XVI тарау. Рух философиясы 9 страница

Жаһандану мэселелерін шешу жолдарын зерттеуде, негізінен, екі бағыт қалыптасты. Олар: технооптимизм (болашақ жарқын) және технопессимизм (болашақ касіретті).

Технооптимистік көзқарастарөз мәресіне XX ғ. 60 жж. жетті. Ол кезде ғылыми-техникалық революция (ҒТР) жетістіктерін кеңінен өндірісте пайдалану қарқын алған болатын. Дж.Гелбрайт, Р.Арон т.б. ғалымдар ғылым мен техниканың дамуы «бүқаралық нарықты» тудырып, болашақта Жер бетіндегі барлык халықтарға тамаша өмір әкеледі деген ой тастады. 80 жж. Д.Бэлл, Ж.Фурастье, А.Тофлер сияқты ғалымдар «ғылымның негізгі өндіргіш күшке» айналуына байланысты, барлық жер бетінде қорланған мәселелерді компьютерлік технологияларды өмірге енгізу арқылы шешуге болатынын айтты. Алайда жақын арада-ақ, ҒТР-дың теріс салдарлары да айқындала бастады. Көп елдер экологиялық дағдарысқа үшырады. Шикізат қорлары шексіз еместігі анықтала бастады. Дамыған елдер мен артта қалған елдердің арасында қайшылык өсе бастады т.с.с. Әрине, бүл теріс өзгерістер технопессимистік көзқарастарды тудырды.

Технопессимизм(Г.Маркузе, К.Лоренц, Д.Гудмен т.б.) қазіргі қоғам адамдарды ғылым мен техниканың құлына айналдырады деген пікір айтты. К.Лоренц ҒТР адамдарды мыңдаған жылдар бойы бейімделген табиғи қоршаған ортадан жұлып алып, «тастан жасалған джунглиге» қамады. Кейбір адамдар жылдар бойы табиғатқа шыға алмайды. Автоматтар адамдарды ауыр қара жұмыстан босатқанмен, оның жүйкесін анағүрлым тез тоздырады. Қиындығы жоқ жеңіл өмір адамның күшті сезімдерін, өмірге деген жігерін әлсіретіп, зерігуге әкеледі. Іші пысқан адам не істерін білмей, өз өміріне қанағаттанбай, нашамен әуестене бастайды...

Технопессимистер тәндік-сезімдік өмір бағдарламасынан бас тарту, тойымсыздық пиғылды жою, канағатқа келу мәселелерін көтерді.

Батыста, Рим қаласында, 1968 ж. көрнекті ғалымдар «Рим клубын» құрып, адамзат алдында тұрған орасан зор қиын мәселелерді зерттеуге кірісті. Нәтижесінде «жарылған бомбадай» дүние-жүзілік қауымға әсерін тигізген «Өсудің шегі» (Тһе Limit оf Growth) деген баяндама 1972 ж. дүниеге келді. Бүл баяндамада Табиғат байлықтарының шектелгені жөнінде, әрі қарай жаңа өндіріс кешендерін салу экологиялык теңдікті жойып, адамзатты апатқа әкелу мүмкіндігі баса айтылды. Осы клубтың бірінші президенті А.Печчеи адамзатқа ең керекті нәрсе - руханияттылық, әсіресе - адамгершілік. Тек сонда ғана қорланған мәселелерді шешуге болады деген пікірге келеді. Орыстың ұлы ғалымы Н.Моисеев: «XX ғ. адамзатқа ескерту жасады. Егер XXI ғ. ол оған мойын сұқпаса, кұрып кетуі мүмкін», - деген ой тастайды.

Әрине, бүгінгі таңдағы ұлы ғалымдар алаңдауының терең себептері бар. Уақытында ағылшын ойшылы лорд Честертон айтқандай, байлық адамды аздырады. Өкінішке қарай, материалдық байлықтың өсуі, көп жағдайда соншалықты рухани өрлеуге әкелмейді. Керісінше, рухани құлдырау байқалады. Оны бүгінгі таңдағы өз өмірімізден-ақ көріп жатырмыз. Бұл қайшылықты жою адамзаттың қолынан келер ме екен? Болашақ өмір оны көрсетер деген ойдамыз.

