Шымкент – 2014 ж 1 страница

 

«___» _____________күні кафедра мәжілісінде қаралып бекітілді.

№ «___» хаттама

 

 

Кафедра менгерушісі ___________

 

 

№ 1 сабақ жоспары

 

1. Сабақтың тақырыбы: Кіріспе.Жылу туралы алғашқы тусініктер.Физика мен астрономияның дамуындағы шығыс ойшылдарының еңбектері.

2. Сағат саны: 2

90мин (100%)

3. Сабақ түрі: Түсіндірмелі аралас сабақ.

  1. Сабақтың мақсаты:
    • Оқыту:оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережелерін таныстыру. Жылу құбылысы туралы түсінік беру.
    • тәрбиелік:оқушыларды ұқыпты жұмыс орындауға, тәртіпке дағдыландыру.
    • дамыту:оқушылардың жылу туралы түсініктерін қалыптастыру, физика мен астрономиядағы шығыс ойшылдарының еңбектерімен таныстыру

5. Оқыту әдісі:ауызша-түсіндірмелі

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: «Жылулық процесстер» плакаттар. Астрономиялық карта

б) оқыту орны:516 бөлме

7. Әдебиеттер:

негізгі:11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1) Ливенцев Н. М. Курс физики. – М.- 1978.- изд-е. 6.- Т. 1,2.

2) Ремизов А. Н. Медицинская и биологическая физика. –М.- 1987.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

- оқушылардың алғашқы білім денгейін тексеру

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

 

Физикада саны қисапсыз көп молекулалардан тұратын үлкен денелер макроскопиялық денелер деп аталады. Мыс: баллондағы газ, стакандағы су, құм қиыршығы, тас, болат, жер шары – міне, осының бәрі макроскопиялық денелер.

Біз макрокопиялық денелер әлемінде өмір сүрудеміз. Біздің денеміз – бұл да макроскопиялық дене.

Ньютон механикасында уақыттың өтуіне қарай бір дененің екінші бір денеге қатысты кеңістіктегі орын ауыстыруы, яғни макроскопиялық денелердің механикалық қозғалысы қарастырылады.

Механика денелердің қозғалысын зерттейді, бірақ ол неліктен қатты, сұйық және газ тәрізді денелердің болатынын және бұл денелер бір агрегаттық күйден басқа күйге қалай ауыса алатынын, яғни денелердің ішкі қасиеттерін түсіндіре алмайды.

Механикалық қозғалыстардан кейінгі нағыз елеулі құбылыстар- денелер температурасының өзгеруіне қарай олардың қызыуына немесе суынуына байланысты құбылыстар. Бұл құбылыстар жылу құбылыстары деп аталады.

Барлық денеленр атомдар мен молекулалардан тұрады. Жылу құбылыстары денелердің ішінде жүріп жатқан және сол бөлшектердің қозғалыстарына байланысты анықталады. Атомдар мен молекулалардың қозғалысын иттің немесе автомобилдің жүрісімен салыстыруға келмейді. Заттың атомдары мен молекулалары бейберекет қозғалыс жасайды, сондықтан одан қандай да бір жүйеліктің ізін көру қиын. Молекулалардың бейберекет қозғалысын жылулық қозғалыс деп атайды.

Температура өзгергенде денелердің механикалық қасиеттерінен басқа қасиеттері де өзгереді, мысалы, электр тогына кедергісі, магниттік қасиеті және т.б.

Жоғарыда аталғандардың барлығы және басқа да көптеген жылу құбылыстары белгілі бір заңдарға бағынады. Жылу құбылыстары бағынатын заңдардың ашылуы, осы құбылыстарды толық пайда тигізетіндей етіп практикада ,техникада қолдануға жәрдемдеседі.

Бүгінгі астрономия дамуы ғылыми техникалық прогреспен тығыз байланысты іргелі физика математикалық ғылым. Мұны әсіресе аспан денелерінің табиғатын зерттейтін астрономияның негізгі бөлімі астрофизиканы мысалға алып, көрнекі көрсетуге болады.

Астрономия басқа ғылымдардың мәліметтеріне сүйеніп ғана қоймайды, сонымен қатар кейінгілердің дамуына мүмкіндік жасайды.Мысалы, астрофизика жер физикасын заттың өте жоғары және өте төмен температурадағы, қысымдағы, тығыздықтағы, сондай ақ әр түрлі магнит өрісіндегі күйі туралы бағалы мәліметтермен байытады. Ғаламның өзі Жерден мүлдем өзгеше жағдайдағы заттардың жай күйін зерттеуге мүмкіндік тудыратын ғаламат физикалық лабораторияға айналып келе жатқан тәрізді.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

Тақырып бойынша оқушылардың сұрақ жауабын тыңдап, қортындылау түрінде өткізіледі.

