Шымкент – 2014 ж 3 страница

Кез-келген сұйық белгілі бір температурада қайнайды. Оны қайнау температурасы деп атайды. мысалы: су – 1000С, сынап -3570С, спирт – 780С.

Кризистік деп аталатын белгілі бір температурада сұйықтың тығыздығы будың тығыздығына теңеледі. Сұйық пен оның қаныққан буы арасындағы физикалық қасиеттердің айырмашылықтары жоғалатын температура кризистік температура деп аталады.

 

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ № 638, 640, 642, 644, 646. 648 есептерді шығару түрінде өткізіледі.

А.П. Рымкевич - Физика есептерінің жинағы, Алматы «Рауан» 1998 ж.

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

-Қайтымды және қайтымсыз процесстер.

-Термодинамиканың екінші бастамасы туралы түсініктер.

- Жылулық машиналар және экология.

-Булану және конденсация. Қаныққан бу және оның қасиеттері.

-Қайнау.Кризистік температура. Заттың кризистік күйі.

 

13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§§ 28, 15,16 ( Физика-10, Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б, Алматы «Рауан» 1997ж),

№ № 637, 639, 641, 643, 645, 647 А.П. Рымкевич - Физика есептерінің жинағы, Алматы «Рауан» 1998 ж.

 

№ 7 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы: Ауаның абсолют және салыстырмалы ылғалдықтары. Ауаның ылғалдылығын анықтауға арналған құралдар. Шық нүктесі.

Сұйықтардың қасиеттері.Заттың сұйық күйінің сипаттамасы. Сұйықтың беттік қабаты. Беттік керілу. Жұғу. Капиллярлық. Тұрмсытағы, табиғаттағы және техникадағы капиллярлық құбылыстар.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақтың түрі: түсіндірмелі аралас сабақ.

4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: ауаның ылғалдылығы туралы түсінік бере отырып, оқушыларға сұйықтардың қасиеттерін түсіндіру, сұйықтың беттік керілу коэффициентін тәжірибе жүзінде анықтауды үйрету.
  • тәрбиелік: оқушыларды тәртіпке, адамгершілікке тәрбиелеу.
  • дамыту: Тұрмсытағы, табиғаттағы және техникадағы капиллярлық құбылыстар туралы түсініктерін дамыту.

5. Оқыту әдісі:

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:магнит индукция сызықтарын бейнелейтін плакаттар.

б) оқыту орны:516 бөлме

7. Әдебиеттер:

негізгі:11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1) Ливенцев Н. М. Курс физики. – М.- 1978.- изд-е. 6.- Т. 1,2.

2) Ремизов А. Н. Медицинская и биологическая физика. –М.- 1987.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

-Қайтымды және қайтымсыз процесстер.

-Термодинамиканың екінші бастамасы туралы түсініктер.

- Жылулық машиналар және экология.

-Булану және конденсация. Қаныққан бу және оның қасиеттері.

-Қайнау.Кризистік температура. Заттың кризистік күйі.

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%).

 

Ауада үнемі су буы болады, сондықтан ауа ылғалды. Ауаның ылғалдылығын сипаттау үшін абсолют және салыстырмалы ылғалдық түсініктері бар.

Абсолют ылғалдық – бұл берілген температурада ауадағы су буының тығыздығы. Абсолют ылғалдылықтың хбж-гі өлшем бірлігі кг/м3.

Ауаның ылғалдық дәрежесін, яғни оның құрғақ немесе ылғалды екенін анықтау үшін салыстырмалы ылғалдық делінген шама енгізеді.

Берілген температурадан ауа құрамындағы су буы р парциал қысымының, сол температурадағы қаныққан будың р0 қысымына процентпен өрнектеліп алынған қатынасы ауаның j салыстырмалы ылғалдылығы деп аталады:

;

r - су буының парциал қысымы

rн – қаныққан бу қысымы.

Ауаның ылғалдылығын психрометр арқылы өлшейді.

Психрометр екі термометрден тұрады. Олардың бііреуінің резервуары құрғақ күйінде болады да ауаның температурасын көрсетеді. Екіншісінің резервуары бір ұшы суға батырылған шүберкпен оралады. Су буланады, осының нәтижесінде термометр салқындайды.

