Элей мектебі. Парменид пен Зенон 30 страница

Неофрейдизмнің ұлы өкілі есебінде американ философы Әрих Фроммды айтуға болады. Оның ойынша, тұлғаның ешқандай туа біткен психикалық қасиетгері жоқ. Тұлғаның барлық психикалық өзгерістері мен өмірдегі көріністері оның қоғам өміріндегі қатынастарға тереңдеу деңгейімен байланысты. Қазіргі қоғамдағы қатынастар «машиналанған», «компьютерленген» т.с.с. түрде бол-ғандықтан, ол адамның шынайы мәнін «жаттандырып», оны неше түрлі невроз ауруларына әкеледі. Қазіргі коғам адамның осы дүниедегі «болуының» орнына оған «алуды» ұсынады. Сол себепті ол тұлғаның «жинаушылық», «нарықтық», «енжарлық» т.с.с. мінез-құлқын тудырады. Тұлғаның жаттануының ең айқын көріністері - 1 ол адамның еріктіктен бас тартып қашуы, нашақорлықтың, маскүнемдіктің жолына түсіп батуы, қылмыстық т.с.с. Ал осы көрсетілген кемшіліктерді тудырған «ауру» қоғамды қалайша «емдеуге» болады? Э.Фроммның ойынша, ол үшін ең бірінші қажет нәрсе - «гуманистік жоспарлауды» қоғамға енгізу, дүниедегі байлықты жинау, қорлау, алу психологиясынан бас тарту, қоғамды басқару жүйесіндегі қалыптасып калған шен иелерінің жаттанған басқару формаларының орнына «гуманистік басқару» жүйесін еңгізу, соның арқасында қарапайьш адамдардың әлеуметтік өмірге деген ынтасын ояту, дүниеде болуға бағытталған құндылықтар жүйесін тудыру т.с.с. қажеттіктерді керсетеді. Әрине, ұлы философтың бұл ойлары - өтпелі кезеңді өз басынан өткізіп жатқан біздің қоғамға аса қажет ойландыратын нәрселер.

Сонымен қатар Э.Фромм адамның өмір сүру диалектикасына тоқталып, оның ешқашанда жойылмайтын трагедиялық жағын да көрсетеді. Біріншіден, адам бұл өмірге өзі сұранып келмейді, ол белгілі бір кездейсоқ жерде, уақытта дүниеге келіп, алғашқы сатыдан өмірінің соңына шейін «өмір мен өлімнің екі ортасында» болып іс-әрекет етеді. Екіншіден, осындай шектелген өмірдің шеңберінде адам өзінің бойындағы барлық дарындарын іске асырып, алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттарын орындап үлгірмейді, сондықтан олардың көбі, қазақ дүниесезіміндегі терминдермен айтсақ, «жалған, жеткізбейтін арман» болып қала береді. Э.Фроммның бұл ойлары бізді фрейдизмнің шеңберінен шығарып, эзистенциализм философиясына өткізіп жібереді.

Экзистенциализм философиясы. Қазіргі философиядағы ең ықпалды ағымдардың бірі - экзистенциализм философиясы. Ол Батыс Еуропа топырағында екі дүниежүзілік соғыстың арасында қалыптасты. XX ғ. бірінші жартысында ондаған мемлекеттер қатысқан Қантөгісте миллиондаған қыршын жастар қаза болып, мыңдаған қалалар, зауыттар мен фабрикалар, ауылдық жерлердегі үйлер қирап, адамзат тағы да варварлық сатыға қайта келгендей болды. Бұл трагедия ойланатын адамдардың санасында өзінің өшпес ізін қалдырып, дүниетанып, оны қайта өзгертуден гөрі, сол қайғылы замандағы адамның өмір сүруіне, оның қайшылықтарға толы дүние тебіренісіне, оның өмірінің мән-мағынасын анықтауға т.с.с. сұрақтарға жете көңіл бөлінуіне жеткізді.

Мұндай ахуал, әрине, өткен ғасырда өмір сүрген дат философы С.Кьеркогердің, неміс философы Ф.Ницшенің, француз ойшылы Б.Паскальдің, орыс жазушысы Ф.Достоевскийдің ойларының өзектілігін көрсетіп, олардың еңбектері экзистенциализм бағытының теоретикалық қайнар көзіне айналды.

