ЕСНО – вирустары

ЕСНО вирустары – тыныс алу жолдарының жоғарғы және орта бөлімдерін, нерв жүйелерін және де ішек жолдарын зақымдайтын цитопатогенді вирустар.

1941 жылы Эндерс дейтін зерттеуші полиомиелит ауруына күмәнді науқастың ішегінен вирус бөліп алған, бірақ оның адам патологиясындағы рөлі белгісіз болды. Д.Мельников т.б. адамдардың нәжісінен бөліп алып зерттеген. Бұл вирус қоздыратын аурулар полиомиелит және ішек инфекцияларына ұқсас. Белгілі бір ауру «иесі» болмағандықтан оны «жетім» (orphan- жетім) вирус деп атайды. Кейіннен мұндай вирустардың адамдарда ішек ауруларын қоздыруда едәуір рөл атқаратыны дәлелденді. ЕСНО деген атау - Entric cytopathogenic human orphan деген ағылшын сөздерінің бірінші әріптерінен алынған. Қазіргі кезде олардың кең таралғаны және адам патологиясындағы маңызы күшті екені белгілі болып отыр. Полиомиелит және Коксаки вирустарына қарағанда ЕСНО вирустары зертханалық жануарлар үшін патогенді емес.