Ақмешіт) көшті. Қазақ жері мен біртұтас ұлттық мемлекетке біріктірудің республика үшін зор әлеуметтік және экономикалық маңызы болды.

1925 жылы сәуірде Қызылордада республика кеңестерінің Бесінші съезі өтті. Ол "Ауылға, қыстакқа және деревняғаі бет бүрындар" деген ұран негізінде жұмыс істеп, жерге орналастыру жұмыстарының келелі жоспары, суландыру кұрылысын дамыту, мемлекеттік және коопе- ративтік сауданың рөлін одан әрі нығайту, өндірістік серіктіктерді қолдау мәселелерін талқылады. Съезде халык тың байырғы тарихи атауы қалпына келтіріліп - казақ халқы, ал республиканы - Қазақ АКСР-і деп атау туралы қаулы қабылданды. Сол жылы Кеңестер сайлауында ауылдық кеңестерге 60 мыңға жуық депутат сайланды. Олардың құрамында жұмысшы және селолық жердегі жалдамалы-жұмысшылар 6,1 пайыз, кедейлер - 70,9, орта шаруа - 18,8, қызметшілер - 4 пайызын қамтыды.

1925 жылы ақпанда Қазақ облыстық партия комитеті өлкелік болып қайта құрылды. Сол жылдың аяғына таман Қазақстан партия ұйымында 30 мыңнан астам партия мүшесі мен партия мүшелігіне кандидаттар есепте тұрды. Бұл кезде бұқара арасындағы саяси ағарту жүмысына көп көңіл бөлінді. Осының нәтижесінде өлкеде 76 қалалық клуб, 7 кітапхана мен қызыл шайханалар, ауылдар мен селоларда 584 оқу үйі, 33 қызыл шайхана, 12 қызыл отау, 168 қызыл бұрыш, 9 шаруа мен малшы үйі, 93 болыстық кітапхана жұмыс істеді. Егер республика құрылған кезде небары үш-ақ газет шықса, 1925 жылы "Еңбекші Қазақстан", "Народное хозяйство Казахстана", "Советская степь", "Қызыл Қазақстан" т.б. 13 газет пен 5 журнал шықты.

Кәсіподақтардың қатары өсті. 1925 жылы қаңтардың қыркүйекке дейін кәсіподақтарға мүше болып 20 мыңға жуық жүмысшы мен қызметші, соның ішінде 6 мыңнаи астам казақ еңбекшісі өтті. Республикадағы кәсіподақ мүшелерінің саны 100 мыңнан асты.

1925 жылы республиканың коммунистік жастар одағының ұялары 51 мың қыздар мен жігіттерді біріктірді Жастардың көптеген танымал басшылары шықты. Олардың арасында С. Жақыпов, Қ. Әміров, С. Нұрпейсов, Ф. Рузаев, С. Сапарбеков, С. Тәтібеков, А. Шымболатов және т. б. бар еді.

1925 жылы Қазақстан жастары өздерінің дарынды басшыларының бірі Ғани Мұратбаевтан айырылды. Ол 1902 жылы бұрынғы Сырдария облысы Қазалы уезінде туған. Ғани 15 жасынан бастап өзінің өмірін жастар арасындағы жұмысқа арнады. Зор қабілетті, ғажайып күш-жігері мен енбегі арқасында ол Түркістан республикасының, ал кейіннен бүкіл еліміздің жастар ұйымында басшы қызметте істеді. 1921 жылы қыркүйектен бастап Ғ. Мұратбаев Түркістан комсолы Орталық Комитетінің хатшысы, ал 1922 жылғы мамырдан бастап РКЖО Орта Азия бюросының хатшысы болып істеді.

Қазақ әйелдері қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласты. 1925 жылы қаладағы жөне ауыл мен селодағы еңбекші әйелдердің 6,6 мыңы жергілікті кеңестерге мүше болып сайланды. Қазақ әйелдерін басыбайлықтан құтқаруға бағытталған істер атқарылды. Республикадағы әйелдер қозғалысына Алма Оразбаева, Мәдина Бегалиева, Сара Есова және тағы басқалары ұйытқы болды.

1928 жылы Қазақстанда жаңадан әкімшілік-територияларға бөлу іске асырылды. Осы уақытқа дейін болып келген алты губерния, екі округ, отыз екі уезд және 400 болыстықтардың орнына 13 облыс және 193 аудан құрылды. Жаңа аудандардың құрылуы кеңес аппаратының бұқара жақындасуына, оларды кеңес құрылысына тартуға ықпалын тигізді. 1929 жылы әкімшілік-территориялық қайта құру негізінен аяқталуымен және Түркістан-Сібір темір жолының құрылысының бітуімен байланысты Қазақстан Автономиялық Советтік Республикасының орталығы Қызыл-ордадан Алматы қаласына көшірілді.

