Болмыс философиясы (Онтология ) 3 страница

Екіншіден, даму үрдісі белгілі бір заңдылықтардың негізінде іске асады. Заңдылық деп даму барысындағы қажетті, тұрақты, қайталанатын ішкі байланыстарды айтамыз, соның арқасында барлық үрдістер рет-ретімен өзара байланысты түрде шындықта өтіп жатады. Мысалы, И.Ньютонның ашқан Дүниежүзілік тартылас іаңына сәйкес күн жүйесі өмір сүреді. Энергияның сақталу заңына сәйкес, ол өзінің бір түрінен екіншісіне ауысқанмен, жоғалмайды. Ьиологиядағы табиғи іріктелу заңына сәйкес жаңа дүниеге келген организмдегі өзгеріс оның қоршаған ортаға бейімделуіне сәйкес келсе сақталып қалады.

Үшіншіден, қайсыбір даму заттың әрі қарай күрделенуінен байланысты. Ол заттың ішкі құрылымының толығуымен қатар, ұйымдасу деңгейінің өсуіне әкеледі. Мысалы, қазіргі реформа барысында мыңдаған жаңа құрылымдар пайда болып, олардың бір-бірімен байланыс деңгейі күшеюде. Қоғамның инфрақұрылымында ісомпьютерлік технологияларға негізделген оқу жүйесі, статисти-калық жүйелер, адам қажеттіліктерін өтейтін салалар т.с.с. тез дамьш келеді.

Төртіншіден, даму үрдісі өткен сатыларға ешқашанда қайтып оралмайтынын айту керек. Сәбилік кезеңнен өткен жасөспірім, сол шағына қайта орала алмайды. Жасына келген адам жастық шағын қанша армандаса да, оны қайтара алмайды. Бүгінгі экологиялық дағдарыстың шешу жолдарын «антитехнократтық» бағыттагы кейбір ғалымдар «ғылыми-техникалық үрдісті тоқтату», «табиғатқа қайта оралу» керектігінен көреді. Ал ол мүмкін емес.

Бесіншіден, даму үрдісі белгілі бір бағытта іске асады. Ол болмайынша, заттың даму үрдісіндегі өзгерістердің қорлануы іске аспай, ішкі өзара байланысқан бағытынан айырылып қалар еді. Дамудың бағыты уақыттың шеңберінде ғана жүреді, ал ол өзінің бірбағыттығы мен қайталанбайтынымен сипатталады.

Қозғалыс пен дамудың байланысы жөнінде ғылымда, негізі-нен алғанда, екі қарама-қарсы пікір бар. Бірінші, кеңінен таралған пікір: даму - әрқашанда қозғалыс, ал кейбір қозғалыс даму Расында да, біз қолымыздағы сағатты шешіп, столға қойеақ/И қозғалыста болды. Бірақ ол жөнінде «сағат дамыды» дсм пЛ қиынырақ болар.

Екінші пікір дамуды қозғалысқа қарағанда іргіпш есептейді «Егер объективті шындықты біртүгас ретінде қііршм онда оның ішіндегі барлық үрдістердің жиынтығын даму рсгіи қарау керек» (қараңыз: Материалистическая диалектика т I М 1981,231-6.).

Ал материалистік бағыттағы философия өзінің басынан-ақ материяның өзіндік дамуға деген қабілетін мойындаған болатын. !>ірақ ол жалпы болжам ретінде мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп, нақтылы мазмүнға ие болған жоқты. Тек қана XX ғ. 70-ші ылда рынан бастап, бельгиялық ғалымдар Г.Хакен мен И.Пригожин жағ ғылым саласын - синергетиқаның негіздерін жасап, жоғарыдағь көрсетілген материалистік постулатқа жаңа тыныс береді."1 Синергетика (сіпег§іа - грек сөзі, бірігіп іс-әрекет ету деген мағыіш береді) - өзіндік ұйымдасу теориясы. Оның негізгі идеялары:

А) ғарышта екі бір-бірімен байланысты үрдіс бар. Оның бірі қирау, құру, ыдырау болса, екіншісі - қайта құрылу, күрделену, ретке келу болмақ.