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

1. Макроскопиялық денелер дегеніміз не?

2. Микроскопиялық денелер дегеніміз не?

3. Жылу құбылыстары қалай жүреді?

4.Жылулық қозғалыс дегеніміз не?

13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

Өткен «Механика» курсы бойынша № 1- 10 аралығындағы есептерді шығару.

А. П. Рымкевич «Физика есептерінің жинағы», «Рауан» 1998ж.

 

№ 2 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы: МКТ–ның негіздері .

МКТ-ның негізгі қағидалары және олардың тәжірибелік дәлелдемелері. Броундық қозғалыс. Молекулалардың өлшемдері. Авогадро тұрақтысы.

Идеал газ.Газдың қысымы. Жұлдызаралық газ. Газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі.

2. Сағат саны: 2

90мин (100%)

3. Сабақтың түрі: түсіндірмелі аралас сабақ.

  1. Сабақтың мақсаты:
    • оқыту:Оқушыларды МКТ – ның қағидаларымен және молекулалардың өлшемдерімен таныстыру.Идеал газ туралы және жұлдызды газ туралы түсінік беру. МКТ-ның негізгі теңдеуін қорыту.
    • тәрбиелік: өзіндік жұмыстарды жасауға дағдыландыру.
    • дамыту: тақырып бойынша алған білімдерін есептер шығару кезінде қолдану.

5.Оқыту әдісі:көрме, түсіндірмелі

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: «Броундық қозғалыс» плакат, үлестірім кеспелер

б) оқыту орны:516 бөлме

7. Әдебиеттер:

негізгі:11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1) Ливенцев Н. М. Курс физики. – М.- 1978.- изд-е. 6.- Т. 1,2.

2) Ремизов А. Н. Медицинская и биологическая физика. –М.- 1987.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

-макроскопиялық денелер дегеніміз не?

-микроскопиялық денелер дегеніміз не?

-жылу құбылыстары қалай жүреді?

-жылулық қозғалыс дегеніміз не?

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

 

Молекула - кинетикалық теорияның мақсаты- макроскопиялық денелердің қасиеттерін және оларда болып жататын жылулық процестерді барлық денелер жекелеген, бейберекет қозғалатын бөлшектерден тұрады деген ұғым негізінде қарастыру.

Зат құрылысының молекула – кинетикалық теориясы негізіне әрқайсысы да тәжірибелер нәтижесінде дәлелденілген үш тұжырым алынады: зат бөлшектерден тұрады; бұл бөлшектер бейберекет қозғалады; бөлшектер бір- бірімен өзара әсерлеседі.

Молекулалардың массалары өте кішкене болғандықтан, есеп қисап жасағанда массалардың абсолют мәндері емес, салыстырмалы мәндерін пайдаланған ыңғайлы.

Заттың салыстырмалы молекулалық массасы Мr дегеніміз берілген зат молекуласының m0 массасының көміртегі атомы массасының 1/12 – не қатынасы болып табылады.

 

Мr = ( 1)

 

 

Кез келген макроскопиялық денедегі атомдар санын анықтау үшін – зат мөлшері енгізілген .

Халықаралық бірліктер жүйесінде заттың мөлшері мольмен өрнектеледі. Бір моль – бұл 0,012 кг көміртегінде қанша атом болса , сонша молекуласы бар заттың мөлшері.

Демек, кез келген заттың 1 моліндегі атомдар немесе молекулалар саны бәрінде бірдей. Бұл атомдар санын NА деп белгілейді және оны итальян ғалымы құрметіне Авогадро тұрақтысы деп атайды.NA = 6 * 1023 моль -1 ( 2)

Заттың мөлшері ν берілген денедегі N молекулалар санының NА Авогадро тұрақтысына, яғни 1 мольдегі молекулалар санына қатынасына тең:

ν = (3)

Заттың мольдік массасы деп – бір молдің мөлшерінде алынған заттың массасын айтамыз.

Осы анықтамаға орай, мольдік масса молекула массасын Авогадро тұрақтысына көбейткенге тең: М = m0 NA ( 4)

Заттың кез келген мөлшерінің массасы m денедегі молекулалар санын бір молекуланың массасына көбейткенге тең:

m = m0 N (5)

 

Біз өткен курстарда дифузиямен – газдардың , сұйықтардың және қатты денелердің тікелей жанасқанда өзара араласуымен танысқанбыз. Бұл құбылысты молекулалардың ретсіз қозғалысымен түсіндіруге болады. Алайда молекулалар қозғалысының ең айқын дәлелін қандай болса да бір қатты заттың суда қалықтап жүрген өте ұсақ бөлшектерін микроскоппен бақылау арқылы алуға болады. Бұл бөлшектер броундық қозғалыс деп аталатын ретсіз қозғалыс жасайды.