20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде қайғылы жағдайлар бастады. Ол сталинизм идеологиясы негізінде идеологиясы негізінде қалыптасқан тоталитарлық жүйенің нығаюымен байланысты еді. Елдегі орын алған экономикалық және мәдени дамудағы жаңа экономикалық саясаттың тоқталуымен байланысты одан әрі тереңдей түсті. Республикада "әскери коммунизм" саясаты кезіндегі жұмыс тәсілдері қайтадан Халықтың өкіметі жеке адамның дара басшылығымен ауыстырылып, басқарудың командалық-бюрократық тәсілі іске аса бастады. Мұның барлығы БК/б/П Қазақ Өлкелік комитетінің бірінші хатшылығына 1925 жылы Ф.И.Голощекиннің келуімен байланысты болды. Ол келісімен республикада халыққа қысым жасау саясаты күшейіп, бұл ерекше қатаң сипат алды. Осы кезде Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінде күрт өзгерістер енгізілді. 1925 ж. желтоқсанында өткен өлкелік партия комитетінің бесінші конференциясында "Ауылды кеңестендіру туралы" шешім қабылданды. Ол ауылдық жерлерде тап куресінің шұғыл шиеленісуне түрткі болды. Респуб-ликада "Kiшi Қазан" төңкерісін өткізу үшін идеологиялык негіз жасалды, сөйтіп жаппай жазалау дәуіpi басталып, о қазақ халқын құлақ есітпеген қайғы қасіретке ұшыратты.

Қазақстанда голощекиндік-сталиндік үлгi бойынша "қайта құрумен" келіспеген көрнекті жауапты кызметкерлердің қарсылығы жанышталды. 1927-1929 жж. әртүрл1 сылтаулармен белгілі мемлекет қайраткерлері Т. Рыскұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, М. Мырзагалиев Республикадан аластатылды. Қазақстан Аткару Комитетінің Төрағасы Ж. Мыңбаев, Ағарту халық комиссары С. Сәдуақасов, Жер халык комиссары Ж. Сұлтанбеков және басқалар қызметпен алынды. Қазақ қызметкерлерінің көпшілік бөлігі топқа бөлініп, жікшілдік күреске қатынасқан деп кінәланды. Оны 1927 ж. қарашада өткен 3-ші өлкелік партия конференциясынын шешмдері айқын көрсетіп берді. БК/б/П Орталық Бақылау комиссиясы негізі "топқа бөлінушілердің" бipi С. Сәдуақасовтың ісімен арнайы шұғылданғанына қарамай, мұндай топтардьщ бар eкенін таба алмады. И. В. Сталинге, В. М. Молотовқа, Л. М. Кагановичке жазған хатында Қазақстан өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің мeңгepyшici H. И. Ежов барлық қазақ кадрлары, барлық қазақ коммунистері ұлтшылдықпен және жікшілдік күреспен уланған, олардың арасында дені сау партиялық күш жоқ деп жеткізілді. Болашақ КСРО ішкі icкep халық комиссары Ежов Алматыдан Мәскеуге ауысар алдында өзінің лауазымына осылай "даярланды", 1937 жылғы жаппай жазалау соның жанталасуымен жүргізілді.

20-шы жылдардың соңында республикада саяси жағдайды ушықтыру мен күдікшілдік жаппай сипат алды. Орталықта троцкийшіл-зиновьевшіл оппозициямен және "оңшыл оппортунистермен" күрестің күшеюі ұлт pecnyб- ликаларында ұлт-азаттық қозғалысының өкілдерін жазалау түрінде көрініс тапты. 1928 жылдьщ аяғында "буржуазияшыл-ұлтшылдар" деп аталғандардың ішінде бұрышы Алашорда кайраткерлерлерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағылып, қамауға алынды. Олардьщ қатарында А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж.Аймауытов, X.Ғаббасов және басқалар бар ед1. Құрамында М. Тынышбаев, X.Досмұхамбетов, Ж.Ақпаев, К.Кемеңгеров және басқалары бар ұлттык интеллигенцияның (40 адамдай) басқа тобы 1930 қыркүйек-қазанда ұсталды. Кешікпей олардың ішінен 15 адам Ресейдің Орталық қара топырақты облыстарына жер аударылды. Бұлардың барлығы дерлік 1937-1938 жж. атылды. Жалпы 1929-1931 жылдары қазақ интеллигенция өкілдерінің он мыңынан астамы жаппай жазалауға ұшырады.

5. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және оның трагедиялық салдары

20-шы жылдардың басында қабылданған жаңа экономикалық саясат бойынша шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Шаруалар кооперациясы мемлекеттік қысым күшімен емес, экономикалық тиімділік шарттарын сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын шаралар ретінде қаралды. Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдардағы тәжірибесі оның мүмкін екенін дәйектеп берді.

Колхоздастырудың 1929 жылдың орта шенінен басталғаны белгілі. Оның құлаш жаюы Сталиннің сол жылғы 7 қарашадағы "Правда" газетінде "Ұлы бетбұрыс" деп аталатын мақаласының шығуымен тұспа-тұс келді. Мұның алдында кулактарға шабуыл жөніндегі нұсқаулар негізінде Казақстанда байлардың шаруашылықтарын тәркілеу аяқ-талған болатын. Енді жаңа экономикалық саясат негізінде жүргізілген шаруаларды кооперациялау ісі мемлекет бағыттап отырған күшпен ұжымдастыру шарасына орын берді. Ал, бұл шара шаруа қауымының игілігін ойлаудан тумады, тек индустрияландыру процесін қамтамасыз ету мақсатын қана көздеді. Сөйтіп, 20-30 жж. жаңа экономикалық саясатын дамыту бағыты тұйықталып тасталды. Ондаған жылдар бойына экономика мен қоғамдық саяси өмірде тек "күштеу" шарасының рухы үстемдік етті.

