С) Діни сана

D) Экологиялық сана

Е) Экономикалық сана

26 Адамның аналитикалық тұжырымдамасы қандай?

А) Бәрін де өз сезімдеріңнен өткізіп, олардың енгізінде өз құндылықтарыңды, мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелеріңді әзірлеп, тап

В) Тиімді бол, сөзіңде тұр, айқын жоспар жасап, жұмысыңды алға жылжытып, іске асыр

С) Табиғат пен қоғаммен бірлікте бол, саған байланысты емес нәрселерді сабырлықпен қабыл ал, тағдырдың алдында жүрексінбе, ерлік пен даналық көрсет

D) Істің мәнін түсінуге тырыс, ол үшін өзіңді жан-жақты дамытып, тіліңді жетілдір

Е) Бәріне күмәндан, басқалардың сөзіне ерме

27 Қандай құндылықтар адамгершіліктік тұрғыдан жоғары бағаланады?

А) Рухани

В) Материалдық

С) Утилитарлық

D) Прагматикалық

E) Құқықтық

28 Технологиялық детерминизмнің дұрыс тұжырымдамасы

A) Қоғам дамуындағы техника мен технологияның анықтаушы рөлін мойындау

B) Қоғам өміріндегі теника мен технология рөлін төмендету

C) Ғылым мен техниканың қазіргі дәрежедегі рөлін жоққа шығаруға ұрандау

D) Ғылымның рөлін абсолюттендіру, оны қоғамдық прогресстің адам мен қоғамның жетілуінің бірден-бір негізі деп мойындау

E) Космосты игеру облысындағы техника мен техноглогияны жетілдірудің қажеттілігі туралы ұйғарым

29 Техницизм неге негізделген?

A) Космосты игерудің бірден-бір құралы ретіндегі техникаға деген сенімге

B) Адам әуестігін қандыру туралы ретіндегі техниканың дамуына деген сенімге

C) Адамзат үшін шартты ізгілік ретіндегі техниканың дамуына деген сенімге

D) Ғылым мен техниканың үдере дамуының салдарынан сескенгендік пен қорқынышқа

E) Ғылыми-техникалық дамудың жетістіктерін бейтарап қабылдауға

30 Қоғам мен техникадағы шапшаң дамушылықтың өзгерістеріне қазіргі адамзаттың дайын еместігі жайындағы мәселені өз еңбегінде талқылаған американдық әлеуметтанушы

А) О.Тоффлер «Футур шок»

В) У.Дайзард «Ақпараттық дәуірдің келуі»

С) О.Шпенглер «Еуропаның батуы»

D) Д.Белл «Ақпараттық қоғамның әлеуметтік белгілері»

Е) Й.Масуда «Ақпараттық қоғам постиндустриалды қоғам тәріздес»

 

5 РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ

 

1 Мәдениет жүйесіндегі философияның орны.

2 Философия жалпы дүниетанымдық және әдістемелік ғылым ретінде.

3 Мифология қоғамдық сананың ең алғашқы формасы ретінде.

4 Философияның негізгі бағыттары

5 20 ғасырдың аяғында адамзат тудырған жалпы мәселелерді шешудегі философияның рөлі.

6 Буддизм философиясы және принциптері.

7 Джайнизм философиясының заңдары.

8 Үнді қоғамындағы касталық бөліністің мәні.

9 Көне Үндінің негізгі философиялық ескерткіштері.

10 Қытай философиясындағы қоғамды басқару мәселесі (конфуцизм, легизм).

11 Даосизмдегі диалектикалық көзқарастар

12 Ежелгі Қытайдың негізгі философиялық ескерткіштері.

13 Сократтың этикалық рационализмі.

14 Софистикалық философия.

15 Платонның идеалды мемлекет туралы ілімі.

16 Аристотель философиясындағы диалектика және категория ұғымдарының қолданысы.

17 Аристотельдің онтологиялық ілімі.

18 Аристотельдің мемлекет және оның түрлері жайындағы ілімі.

19 Грек натурфилософиясы.

20 Эпикур философияның мәні.

21 Демокрит пен Левкипптің атомистік философиясы.

22 Пифагордың дүниенің бастмасы ретіндегі - сандық жүйесі.

23 Гераклиттің қарама-қарсылықтың бірлігі және күресі жайындағы ілімі.

24 Элей мектебі өкілдерінің философиялық ойлары.

25 Милет мектебі өкілдерінің философиясы мен дүниенің субстанциялық мәселесі.

26 Зенонның апориясы.

27 Эллиндік және римдік кезеңдегі антикалық философияның дамуы

28 Стоицизм философиясы.

29 Киниктер философиясының өкілдері және олардың өмір салты.

30 Орта ғасырлардағы теологиялық философияның мәні.

31 Орта ғасырлық философияның адамзаттың рухани өміріндегі алатын орны.

32 Августин – орта ғасырлық философияның ұлы тұлғасы.

33 Фома Аквинскийдің сезім мен ақыл-ой байланысы жөніндегі ойлары.

34 Орта ғасырлардағы номинализм мен реализмнің арасындағы қайшылықтар.

35 Схоластика бағытының философиядағы сіңірген қызметі.

36 У.Оккамның «ұқыптылық принципі».

37 Боэции философиясындағы мән және өмір ұғымдары.

38 Д.Скотт философиясындағы индетерминизм және ерік еркіндігі.

39 Әл-Фарабидің таным теориясы.

40 Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық философиялық толғаулары.

41 Ибн-Синаның медициналық және жартылысты-ғылыми көзқарасы.

42 Ибн Халдун және қазіргі әлеуметтік философия.

43 Н.Кузанский философиясы.

44 Қайта Өрлеу дәуірінің антропоцентрлік философиясы.

45 Н.Макиавелидің әлеуметтік-саяси көзқарастары.

46 Н.Макиавелидің саясат және моральдық қарым-қатынасы жөніндегі көзқарастары.

47 Діни реформация – Қайта өрлеу заманындағы рухани өзгерістердің айқын көрінісі.

48 Леонардо да Винчи - Қайта өрлеу заманындағы жан-жақты дамыған тұлға.

49 Н.Коперниктің ғылымда жасаған төңкерісі.

50 Дж.Бруно және оның философиялық көзқарастары.

51 Г.Галилей зерттеудің экспериментальды-математикалық әдістің негізін салушы.

52 Протестанттық этика және оның маңызы.

53 Ф.Бэкон – Жаңа дәуір философиясының негізін қалаушы.

54 Ф. Бэкон философиясындағы таным идолдары.

55 Ф. Бэкон философиясындағы номинализм және эмпиризм.

56 Р. Декарт бойынша рационализм және метафизика.

57 Спинозаның пантеистік ілімі.

58 Г.Ф.Лейбництің монодологиясы.

59 Дж. Локктың саяси-философиялық көзқарасы.

60 Дж. Локктың жекеменшік пен азаматтық қоғам жөніндегі ойлары.

61 Дж. Локктың танымдық ілімі.