Салыстырмалы ылғалдық 100%-ке тең болғанда су тіпті буланбайды және екі термометрдің де көрсетуі бірдей болады.

Адам терісінің бетіндегі ылғалдық буланып кебу шамасы ауаның ылғалдылығына байланысты.

Кітапханаларда ауа ылғалдылығын тиісті деңгейде ұстап тұру қажет.

Тоқыма, кондитер және басқа өндірістердегі процестердің дұрыс жүруі үшін белгілі бір ылғалдық қажет.

Метеорологияда ауа райын күні бұрын болжап айту үшін де ылғалдылықты білудің үлкен мәні зор. Адам үшін неғұрлым қолайлы болатын салыстырмалы ылғалдық (40-60%) ғарышкемеде.

Егер қаныққан буы бар ауаны қыздырсақ онда бу қаныққан бола алмайды, бірақ ондағы су буы тығыздығы өзгермейді. Бұл жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендейді.

Адам үшін қалыпты салыстырмалы ылғалдылық (50-60%) болып саналады.

Су буы қаныққан буға айналатын температураны шық нүктесі деп атайды.

Газ молекулаларына қарағанда сұйық молекулалары бір – біріне өте тығыз орналасқан. Сол себепті олар бір-бірімен күштірек әсерлеседі және сұйықтарды сығылмайды деуге де болады.

Сұйықтардың белгілі бір көлемі болады, олар пішінін сақтамайды, өзі тұрған ыдыс пішінін қабылдайды.

Сұйықтарда молекулалардың кинетикалық энергиясы шамамен олардың потенциалдық энергиясына тең болады.

Газ бен сұйықтың шекарасы беттік қабат деп аталады.

Сұйық ішіндегі молекулаға жан-жақтан қоршап тұрған өзге молекулалар тартылыс күшімен әсер етеді. Ал сұйықтың беттік қабатындағы молекулаға төменнен сұйық тарапынан, жоғарыдан газ күйіндегі зат тарапынан тартылыс күші әсер етеді. Газ тарапынан әсер еткен тартылыс күші сұйыққа қарағанда әлдеқайда әлсіз.

Сұйық түбіндегі молекулалармен салыстырғанда сұйықтың беттік қабатындағы молекулалар қосымша потенциалдық энергияға ие болады.

Сұйық тарапынан молекулалардың тартылыс күші үлкен болу себебінен сұйықтың беттік қабатындағы молекулалар сұйық түбіне өтуге тырысады. Сондықтан сұйық тамшысының пішіні шар тәріздес болады.

§ Сұйық бетінің бойымен, осы бетті шектеп тұрған сызыққа перпендикуляр әсер ететін күшті беттік керілу күші деп атайды.

§ Әрбір сұйықтың беттік керілу қабілетін оның беттік керілу коэффициентімен сипатталады. (d ) сигма)).

Сұйықтың беттік керілу коэффициенті әсер етуші беттік керілу күшінің осы контур ұзындығына қатынасына тең.

; өлшем бірлігі [ 1 Н/м ];

 

; W – потенциалдық энергия;

S – беттік керілу ауданы;

Сұйықтың беттік керілуі сұйықтың тегіне және оның температурасына тәуелді.

Сұйық температурасының жоғарылауы оның беттік керілуінің төмендеуіне әкеледі, өйткені бұл жағдайда молекулалар арасында өзара әсер күші әлсірейді.

§ Сұйық қатты денемен жанасқанда сұйықтың осы денеге жұғу немесе жұқпауы байқалады. Берілген сұйық қатты денеге жұғама немесе жұқпайма, бұл сұйық молекулаларының өзара әсеріне тәуелді болады.

Қаттты дене бетіне сұйық жұқса онда оның бойымен сұйық ағады, ал егер жұқпаса онда сұйық созылып тамшыға айналады.

Сұйық пен қатты дене арасындағы беттік керілу арқылы жұғу немесе жұқпау құбылысы аныұталады.

