C.perfringens тудыратын аурулар
Типтері | Патология түрлері |
А | Адам мен жануарларда газды гангрена, тағамдық токсикоинфекциялар |
В | Ауылшаруашылығында жас малдардың дизентериясы, қой мен ешкінің энтеротоксемиясы |
С | Адамның некроздық энтериті, қой, ешкі, шошқа және бұзаулардың геморрагиялық энтеротоксемиялары |
D | Адамның, қой, ешкі, ор қояндардың, бұзаулардың жұқпалы энтеротоксемиясы, жылқылардың «шөп аурулары» |
Е | Бұзаулардың және қозылардың токсемиясы |
Бейбітшілік кезінде газды гангренаның төрт түрі байқалады:
Жарақаттан кейінгі (леталдылық 50%-ға дейін).
Операциядан кейінгі (леталдылық 60%-ға дейін).
Аборттан кейінгі (леталдылық 70%-ға дейін).
Инъекциядан кейінгі (леталдылық 90%-ға дейін).
Газды гангренаны негізінен клостридияладың бес түрі қоздырады: C.perfringens, C.novyi, C.septicum, C.histoliticum, C.sordellii. Бұлар көп жағдайларда бір бірімен немесе басқа да микроорганизмдермен ассоциацияланып кездесуі мүмкін.
Клиникалық жағдайлардың басым көпшілігінде негізгі орынды қоздырғыш ретінде C.perfringens-тің А типі алады (70-80%).