62 Т.Гоббстың мемлекет жөніндегі ілімі.

63 Дж.Беркли философиясындағы субъективизм және солипсизм мәселелері.

64 Д.Юм философиясындағы скептицизм және агностицизм мәселелері.

65 18 ғ. Ағарту философиясының ерекшеліктері.

66 Д. Толланд пен А. Коллинздің деистік көзқарастары.

67 Ф.Вольтердің философиялық көзқарастары.

68 Ж.Ж. Руссо және Т. Гоббс философияларындағы қоғамдық келісім қағидасы.

69 Француз энциклопедияшылдары.

70 Ш.Монтескьенің мемлекет билігін бөлу принциптері.

71 И. Кант диалектикасы.

72 И. Кант философиясындағы этика ұғымы.

73 И Канттың таным теориясы.

74 «Рух феноменологиясы» - адам санасы туралы ғылым.

75 Гегель диалектикасы.

76 Гегельдің әлеуметтік-саяси көзқарасы.

77 Интеллектуалдық интуиция – танымның жоғарғы формасы.

78 Л. Фейербахтың антропологиялық материализмінің демократиялық негізі.

79 Фихте философиясындағы еркіндік мәселесі.

80 Шеллингтің табиғат философиясы.

81 Марксизм философиясының мәні.

82 Диалектика және коммунизм идеясы.

83 Ф.Энгельстің «Табиғат диалектикасы».

84 К.Маркстің қоғамдық-экономикалық формация теориясы.

85 20 ғ. Марксизмнің тағдыры.

86 А.Шопенгауэр және оның әлемдік пессимистік философиясы.

87 С.Кьеркогер – экзистенциалдық философияның алғашқы өкілі.

88 О.Конт – позитивизмнің негізін салушы.

89 Лингвистикалық философия.

90 Постпозитивизм және оның негізгі өкілдері.

91 Э.Гуссерль – феноменологияның негізін қалаушы.

92 Ф.Ницше және оның билікке деген еркі.

93 Ф. Ницше философиясындағы билік еркіндігі және күшті адам культі.

94 20 ғасырдағы діни философия.

95 В. Дильтей мен Г. Зиммельдің өмір философиясы.

96 А. Бергсон философиясындағы «шығармашылық даму» мәселесі.

97 О. Шпенглердің иррационализм философиясы.

98 Ресей философиясындағы славянофильдер мен батысшылдардың күресі.

99 Н.А.Бердяевтің философиясындағы персонализм және шығармашылық еркіндігі.

100 В.С.Соловьев философиясы.

101 Вернадскийдің ноосфера ілімі.

102 Орыс философиясындағы адам мәселесі.

103 Жаратылыстану ғылымдарының жетілуі және орыс космизмі.

104 Қазақ мифологиясының ерекшелігі.

105 Анахарсис – жеті грек даналарының біріне айналған түркі баба.

106 Асан Қайғы мен Қазтуғанның дүниетанымдық бағдарларындағы: халық тағдыры туралы толғаныстар.

107 Қазақтың батырлар жырларындағы философиялық ой-толғамдар.

108 Жыраулар философиясындағы адам мәселесі.

109 Билер шығармашылығындағы адамгершілік мәселелері.

110 Мақал-мәтелдердің философиялық жақтары.

111 Қазақ халқының наным-сенімдері мен тиым сөздеріндегі философиялық ой-толғаулар.

112 Ш. Уалихановтың саяси-әлеуметтік көзқарасы.

113 Абайдың «Қара сөздерінің» философиялық маңыздылығы.

114 Ш. Құдайбердиевтің «Үш анық» философиялық еңбегі.

115 Ы. Алтынсарин мен С. Торайғыровтың философиялық-дүниетанымдық көзқарастарының ұқсастықтары.

116 Ы. Алтынсарин ағартушы және қоғам қайраткері: философиялық көзқарасы мен жаңашылдығы.

117 ХХ ғ. б. Ұлт-азаттық қозғалыс өкілдерінің философиялық ой-толғамдары 118 М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» ұранының философиялық маңыздылығы.

119 А.Байтұрсыновтың ағарту ісіне қосқан еңбегі.

120 Кеңес заманындағы отандық философия.

121 Егемен Қазақстандағы философияның дамуы.

122 Философиядағы болмыс мәселесі.

123 Парменидтің болмыс ілімі.

124 Көне Шығыстағы болмыс ілімі.

125 Ұғымдар болмыстың жоғарғы түрі және таным баспалдақтары.

126 Рухани болмыс.

127 Адам болмысының қайталанбас ерекшелігі.

128 Философия дүниенің бірлігі мен көптүрлілігі туралы.

129 Көзқарас және дүниенің ғылыми бейнесі.

130 Материя қозғалысының әлеуметтік формасы: ерекшелігі және мәні.

131 Кеңістік пен уақыт – материя болмысының формалары.

132 Диалектика даму туралы ілім.

133 Сан мен сапалық өзгерістер.

134 Өтпелі қоғамдағы секіріс көріністері.

135 Қозғалыстың қайнар көзі.

136 Биологиялық қозғалыс формаларының ерекшеліктері.

137 Синергетика ілімінің методологиялық мүмкіндіктері.

138 Детерменизм ілімі.

139 Материя жөніндегі қазіргі жаратылыстанудағы деректер.

140 Сана және компьютер.

141 Философиядағы «рух» ұғымы.

142 Сезімдік танымның ерекшеліктері.

143 Рационалдық танымның құрылымы.

144 Танымның жалпы әдістері.

145 Философия тарихындағы еркіндік мәселесі.

146 Қоғам өздігінен дамитын жүйе ретінде.

147 Табиғат және қоғам.

148 Қоғамдағы идеалдылық мәселесі.

149 Ойлау және тілдің арақатынасы.

150 Шығармашылық және еңбек.

151 Сана және тіл мәселесі.

152 Идеология және билік мәселесі.

153 Таным және шығармашылық.

154 Тұлға және қоғам.

155 Тұлғаның әлеуметтенуі және құндылықтар жүйесі.

156 Адам – қоғамның ең жоғарғы құндылығы.

157 Еркіндік- адамның қажетті құндылығы.

158 И.Кант философиясындағы аксиология мәселесі.

159 19 ғ. соңы – 20 ғ. басындағы құндылықтардың философиялық ілімі.

160 Философиядағы гуманистік дәстүр.

161 Экзистенциалды философиядағы адамның мәні.

162 Адам өмірінің мәні мәселесі.

163 Философия тарихындағы адам мәселесі.

164 Философия және ғылым.

165 Ашық қоғам теориясы.

166 Ақпараттық қоғам.

167 Білім философиясы: зерттеулердің негізгі бағыттары.

168 Қазақстандағы білім жүйесі.

169 Білімді гуманизациялау мәселесі.

170 Белгілер жүйесі мәдени мәндерді жеткізу ретінде.

171 Қазіргі мәдениеттегі ғылым бейнесі.

172 Ғылымның философиялық негіздері.