В) жасампаздық үрдістің (күрделену мен ретке келтірудің өсуі) қандай жүйе болмасын бірегей алгоритмі бар. Ол үшін:

дамитын жүйе ашық болуы керек, яғни ол айнала қоршағап ортамен зат, энергия, информация алмасуына түсуі қажет;

жүйе термодинамикалық теңдіктен алшақ болуы қажет, Практикалық түрде Дүниедегі кездесетін жүйелердің бәрі дс осындай. Классикалық физикадағы бөлініп қаралатын жабық жүйелер - жасанды және идеализацияланған.

Белгілі бір биік ұйымдасу дәрежесіне көтерілген зат, я болмаса құбылыс айнала қоршаған ортадағы неше түрлі үрдістердің ықпалында болып, оған қарсы «шаралар» қолданады. Бірақ оның мүмкіндіктері шектелген, ал айнала қоршаған ортадагы үрдістер шексіз. Сондықтан ертелі-кеш қандай биік дәрежеде ұйымдасқан объект болмасын сыртқы ықпалдарға қарсы түру мүмкіндіктерін сарқыған кезде, құлазып, соңынан хаосқа айналады. Бірақ хаостың шеңберінен тағы да тұрақты, ұйымдасқан, күрделенген заттар мен құбылыстар дүниеге келіп жатады да, соңынан хаосқа қайта өтеді.

Сонымен синергетика ғылымы дамуды тек тіршілік әлеміне ғана жатқызбай, бүкіл Дүниедегі өлі және тірі табиғат, қоғам, рухани өмір - бәрі де өзара даму мен хаосқа айналу үрдісінде деген тұжырымға келеді. Бұл үрдісте «кездейсоқтықтың» мәні күрт өсіп, ешкім, ешқашанда Дүниенің болашағын анықтай алатын болжамдар жасай алмайды. Дүние ешқашанда езінің кемеліне келмейді, соның арқасында ол өне бойы даму мен ыдырау үрдісінде. Оны қазақ халқы «жалған», «арман» деген саяқты ұғьшдармен сезінген.

Даму бағыттығы .Даму барысындағы белгілі бір бағыттықтың болуы - табиғат қажеттілігі. Біз оны жоғарыда атап кеткенбіз. Енді осы мәселеге толығырақ тоқталайық. Болмыстағы сан алуан заттар мен қүбы-лыстар даму барысында өзгеріске ұшырап, бір-бірін ауыстыру үстінде, яғни жаңа Дүниеге келген зат өткенді теріске шығарып, соның орнына келеді. Егер де зат өткен сатыны толығынан теріске шығарса, онда ешқандай даму болмай, Дүние толығынан хаосқа айналар еді. Сондықтан философиядағы теріске шығару -физикалық затты жоюмен тең емес.

return false">ссылка скрыта

Жалпы алғанда, терістеудің негізгі екі түрін көрсетуге бола-ды. Оның бірі - заттың түбірімен жоғалуы, даму барысының күрт тоқтатылуы. Екіншісі - зат, я болмаса құбылыс өзінің өткен саты-сын терістеу үрдісінде өміршеңдік жағын сақтап қалып, жаңа сапа-лық деңгейге көтереді. Біріншіні физикалық терістеу, жою десек, екіншіні философиялық (диалектикалық) терістеуге жатқызамыз.

Мысалы, егер біз жүгері дәнін алып, аяғымыздың астына салып, езіп тастасақ, онда оның ішкі даму мүмкіндіктері толығынан жойылып, құриды. Екінші дәнді алып, мамыр айында өңделген, жылы, дымқыл толыраққа салсақ, ол дән өмірден кеткенмен, жаңа жүгеріні тудырады, оның орнында күзде жаңа жүздеген жүгері дәні пайда болады. Сонымен қатар жаңа дәндердің генетикалық құры- лымында өзгерістер пайда болып, еекіні толығынан қайталамайды. Міне, соңғыны диалектикалық конструктивті (жаңа құрылымдарды құру) терістеуге жатқызамыз. Ол заттың ішкі қайшылықтарын шешу барысында пайда болады. Яғни ол - заттың өз-өзін терістеуі. Ал бірінші - деструктивті (қирату, бұзу) терістеуге келсек, ол сыртқы қайшылықтардың нәтижесі екені айтпаса да түсінікті.