Брооундық қозғалыс – бұл сұйықта ( немесе газда ) қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы.

Біз жылулық қозғалыстың болатындығына көз жеткіздік; бейберекет қозғалыстың қалай пайда болатынын көрдік. Молекулалар, броундық бөлшектерге қарағанда әлдеқайда көбірек бейберекет қозғалады.

Қарапайым ғылымда заттың төрт күйі бар екені белгілі: сұйық, қатты және газ тәрізді және плазма. Заттардың қасиеттерін зерттеуде ең қарапайым күй газ тәрізді күйлер болып табылады, сондықтан МКТ газдарға қатысты жасалған.

Идеал газ – бұл молекулалары арасындағы озара әсер елеусіз аз болатын газ. Бұл газдың молекулалары бір-бірімен әсерлеспейді, ал ыдыс қабырғасымен соқтығысқанда газ қысымы пайда болады.

 

P=Fдав/S ; (1) Бұл молекула кинетикалық теориянық негізгі теңдеуі болып табылады. Қысымның молекулалардың орташа кинетикалық энергиясымен байланысы мына түрде беріледі:

; (2)

мұндағы, n- молекула шоғыры: n= ;

E- молекулалардың орташа кинетикалық энергия: ;

 

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ № 450, 452, 454, 474, 476. 478 есептерді шығару түрінде өткізіледі.

А. П. Рымкевич «Физика есептерінің жинағы», «Рауан» 1998ж.

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

1. МКТ-ның негізгі қағидалары және олардың тәжірибелік дәлелдемелері.

2. Броундық қозғалыс дегеніміз не?

3. Молекулалардың өлшемдері қандай? .

4. Авогадро тұрақтысы неге тең?.

5. Идеал газ дегеніміз не?

6. Газдың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі.

 

13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§§ 1-8 ( Физика-10. Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б),

№ 442, 443, 457, 458. Физика есептерінің жинағы - А.П.Рымкевич, «Рауан» 1998ж.

 

№ 3 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы:Температура және оны өлшеу. Термодинамикалық температура Температуралардың термодинамикалық шкаласы.. Газдың температурасы мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы арасындағы байланыс.

Клапейрон – Менделеев теңдеуі.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақтың түрі: түсіндірмелі аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Ек және Т-ның арасындағы байланыс теңдеуін қорыту. Клапейпрон – Менделеев теңдеуін қорыту. Газ заңдарын түсіндіру және олардың графиктерімен таныстыру.

тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылықты, еңбек пен белгілі нәтижеге жету дағдыларын қалыптастыру.

дамыту: оқушыларға температура туралы, ол физикада қалай ғылыми қатаң анықталатыны, оның нақты физикалық мағынасы қандай екеніне түсінік беру.

5. Оқыту әдісі:Көрме, түсіндіру

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: «Температураның термодинамикалық шкаласы» плакат және кеспелер

б) оқыту орны:516 бөлме

7. Әдебиеттер:

негізгі:11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1) Ливенцев Н. М. Курс физики. – М.- 1978.- изд-е. 6.- Т. 1,2.

2) Ремизов А. Н. Медицинская и биологическая физика. –М.- 1987.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

- жылу құылыстары дегеніміз не?

- жылу құбылыстарының мәні;

- температураның қасиеті;

- МКТ –ның негізгі күй теңдеуі;

- атомдық және молекулалық масса дегеніміз не?;

- Авогадро тұрақтысы неге тең?

- Броундық қозғалыс дегенімңз не?

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

Температура – дененің жылулық дәрежесін сипаттайтын физикалық шама. Температураны өлшеу үшін термометр деп аталатын прибор қолдланылады. Оның құрылысында денелердің қыздырғанда немесе суытқанда көлемін өзгертетін қасиеті пайдаланылған. Термометр дененің температурасын еш уақытта денеге тиісімен бірден көрсетпейді. Дене мен термометр температуралары теңеліп, температура өзөгермейтін жағдайға жетіп, олардың арасында жылулық тепе-теңдік тағайындалғанша біраз уақыт қажет.

Жылулық тепе-теңдік деп барлық макроскопиялық параметрлер мейлінше ұзақ уақыт бойы өзгермей қалатын күйді айтады.

Халықаралық бірліктер жүйесінде температураның өлшем бірлігі ретінде Кельвин (К) алынған. Бір Кельвин – бұл санақ басы абсолют нольден алынған кездегі температуралық шкаланың бөлік санын береді. Абсолюттік ноль – бұл молекулалардың жылулық қозғалысы тоқтаған кездегі темперратура. Абсолюттік ноль төменгі температуралық шегі. Оның жоғарғы температуралық шегі болмайды.