173 Қоғамның дамуындағы мәдениеттің ролі.

174 Қазіргі адамзаттың рухани дағдарысы.

175 К.Ясперс: адамның шынайы ахуалы – рухани ахуал.

176 А.Швейцер: этикалық өрлеу – ең қиын да шынайы даму.

177 Философиядағы махаббат мәселесі.

178 Философиядағы неке, жанұя мәселелері.

179 З.Фрейд сексуалдық мәселесі туралы.

180 Техногендік өркениеттің бүгінгі күнгі беталысы және дамудағы қайшылықтар.

 

4 ҰҒЫМДАР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

 

– А –

АБСОЛЮТ(лат. absolutus – шартсыз, шексіз) – идеалистік философияның ұғымы, барлық бардың біртұтас, жалпы, бастаусыз және шексіз деп пайымдалатын, кез-келген салыстырмалы және шартты болмысқа қарсы қойылатын рухани алғашқы бастауын білдіреді.

АБСОЛЮТТІ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ АҚИҚАТ.Дүние жөніндегі толық сарқылып шегіне жеткен білімді абсолютті ақиқат деп айтуға болады. Сонымен қатар дүниені зерттеу жолындағы алынған объективті ақиқаттар бір-бірімен қосыла келе, абсолюттік ақиқатқа жақындата түседі. Оны шексіз үрдіс деп те айтуға болар еді. Негізінен, адамзат қолы жеткен білім әрқашанда салыстырмалы, өйткені ол оның нақтылы тарихи қалыптасқан іс-әрекетімен, яғни сол заманның практикасымен шектелген. Бірақ дүниеге келген әр ұрпақтың білімінде ақиқатпен қатар әрқашанда жаңылу болатынын да ескеру қажет. Оның біршамасын тексеріп түзетсе де, ғылымды дамыту жолында ақиқатпен қатар жаңылу да болуы мүмкін. Осы тұрғыдан жаңылуды жалғаннан ажырату қажет. Егер ғылыми танымның қиындықтары кейбір жағдайда зерттеушіні ақиқаттан алшақтатып, жаңылуға әкелсе, жалғандық өтірік айтып адамды саналы түрде қисық жолға түсірумен тең.

АБСОЛЮТТІК ИДЕЯ– Гегель философиясының негізгі категориясы, универсумды толық күйінде, шартсыз, нақты және тұлғалық жалпылық күйінде білдіреді (яғни, субъектіні де, субстанцияны да).

АБСОЛЮТТІ РУХ– Гегельдің философиялық жүйесінде абсолюттік идеяның өзіндік санасын жүзеге асыратын рух дамуының қорытынды звеносы.

АБСТРАКЦИЯ (лат. abstractio – ойша бағамдау) – шынайылықтың бейнесін ойша бағамбау және толтыру арқылы құрастыру. Ойша бағамдау арқылы заттың немесе құбылыстың қарапайым жобасын жасайды, ал толтыру арқылы оны күрделендіріп, түрлі нобайына алаңдамай, танымдық мәні бар ғылыми таңбаға айналдырады. Абай бұл сөзді «ой суреті» деп атаған.

АГНОСТИЦИЗМ (грек. аgnostos – біліп болмайтын, белгісіз) – болмысты тану, дербес ақиқатқа жету мүмкін емес дейтін тұжырымға негізделген философиялық ілім. Агностицизм ұғымын 19 ғ. діни сайыстарында ғылыми көзқарасты айқындаушы ретінде 1869 ж. Т.Гексли енгізген. Агностицизмнің қайнар көздері – скептицизм, Зенонның апориялары, Д.Юм ілімі, И.Канттың антиномиялары. Агностицизмнің өкілдері танып-білу құбылысының шынайы қиыншылықтары: мәңгі өзгерістегі тіршілікті толық ұғынудың беймүмкіндігін, оның нақты адамдардың сезімі мен санасында өзгеше түрленуін түсінген. Агностицизм ілімі қазір көп қолданылмаса да, өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ.

АДАМ – ерекше, бірегей, қайталанбас қасиеттеріне қатысты дара жаратылыс. Адам мәселесі философияның негізгі проблемаларының бірі болып табылады. Адам туралы ілімді «адам философиясы» немесе «философиялық антропология» деп атайды. Адам мәселесі философияның пайда болуынан қарастырылып келеді. Бұдан 25 ғ. бұрын Кунфуций өз философиясында адамгершілік (жэнь) проблемаларын қарастырады. Оның ілімінде негізгі этикалық қағидасы: «Өзіңе тілемейтін нәрсені өзгеге жасама!» болды. Буддизмде өмір қайғы-қасіретке толы, алайда оларға соқпай өтуге болады, себебі бәрі де адамның өзіне байланысты деп түсіндірілді. Аристотель адамды «ажалды құдай» деп түсініп, адамның билік мақсаты – бақыт деп тұжырымдады. Бақыт пен жоғары игілік адамға тән, ол оған толық жетілуге ұмтылған жағдайда, яғни белсенділіктің арқасында жетеді. Демек, жай ғана өмір сүрумен тынбау керек, себебі өсімдіктер де тіршілік етеді, ал сана белсенділігі – адамға тән мақсат. Материалдық игіліктердің молдығы өз-өзінен бақыт жасай алмайды, ал олардың жоқтығы бақыттың беделін әбден түсіруі де ықтимал. Ортағасырлық томизм ілімінде игілікті кез-келген адамның өз табиғаты тұрғысынан іздеуінің дұрыстығы айтылады: еркек пен әйелдің одағы, бала өсіріп-тәрбиелеу – игілік, өйткені табиғат заңдылығы солай. Рационалды тіршілік иесі ретінде адам маңдайына қауымдастықта өмір сүріп, ақиқатқа ұмтылу жазылған. Ренессанс дәуірінің (15-16 ғғ.) гуманистік қозғалысында ізгіліктің тағдырдан биік тұратыны тұжырымдалады. «Адам өліп, шіріп кету үшін емес, өндіру үшін туады. Адам далақтап бос жүру үшін емес, өзі қуана алатындай ұлы және даңқты істерге ұмтылу үшін, сондай-ақ жетілген қайырымдылығын пайдаланып, бақыт табу үшін туады. Жеңілгісі келмейтін адам жеңіске тез жетеді. Тағдыр тәлкегіне тек бағынуға дағдыланғандар ғана төзеді» (Гуманист, философ, математик, сәулетші Л.Альберти). Ренессанс дәуірінде адамды «табиғат кереметі» деп есептеді. Жаңа заман философтары Ф.Бэкон, Р.Декарт, Б.Спиноза адам бақыты оның өз қолында деп санады (17 ғ.). Адам (Б.Франклин) еңбек құралын жасайтын хайуан. «Адамдық қасиет оған тек туғанда берілген ерекшеліктермен емес, оның өзі жасаған құндылықтары арқылы өлшенеді» деп жазды Гете адам туралы. Маркс бойынша: «Адам барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы». Энгельстің пікірінше антропосоциогенезде шешуші рөлді еңбектену қызметі атқарған. Адамды еңбек жасаған. 20 ғ. экзистенциалист Ж.П.Сартр адам – еркіндік иесі және тұрақты түрде өз аясына болғандықтан фактуальдылық пен транцендентальдықтың бірлігі, тек заттар ғана шектеулі болады деп түйді. Адам шектеулі емес. Тағы бір экзистенциалист А.Камю адам өз маңдайына жазылған тағдырға мойынсұнбайды. Осыдан келіп метафизикалық бүлік туады деп пайымдады.