Екінші назар аударатын нәрсе, конструктивті және деструк-1 тивті терістеулердің бір-бірімен тығыз байланыста болуы. Көп әдебиетте деструктивті терістеуді даму категориясымен байланыс-тырмайды (қараңыз: Очерки по диалектическому материализму., М., Наука, 1987, 119-6.). Алайда мұндай көзқарас шындықпен жанаспайды. Өйткені даму барысында зат, я құбылыс сыртқы ортамен зат, энергия, информация алмасуы арқылы ғана өрлей алады. Мысалы, жер бетіндегі тіршіліктің дамуында жануарлар бір-бірін, я болмаса шөпті жеп, өз өмірін жалғастырады. Ол оларды деструктивті терістейді, құртады. Бірақ мәселеге кең түрде қарап, белгілі бір жануардың өмірін сол түрдің жүйесінің әлементі ретінде есептесек, онда ол өлгенмен, сол жануардың түрі өмірде қалып, әрі қарай дами береді. Көп жағдайда, ол - пайдалы да. Мысалы, қасқырлар, я болмаса басқа жыртқыштар, табынның ішіндегі ауру, әлсіздерін ұстап алып қүртады, ал оның өзі қалған малдың жақсы дамуына жағдай туғызады. Егер мал жайлаудағы шөпті «қырқып» отырмаса, оның қадір-қасиеті жойылар еді. Академик И.Шмаль-гаузеннің айтуына қарағанда, «өлімнің таңдамалы сипаттамасы, яғни әлсіз, өзін қорғай алмайтын тіршіліктердің көбінесе қырылуы, олай болса, өмірге көбірек бейімделгендердің тірі қалуы мен өз жаңа ү-рпақ-буындарын тудыруы» жалпы тіршіліктің даму диалектикасына жатады.

Жалпы айтқанда, өмір тарихында өлім дамудың тетігін құрайды. Мысалы, көп төменгі дәрежедегі тіршіліктер жаңа орга-низмді тудырған сәтте өмірден кетеді, яғни өмір мен өлім алғашында бір-біріне тең болған. Жүре келе, көпклеткалық тіршілік формалары Дүниеге келген кезде, олар бір-бірінен бөлініп, қарама-қарсылыққа айналады. Тіршіліктің дамуын ұрпақ-буындардың бір-бірін ауыстыруынсыз қабылдау өте қиын.

Ал егерде өлі табиғатты алсақ, онда да деструктивтік өзгерістердің даму үрдісінде болатынын байқауға болады. Мысалы, «тұрақты емес» Ғарыштағы объектілердің жарылысы, жаңа ғарыш объектілерін тудырып, олардың арасындағы заңды байланыстардың қалыптасуына әкеледі екен. Мұндай мысалдарды қоғам өмірінде де кездестіруге болады. Әсіресе өтпелі қоғамдағы көп деструктивті терістеулер көп адамдардың жағдаиларын құндыратып, аянышты жағдайларға әкелумен қатар, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, даму барысын тездетуде. Әрине, олардың көбі саясатта жіберілген қателіктермен байланысты. Дегенмен болған іс болды, ащы шындықты мойындауға тура келеді.

Батыс философиясындағы «негативтік диалектиқаның» өкіл-дері (Т.Адорно) бүгінгі әлеуметтік тәртіпті толығынан қиратуға шақырып, бірақ оның орнында қандай қоғам болуы керек деген сұраққа жауап бермейді. Бұ_л, әрине, дамуды толығынан терістеу деген сөз.