Біз температураларды өлшеу үшін, басқа да температуралық шкаланы пайдаланамыз. Ол санақ басы 00С-тан басталатын Цельсий шкаласы.

Цельсий және Кельвин шкалаларының арасында мынадай байланыс бар:

ТК=t0C+273

 

Егер, 0К= -2730С болса, онда 00С=273К

 

 

Кельвин шкаласы Цельсий шкаласы

+473

 

Газдың берілген массасының күйі үш макроскопиялық параметрмен сипатталады: газ қысымы Р, оның көлемі V, және температура Т. Қысымның молекулалардың орташа кинетикалық энергиясымен байланысы теңдеуіне сәйкес: ; , мұндағы газ молекулалар шоғыры: n=N/V және екенін ескерсек онда,

 

, мұндағы =kT, онда , газ қысымының ондағы молекулалар шоғырына және температураға тәуелділігі мына түрде жазылады:

 

Р=nkT (1)

Мұндағы k-1,38*10-23Дж/К- Больцман тұрақтысы.

Ал Газ молекулаларының бейберекет қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы абсолют температураға пропорционал болады: Е= (2)

Жұлдызаралық газ ортасы мейлінше сиретілген орташа тығыздығы шамамен 1см3 болатын 1 атом. Ал ауада 1 см3-те 2,7*1019 молекула бар, ал вакуумде =103 ат..

 

Барлық үш макроскопиялық парметрлерді (қысым Р, көлем V, температура Т) байланыстыратын, сиретілген газдың берілген массасының күйін сипаттайтын теңдеуді алуға болады.

n=N/V, ал және екенін ескерсек, онда , олай болса (1)теңдеу мына түрге келеді: Мұндағы Больцман тұрақтысы k мен Авогадро тұрақтысы NA –ның көбейтіндісі универсалды газ тұрақтысын береді, және ол Rшамасымен белгіленеді, енді , бұдан - Менделеев - Клапейрон теңдеуі деп аталады.

Күй теңдеуінен идеал газдың қысымы Р, көлемі V және температурасы Т араларындағы байланыс туындайды, онда Клапейрон – Менделеев теңдеуі мына түрге келеді:

және , бұл теңдеудің оң жақтары бірдей болғандықтан сол жақтары да бірдей болуға тиіс.

=const.- Клапейрон теңдеуі.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)

№ № 488, 490, 492, 494, 496. 498 есептерді шығару түрінде өткізіледі.

А.П.Рымкевич - Физика есептерінің жинағы, «Рауан» 1998ж.

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)

Температура және оны өлшеу қалай жүргізіледі?

Термодинамикалық температура. Температуралардың термодинамикалық шкаласы дегеніміз не?

Газдың температурасы мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы арасындағы байланыс қандай?.

Клапейрон – Менделеев теңдеуі қандай?

13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқушылардың білімін бағалау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)

§§ 1-8 ( Физика-10. Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б),

№ 442, 443, 457, 458. Физика есептерінің жинағы - А.П.Рымкевич, «Рауан» 1998ж.

 

№ 4 сабақ жоспары

1. Сабақтың тақырыбы: Изопроцестер және олардың графиктері.

2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақтың түрі: түсіндірмелі аралас сабақ.

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: параметрлердің біреуінің мәні өзгермей қалған кезде, термодинамикалық параметрлер арасындағы тәуелділікті айқындауды оқушыларға үйрету.

тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылықты, еңбек пен белгілі нәтижеге жету дағдыларын қалыптастыру.

дамыту: оқушыларды газдардағы жүретін процесстермен олардың графиктерін салуды үйрету.

5. Оқыту әдісі:көрме, түсіндірмелі

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: «Изопроцесстер олардың графиктері» плакат және кеспелер

б) оқыту орны:516 бөлме

7. Әдебиеттер:

негізгі:11 класс физика оқулығы (Мякишев Г.Я, Буховцев Б.Б);

Физикадан есептер жинағы (А.П.Рымкевич);

қосымша: 1) Ливенцев Н. М. Курс физики. – М.- 1978.- изд-е. 6.- Т. 1,2.

2) Ремизов А. Н. Медицинская и биологическая физика. –М.- 1987.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин(5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)

Температура және оны өлшеу қалай жүргізіледі?

Термодинамикалық температура. Температуралардың термодинамикалық шкаласы дегеніміз не?

Газдың температурасы мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы арасындағы байланыс қандай?.

Клапейрон – Менделеев теңдеуі қандай?

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)

 

Қазіргі ғылымда төрт процесс қарастырылады: изотермиялық процесс, изобаралық процесс, изохоралық процесс және адиабатиялық процесс. Алдымен изотермиялық, изобаралық және изохоралық процестерді қарастырамыз.