Рабдовирустар

Рабдовирустар (грекше: rhabdos – шыбық, таяқ деген мағына береді) – сүтқоректілерде, балықтарда, жәндіктерде, қарапайымдыларда және өсімдіктерде әртүрлі зақымдану туғызатын, РНҚ – құрамды вирустар, олардың 80-нен астам түрлері белгілі. Rhabdoviridae тұқымдастығы өкілдерінің табиғи иесі кең ауқымды – олар әртүрлі омыртқалы және омыртқасыз жануарларға патогенді. Адамдарға везикулярлы стоматит және құтыру вирустары патогенді болып табылады.