§ 3. Дүниежүзілік қауымдастық шеңберіндегі тәуелсіз Қазақстан (қорытынды есебінде)

Адамзат тарихы көрсеткендей, қайсыбір империя ертелі-кеш ыдырайды. XX ғ. 80 жж. бастап, Жер бетіндегі соңғының бірі болып Совет Одағы да үлкен дағдарысқа түсіп, соның нәтижесінде 90 жж. басында тәуелсіз жаңа мемлекеттер пайда болды. Тарихта бірінші рет бабаларымыздан қалған алып территорияда қазақ халқының басы бірігіп, әртүрлі жағдайлармен келген басқа ұлт өкілдерімен қосыла, өз мемлекеттігінің негізін қалай бастады.

Жас мемлекеттің алдында, негізінен, үш үлкен іс жатыр еді. Біріншіден, тұтастай (тотальды) мемлекеттік меншікке өткен ұлт байлығын жекешелендіру (приватизация) арқылы нарықтық экономиканы орнату, екіншіден, саяси міндеттерді бүгінгі таңдағы талаптарға сай етіп өзгерту (көппартиялық, құқтық мемлекет т.с.с.), үшіншіден, халықтың тілі мен дінін, рухани өмірін қалпына келтіріп, қайта жаңғырту болатын.

Осы талаптарға сай біздің елде болған көп өзгерістерді философиялық тұрғыдан сараптағанбыз (қараңыз: 16-22, 32-35-6.6.).

Бұл тарауда, сондықтан бір-ақ нәрсеге көңіл бөлгіміз келеді. Ол - адамзаттың рухани дағдарысқа түсуі.Қазақ елінің жас мемлекеттігі осы дағдарыс шеңберінде қалыптасып жатыр. Расында да, Жаңа дәуір адамзатқа екі ғажап идея ұсынған болатын. Оның біреуі - социалистік идея болатын болса, екіншісі - сциентизм, ғылым мен техниканың негізінде қоғам өміріндегі барлық жетіспеушілікті жеңіп, бақытты өмір орнату болатын-ды. Бүгінгі таңда осы екі идеяның да тасталқаны шықты. Біз ол жөнінде жоғарғы тарауларда өз ойларымызды айтқанбыз. Дәл казір бүкіл адамзатты елең еткізетін еш жаңа идея болмай тұр.

Әрине, мұндай ахуал өтіп жатқан өзгерістерге өз ықпалын тигізбей қоймайды. Сондықтан да реформа барысында Батыс елдерінде дүниеге келіп жетілген «оңшыл» либерализм саясаты қолданыла бастады. Бұл саясаттың қысқаша мәнін «әрбіреуге өзінікі»деген қағидаға теңеуге болады. Әр адам өзінше іс-әрекет жасап, ең алдымен өз қамын ойлауы керек. Осы себепті мыңдаған жылдар бойы қауымдастықтың рухында тәрбиеленген халықтың санасында «кұндылықтар кақтығысы» пайда болып, үлкен қайшылықтарды тудырды.

Әлеуметтік-экономикалық салада асығыс түрде жүргізілген жекешелендіру саясаты (біз оған мәжбүр болдық), тез арада қоғамның «жаңа қайта топтануына» (рестратификация) әкеліп, әлеуметтік құрылымды түбегейлі өзгертті. Байлық пен кедейлік арасында қалыптасқан айырмашылық Батыста қалыптасқан өлшемдерді басып өтіп, ешқандай сын көтермейтін жағдайға әкелді. Негізгі кемшілік - жаңадан пайда болған дәулетті адамдардың біршамасының, дәлірек айтсақ, буржуазияның халық алдындағы жауапкершілігінің төмендігі, моральдық қасиеттерінің тайаздығы. Өтпелі қоғамдағы жаңа қалыптасып жатқан кейбір іскер топтар өкілдерінің көбінің бойында қарапайымдылық, басқалардың қамын ойлау, әділеттілік деген қасиеттер жоқтың қасында. Жеңіл келген байлықтың буына мас болған кейбіреулер тіпті дөрекі нәрселерді жасап, өзін қоғамдық пікірге батыл қарсы коюда.

Мұндай теріс ахуал қалыптасуының негізінде реформаларды тез арада өткізу қажеттігі жатқан болатын. Екіншіден, әрине, Батыс емір салтына әсіресе «тәтті өмір» идеологиясына ойланбай еліктеу жатса керек. Нәтижесінде «жаңа орыстар», «жаңа қазақтар» деген сөз тіркестері пайда болып, халык жүздеген анекдоттарда оларға өз бағасын берді. Олар халықтың сый-қошеметіне ие болу, өз әлеуметтік мәртебесін мойындату үшін жаңа жұмыс орындарын ашуы, қорланған көп элеуметтік мэселелерді шешуге атсалысуы қажет. Өйткені либералдық саясат ұстаған мемлекет, біздің жағдайда, тез арада оларды шеше алмайды.