Экзистенциализм философиясының негізін қалаған ойшылдарға Мартин Хайдеггер (1888-1976 жж.) мен Карл Ясперсті (1883-1969 жж.) (Германия), Жан-Поль Сартр (1905-1980 жж.) мен Альбер Камюді (1913-1960 жж.) (Франция), Н.А. Бердяев (1874-1948 жж.) пен Л.И.Шестовты (1866-1938 жж.) (Ресей), Виктор Франклді (1900 ж.) (Австрия), Хосе Ортега-и-Гассетті (1883-1955 жж.) (Испания) жатқызуға болады.

Сонымен XX ғ. Еуропа цивилизациясының дағдарысы, зерде мен адамгершілік құңдылықтарына деген сенбеушілікті тудырып, трагедияға толы адам мәселесін тікелей философиялық таразыға салды. Бұл саладағы анықталған ең бірінші жаңалық – зерденің негізінде ғылым мен техника дамыған сайын адам болмысыныі тұрақсыздығы мен нәзіктігінің өсуі. Мұндай күрделенумен қатая қатыгезденіп жатқан дүниеде тұрақтану үшін, адам ең алдымен өзінің ішкі өмірін талдап, соның негізінде өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуы қажет. Мұндай адам өміріне қас дүниеде адамі өзінің рухы арқылы ғана қарсы тұра алады. Олай болса, адамға ең керекті нәрсе - ол зат, материя, я болмаса идея, таным философиясы емес, негізінен алғанда, - адам философиясы. Ал адамға келер болсақ, ол, әрине, ешқандай объект, өндірістің, я болмасаі танымның құралы емес, ол субъект - ерікті, өз-өзіне жеткілікті жауапкершілікті болмыс. Жоғарыда айтылған жалпы мінездемені нақтылай келері болсақ, онда әкзистенция (өмір сүру) мен әссенция (мән-мағына)І ұғьшдарының осы философияның негізінде жатқанын байқаймш.І Егер бүкіл жануарлар әлеміндегі тіршілік өзінің мән-мағынасымен бірге Бұл дүниеге келер болса, адам ең алдымен Бұл дүниеге келіп. неше түрлі қиын-қыстау жағдайлардан өтіп барып, көп уақыттані кейін ғана өз өмірінің мән-мағынасына ие болады. Яғни адамныңі өмір сүруі оның мән-мағыналыққа жетуінен анағұрлым алдаі жүреді. Мысалы, Африкада, я болмаса Амазонқаның бойында өмір сүретін қолтырауын жағаға шығып, жү-мыртқалап, оларды ыстықі құмның астына көмеді. Уақыты келген кезде, жүмыртқалардьщ қабығы жарылып, ішінен кішкентай қолтырауындар жер бетінеі шығып, дереу шөлге қарай емес, суға қарай жүгіреді. Қолтырауын осылайша миллиондаған жылдар бойы өмір сүріп жатыр. Ол өз мән-мағынасымен бірге өмір сүруге келеді! Ал дүниеге келген сәбиді алар болсақ, ол анасыз өмір сүре алмайды, оны көп жылдар бойы тәрбиелеп өсіру қажет, содан кейін ғана ол өз өмірі жайлы сұрақтарды өз алдына қойып, өмірінің мән-мағынасын ашуға тырысады.

Экзистенциализм философиясында «шекаралық ахуал» деген категорияға көп көңіл бөлінеді. Ол - өмір мен өлімнің екі арасында қалу, үрей мен алаңдау, түңілу мен қынжылу, уайымдау мен қамқорлық т.с.с. Тек осындай адам өмір сүруіне қауіп төнген жағдайда, оның жан дүниесі терең сілкініске ұшырағанда, «өмірде болу» тебіренісінің негізінде ғана адам тез пісіп-жетіліп, өз өмірінің қайталанбайтын ерекше қалыптасатын мән-мағынасын терең аша алады.

Экзистенциализм философиясы адамның еріктілігіне ерекше кеңіл бөледі. Еріктілік - «қажеттікті тану», я болмаса «табиғи дпрынды іске асыру» емес, ол әкзистенциямен, яғни өмір сүрумен I тсц. Адам дегеніміз - өзін-өзінен жасайтын пенде. Ол - өзінің іпіндік жоспар-бағдарламасы. Бұл дүниеде еш нәрсе адамды Оилей алмайды. Адамның себебі тек өзінде ғана, ол өзіне «Саша иііі». Ал еріктілік дегеніміздің өзі - таңдау. Адам ерікті пенде ретінде ойына не келсе, соны істей алады. Бірақ, сонымен қатар ол (П істеріне жауапты өзі ғана беруі қажет. Сондықтан Ж.-П.Сартр: «Кріктілік дегеніміз - адамға артылған адамгершіліктің ауыр жүгі», деген болатын. Адам тек өз ісіне ғана емес, басқаларға да жауапкершілікті. Ол өз-өзін жете түсінудің арқасында басқалардың діі терең сырын өзіне аша алады.