Қорыта келе, конструктивті терістеу дамудың негізгі жолын анықтайтын болса, деструктивті терістеу де тәуелді түрде оның элементтерін құрайтынын байқадық. Соңғыны толығынан даму үрдісінен алып тастау мүмкін емес. Деструктивті терістеуді толы-ғынан заттың «жоқтыққа» айналуы деп түсіну қателік болар еді.

Үшіншіден, диалектикалық терістеу бір сатымен аяқтал-майды. Бірінші терістеуде зат өзінің бұрынғы болмысынан кдрама-қарсы жағына өтеді, мұнда әлі даму бағыттығы жоқ. Ол келесі сатыда екінші терістеуді қажетті түрде талап етеді. Екінші терістеуде зат өзінің бұрынғы сатысына қайтып оралғандай болады. Бірак оны жабық шеңбер ретінде түсіну дұрыс болмас еді. Зат тек бұрынғы ахуалына қайтып оралғандай ғана болады, ал шынында, ол өткен жолындағы бүкіл жаңа мазмұнды бойына сіңіріп, өткен сатыдан әрқашанда биік дәрежеде тұрады. Яғни бастапқы нүктемен қайтып оралған нүкте бір-бірімен қосылмайды, екінші нүкте -биікте. Оны қағаз бетіне түсірсек, кеңейіп жатқан спиральды көреміз. Келесі айналым одан да гөрі кең биіктікке ұмтылған шеңберді құрайды т.с.с. Мұндай екі сатыдан тұратын терістеуді әдебиетте диалектикалық синтез заңы (бұрын терістеуді терістеу заңы деген болатын) дейді.

Алайда философиялық әдебиетте Бұл заңның терең мән-мағынасын бұрмалаушылық та кездеседі. «Бұл заңның мәнін тек екі сатылық терістеуге теңеуге болмайды, ол гегельяндық диалек-тикалық ойын болар еді. Шынында, Табиғаттағы үрдістер 3,4,5,6,7 т.с.с. сатылардан түруы мүмкін» - деген пікір кең тараған. Оған мысал ретінде көбінесе Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің бір-біріне алмасу заңдылығы келтіріледі.

Бұл пікірді теріске шығару үшін әлгі аталған ұлы Гегельдің «диалектикалық ойынының» мәнін зерттеп қарайық. Гегельдің ойынша, «қайшылық» пен «үштік»(триада) диалектиқаның (яғни даму ілімінің) өзегін құрайды. Абсолюттік идея «үштік» арқылы өз- өзін танып, ширатып, абсолюттік рух сатысына көтеріледі. Олар тезис, антитезис және синтез. Әрбір даму сатысы тезистеи басталып, антитезиске айналып, соңында синтез арқылы бірігеді. Мысалы, Дүниенің негізіндегі таза «болмыс» терістеу барысында өзінің қарама-қарсысы «жоқтыққа» өтіп олардың өзара диалек-тикасы «қалыптасуды» тудырады, - дейді ұлы ойшыл. Осының арқасында даму бағыттығы анықталады.

Қарапайым мысал келтірейік: «Мен бүгін театрға барамын», -деген тезисті теріске шығарсақ, онда: «Мен бүгін театрға бар-маймын», - деген антитезис пайда болады. Антитезисті терістеу барысында: «Мен бүгін театрға бармай коймаймын», - деген синтезді келтіреміз. Егер сіз «Мен бүгін театрға барамын» және «Мен бүгін театрға бармай қоймаймын» деген сөйлемдерді салыстырсаңыз, олардың айырмашылығын дереу сезінесіз. Екінші сөйлем біріншіге қарағанда анағұрлым күшті, ол антпен бірдеіі саяқты , қандай жағдай болмасын, сіз театрға барасыз.

Гегель өзінің триадасын ой өрісінің дамуында қолданғанмен, ол бүкіл Дүниедегі даму үрдістерінде байқаланатын жайт. Бүгініі таңда дамудың «үштік» ритмі геология, химия, биология, социо-логия т.б. ғылыми салаларда ашылып, Дәлелденген. Оның маңыз-дылығы - дамудың бағыттылығын анықтауда, соның Нәтижесінде жаңа мазмұнның даму барысындағы қорлануында (кумуляция).

