Кіріспе

Жылу туралы алғашқы түсініктер.Әлемнің физикалық бейнесі. Физика мен астрономияның дамуындағы Шығыс ойшылдары еңбектерінің маңызы.

1 Тарау. Молекулалық физика. Термодинамика негіздері.

Тақырып 1.1МКТ ның негізгі қағидалары және олардың тәжірибелік дәлелдемелері. Броуындық қозғалыс. Молекулалардың өлшемдері мен массасы. Авагадро тұрақтысы.

Тақырып 1.2Идеал газ. Газдың қысымы.Газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі. Температура және оны өлшеу. Термодинамикалық температура. Газдың температурасы мен молекулардың ілгерілмелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы арасындағы байланыс.

Тақырып 1.3Клапейрон Менделеев теңдеуі. Газ заңдарын идеал газдың күй теңдеуінен қорыту. Температуралардың термодинамикалық шкаласы.

Тақырып 1.4Изопроцесстер және олардың графиктері.

Тақырып 1.5Лабораториялық жұмыс. Гей -Люссак заңын тексеру

Тақырып 1.6Идеал газдың ішкі энергиясы. Дененің ішкі энергиясының жылу алмасуда және жұмыс жасалғанда өзгеруі. Термодинамиканың бірінші бастамасын әр-түрлі жылулық процесстерге қолдану. Адиабаттық процесс.

Тақырып 1.7Қайтымды және қайтымсыз процесстер. Табиғаттағы процесстердің қайтымсыздығы. Термодинамиканың екінші бастамасы. Жылу двигательдері. Экология.

Тақырып 1.8 Булану және конденсация. Қаныққан бу және оның қасиеттері.Қайнау. Кризистік температура. Жер атмосферасы туралы түсінік. Ауаның абсолютті және салыстырмалы ылғалдылығы. Ылғалдылықты анықтайтын приборлар. Шық нүктесі.

Тақырып 1.9Лабораториялық жұмыс Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау

Тақырып 1.10Заттың сұйық күйінің сипаттамасы. Сұйықтың беттік қабаты. Беттік керілу.Жұғу.Капиллярлық. Тұрмыстағы, табиғаттағы және техникадағы капилярлық құбылыстар.

Тақырып 1.11Зертханалық жұмыс №3.Сұйықтың беттік керілу коэффициентін анықтау.

Тақырып 1.12Заттың қатты күйінің сипаттамасы. Кристалдар. Кристалдардың анизотроиясы.Деформацияның түрлері. Механикалық кернеу. Гук заңы.Серпімділік, беріктік, пластикалық, морттық.Қатты денелердің сызықтық және көлемдік ұлғаюы.Жылулық ұлғаюдың табиғаттағы және техникадағы алатын орны.

Тақырып 1.13Балқу және кристалдану.Балқу температурасының қысымға тәуелділігі. Заттың фазалық күйі туралы түсінік. Жер мен планеталардың ішкі құрылысы.

Тақырып 1.9Бақылау жұмысы

Тарау

Тақырып 2.1 Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Нүктелік зарядтардың өзара әсері. Кулон заңы.Ортаның диэлектрлік өтімділігі.Электростатикалық өріс. Кернеулік. Электр өрісін график түрінде кескіндеу.Біртекті электр өрісі.

Тақырып 2.2 Электр өрісінде заряд орын ауыстырғанда істелетін жұмыс. Потенциал.Потенциалдар айырымы,кернеу. Кернеулік пен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс.

Тақырып 2.3 Электр өрісіндегі өткізгіштер.Электр өрісіне енгізілген өткізгіштегі зарядтардың бөлініп орналасуы. Электростатикалық қорған. Электр өрісінднгі диэлектриктер.Диэлектриктердің поляризациясы.

Тақырып 2.4 Электр сиымдылығы. Конденсатор. Конденсаторлардың түрлері. Электр өрісіндегі энергия.