АДАСУ – объективті шындыққа жете алмай, басқа бағыт таңдау.

АДЕКВАТТЫЛЫҚ– (лат, adaeguatus - теңдестірілген деген сөзден шыққан) – барабарлық, сәйкестік, теңдік, баламалылық. Таным теориясында адекваттылық дегеніміз бейнелеудің (бейненің, білімнің) обьектісі – түпнұсқаға сай келуі (немесе ұқсастығы) осының арқасында олардың обьективті ақиқаттар сипаты болады. Адекваттылық бейненің, білімнің мазмұны сипаттамаларының түпнұсқа сипаттамаларына сәйкестігі болып табылады.

АДЖИВИКА –жанның өмір сүруін теріске шығаратын ежелгі үнділердің бейортодоксалдық ілімдерінің бірі. Адживика бастапқыда буддизмен байланысты болды, бәлкім буддизмнің бір түрі болуы мүмкін, өйткені ежелгі заманның буддистері де «жан» ұғымын үзілді-кесілді теріске шығарған. Б.з.б. 6-5 ғ.ғ. өмір сүрген дана Маркалидева, дәстүр бойынша, адживиканың негізін қалаушы деп есептейді. Орта ғасырлық ведантистік трактаттарға сәйкес адживиканың негізінде атомистік идея жатыр, бұл идея басқа идеяларды және осы әлем түсініктерін анықтайды. Адживика ілімі бойынша атомдардың 4 түрі бар, олардан табиғаттың 4 стихиясы жаратылады, олар жер, су, от және ауа; барлық атомдардың үйлесу қабілеті бар. Адживика брахманизм философиясына қарсы тұрған реалистік және материалистік ілім болды. Адживика брахмандардың қарма, сансара және мокша доктриналарын теріске шығару, кейде этикалық релятивизмнің уағызына ұласты.

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ –қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, адамгершіліктік, діни, ұлттық және т.б. саяси емес қарым-қатынастардың жиынтығын білдіретін ұғым. Азаматтық қоғам – жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі, азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар, қоғамдық кәсіби шығармашылық ұйымдар, ассоциациялар кіреді. Азаматтық қоғам тұжырымдамасы 18 ғ. 2–ші жартысы – 19 ғ. басында қалыптасып, Ағартушылық философия, немістің классикалық философиясының өкілдерінің еңбектерінде мемлекет және азаматтық қоғамның арасындағы айырмашылықты айқындаудың қажеттілігі сезіледі және олар мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекеттесуіндегі артықшылықты мемлекеттің үлесіне берді, бұл әсіресе, Гегельдің құқық философиясында айқын көрініс тапты. Алдыңғы философияның қоғамдық-саяси көзқарастарын жалғастырушы марксизм философиясы керісінше, азаматтық қоғамның артықшылығын дәделдей келе, жеке адамды жатсынудан азат етуде, оның гармониялық даму жағдайын қамтамасыз етуде азаматтық қоғамның толық мүмкіндігін айқындап берді. Сонымен, азаматтық қоғам – еркін азаматтардың және өздері қалыптастырған ассоциациялар мен қауымдастықтардың өзіндік көрінісінің саласы, мемлекеттік биліктің тарапынан азаматтардың іс-әректтері мен еркіне тікелей қол сұғуынан тиісті заңдармен қорғалған.

АЙЫРМАШЫЛЫҚ– объектіге салыстыру арқылы сипаттама беру үшін қолданылатын ұғым. Бір объектінің қасиеттері екінші объектіде болмаса, оны осы объектілердің айырмашылығы дейміз.

АКСИОЛОГИЯ (грек. axios – құнды, logos – ілім) – құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі – «Игілік деген не?» деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған. Платон философиясында құндылықтар жалпы ізгілікпен байланыстырылып, әмбебапты мәнге ие болды. Мәдениеттануда құндылықтар мәселесі ерекше орын алады, өйткені мәдениет адамзат жасаған барлық құндылықтардың жиынтығы деген түсінік кең тараған.

АКСИОМА(грек. axioma – мақұлданған қағида) – белгілі теорияда дәлелденбейтін тұрғыда алынатын және одан (немесе оның жиынтығынан) теорияның барлық басқа сөйлемдері ондағы тұжырымдау ережелері бойынша (салыстыр: постулат) қорытып шығарылатын қайсыбір ғылыми теорияның бастапқы тұжырымы (сөйлемі).

АКЦИДЕНЦИЯ(лат. аccidens – кездейсоқтық) – заттардың негізгі және субстанциялық қасиеттерінен бөлек уақытша, өтпелі, негізсіз белгілері. Ұғым алғаш рет Аристотельдің еңбектерінде кездеседі, кейін схоластика мен 17-18 ғғ. философиясында кеңінен қолданылады (Спиноза, т.б.).

АҚИҚАТ- танушы субъектінің объектіні дәл күйінде бейнелеуі, оны өмірде бар күйінде, адамның өзінен және оның санасынан тыс және тәуелсіз көрсетуі; сезімдік, эмпирикалық тәжірбиенің, ұғымдардың, идеялардың, пікірлердің, теориялардың, ілімдердің және диалектикалық дамушы дүниенің тұтас бейнесінің объективті мазмұны. Тағы бір анықтамасы, ақиқат – өмір шындығының ойдағы нанымды, дұрыс бейнесі, әлеуметтік процесс, практика, сайып келгенде оның өлшемі болып табылады. Ақиқаттың сипаттамасы заттарға және олардың тілмен тұжырымдалу тәсілдеріне емес, нақты ойға қатысты. Философияда ақиқатты түсінудің дәйекті материалистік негіздемесін тұжырымдап, оны зерттеудің жаңа диалектикалық аспектілері қызмет етеді (Объективті ақиқат, Абсолюттік және салыстырмалы ақиқат, Ақиқаттың нақтылығы, Ақиқат өлшемі, Теория мен практика).

АҚИҚАТ ӨЛШЕМІ –(грек. Kriterion – бір нерсені бағалауға арналған өлшем) – белгілі бір пайымдауды, болжамды, теориялық долбарды және т.б. тексеру құралы. Ақиқат өлшемі қоғамдық практика болып табылады.

АҚПАРАТ– (лат. informatio – мәлімдеу, түсіндіру, мазмұндау) – кейбір мәлімет, қандай да бір мағлұматтардың, білімдердің жиынтығы.

АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ (лат. informatio – түсіндіру, хабарлау) – 1945 жылы жапон ғалымы Е.Масуда енгізген термин. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дамыған елдердегі капитализмнің бұрынғы индустриалдық капитализмнен бөлек екендігі айқындала түсті. 1960-1970 жж. Батыс ғалымдары (Д.Белл, Р.Арон, З.Бзежинский, О.Тоффлер, Рим клубы өкілдері, т.б.) принципті жаңа қоғам қалыптастыру туралы ілімдерін көпшілікке ұсынады. Оны әртүрлі атаулармен атады: супериндустриялық өркениет, постиндустриалдық қоғам, технотронды, телекоммуникациялық, ақпараттық қоғам. 1990 ж. шыққан Д.Нэсбит пен П.Эбурдемнің «Мегатенденциялар. 2000 ж.» еңбегінде жаңадан қалыптасып келе жатқан өркениеттің төмендегідей басым бағыттары аталып өтті: 1) жаңа жоғары технологиялар; 2) социализмнің кейбір элементтерін еркін нарықтық қатынастармен үйлестіру; 3) әмбебапты өмір салты және мәдени ұлтшылдық; 4) жеке және мемлекеттік дәулеттіліктің ұштасуы; 5) өнер мен көркем мәдениеттің өркендеуі; 6) діни жаңғыру; 7) тұлға марапаты.

АҚЫЛ және ЕС– ғылыми танымның, адамгершіліктік және көркем ойлаудың дамуына қажетті өзара біріне-бірі қолдау көрсететін ұғымдар. Ақыл – зерде, ес, парасат; түсінуге және ұғынуға мүмкіндік беретін адамның қабілеті. Ес – ақылдан бұрын болатын, оған қажетті материалды беретін, психикалық қызмет. Ақыл мен ес таным қызметінің екі түрлі сатысы. Парасатты ойлану бұл ақылды қорытынды жасауға дайындалу дегенді білдіреді. Ес – ұғымдардың, тұжырымдардың, ережелердің құрылуының қабілеті, деп қарастырды Кант. Бірақ ес ұғымның, ал ұғым естің көмегінсіз пайда болуы әбден мүмкін.

АҚЫЛ НЕМЕСЕ ИНТЕЛЛЕКТ (лат. intellectus-түсіну, ұғыну, танып білу, ақыл-ой) – жоғары дамыған және күрделі миы бар организмдердің психикалық қызметінің айрықша функциясы; ақпар алуға, оны сақтауға, өңдеуге және беруге, жаңа білімдер қорытып шығаруға, жеткілікті негізделген шешімдер қабылдауға, алға қойылатын мақсаттарды тұжырымдап, соларға жетуге бағытталалған іс-әрекеттерді қадағалауға, қоршаған ортада болатын хал-ахуалдарды дұрыс бағалауға қабілеттік. Ақыл-ой өңдейтін хабардың аса маңызды қайнар көзі және ол қорытып шығаратын білімдерді, шешімдер мен мақсаттарды қолданудың объектісі – объективтік дүние. Осы тұрғысында адамның ақыл-ой немесе интеллектілік қызметі объективті шындықты өзгертуге бағытталған қызметтің негізінде бейнелендіру болып табылады. Европалық философияның дәстүрінде ақыл-ой қызметінің негізгі деңгейлері ретінде ақыл-парасат пен пайымдауды бір-бірінен ажыратып көрсетеді. Пайымдау әлеуметтік-тарихи және мәдени даму процесінде және жеке адам қызметі барысында қалыптасқан нормалар мен қалыптар шеңберінен шықпайтын ақыл-ой қызметі ретінде қарастырылса, ақыл-парасат – ақылдың мүлдем жаңа білімдер қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық кабілеті ретінде қарастырылады.

АҚЫН –поэзиялық шығармаларын (өлең, жыр-дастан, т.б.) ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркем-өнер мәдениетінің басты тұлғаларының бірі. Көшпелі қоғамда әлеуметтік пікірді жеткізуші. Қазақтың сөз мәдениетінде жырау, жыршы, өлеңші сияқты тұлғаларды қамтыған. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде шынайы ақын өзінің суырып салма өнерімен дараланған. Ол өлеңді, жырды домбыра немесе қобыз сияқты музыка аспаптарының сүйемелдеуімен орындаған. Зерттеушілер қазақ поэзиясының тарихи кезеңдеріне, мәдени ақпарат беру тәсілдеріне, стилі мен жанрына қатысты ақындарды жыршы ақындар және жазба ақындар деп екі топқа бөледі. Қазіргі күндері ауызекі ақындарды шығармашыларының ерекшеліктеріне байланысты: айтыс ақындары, әнші ақындары, термешілер, т.б. жіктер таратады.

АЛҒЫШАРТТАР– логикада – пайымдау, бұдан ой түйіндеу арқылы жаңа пайымдау (қорыту) келіп шығады. Ой түйіндеудің түріне байланысты алғышарттың алуан түрлі пайымдаулары мен олардың үйлесімі болуы мүмкін. Ой қортындылаудың түйіні ақиқат болуы үшін алғышарттардың ақиқат болуы және олар ой қорытындылауда қисындық тұрғысынан дұрыс қабысуы қажет.

АЛХИМИЯ –дүниетанымдық,натурфилософиялық және діни-мистикалық ортағасырлық ілім. Оның мақсаты «философиялық тасты» алу болды. Алхимия ілімі бойынша философиялық тас (даналар тасы, эликсир, тинктура) – ерекше зат, яғни өзінің ықпалымен жай металды алтын және күміс сияқты бағалы металдарға айналдыруға, жастық шақты қайтаруға болады деген түсінік қалыптастырды. Кейбір алхимиктер жасанды жолмен адамды (гомункулус) жасаудың тәсілдерін іздестірді. Алхимия жердегі және космостық, тірі және өлі табиғат, табиғат және қоғам, адам және заттардың әрекеттері процесінің бөлінбеген бейнесін көрсетті. Заттар әлеміне билікке иелікті алхимия табиғаттың объективтік заңдылықтарын танумен байланыстырмады. «Ақиқат» дегеніміз өзіміз тілеген заттың айналу кілті, ол «жоғарыдан» берілген, оны аяқтау үшін философиялық тастың көмегімен мистикалық ашылулар мен магиялық жоралғыларды пайдалану керек. Алхимияның идеялық тамыры ертедегі батыс және шығыстық дүниетанымдарда төрт элементтің (от, су, ауа, жер) бір-біріне айналуы туралы ілімінде кездеседі. Алхимия мың жылдан (4-16 ғғ.) артық өмір сүрді. Батыс Еуропаға Египет пен араб елдерінен енді, сонымен қатар Қытай мен Үндістанда да тараған. Танымал өкілдері: Ұлы Альберт, Р.Бэкон, Луллий. Философиялық тасты іздеу мақсатында жүргізілген түрлі стихиялық эксперименттер маңызды заттар мен материалдарды (фосфор, мүсәтір, фарфор, т.б.) алуға, техниканың дамуына, металды, тұздарды, дәрілерді алу тәсілдерінің жетілуіне әкелді. 17-18 ғғ. алхимия идеялары жоққа шығарылды.

