Шымкент – 2014 ж

 

 

«___» _____________күні кафедра мәжілісінде қаралып бекітілді.

№ «___» хаттама

 

 

Кафедра менгерушісі ___________

 

№ 1 сабақ жоспары

 

1. Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік индукция. Фарадей тәжірибелері. Электромагниттік индукция заңы. Ленц ережесі.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

· оқыту: оқушыларға электромагниттік индукция құбылысын түсіндіру, индукция тогының бағытын анықтауды үйрету. Өздік индукция, индуктивтік қандай шамаларға байланысты болатындығын, өткізгіште индукция тогын туғызатын бөгде күштің табиғатымен таныстыру.

· тәрбиелік: оқушыларды ұқыпты жұмыс орындауға, тәртіпке дағдыландыру.

· дамыту: электромагниттік индукция құбылысын, Ленц ережесін үйрету.

5.Оқыту әдісі:көрме,түсіндіру

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:магнит индукция сызықтарын бейнелейтін плакаттар.

б) оқыту орны:516 бөлме

7. Әдебиеттер:

негізгі:

  1. 11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

2. Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша:

1.Ремизов А.Н. Курс физики, электроники и кибернетики для мкд. вузов. – М-1982г

2. Енохович А.С. Справочник по физике итехнике.-М: Просвещение 1989.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

1. Электр өрісі дегеніміз не?

2. Магнит өрісі дегеніміз не?

3. Магнит өрісінің күш сызықтары қалай бағытталады?

4. Магнит ағыны дегеніміз не?

5. ЭҚК дегеніміз не?

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

Жер шары өзінің магнит өрісімен қоршалған. Ол жер магнитосферасын құрап бірнеше ондаған километрге созылып жатыр. Жердің магнит өрісі бізді тірі организмдер үшін қауіпті космос бөлшектерінің ағынынан қорғайды. Космостан жерге ұшуда бұл бөлшектер магнитосфералық күш сызықтарының маңында қозғалады. Олар магнит сызықтарына соқтығысқандай болып, жер бетінен ондаған километр қашықтықта бір полюстан келесі полюсқа тербеліс жасайды. Кеңістіктің осы аймағын радиациялық белдеу деп атаймыз.

1821ж. Майкл Фарадейде мынадай сұрақ туындады:

Егер «электрді» «магнетизмге» айналдыру мүмкін болса, неліктен «магнетизмді» «электрге» айналдыруға болмайды?. («Электр тогы темір кесегін магниттей алады. Ендеше, магнит өз тарапынан электр тогын тудыра алмас па екен?»).

Ол гальвонаметрге жалғанған катушканың жоғарғы бөлігіне магниттің N солтүстік полюсын жақындатып енгізеді. Бұл жағдайда магнит өрісі тудыратын магнит ағыны арта бастайды. Гальвонаметр тілшесі нөлден ауытқиды, бұл катушкада электр тогының пайда болғанын білдіреді. Бұл индукциялық ток деп аталады.

Электромагниттік индукция құбылысы деген уақыт өтумен айнымалы магнит өрісінде орналасқан немесе тұрақты магнит өрісінде контурды тесіп өтетін магнит индукция сызықтарының саны өзгеретідей болып қозғалатын өткізгіш контурда электр тогының пайда болуы.

Ом заңы бойынша индукциялық ток артатын болса, сәйкесінше индукциялық ЭҚК-і пайда болады. (ei).

(1)

1833 ж. орыс ғалымы Э.Х Ленц индукциялық токтың бағытын анықтайтын жалпылама ережені тағайындады.

Ленц ережесі: тұйық контурда пайда болған индукция тогы өзін тудырған магнит ағынының өзгерісіне қарсы тұрады.

Егер контур арқылы айнымалы ток жүріп жатса, онда контурды тесіп өтетін маггнит ағыны өзгереді. ( және айнымалы магнит ағыны пайда болады.) Соның арқасында айнымалы ток өтіп жатқан өткізгіштің өзінде индукцияның ЭҚК-і пайда болады. Бұл құбылыс өздік индукция деп аталады. (eS).