Адам әкзистенциясының іргетасты ерекшеліктерінің бірі -трансценділеу, яғни өз шегінен өтіп кету. Сонда адам өз шеңбе-рінен аттап өтіп, не нәрсеге жеткісі келеді? Діни экзистенциализм Құдайды трансценденттікпен теңейді. Олай болса, Құдаймен қосы-луға ынтық болу, нағыз еріктілікті содан іздеу діни трансценділеу (к)лып есептеледі. Діни экзистенциализмнің көрнекті өкілі Н.Бер-дяевтің айтуына қарағанда, «адам табиғи дүниедегі үзілгендік», екі-жақты, қайшылық пен қайғылыққа шомылған пенде. Сондықтан оііы түсіну - одан да жоғары тұрған Құдайды талап етеді. Ал мүлшң очі адамның Құдайға тәуелді пенде екендігін көрсетпейді. Философия адамның Құдайшылдығын, Құдайдың адамгершілігін көрсетуі қажет. Өйткені Христостың өзі адам болып туды. Құдай дегеніміз - ол рух. Олай болса, тек қана рухани қарым-қатынас қана адамдардың терең мәнін көрсетеді.

Ал атеистік бағытқа келсек, оның өкілдері - Ж-П. Сартр мен Л. Камю - оны ештеңеге теңеп, ол әкзистенцияның ең терең құпия-сы деген пікірге келеді. Сонымен әкзистенция дегеніміз - өзінің шектелгенін, яғни уақытша екенін сезінетін, ештеңеге бағытталған адам өмірі.

Экзистенциализмнің ерекшеліктерінің бірі - жеке адам мен әлеуметтік болмысты бір-біріне қарсы қою, осы адамзат болмы-сының екі жағының бір-бірімен ымыраласпайтынын көрсету болып табылады. Олай болса, адам өмірінің ерекшелігі - өмір сүру мен мәндіктің, болу мен алудың, таным мен түсінудің арасындағы тебіреніс, таңдау. Мұның өзі адам болмысының трагикалық жақта-рын көрсетеді.

Өзінің «Болмыс пен уақыт» деп аталатын көлемді еңбегінде М.Хайдеггер адамның өмір сүруін «Базеіп» деген ұғыммен береді. (оның қазақшаға тікелей аудармасы - «осы арадағы болмыс»).

Мұндай ұғымды философияға енгізіп, ол адам болмысы - тарихи болмыс екенін, ол яғни «қазір және осы арада» өмір сүріп жатқаныи көрсеткісі келді. Дүниеде адамнан басқа ешқандай тіршілік өзінің шектелгенін, яғни өлетіндігін білмейді. Олай болса, тек адамға ған;і уақыттылық, ал сонымен бірге өмірде болу мәселесі тән. Бұл тұрғыдан алғандағы философияның негізгі мадсаты - ол Дәл қазір өмір сүріп жатқан адамның ішкі тебіренісін зерттеу, содан шығатын өмір тәжірибесін талдау болып табылады. Бұл М.Хайдегтердің жасаған жаңа онтологиясы еді. Яғни ол - уақытпен шеңберленгеи адам болмысы, осы арада өмір сүріп, басқалармен бірге комму-никацияға (қатынасқа) түсу.

Алайда индустриалдық қоғамда адамның болмысы өзінің бишынайылығымен тең. Конвейерден шыққан бір-біріне ұқсас заттар саяқты , адамдар да орталанып, бір тұлға екіншіні жеңіл ауыстыра алады. Адамдар бірін-бірі ауыстыра алатындықтан, «басқа», ол - «нақтылы басқа тұлға» емес, «қайсыбір басқа», «жал-пы бір басқа». Мұндай жағдайда «ол да», «мынау да», менің «өзім де» шынайы субъект емеспіз. Мұндай тобыр адамын М.Хайдеггер «йя$ Мап» деген терминмен берсе, Н.Бердяев оны «объективация-ланған дүние» дейді.

Ал адамның шынайы болмысына келер болсак, ол - адамның тарихи пенделігін, уақыт шеңберінде шектелгенін, сонымен қатар өзінің еріктілігін сезінуінде. Шынайы болмысқа жету үшін адам күнделікті күйкелі өмірден бас тартып, соңғы өмірдің шегі - өлімге тікелей қарай алатын жағдайға келуі қажет.