АЛЬТЕРНАТИВ –бір-бірін өзара жоққа шығаратын шешімдердің бірін таңдау қажеттігі.

АЛЬТРУИЗМ(лат. аlter – басқа) – адамның өзі үшін емес, өзгелер үшін өмір сүруі, басқаларға әрдайым қамқор болуы сияқты қасиеттерді басшылыққа алатын адамгершіліктік принцип, эгоизмге қарсы ұғым. Терминді философияға алғаш енгізген О.Конт болды. Буржуазиялық этикада альтруизм ұғымы жақыныңа махаббат, кешірімді болу сияқты принциптерге негізделген діни моральдық іліммен ұштасты. Жаңа заман ағартушылары: Юм, А.Смит, Руссо, Гёте және т.б. кеңінен қарастырды. Социализм дәуірінде ұжымдастық, бірлестік және өзара көмектесу, қоғамдық борыш ұғымдарымен астасты.

АНАЛИЗ ЖӘНЕ СИНТЕЗ (грек. analysis – бөлу, synthesis – қосу) жалпы мағынасында ойдағы немесе фактілік процестердегі бүтіннің құрылымдық бөліктерге, ал бөліктердің бүтінге айналуы. Анализ және синтез ойлаудың логикалық әдісі ретінде оның барлық деңгейлері мен ойлау операцияларында (абстрактілеу, жалпылау) қолданылады.

АНАЛИТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ– 20 ғ. кеңінен таралған және әртекті бағыттардан құралған, түрлі топтарды, ағымдар мен жекелей философтарды біріктірген, осыған дейін де философияның дәстүрлі мәселелері болып келген, проблеманың мәнісін айқындау мақсатында тілдегі сөздерді, ғылыми сөйлемдерді логикалық жолмен талдау жасау философияның міндеті деп қарастырған. Анализ тілдегі мәселенің анық емес бейнесін, мәселенің айқын шынайы мәнімен ауыстыруы қажет. Бұл ретте проблема дұрыс қойылмауы мүмкін, немесе түрлі тілдік формалардың қолданылуынан, немесе философияға оның мүлдем қатысы болмауы мүмкін де, оны жеке ғылымдардың құралының негізінде шешу қажет. Аналитикалық философия негізінен АҚШ пен Англияда кеңінен тарады, оның кейбір өкілдері мен топтары Скандинавия елдері мен Австралияда да болды. Англияда аналитикалық философияның басты түрі лингвистикалық философия қалыптасты. Ал АҚШ-та лингвистикалық философияға жақын философтардың көзқарастарынан басқа логикалық эмпиризм (Карнап, Г.Фейгль, т.б.) және неопрагматизм (В.Куайн, Н.Гудмен, М.Уайт) ағымдары пісіп жетілді. Сонымен қатар ешқандай ағымдарға жатпаған американдық еркін аналитиктер (У.Селларс және т.б.) болды. Философиялық білімнің дүниетанымдық мазмұнын жоққа шығарған, аналитикалық философия қазіргі батыс философиясында позитивизм үрдісін тудырды.

АНАЛОГ(грек. analogos – сәйкестік) идеалдық объектіні анықтайтын (ұғым, теория, зерттеу әдісі, т.б.), материалдық затты, процесті, заңдылықты толықтай айқын көрсететін таным теориясының термині.

АНТИКА –көне гректік құлиеленушілік қоғам (б.з.б. 7 ғ.) мен ежелгі римдік құлиеленушілік қоғамындағы (б.з.б.2 ғ. – б.з. 6 ғ.) қалыптасқан философиялық ілімдер мен мәдениеттерінің жиынтығының кезеңі.

АНТИЛОГИЗМ(грек. anti-қарсы, logos-ақыл) – категориялық силлогизмнің сілтемелердің үйлесімсіздігін көрсетіп, оның қорытындысын да терістейтін логиканың түрі. Антилогизм теориясы силлогистика нұсқаларының бірі.

АНТИНОМИЯ(грекше – заңның өзіне өзі қайшы келуі) – 1) зат туралы екеуі де қайшылықты пікірлердің бірлігі, бұл пікірлердің логикалық негізделуі бірдей дәрежеде нанымды бола алады; 2) идеяны немесе заңды дәлелдеп тұжырымдауға тырысқанда пайымдалатын жойылмайтын қайшылық.

АНТРОПОЛОГИЗМ– философиялық концепция, оның өкілдері «адам» ұғымын негізгі көзқарастық категория деп қарастырады және табиғат, қоғам, ойлау туралы түсініктер жүйесін тек осы категория арқылы ғана жасауға болады деп тұжырымдайды.

АНТРОПОМОРФИЗМ(грек. anthropos-адам, morphe-түр) – табиғаттың сыртқы күштеріне және қияли мифтік бейнелерге адам қасиеттері мен ерекшеліктері тән деп қарастыру. Яғни, адамның өзіндік мәндік қасиеттерін бүкіл табиғатқа таратуы, табиғаттың құбылыстары мен заттарын олардың адам сияқты жаны, ойы, сезімі, іңкәрі бар деп түсінуі. Ксенофан антропоморфизмде діннің ерекше белгілерін байқаған, ал Фейербах діндегі антропоморфизмнің маңызын толық ашты. Антропоморфизм анимизммен, тотемизммен байланысты және қазіргі діндердің көбіне тән; ислам мен иудаизмде жасырын түрде келеді. Жаңа заманда дінді антропоморфтық түсініктерден тазарту әрекеттері жасалынған (деизм, теизм, т.б.). Антропоморфтық жеке ғылыми ұғымдарға да (Мыс: күш, энергия, басқару, т.б.) тән сипат. Алайда, «семаниткалық» антропоморфизм олардың объективтік мазмұнын жоққа шығармайды.

АНТРОПОЦЕНТРИЗМ(грек. anthropos – адам, centrum – орталық) – дүниенің орталығына адамды қоятын италияндық Қайта Өрлеудің концепциясы. Ол еуропалық Жаңа заман мен Ағартушылық идеологиясы һәм өмірлік өлшеміне және гуманизмнің маңызды шартына айналды. Адамды әлемнің түпқазығы деп есептеу арқылы оның белсенділік идеясы тұжырымдалды. Еуропалық жасампаз «фаустық адам» іргетасы антиктік қоғамда қалыптасқанымен, антиктік субъект табиғат аясынан шыға алмады. Жаңа заманда адам еріктері мен мінез-құлықтары туралы концепция қалыптасты, оның қағидалары нарыққа, демократияға, азаттық қоғамға бет бұрған әлеуметтік мәдениетті басшылыққа алды. Неміс философы И.Кант адамды қашанда құрал түрінде алмай, оған түпкі мақсат ретінде ұмтылу керек деді. Антропоцентризмнің кейбір қағидалары 19 ғ. екінші жартысында қалыптасқан мәдени антропологияда ұтымды қолданылды. 20 ғ. кейбір мәдениеттанушылары антропоцентристік өркениеттің шектерін де атап өтті: табиғатқа қарсы бағытталған тежеусіз адамдық шовинизм экологиялық дағдарысқа әкелді.

