Шартты оператор ( ІF )

Басқару операторлары программа қатарларының орындалу реттілігін өзгертеді. Олар шартты (тексерту), таңдау және цикл операторларына жіктеледі. Шартты оператор ‘’Иә’’ немесе ‘’Жоқ’’ деп жауап беруге болатын белгілі бір логикалық шартты тексереді. Егер оның нәтижесі ақиқат, яғни құптарлық болса (Иә), онда бір программалық тармақ орындалады. Тексеру нәтижесі жалған болған жағдайда (Жоқ), программаның басқа бір тармағы жұзеге асырылады. Мұнда есептің шартына байланысты тармақталу алгоритмдерінің Таңдау немесе Аттап өту мүмкіндіктерінің бірі орындалуы тиіс.