- Бишынайы болмысты аттап өту үшін адамдар бір-бірімен қосылып, «абсурдтық дүниеге», оның шектелгеніне, өлімге, жалпы дүниенің жетілмегендігіне, мәнсіздігіне қарсы шығып, көтерілуі керек, - дейді француз ойшылы А.Камю. Алайда мұндай дүниеге түңілуден туған бірігушілік бірде-бір адам болмысының мәселесін, әрине, шешпейді.

Діни экзистенциализм Бұл мәселенің басқа шешімін ұсынады. Г.Марсельдің ойынша, адамдар шынайы болмысты заттардың болмысымен теңейді. Ал шынайы болмыс, негізінен алғанда, әрқа-шанда тұлғалық болмыс. Болмыс - «Ол емес», «Сен», сондықтан адамдардың Құдай алдындағы бір-бірімен ішкі сырларын бөлісуі, ең қү-пия тереңде жатқан тебіреністерімен бөлісуі - шынайы болмыстың алғышарты. Ол үшін, яғни басқа адамның терең сырына жетіп, шынайы болмыстық дәрежеге көтерілу тек махаббат арқылы ғана іске асады. Г.Марсельдің Бұл ойларын дамытқан М.Бубер, Э.Левинас піиқты еврей ойшылдары болды. Олардың ойынша, адамның дүмиеге деген қарым-қатынасы екіжақты, өйткені оның сөздігінде екі негізгі сөз бар. Олардың біреуі «Мен және Сен» болса, екіншісі «Мен және Ол». Дүние адамзат тәжірибесі ретінде «Мен және Олға» жатады. «Мен және Сен» адами шынайы қарым-қатынасты іудырады. Олай болса, адам алдында дүниеде болудың екі мүмкін-дігі бар. «Мен және Сен» шынайы болмысты тудырса, «Мен және Ол» - адами қарым-қатынастарды заттандырады. «Сен» деп қарым-қатынасқа түскен адам - ол заттардың арасындағы зат емес. Мен олы тануға, зерттеуге тырыспаймын, өйткені мен онымен қарым-қатынастамын. Егер ол қатынастардан шыққанда ғана, мен оны тани бастаймын. Тану, білу - «Сеннің» алшақтауына әкеліп соғады. «Мен және Сеннің» қарым-қатынасын махаббатпен теңеуге болады. Махаббат сезімі бүкіл дүниені өзінің сәулесімен жарқы-ратып, гүлдендіреді. Махаббат аясындағы адам қайсыбір адамды, жақсы мен жаманды, сұлу мен түретзді, ақылды мен наданды -бәрін де ерекше «Сен» ретінде қарайды. Алайда адам болмысының трагедиясы - «Мен және Сеннің» қарым-қатынасының сарқылу, я болмаса құралға айналу мүмкіндігінде.

Экзистенциализм философиясының ірі өкілінің бірі - Виктор Франкл. Ол қазіргі қоғамдағы адамдардың қасіреті - ноогендік (поиз - грек сөзі, ақыл-ой, зерде, рух; §епезі§ - грек сөзі, дүниеге келу, пайда болу;) невроздарда, яғниті - ноогендік (поиз - грек сөзі, ақыл-ой, зерде, рух; §епезі§ - грек сөзі, дүниеге келу, пайда болу;) невроздарда, яғни адамдардың өмір сүрудің мән-мағынасынан айырылып қалуында деген пікірге келеді. Соңғыны В.Франкл «экзистенциалдық вақуум» деген ұғыммен береді. Өз болмысының мән-мағынасынан айырылып қалған кейбір адамдар, рухани жүдеуліктен арылу үшін «Құдайды іздеу» жолына түссе, екіншілер нашақорлық пен ішімдіктің сағымында жүреді, үшінші-лер қоғамдағы тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстық іс-әрекеттер-ге, төртіншілер суицидке (өз-өзін өлтіру) дейін барады. Өзінің гуманистік көзқарасынан таймайтын В.Франкл өмірдегі ахуал қандай қиын болса да, тіпті жазылмайтын сырқат, өлімнің өзі болмасын, адам өз өмірінің мән-мағынасын жоғалтпауы керек, -деген терең ойға келеді. Өзінің екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Бухенвальд концлагерінде болған экзистенциалдық тәжірибесін сараптай келе, В.Франкл тек қана өз өмірінің мән-мағынасын сақтап қалған адамдар ғана сол тозақтан құлылғанын, ал өмірдің мән-мағынасын жоғалтқан көпшіліктің «малға ұқсайтын тобырға» айналып құрығанын айтады.

 

 

Дәріс №12