Егер q < 900 жұқпайды

 

 

Егер q > 900 жұғады

 

 

§ Ұзындығынан диаметрі бірнеше есе кіші жіңішке түтіктер капиллярлар деп аталады.

 

Егер капилляр бетіне жұғатын сұйыққа капиллярды батырсақ, онда ыдыстағы сұйық деңгейінен капиллярдағы сұйық жоғары көтеріледі.

 

Егер капилляр бетіне жұқпайтын сұйыққа капилярды батырсақ, онда керісінше капиллярдағы сұйықтың жоғарғы деңгейі ыдыстағы сұйық деңгейінен төмен орналасады.

§ Жұғу және жұқпау кезінде сұйықтың капилляр түтік бойымен көтерілу құбылысын капиллярлық құбылыс деп атайды.

Егер сұйық тығыздығы белгілі болса (r), оның беттік керілуі (d) және капилляр радиусы (R) болса, онда капиллярдағы сұйықтың көтерілу биіктігін жұғу және жұқпау кезінде анықтайға болады.

;

§ Капилляр бойымен сұйықтың көтерілу биіктігі оның беттк керілуіне тура пропорционал және капилляр радиусымен сұйық тығыздығына кері пропорционал.

§ Капилляр ( латынның -?өте жіңішке, қылдай деген сөзінен шыққан)

Капилляр шыны түтіктер химия технологиясының әр түрлі процестерінде қолданылады. Мысалы, медицинада капилляр түтіктер анализ алу үшін саусақтан қан алу кезінде қолданылады.

Анотомияда – адам мен жануарлардың тіндеріндегі өте жіңішке тамырлар. Оның диаметрі 2,5-30мкм. Қан тасушы капиллярлар артериоланы ( тінге қан әкелетін ) венуламен ( тіннен қанды алып кететін) қосады. Сөйтіп, қан айналу шеңберін тұйықтайды. Олардың қабырғалары арқылы қан мен тін арасында зат алмасу жүреді. Линфа жүйесінің капиллярлары линфа тамырларының қосылуынан түзіледі. Линфа капиллярлары тіннен сұйықтың шығуына, организмнен бөгде заттар мен ауру тудыратын бактериялардың шығуына жағдай жасайды.

Капиллярлық құбылыстар өсімдіктердің ылғал алуында маңызды роль атқарады.

Геологияда - өте жіңішке өзегі бар түтікше.Өз – ара байланысқан кеуектер жүйесі

( мысалы, тау жыныстарында, және т.б)

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ № 560, 562, 564, 566, 568. 570 есептерді шығару түрінде өткізіледі.

А.П. Рымкевич - Физика есептерінің жинағы, Алматы «Рауан» 1998 ж.

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

-ауаның абсолют және салыстырмалы ылғалдықтары.

-ауаның ылғалдылығын анықтауға арналған құралдар. Шық нүктесі.

-сұйықтардың қасиеттері.Заттың сұйық күйінің сипаттамасы.

-сұйықтың беттік қабаты. Беттік керілу. Жұғу. Капиллярлық.

-тұрмсытағы, табиғаттағы және техникадағы капиллярлық құбылыстар.

13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§§ 17 ( Физика-10. Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б, Алматы «Рауан» 1997ж),

№ № 572, 574, 576, 578, 580, 582 А.П. Рымкевич - Физика есептерінің жинағы, Алматы «Рауан» 1998 ж.

 

№ 8 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы: Қатты денелердің қасиеттері.

Заттың қатты күйінің сипаттамасы. Кристаллдар. Кристаллдардың анизотропиясы. Деформацияның түрлері. Механикалық кернеу. Гук заңы. Серпімділік, беріктік, пластикалық, морттық.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақтың түрі: түсіндірмелі аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту:Қатты денелер.Олардың түрлерімен және құрылымымен таныстыру.
  • тәрбиелік:оқушыларды тәртіпке ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
  • дамыту: Оқушыларды қатты денелердің негізгі қасиеттері мен таныстыру.

5. Оқыту әдісі :көрме, түсіндіру

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:кристаллдық торлар, деформация түрлері салынған плакаттар.

