СИЛЛАБУС

 

 

 

Астана, 2014

 

Силлабусты құрастырған Әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, т.ғ.к., Колумбаева З.Е.

Силлабус барлық мамандықтардың бірінші курсына арналған, мемлекеттік стандарт талаптары негізінде жасалған.

 

Күндізгі оқу бөлімі

Курсы -2

Семестрі –3

Дәрістер -30

Практикалық сабақтар -15

ОСӨЖ -45

СӨЖ -45

Емтихан -1

Барлығы -135

Аралық бақылаулардың саны -2

 

Кафедра отырысында қаралды

№___ хаттама " ____" _________2014ж

Кафедра меңгерушісі Шнайдер В.А.

 

 

"Гуманитарлық-заң" факультетінің отырысында қаралып, бекітуге ұсынылды

№___хаттама " ____" _________2014ж

Факультет деканы Абайбекова Қ.Т.

 

1.Оқыту жоспары

1.1. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Пән мақсаты- студенттерді философияның пәні арқылы адамзаттың негізгі рухани жетістіктері және құндылықтарын түсінуге үйрету. Болашақ мамандардың қазіргі күрделі әрі динамикалық дүние жағдайындағы дұрыс дүниетанымдық бағдарларын қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

- философияның негізгі ұғымдары мен категорияларын жүйелі түрде білу арқылы логикалық ойлауды қалыптастыру.

- Философиялық ой кешудің тарихи типтерін мәдениет контекстінде талдау.

- Болашақ мамандардың философиялық-дүниетанымдық және методологиялық мәдениетін қалыптастыру.

- Философия тарихының негізгі кезеңдері және басты бағыттарының мазмұнын оқып үйрену.

Пәнді оқып-үйрену процесінде нені білуі тиіс:

-философияның негізгі терминдерімен мәселелерін

-негізгі философиялық тұғырнамаларды

-философия тарихы кезеңдерін, басты бағытарының ұқсасатықтары мен айырмашылықтарын көрсететін негізгі әдістерін игере алу

-философияның негізгі тәсілдері мен әдістерін меңгеру

Пәннің басқа пәндермен байланысы:Философия әлеуметтанумен, саясаттанумен, психологиямен, дінтанумен, педагогикамен, тарихи және құқықтық пәндермен, өнертанумен, қазіргі заманғы жаратылыстану тұғырнамаларымен тығыз байланыста қарастырылады.

Переквизиттер:

-студенттерде білімдердің істей алу мен ыңғайлардың белгілі бір минимумының болуы.

-жаратылыстанулық және гуманитарлық ғылымдар саласынан мәлімет беретін орта білімнің болуы.

-қажетті әдебиетті іздей, таба білуі және сыни-талдаудан өткізіп, қорытынды жасау қабілетіне ие болу.

-ойлау мәдениеті мен тәртібінің белгілі деңгейінің болуын қамтамасыз ету. «Философия» курсын табысты игеу үшін бұл курсты оқып үйренуге кіріспес бұрын мынадай пәндермен таныс болуы қажет: «Қазақстан тарихы», «Мәдениеттану», «Этнопсихология», «Экология», «Логика».

Пәннің саясаты: Пәнді оқыту кезеңінде оқушы мынадай талаптарды орындау қажет:

-сабаққа кешікпей келу;

-сабақ үстінде тәртіп бұзбау;

-ұялы телефонды өшіріп отыру;

-сабақты себепсіз жібермеу;

-өзіндік жұмыстарды уақытылы орындау;

 

1.2. Курстың қысқаша мазмұны

«Философия» курсы бакалаврды дайындайтын оқу жоспары бойынша жалпы білім беру пәндер қатарындағы міндетті түрде меңгеруді қажет ететін «А» тобына жатады.

Оның мазмұны-жалпы адамзаттық философиялық ойлардың құрылымы, ерекшеліктері мен заңдылықтары болып табылады. Осы мазмұнды менгеру: біріншіден, адамзат деңгейіне көтерілген ұлы ойшылдардың персоналияларын білу; екіншіден, ойшылдардың ұқсас мазмұндарын біріктіретін ірі білімдерді меңгеру; үшіншіден, тарихи кезеңдердің өзіндік қисынын түсіну арқылы жүзеге асырылады.

Жоғарыдағы үш деңгейдегі білім модельдерінің мазмұны бакалаврлардың тұлғалық қалыптасуының кәсіптік құралы болып табылады. Осы орайда философия жеке адам іс-әрекетінің заттанған кешенді жиынтығы және тұлғаның қалыптасу өлшемі ретінде қарастырылады.

Курста философия тұғырлы қасиеттері мен негізгі белгілері, оның нақты тектері, формалары, түрлерінің мазмұндары берілген. Сонымен қатар басты тұғыр болып табылатын гносеологиялық, онтологиялық, аксиологиялық, әлеуметтік, руханилық негіздер туралы мағлұмат көп. Талдаудың рәміздік, сұхбаттық, тектеулік, хронологиялық, тұтастық (холистік) тәсілдерін және т.б. теориялық әдістері мен тәсілдерін біледі. Кез келген құбылыстың құрамын, құрылымын, элементтерін, қызметтерін, даму перспективасын дәл айқындаудың дағдылары үйретіледі. Философиялық жетістіктерді обьекивті бағалап, оны күрделі құбылыс, кешен ретінде қарастыру бакалаврдың дүниетанымдық дайындығын жетілдіріп, оларды әлеуметтік-мәдени ортаға үйлесімді бейімделуіне мүмкіндік жасайды.

1.3. Оқытудың факторы

Оқыту элементтері-лекция, семинар, ОБСӨЖ, СӨЖ.

Қорытынды бақылау-емтихан компьютерде тестілеу ретінде өткізіледі.