АПАРИГРАХА – джайнизм іліміндегі ұғым: дүниедегі заттарға қызықпау, байланбау, самарқау қарау.

АПАТИЯ(грек. apatheia - бейтараптық) – қандай да бір әрекетке бейқам, ниетсіздікпен қарайтын адамның күйі (көбінде жоғарғы нерв қызметы бұзылған адамдарда кездеседі). Стоиктердің этикалық ілімінде, апатия – бейтараптық, рухани сабырлылық, сезімнің ақылдың қызметіне кедергі жасамайтын сәтімен анықталған. Стоиктерге, сірә шығыстық діни-философиялық ілімдер ықпал етуі мүмкін, әсіресе, буддизм мен джайнизм ілімдеріндегі адам жанының ең жоғарғы күйі, абсолюттік тыныштыққа жетуі – нирвана түсінігімен байланыстылығы.

АПЕЙРОН (apeiron – шектелмеген) – шексіз. Анаксимандрдың пікірінше, формасы жоқ алғашқы зат, барлық заттар осы апейрондардан құралған. Натурфилософтар апейронды алғашқы бастау деп қабылдады. Платон мен пифагоршылар оны материяның синонимі ретінде түсінді.

АПОЛОГЕТИКА(грек. apologetikos – қорғаушы) – теологияның тармағы. Христиандық дүниетанымды негіздеу мен қорғауда маңызды роль атқарды. Апологетиканың құрамына: құдай болмысын дәлелдеу, жанның мәңгілігі туралы, дін мен оның жеке догматтарына қарсы шығушыларға тойтарыс беруге арналған ұғымдар, т.б. кіреді. Апологетика діни догматтарды меңгеруде ақылдың күші жетпейтіндігін айтып, иррационалистік мазмұнға жақын болды. Апологетикаға софистика, догматизм, обскурантизм және антиғылымилық белгілер тән. Апологетиканың көрнекті өкілдері: Квинт Септимий Тертуллиан, Тит Флавий Климент және Ориген.

АПОРИЯ(грекше aporia - тығырық) – көне грек философиясында шешімі қиын немесе шешілмейтін мәселелерге байланысты қолданылған ұғым. Алғаш рет апория ұғымы Зенонның қозғалыстың болмайтындығы туралы философиялық талқылауынан көрініс табады. Бірақ ойшыл бұл ұғымды тікелей мағынасында қолданбаған. Апория философиялық термин ретінде Платонның, кейін Аристотельдің еңбектерінде «қарсы қорытындылардың теңдігі» мағынасында беріледі. Апорияға Канттың антиномиялары да жақын келеді.

АПОСТЕРИОРИ (лат. a posteriori – келесіден) – тәжірбиенің нәтижесінде алынатын білімді анықтайтын термин.

АППЕРЦЕПЦИЯ (лат. perception – қабылдау) – адамның әрбір қабылдауының оның өткен өмірлік тәжірбиесі мен психикалық қалпына тәуелділігі. Терминді алғаш енгізген Лейбниц болды, оның философиясында апперцепция өзіндік санамен байланысты.

АПРИОРИ(лат. a priori – тәжірбиеге дейін) – тәжірбиеге, іс-әрекетке дейін, оған тәуелсіз танылатын, ешқандай тәжірбиелік дәлелдеуді қажет етпейтін ұғым. Априориге қарсы Кант философиясында апостериори ұғымы қолданылады.

АРГУМЕНТ(лат. argumentum). Логикада – қандай да бір ойдың ақиқаттылығын растауды пайымдау немесе дәлелденеген барлық дәлелдеулердің жиынтығы.

АРХАТ– Көне Үнді философиясының ұғымы, «жеңімпаз» дегенді білдіреді. Архат деп нирванаға жеткен, сананың тыныш ағынын бұзатын құштарлық-құмарлық сезімдерін жеңген адамды атайды.

АРХЕТИП– алғашқы образ, идея. Архетиптер аналитикалық психологияда инстинктілермен қатар «ұжымдық бейсаналықтың» қатпарларында болатын және жалпыадамзаттық символиканың негізін құрайтын, туа біткен психикалық құрылымдар болып табылады.

АСКЕТТІК(грек. asketes – жаттығу, ерлік) – саналы түрде табиғи қызықтардан, өмір игіліктері мен ләззаттықтан өзін рухани құтқару мен жоғары мағыналықты көздеп, адами немесе діни мұраттарға жету үшін бас тартып, өткінші дүние құндылықтарын тәркі ету. Аскетизм көптеген діни (буддизм, индуизм, иудаизм, христиан, ислам) және философиялық (пифагоршылар, стоиктер, гностиктер, неоплатоншылдар) жүйелердің жалпы принципі болып келеді.

АСТЕЙЯ -джайнизм іліміндегі ұғым: ұрламау, өлейін деп жатсаң да, еш нәрсені рұқсатсыз алмау, сұрап қана алу.

АТАРАКСИЯ(грек. ataraxia – тыныштық) – кейбір көне грек философтары мен данышпандарының көзқарастары бойынша жан тыныштығы немесе бейқам сәт. Демокрит, Эпикур, Лукрецийдің пікірлерінше атаракцияға қол жеткізу дүниені танып білу, қорқынышты жеңу, үрейден арылу арқылы болады. Скептиктер (Пиррон, т.б.) ойлауды шектеген кезде мүмкін деп санаса, стоиктер апатия туралы ілімді одан ары дамытып, болып жатқан құбылыстарға бейқам қарауға шақырды.

АТЕИЗМ(франц. atheiste, грек. аtheon – құдайсыздық) – табиғаттан тыс күштерге (рухтар, құдайлар, ақыреттік өмір, т.б.) сенуді жоққа шығаратын көзқарастар жүйесі, бүкіл дін атаулыны бекерге шығару. Адамзаттың тарихи даму барысында атеизм әртүрлі әлеуметтік топтардың идеялық қаруы ретінде пайдаланылды. Мысалы, маркстік атеизм диалектикалық және тарихи материализмді өзінің философиялық негізі етіп алды. Ол атеистік тәрбие жүйесінің теориялық негізін құрайды. Коллективтендіру, тәркілеу, т.б. саяси науқандарда дін иелері қатты қудаланды. Қоғамдық ғылымдар академиясы жанынан Ғылыми атеизм институты құрылып, «Ғылыми атеизм мәселелері» атты мерзімді басылымды жарыққа шығарды. Кеңестік жүйенің әрбір халыққа тән өзіндік салт-дәстүр, діни наным-сенім ерекшеліктерін күштеп жою бағытында жүргізген әрекеттері бұқара халықты рухани тоқырауға соқтырды.