Бұл жағдай ауыл шаруашылығына қасіретті зардабын тигізді. Селодағы саясаттың ең басты шарты - әміршіл - әкімшіл террорға сүйенген экономикалық емес жарлықтар, шаруалар қауымын кооперациялау идеясын жаманатты қылып қоймай, оның пайдалы жақтарын да құртып жіберді. "Ұлы бетбұрыс" селолық құрылымдарды қатігез қатал-дықпен аяусыз қиратып, қоғамның болашақта туатын проблемаларын біртіндеп әзірлей бастады.

Колхоздастыру барысында жүргізілген ауыл шаруашылығы өнімдері оның ішінде астықты күштеп дайындау шаруалардың күн көрісіне, көңіл-күйіне мейілінше кері әсер еткен, оларды кеңес өкіметін жек көруге итермелеген екінші бір үлкен шара болды. Ауылдарда мал саны өсіріліп көрсетіліп, алынатын еттің, жүннің көлемі белгілі есептен асып түсті. Салғыртты орындау үшін шаруалар қыс ішінде қой қырқуға мәжбүр болды. Мұның өзі қойлардың жаппай қырқылуына соқтырды. Егіспен айналыспайтын шаруашылықтардан талап етілді. Салғыртты орындамаған қожалықтар сотқа тартылды. 1928-1929 жылдары осындай айыпқа ұшыраған ауыл - село адамдары сотталды. Мұның өзі ауыл адамдарын қорқыту үшін де істелінді.

Колхоздастыру осындай ауыр жағдайда басталды да, оны басқару әкімшілік, зорлық, күштеу әдістерімен жүргізілді. Егер 1928 жылы Қазақстанда колхозға барлық шаруашы-лықтардың пайызы ғана кірсе, 1931 жылдың күзінде шаруаларды 70 тен 100 пайызға дейін колхоздастырған аудандардың саны 78-ге жетті. Бұл тұста өлкеде 122 аудан болатын. Шаруаларды ұжымдастыру кезінде ауыл-селоларды бай - кулактарды тап ретінде жою шаралары іске асырылды Жергілікті орындарға жеткізілген нұсқау бойынша жойылуға тиісті бай-кулак шаңырақтары барлық шаруашылықтың жалпы санының 3-5 пайызынан аспауы керек деп ескертілді Бірақ, осыған қарамастан әміршіл-әкімшіл жүйенің асыра сілтеу әрекетімен тәркіге салынғандар саны кез келген жерде ең жоғарғы көрсеткішке жеткізілді. Нәтижесінде 1930-1931 жж. республикадан тыс жерге бай-кулак деп "жер аударылып" жіберілген шаруалар саны 6765 адамға жетті Ондаған мың шаруалар тұрған округтерінен республика ішінде басқа жерлерге көшірілді. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жүргізу үшін Қазақстан өлкелік партия комитеті жергілікті белсенділермен бірге кәсіпорындардан сегіз мың жұмысшыны тартты. Мұның үстіне республикаға Мәскеуден, Иваново - Вознесенскіден, Харьковтан, Ленинградтан партияның шақыруымен 1204 «жиырма бесмыңыншы» келді. Бірақ бұлардың өздері қазақ жерінде отырықшыланудың мәні мен механизмін жете түсінбеді. Көптеген әкімшілер үшін бұл шартараптан жүздеген шаруашылықты бір жерге жинау болды. Мұндай топтаудың салдарынан шаруалар мал өрісінен, су мен шөп іздеп, жайылым ауыстырып отыру мүмкіндігінен айырылды.

Әміршіл-әкімшіл жүйенің нұсқауымен Қазақстанның барлық аймақтарында ұжымдастыру егіншілік шаруашылықтарында да қандай қарқынмен жүргізілсе, мал өсіретін шаруашылықтарда да ол сондай қарқынмен жүргізілсін деп талап етілді. Ойластырылмай алынған шешімнің зиянды қайтарымы өзін көп күттірген жоқ.

Қолдағы малды қоғамдастыру нәтижесінде колхоз фермалары құрылды. Кейбір жерлерде алып коммуналар ұйымдастырылып, олар өте көп шарушылықты біріктірді. Соның нәтижесінде фермаларға жиналған қисапсыз күтімнің кемдігінен, шөптің, жайылымның жетпеуінен қырылды. Колхозға кірмеген жеке шаруашылықтарда мал ұстауға ықылас болған жоқ. Сөйтіп, 1928-32 жылдар аралығында республикада ірі қара 6 млн. 509 мыңнан 965 мыңға, қой 18 млн. 566 мыңнан 1 млн. 386 мыңға, жылқы 3 млн. 516 мыңнан 316 мыңға, түйе 1 млн. 42 мыңнан 63 мыңға азайып кетті. Қазақстанның осы жылдары одақ бойынша тауарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 пайыздан 3 пайызға кеміді. Халықтың тұрмысы нашарлап, қайыршылануы күшейеді. Мұның өзі шаруалар бұқарасының наразылығын туғызбай қойған жоқ. 1929 - 1931 жылдарда шаруалардың көтерілісі болып, оған 80 мыңдай адам қатысты. Созақ, Шемонаиха, Бұқтырма, Ырғыз, Қазалы, Қармақшы, Самар, Абыралы, Биен -Ақсу, Шыңғыстау, Бөрібаев, Қастек, Балқаш, Шұбартау, Маңғыстау т.б. жерлердегі шаруалар көтерілісі аяусыз басылып, оған қатысқандардан 5551 адам сотталды, олардың 883 – і атылды. Жалпы алғанда күштеп ұжымдастыру кезінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазаланды.