б) оқыту орны:516 бөлме

7. Әдебиеттер:

негізгі:11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1) Ливенцев Н. М. Курс физики. – М.- 1978.- изд-е. 6.- Т. 1,2.

2) Ремизов А. Н. Медицинская и биологическая физика. –М.- 1987.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

-Ауаның абсолют және салыстырмалы ылғалдықтары.

-Ауаның ылғалдылығын анықтауға арналған құралдар. Шық нүктесі.

-Сұйықтардың қасиеттері.Заттың сұйық күйінің сипаттамасы.

-Сұйықтың беттік қабаты. Беттік керілу. Жұғу. Капиллярлық.

- Тұрмсытағы, табиғаттағы және техникадағы капиллярлық

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%).

Қатты дене өзінің көлемі мен пішінін сақтайды. Олар кристалл күйде болады.

Кристаллдар - атомдары немесе молекулалары кеңістікте белгілі орын алып, реттеліп орналасқан қатты денелер. Олардың тік бұрыш жасап тұрған жазық жақтары болады. Мысалы: кәдімгі ас тұзы түйіршігінің бір-бірімен тік бұрыш жасап тұрған жазық жақтары бар.

Қатты денелер органикалық, аморфты және кристаллды денелер болып бөлінеді. Органикалық денелерге – жанатын денелердің барлығы мысалы, ағаш, көмір және т.б. жатады.

Аморфты денелерге – қызған кезде жұмсаратын денелер, мысалы, сымола, кварц, пластмасса және т.б. жатады.

Кристаллды денелерге - өзінің күйін өзгертетін денелер, мысалы, мұз, графит, металлдар және т.б. жатады.

Кристалл денелердің бaсты қасиеттері олардың анизотропты және изотроптылығында.

Кристаллдың анизотроптылығы – бұл физикалық қасиеттердің кристалл ішіндегі бағыттарға тәуелділігі. Барлық кристаллдар жылуды және электр тогын әр түрлі бағыттарда түрліше өткізеді. Мысалы, кварц кристалы оған түсетін сәуленің бағытына қарай жарықты түрліше сындырады.

Изотроптық – бұл барлық бағыттардағы бірдей физикалық қасиеттер. Мысалы, қатты смола біз қалаған бағытта сынады.

Кристаллдық денелер поликрасталдар және монокристалдар болып бөлінеді.

Поликристаллдар - саны көп майда кристалшалардан тұратын қатты денелер. Оған металлдар, қант бөлшегі, кесек және т.б. жатады. Физика тұрғысынан поликристалдар көп кристалдардың бір-біріне қатысты өсуі.

Монокристалдар – ірі жекелеген кристаллдар. Мысалы, кварц кристалдары, турмалин, тұз және т.б. жатады. Монокристалдар дұрыс геометриялық пішінде болады.

Қатты денелер өздеріне түсірілген күштердің әсерінен пішіндерін өзгертеді, яғни деформацияланады.

  • Деформация дегеніміз – дене пішінінің немесе көлемінің өзгеруі.

Деформация мынадай түрлерде болады: серпімді, пластикалық, созылу, иілу, ығысу, бұралу.

Егер резенке бауды ұштарынан тартатын болсақ, бау деформацияланған күйге көшеді, яғни бау ұзарады және жіңішкереді. Бау созу күші әсері тоқтағаннан кейін бастапқы күйіне келеді. Бұл серпімді.

· Серпімді деформация дегеніміз – сыртқы күштер тоқтағаннан кейін толық жойылатын деформациялар.

Егер кесек пластилинді сықсақ, онда ол өзінің пішінін өзгертеді және бастапқы пішініне өзінен өзі келе алмайды.

§ Пластикалық деформация дегеніміз сыртқы күштердің әсері тоқтағаннан кейін жойылмайтын деформациялар.

§ Созылу деформациясы- олар абсолюттік және салыстырмалы ұзарумен сипатталады.

абсолюттік ұзару

салыстырмалы ұзару

мұндағы l0- бастапқы ұзындық

l – соңғы ұзындық.