Сонымен қатар даму барысында «екіаралық» терістеулер дс кездесуі мүмкін. Ол заттың кейбір жақтарын терістегенмен, оныц ішкі мәнді құрылымдарын өзгерте алмайды, сол зат болып қала береді. Мысалы, судың парға, мұзға айналуы. Екінші мысал: алғашқы қауымдық қоғамдағы меншік жүре келе жекеменшіккс өтті. Ал жекеменшіктің шеңберінде құлдық, феодалдық, капита-листік қоғамдар бір-бірін терістегенмен, оның терең мәнін өзгерт-кен жоқ. Сондықтан олардың бәрін қоса, антитезис ретінде қарауға болады. Болашақ тарихқа келетін синтезде кауымдық пен жеке-меншіктің оң мазмұны бірігіп, жаңа ахуалды тудыруы қажет - ол тіпті, Маркс айтқандай, коммунизм болмауы да мүмкін - оны бола-шақ көрсетеді. Енді Дәл осы арада мәселені нақтылай түссек, онда даму барысындағы бағыттылықтың негізгі түрі - алға өрлеулік -прогреске келіп тоқталамыз. Енді соны талдап көрелік.

Дамудағы өрлеу (прогресс) мәселесі .Даму бағыттылығы мен даму бағыты - екі бір-бірімен жақын, сонымен қатар әртүрлі категориялар. Бірінші категория даму нмгытынан гөрі анағұрлым кең ұғым, өиткені езшщ құрамына даму ипіытымен қатар, себептілік, қажеттілік, мақсатқа лайықтылық і с.с. болмыстың әртүрлі қырларын өз мағынасына кіргізеді.

Даму бағытына келер болсақ, оған прогресс, регресс, біртін-м.ілік дамуды жатқызуға болады.

Прогресс (рго§ге8§и8 - латын сөзі, алға ерлеу, күрделену, ілбыс) деп даму барысындағы қарапайымдықтан күрделілікке, -ксгілгендікке өтуді, заттың салыстырмалы түрдегі жағалай ортадан і луелсіздігінің өсуін, ішкі үйымдасу деңгейінің биіктеуін т.с.с. факторларды айтамыз. Бұл ұғымның қарама-қарсылығы - регресс.

Регресс (ге§ге88из - латын сөзі, кері қарай) деп дамыған зат, я нолмаса құбылыстың үішмдасу деңгейінін, төмендеуін, тоқырауын, і.ідырауын айтамыз.

Бір тінді даму деп заттың тұрақты ұйымдасу деңгейінің шсңберіндегі кейбір жақтарының ғана жетілуін айтамыз.

Сонау көне заманда-ақ ойшылдар Дүниедегі өзгерістердің нағыттығы бар екенін байқаған. Мысалы, Гесиодтың «Еңбек пен күндер» атты туындысында ол адамзат темір заманында өмір сүріп лсатыр деген пікірге келеді. Ал «алтын ғасыр» болса, ол артга қалып қойды, - деп өкінеді ұлы ойшыл. Яғни тарих кері жылжу үстінде.

Платон мен Аристотельге келсек, олар Дүниенің өзгерісін Гмрінің артынан бірі келіп, қайталап отыратын шеңбер сияқгы іүсінді.

Орта ғасырдағы діни философия адамзат алдын ала болжан-іан тарихтьщ соңына бара жатқанын айтады (провиденциализм -Құдай көрегендігі).

Жаңа Дәуірде өндіргіш күштердің күрт дамуы мен байлықтың осуі, ғылымның жетістіктерінің кең көлемде өмірге енуіне байла-пысты «жарқынды болашақ» идеясы пайда болды. «Алтын ғасыр» артта емес, ол - алда. Егер Ф.Бэкон мен Р. де Карт ғылымның құдіретті күшіне сенсе, Т.Мор, Т. КампанеАла саяқты ойшылдар болашақтағы бақытты қоғамды көз алдарына елестетуге тырысты.