АТМАН– бұл ұғымның бірнеше мағынасы бар: «мен», «өзімді», «дене». Бірақ атман ұғымының ең басты мағынасы – индивидуальдік және универсальдық космостық психикалық болмыс ретіндегі «адам». Осы мағынада атман бүкіл бар болып отырғанның генетикалық және субстанционалдық бастауы, негізі және соңы. Атман рухани және денелік деп бөлінеді, сондай-ақ, ол көбіне ақыл-ойдан, сөз бен тыныстан тұратын рухани бастау ретінде, «брахман» ұғымымен бірдей деңгейде түсініледі.

АТОМИЗМ –«әлемде атомдар мен бос кеңістіктен өзге ештеңе жоқ» және «барлық заттар атомдардан тұрады» деп санайтын философиялық ілім. Мұндай тұжырымдама 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басына дейін өмір сүрді. Атомистиканың алғашқы түсініктемесі көне үнді философиясындағы ньяя, вайшешика ілімдерінде беріледі, ал толыққанды жүйеленген түрде Левкипп, Демокрит, Эпикур және Лукрецийлер қарастырады. Демокрит атомдардың бір-бірінен өзгешелігі формасында деп санаса, ал Эпикур салмағында, шамасында деді.

АТРИБУТ(лат. attribuo – бөлемін) – заттың онсыз ойлай да, өмір сүре де алмайтын ажырамас қасиеті. Аристотель атрибутты акциденциядан бөлек деп қарастырса, Декарт субстанцияның маңызды қасиеті деп санады. Сондықтан оның материалдық субстанциясының атрибуты созылмалылық, рухани субстанцияда – ойлау. 18 ғ. француз материалистері материяның атрибуты кеңістікте көсілу мен қозғалыс, ал кейбіреулері (Дидро, Робине) ойлау деген пікірде болды. Термин қазіргі заман философиясында да қолданылады.

АХИМСА –джайнизм іліміндегі ұғым: ешнәрсеге зәбірлік жасамау, өйткені барлық тіршіліктің жаны бар.

Ә –

ӘДІЛЕТ –ғибраттық-құқықтық, әлеуметтік-саяси сана категориясы, адамның түпкілікті құқықтарының тарихи кезеңдерде өзгерістерге ұшырауына байланысты оған берілетін шынайы баға туралы ұғым. Әділет жеке адамның немесе әлеуметтік топтың қоғам өміріндегі атқаратын рөлі мен олардың әлеуметтік жағдайы арасындағы үйлесімділікті талап етуі, олардың құқықтары мен міндеттері арасындағы атқарған істері мен оны бағалаудың қылмыс пен жазаға тартудың, адамдардың сіңірген еңбегі мен оның қоғам тарапынан елеп-ескерілуінің араларындағы үйлесімділікті талап ету тұрғысында қаралады. Бұл қатынастар арасындағы үйлесімсіздік – әділетсіздік деп есептеледі. Қоғамдық сана тарихындағы ең бірінші әділет туралы түсінік алғашқы қауымдық құрылысқа тән бұлжымас қағидаға байланысты пайда болды: қағида бұзылса ол әділетсіздік деп танылды және дереу жаза қолданылды.

ӘДІСНАМА – 1) қандай да бір ғылымда қолданылатын әдіс-тәсілдердің, таным құралдарының жиынтығы; 2) танымдық және практикалық-жаңартылған қызметтің ұйымдастыру принциптері мен алғышартын, құралдарын зерттейтін білім саласы.

ӘЛЕМ – дәстүрлі түсінігімізде материалдық дүние, материалды объектілер, саналық жағынын әртүрлі болып келетін материя формаларының толық бастауы. Әлем – космология объектісі, танымның қазіргі таңдағы дәрежесінде тек астрономиялық (бақылау және теориялық) зерттеулерге ғана өз сырын ашатын материалды дүниенің бір бөлігі. 18 ғ-ға дейін космологияда Күн системасы, жұлдыздар табиғаты және оларға дейінгі ара қашықтық туралы бірде бір фактілер жоқ еді. Ол 20 ғ. кейін жұлдыздар әлемін, яғни Галактиканы, ал қазір Метагалактиканы зертейді.

ӘЛЕМНІҢ ГЕЛИОЦЕНТРЛІК ЖӘНЕ ГЕОЦЕНТРЛІК ЖҮЙЕСІ. Әлемнің геоцентрлік (грек. ge – Жер) жүйесіне сәйкес, Жер қозғалмайды және дүниенің орталығы болып табылады; оның айналасында Күн, Ай, планеталар мен жұлдыздар айналады. Бұл жүйе діни көзқарас тұрғысынан негізделініп, сонымен қатар Платон мен Аристотельдің шығармаларында көрініс табады, (2 ғ.) Птолемейдің ілімінде аяқталады. Дүниенің гелиоцентрлік (грек. helios – Күн) жүйесі бойынша, Жер, өз осьімен айналады, сонымен қоса, Күнді айналатын планеталардың бірі. Осы жүйе төңірегінде Аристарх Самосский, Николай Кузанский және т.б. пікірлері кездеседі, бірақ бұл теорияның шынайы негізін қалаушы, оны жан-жақты зерттеп, математикалық тұрғыдан негіздеген Коперник болып саналады. Кейінннен Коперниктің жүйесі тағы да толықтырылды: Күн бүкіл Әлемнің емес, тек Күн жүйесінің ортасында ғана орналасқан. Бұл жүйені негіздеуге көп үлес қосқандар Галилей, Кеплер, Ньютон болды. Ғылымдағы бұл жаңалық Жер – Әлемнің ортасы деп санаған шіркеулік ілімге тойтарыс берді.

ӘЛЕУМЕТТІК– қоғамның жүйелік сипаттамалары. Әлеуметтік дегеннің өзі адамдарға және олардың символдық іс-әрекетінің жемістеріне қатысты айтылатын ұғым. Әлеуметтік кез-келген тұлғаға тән болады және оны жеке кісі игереді, демек, адам әлеуметтендіріледі. Қоғам тек өз элементтерінен ғана емес (жеке адамдардан), сонымен бірге кәсіби, демографиялық, экономикалық, саяси, дүниетанымдық мазмұндағы макроқұрылымдық бірліктерден тұрады. Адамдардың шағын топтарынан бастап ұжымдар, тіпті ұлттар, халықтар, таптар құралатын барлық макроқұрылымдары белгілі түрде бір-бірімен байланысты болады. «Әлеуметтік» деп социумның түрлеріне қатысты отбасылық-туыстық, ұлттық-этникалық, аумақтық-елді-мекендік қауымдастықтар түсіндіріледі.

ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТ –қоғамның белгілі бір саласындағы әлеуметтік рөлдер мен статустар жиынтығы. Әлеуметтік институттарға отбасын, балабақша мен мектепті, жоғарғы оқу орнын, еңбек ұжымын, парламент пен сотты, армияны, т.с.с. жатқызуға болады. Солардың қызметінің арқасында адам әртүрлі рөлдерді меңгеріп, неше түрлі статустарға ие болып, тұлғаға айналады.