Коксаки вирустары

Коксаки вирустары адамдарда әр түрлі аурулар қоздырады, полиомиелитке қарағанда коксаки – инфекция жеңілдеу түрде өтеді. Қоздырғышын алғашқы рет АҚШ ғалымдары Г.Доллдорф және Г.Сиклс 1948 жылы Коксаки деген жерде (Нью-Иорк штатында) полиомиелит ауруының белгілері бар науқас баланың ішегінен бөліп алған. Сондықтан бұл вирус Коксаки – вирус деп аталған. Кейбір қасиеттері бойынша полиомиелит вирусына жақын болғанымен, антигендік қасиеті және жаңа туылған ақ тышқандарға вирулентілігі бойынша ерекшелігі бар.