Көшпелі қазақ мал шаруашылықтарын күштеп отрықшыландыру және ұжымдастыру Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсіріп жіберді. Республика экономикасының құлдырап төмендеуі 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұтас келді. Осындай елді арылмас сорға душар еткен қолдан жасалған қастандық пен табиғаттың рақымсыздығынан осы екі жылда республикада аштықтан өте көп адам қырылып, қазақ елі орны толмас қайғы мен қазаға ұшырады: 2 млн. 200 мың адамынан, яғни қазақ ұлтының 49 пайызынан айрылды. Республикада тұратын басқа халықтар да сан жағынан кеміді.

Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл - әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал – айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір - біріне айдап салды, "халық жауы" деп жала жауып, мыңдаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы – 82, 1931 жылы - 80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.

Сөйтіп, тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ халқы аса ауыр шығынға ұшырады. Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы, басқа республикаларға, Қытайға, Иранға, Монғолияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды.

Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер мен бұрмалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты. 1933 жылдың басында Ф. И. Голощекин орнынан алынып, Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л. И. Мирзоян сайланды. Осы жылдың көктемінен бастап енді жіберілген қателіктерді және республикада қалыптасқан ауыр жағдайды түзету басталды. Әсіресе, күштеп ұжымдастыру мен қазақ көшпелі шаруашылықтарын еріксіз отырықшыландыру мәселелеріне айырықша назар аударылды. Іске асырылған шаралардың нәтижесінде тек 1934 жылы мал саны 16,4 пайызға өсті. Бірақ, мұндай алғашқы қол жеткен табыстар орасан бүліншілікке ұшыраған республика өмірінің қоғамдық және экономикалық негіздерін қалпына келтіре алмады. Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтар қайтып оралмады, өлкеде қырылған малдың орны толмады. 1941 жылдың басында олардың барлық саны 16 млн. басқа ғана жетті. Ал қазақ этносының бұрынғы санын қалпына келтіру тек Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары болған күшті демографиялық өсудің арқасында, яғни 40 жылдан кейін ғана іске асты.

6. Қоғамдық-саяси ситуация

ХХ ғасырдың басында капиталистік қатынастардың қазақ даласында дамуы күшейе түсті. Өлкеде өнеркәсіптің жаңа салалары пайда болды. Қоғамдық еңбек бөлінісі одан әрі дамып, жұмысшы табы қалыптасты.

Патша өкіметінің аграрлық саясаты салдарынан орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуы жаппай сипат алды. Сөйтіп, қазақ еңбекшілерінің жерлерін басып алу кеңінен жүргізілді. Қазақ шаруаларын тонауды патша өкіметі "қоныстанушы", "жер қоры" деп аталатын желеумен іске асырды. Бұл қорды жасау үшін жергілікті халықтың жайлы қоныстарын тартып алып отырды. Шаруалардың Ресейден Қазақстанға шұбыруы бұрынғыдан да артты. Түркістан генерал-губернаторының толық емес дерегі бойынша ХХ ғасырдың басына дейін бір ғана Жетісу облысына 16 мың отбасы келіп қоныстанса, 1905 жылы олардың саны 28 мыңға жеткен. Мұндай жағдай Қазақ - станның басқа өлкелерінде де байқалды. Қазақстанның Ресейге түгелдей басыбайлы болып қосылуы, өндірістік кәсіпорындардың дамуы, сауда жүйесінің кеңеюі, қалалардың қалыптасуына барынша ықпалын тигізді.

XX ғасырда Қазақстандағы қала тұрғындарының саны едәуір өсті. Мәселен, Семей қаласында 1903 жылы 27 334 адам тұрса, 1909-10 жж. - 31 382, 1914 жылы - 35 мыңға жеткен. Бұл кезде ірі қалалар болып саналған Оралда - 47,5 мың, Петропавл мен Верныйда - 43,2 мыңнан адам тұрған. Қала тұрғындарының саны негізінен Ресейден көшіп келген қоныс аударушылар есебінен өсті. Құрамына қарай олар қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер мен саудагерлерге, сол сияқты, қазақтардың дәулетті бөлігі мен жай еңбекшілерге /мещандар, шаруалар, жұмысшылар/ бөлінді.

Патшалы Ресей Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен тау - кен байлықтарын пайдалануға айырықша назар аударды. Олар мұнда тау - кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу кәсіпорындарын дамытуға күш салды. Алтын, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді.Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды.

Тау - кен өнеркәсібі, негізінен, Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды. Империалистік монополиялар өндірісті жетілдіруге қажет қаражат бөлмеді, оның орнына механизмдерді арзан жұмысшы күшімен ауыстыру пайдалырақ деп санады. Бұл техникалық прогрестің, өндірістік күштердің дамуын тежеді, жұмысшылардың жағдайын нашарлатты. XX ғасырдың басында мыс, алтын, темір және басқа қазба байлықтарды шығаратын тау-кен өнеркәсібі орындары шетелдік акционерлік қоғамдардың қолына көшті. Мысалы, Лондонда пайда болған Спасск мыс кендерінің ағылшын - француз акционерлік қоғамы Спасск-Успенск мыс кені мен зауытын, Саран-Қарағанды таскөмір кенін, темір рудниктерін сатып алды. Қоғамның акцияларын ұстаушылар американдықтар, немістер, шведтер, австриялықтар және басқалары еді. 1914 ж. Риддер руднигінің, Өскемен қорғасын мырыш зауытының құрылыстары басталды.