XVIII ғасырдағы Еуропа ағартушылары прогресті «парасатқа табынудан» көрді. Болашақта жердің беті өзгеріп, ақыл-ойдың даму нсгізінде бақытгы қоғам орнап, барлық қиын мәселелердің бәрінің дс шешілетініне олар еш күмән келтірмеді.

Осы уақытта өмір сүрген біздің бабаларымыз да «бақытты омірді» аңсап, оны «жерүйықты» іздеуден көрсе (Асан-қайғы), екіншілері «Бұл жалғанда» тек рухани жетілу ғана болмақ деген, иікірге келді.. Сонымен қатар Дж.Вико Ж-Ж.Руссо саяқты Еуропа ойшыл-дары біртінді прогреске күмәндік көрсетіп, техникалық прогресс] пен адами дамудың арасындағы қайшылықтарды көрсетті.

XIXғ. маркстік көзқарасқа келер болсақ, олар адамзат прогрессивті жолмен даму барысында болашақ коммунистік қоғадорнатады деген пікірге келіп, оны ғылыми жолмен дәлелдегісіі келді. Практикалық түрде алғанда, Мұндай көзқарас провиден-і циализмнің ағарған түріне жатады. Қазіргі ғылыми жетістіктерге жүгінсек, Дүние іргетасты түрде ешқашанда өзінің кемеліне келмейді. Толық жетілу - заттың құндырауына, жоқ болуына тең. Оны білген дана бабаларымыз «ханның қызында да кемшіліктер болады» деген нақыл сөз қалдырған.

Қайшылыққа толы XX ғасыр, бір жағынан, адамның ақыл-ойының кереметтігін көрсететін ғылыми-техникалық прогрестің ғажап туындыларымен суреттелсе (радио, ТВ, ұялы телефон, компьютер т.с.с), екінші жағынан, екі дүниежүзілік соғыста миллиондаған жас адамдардың қойша қырылуына әкелді, қоғамның материалдық денесі (цивилизация) сырттай күрделенгенмен, миллиондаған адамдар рухани азғьшдады. Бұл арада орыстың ұлы ойшылы Н.К.Рерихтің «шың биіктеген сайын шыңырау да да тереңдей түседі» деген ғажап ойын келтірсек те болғаны.

XX ғ. ортасы кезінде Франция мен Совет Одағында өмір сүрген екі ойшыл - П.Т.де Шарден мен В.И.Вернадский уақытында Ж.Леруаның ғылымға енгізген «ноосфера» (пш - грек сөзі, ақыл-ой аймағы деген мағына береді) идеясын әрі қарай дамытып, адамзат болашағы ноосфераны қү^умен, яғни жер бетінде ақыл-ой арқылы дамыған қоғам мен гүлденген табиғатқа жету мақсатын қойды. Бірақ бүгінгі таңда 1 млрд. адам аш-жалаңаш жүрсе, жүздеген миАлион адамдар өз өмірінің мән-мағынасын таба алмай сандалып, маскүнемдік пен нашақорлық т.с.с. жолына түссе, ал тез қаркынмен дамып келе жатқан техносфера жер бетіндегі тіршілікті жойьш жатса «ноосфера» идеясының кезекті миф екенін байқауға болады. Әрине, бұл пікір қалам иесінің өзіндік дүниесезіміне жатса керек. Оқырманды оны парасатты сараптауға шақырамын.

Енді бүгінгі таңдағы прогресс жөніндегі идеяларға келсек, ол - Дүниенің іргетасты түрде аяқталмай, кемеліне ешқашанда келмейтіндігі.

Екіншіден, бүкіл Дүниеге қатысты - ол прогрессивті даму үстінде ме деген сұрақты қоюдың өзі мүмкін емес. Өйткені онда Оның мақсат-мү-раты неде деген екінші, одан да қиын сұрақ пайда болады. Оған жауап беру үшін кемінде Құдайдың деңгейіне жетуіміз керек. Біздер - саналы, өтпелі пенделер, осы Ғарыштың ішінде өмір сүріп жатқаннан кейін, жоғарыдағы сұрақтарға ешқашанда жауап бере алмаймыз.