Тақырып 2.5 Тұрақты электр тогы. Ток күші. Электр тогы бар болуы үшін қажетті шарттар. Электр қозғаушы күш. Тізбек бөлігі және тұйық тізбекке арналған Ом заңы.

Тізбектің ішкі және сыртқы бөліктері, осы бөліктердегі кернеу.Өткізгіштің кедергісі.Өткізгіш кедергісінің ұзындыққа, көлденең қиманың ауданына және материалға тәуелділігі.Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі. Асқын өткізгіштік.

Тақырып 2.6 Зертханалық жұмыс №4.Ток көзінің ЭҚК-ін және ішкі кедергісін анықтау.

Тақырып 2.7 Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.Электр тогының жұмысы мен қуаты.Электр тогының жылулық әсері және оны техникада қолданылуы.

Тақырып 2.8 Металдардың электрондық өткізгіштігі.Классикалық электрондық теорияның кемшіліктері. Электролиттердің электр өткізгіштігі. Электролиз заңы. Электролиздің техникада қолданылуы.

Тақырып 2.9 Газдардың электр өткізгіштігі. Тәуелді және тәуелсіз разрядттар. Плазма туралы түсінік.Вакуумдағы электр тогы.Термоэлектрондық эмиссия.Вакуумдық диод пен триод, олардың қолданылуы.Электронды-сәулелік түтікше.

Тақырып 2.10 Жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі және оның температураға тәуелділігі.Жартылай өткізгіштердің меншікті және қоспалық өткізгіштіктері. Термисторлар мен фоторезисторлар.Жартылай өткізгіш құралдардың қолданылуы.

Тақырып 2.11 Магнит өрісі. Магниттік индукция.Магнит өрісінің құйынды сипаты.Ортаның магниттік өтімділігі.Магнит тұрақтысы. Магнит өрісінің кернеулігі. Магнит өрістерін график түрінде кескіндеу.Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрісі.

Тақырып 2.12 Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсері. Ампер заңы. Магнит ағыны. Тогы бар өткізгіш магнит өрісінде орын ауыстырғандағы істелетін жұмыс.

Тақырып 2.13 Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері. Лоренц күші.

Тақырып 2.14 Жердің магниттік сферасы және оның күн желімен өзара әсері. Пара-,диа- және ферромагниттік заттар.Электромагниттік индукция. Фарадей тәжірибелері. Электромагниттік индукция заңы. Ленц ережесі. Күнде болатын құбылыстардағы магнит өрісінің атқаратын ролі. Күн активтілігі.

Тақырып 2.15 Өздік индукция. Индуктивтілік.Өздік индукция электр қозғаушы күш..Магнит өрісінің энергиясы.

 

Тарау

Тақырып 3.1 Тербелмелі қозғалыс.Тербелістердің пайда болу шарттары. Гармониялық тербелістер. Тербелмелі қозғалыстың параметрлері. Математикалық маятник.Еркін және еріксіз тербелістер. Механикалық резонанс және оның техникада ескерілуі.

Тақырып 3.2 Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау. (Зертханалық жұмыс)

Тақырып 3.3 Көлденең және қума толқындар.Толқын ұзындығы, таралу жылдамдығы және тербеліс периоды ( немесе жиілігі) арасындағы тәуелділік. Толқындардың интерференциясы.Толқындардың шағылуы. Тұрғын толқындар. Тоқындардың дифракциясы.

Тақырып 3.4 Дыбыс табиғаты. Әртүрлі ортадағы дыбыстың қаттылығы, жоғарылығы, тембрі. Ультрадыбыс, оның табиғаты және қасиеттері.Ультрадыбысты техникада пайдалану.

Тақырып 3.5 Біртекті магнит өрісінде катушканыбірқалыпты айналдыра отырып айнымалы токты алу. Токтың периоды мен жиілігі.Айнымалы токтын генераторы туралы түсінік.

Тақырып 3.6 ЭҚК-тің, кернеудің, ток күшінің лездік максималды және әрекеттік мәндері. Электр энергиясын өндіру, және жеткізу.