Өлкедегі тау-кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі алтын шығару еді. Екібастұз, Қарағандыда, Саранда көмір кен орындары жұмыс істеді. Қазақстанның батыс және солтүстік - шығыс аймақтарында тұз өндіру кәсіпшілігі маңызды рөл атқарды. Олардың ең ірілері Ішкі Ордадағы Басқұншақ, Павлодар уезіндегі Каряковск, Қарабас кәсіпшіліктері болды. Батыс Қазақстанда Орал-Ембі аймағында мұнай шығарылды. 1912-1914 ж.ж. мұнай мен кен орындарын пайдалану мен иелері ағылшын капиталистері болған "Батыс Оралдық мұнай қоғамы", "Орал-Ембі қоғамы" және "Солтүстік Каспий мұнай компаниясы" айналысты.

Қазақстанда бұл кезде ауылшаруашылық шикізаттарын өңдейтін: теріден былғары жасайтын, май шыжғыратын, сабын қайнататын, арақ, спирт шығаратын, май шайқайтын және басқа кәсіпорындар көбейді. Жетісу, Ақмола және облыстарында жүн, шүға фабрикалары, ет консерві зауыттары, сондай - ақ ұн -жарма өнеркәсібі дами түсті. Оңтүстік Қазақстанда шикізаттар өңдейтін майда кәсіпорындардан басқа мақта тазарту өнеркәсібі өркендеді. Балық аулау кәсіпшіліктері Еділ - Каспий бассейнінде, Орал - Ембі өлкесінде, Арал теңізінде, Ертіс өзені, Балқаш пен Зайсан көлдерінде дамыды.

Өлкеде өнеркәсіптің және қалалардың өсуімен байланысты темір жолдар салу маңызды рөл атқарды. XX ғ. басында Қазақстанда Орынбор -Ташкент, Троицк - Алтай және Жетісу темір жолдарын салу кеңінен өрістетілді. 1917 жылы өлкеде темір жолдың жалпы ұзындығы 2793 шақырымға жетті. Қазақстанға капитализмнің енуі мұнда тауар - ақша айналымының ұлғаюы патриархалдық-феодалдық қатынастардың ыдырауына, қазақ ауылында капиталистік қаты - настардың дамуына жағдай жасады. Өнеркәсіптің жаңа салаларын өмірге әкелді, еңбектің қоғамдық бөлінісінің өсуіне және жалдамалы жұмысшылардың пайда болуына үлкен ықпал етті. Натуралдық шаруашылықтың ыдырауы қазақ шаруаларының кедейленген топтарын "қосымша табыс іздеуге" мәжбүр етті. Өндірістік кәсіпорындарда жүмыс істеу олар үшін ақша тауып күн көрудің көзіне айналды. Қазақстан жұмысшы табы негізінен 1860-1890 жылдары жүргізілген реформалардан кейін пайда бола бастады. Бірақ бұл процестің қарқыны мен жұмысшы санының өсуі әр облыста бірдей болмады. Жұмысшылар тау-кен өнеркәсібі дамыған аудандарда 1855 жылы 1,5 мыңға жуық болса, 1890 жылы 11 мыңға жетті. Жалпы XX ғасырдың басында Қазақстанның кәсіпорындарында 15 мыңға жуық жұмысшы істеді. 1917 жылы олардың саны 65 мыңға өсті.

XX ғасырдың басына қарай Қазақстанның жұмысшы табы құрамында сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да елеулі өзгерістер болды. Олардың ірі кәсіпорындарға шоғырлануымен байланысты кен өнеркәсібі мен темір жол транспорты жұмысшылары арасында таптық сана-сезімнің қалыптасуы байқалды.

Әуел бастан-ақ көп ұлтты болып қалыптасқан жұмысшы табының 60 пайызы қазақтар болды да, қалғандары орыс, украин, татар, башқұрт және т.б. ұлттардың өкілі еді.

Жұмысшылардың, әсіресе, жергілікті қазақ жұмысшыларының жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күнінің қаншаға созылатынын кәсіпорын иелері өз еркімен белгілеп отырды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа дейін созылды. Олардың тұрмыс жағдайына қамқорлық жасалмады. Жалақы Ресейдегі кәсіпорындағыдан екі-үш есе кем төленді. Әйелдер мен балалардың ақысы тіпті аз болды. Ордер арқылы берілетін азақ-түлік пен тауарлар көтеріңкі бағамен берілгендіктен жұмысшылар есеп айырысқанда, көбінесе қожайынға борышты болып қалды.

Жұмысшылардың еңбек жағдайы өте - мөте ауыр, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты оқиғалар жиі болып тұрды. Жұмысшылардың осыған байланысты наразылықтары да жиі-жиі бой көрсете бастады.

1891 жылы шілденің 12-13 күндері Өскемен уезіндегі Владимировск алтын кенінде ереуілге шыққан 140-тан астам қазақ жұмысшылары тұрмыс пен еңбек жағдайларын жақсарту туралы талап қойды. 1898 жылы 5 наурызда Зырянов мыс рудниктеріндегі жұмысшылар жалақыны арттыруды талап етіп, топтасып көшеге шықты. Оларды патша әкімшілігі әскери күшпен басты.

Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Ресейдегі революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Ресейдің орталық губерниялары мен Сібірден келген жұмысшылар және жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмысшы қозғалысына саналылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізді.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басына қарай Ресейде капиталистік даму империалистік сатыға көтерілді. Бірақ, Ресейде империализм елдің экономикасы мен саяси құрылысында феодалдық-крепостниктік қалдықтардың сақталуы жағдайында дамыды. Помещиктердің сойылын соғатын ірі монополистік капиталмен тығыз байланыстағы патша өкіметі елдің өндіргіш күштерінің дамуына тұсау болып, қоғамдық прогресті тежеді.

Имперализм дәуірінде ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиелінсе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтырды, орыс емес халықтарды езуді күшейтті. Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкелді.

Қазақстанда революциялық идеяның, соның ішінде марксизмнің тарауы Орталық Ресейден көп кейін басталды. Оған өлкеде әлеуметтік-экономикалық қатынастың әлсіздігі және жұмысшы табының аздығы себеп болды. Қазақ өлкесінде Атбасарда, Көкшетау мен Павлодарда алғашқы марксизм идеясын таратушы Петербург қаласындағы Благоевтар тобынан келген В. Г. Харитонов, Қарқаралы мен Семейде социал - демократ И. С. Домашевич, Верныйда /Алматыда/ А. С. Кочаровская т.б.еді.

Петропавл қаласында 1902 жылдың аяғында ұйымдастырылған тұңғыш маркстік үйірме негізінен жер аударылғандардан құрылды. 1903 жылы осындай үйірме Петропавл темір жолында, 1902 жылы 1 мамырда Орал қаласында саяси үйірме мүшелері ереуіл ұйымдастырды. Сонымен жоғарыда айтылған деректердің барлығы Қазақстан өлкесінде қоғамдық сананың қалыптаса бастағанын, патша өкіметінің отаршылдық, езгісіне қарсы күрестің күшейе түскенін көрсетеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Кеңес өкіметі кезінде Қазақстан өлкесіндегі басқару жүйесі

2. ЖЭС негізгі мақсаты?

3. ЖЭС әскер коммунизмнен саясаты.

4. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру барысында қандай бұрмалаушылықтар болды?

5. Ұжымдастыру салдары қалай қалыптасты?

 

12-лекция. Тақырыбы: Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде

Жоспары:1. Соғыстың басталуы, оның сипаты. Қазақстандықтар майданда.

2. Қазақстанның адам және экономикалық ресусртарын жауға соққы

беруге мобилизациялау.

3. Майданға бүкілхалықтық көмек.

Лекция мақсаты:

Ұлы отан соғысы, оған қатысқан қазақтың батыр ұл-қыздары, жерлес жауынгерлеріміз жайлы мағлұмат беру. Майданға қосқан қазақстандықтардың үлесі, соғыс кезіндегі халық басындағы ауыртпалық жайлы әңгімелеу. Студенттердің патриоттық, отан сүйгіштік сезімді қалыптастыру және оларды өз отанын қорғауға дайын болуға тәрбиелеу.

Лекция мәтіні

1. Соғыстың басталуы, оның сипаты. Қазақстандықтар майданда.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін бұрын-соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмылдруды талап етті. Қазақстан еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады. Сөйтіп, азаттық соғысына бір кісідей көтерілді. Осы тұста өткен жиындарда олар Отан алдындағы парызын орындауға әзір екендіктерін білдірді. Қызыл Армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді.

Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның командирі болып азамат соғысына қатысушы генерал И. Н. Панфилов тағайындалды. Соғыстың бастапқы үш айыныц ішінде 238, 310, 314, 387 және 391- атқыштар дивизиялары құрылды. 1941 жылдың аяғына дейін мұнда тағы бір дивизия, үш бригада жасақталды. Соғыс кезінде не бары республикада 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, жиырмадан аса атқыштар және атты әскер бригадалары, әуе күштерінің, зеңбірекшілерінің полктері, әр түрлі соғыс саласының ондаған батальондары құрылды. Республика адам күштерімен тек қазақстандық құрамалар мен бөлімшелердің ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жердегі басқа да құрамалар мен бөлімдерді толықтырып отырды. Қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8 млн. қазақстандықтар қатысты. Республика майданға 14,1 мың көне жеңіл автомашина, 1,5 мың трактор, 110,4 мың жылқы және 16,2 мың арба жіберді.

Қазақстан офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандықтар жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны 16 мыңдай офицер даярлап шығарды.

Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл-қыздарымен қатар біздің республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы күндерінен бастап басқыншылармен кескілескен ұрыс жүргізді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шолтаров, К. Иманқұлов, Е. Качанов, т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. Жау тылында қалған көптеген жауынгерлер партизан қозғалысына қатысты.

316 - дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші ұлан дивизиясы атағы берілді. Мәскеу түбіндегі ұлы шайқасқа панфиловшылардан басқа Қазақстанда жасақталған басқа да әскери құрамалар қатысты.