Қазақ елінің ерекшелігін ескере отырып (территория көлемдігі, ауа райыньщ қаталдығы, халқының аздығы т.с.с.), мемлекеттің аса үлкен рөлін ескеру қажет. Олай дейтін себебіміз: реформа барысында мемлекетке деген «романтикалық», «жеңіл» көзқарастың қалыптасуы, нарыққа аса көп үміт артуға байланысты болды. Реформаторлардьщ ойынша, нарьқ қалыптасса, А.Смиттің «көзге көрінбейтін нарық қолы» барлық экономикалық қатынастарды өзі-ақ ретке келтіреді. Ал мемлекет жекенің мүлкін сақтайтын «түнгі күзетші» болып, салықты жинап, қоғамның керектігіне жаратуы керек. Екінші бір кең тараған «либералдық пікір» - тек қана жеке-меншіктің аса тиімділігі, ал мемлекеттік меншік болса оның ауырлығы, өзгеріп жатқан ахуалға тез икемделе алмауы т.с.с. Шынына келгенде, әңгіме меншік формасында емес, оны тиімдібасқаруда (менеджмент) екенін бүкіл әлем біледі. Олай болса, мемлекеттік меншікті нығайтып, оны басқаратын «топменеджерлерді» дайындауға аса көп назар аударылуы қажет сияқты. Энергетика, жолдар мен басқа коммуникациялар, су тораптары т.с.с. өмірлік маңызы бар шаруашылық кешендер мемлекеттің қолында болуы керек. Бүгінгі таңда, еркіндік үлттық капитал қорланған кезде, ел байлығын «оңға-солға» сатуды тоқтатып, керісінше, бұрын басқаларға өтіп кеткен шикізат кеніштерін мемлекетке кайта оралту қажет. Сонда ғана мемлекет әлеуметтік мәселелерді кеңінен шеше алатын дәрежеге көтеріледі.

Дербестік жолында саяси салада біршама оң өзгерістер қалыптасты. Біз оны «зиялы демократиялық құндылықтарды жақтайтын авторитаризм» деп бағалар едік. Елімізде «сөз еріктігі», «көппартиялық», «кәсіби парламент», жүздеген «бейүкіметтік ұйымдар» пайда болды. Президенттің тағайындауымен жүмыс жасайтын атқару жүйесінің арқасында елде тәртіп болып, ең қиын уақыттардан аман-есен шықтык. Десек те, қайсыбір авторитаризмнің осал жері - коррупция, жемқорлықтың етек алып кетуі, шен иелерінің озбырлығы. Бұл - Қазақстанға да қатысты нәрсе. Оның көлемін қысқарту үшін демократиялық үрдіс әрі қарай дамуы кажет. Сонымен катар жоғарыдағы көрсетілген ел ерекшеліктері президенттік басқару жүйесінің сақталуын қажет ететіні де сөзсіз.

Қоғамның рухани өмір шеңберіндегі мәселелеріне келсек, онда бірінші орынға білім беру мәселелерін қойған болар едік. Бұл салада да асырасілтеушілік болмады емес. Ол, негізінен, жекеменшікке негізделген оқу орындарын жасаумен байланысты болды.

Екіншіден, Батыс үлгілеріне өз жағдайымызды ескермей еліктеу, білім саласында технократтық саясат жүргізу, гуманитарлық білім беруге көңіл аудармау, «біржақты, тек өз мамандығын ғана білетін» кадрларды дайындау дер едік.

Қайсыбір рухани саланың өзегі - тіл. Дербестік алған елде қазақ тілі кең тыныс алып, даму үстінде. Көп халықтар өкілдеріжиналған елдегі жетістік - бүкіл Қазақстан халкыньщ қазақ тілін окып-білуге бағытталған бетбүрысы. Әрине, кейбір интеллигенция өкілдері оның тез уақытта күш алып кеткенін жаратар еді. Бірақ бүл мэселеге сабырлылық керек деп есептейміз. Негізгі шаруа - ез халқымыздың бэрін өз тілінде сөйлеуге, оны кұрметтеуге шакыру, сол жолда барлық мүмкіндіктерді пайдалану дер едік. Сонда ғана баска үлттың өкілдері қазақ тілін тезірек меңгеруге мүдделі болады.

Өнер саласында да көп өзгерістер байкалады. Талантты азаматтарымыздың ашылып гүлдеуіне біршама жағдайлар жасалды. Бүгінгі таңда қазақ елінің өнерін көп елдерде біліп, қошеметтейді.