Тақырып 3.7 Жабық тербелмелі контурдағы энергияның айналуы.Өшетін электромагниттік тербелістер.Электрлік резонанс.Жоғары жиіліктегі токтар және олардың қолданылуы.

Тақырып 3.8 Электромагниттік өріс және оның кеңістікте таралуы.Ашық тербелмелі контур. Электромагниттік өрістің энергиясы және оның материялығы. Ðàäèîáàéëàíûñ ïðèíöèïi. ²àðàïàéûì ðàäèî қàáûëäàғûø. Ðàäèîëîêàöèÿ òóðàëû òүñiíiê. Òåëåâèçèÿ*.

4 Тарау Оптика. Салыстырмалық теория негіздері

Тақырып 4.1 Жарықтың электр магниттік табиғаты. Жарықтың кванттық теориясы. Жұлдыздар- әлемдегі негізгі жарық көзі. Вакуумдегі жарықтың

Жарықтың электр магниттік табиғаты.Жарықтың кванттық теориясы. Жұлдыздар- әлемдегі негізгі жарық көзі.Әр түрлі орталардағы жарықтың таралу жылдамдығы.

Тақырып 4.2 Жарықтың шағылу заңы. Жазық және сфералық айналар, оларда кескін алу. Жарықтың сыну заңдары.

Тақырып 4.3 Тақырып 3.8 Лабораториялық жұмыс №6. Шынының сыну көрсеткішін анықтау.

Тақырып 4.4 Линза және оның оптикалық параметрлері.Линзаның оптикалық күші.Линзадағы кескін. Проекциялық аппрат. Фотоаппарат. Лупа. Көз оптикалық жүие ретінде. Микроскоп. Астрономиялық түтік.

Тақырып 4.5 Линзаның фокус аралығын және оптикплық күшін анықтау.(Зертханалық жұмыс)

Тақырып 4.6 Жарықтың интерференциясы. Когеренттік№ Ньютон сахиналары. Табиғаттағы жарықтың интерференциясы, оның техникада қолданылуы.

Тақырып 4.7 Жарықтың дифракциясы. Дифракциялық тор. Жарық толқынының ұзындығын өлшеу. Поляризация туралы түсінік.

Тақырып 4.8 Дифракциялық тордың көмегімен лазер сәулесінің толқын ұзындығын аеықтау. Зертханалық жұмыс

Тақырып 4.9 Жарықтың дисперсиясы. Ақ жарықтың призманың көмегімен жіктелуі. Спектрдің түрлері. Шығару және жұтылу спектрлері. Спектрдің Ультра күлгін және инфрақызыл бөліктері. Спектрді алуға және зерттеуге арналған құралдар.Күннің және жұлдыздардың спектрлері, олардың температурамен байланысы. Спектрлік анализ жөнінде түсінік. Рентгендік сәулелер, олардың табиғаты және қасиеттері, ғылым мен техникадағы қолданылуы. Электромагниттік сәулеленудің спектрлері. Жылулық сәулелену және люминесценция.

Тақырып 4.10. Спектроскоптың көмегімен түрлі заттардың шығару спектрлерін бақылау. (Зертханалықжұмыс)

Тақырып 4.11 Салыстырмалық теорияның эксперименталдық негіздері.Эйнштейннің постулаттары. Массаның жылдамдыққа тәуелділігі. Масса мен энергияның өзара байланысы.

Тақырып 4.12 Сыртқы фотоэлектрлік эффект. Столетовтың тәжірибелері. Фотоэффект заңдары. Фотондар. Эйнштейннің фотоэффектке арналған теңдеуі. Ішкі фотоэффект, оның ерекшеліктері. Фотоэффектінің техникада қолданылуы.

Тақырып 4.13Фотоэлементтің көмегімен жарықталуды анықтау. (Зертханалық жұмыс)

Тақырып 4.14 Жарықтың қысымы. П.Лебедевтің тәжірибелері. Жарықтың химиялық әсері және оны қолдану. Фотосинтез туралы түсінік. Жарықтың корпускула – толқындық табиғаты туралы түсінік.