Ұлы Отан соғысы барысында Сталинград шайқасы бетбұрыс кезең болды. Бұл сұрапыл шайқасқа қатысқан құрамалардың арасында Қазақстанда жасақталған 38-атқыштар дивизиясы бар еді. Ол әр кезде 62 - армия /қолбасшысы В. И. Чуйков/, 57-армия /қолбасшысы Ф. И. Толбухин/, сондай-ақ Сталинград үшін болған шайқастың негізгі ауыртпалығын көтерген 64-армияның /қолбасшысы М. С. Шумилов/ құрамында соғысты. Қазақстандық жауынгерлер тек Сталинград түбінде ғана емес, сонымен қатар Курск иінінде, Днепр, Ленинград үшін шайқастарда жан қиярлықпен соғысты. Ленинград қоршауындағы әскери бөлімдерде қызмет еткен жауынгерлердің арасында Д. Шыныбековтың, алысқа ататын зеңбірекке бекітілген аэростат командирі С. Жылқышиевтің есімдері мақтанышпен аталып жүрді. 1942 жылғы шайқастардың бірінде Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданының түлегі Арыстан Ахметов өз есімін өшпес даңққа бөледі. Ол 19 жауынгермен әскери маңызы бар бір төбені жаудан қорғап, соңғы адамы қалғанша соғысты. Жаралы болып ес-түссіз жау қолына түскен одан жау солдаттары әскери мағлұмат алмақ болып азапқа салды. Тістерін сындырып, құлағын кесті. Осындай азапта жау офицерінің бетіне түкіріп, қайсарлық пен қаһармандык үлгісін көрсеткен А. Ахметовты қанішерлер үстіне жанармай құйып өртеп жіберді. Батыр жігіт жау алдында сес бермей, өмірден өтті. Елге оның ерлігі туралы хабар майдангер жазушы Павел Кузнецовтыц очерктері арқылы жетті.

2. Қазақстанның адам және экономикалық ресусртарын жауға соққы беруге мобилизациялау.

1941 жылы темір жолда әскери жағдай енгізіліп, әскер тәртібіне көшу темір жол арқылы жүк, шикізат тасуды жақсартты. Ескі жолдарда поездардың өтуі жиіледі. Ақмола- Қарталы жол бөлігі іске қосылды. Темір жолдағы жұмыстың көбін әйелдер атқарды. Олар теміржолшылардьщ 35 пайызын қамтыды.

1944 жылы Текелідегі қорғасын - мыс комбинатының бірінші кезегі, Өскемен мыс зауыты іске қосылды. Республикада қара металлургия, мұнай өндеу өнеркәсібі қалыптасты. Ертісте халықтық құрылыс Өскемен ГЭС-і салынып бітті.

Бұл жылдарда Қарағанды көміршілері Сібір, Орал, Поволжье өнеркәсіп аудандарын жоғары сапалы кокстелген көмірмен жабдықтап тұрды. Жер астында жұмыс істеген лавалардың саны 1941-1945 жылдары 63-тен 158-ге дейін өсті. 19 жаңа шахта мен 3 көмір разрезі іске қосылды. Шын мәнінде тағы бір жер асты Қарағандысы пайда болды. Соғыс жылдары Қарағанды көмір алқабында 34 млн. тонна көмір шығарылды, бұл соғысқа дейінгі бассейнде шығарылған көмірден 3 млн. тонна артық деген сөз. Мұнай кәсіпшілігінің қуаты артты. Қошқар, Комсомольск, Жолдыбай мұнайшылығы іске қосылды. Соғыстың соңғы үш жылында Қазақстан 2472,2 мың тонна сапалы мұнай өндірді. 1941 жылғы қаңтардан 1945 жылға қаңтарға дейінгі аралықта Қазақстанның электр энергиясын өндірудегі Одақ бойынша үлес салмағы 1,31-ден 2,67 пайызға дейін өсті. Соғыс кезінде барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және басқа өндірістер салынды. Өнеркәсіптің өсу қарқыны артуы нәтижесінде оның республикадағы халық шаруашылығындағы үлес салмағы 60 пайыздан 1945 жылы 66 пайызға дейін өсті. Темір жолдың ұзындығы 1940 жылғы 6581 шақырымнан 8400 шақырымға дейін жетті. Руда мен мұнай өнімдерін тасымалдау 4 есе, көмір мен қара металды тасымалдау екі есе артты. Қазақстан өнеркәсібінің соғыс жылдарындағы Жеңіске қосқан үлесі Кеңес халқының ауыр күндердегі сүйеніш, тірегі болғандығын қазақ халқы орынды мақтан етеді.

Қазақстанның колхозшы шаруалары соғыстың жеңіспен аяқталуына қомақты үлес қосты. Село еңбеккерлеріне көмекке қала тұрғындары келді. Республиканың колхозсовхоздарында жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы еңбек етті. Жау басып алған аудандардан көшіп келген шаруалар еңбекте ерліктің үлгісін көрсетті. Солардың бірі - Батыс Қазақстан облысының Теректі МТС-інде істеген Украинаның атақты тракторшысы Паша Ангелинаның бригадасы. Оның берекелі бастамасы мен тәжірибесі жергілікті механизаторлар тарапынан қызу қолдау тапты. Украинаның даңқты қызылшасысы М. С. Демченко Жамбыл облысы Талас өңірінде қант қызылшасын өңдеу әдістерін өндіріске енгізуде шынайы шеберлік танытты.