Сонымен қатар Ғарышты нешетүрлі нақтылы ашық және жабық жүйелерден тұратын объект ретінде қарағанда, әрине, олардың прогрессивтік, я болмаса регрессивтік дамуы жөнінде ауыз толтырып айтуға болады.

Болмыстың пілдей бөлігі - бейорганикалық заттар мен құбы-лыстардан тұрады, ал онда даму бар ма, егерде болса, оны прогресс ұғымы арқылы бағалауға бола ма деген қиын сұрақ осы арада пайда болады. Өйткені арнаұлы әдебиетте ғалымдардың біршамасы оны терістесе, екіншілері қолдайды. Біздің ойымызша, өлі табиғатта да даму үрдісі жүріп жатқанын мойындамай болмайтын саяқты .

Егер өлі табиғатта даму болмаса, онда жер бетінде тіршілік қалай пайда болды деген сұрақ өз-өзінен біздің басымызға келеді. Мұндай тұйықтық бізді ертелі-кеш белгілі бір сырттай ықпал ететін «Кұдіретті күшті» мойындауға әкелетін саяқты .

Бүгінгі таңдағы жаратылыстану ғылымдары өлі табиғаттың дамуы жөнінде біршама деректер жинады. Мысалы, элементарлық бөлшектердің атомға өтуі, соңғылардың молекулярлық деңгейге асуы т.с.с. Ал мұның өзі химиялық қозғалыс формасын Дүниеге әкеліп, оның екі - кристалдық және молекулярлық - бағыттағы дамуын тудырды. Ең соңғы химия ғылымының саласы - әволю-циалық химия - «ұлы мәртебелі Табиғатта» өздігінен пайда болып жатқан жаңа химиялық қосындыларды зерттейді. Яғни Табиғаттың өзі, адамның қатысуынсыз, бұрынғыдан да күрделенген химиялық қосындыларды тудырады екен. Ал енді осы Болмысты Дүниеге әкелген «ұлы Жарылысқа» келсек, алғашында ол тек сутегінен ғана тұрған, содан кейін барып, басқа элементтер рет-ретімен Дүниеге келген (атомдық салмағына байланысты).

Айтылған деректер Болмыстың шеңберіндегі өлі Табиғаттың да миллиардтаған жылдарда дамып, күрделенгенін көрсетеді. Жоғарыдағы көрсеткеніміздей, күрделену - прогрестің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Олай болса, өлі Табиғат та прогрессивтік даму үрдісінде!

Сонымен қатар Табиғатта ыдырау, регрессивтік үрдістер де қатарынан жүреді. Оның негізгі факторы - Термодинамиканың екінші бастамасы, ол жөнінде біз жоғарғы тарауларда айтқан болатынбыз (қараңыз: осы кітап, 42-43 б.б.)-

Енді кезек Дүниенің ең ғажабы - тірі Табиғатты талдауға келді. Әрбір адам ештеңені оқымай-ақ, өлі мен тіріні айыра алады. Бірақ тіріге анықтама беру - өте қиын шаруа. Кейбір студенттер: «Тіршілік дегеніміз - тірі организмдер, өлі дегеніміз - ол тас», - деген «терең» анықтама береді. Ол «май дегеніміз - май» деумен бірдей. Бірақ май - сары, жұмсақ, қаймақтан қорытылған т.с.с. емес пе?

Уақытында Ф.Энгельс: «Тіршілік - белоктың жағалай орта-мен зат алмасуына түсіп өмір сүру тәсілі», - деген анықтама берген болатын. Онда келесі сұрақ пайда болады: Дүниедегі қай зат, я болмаса құбылыс зат алмасуына түспейді? Физика-химиялық тұрғыдан келгенде, адам да, пешке жағылған ағаш та, оттегін айна-ла қоршаған ортадан қабылдап, сыртқа көмір қышқылын шығарады. Ал осы екеуінің арасындағы айырмашылық шексіз емес пе?!