(2)

L- контурдың индуктивтілігі. ; ;

[ L ]= (Генри); - ток күшінің өзгеру жылдамдығы.

Магнит өрісі, барлық күш өрістері сияқты энергияға ие болады. Катушкадағы негізгі ток артқанда оның тудыратын магнит өрісі де күшейеді және негізгі ток энергиясының бір бөлігі магнит өрісінің энергиясына түрленеді.

(3)

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ № 911, 913, 915, есептерді шығару түрінде өткізіледі

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

- магнит өрісі дегеніміз не?

- манит индукция векторы мен модулі қалай анықталады?

- магнит өрісінің күш сызықтары және оларды график түрінде қалай кескіндейді?

- өткізгіш бөлігіне магнит өрісі тарапынан әсер ететін күшті қалай анықтайды?

- қозғалыстағы зарядқа магнит өрісі тарапынан әсер ететін күшті қалай анықтайды?

 

13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

· Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

· Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§§ 1-10 1-жаттығудағы есептерді шығару.

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич); № 923, 917, 921, 922, 924, 928.

 

№ 2 сабақ жоспары

 

1. Сабақтың тақырыбы: Өздік индукция. Индуктивтілік. Өздік индукция ЭҚК. Магнит өрісінің энергиясы.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

· оқыту: Өздік индукция, индуктивтік қандай шамаларға байланысты болатындығын, өткізгіште индукция тогын туғызатын бөгде күштің табиғатымен таныстыру.

return false">ссылка скрыта

· тәрбиелік: оқушыларды топпен жұмыс істеуге, тәртіпке тәрбиелеу.

· дамыту :оқушыларға өздік индукция құбылысын түсіндіру, индукция тогының бағытын анықтауды үйрету.

5. Оқыту әдісі :көрме, түсіндіру

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:магнит индукция сызықтарын бейнелейтін плакаттар.

б) оқыту орны:516 бөлме

7. Әдебиеттер:

негізгі:11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1.Ремизов А.Н. Курс физики, электроники и кибернетики для мкд. вузов. – М-1982г

2. Енохович А.С. Справочник по физике итехнике.-М: Просвещение 1989.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

1. Электромагниттік индукция құбылысы дегеніміз не?

2. Электромагниттік индукция заңы қалай жазылады?

3. Магнит өрісінің күш сызықтары қалай бағытталады?

4. Ленц ережесі қалай айтылады?

 

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

Егер контур арқылы айнымалы ток жүріп жатса, онда контурды тесіп өтетін маггнит ағыны өзгереді. ( және айнымалы магнит ағыны пайда болады.) Соның арқасында айнымалы ток өтіп жатқан өткізгіштің өзінде индукцияның ЭҚК-і пайда болады. Бұл құбылыс өздік индукция деп аталады. (eS).

(2)

L- контурдың индуктивтілігі. ; ;

[ L ]= (Генри); - ток күшінің өзгеру жылдамдығы.

Магнит өрісі, барлық күш өрістері сияқты энергияға ие болады. Катушкадағы негізгі ток артқанда оның тудыратын магнит өрісі де күшейеді және негізгі ток энергиясының бір бөлігі магнит өрісінің энергиясына түрленеді.

(3)

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ № 911, 913, 915, есептерді шығару түрінде өткізіледі

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

Өздік индукция дегеніміз не?

Индуктивтілік дегеніміз не?

Магнит өрісінің энергиясы неге тең?

13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§§ 1-10 1-жаттығудағы есептерді шығару.

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич); № 921, 922, 924, 928.

№ 3 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы: Тербелістер мен толқындар. Механикалық тербелістер мен толқындар.

Тербелмелі қозғалыс. Тербелістердің пайда болу шарттары. Гармониялық тербелістер. Тербелмелі қозғалыстардың параметрлері. Математикалық маятник. Еркін және еріксіз тербелістер. Механикалық резонанс.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: аралас сабақ

 

4. Сабақтың мақсаты:

· оқыту: тербелістер мен толқындардың түрлерімен және оларды сипаттайтын шамалармен таныстыру.

· тәрбиелік:

· дамыту: оқушыларға тербелістер мен толқындардың пайда болу механизімін түсіндіру

5. Оқыту әдісі:көрме, түсіндіру

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:тербелістерді сипаттайтын плакаттар.