Сонымен қатар батыс «бұқара мәдениетіне» жалаң еліктеу де жоқ емес. Әрине, өнер де өз заманына сай өзгеруі керек. Десек те, оның үлттық негізі, аркауы эрқашанда сакталуы қажет деп ойлаймыз. Сонда ғана өнер саласы шынайы дамиды.

Енді ең қиын мәселе - халықтың діліне (менталитет) келер болсақ, ол бүгінгі өмірге сай болуы үшін қаншалықты өзгеруі керек деген заңды сұрақ туады. Себебі, реформаторлық саясатта эсіресе алғашқы уақытта, жеке мүдде қауымдық пен үжымдыққа, еркіндік теңдікке қарсы қойылды. Окырманның өзі де байқаған болар, бүгінгі таңда «ұжым» деген ұғымды өте сирек кездестіруге болады.

Қауымдық, әлеуметтік мүдденің жекеден жоғары болуы қайсыбір салауатты қоғамның рухани өмірі мен адамгершілік құндылықтары негізінде жатыр. Ол - адамның әлеуметтік табиғатын көрсетіп, тұлға рухының іргетасын құрап, қоғамның шынайы бірлігін қамтамасыз ететін құндылық. Арампиғылдық, пайдақорлық, Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ, «динарды қуудың» негізінде ізгі қоғам орнату мүмкін емес. Ондай қоғам орнаған жағдайда адамдар мәңгі бітпейтін ұрыс-керіс, тартыс, бір-бірінен жаттану т.с.с. ахуалда болар еді.

Қазақ халқының керемет қасиеттерінің бірі - бұл дүниеде алудан гөрі болуды жақтауы. Яғни өз бойыңдағы қасиеттерді гүлдетіп сыртқа шығару, өзіңнің ерекше болмысыңмен көріну, «сегіз қырлы, бір сырлы» болу. Бүгінгі Қазақстан қоғамында адамның ерікті еңбек етіп, белсенділік көрсетуіне, бұл дүниеде болуға деген ұмтылысына жағдай жасалған. Бәрі де өз қолымызда. Тек қажымай-талмай ізденісте болып, еңбек етіп, самаркаулықтан арылуымыз қажет.

Қазақстан дүниежүзілік қауымның ішінде өз орнын тапты. Әрі қарай ел дамуының жалпы формуласын «жаһандық тұрғыдан ойланып өз жеріңде белсенді шығармашылық іс-әрекет жасауға» теңер едік.

 

 


 

Мазмұны:

I тарау. Мәдениет аясындағы философия

және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны...........................................3

§ 1. Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары................................................3

§ 2. Философия - ғылым әлде өнер ме?...............................................................14

§ 3. Философия пәні...............................................................................................22

§ 4. Философиянын негізгі мәселесі. Бірінші жағы ............................................27

§ 5. Философияның негізгі мәселесі. Екінші жағы ...................................................35

§ 6. Философияның негізгі функциялары....................................................................41

I БӨЛІМ. МӘДЕНИЕТ АЯСЫНДАҒЫ

ФИЛОСОФИЯНЫҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ........................................................47

II тарау. Көне заман мәдениеті аясындағы философия

§ 1. Философия тарихы дегеніміз не?....................................................................47

§ 2. Көне Қытай мәдениеті аясындағы философия....................................................51

§ 3. Үнді мәдениет аясындағы философия..........................................................64

§ 4. Антикалық мәдениет аясындағы философия.........................................................74

§ 5. Дүниені зерттеуден адам мәселесіне бетбұрыс

Софистика.Сократ ілімі ...................................................................................................89

§ 6. Классикалық кезең.Платон мен Аристотель.........................................................94

§ 7. Римдік эллинистік философия...............................................................................110

III тарау. Орта ғасырлар мәдениеті

аясындағы философия............................................................................................124

§ 1. Ортағасырлық философияның ерекшеліктері........................................124

§ 2. Патристикалық философия. Киелі Августин. .........................................131

§ 3. Схоластикалық философия .Фома Аквинский ...................................142

§ 4. Исламдық ортағасырлық мәдениет аясындағы

философия .......................................................................................151

IVтарау. Қайта өрлеу (Ренессанс) мәдениеті аясындағы

Философия.........................................................................................................................179

§ 1. Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктері......................................................179

§ 2. Адам мәселесіне жаңаша бетбұрыс..........................................................181

§ 3. Николай Кузанский - Қайта өрлеу философиясының

ұлы тұлғасы...............................................................................................183

§ 4. Әлеуметтік философиялық көзқарастар

Николло Макиавелли.................................................................................185

