Шымкент – 2014 ж 7 страница

мұндағы, a - В векторы мен l өткізгіш арасындағы бұрыш;

FА – Ампер күші.

Ампер күшінің бағыты сол қол ережесімен анықталады: егер сол қолымызды В индукция векторының өткізгішке перпендикуляр құраушысы алақанымызға кіретіндей, ал ашылған төрт саусақ токпен бағытталатындай етіп орналастырсақ, онда 90 градусқа қайырылған басбармақ өткізгіш кесіндісіне әсер ететін күштің бағытын көрсетеді.

Магнит индукциясының В векторы кеңістіктің әр нүктесіндегі магнит өрісін сипаттайды. Магнит өрісін сипаттау үшін шектелген жазық тұйық контур арқылы магниттік ағыныөтеді.Ф деп белгіленеді.

Ф=ВnS ; Ф=ВScosa; Вn =Вcosa.

Ф – индукцияның магнит ағыны;

 

 

 
 

 


[ Ф ] = 1 Вб (Вебер)

S – контур бетінің ауданы;

a - В және n арасындағы бұрыш;

n - өткізгіш жазықтығына тұрғызылған нормаль.

Тогы бар контурдағы магнит өрісінің әсері магнито электорлық жүйелердегі электр өлшегіш құралдарда – амперметр және вольтметрлерде қолданылады.

Ампер заңы тогы бар өткізгішке әсер ететін, көптеген техникалық құрылғыларда, электродвигательдерде және дыбыс зорайтқыштарда күшті есептеу үшін қолданылады.

Магнит өрісі тогы бар өткізгіштегі өрістің орын ауыстыруынан жұмыс жасайды:

A=FA s = B J l s sina.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ № 822, 824, 826, 828, 830, 832 есептерді шығару түрінде өткізіледі.

А.П. Рымкевич - Физика есептерінің жинағы, Алматы «Рауан» 1998 ж.

 

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

-Магнит өрісі. Магниттік индукция.

-Магнит өрісінің құйынды сипаты.

-Ортаның магниттік өтімділігі. Магнит тұрақтысы. Магнит өрісінің кернеулігі. Магнит өрістерін график түрінде кескіндеу.

-Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленойдтың магнит өрістері.

-Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсері. Ампер заңы. Магнит ағыны. Тогы бар өткізгіш магнит өрісінде орын ауыстырғандағы істелетін жұмыс.

13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§§ 60-64 ( Физика-10. Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б, Алматы «Рауан» 1997ж),

№ № 821, 823, 825, 827, 829, 831 А.П. Рымкевич - Физика есептерінің жинағы, Алматы «Рауан» 1998 ж.

 

№ 18 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы:Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсер.Лоренц күші.

Жердің магниттік сферасы және оның күн желімен өзара әсері. Пара-, диа-, және ферромагниттік заттар.

 

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақтың түрі: түсіндірмелі аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту:қозғалыстағы зарядталған бөлшектердің тогы бар өткізгіштегі магнит өрісінің әсерін анықтау, түсіндіру.

тәрбиелік:оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке тәрбиелеу.

дамыту:магнит өрісінің қасиеттері туралы білімдерін тереңдету.

5.Оқыту әдісі: көрме, түсіндіру

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:демонстрациялық приборлар: амперметр, вольтметр.

г) өзіндік жұмыс үшін жасалған тапсырмалар: кеспе қағаздар.

б) оқыту орны:516 бөлме

7. Әдебиеттер:

негізгі:11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1) Ливенцев Н. М. Курс физики. – М.- 1978.- изд-е. 6.- Т. 1,2.

2) Ремизов А. Н. Медицинская и биологическая физика. –М.- 1987.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

- магнит өрісі;

- манит индукция векторы мен модулін анықтау;

- магнит өрісінің күш сызықтары және оларды график түрінде кескіндеу;

- өткізгіш бөлігіне магнит өрісі тарапынан әсер ететін күшті анықтау;

- қозғалыстағы зарядқа магнит өрісі тарапынан әсер ететін күшті анықтау.

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%).

Жердің айналасы жылдам қозғалыстағы элементарлы бөлшектер – протондар мен электрондардан тұратын қуатты радиациялық белдеулерге ие болады. Радиациялық белдеу Күннің бетінен ұшып шығатын элементар бөлшектердің қозғалысындағы Жердің магнит өрісінің әсерлесуінен пайда болады. Күннің бетіндегі алаулардың әсерінен элементар бөлшектер үлкен мөлшерде лақтырылады, Жерде магнитті боран пайда болады. Осының әсерінен Жер атмосферасының жоғарғы қабаты жарықталынады, полярлы шұғылапайда болады.

Электр тогы дегеніміз – реттелген қозғалысқа түскен зарядталған бөлшектердің жиынтығы. Сондықтан магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсері дегеніміз өрістің өткізгіш ішімен қозғалатын зарядталған бөлшектерге әсері.

Қозғалысқа түскен зарядталған бөлшеккемагнит өрісі тарапынан әсер ететін күш Лоренц күші деп аталады.

N- өткізгіштің Dl бөлігіндегі зарядталған бөлшектер саны.

 

 

- Лоренц күші; a - В мен v аралығындағы бұрыш.

 

Лоренц күшінің бағыты сол қол ережесімен анықталады: егер сол қолымызды В магнит индукциясының заряд жылдамдығына перпендикуляр құраушысы алақанға кіретіндей, ал төрт саусақ оң заряд қозғалысы бағытымен (теріс заряд қозғалысы бағытына қарсы) бағытталғандай етіп орналастырсақ, онда 90 градусқа қайырылған басбармақ зарядқа әсер ететін FЛ Лоренц күшінің бағытын көрсетеді.