б) оқыту орны:516 бөлме

7. Әдебиеттер:

негізгі:11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1.Ремизов А.Н. Курс физики, электроники и кибернетики для мкд. вузов. – М-1982г

2. Енохович А.С. Справочник по физике итехнике.-М: Просвещение 1989.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

1. Электромагниттік индукция құбылысы дегеніміз не?

2. Электромагниттік индукция заңы қалай жазылады?

3. Магнит өрісінің күш сызықтары қалай бағытталады?

4. Ленц ережесі қалай айтылады?

 

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

Ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстармен қатар тербелмелі қозғалыстар да, табиғатта кеңінен таралған. Тербелмелі қсзғалыстар механикалық тербелмелі қозғалыстар болып табылады.

§ Механикалық тербелістер дегеніміз – тепе-теңдік жағдайдан ауытқи отырып дәл немесе жуықтап қайталанатын қозғалыстарды айтамыз.

Мысалы: алтыбақан , серіппедегі жүк, жіпке ілінген жүк қозғалысы.

Тербелістегі қозғалыстарды анықтау үшін, санақ басын алуға келісілген.

Мысалы: серіппелі маятникте санақ басы ретіде стержннің ортасы О алынады. Егер шарикті төмен тартып тұрып қайтып жіберсек, онда ол тербеліс жасайды. Санақ басынан тербелістегі нүктенің бастапқы күйіне дейінгі ара қашықтық ығысу деп аталады. Көптеген тербелістегі денелер белгілі бір уақыт аралығында қалыпты күйге келеді. Тербелістегі дененің тепе-теңдік қалпынан ауытқығандағы ығысуына пропорциональ және әр уақытта тепе-теңдік жағына қарай бағытталатын күш, қайтарушы күш деп аталады.

Ығысуға пропорциональ және оған қарама-қарсы бағытталған күштердің әсерінен пайда болатын механикалық тербелістер гармониялық тербелістер деп аталады.

 

 

(1) А

х – ығысу, дененің тепе-теңдік қалыптан ауытқуы.

Хm – амплитуда – дененің тепе-теңдік қалыптан ең үлкен ауытқуы.

Период Т – толық бір тербеліске кеткен уақыт. 0

Жиілік n - бірлік уақыттағы тербеліс жиілігі. w – (дөңгелектік)

айналу жиілігі.

(2) [ T ] = 1сек. Х

(2) [n ] = 1герц. N – тербеліс саны.

және

Период пен жиілік кері шамалар.

§ Денелердің тербелістері тек серпімді күштердің әсерінен ғана емес басқа күштердің әсерінен де пайда болады. Мысалы: ауырлық күші. Ауырлық күшінің әсерінен пайда болатын денелердің тербелісіне маятниктің тербелісі мысал бола алады.

§ Маятник дегеніміз – дененің ауырлық центріне дәл келмей, осы дененің горизонталь өсінің маңында айнала алатын кейбір денелерді айтамыз.

МАЯТНИКТЕР

 

математикаляқ серіппелі

Математикалық маятник – бұл жіпке ілінген жүк

Серіппелі маятник – бұл серіппеге бекітілген жүк.

Сыртқы күштердің әсерінен пайда болатын тербелістер еріксіз тербелістердеп аталады.

Еріксіз тербелістерді тұрақты тепе-теңдік қалыпта тұрған кез келген дене тудыра алады.

Еріксіз тербелістің амплитудасының күрт өсу құбаласын механикалық резонанс деп атайды.

Резонанас радиотехникада электромагнитттік толқындарды қабылдауда маңызды роль атқарады.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ № 932-939 есептерді шығару түрінде өткізіледі

 

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

- тербелмелі қозғалыс және оның параметрлерін атаңыз;

- еркін және еріксіз тербелістер деп қандай тербелістерді атаймыз?

- механикалық резонансты түсіндір;

- маятник және оның түрлерін атаңыз?

13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

· Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

· Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§§ 1-10 1-жаттығудағы есептерді шығару.

921, 922, 924, 928.