§ 5. Діни реформация....................................................................................191

§ 6. Қайта өрлеу заманындағы ғылыми жетістіктер.........................................193

V тарау. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі Батыс

Еуропалық философия.................................................................................................199

§ 1. Ф.Бэконның философиясы.................................................................200

§ 2. Р.Декарттың рационалдық философиясы...................................................205

§ 3. Т.Гоббстың философиясы.............................................................................210

§ 4. Б.Спиноза философиясы................................................................................215

§ 5. Г.В.Лейбництің монадологиясы.....................................................................221

§6. ДЛокктың философиялық көзқарастары......................................................225

VI тарау. XVIII ғ. Ағарту философиясы.....................................................233

§ 1. XVIII ғ. ағылшын философиясы..............................................................................234

§ 2. Француз ағартушылары....................................................................................242

VII тарау. ХУІІІ-ХІХ ғғ. Неміс мәдениет аясындағы

классикалық философия............................................................................................257

§ 1. И.Канттың өмірі мен шығармашылық жолы.........................................258

§ 2. Фихтенің философиясы..........................................................................270

§ 3. Шеллинг және оның философиясы.................................................................275

§ 4. Гегель - неміс классикалық философиясының шыңы..................................281

§ 5. Фейербахтың философиялық антропологиясы..............................................288

VIII тарау. Маркстік философия.........................................................................296

IX тарау. XIX ғ. мәдениетіндегі бейклассикалық Философия.......................................................................................................................................304

 

§ 1. А.Шопенгауердің әлемдік еркі...........................................................305

§ 2. С. Кьеркогердін философиясы...........................................................311

X тарау. ХІХ-ХХ ғғ. Ресей мәдениеті аясындағы

Философия......................................................................................................................319

§ 1. Славянофилдер мен батысшылар ағымы ................................................319

§ 2. В.С.Соловьевтін «бәрінің бірліктегі» философиясы .............................322

§ 3. Діни экзистенциализм мен антропология.................................................325

§ 4. Ғарыш философиясы.......................................................................................331

XI тарау. Қазақ мәдениет шеңберіндегі отандық

Философия........................................................................................................327

§1. Қазақ руханиятының ерекшеліктері(Соавторы Ғ.Есбол)............................327

§ 2. Қазақ мифологиясы..........................................................................................340

§ 3. Орта ғасырдағы отандық философия ..........................................................346

§ 4. ХҮ-ХVIIғғ. қазақ жырауларының шығармашылығы.................................363

§ 5. XIX ғ. ағартушылық философия...................................................................381

§ 6. XX ғ.отандық философия..............................................................................395

XII тарау. XX ғасыр мәдениеті аясындағы философия...........................418

§ 1. Неопозитивизм ағымы.................................................................................420

§ 2. Феноменология...............................................................................................429

§ 3. Герменевтика..................................................................................................432

§ 4. Өмір философиясы.........................................................................................434

§ 6. XX ғ. діни философия.....................................................................................446

II БӨЛІМ. ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ....................475

XIII тарау. Болмыс философиясы (Онтология ).........................................475

§ 1. Болмыс ұғымы...............................................................................................475

§ 2. Жалқылық пен жалпылық....................................................................................486

§ 3. Тәуелсіздік пен тәуелділік....................................................................................492

§ 4. Құбылыс және мән................................................................................................498

§ 5, Сапа мен сан ұғымдары.........................................................................................501

§ 6. Өлшем мен секіріс...................................................................................................504

§ 7. Қозғалыс.............................................................................................507

§ 8. Кеңістік пен уақыт..........................................................................................510

§ 9. Қозғалыс тетігі................................................................................................518

§ 10. Қозғалыс пен даму................................................................................................522

§ 11. Даму бағыттығы................................................................................................528

§ 12. Дамудағы өрлеу (прогресс) мәселесі...........................................................533

§ 13. Жүйе, элемент, құрылым.....................................................................................540

§ 14. Бүтін және бөлшек...............................................................................................543

§ 15. Мазмұн және форма...........................................................................................544

§16. Детерминизм. Себеп пен салдар...............................................................547

§17.Мүмкіндік пен шындық...........................................................................551

§18. Қажеттілік пен кездейсоқтық....................................................................554

§19. Қажеттілік пен еріктік. Жауапкершілік..............................................................558

§ 20. Материя мен сана - шегіне жеткен қарама-қарсылық.....................................562

XV тарау. Әлеуметтік философия. Қоғам болмысы.............................................620

§ 1. Қоғам ұғымы.......................................................................................................................................620