Лоренц күші бөлшектің жылдамдығына перпендикуляр болатындықтан, ол жұмыс атқармайды. Лоренц күшінің әсерінен бөлшектің жылдамдығының бағыты ғана өзгереді. Электр өрісі зарядқа күшпен әсер етеді. Электр өрісі және магнит өрісі бар болса, онда зарядқа әсер етуші толық күш мынаған тең: F=FЛ+Fэл , мұндағы Fэл=q0E.

Магниттік қасиетіне қарай заттар үшке бөлінеді: парамагнетиктер, диамагнитиктер және ферромагнетиктер.

Парамагнетики – бұл магнит өрісін елеусіз күшейтетін заттар (μ>1): платина, сұйық (кислород) оттегі.

Диамагнетики – бұл магнит өрісін елеусіз азайтатын заттар (μ<1): висмут.

Ферромагнетики – бұл магнит өрісін біршама күшейтетін заттар (μ>>1): темір, никель, кобальт, металдардың біршама қосылыстары. Ферриттер – электр тогын өткізбейтін ферромагниттік материалдар. Бұлар – темір оксидінің басқа заттардың оксидімен химиялық қосылысы.

Жер шары өзінің магнит өрісімен қоршалған. Ол жер магнитосферасын құрап бірнеше ондаған километрге созылып жатыр. Жердің магнит өрісі бізді тірі организмдер үшін қауіпті космос бөлшектерінің ағынынан қорғайды. Космостан жерге ұшуда бұл бөлшектер магнитосфералық күш сызықтарының маңында қозғалады. Олар магнит сызықтарына соқтығысқандай болып, жер бетінен ондаған километр қашықтықта бір полюстан келесі полюсқа тербеліс жасайды. Кеңістіктің осы аймағын радиациялық белдеу деп атаймыз.

1821ж. Майкл Фарадейде мынадай сұрақ туындады:

Егер «электрді» «магнетизмге» айналдыру мүмкін болса, неліктен «магнетизмді» «электрге» айналдыруға болмайды?. («Электр тогы темір кесегін магниттей алады. Ендеше, магнит өз тарапынан электр тогын тудыра алмас па екен?»).

Ол гальвонаметрге жалғанған катушканың жоғарғы бөлігіне магниттің N солтүстік полюсын жақындатып енгізеді. Бұл жағдайда магнит өрісі тудыратын магнит ағыны арта бастайды. Гальвонаметр тілшесі нөлден ауытқиды, бұл катушкада электр тогының пайда болғанын білдіреді. Бұл индукциялық ток деп аталады.

Электромагниттік индукция құбылысы деген уақыт өтумен айнымалы магнит өрісінде орналасқан немесе тұрақты магнит өрісінде контурды тесіп өтетін магнит индукция сызықтарының саны өзгеретідей болып қозғалатын өткізгіш контурда электр тогының пайда болуы.

Ом заңы бойынша индукциялық ток артатын болса, сәйкесінше индукциялық ЭҚК-і пайда болады. (ei).

(1)

1833 ж. орыс ғалымы Э.Х Ленц индукциялық токтың бағытын анықтайтын жалпылама ережені тағайындады.

Ленц ережесі: тұйық контурда пайда болған индукция тогы өзін тудырған магнит ағынының өзгерісіне қарсы тұрады.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

· №№ 838,840,842,844 есептерді шығару түрінде өткізіледі.

А.П. Рымкевич - Физика есептерінің жинағы, Алматы «Рауан» 1998 ж. № № 822,

 

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

-Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсер.Лоренц күші.

-Жердің магниттік сферасы және оның күн желімен өзара әсері.

-Пара-, диа-, және ферромагниттік заттар.

13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§ 65-66 (Физика-10 Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б Алматы-1997),

№ 837,839,841 А.П. Рымкевич - Физика есептерінің жинағы, Алматы «Рауан» 1998 ж.

 

№ 19 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы:бірінші семестрдегі физика пәнінің теориялық және лабораториялық материалдары бойынша қорытынды сабақ.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақтың түрі: қортындылау.

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: қысқы семестрде қарастырылған материалдарды меңгерудегі теориялық білім мен практикалық дағдыларды тексеру.

тәрбиелік:оқушыларды жауапкершілікке, тәртіпке, алған білімдерін қортындылай білуге тәрбиелеу.

дамыту:семестр бойында алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету.

5. Оқыту әдісі:көрме, түсіндіру

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:тест тапсырмалары,

өзіндік жұмыс үшін жасалған тапсырмалар: кеспе қағаздар.

б) оқыту орны:516 бөлме

7. Әдебиеттер:

негізгі:11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1) Ливенцев Н. М. Курс физики. – М.- 1978.- изд-е. 6.- Т. 1,2.

2) Ремизов А. Н. Медицинская и биологическая физика. –М.- 1987.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

-Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсер.Лоренц күші.

-Жердің магниттік сферасы және оның күн желімен өзара әсері.

-Пара-, диа-, және ферромагниттік заттар.

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%).

а) өз бетінше тапсырмаларды орындау кезінде жіберілген қателіктері көрсетіледі.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

Тест тапсырмаларын орындау

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

Тест тапсырмаларында жіберілген қателіктермен жұмыс істеу.

13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Әр оқушыға теориялық сұрақтарға және практикалық сабақтарға сәйкес қорытынды бағасы хабарланады.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

Жалпы семестр бойында өтілген материалдарды қайталау.


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫ

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІ авторские права?.