№ 5 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы: Механикалық толқындар

Көлденең және қума толқындар.Толқын ұзындығы және ,таралу жылдамдығы.Толқындардың интерференциясы және дифракциясы.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

· оқыту: оқушыларға механикалық толқындар туралы түсінік бере отырып, толқынның параметрлерімен және толқындық құбылыстармен таныстыру.

· тәрбиелік: топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

· дамыту: толқындар туралы білімдерін тереңдету.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:демонстрациялық құралдар.

б) оқыту орны:516 бөлме

6. Әдебиеттер:

негізгі:11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1.Ремизов А.Н. Курс физики, электроники и кибернетики для мкд. вузов. – М-1982г

2. Енохович А.С. Справочник по физике итехнике.-М: Просвещение 1989.

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

- тербелмелі қозғалыс және оның параметрлерін атаңыз;

- еркін және еріксіз тербелістер деп қандай тербелістерді атаймыз?

- механикалық резонансты түсіндір;

- маятник және оның түрлерін атаңыз?

 

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

§ Толқын деп уақыт өтуімен кеңістікте таралатын тербелістерді атаймыз.

Толқын таралған кезде ішінде толқын таралатын зат тасымалданбайды, тербелуші ортаның айрықша күйінің орын ауыстыруы болады. Мысалы: суға сіріңке қорабын тастап жіберсек, ол толқынмен ілесіп алға кетпей, дәл бір орында тұрып жоғары-төмен тербеле бастайды.

§ Толқынның аса маңызды сипаттамасы – оның тарлу жылдамдығы. Қандай толқын болса да кеңістікте лезде таралмайды. Олардың жылдамдығы шектеулі.

Егер баудың бір ұшын бекітіп, оны аздап қолмен созып,

екінші ұшын тербелмелі қозғалысқа келтірсе, сонда баудың

бойымен толқын жүреді. Бауды неғұрлым күштірек созсақ,

толқынның жылдамдығы соғұрлым үлкен болады. l - длина волны

§ Толқын баудың бойымен таралғанда баудың

жеке бөліктері толқынның таралу бағытына перпендикуляр

бағытта тербеледі. Осындай толқындарды көлденең толқындар

деп атайды. направление

колебании

 

Бірдей фазада тербелетін іргелес екі нүктенің ара қашықтығы толқын ұзындығы деп аталады.

;

Толқынның таралу бағыты бойымен тербелетін тербелістер қума толқындар деп аталады.

Қума толқынды диаметрі үлкен ұзын, жұмсақ серіппенің көмегімен бақылау ыңғайлы. Серіппенің бір ұшынан алқанмен қағып қалып, сығылудың серіппе бойымен қалай жүгіріп өтетінін байқауға болады.

Толқындық қозғалыстардың қайсысына да интерференция және дифракция құбылыстары тән.Интерференция латынның inter өзара және ferio соғамын деген сөздерінен шыққан. Ортада бір мезгілде көбінесе әр түрлі бірнеше толқындар бір – біріне қабаттасады. Егер суға екі тас тастайтын болсақ , екі дөңгелек ( шығыршық) толқын туатынын және бір толқын екіншіден өтіп , екінші толқын болмағандай – ақ , кідірмей тарай беретінін оңай байқаймыз. Осы сияқты дыбыс толқындары , саны қанша болса да , бір – біріне бөгет жасамайды. Су бетіне түскен екі тастан таралған толқындарды бақылағанда, беттің кейбір жерлері ұйтқымайтынын , ал кейбір жерлерде ұйтқудың күшейгенін көреміз. Егер екі толқын бір орында жалдарымен ұшыраса, онда бұл орында су бетінің ұйтқуы күшейеді.

Егер, керсінше бір толқынның жалы екіншісінің сайымен ұшыраса , онда су бетінде ұйтқу болмайды.

Жалпы алғанда, ортаның әр нүктесіне екі толқын туғызған тербелістер жай ғана қосылады.

Кеңістіктің әр түрлі нүктелеріне қорытқы тербелістер амплитудаларының уақыт жөнінен тұрақты таралу тәртібі орнайтындай болып, екі (немесе бірнеше) толқынның қосылуы интерференция деп аталады.