Трос, арқан, көтеру құрылғыларындағы шынжырлар созылу деформациясына ұшырайды.

§ Ығысу деформациясы дегеніміз дене қабаттарының бір-біріне қатысты ығысуына байланысты деформациялар.

§ Иілу деформациясы – дененің әр бөлігінде түрліше созылуға және сығылуға ұшырайтын деформация.

§ Бұралу деформациясы - егер денеге қарама-қарсы бағытталған және өзара параллел күштер әсер етсе, онда бұл кездегі деформация бұралу деф. деп аталады. Мысалы бұл деформация бұранданы бұрағанда, бұрғыларда және т.б. кездеседі.

Деформацияланған дененің кез-келген қимасында оның үзіліп, бөліктерге бөлініп кетуіне кедергі жасайтын серпімділік күші әсер етеді. Дененің деформацияланған күйін кернеу немесе механикалық кернеу деп аталатын шамамен сипаттаймыз.

§ Механикалық кернеу деп – серпімділік күшінің F модулінің дененің көлденең қимасының S ауданының қатынасына тең шама.

[s]=H/м2=Па

Шамалы деформацияларда s кернеу e салыстырмалы ұзаруға тура пропорционал:

Бұл Гук заңы деп аталады.

Мұн.дағы Е – серпімділік модулі немесе Юнг модулі деп аталады.

§ Беріктік – бұл сыртқы күштердің әсерінен дененің пішінінің қирап сынуына және кері өзгерісіне кедергі болатын дененің қасиеті.

§ Пластикалық – бұл сыртқы күштердің әсері тоқтағаннан кейін де өзінің деформациясын сақтайтын дененің қасиеті. Мысалы серпімді болат қыздырғаннан кейін пластикалық болады және оңай өңделеді.

Практикада қатты дене морттық деп аталатын қасиетімен үлкен мәнге ие. Егер материал болмашы деформациялардан қирап бұзылатын болса, ол материал морттық деп аталады. Мысалы, шыны, форфордан жасалған бұйымдар морт болады. Шойын , мәрмәр, янтарь жоғарғы морттық қасиетке ие.

 

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

· №№ 592,594,596,598 есептерді шығару түрінде өткізіледі.

А.П. Рымкевич - Физика есептерінің жинағы, Алматы «Рауан» 1998 ж.

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

-Заттың қатты күйінің сипаттамасы.

- Кристаллдар. Кристаллдардың анизотропиясы.

-Деформацияның түрлері. Механикалық кернеу. Гук заңы.

-Серпімділік, беріктік, пластикалық, морттық.

13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§ 18-22 (Физика-10 Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б Алматы-1997),

№ 593,595,597 А.П. Рымкевич - Физика есептерінің жинағы, Алматы «Рауан» 1998 ж )

 

№ 9 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы:Қатты денелердің сызықтық және көлемдік ұлғаюы. Жылулық ұлғаюдың табиғаттағы және техникадағы алатын орны.Балқу және кристадану.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақтың түрі: түсіндірмелі аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

· оқыту:Қатты денелердің сызықтық және көлемдік ұлғаюы туралы түсінік беру.

· тәрбиелік:

· дамыту: Қатты денелердің қасиеттерін түсіндіру

5. Оқыту әдісі:көрме, түсіндіру

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:кристаллдық торлар, деформация түрлері салынған плакаттар.

б) оқыту орны:516 бөлме

7. Әдебиеттер:

негізгі:

7. Әдебиеттер:

негізгі:11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

  • қосымша:

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

-Заттың қатты күйінің сипаттамасы.

- Кристаллдар. Кристаллдардың анизотропиясы.

-Деформацияның түрлері. Механикалық кернеу. Гук заңы.

-Серпімділік, беріктік, пластикалық, морттық.

 

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%).

 

Денені қыздырғанда молекулалар арасында өзара әсерлесу күшейеді. Сондықтан олардың сызықтық өлшемдері жоғарылайды. (ұзындығы, биіктігі, ені, диаметрі және т.б.). Дене ұзындығының температураға тәуелділігінен мына формула шығады:

немесе


th="100%" valign="top" bgcolor="#E8E8E8">