Қазақстан еңбекшілері тары өсірудің шебері - Шығанақ Берсиевті, атақты күрішшілер - Ыбырай Жақаев пен Ким Ман Сам сияқты үздік шыққан жаңашылдар мен астықтан мол өнім алудың майталмандары Мұнира Сатыбалдинаны, Анна Дацкованы, Нүрке Алпысбаеваларды және т.б. орынды мақтан етті.

Мал шарушылығы өнімдерін өндіру мен қоғамдық мал басының өсу жоспарлары ойдағыдай орындалып отырды. Қоғамдық мал басы Республикада соғыс жылдарында 3 млн. басқа жуық өсті. Қазақстанның колхоздары мен совхоздары бұл тұста соғыстан бұрынғы бес жылмен салыстырғанда астықты - 30,8 млн. пұт, етті - 15,8 млн. пұт, картоп пен жемісті - 14,4 млн. пұт, сүтті - 3194 мың центнер, жүнді - 17,7 мың центнер артық берді. 1944 жылы Бүкілодақтық еңбек жарысында мал шаруашылығын өркендетудегі орасан зор табыстары үшін Батыс Қазақстан облысының Жаңақала, Гурьев облысының Қызылқоға аудандары КСРО Қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алды. Жалпы соғыс кезінде Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері өздерінің патриоттық және еңбек парыздарын айтарлықтай өтеді. 1941-1945 жж. олар майдан мен елге 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа да азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.

Еліміздің шығыс аудандары мен Қазақстанның халық шаруашылығының түбегейлі мәселелерін зерттеп, соның негізінде жасалынған ұсыныстарды іске асыруға академик В. Л. Комаров бастаған КСРО ғылым Академиясының Қазақ бөлімшесі Президумының төрағасы, көрнекті ғалым Қ. И. Сәтбаев басқарған республиканың жүзден аса ғалымдары қатысты. Олар қазба байлықтың көптеген жаңа орындарын ашты, олардың майдан мүддесі үшін тез игерілуіне үлес қосты.

Ғалымдар, жоғары оқу орындарының ұстаздары, мектеп мұғалімдері және тағы басқалары халық арасындағы идеялық - тәрбие беру саласында үлкен жұмыс жүргізді. Денсаулық сақтау қызметкерлері қажырлылықпен еңбек етті. Соның арқасында емханаларда емделуде болған жаралы жауынгерлердің жетпіс пайыздан астамы қайтадан қатарға қосылды. Соғыс кезінде 118 техникумнан 92- сі сақталды, онда оқитын оқушылар саны тек 389 адамға ғана қысқарды. 1941 ж. дейінгі 20 жоғары оқу орнына жаңадан төртеуі қосылды. Оларда оқитын студенттердің саны 10,4 мыңнан 15 мыңға дейін өсті.

Республика еңбекшілері өздерінің жеке жинағынан майдан қорына 4,7 млрд. сом ақша берді. Сонымен қатар олар майдангерлерге 2 млн. - нан аса жылы киім, 1600 вагон сыйлық жөнелтті. Республика еңбекшілерінің өздерінің жеке қаражаттарына "Қазақстан комсомолы", Түрксибші", "Қарағанды шахтері", "Қазақстан мұнайшысы", "Қазақстан металлургі", "Қазақстан пионері" атты авиаэскадриялар жасақталды. Ол үшін 480 млн. сом қаржы жиналды.

Республика еңбекшілері Ленинградты (қазіргі Санкт-Петербург) қорғаушыларға 400 вагон сыйлық жөнелтіп, жаудан тазартылған аудандардан көмегін аяған жоқ. Орел облысын қамқорлыққа алып, оларға 200 вагоннан аса жабдық, ауыл шаруашылығы машиналарын, азық-түлік, тұрмыстық заттар және 100 мың бас мал жөнелтті. Осындай көмек Украина мен Белоруссияға, Солтүстік Кавказға және Ленинград, Курск, Калинин облыстарына көрсетілді.

Мұның барлығы майдан мен тылдың бірлігін, халықтар достығын нығайтуға үлкен әсерін тигізді. Қазақстан еңбеккерлерінің майданға көмегі қызыл әскерлердің жағдайын жақсартып, олардың жауынгерлік рухын көтерді, Қызыл Армия бөлімдерінің жауды талқандау үшін мүмкін болған нәрсенің бәрін істеуге жігерлендірді. Сөйтіп, Қазақстан соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ Кеңестер Одағы арсеналдарының біріне айналды, оның экономикалық тіректерінің бірі болды.

3. Майданға бүкілхалықтық көмек.

Қуатты жарылғыш минамен жау танкісінің астына түскен Қарсыбай Сыпатаев, капитан Н. Гастеллоның ерлігін қайталаған ұшқыш Нүркен Әбдіров, жаудың пулеметтен оқ шашып тұрган дзотының аузын өз кеудесімен жапқан Ленинград қорғаушысы Сұлтан Баймағамбетов қазақ жауынгерлерін ерлікке рухтандырды.

Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдавияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Еуропа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуге ат салысты. Қазақстандық жауынгерлер Берлинді алуға қатысты. Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев қатардағы жауынгер Григорий Булатовпен бірге Рейхстаг қабырғасына қызыл жалау тікті.

Қазақстандықтар партизандық қозғалысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда, Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында - 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен партизандық бригадалар мен отрядтарда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері Г. Ахмедьяров, Ғ. Омаров, В. Шаруда, Қ. Қайсенов, Ә. Шәріпов, Ә. Жанкелдин, Ж.Саин, т. б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болып отыр.